Тәрбие бастауы - отбасынан



1. Отбасы . бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік
2. Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
3. Баланың бас ұстазы ата.ана.
4. Отбасы тәрбиесі
5. Балақан өсіру . балапан өсіру емес
6. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі
Болашақ десек те, келешек десек те бұл сөздер «бала», «ұрпақ», «өркен»- деген мағынаға барып тіреледі. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының өзі дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар деп, сол жолда ата-аналық борышын ақтау.
Баланы туу-бұл тек әке немесе ана болу деген сөз емес. Әке мен ана болудың өлшемі шынайы достық болып табылады. Бала-сіздің қуанышыңыз ғана емес, сондай-ақ болашақ азамат та, ол үшін сіз еліміздің алдында жауап беруге тиіс екеніңізді әрқашан есте ұстауыңыз керек.
Жанұялықөмір, балалардытәрбиелеукүрделі, әрінәзікіс. Ата-ананың өзіне қоятын талабы, ата-ананың өз жанұясына құрметі, оның бала өміріне бей-жай қарамауы, ата-ананың әрбір қадамын жіті бақылауы, міне, тәрбиенің ең басты және ең бірінші әдісі.
Отбасылық өмір құрушы отбасылар өздері құрған жанұя үшін қоғам алдында жауап береді. Өмірдің азаматтық тұрғыға көтерер ең маңызды, ұлағатты-адамгершілік қарым-қатынас та сол жанұя өмірінің өзінен басталады. Сөйтіп, бала отбасы өмірінде қалыптасқан тәртіп пен әдеп ережелерін және тұрмыстағы психологияны игеру арқылы тәлім-тәрбие алады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын дерлік отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көріп отыруымен қатар, ата-анасының да өзара бірін-бірі осылай қастерлейтінін аңғарады.
Ежелденбалажанқазақхалқы баланы «жүректіңмиуасы» болашағымдепқарайды, «көңілдіңгүлі, көздіңнұры»-дептүсінеді, отбасыныңбастықазығы, алтынтіреудіңгегі, адамгершіліктіңайғағыдепсанайды. Сондықтан да балаға зор үміт артып, арманын ұрпағына аманат қып тапсырған.
Ұрпақ-болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді. Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей, өкіндірместей болып өсуі керек. Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндірген, санасына тоқыған жөн.
Жанұя, оның барлық өмір мәнері, ата-ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары–осылардың барлығы балалық шақта ұмтылмастай терең әсер қалдырады. Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын ойлаумен ұштасуы тиіс.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден.
1. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері. Алматы.2005 ж
2. Республикалық педагогикалық журнал. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.2010
3. «Тәрбие құралы» журналы №5 2011 ж.
4. «Бала тәрбиесі баршаға» П.Е. Петров «Мектеп» 1993 ж.
5. Мырзабеков А., Тұрабекова Н. «Ата-анамен жұмыс» «Рауан» 1993 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие бастауы - отбасынан

Болашақ десек те, келешек десек те бұл сөздер бала, ұрпақ, өркен- деген мағынаға барып тіреледі. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының өзі дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар деп, сол жолда ата-аналық борышын ақтау.
Баланы туу-бұл тек әке немесе ана болу деген сөз емес. Әке мен ана болудың өлшемі шынайы достық болып табылады. Бала-сіздің қуанышыңыз ғана емес, сондай-ақ болашақ азамат та, ол үшін сіз еліміздің алдында жауап беруге тиіс екеніңізді әрқашан есте ұстауыңыз керек.
Жанұялықөмір, балалардытәрбиелеукүрделі, әрінәзікіс. Ата-ананың өзіне қоятын талабы, ата-ананың өз жанұясына құрметі, оның бала өміріне бей-жай қарамауы, ата-ананың әрбір қадамын жіті бақылауы, міне, тәрбиенің ең басты және ең бірінші әдісі.
Отбасылық өмір құрушы отбасылар өздері құрған жанұя үшін қоғам алдында жауап береді. Өмірдің азаматтық тұрғыға көтерер ең маңызды, ұлағатты-адамгершілік қарым-қатынас та сол жанұя өмірінің өзінен басталады. Сөйтіп, бала отбасы өмірінде қалыптасқан тәртіп пен әдеп ережелерін және тұрмыстағы психологияны игеру арқылы тәлім-тәрбие алады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын дерлік отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көріп отыруымен қатар, ата-анасының да өзара бірін-бірі осылай қастерлейтінін аңғарады.
Ежелденбалажанқазақхалқы баланы жүректіңмиуасы болашағымдепқарайды, көңілдіңгүлі, көздіңнұры-дептүсінеді, отбасыныңбастықазығы, алтынтіреудіңгегі, адамгершіліктіңайғағыдепсанайды. Сондықтан да балаға зор үміт артып, арманын ұрпағына аманат қып тапсырған.
Ұрпақ-болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді. Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей, өкіндірместей болып өсуі керек. Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндірген, санасына тоқыған жөн.
Жанұя, оның барлық өмір мәнері, ата-ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары - осылардың барлығы балалық шақта ұмтылмастай терең әсер қалдырады. Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын ойлаумен ұштасуы тиіс.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиелесе, соған көне береді- деген болатын.
Ендеше, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтын шимай-шатпақ түспесін десек, нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.
Қазіргі заманда ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырттықтары басым екені баршамызға аян. Уақытын өткізіп алып, балаға тәрбие беруден кеш қалып жатқандары да баршылық. Сондықтан бойымызға біткен бойкүйездікті тастап, бала қамына ерте қамданғанымыз жөн.
Ата-аналар алдындағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге мыналарды жатқызамыз:
1. Ата-аналардың балаларымен араласуының жетімсіздігі. Балаларды материалдық қамтамасыз ету жөнінде, үйдегі барлық пен қолайлылық жайында қамқорлық көрсете отырып, ата-аналар бос уақыттарының көбейгендігіне қарамай, баламен араласуға уақытының мардымсыз бөлігін арнайды; өзі туралы, жұмысы жайлы аз сөйлеседі, аз әңгімелейді; мектептің балалар ұжымының өміріне сирек көңіл аударады; баланың өз достары жайлы айтып беруіне көңіл бөлмейді. Сөйтіп баланың жеке басын дамыту мен тәрбиелеудің тиімді құралы-баламен араласу толық мөлшерде пайдаланылмай келеді. Ал ата-аналардың баланың өмірі, оны қызықтыратын, еліктіретін нәрселер, достары, қам-қаракеттері жөнінде нашар хабардарлылығы ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсініспеушіліктің біртіндеп өсе түсуіне, ата-аналардың балалардан алыстай беруіне алып келеді. Демек, ересектерді балаға белсенді түрде әсер ету, оның жеке басын дұрыс жоспарлау мүмкіндігінен айырады.
2. Ата-аналардың өмірінен алынатын жағымсыз үлгілердің болуы. Күн сайын балалар өз ата-анасының қылықтарын, қатынастарын жұқтырып отырады, жанұя өмірінің көптеген мәселелеріне қатысады. Осының бәрі балаларды тәрбиелеп, олардың өз көзқарастарын қалыптастырады. Ата-ананың тәжірибесін меңгерудің неғұрлым күшті қуаты (механизмі) оларға еліктеу болып табылады. Міне, сондықтан да ата-аналардың дұрыс емес мінез-құлқы: дөрекілігі, маскүнемдігі, адамдарға деген жаман ниеттілігі және басқа да кемістіктері балаларға әрқашан теріс әсер етеді, өйткені баланы тәрбиелеудің міндеттеріне қайшы келеді, мектептің педагогикалық күш-жігерін жоққа шығарады.
3. Ата-ананың тәрбиелік ыпалдарының жүйесіздігі. Тәрбие үрдісі заңдылықтарын білмеу немесе жете бағаламау, ата-аналардың анда-санда тәрбиелеу позициясынан көрінеді: оқуын тексеру, теріс қылығы үшін жазалау, сынып жетекшісінің ақыл-кеңесін іске асыруға талпыну және олар туралы бір аптадан кейін ұмытып қалу, ұйғарым жасау, бұйыру және орындалуын тексермеу. Балаға мұндай бір сәттік әсер ету балалардың құлақ аспауын, берік адамгершілік түсініктердің болмауын, білім мен қылық арасындағы алшақтықты тудырады.
4. Отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі шектеулердің жүйесі. Бұл кемшілік, бір жағынан, ата-аналардың қатал болу қажеттігіне, баланың мінез-құлқындағы жаман нәрседен ештеңені қалт жібермеуге, сенімінен және екінші жағынан оңды үлгі арқылы тәрбиелей білмеуден, баланың өмірін ол мінез-құлыққа үнемі жаттыға алатындай етіп ұйымдастыра білмеуінен туындайды. Бұл жүйе тәрбиені іске асырушы үлкендердің еркіне баланың жақтырмай қарауын (тентектік істеуге, алдауға, бағынбауға тырысу) тудырады.
5. Әрекеттердің мектеппен келісілмегендігі немесе онымен алауыздық. Ата-ана мектеп пен мұғалім жағынан көрген кемшілігін, келіспейтін мәселелерді бірінші кезекте мектеппен, мұғаліммен бірге анықтап, келісіп шешкені жөн. Бірақ былай да болады: ата-аналар ол мәселелерді отбасында, балалар барда талқылайды, мектеп туралы, мұғалімдер жайлы жаратпайтын сөздерді айтады, ұстамсыздық көрсетеді, былайша айтқанда педагогикалық ұжымның әрекеттеріне керағар шешім қабылдайды. Отбасының бұл қате ұстанымының зардаптары тез арада-ақ білінеді: бала мұғалімге деген өзінің сенімсіздігін нығайта түседі, бұл оның өз кемшіліктерін түзетуін қатты тежеп, мінез-құлқының ұнамсыз белгілерінің дамуына әкеліп соғады.
6. Балалардың ересек тартуына қарай кейбір ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің төмендеуі. Бұл кемшілік негізінен баланы мектепте оқытудың төртінші-бесінші жылында көріне бастайды. Ата-аналар енді баласының мектептегі өміріне, табыстары мен кемшіліктеріне белсенді түрде көңіл аудармайды. Мектеп оқушысының бағалары, әңгімелері, мектеп ұжымындағы оның істері, ата-аналар жиналыстары және т.б. әдеттегі нәрсеге айналады. Ата-аналардың мұндай алшақтауы өздерінен балалардың алшақтауына, мектеп жаңалықтары мен істерін айтуды қажетсінудің төмендеуіне әкеп соғады. Ал кейде тіпті оқушылардың өздерінің мектепке деген ынтасының жоғалуына немесе кемуіне әкеліп соғады. Тәрбие міндеттерін шешуде мектеп оқушысы жеке басының дамуына ауыр тиетін жанұяның мектептен қол үзуі пайда болады.
7. Шешімдер қабылдаудағы кешігу, яғни педагогикалық диагностика. Бұл кемшілік баланың қайсыбір көрініс сипаттарының ата-аналардың дұрыс бағалай білмеулерінен, балалық тентектіктің ар жағындағыны дұрыс көрмей қалу қаупінен, ұнамсыз қасиеттердің қалыптасуын байқамай қалудан көрінеді. Ер жетіп, есі кірген кезде түзеледі деу де, әдетте үмітті ақтамайды.Мұның өзі көбінесе қайта тәрбиелеуді талап ететін педагогикалық жақтан бетімен кетушілікке себеп болады.
Жанұя тәрбиесіндегі көптеген қиыншылықтар әйел-анаға түсетін ауыртпалықтың шамадан тыс көптігімен түсіндіріледі. Оның бос уақтын толықтыратын күнделікті қам-қаракеттердің, істердің алуан түрлілігі (үй шаруасы), жұмысының шамадан тыс көп болуына, баланың өмірін асықпай бағыттап отырудың, оған сабырмен көмектесудің, оның дамуымен үнемі, мақсаткерлікпен шұғылданудың мүмкін болмауына әкеп соғады. Егер бұған әкелердің кейбіреулерінің тәрбиелеу белсенділігінің, сондай-ақ тұрмыс еңбегі саласындағы жұртқа мәлім кемуін қосатын болсақ, онда барлық іске әйелдердің күші жетпейтінін және мұның бәрі отбасылық тәрбиеге, отбасы тәрбиесінің мектеп тәрбиесімен сәйкестігіне жайсыз әсер ететінін мойындау керек.
Еврей халқының дәстүрінде егер жанұяда бала оқыса, бәрі сонымен бірге оқиды. Бұлай болмаса әке мен баланың арасы алшақтап, әр тілде сөйлесуге әкеп соғады. Бұған кінәлі жағдай, кездейсоқтық т.б.с.с емес, біздің жалқаулығымыз, жанұя тәрбиесіне немқұрайлы қарауымыз, әлеуметтік енжарлығымыз. Мектеп, мемлекет және қоғам бізді алмастыра алмайды, бізге көмек көрсетеді. Табиғатта қуыс болмайды. Тәрбиеде де үзіліс жоқ. Егер балалардың рухани негізін ата-анасы жасамаса, оны басқа біреулер жасайды. Бірақ ол ата-ананың орнын алмастыра алмайды. Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып тәрбиелеуді қара түнекте адасумен салыстыруға болады.
Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді, отбасы кездестіріп отырған қиыншылықтарды жеңу мақсатында, ата-аналармен тығыз байланыс орнату қазіргі мектептің ең басты міндеті, өзекті мәселесі.
Әрбір нақты жағдайда мектеп, мұғалім, сынып жетекші ата-аналарға қателердің зардаптарын көрсете білуі тиіс, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде ата-аналармен бірлікте оңды нәтижеге жету үшін күш салуы тиіс.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский Балаларға жүрек жылуыкітабында былай дейді:
Бала-жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті- әр балаға бақыт сыйлау. Бақыт-алуан қырлы. Ол-адамның өз қабілетін ашып, қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауына да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып, балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналармен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады.

Бүгін балалар шешесінің қолынан ұстап келеді, ал ертең олар жалғыз келеді. Әркімнің өз қуанышы бар. Әркімнің шұғылалы таңы бар, әркімнің алдында шексіз ұзақ өмір бар. Бұл күннің қарсаңында мектеп балдырғандарды балалық қуаныштан айырмаса екен деген ой бәрінен де көп мазалады. Керісінше, оларды мектеп дүниесіне, олардың алдына барған сайын жаңа қуаныштар әкелетіндей, танып-білу көңілсіз оқуға айналмайтындай етіп апару керек. Сонымен бірге мектеп- сырт қарағанда еліктірерлік болғанымен ұзақ, бірақ бос ойынға айналмауы тиіс. Әрбір күн балалардың ақыл-ойын, сезімін еркін байытып отыратын болуы қажет.
Даналық сөздің ойшылы Эпикет: Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады-дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет.
Ердеханова Сапарай Сапарбайқызы,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
кері

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ КІТАПШАМ

Менің кішкентай кітапшам №1
Менің кішкентай кітапшам №2
Менің кішкентай кітапшам №3
Менің кішкентай кітапшам №4
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

ІЗДЕУ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Конец формы
АУА-РАЙЫ
ҚОНАҚТАР
Пользователи : 3
Статьи : 239
Просмотры материалов : 393744
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік
Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызыдеп отбасының міндеті анық көрсетілген. Қазақстан - 2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен бірге Отбасы туралы Заң,Жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің кім және қандай екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас.
Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға сіз деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе.
Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз. Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп тұратын шындық.
Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де соншалықты болатыны анық жағдай. Олаға: жылы сөзбен көндіру, көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата - аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі: сендіру, жазалау, кей отбасыларда педагогтер кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Ал ата - аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда мына жағдайларды ескеруі керек деп ойлаймын.
1. Әрбір ата - ана өз баласының болмысын жете тани білуі қажет.
2. Ата - аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
3. Ата - аналардың тәрбиелік істерінің бірлігі, іс - әрекеттер әдістерінің басымдығы болуы.
4. Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті, тәрбиелік ықпаладардың қыр - сырларын үйренуі, тұрмыстық қажеттілікке айналдыру.
5. Отбасылық тәрбие ережелері.
Отбасындағы жалпы қарым - қатынас, үйдегілердің бір - біріне деген сый құрметі немесе басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері, яки болмаса, жағымсыз қылықтары жас баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы ата - аналардың ажырасып кетуі, ортада қалған балаларға қатты әсер етеді. Соның салдарынан анасыз немесе әкесіз тәрбиеленген балалар жасық немесе кекшіл, көңілі жарым болып өседі. Ал ата - анасы ішімдікке салынып, бір - бірімен жанжалдасып, адамның көңіліне дақ түсіретіндей сөздермен бір - бірін балағаттау, осындай кикілжің отбасындағы ұрыстардың кесірінен өз балаларын да ұрып - соғу немесе баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де баланың психологиясына кері әсер етеді. Кейде осы үйдегі ұрыс - керістің салдарынан көрші - қолаңдармен де керілдесіп қалу, сөйтіп олармен де жанжалдасып, айқай - шу көтеруі, сол өздері тұрған жердегі адамдардың да тыныштығын алуы, ол үйге деген өзгелердің де пікірін өзгертіп, балаларын оларды балаларынан аулақ ұстауы сол үйдегі өсіп жатқан баланың мінезіне әсер етіп, бала тұйық, жасқаншақ болып өседі және осы жағдай балаға теріс әсер етеді. Өсіп келе жатқан бала мұны тез және өзіне жақын қабылдайды. Отбасындағы кез келген жағдаятта ата - ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс - әрекеттерінде әдептілік танытқаны жөн. Мсыал ретінде алатын болсақ, ата - ана арақ пен темекінің көптеген зияндығын біле тұра, баланың құлағына соны құя тұра, балалардың көзінше өздері арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартса, одан ешқандай жақсы тәрбие ала алмайтыны анық нәрсе. Мұндай жағдайда бала басқа өмірді аңсайды, не болмаса теріс беріліп отырған тәрбиеге тез бой алдырады. Ал егер осы теріс жолға бала мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өскені дей беріңіз. Болашағында бақытсыз қыз бен келешегі жоқ бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда кінәні кімнен іздейміз?
Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата - ананың бір - бірімен болған қарым - қатынасы. Мәселен, біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан.. Ол - үйдің отағасы, балалардың әкесі. Ата - ананың бала өсірудегі басты мақсаты - қоғамдық өмірге көпшілікпен қатар түзу кірпіш қалау. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны ана деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Ал үйдегі ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту орынды. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген тәжірибелерінен сабақ алу - таптырмайтын өмір мектебі десе де болады.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейді дана халқымыз. Осы айтылған халық даналығына келсек, бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келіп өседі. Баланың бұл іс - әрекетіне кейбір ата - ананың жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің деп ұрсып жіберетіні бар. Бұл - қате түсінік.
Дана халқымыз: Адамның бақыты - еңбекте деп бекер айтпаған. Шынында да, адам өз қадірін, құрметін сол адал еңбегі арқылы алады. Ата - аналар балаларын жастайынан - ақ еңбек етуге, қандай қиыншылықтар болса да төзіп, оны жеңуге үйретіп келген. Олар бірер жұмыс істегенде перзенттерін жанына алып, олар ығыр болып кетпейтіндей дәрежеде жайлап түсіндіріп, үйретіп отырса, балалар жұмысты тындырымды істеуге қалыптасады. Әкенің кәсібі, ананың рәсімі деген қағиданы ұмытпауымыз керке екен. Яғни, балаларды жастайынан әке кәсібіне, ал қыз балаларды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз.
Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажетжәне олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын болжайды.
Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құраушы жеке адамдардың мінез - құлық жағынан пісіп - жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алып, пікір күресін тудырып келген. Жалпы шығыс пен батыс гуманистерінің бәрі де Дүниенің ең асылы, юағалысы - адам, ал оның бақыты - бала деп білген.
Адам бақыты - бала деген ғұлама ойшылдарының пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: Адам бақыты - бала, егер ол саналы болса. Сондықтан қазақ құдайдан бала сұрағанда
О, құдай, бала - бер,
Бала берсең - сана бер!
Санасыз болса,
Қайта өзің ала бер дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені - тарихи шындық.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке - шешесін боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақыратын, ата - ана көңілін жақындастыра түсетін - бала. Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы, қызығы қырқылып, үзіліп қалатынын әділетшіл халық ашық та айтады, ашып та айтады. Сондықтан да ол Бесіксіз үйде береке жоқ деп түйеді. Бұл - халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Осы ойды ертеден келе жатқан Ата - бәйтерек, бала - жапырақ деген бейнелі мақал да растайды. Әрине, өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы бар деп осыны айтады. Келешекке үміт артуды көп балалы болумен де ұштастырыды халық.
Отбасы қарым - қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке - шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі - алдында ең беделді тұлға әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке.
Ата - ананың ықпалы өзінен - өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс - әрекетке айналады.
Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез - құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми - педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оқу - ғылым жайлы болса, әке - шешесінің сөзі де сол болса, ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине егер ата - анасы соған оны тарта білсе.
Қазақ халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді деп ана арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық бейнелеп білдіріп отырады.
Бұзақылықтың басы - баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әртүрлі сылтауды тауып айтуды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы.
Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады. Бала - табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала басынан сипағанды, жылы сөйлегенді, аялап еркелеткенді, ертегі мен әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Мұның барлығы - баланың бойындағы ересектерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеттер. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Сонымен қатар осы қасиеттерді баланың жастайынан ата - анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс, ескерілмей қалған жағдайда балалық шағынан шыққан ересектің жағымсыз қылықтары мен іс - әрекеті ата - анасына таяқтай тиеді, баланың болашағы болмайды. Осыған қоса баланың сезімі де пәк екенін естен шығармаған жөн. баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді.
Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналарға мына түрдегі кеңестерді ескерген артық болмас деп ойлаймын.
- баланы бар қалпында сүйіп, оны бала екеніне қарамастан құрметтеу қажет;
- баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес, керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн;
- баланың не айтқысы келетінін ата - ана түсініп алып, жауап қайтарғаны жөн, ал асығыстық жасаған жағдайда қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- бала жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата - ана жаза қолдана білгені жөн, ол баланың жауапкелікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ ешуақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше өз балаңның сенімінен айырылмағаның дұрыс;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп алғаның жөн;
- күнделікті балаға қанша рет жоқ деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз. Отбасында бала ата - анасына түгелдей тәуелді екенін ұмытпаңыз;
- бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді;
- ата - ана баланы қиындықтардың құрсаында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн.
Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата - аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым - қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс - тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс - әрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата - ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным етіп алуын ұғындырған жөн.
Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ - түйек деп атап, мән бермей қалдыра салатын ешнәрсе жоқ және еш қателесуге қақымыз да жоқ. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік, ағайын.

Мақалаға белгі:Отбасы, бала тәрбиесі, алғашқы бесік
Әзірше ешкім рахмет айтқан жоқ
ҚайтуПікірлер: 0
БІЗДІҢ САЙТ ҰСЫНАДЫ:
* Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік
* Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
* Баланың бас ұстазы ата-ана.
* Отбасы тәрбиесі
* Балақан өсіру - балапан өсіру емес

Құрметті оқырман, сіз бұл сайтта тіркелген жоқсыз!
Біз сізге тіркелуді немесе өз есіміңізбен кіруді сұраймыз.
* ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
САЙТ БОЙЫНША ЖЫЛЖУ
* Негізгі бет
* Сабақты енгізу
* Сертификат алу
* Тапсырыс қабылдау
* Ашық сабақтар
* Оқушыларға
* Онлайн ТВ
* Ұстаздарға
* Программалар
* Дизайн
* Рефераттар
* Кітаптар
* Сабақты қалай енгіземін?
* Фотошоп онлайн
* Жарнама беру
* Ұстаздар бөлімі
ЖАРНАМА

ӘКІМШІЛІКПЕН ХАБАРЛАСУ
Эл.почта: kum2017@yandex.ru
Жеке хабарлама жіберу
Жарнама беру
КІМ ОНЛАЙНДА
Барлығы: 73
Қонақтар: 69
Қолданушылар: Toigan, Рыскуль
Роботтар: Google Bot, Yandex Bot
Соңғы 20-қолданушы: Рыскуль,Маншук, asd, irinanejnayy, Toigan,gasir, гулмира, даригуль, Мейрамкуль,Каримова, Адилжан, Лаззат, Адилбек,Aida, Setii Jenisnur, Алдияр, Zayre,Арим, Guljan, Ақөрік
ОНЛАЙН РАДИО
Қазақ радиосы
Астана радиосы
Шалқар радиосы
ҮЗДІК ЖАҢАЛЫҚТАР
* Өмір сен маған қымбатсың тренинг
* Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиі ...
* Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін дам ...
* Құқықтық тәрбие
* Қылмыс үшін кім жауапты
* Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу
* Әдептілік - Әдемілік
* Заңды білу - заман талабы
* Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
* Ата-ана бақыты балада
------
САУАЛНАМА
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жаңа оқу жылына дайынсыз ба?^
Начало формы
Иә толық дайымын
Әрқашан дайынмын
Демалыс тым тез аяқталып қалды
Жоқ дайын емеспін
Дауыс беру
Конец формы
Начало формы
Нәтижесі
Конец формы
БІЗДІҢ ДОСТАР
www.zhensovet.kz
www.hudozhka.idhost.kz
САЙТ СТАТИСТИКАСЫ

СЕРІКТЕС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің химия және биология пәні мұғалімі Адиева Гүлмира Өксікбайқызы
Omar's album (Омардың альбомы)
Ағылшын тілі мұғалімі: Абибуллаева Жазира
Сөз және оның құрамы
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз Сапарқызы
Мен ғажайыппын
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектептің бастауыш сынып психологы Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
ХХІ - ғасырдың жас математигі
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы лицейдің математика пәні мұғалімі: Утениязов Берсейіт
НАВИГАЦИЯ
* Негізгі бет
* Тіркелу
* Сайттағы өзгерістер
* Статистика
ТЕГТЕР ЖИЫНТЫҒЫ
Ашық сабақ, Бастауыш,Информатика, Наурыз, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география,дүниетану, ертеңгілік, математика,мереке, орыс тілі, презентация, сабақ,сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий,тарих, тест, технология, туған жер, тәрбие,тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті,Қазақстан, қазақ тілі, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Қазан 2013 (46)
Қыркүйек 2013 (27)
Тамыз 2013 (35)
Шілде 2013 (29)
Маусым 2013 (43)
Мамыр 2013 (212)

Мұрағатты көрсету жасыру
^
Білімділер сайты
Copyright (C) 2011 Білімділер сайты
Барлық құқықтар сақталған. bilim.idhost.kz
*
*
*
*
*
*

Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі
Автор:Адраманова Перизат
Перейти к блогу
Қай халықта болсын шаңырақ көтеріп, отбасылы болған соң, балалы болуды армандайды.
Сол сияқты, қазақ халқы да баласын үйлендіріп, қызын ұзатқан соң олардың ендігі тілейтіні бала-шағалы болуы. Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар демекші, сәбилі жанұя қашанда береке мен қуанышқа толы болады. Тәңірдің берген таптырмас сыйын қазақ халқы қалай тәрбиелейді? Осы жайлы сөз етер болсақ.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің зарыға күткен перзенті дүниеге келгендегі тебіренісі әр адамның ұрпақ сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей:
Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң - қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң - ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!

Иә, ақын толғанғандай, күллі әлем сүйінші сұрайтындай қуаныш қой бұл. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәлап, дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық. Ал сол ақ параққа ақпарат берер - ата-ана, қоршаған орта. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі - қай кезде де маңызды мәселе.
Тәрбие деген сөз араб тілінен аударғанда, көктету, өсіру, жетілдіру деген ұғымды береді. Яғни, сәбидің болашағы осы алған тәрбиесіне тікелей қатысты болары хақ. Осы жөнінде ақын әрі педагог Мағжан Жұмабаев: Тәрбиеден мақсұт - адамды һәм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару - дейді. Демек, баланы тәрбиелеудегі мақсат - оны жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру. Дана қазақ ұрпаққа тәрбие беру жолында еш аянып қалған емес. Ең алдымен, дүниеге қыз келсін, ұл келсін қуана қарсы алып, сол шаттығымен жақындарын шақырып, ақ дастархан жайып бөліскен. Шілдехана, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді бірінен соң бірін жасап, әдет-ғұрыптарды орындап отырған. Ер баланың тәрбиесін әкесі не үлкен ағалары жауапкершілікке алса, қыз баланың әдепті, иманды, ибалы болып өсуін анасы мен әжесі немесе әпкелері қадағалаған. Оның іс тігіп, тағам дайындай білуін, ұқыпты болуын әрдайым санасына құйып, үйретіп отырған. Ер баланың келешекте нағыз ер азамат болуы, елін қорғап, адал қызмет етуі үшін әкесі жанын салып үйретуге тырысқан. Ат құлағында ойнайтын, қамшы өрудің шебері болатындай етіп тәрбиелеген. Ылғи ұл-қызының санасына кішіпейіл, қанағатшыл, қамқор, ізетті бол деп жалықпай айта берген. Үлкеннің алдынан кесіп өтпеуді ұқтырған. Бұл біздің халқымыздың жазу-сызу әлі дұрыс дами қоймаған дәуірлерден бері келе жатқан даналығы. Өскелең ұрпақтың иманды болуына баса назар аударып, Құдайдың құлы, Пайғамбардың үмбеті екенін есіне салып отырған. Оған бір ғана дәлел, баланың өмірге келгенде арнайылап молдаға азан шақыртып ат қойдыруы. Сонан соң әр жұма сайын мешітке алып барып, Алланың үйін көрсетуі, құлшылық жасатуының өзі тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болып саналады. Мұның барлығы ұрпағының болашақта бақытты өмір кешуіне апарар жол деп түсінген. Егер бала отбасында лайықты тәрбие көрсе, келешекте ата-анасын бағып-қағатын, бақытқа бөлейтін, әке-шеше қария болған шағында далада қалдырмайтын парасатты ұл-қыз болатыны ақиқат. Бұл ата-ананың қол жеткізген армандарының бірі болып табылады. Не ексең, соны орасың дегендей, отбасы, ошақ қасында сәби қандай тәрбие көрсе, оның алдағы өмірі сондай болмақ.
қарағандар: 4476, пікірлер: 0
Басқа желіде бөлісу
Жаңа топ

Пікірлер
Сіздің пікіріңіз алғашқы болуы мүмкін
бас тартужазылу
Пікір білдіру

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Категориясы: Рефераттар
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, Адамның бақыты -- балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні -- өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Ол -- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз -- ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер -- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ата -- ана -- бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата -- аналар Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. Көрінген таудың алыстығы жоқ дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.

Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Өнеге от басынан басталады
Отбасы құндылықтары
Оқушылардың тәрбиесіне отбасылық дәстүрлердің әсері
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
Отбасындағы балалар рөлі
Мектеп пен отбасы ынтымақтығын орнықтырудағы мұғалім ролі
Отбасы – отанымыздың ошағы
Өмірдің түрлі кезеңдеріндегі адам үшін отбасының рөлі
Отбасындағы тәрбиеге психологияның көмегі
Пәндер