Дүние жүзілік экономикалық қатынастардың сыртқы экономикалық негізі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Дүние жүзілік экономикалық қатынастардың сыртқы экономикалық негізі»
Орындаған:
Тексерген:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
I ТАРАУ.
1. Мемлекетті саяси басқару . . . 5-14
1. 1. Сыртқы саяси байланыстар. Қазақстан ТМД шеңберінде . . . 5-8
1. 2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы . саясаты . . . 9-14
ІІ ТАРАУ.
2. Экономиканы тиімді басқару және дамыту . . . 15-23
2. 1. Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану . . . 15-18
2. 2. Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы орны . . . 18-23
III ТАРАУ.
3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері . . . 24-25
3. 1. Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының
болашағы және сыртқы экономикалық негізі . . . 25-27
3. 2. Қазақстан және Тмд-ның экономикалық қатынастарының
болашағы мен мақсаттары . . . 28-31
3. 3. Қазақстан Республикасының экономикалық-саяси дамудың негізгі бағыттары . . . 32-35
Қорытынды . . . 36-37
Әдебиеттер тізімі: . . . 38
КІРІСПЕ
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрлуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соцғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта элемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрлу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, элеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрлып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртүтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда -экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мүның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрлуынан кейінгі жағдайлардағы Тэуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрлымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы элемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде элемге эйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар
арасында жаңа экономикалық және элеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.
Жұмыстың өзектілігі оның ғылыми-теориялық негізі де дәлелдейді. Қазіргі кезеңде отандық дипламатия қызметінің даму шеңберінде алдыңғы кезекте оның практикалық аспектісі орын алады. Дипламатиялық сферада жұмыс істейтін адамдар үшін, Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда тиімді тұсиарын пайымдауы қажеттіліктерін анықтауда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің қажет екендігі белгілі.
Тақырыптың өзектілігін негіздейтін тағы бір факт, қазіргі кезде Қазақстанның ТМД-ның басқа елдермен белсенді қарым-қатынасы және жасалып жатқан екі жақты, көпжақты келісімдер.
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
- Ұлттық қауіпсіздік;
- Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
- экономикалық өсу;
- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
- Энергетика ресурстары;
- Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
- Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.
Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі.
Қзақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.
I ТАРАУ 1. Мемлекетті саяси басқару.
1. 1. Сыртқы саяси байланыстар. Қазақстан ТМД шеңберінде.
Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты - тәуелсіздікті, егемендік пен мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні - көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарға бөлінеді.
Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.
1992ж. мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.
Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы - Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы қалыптасты. 1993ж. бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері - Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлері кеңесі, сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.
ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграция жолындағы өзара қарым-қатынастарындағы маңызды сәт 1993ж. интеграцияға мерзімінен бұрын қол жеткізу - тауарлар, қызметтер, қаражат және жұмысшы күштерінің ортақ рыногын кезеңдерге бөліп құруды айқындаған Экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойылу болды. Оның мүшелері осындай рынокқа қарай талпынысты еркін сауда аймағын, кезеңдік және төлемдік одақтарды құру арқылы байқады. Экономикалық одақтың (ТМД экономикалық кеңесі) Мемлекетаралық экономикалық комитеті жұмысшы ұжымдық органға айналды.
Осыған байланысты 1994ж. Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшылары еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге ал 1999ж. 2 сәуірде Келісімде көрсетілген нәрселерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Протоколға қол қойды.
1997ж. Достастықтық дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл уақытта ТМД-ға мүше елдер өз егемендіктері мен тәуелсіздіктерін нығайтып, халықаралық және аймақтық ұйымдардың жұмысына атсалысудан тәжірибе жинақтап қалған еді. Мемлекеттердің әрқайсысы ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда екі жақты да, көп жақты да деңгейде өз қажеттерін айқындап алды.
Сонымен бірге Достастық жұмыстарында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара бірігіп саяси қимылдар жасаудың аса жоғары деңгейімен экономикалық ынтымақтастық қарқыны арасындағы алшақтық байқалды. Қол жеткізілген келісімдердің, әсіресе экономикалық саладағы шартардың жүзеге асуы көкейтесті мәселеге айналды.
Экономика саласында құқықтық негізі 1994ж. сәуірде қол қойылған тиісті келісімде қаланған еркін сауда аймағын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру туралы пікірлер бір жерден шықты.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев 1998ж. жылғы 28 сәуірдегі ТМД Саммитінде реформалау мен ТМД-ң стратегиялық мақсаттары мәселелері бойынша негізгі баяндамасын оқыды. Н. Назарбаев толық көлемді Келісім жөніндегі ТМД-ны дамытуға байланысты ұсыныстардың бәрін қамтиды, ТМД-да ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі мәселені құрастыруды ұсынды.
1999ж. 2 сәуірде өткен аталған Форум жұмысының қорытындысы бойынша Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жұмыстарын жандандыру мақсатында, Қазақстан жағының ұсынысымен мемлекет басшылары Достастық пен ТМД-ның Атқарушы Секретариатының жаңа схемасын бекітті, Мемлекетаралық экономикалық Комитет аппараты үздіксіз жұмыс істейтін атқарушы, әкімшілік және біріктіруші орган - ТМД Атқару Комитеті болып қайта құрылды. Сонымен қатар Атқару Комитеті қызметкерлерінің штаттық саны қысқартылды, Достастықтың кейбір салалық кеңестері жойылып, олардың өкілеттіктері Достастықтың Атқару комитетіне берілді.
Алайда Достастық органдарының қазіргі жай-күйін талдай келіп, өзара қимыл жасау деңгейінің іс жүзінде барлық өмірлік маңызы бар салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты қалпына келтіріп, дамытуда айтарлықтай нәтиже бермегенін айта кету керек.
ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қазіргі жағдайы тұрақсыз Қаржы дағдарысы интеграция жолындағы үлкен бөгет болды және кейбір Достастық елдері экономикалық қатынастарының алыс шет елдерге бағыт алуына түрткі болды.
Сондай-ақ, Достастық елдерінде пайда болып келе жатқан күрделі жағдайдың ұлғаюы мен дағдарысты ахуалдар барлық мүше-мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты үстіміздігі жылдың 21 маусымындағы Достастыққа мүше мемлекеттер көлемдерінің отырысында 2003 жылға дейінгі кезеңге арналған халықаралық терроризм мен басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөнінде Бағдарламасы қабылданды, ТМД-ң Терроризмге қарсы орталығын құру туралы шешімге қол қойылды және осы орталықтың басшысы бекітілді.
Сонымен бірге Достастыққа мүше мемлекеттер көсемдері стратегиялық тұрақтылыққа қолдау жасау мәселесі бойынша Мәлімдемеге қол қойды. Онда 1972 жылғы 2 мамырдағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімнің тарихи маңызы халықаралық қауіпсіздікті қазіргі жағдайда қамтамасыз етудің іргетасы ретінде атап өтілді.
Өкінішке орай Достастықтың өзіне артылған үміті толық көлемде ақтай алмағанын атап өткен жөн.
1991ж. желтоқсанынан 2000 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде ТМД шеңберінде 1085 құжат қабылданды, оның ішінде 404-ін Мемлекет басшылары кеңесі және 681-ін Үкімет басшылары кеңесі қабылдады.
Осы құжаттардың 917-сі (84, 5%) қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Алайда мұнда бұл келісімдердің көпшілігіне қысқарған түрде қол қойылғандығын, яғни бірқатар мемлекеттердің кейбір құжаттарға қол қоймағандығын айта кету керек.
168 құжат (15, 5%) олардың Достастыққа мүше мемлекеттерде бекітілуін немесе мемлекет ішіндегі тиісті процедуралардың орындалуын қарастырады. Осы құжаттар ішінен тек 7-уі ғана ТМД-ға мүше мемлекеттердің барлығы үшін күшіне енді. ТМД шеңберіндегі нормативтік-құқықтың сипаттағы үлкен блоктың көпжақты ынтымақтастықтың барлық салаларын жабатынын есепке ала отырып, қазіргі уақытта Қазақстан тарапы оларды жүзеге асырудың нақты да қозғағыш механизмдерін құруды ұсынуда.
Ал Достастық жұмысының оптималды схемаға көшуі үшін Қазақстан төмендегі ұсыныстарды алға тартуда:
- - ТМД мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммитін жылына бір рет өткізіп тұру және онда Достастық жұмыстарының өткен кезеңдегі қорытындыларын қарастыру, алдағы жылға негізгі бағыттарды белгілеу, ТМД шеңберінде ғана емес, одан да кең көлемде пайда болып келе жатқан үлкен қауіп-қатерлерге бірігіп жауап беру үшін тиісті алғышарттар мен жағдайлар туғызатын шешімдер қабылдау- ТМД Атқару комитетінің салалық кеңестері, комитеттер мен комиссияларға мәселелерді дербес қарастырып, өздеріне берілген өкіметтіктер аясында соған сәйкес шешімдер қабылдау құқығын беру. Қазіргі уақытта Атқарушы комитет жанында әр түрлі салада әскери ынтымақтастықты жұмылдыру жөніндегі штаб мүше-мемлекеттердің үлестік салымдары есебінен жеке қаржыландырылатын құрылымдарды қоспағанда 57 салалық кеңестер, комитеттер мен комиссиялар жұмыс істеуде. - Салалық министрлерге Достастықтың Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына енгізілетін халықаралық құжаттарға қол қою өкілеттігін беру. Өйткені бүгінгі күндері халықаралық келісімдерге Достастықтың мемлекет басшылары, үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері қол қоя алады.
Сонымен бірге Достастықтың өткір мәселелерінің бірі Атком қажетіне бөлінетін қаражаттың жұмсалуының нәтижесіздігі болып отыр. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер тарапынан тиісті қаржылық бақылаусыз жүріп жатыр. Көптеген тұрақты өкілдіктер елдердің уставтық органдарды қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін қалай атқаруларына қарамастан Аткомның ортақ бюджеті есебінен жұмыс істеуде.
ТМД Атқару комитеті жұмыстарын жандандыру мақсатында Қазақстан мынандай ұсыныстар жасады:
- - жыл сайын Достастықтың барлық мемлекеттерінің қаржы органдары өкілдерінің қатысуымен Атком органдарының қаржы жұмыстарын тексеру:- қызметкерлердің жалпы санын қосымша қысқарту, Минск пен Мәскеудегі Атқару комитетінің жұмысшы органдарының жұмыстарын жандандыру, Төрағаның жұмыстан босаған орынбасарларының санын мемлекет өкілдерінен тұратын 4 адамға дейін елдердің алфавиттік реті бойынша қысқарту- Минскідегі аппараттың бір бөлігінің ұйымдастырушылық-саяси мәселелермен және ТМД-ң ортақ бюджетімен, ал Мәскеудегі бөлімнің еркін сауда аймағын құрып, дамытуды қоса алғанда экономикалық мәселелермен айналысатындығын көрсете отырып, Аткомдағы департаменттер санын қысқарту. - 1994ж. ТМД Уставының жаңарған нұсқасын дайындау бойынша құрылған жұмысшы тобының жұмысын жандандыру.
Қазақстанның ТМД Атқару комитетінің жұмысын жандандыруға қатысты ұсыныстары мен ескертпелері үстіміздегі жылдың 21 маусымында (Мәскеу) қабылданған ТМД Аткомы туралы Ережелерде көрсетілген.
Жалпы алғанда Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграция мәселелері бойынша ұстаған позициясы бұрынғы қалпында қалып отыр. Яғни Қазақстан ТМД-ның нығаюуын, тұрақтылықтың сақталуын, ТМД және басқа да аймақтық ұйымдар шеңберіндегі байланыстардың жан-жақты дамуын жақтайды.
Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ТМД-ның ортақ тарихына арқа сүйеген ортақ саяси, экономикалық және әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге ұмтылуда.
1. 2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы . саясаты.
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып табылады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының шет елдерде 47 елшілігі мен миссиялары және консулдық өкілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықаралық ұйымдардың саны - 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді «Қауіпсіздік белдеуін» жасай алады.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998ж. Шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған 11 ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің құқықтық проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002-2003 жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастық 10 жылға арналған шарт жасалды, қаржы мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге қол қойылды.
Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние жүзілік ірі проблемалардың бірі-Каспий теңізінің мәртебесін айқындау. Ел президенті алғашқы кезден бастап принципті бағыт ұстады, өз айқындамамызды қорғап қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған келісімнен өз көрінісін тауып отыр.
Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді түрде жұмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі ұлттық секторлар координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлады. Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің заңдық мәребесі жөніндегі екіжақты және көпжақты келіссөздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін ұдайы есте сақтауда.
Қазақстан 1997 ж. Маусым айында Мәскеуде қол қойылған тәжіқаралық бейбіт келісімдердің кепілі ретінде Тәжікстанда берік азаматтық татулық орнатуды ұдайы жақтап келеді. Бұл бүкіл Тәжікстан аумағына бақылау орнатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстеризмге, халықаралық терроризмге, ұиымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару - жарақ контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүгізілуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жұмыс істей бастаған Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптасқаны қуантарлық жәйт.
Мемлекетаралық интиграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда орталық экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктер жұмыс істейді. Осыдан ынтымақтастықтан бас тартудың ешқандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы және тұтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да осындай бағыттарды өмірге енгізбекші.
Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі әлемдік энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, көлік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде дамытуға объективті тұрғыдан бейімділік танытып отыр. Ұлы Жібек жолын қайта түрлетуге де көптеген мемлекет мүдделік білдіруде. 1996ж. қол қойылған Беларус, Қазақстан, Қырғыстан және Ресей елдері арасындағы экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдету мәселесі туралы шарт 28 баптан тұрады. Мемлекеттердің өз халықтарының игілігі үшін ерікті түрде кірігу процесі осы құжаттың негізгі арқауы болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz