Андронов мәдениеті



1. Андронов мәдениеті
2. Орталық Қазақстан
3. Беғазы . Дәндібай мәдениеті
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтықтұртындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларга тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылык өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Андронов мәдениеті
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер
кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола
жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік
Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі
ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда
шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов
ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А.
Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс
Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта
Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі
орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың
андроновтықтұртындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі
түсіп және өз тарапынан оларга тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық
деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылык өмір сүргенін
көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына
орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды;
олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар
салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-
егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері
Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс
болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің
ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық
кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.

Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына
және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-
мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.Андроновтық тұртындарды басқа
тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялык белгілері жерлеу
ғұрпы, геометриялык өрнеті бар балшық қьщыстардың өзінше бір жиынтығы,
металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр
түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып,
дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде
бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше
әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол- аяқты бүктеліп, тас тақталардан жасалтан
жәшікке немесе қазылтан төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар
қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы
домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді
немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді.
Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің таратан шегінен аспатан
ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған
сырталар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын көзілдірік тәрізді
және табан із тәрізді сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар,
шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының
дамығандығы және қола заттар мен балшык ыдыстар түрлерінің әдемілігі
мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.

Орталық Қазақстан
Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық
орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән
сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс
техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым
болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика
ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй
жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Атасу кезеңі
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстан территориясындағы Қола ғасырының Андронов және Биғазы Дәндібай мәдениеттері
Орталық Қазақстанның тайпалары
Андронов мәдени-тарихи қауымы
Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Пәндер