Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны



КІРІСПЕ

I. Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны

1.1 Ақшалай қаражат қорларының мәні мен мазмұны
1.2. Ақшалай қаражат қорларының қалыптасу көздері мен ұйымдастыру негіздері

II. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын бағалау, оларды талдау

2.1. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын бағалау
2.2. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын талдау
III. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын тиімді пайдалануды басқару жолдары
3.1. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын тиімді басқару

3.2. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын тиімді пайдалану жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының егенмендік алып, елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізді.
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлекметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.
Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын орта және ірі бизнесті дамту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамуту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңзы бар екендігін білеміз.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономикасы жағдында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады.
Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда тек мнадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабына аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңнда, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Қарастырылып отырған тақырптың өзектілігі кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау мен олардың басқару әдістерін талдау.
1. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» // Алматы – 2002ж
2. С. Өсербайұлы. «Корпоративтік қаржы» //Алматы – 2005ж
3. Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» // Алматы – 2002 ж.
4. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» //Алматы «Экономика» 2003ж
5. Мырзалиев Б.С., Қалтаева С.А., Успанова Ғ.З., Ыдырыс С.С. «Экономикалық теория» // Алматы – 2006ж
6. Ван Хорн Дж. Основ управления финансами / Пер. с анг Москва Финансы и статистика,2000
7. Жуйриков К.К. Финансы предприятия в условия рынка – Алматы, 2002г.
8. Коласс Б. Управление финансовой деятельностью предприятия / Пер с рус. Питер – 2001
9. Попова Р.Г., Самонова И.Н., Добросердова И.И. Финансы предприятия Питер -2001
10. Павлова Л.Н. Финасы предприятий Учебник – Алматы – 2001
11. Мельников В.Д., Ильясов К.К., Финансы:Учебник – Алматы 2001Қалдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия Алматы -1997
12. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ..Ә. Кәсіпорын экономикасы Алматы – 2003
13. Шермет А.Д., Сайфуллин Р.С. Финансы предприятия пособие – М: ИНФА 1999
14. М.В.Романовского Финансы предриятия Бизнес – Пресса 2000г.
15. Шуляк П.Н. Финансы предприятия Учебник – М: ИТП Дашков и К -2003г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны

1.1 Ақшалай қаражат қорларының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Ақшалай қаражат қорларының қалыптасу көздері мен ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .6

II. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын бағалау, оларды талдау

2.1. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын
бағалау ... ... ... ... ... .. 9
2.2. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын
талдау ... ... ... ... ... ...11

III. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын
тиімді пайдалануды басқару жолдары

3.1. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын тиімді
басқару ... ... ... 19

3.2. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын тиімді пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының егенмендік алып, елімізде әлеуметтік-
экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізді.
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың
басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлекметтік –
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар,
зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке
негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық
және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.
Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым
бағыты – шағын орта және ірі бизнесті дамту қолға алынды. Бұл бағыт та өз
кезегінде оң нәтижесін беруде.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамуту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңзы бар екендігін
білеміз.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын
әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономикасы жағдында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп,
қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең
білікті кадрлар жинақталады.
Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен
технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда тек мнадай ғана кәсіпорын өміршең бола
алады, егер де ол нарық талабына аса сауаттылықпен және компоненттілікпен
анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді
ұйымдастыратын білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңнда, көп
пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Қарастырылып отырған тақырптың өзектілігі кәсіпорынның ақша қорлары
мен резервтерін бағалау мен олардың басқару әдістерін талдау.

II. Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны

1.1 Ақшалай қаражат қорларының мәні мен мазмұны

Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен
оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Кәсіпоры қаржысы – еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі
орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде
қалыптасады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің
сан алуан сфераснда құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржысының негізгі қызметтері:
- бөліп – тарату;
- бақылау.
Қаржының бөліп тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық
ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастрылады және пайдаланылады. Қаржылардың
бөліп – тарту қызметінің орындалуы арқасында үзілісіз өндірісті ұйымдастыру
жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі
қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорынның
жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді
ықпал етеді.
Кәсіпорынның жұмысына жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау
жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының
қозғалысынан тұрады. Ол өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда
құрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:
- бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулерге қаржы
көрсеткіштері;
- қаржылай ықпалдар.
Егер бұрыңғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде
кәсіпорындарды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да
көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық
қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер,
мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б) жүзеге
асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
- өзін-өзі қаржыландыру және басқару;
- жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
- қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
- қаржы резервтерін жасау;
- қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
- мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді
бірінші кезекте орындау;
- кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін
мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің
1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резертік капиталды
қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем
болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы
мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды
жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді
өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем
төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен
ұсталады. Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді
орган Қаржы министрлігінің келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің
нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.
Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын қаржы қорларын -
белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып,
пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі,
қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындардың қаржы тәжірбиесінде кәсіпорындардың, жеке саланың
немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістің, шаруашылық және әлеуметтік
қызметіндегі мақсат-міндетеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Ұзақ
жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары –
материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры,
көпшілік қолды тауарлар қоры жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық
қор құрылған. Министірліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы
шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға
қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен
техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша
орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына
топтарымен тығыс байланыста:
- контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық
белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық
капиталы, өндірісті қамыту қоры, көтермелеу қорлары және т.б) жөнінде;
- кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының
қозғалыс қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін
бұзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай
жарналарын енгізу, бірлесіңп тындырылған қызметтерден түскен пайданы
бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану
және соның негізінде дивидендтер алу және т.б.)
- өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында
кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды,
міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін
анықтайды.
- Сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері
бойынша;
- Банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған
проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық қызметтер
көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша
қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- Мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану.
- Бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын
бөлуде тікелей және көлденең өзара байланыста болуы.

1.2. Ақшалай қаражат қорларының қалыптасу көздері мен
ұйымдастыру негіздері

Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл өз қарамағындағы ақша қаражаттары,
олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу,
қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан
ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Кәсіпорынның бірден – бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының
бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы
коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффиценттерді төменгі үш санатқа топтастыруға
болады:
- өтімділік
- пайдалылық
- активтерді басқару тиімділігі
Қаржы ресурсарының құралуы түрлі көдер бойынша жүзеге асырыларды.
Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға
теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі
нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы- кәсіпорынға сырттан түсетін
ресурстар
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында
сақтандыру қорынан түскен төледердің көлемі барған сайын артып отырады, ал
түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері
азайып отырады.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкінің қозғалысы
бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді.
Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану
мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді.
Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген сондай-ақ
іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып
табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді.

Мысалы: белгілі бір кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер
оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін
көрсетеді.
Кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары мына қорлар
болып табылады:
- жарғылық
- резервтік капиталдар
- қорлану қоры
- тұтыну қоры
- еңбекке ақы төлеу қоры
- валюталық
- жөндеу қорлары.
Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары
құрылуы мүмкін, мысалы:
медициналық сақтандыру қоры,
жекешелендіру қоры,
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік
қоры және басқалары.
Қаржы ресурсарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып
құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал (қор) – мемлекет, басқа меншік иесі немесе
құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап
көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда
өндірістік капиталды және материалдық емес активтерді, айналым құралдарын
сатып алудың көзі болып табылады.
Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті
жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал
өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталды) - өндіріс
процесінің натуралдық – заттай элементтерін құруға арналған меншікті
қаражаттардың негізгі көзі болып саналады.
Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзгеріп отырады: негізгі капиталға
жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын
айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға
дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі
құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару,
тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындадың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар
кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.

II. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын бағалау, оларды талдау

2.1. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын бағалау

Жалпы кәсіпорынның алған табысының 31 бөлігін салыққа және басқа да
міндетті төлемдерге төлейді. Ал қалған бөлігін жинақтау және тұтыну қорына
береді.
Тұтыну қоры – кәсіпорынның жұмысшыларын материалдық ынталандыруға,
ақшалай көмек беруге, басқа да марапаттауларға, еңбек ақысын өсіруге
жұмсалады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
- бүкіл қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығындары;
- ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдық қорытындысы сыйақылар;
- еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілген ақша және
натуралдық нысандардағы қаражаттар;
- материалдық көмек;
- еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
- қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар (дивидендтер, пайыздар);
- оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін
сйақылардан бөлек басқ да жеке сипаттағы төлемдер;
Жинақтау қоры – бұл кәсіпорынның өндіріс көлемін
кеңейтуге, негізгі қорларды сатып алуға, басқада ғылыми-техникалық
жаңалықтар үшін қолданылады.
Сол мақсатқа жұмсалғаннан соң, олар бірден жарғылық қордың есебіне
кіреді.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен
қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер
үшін кәсіпорын қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен
құрылады.
Қорлану қоры:
- кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
- негізгі капталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық
аударымдар;
- шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
- банктердің кредиттері;
- басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржыландыруға:
- негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
- ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
- табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруғы;
- өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомабиль жолдары, жөндеу,
энергетикалық, құрылыс және т.с.с.) салуға үлестік қатысуға;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану
қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай
жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбек ақы төлеу,
өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз
етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қор, сақтық қоры
)маңызы зор.
Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді.
Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті
қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары мамандандырылған сақтық
ұйымдары және мемлекет жасай алады.
Оның мақсаты – шаруашылық-қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған
қосымша шығндарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды
қамтамасыз ету.
Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқ қорларына жіберілмес бұрын
оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.
Кей жағдайда қордың көлемі шектеледі, мысалы, оның қаржысы бірлескен
кәсіпорындарда жарғылық капитал мөлшерінің 25 пайзынан аспауы тиіс.
Қаржы резервінің қаражаты өндірістік және әлеуметтік даму жөнінідегі
қосымша шығындарға, жаңа техниканы әзірлеп, енгізуге, меншікті айналым
қаражаттарын толықтыруға жұмсалады.
Кәсіпорынның валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына
көдерден қалыптасады:
- экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
- жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
- банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және
шетелдік заңды тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
- ішкі валюта рыногінде өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы
валюта сатып алу;
- резидент еместер көрсететін қаржы көмегі
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен
валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін
кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады.
Бұл қорларға актвтерге инвестициялардан, депозиттер, салымдар
нысанындағ және т.б нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар
меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса,
қаржаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен
табыстар есептеледі.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда жөндеудің барлық түрлерін, күрделі,
орта және ағымдағы жөндеуді орындауғ жұмсалады. Кәсіпорындардың күрделі
жөндеуге жұмсалатын амортизацилық түсімдер жойылған соң жөндеудің барлық
түрлерін өнімнің өзіндік құны есебінен қаржыландырады.
Кәсіпорындар жөндеу жұмыстарының шығындарына қарай жөндеу қорына
төлемдердің мөлшерлерін өздері белгілей алады.
Олардың мөлшері негізгі қорлардың төзуына қарай анқталады.
Жөндеу шығындары ішінара алдағы кезеңддердің шығындарының есебінен
жабылуы мүмкін.
Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына
құрылтайшылардың алғашқы жарналары амортизациялық аударымдар, пайда жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсаланын инвестициялардың
бастапқы көзі болып бюджет қаражаттары, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда
акционерлік капитал атқарады.
Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі қаржы көздері мен
тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Сондықтан, негізгі қорлар мен айналым қорлары кез-келген кәсіпорынның
қалыптасуына және дамуына ең қажет бастапқы қаржы көзі болып табылады.

2.2. Кәсіпорынның ақшалай қаражат қорларын талдау

Негізгі құралдар деп ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы
заттай нысанын сақтай отырып, құнын өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қыметке біртіндеп, бөліп-бөліп амортизациялық аударым
мөлшерінде ауыстырған еңбек құралдарын, яғни материалдық актвтерді айтады.
Негізгі қорларға – жылжымайтын мүліктер, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары,
көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-
саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың
ішкі жолы, тағы басқалар жатады.
Негізгі капиталдың құрамына бірінші материалды активтер, яғни
еңбек құралдарына (негізгі қорларға) аванстық капиталды салымдар кіреді.
Бұл еңбек құралдарының айналымның ерекшеліг өндіріс процесінде
олармен ұсталатын құн, кейін тауар құнының бөлігі ретінде айналысқа түседі.

Негізгі капиталдың бөлігі ретінде материалды активтердің айналымы шын
мәнінде олардың қызмет ету мерзімі аяқталған кезде, немесе олардың тозған
және өндірістен шығарылғандардың орнына жаңа материалды элементердің
келуімен тоқтатылады.
Негізгі капиталдың материалды элементтері өндірістен өзінің физикалық
тзу уақытына дейін шығарылуы мүмкін.
Оның себебі, еңбек құралдарын моральдық тозуын ескеру қажеттілігі
болады.
Бұл негізгі капиталдың материалдық элементтерінің әр түрлі құндық
бағалауды қолдануды керек екенін көрсетеді.
Негізгізгі капиталдың құрамына екінші материалды емес активтер
кіреді.
Оған натуралды-заттық формасы жоқ, бірақ кәсіпорынның шаруашылық
қызметіне қатысатын және оған табыс әкелетін активтер жатады.
Атап айтқанда: жекелеген ресурстарды (табиғат, жер, ғимараттарды жалға
алу, құрал-жабдықтар т.б. ) пайдалану үшін кәсіпорынның өзі алған құқықтар;
өнер туындыларын қолдануға патенттік құн ноу-хау, техникалық құжаттар
түрінде рәсімделген техникалық басқару, коммерциялық т.б. білімдер жиынтғы;
Негізгі капитал – бұл негізгі қорлардың ұзақ мерзімде
қалыптастыратын материалды құндылықтар ретінде ақшалай бағасы. Осыған
байланысты негізгі қорлар өзінің құнын өнділетін өнімге біртіндей қосады.
Негізгі қорлар – бұл өндіріс процесінде ұзақ аралығынд қатыстатын
және натуралды заттық санын сақтай алатын, сондай-ақ амортизациялық есептеу
түрінде төзуы бойынша өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп аударатын
өндірістік материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.
Негізгі қорлар өндірістік жіне өндірістік емес болып бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорларға өндірістік процеске тікелей қатысатын
(станоктар, құрал – жабдықтар т.б.) немесе оған дағдай жасайтын (өндірістік
ғимараттар, қондырғылар т.б.) негізгі қорлар жатады.
Негізгі өндірістік емес қорлар кәсіпорынның әлеуметтік аяснда
қолданылатын негізгі қорлар. Оларға тұрмыстық, коммуанлдық, шаруашылық,
мәдени мақсатты үйлер, ғимараттар, денсаулық және білім мекемелері т.б.
қорлар жатады.
Негізгі қорлар тиістілігіне қарай: меншікті кәсіпорындардың
балансында көрсетілген; жалдағы, ұзақ және қысқа мерзімдегі шарттар бойынша
көрсетілген болып бөлінеді.
Сондай-ақ негізгі қорлар пайдалануына қарай: қызмет етуші негізгі
қорлар, консервациядағы және жалға берілген негізгі қорлар болып бөлінеді.
Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа
бөлінеді: актив және пассив.
Актив бөлігі ( машина, құрал – жабдық ) өндіріске, өнімнің ( қызмет,
жұмыс ) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Пассивті бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік
процеске қажетті жақтарын құрайды. Кәсіпорын негізгі өндірістік
қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан
тұрады:
• негізгі қордың тозуы;
• амортизация;
• негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған
қаражаттар;
• капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кез келген негізгі қордың объектілері табиғи және сапалық
жағынан тозады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну
барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте – бірте
жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру
немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы,
өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден
кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған ледерде негізгі қорды
ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор
болып табылады.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор
құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
• өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты;
• өндірістің техникалық деңгейі;
• мамандандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен
өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп
толтыру. Негізгі қор өндірістік процесте:
• натуралды;
• ақшалай нысанды зерделенеді;
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
• негізгі қорлардың техникалық құрамын;
• кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы;
• құрал – жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
• басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
• негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
• амортизациялық аударымдардың есебін;
• дайын өнімді тасымалдау құнын;
• капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық
тиімділігін анықтайтын қажетті-лік.
Негізгі қорды бағалау және есептеу
Негізгі қорды құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:
1. Қолда бар құрал – жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша
бағалау, оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану
кезіндегі құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі қор бастапқы
құны бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан
оны баланстық құн деп атайды.
2. Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға
келтіру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған
жағдайға сәйкес, пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды
көздейді.
3. Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына
келтіру құны бойынша бағалау (қалдық құн). Бұл процестің
нәтижесінде техника тетіктері мен құрал – жабдықтардың жоғары
өнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру
көзделеді.
Лизинг – техника күштерін ұзақ мерзімге жалға берудің нысаны (3-
5 жылға және одан да ұзақ).
Негізгі қордың көрсеткіштерін екі топқа бөледі:
1-топ. Негізгі қорды пайдалану дәрежесі жөніндегі көрсеткіштер:
1. қайтарым қорының көрсеткіштері. Негізгі өндірістік қордың мың
теңге құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды. Ол мына формула
бойынша анықталады:

Қк=ТөҚо

Тө - таза өнімнің тауарлы немесе атаулы (норма-тивтік) құны, бір
жыл ішінде өндірілгені, тг;
Қо – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны, тг;
2. қайтарым қорының кері шамасынан өнімнің қор сыйымдылық
көрсеткіщін есептеп шығаруға болады, ол негізгі қордың бір өнім
өлшеміне шыққандағы құнымен сипатталады ( тенге есебімен) :

Қс=ҚоТө
3. негізгі қордың топтық немес әр түрлі тозу коэффициенті:

Тк=ТкҚа
Тк – тозу коэффициентін есептеу арқылы, негізгі қордың тозу
құны;
Қа – негізгі қор тобының барлық немес жеке түрінің бастапқы
құны.
Негізгі қордың құрамы мен құрылым бағалайтын көрсеткіштер:
1. негізгі қорды жаңарту коэффициенті:

Қжаңарту=Ққ.еҚе.қ

Ққ.е – белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қайта енгізілген
құны;
Қе.қ – сол кезеңдегі негізгі қордың соңғы құны.
2. негізгі қорды қирату коэффициенті:
Ққирату=ҚқирҚбаст

Ққир - белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қираған құны;
Қбаст – сол уақыттағы негізгі қордың бастапқы құны.
3. негізгі қордың арту коэффициенті:

К=Қенг- Ққир Қбаст

Табиғи тозу коэффициенті:

К=ТнақтыТатаулы

Тнақты – нақтылы қызмет мерзімі, ж;
Татаулы – атаулы қызмет мерзімі (амортизациялық кезең) ж.

Сапалық тозу коэффициенті:
(Қбал-Ққ.қ)*100
Тм1= Қб

Тм2=Қе – Қж * We*Te
Wж*Тж

Қе, Қж – ескі және жаңа құрал – жабдықтардың сапалық жағынан
толық бастапқы құны, тг;
We, Wж - ескі және жаңа құрал – жабдықтардың сапалық жағынан
жылдық өнімділігі;
Te, Тж - ескі және жаңа құрал – жабдықтардың сапалық жағынан
қызмет мерзімі,ж.
Амортизациялық аударым:

Аа=Қб-Қөтімділік
Тқ.м

Қб-Қөтімділік-негізгі қордың баланстық және өтімділік құны, тг;
Тқ.м – негізгі қордың қызметінің мерзімі, ж.
М=АҚб*100

Көрсеткіштер Негізгі капитал Айналым капиталы
Кәсіпорынның Негізгі Негізгі қор Өндірістік Айналыс қоры
меншік капиталы қаражат-тар айналым қоры
Кәсіпорынның қарызҰзақ мерзімді Қысқа мерзімді
капиталы міндеттемелер міндеттемелер

Айналым капиталының құрылымы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
Қаржылық талдау
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Краснознаменский -2 ЖШС кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
Кәсіпорынның экономикалық жұмысының мазмұны
Қорларға сұранымның ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Тауардың экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорында қаржылық ресурстарды құру және қолдану
Пәндер