Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс


Адамзат дамуының барысында да білімдік педагогиканың саласы ең ежелгілердің әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн. Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әлеуметті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс - әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс әрекет пен қызметтік тәжірибелеуді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрпаққа өткізуді мақсат - мүддесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудің өзі осы өмірге жаңадан енген әрбір әулеттің өз ата - бабаларының өндірістік әлеуметтік және рухани құндылықтарын игеруменен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып, өзінен соңғыларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамиды. Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибені келесі әулетке жеткізіп отыру, адамзат қоғамның жасалуы мен дамуының алғы - шарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден -ақ тән құбылыс демек, тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс - әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі "жеке адам" түсінігінің өзін айқындап алу. Шынында да тәрбие аясы "жеке адам" нені білдіреді? Бұл түсініктің "адам" түсінігімен арақатынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең алдымен ескертетін жәйт: адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.
Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипатаайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреса, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т. б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырады жөне олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, "адам" түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал "жеке адам" түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сала мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттерімен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен "жеке адам" дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасаір білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: 1) саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5) даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады. Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан "адам" және "жеке адам" түсініктерінің сипаттамасы "даралық" түсінігімен
толықтырылады.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, сабырлы), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністерімен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған, өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін "индивид" түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша "жекелік" дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам "индивид" бола алады. "Жеке адам" түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін "даму" және "қалыптасу" категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктсушілік мінез-қүлық бірте-бірте белсснді - жасамиаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық-әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты саналар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе - жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-бірінн қарама-қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманның өзіне қалдырып, оларға тек қана объектив сипаттама беруді өз міндетіміз деп есептейміз.
Идеализм өкілдері қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші рөл атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.
Қазіргі заманғы иедалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау (неотомизм) .
Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моралдық қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо) . Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (3. Фрейд) . Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамды тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал скіншілсрі - ксмірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л. Торндайк) .
Материалистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
-француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы тәрбие;
- В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бірақ оны дамытын, жасайтын қоғамнан;
- Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін табиғат не олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.
Осы күнгі педагогикада жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше:
- Адамның қоғамдық түлға ретіыдс қальштасуына, оиыц дамуга деген табиги қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау.
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі - тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор.
Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл процесте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие - сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы - ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, (өзіне бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. "Қоршаған орта тәрбиеледі", "Отбасының тәрбие жемісі", "Мектеп тәрбиесі адам қылды" дсп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмсйтінін байқаймыз. "Қоршаған орта тәрбиеледі" немесе "Отбасы тұрмысы тәрбиеледі" деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді "мектеп тәрбиесі" десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
К. Д. Ушинский: "Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс" - деп тұжырымдаған.
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымсн американ психологы және педагогі Эднард Ли Торндайк былай деген еді: "Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз". Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс "Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады"- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзі нн және оны игеру қалай етеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптегсн ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды: 1) адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің жиынтығы, 2) еңбектің әрқилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері, 3) әлеуметтік, рухани қатынастар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz