Октавиан Август



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өмірбаяны және шығу тегі
2. Жоғарлау кезеңдері
3. Август заңдылықтары
4. Әлеуметтік және діни саясаты

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Октавиан Август - рим императоры (б.э. дейінгі 63-ші жыл - б.э.14-ші жыл), римдік саяси қайраткер, принципат (сенатор), Ұлы понтифик (pontifex - абыздық алқа мүшесі), консул. Август ("augere" - игілік берушідеген мағына) - мәртебелі, текті есім, б.э.дейінгі 27-ші жылы сенат берген есімі. Гай Октавий - туған кезде берілген есімі. Б.э. 44-ші жылдан бастап өкіл әкесінің атына сәйкес Гай Юлий Цезарь деген атпен белгілі болған. Октавиан деген атын өзі ешқашан қолданбасада, б.э. дейінгі 44-27-ші жылдар аралығындағы кезеңге ағылшын тарихшылары оны Октавиан ("бұрынғы Октавий"деген сөзді білдіреді) деп атауды жөн санаған. Август есімін (грек.тілінде Севастос) Римнің кейінгі барлықимператорлары да алған, бірақ тарихшылар бұл есімді басқалары үшін қолданбаған.
Өмірбаяны және шығу тегі
Октавиан б.э.дейінгі 63-ші жылдың 23 қыркүйегінде Римде, ата-тегі Лаций облысы, Велитра қаласынан шыққан ауқатты әрі сыйлы, томаға-тұйық отбасында туған. Әкесі Гай Октавий (б.э. дейінгі 58-ші жылы қайтыс болған) әулет ішінде сенатор болған алғашқысы, б.э. дейінгі 61-ші жылы претор (praetor - консулдан кейін жоғарғы сот ісіне басшылық еткен екінші жоғарғы мәртебелі адам) болып, Македонияны ойдағыдай басқарды. Шешесі Атия, атақтыЮлий Цезарьдің апайы Юлияның қызы болған, осы туыстық байланыс Октавийдің мансапқа жетуіне ықпалын тигізді. Цезарь өз туыстарының ішінен жас Октавийге ерекше көңіл бөліп, оған үлкен үміт артты; өзінің африкалықтриумфтарында Октавийге әскери ерекшеліктері үшін әскери белгі тапсырды, 45-ші жылы өзімен бірге испандық кампанияға алып, патриций (patricius - римдік ақсүйек әулетіне жататын адам) етті және оның понтифик (pontifex -абыздық алқа мүшесі) болып сайлануына ықпал жасады. Өзінде ұл болмағандықтан Цезарь өзінің өсиетіндеОктавийді өкіл ұлы екендігін және мүлкінің үштен төрт бөлігінің мұрагері болғанын жариялайды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өмірбаяны және шығу тегі
2. Жоғарлау кезеңдері
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Август заңдылықтары
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әлеуметтік және діни саясаты
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Октавиан Август - рим императоры (б.э. дейінгі 63-ші жыл - б.э.14-ші жыл), римдік саяси қайраткер, принципат (сенатор), Ұлы понтифик (pontifex - абыздық алқа мүшесі), консул. Август ("augere" - игілік берушідеген мағына) - мәртебелі, текті есім, б.э.дейінгі 27-ші жылы сенат берген есімі. Гай Октавий - туған кезде берілген есімі. Б.э. 44-ші жылдан бастап өкіл әкесінің атына сәйкес Гай Юлий Цезарь деген атпен белгілі болған. Октавиан деген атын өзі ешқашан қолданбасада, б.э. дейінгі 44-27-ші жылдар аралығындағы кезеңге ағылшын тарихшылары оны Октавиан ("бұрынғы Октавий"деген сөзді білдіреді) деп атауды жөн санаған. Август есімін (грек.тілінде Севастос) Римнің кейінгі барлықимператорлары да алған, бірақ тарихшылар бұл есімді басқалары үшін қолданбаған.
Өмірбаяны және шығу тегі
Октавиан б.э.дейінгі 63-ші жылдың 23 қыркүйегінде Римде, ата-тегі Лаций облысы, Велитра қаласынан шыққан ауқатты әрі сыйлы, томаға-тұйық отбасында туған. Әкесі Гай Октавий (б.э. дейінгі 58-ші жылы қайтыс болған) әулет ішінде сенатор болған алғашқысы, б.э. дейінгі 61-ші жылы претор (praetor - консулдан кейін жоғарғы сот ісіне басшылық еткен екінші жоғарғы мәртебелі адам) болып, Македонияны ойдағыдай басқарды. Шешесі Атия, атақтыЮлий Цезарьдің апайы Юлияның қызы болған, осы туыстық байланыс Октавийдің мансапқа жетуіне ықпалын тигізді. Цезарь өз туыстарының ішінен жас Октавийге ерекше көңіл бөліп, оған үлкен үміт артты; өзінің африкалықтриумфтарында Октавийге әскери ерекшеліктері үшін әскери белгі тапсырды, 45-ші жылы өзімен бірге испандық кампанияға алып, патриций (patricius - римдік ақсүйек әулетіне жататын адам) етті және оның понтифик (pontifex -абыздық алқа мүшесі) болып сайлануына ықпал жасады. Өзінде ұл болмағандықтан Цезарь өзінің өсиетіндеОктавийді өкіл ұлы екендігін және мүлкінің үштен төрт бөлігінің мұрагері болғанын жариялайды.
Жоғарлау кезеңдері
* Б.э. дейінгі 44-ші жылы Юлий Цезарьді өлтірген кезде, Октавий Иллириядағы (Далмация) Аполлонияда білім алып жатқан, өзінің мұрасын талап ету үшін Италияға келеді, бірақ Цезарьдің ақшасы мен мұрағатын қолына алған цезарлық партия басшысы Марк Антоний Октавийден бас тартады.Октавий жедел Цезарь атын алып, өз атынан Цезарь жеңісінің құрметіне ойын өткізеді (ludi Victoriae Caesaris). Осы уақытта ол Цицеронның ((Cicero) Марк Туллий - римдік саяси қайраткер) көзіне түсуге тырысты, Цицерон болса оны Антонийге қарсы пайдаланып қалуды көздейді. Антоний мен сенаттың арасы ашылған кезде Октавиан өкіл әкесінің армиясының ардагерлерінен 3000 қолды жасырын жинайды және Антонийдің екі легионын (әскери бөлім) өз жағына тартып алады. Сенат Антонийге қарсы соғыс жариялап, Цицеронның ұсынысы бойынша Октавианды сенатор етіп ресми мәртебе (статус) береді және 43-ші жылы сайланған екі консулға (consul) - рим республикасының басшысы) қарсы соғысты басқаруда оған көмек көрсететінін өзіне міндет етіп алады. Антоний Мутин(Модена) түбінде талқандалады, екі консул да қаза табады, сөйтіп Октавиан жеңімпаз армияныңқолбасшысы болады.
* Б.э. дейінгі 43-ші жылы 19 қыркүйекте ол консул болып сайланып, ағасы Квинт Педи екеуі әкесі алдындағыборышын өтеп, оны өлтірген қанішерлерге байланысты проскрипция (proscripcio) туралы заң кіргізеді.
* Октавиан, Антоний, Галлияны басқарған Марк Эмили Лепид үшеуі күш біріктіріп, Банонияда (Болонья) кездесіп, жоғарғы билікті бөліп алуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, олар 43-ші жылдың 27 қарашасынан 38-ші жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғары өкілетті триумвирлер болып жарияланады. Оппозицияны қорқыту және өздерінің сақтықтарын қамтамасыз ету үшін триумвирлер 300 сенаторды және всадники (римдік жоғарғы топтардың мүшесі(eguitatus)) қоғамдық тобынан 2000 адамды проскрипцияға тартты.
* Цезарьды өлтірген Марк Юни Брут пен Гай Кассииді талқандау үшін Октавиан мен Антоний Македонияға қарай қозғалады, б.э. дейінгі 42-ші жылы Филипп жанындағы жеңістен кейін Антоний шығыс аймақты өз басқаруына алады, ал Октавиан Италияға қайтып, аяушлықсыз мүлікке тәркілеу жүргізіп, ардагерлерді жер үлестерімен қамтамасыз етеді.
* Б.э.дейінгі 41-ші жылы Октавиан Перузиядағы (Перуджа) соғысты басқаруға мәжбүр болды. Онда Анонийдің інісі Луци Антоний бастаған көтерілісті басады.
* Өздерінің өкілеттілігі тағы бес жылға созылған триумвирлер Помпей Секстыға (римдік саяси қайраткер, қолбасшы, Гней Помпейдің ұлы) қарсы біріккен қимыл жасау туралы бітімге келеді.
* Б.э. дейінгі 36-шы жылы Октавиан мен Лепид Сицилияға біріккен шабуыл ұйымдастырады, онда Октавиан өзі қатты жеңіліске ұшырайды. Таңдаулы әскербасы Марк Випсаний Агриппа тығырықтан құтқарып, Сексті талқандайды.
* Б.э. дейінгі 38-шы жылы овацияны (кіші триумф) атап өту үшін Октавиан өзін "император Цезарь, құдай ұлы"деп атап Римге қайтып оралады, басқа сый-құрметтермен қоса плебей трибунасы (tribuncia potestas - Рим халықы атынан бақылау жасайтын сенат қайраткері) қасиетті атағын алады.
* Октавиан сонымен бүкіл Батысты, Антоний Шығысты басқарды, екеуі арасында қақтығыс болмай қалмайтыны ақиқат еді.
* Октавианның беделі Секстегі жеңістен кейін өсіп, әйгілі болды. Римге дәнді дақылдар тасымалдайтын жолдың қаупсіздігі қамтамасыз етілді. Бірнеше жыл қоғамдық жұмыстармен айналысты.
* Б.э. дейінгі 35-33-ші жылдары Иллирияны(Далмация) жаулап алғанда үлкен даңқа бөленді. Бұл кездеКлеопатрамен (Египеттің соңғы патшайымы) қосылған Антоний сәтсіз болған парфяндық (Парфяндықтар б.э.дейінгі 250 ж.) кампаниялармен өз ықпалын жоғалта бастады. Ал Октавианға Италия мен Римніңбасшылығына көтерілуге және шығыс патшайымына қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік туды.
* б.э. дейінгі 31-ші жылы Октавиан Клеопатраға қарсы соғыс жариялап, 2 қыркүйекте Акция (Амбракий шығанағындағы мүйіс) маңындағы шайқаста Антоний мен Клеопатраның біріккен армиясын ойсырата жеңеді. Антоний мен Клеопатра Египетке қашып кетеді.
* Б.э. дейінгі 30-шы жылы 1 тамызда Александрияға аяқ басады, Антоний мен Клеопатра өзін-өзі өлтіреді, Египеттіаннексиялайды (қосу, біріктіру) және зор байлықты басып алады.
* Б.э. дейінгі 31-ші жылы Октавиан тамаша үш триумфты: Иллирияны (Балкан түбегінің ежелгі аты) жаулап алу, Акция маңындағы және Египетті басып алуды тойлау үшін Римге қайтып оралады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Август заңдылықтары
* Октавианның билігі империяда талассыз еді, бірақ заңдылығы бойынша мәселе туындап отырды.
* Б.э. дейінгі 31-ші жылдан бастап Октавиан жыл сайын консулдыққа сайланды, өзіне жоғарғы билікті шектемеуді талап етіп, өкілеттілгін асыра пайдаланды.
* Б.Э. дейінгі 28-ші жылы триумвираттағы жарамасыз актілерді жоюмен айналысты, жолдасы, консул Агриппамен санақ жүргізді және сенатты ұнамсыз адамдардан тазартты.
* Б.э. дейінгі 27-ші жылы 13 қаңтарда өзіне салтанатты түрде ерекше өкілеттілікті қосты және жыл сайынғы екі консулдықтың біреуін алып тастады.
* Б.э. дейінгі 27-ші жылы 16 қаңтарда сенат Октавианға алғыс ретінде Август құрметті атағын берді. Октавиан басқаруға көнбейтін провинцияларды басып, тынышталдыру ісін алуға келіседі. Осы мақсатпен ол өте үлкен провициялар Испанияны (Бетик облысын қоспағанда), Галлияны (лат. Gallia - Еворопаның тарихи бөліктерінің бірі), Сирияны, Египетті билеуші болып он жылға тағайындалады, сонымен қатар соғыс жариялау және келісім жасау құзырын алады.
* Ақша беттерінде Август Рим халқының еркіндігінің қорғаушысы ретінде белгіленді. Сонымен қатар Иллирия,Македония және Африкадан басқа барлық легиондарды(әскери бөлімдер) бақылау статусы сақталды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Классикалық кезеңдегі грек мәдениеті, Октавиан Август принципаты (талдау жасау)
Вергилий
Рим өнерінің императорлық өнері
Ежелгі Римдегі сәулет өнері
Рим империясы
Ежелгі Рим өнері
Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасы
Батыс Рим империяcының құлауы. Франк корольдігі және варвар мемлекеті
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Пәндер