Коммуникациялық біліктілікті диагностикалау және дамыту


ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА
кафедрасы
Тақырыбы: Коммуникациялық біліктілікті диагностикалау және дамыту.
Орындаған: Студенттің аты жөні: Уразбаева Б. К.
Факультет:Жалпы медицина
Курс: ІІ
Топ: 2033
Қабылдаған: Ырысдаулетов А. Ә.
Алматы 2008 ж .
Жоспары:
- Кіріспе
Дәрігер бейнесі, оған қойылатын талаптар.
- Негізгі бөлім
1. Білікті мамандар дйындау.
2. Психолог мамандарының біздің қоғамда атқаратын ролі.
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Дәрігер бейнесіне қойылатын талаптар:
- Науқасты мұқият тыңдау;
- Науқасқа өтірік айтпау;
- Жұмысын таза, тиянақты атқару;
- Дұрыс сөйлеу, дәрігерлік этиканы сақтау.
Дәрігер мынадай болуы керек:
Сыпайы
Ұқыпты
Шыдамды
Мәдениетті
Эффективті қарым-қатынас жасай алатын.
А. П. Чехов былай деп жазған екен: « Дәрігердің ақыл - ойы ашық, адамгершілік жағынан таза, физикалық жағынан ұқыпты болуы керек». Осы тура айтылған ұғымды ашып қарасақ, дәрігеердің білімі, тәжірибесі мен жоғары сапалы қызметіне деонтологиялық қырағылық (сақтық) қатарлас болуы қажет. Ауру адамға көмектесуде, аурудың аяғы құтты болатынына сендіру негізіндегі әңгімелерде, прогностикалық қорытындылар мен кеңес беруде сөз арқылы ауру адамға зиян келтірмеу үшін өте сақ болу керек. Дәрігерлік практика дәрігерге медико - психологиялық баға беруде көп мәлімет береді. Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты. Оның ерекше қиындығы тек тірі ағзаны құрайтын биологиялық жүйенің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ең басты қоғамдық байланыстың әртүрлі болуы мен арнайы адамның индивидуалдығы, қайталанбас психологиялық көрінісін ққұрайтын тәуелділікке байланысты (отбасында, оқу орнында, құрылыста, қоғамдық ұйымдарда, достар арасында және т. б. ) . Сау адамға қарағанда ауру адамның келбеті өзгереді және ауру тудыратын ерекшеліктерімен толықтырылады. Сондықтан да дәрігер тек медик - маман ғана емес, сонымен бірге азамат, қоғамдық қызметкер, ол тек қана медицинада емес, сол сияқты мемлекеттің барлық сұрақтарынан жан - жақты білімді болуы керек. Ғылыми мен медициналық қызметті азаматтықтан бөліп қарауды жақтамайтын И. П. Павлов былай деп мақтанышпен жазған екен: « Не істесем де күшім, әлім келгенше, ең бірінші, Отаным үшін істеймін деп ойлаймын». Дәрігердің білімі кең, терең, мейлінге жетілген болғаны дұрыс. Сонда да, өзін бір жағынан, адамгершілік тұрғысынан үздіксіз тәрбиелесе, екінші жағынан, үздіксіз белсенді, өнімді, пайдалы әрекетке ұмтылуымен қатар жүрмесе мұндай білімнің жеткіліксіз болуы мүмкін. өнегелі, нағыз дәрігер ауру алдындағы, өзі таңдап алған мамандық алдындағы жұмысы мен парызы, оны азамат және дәрігер етіп жаратқан қоғам алдындағы парызы үшін қызмет етеді. Барынша өнімді қызмет үшін дәрігер өзін білім мен ауру адамның анологиялық қызметтерінен асып түсетінен өнегелі әдеттермен үздіксіз толықтырылып тұруы керек. « Ешкім өзін сынап үйренбестен бұрын басқаларды сынай алмайды» - деп жазған Гете. Бұл - өте дұрыс айтылған тұжырым. Өмірдің ең басты қызметінің өкілі ретінде дрігерге қоятын талаптар оның өз мамандығын игеруде табиғи қиыншылықтар тудырып, ісін шынайы ерлік етеді. Өзі ұзақ аурудан азап шеккен орыс жазушысы, дәрігер А. П. Чехов дәрігерлердің осы қасиетін ерекше бағалаған. «Дәрігердің мамандығы - ерлік. Ол қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл - ойдың ізгілігін қажет етеді: кімде - кім үздіксіз медицина өнеріне үйреніп, өз бойында қазіргі заманға сай дәрігерге тән өнегелі қасиеттерін тәрбиелей білсе, сол ғана осы мамандыққа лайық болады». Педагогикалық негізін қалаушы, « Ұлы дидактиканың» авторы, чех педагогі Ян Амос Каменский ( 1592 - 1670 ) құлықтылықтың астарында тек сыртқы өнегелілікті емес, бар ішкі болмысының негізін түсінген жөн деп үйренген. Мұндай жоғары өнегелі ішкі болмыстың негізін тәрбиелеу ұзақ, әрі қиын процесс. Бұл үщін тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің ойланып талқыланған бір жүйесі қажет. Мақсатталған, белсенді қызмет ешқашан энергияның жай жұмсалуына жол бермейді: ол барынша ақталады, және бір жағынан өнегелі баю болса, екінші жағынан, сол энергияның толықтырылуының бірден - бірі жолы. Сондықтан дәрігердің өмірі бар болмысымен ауру адамның сытқатын жоюға, сонымен қатар, т өз бойындағы кемшіліктерді жойып, түзелуге бағытталуы тиіс. Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы - ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігенрдің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті.
Дәрігердің ауру адамға көмегі тек оның толық сауығуына шейін емдегенде ғана толыққанды бола алады. Дәрігердің қарапайымдылығы - оның ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина көптеген керемет жетістіктерге жетті. Дегенмен, қазіргі кездің өзінде де біздің білгенімізден білмейтініміз көп: біз қолымыздан келіп, қанша тырысып, соған жеткіміз келсе де, көбінесе ауру адамға толыққанды көмек көрсете алмай жатамыз аурудың түрлері мен лоарды емдеу жолдары туралы біліміміздің жетіспейтіндігін мойыелау өзіңді кінәлау үшін емес, ол өзіңді - өзің тәрбиелеудегі, біліміңді жетілдірудегі басты қағида болуы қажет. Дәрігердің білім деңгейі мен жинаған тәжірибесі өз алдына бір бөлек.
Дәрігердің оптимизмі саналы болуы қажет және ол бірінші кезекте терең білім мен мол тәжірибеге сүйену керек. Кез - келген жақсы дәрігердің басты қасиеттері - әрқашан қарапайымдылық пернесін жамылуы тиіс, олар өзін - өзі жарнамалауды қажет етпейді. Дәрігер бойындағы ең бпсты қасиеттердің бірі - шыншылдық. Бұл - оның тұлғалық артықшылықтарының бірі - белгілі жағдайда ауру адам мен оның туысқандарына ауру адамның тағдыры туралы, кейде қайғылы келетін, өз ойын жеткізе білу міндетімен айқындалады. Әділеттілік - дәрігердің ең жоғары қасиеттерінің бірі .
Цицеронның сөздерін тағы да қайталай кеткен жөн, әділеттіліктің ең негізні екі бастауы бар, олар: « ешкімге зиян келтірмеу және қоғамға пайда әкелу». Дәрігердің адалдығы тек қана кәсіби мамандығының төңірегінде ғана шектелсе, ол бір жақты және толық емес болар еді. Адамгершіліктің айнымас жол серігі - ақкөңілділік, шын жүректен жақсылық жасай білу. Яғни, адам денсаулығы өз өмірінде де де құрбан ете білу.
Медико-психологиялық көмектің негізі толығымен психикалық және психологиялық көмекке сәйкес келеді.
Психологиялық көмектің принципі - клиникалық психологияның психотерапевтік кабинеттерін әртүрлі мекемелерге еңгізумен сипатталады. Мынадай мекемелер: арнайы орталықтар, психотерапевтік көп салалы ауруханалар. Жүйелі түрде қызмет атқарады.
Жүйенің негізгі құрамы психиатор мамандар. Олар психиаторлық көмек көрсетеді.
Халыққа үздіксіз көмек көрсету клиникалық психологияның емдік-диагностикалауының барлық этаптарымен науқастарды таныстыру басты принципі болып табылады. Медико-реабилитациялық іс-шаралар жүзеге асуда. Жүйелеудің негізі болып клиникалық психологияның емдік-профилактикалық мекемелердегі психотерапиялық бөлімшелердің орналасуы психотерапевтік кабинеттер, бөлімшелер, орталықтар. Кіші-гірім мекмелерде психиаторлық және наркологиялық қызмет, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер, стационарлар, дағдарыс қызметтері де маңызды орын алуда. Клиникалық психологтың жұмыс орны басқа да жерлерде ұйымдастырылуда. Түрлі мекемелерде медико-санитарлық бөлмелер, әлеуметтік психологиялық көмек көрсететін бөлімшелер, психологиялық кеңес (консультация), психотерапиялық клубтар және клубтарда болған науқастардың бірлестіктер ұйымдастырылуда.
Клиникалық психологтарды «Денсалық сақтау» жүйесінде емдік-профилактикалық және реабилитациялық көмек көрсету ретінде ену кезеңі аяқталып қалды. Қазіргі кездегі зерттеулер бойынша: этопатогенездің психологиялық аспектісі эффективті емдеуде үлкен роль атқарады, медицинаның барлық саласында практикада қолданылады.
Клиникалық психологияның маңыздылығы «Денсалық сақтау» жүйесінде мемлекеттік және аймақтық бағдраламалар бойынша атқарылады. Мамандарды дайындау психотерапиялық ұйымдардың міндеттері. Бөлімшелерде білікті мамандарға қойылатын талаптар: психологилық бағалаудың дәрежесі мен адаптациялануы, психо-педагогиканың оқытылуы.
Медициналық және психологиялық көмек көрсету төмендегі құжаттарда көрсетілген:
- Стандартты оқытуды және клиникалық психологтарды дайындау;
- Білім беру мекемелерін анақтау;
- Клиникалық психологтарды базалық және дипломнан кейінгі оқыту;
- Клиникалық психологтарды басқа да маман иелерімен қарым-қатынас жасауы, психотерапиялық, наркологиялық, дағдарыстық, сексологиялы және логопедиялық көмек;
- Клиникалық психологтардың жұмыс орындармен қамтамасыз ету;
- Клиникалық психологтардың медицинадағы көмек көрсету саласындағы технологиялық бірлестігі.
Бұл Заң жобасы бойынша клиникалық психологтар басқа да медицина саласында өз орнын таппақ.
Қазіргі кезде клиникалық психологтар келесі нормативтер бойынша ұйымдастырылады:
25 мың адамға 1 психотерапевтік кабинет, көп салалы ауруханаларда 200 орын. Әрбір кабинетте білікті клиникалық психологтар болуы тиіс. Мысалы:Алматыда 1, 5млн психотерапевтік кабинеттерге 6мың клиникалық психологтар болуы жоспарлануда. Ал бірақ 200мың адамға 1 ғана маманнан келеді екен. Әрбір клиникалық психологтар өзіндік дәрежесінде маманданған стационарларда психотерапиялық бөлімшелерде қызметі жоспарланған.
Кейінгі жылдарда аймақтық емханаларда, көп салалы ауруханаларда, арнайы мекемелерде психотерапиялық кабинеттердің саны күрт өсуде 1994жылы1200 болса, ал 2001жылы 2300 психотерапиялық кабинет. Тұрғындарға сапалы, квалификацияланған психотерапиялық көмек беру деңгейі мен мамандардың «Денсалық сақтау» жүйесінде өз орнын табуының бір дәлелі.
Арнайы зерттеулер бойынша:
Клиникалық психологтардың психотерапиядағы маңызы жақсарып келе жатқанын көрсетті. Экономикалық қиын жағдайларға қарамастан «Денсалық сақтау» жүйесінде клиникалық психологтардың стандартқа жақындап келе жатқанын айта кеткен дұрыс. Қазіргі кезде психотерапиялық кабинеттер арнайы компьютерлермен, аудиожүйелермен жабдықталған. Бұлардың өзі науқастарға эффективті қызмет көрсетуге арналған жабдықтар. Басты көрсеткіш - психотерапиялық кабинеттердің көп салалы ауруханаларға енгізілуі. Бұның өзі тұрғындардың психикалық денсаулығын қорғау стратегиясының іске асқанының көрсеткіші. «Денсалық сақтау» жүйесінде жаңа психотерапиялық көмек активті түрде еніп келеді. Психотерапиялық бөлімшелер күнен-күнге көбеюде. Осы бөлімшелердің көбі дәрігер-психотерапевтердің, практик психологияның және басқа да психотерапиялық көмек бере алатын мамандарды дайындайтын орын.
Клиникалық психологтардың басты мақсаты - психодиагностикалық, психокоррекциялық пен психотерапиялық процестерге қатысады.
Клиникалық психологтардың диагностикалау жұмысы арнайы тапсырмалар мен емдік-профилактикалық психиатриялық мекемедегі қызметі.
Ең бастысы мақсатының бірі психодиагностика және дифференциялауды клиникалық диагностикалар.
Дифференциялды-диагностикада патопсихологиялық зерттеулер бойынша қазіргі кезде дәрігер - психолог мамандарды дайындау маңызды.
Қазіргі кезде функционалды диагноз қоюда қойылатын талаптар:
- Аурудың ішкі сипаттамасы;
- Ауруға және оның болжамына деген көзқарас;
- Ем қабылдауға деген көзқарас;
- Іштей қарама-қайшылық;
- Сексуалды жағдайы;
- Емге әсер ететін тұлғалық өзгерістер;
- Ролдік өзгерістер;
- Сыртқы орта факторларының функционалды жетіспеушілігі;
- Қиындықтардың ошағы;
- Әлеуметтік ортаға дезадаптация.
Еңбек қабілеттілігін бағалау үшін патопсихологиялық зерттеулер қолданылады. Психокоррекциялық және психотерапиялық бағытта қызмет атқаратын Клиникалық психологтардың психиаторлық мекемелерде жұмыс істеуде талаптар қойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz