Дебат технологиясын география сабақтарында қолдану әдістемесі



1. Дебат технологиясын география сабақтарында қолдану әдістемесі
2. Пікір . сайыс технологиясы . оқытудың ұлттық жаңа үлгісі
3. Дебат ойыны ережесі
4. Пікір талас не үшін керек?
5. Пікір . сайысты қолдану әдістері ( сабақ үлгілері)
6. 10 сынып географиясы
7. «Пікірталас» таңдау курсының бағдарламасы
8. Дебат туралы мәлімет.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп, қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы – үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймын.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар -жаңа технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Осыған сәйкес сабаққа қойылатын қазіргі талаптар да мұғалімнен зор шеберлікті қажет еьеді. Халқымызда «шайнап берген ас - ас болмайды» деген мақал бар, сол сияқты мұғалім де сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай түрткі болатындай (стимулятор) әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуциидің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл -ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Олай болса, әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай әртіс болып қана қалмай / яғни өз білгенін орындап қана, кете беретін/, орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» дегендей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет.
дегеніндей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы қажет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Дебат технологиясын география сабақтарында қолдану әдістемесі

Жаман
мұғалім ақиқатты
өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім

оқушының өзін ізденуге жетелейді

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей
бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері
шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол
жеткен жетістіктерін меңгеріп, қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда
шығармашылық қабілеттің болмауы – үлкен проблема саналып, ойландыруы
тиіс деп ойлаймын.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық
әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар -жаңа
технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда
оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық
қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп
қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетін
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Осыған сәйкес сабаққа қойылатын қазіргі талаптар да мұғалімнен
зор шеберлікті қажет еьеді. Халқымызда шайнап берген ас - ас
болмайды деген мақал бар, сол сияқты мұғалім де сабақ үрдісінде
материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай
түрткі болатындай (стимулятор) әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет.
Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке
адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуциидің
Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл
-ойыммен істеген ісімді түсінемін деген даналық сөздері осы
айтылғандарды дәлелдей түседі. Олай болса, әр мұғалім өз әрекетінде
мүмкіндігіне қарай әртіс болып қана қалмай яғни өз білгенін
орындап қана, кете беретін, орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің:
Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның
ойына қозғау салу үшін беріледі дегендей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс-
тәсілдерді қолдануы қажет.
дегеніндей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы қажет.
Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі
баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз
еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы игерген білімін іс - әрекетте
пайдалана алмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны дамыта
оқытатын болсақ ізденушілік – зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру
жағдайы басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі
білетін амалдарының, тәсілдерінің жағдайды шешуге қабілетсіз
екендігін сезінуі керек. Осыдан кейінбарып оқушының білім алуға
ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдына мақсаттарын
қоюда ешқандай дайын үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау,
сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әркім оқушыға өз ойын, пікірін
айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық
жағдайда тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола
бермес. Дегенмен, әр оқушыға жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп,
талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Оқушы әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінінайта
білуі керек. Кез келген мазмұнды талдау барысындаөз тобымен
ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. Осыған орай
Сорос Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өткен Пікір -сайыс
бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарламалардың стратегияларын
пайдаланып өткізген сабақтардың әсері мол.
Топқа бөлінген оқушылар өз сұрақтарына тынымсыз жауап іздейді.
Әр оқушы өз идеясымен бөліседі. Мен өзімді тамаша бір оркестр
басқарып тұрғандай сезінемін. Оқушыларым тамаша ойшыл адамдар. Бұл
оларға сол проблема бойынша өз көзқарастарының қалыптасуына,
пікірлерін қарсыластарының көзқарастарымен салыстыруға, өз пікірін
қорғауға үйретеді, сол проблеманы өздігінен терең зерттеуге
итермелейді. Пікір – сайыс жастардың білімдерін жан –жақты жетілдіріп,
мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсінікпен қарап,
олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.

Пікір – сайыс технологиясы - оқытудың ұлттық жаңа үлгісі.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық
саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті
осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол
ашты.
Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім мазмұны жаңа үрдістік
біліктерімен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен байи түсуде -
ауызша және жазбаша, телефон, радио байланыс – қазіргі заманғы
компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде. Нарық жағдайындағы білім
беру бағдарламаларының нақтылануымен де білім беру мазмұны
жаңаруда, Олай болса оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық –
педагогикалық бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегідей
сипатталады:
1. Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы
меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға
көшу.
2. Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық

құрылым жүйесіне көшу.
3. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп
саралап оқыту бағдарламасына өту.
4. Мұғалім мен оқушының бірлік одақта қызмет істеуі. Бір –
біріне
басымдық көрсетпеуі оқушыға да, мұғалім де, субъект болуы.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мектеп ұжымдары әр мұғалім

күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл

жол ашаршылық қарым – қатынас жасаулары керек.
Оқыту түрлерін, құралдарын одан әрі жетілдіруде тиімді тәсілдерді

қолданудың жолдары іздестірілуі қажет. Қазіргі білім беру
саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан –жақты сауатты маман
болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқөа
да көптеген адам қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін -
өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Енді дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқытудың айырмашылығын
қарастырайық. Дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім сынып оқушыларын
толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық
маңызды роль атқарады, олар бірге отырып оқушыларды білімге
жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте
сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді
оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.
Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп
қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді роль
атқарушы емес, жетекші позицияны ұстайды. Ол әлемді тануға,
белгісіздікті анықтауға өз жауабын іздейді, ал білімді ол әртүрлі
жерден табуы мүмкін, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады. Тапқан
шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай
жалғастырады. Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс
қалыптасады. Оқушы да, мұғалім де субъектіге айнвалады. Екеуі де
бірлік одақта қызмет істейді. Мына төмендегісуреттерде дәстүрлі
оқытудағы мұғалім мен оқушы ара қатынасы (1 сурет) және жаңаша
оқытудағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс (2 сурет)
көрсетілген.
Жаңаша оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі, әрі тиімді
процесс. Жоғарғы суреттегідей мұғалім білім мен оқушының ортасында
тұрмас үшін барлық стратегияларды жақсы меңгеріп оқыту технологиясын
қайта құру керек.
Бұл әдістер жаңаша оқыту міндеттерін шешу құралы болып
табылады. Оқушы төмендегідей іскерлікпен дағдыны қалыптастырады.
Атап айтқанда, оқушы бұрын меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл –
ой өрісін кеңейтеді, тақырыпқа сай сын тұрғысынан қарайды. Оқушы
өз алдына сұрақтар қойып, жауап іздеуге, мәселеге байланысты өз
пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, білімнің қайнар көзін өздері
тауып, білімді меңгеру үшін қажет дағдыларды өз бетімен қолдануды
үйренеді. Әдепті батыл сөйлеу, проблемаларды анықтай алу, топтың
жалпы шешіміне үлес қосу, өз ойын тұжырымдауға, өздерінің
үйренгендеріне жауапты қарауға, әріптестерінің ой – пікірін
құрметтеуге, тыңдауға, салыстыра зерттеуге,үйретеді. Тақырыпты ғылыми
түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.
Оқытудың жаңа моделі - пікірталас әдісі. Пікірталас –
дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Комуникативті пікір алмасу
моделі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, методикалық
нұсқауларды, Дүние жүзі педагогика инновациясы атты М. В. Клариннің
еңбегін басшылыққа ала отырып, география пәнін оқытуда оқыту
құралы ретінде пайдалану – жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаңаша
оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік
позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп
бірлесіп білім алуда жауапты іс - әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Егер пікір алмасуоқушы мен мұғалім арасында кезектескен жүйелі,
бірізді сұрақ жауап түрінде жүргізілсе, онда ол біз күткен нәтиже
бермейді. Бұрынғы оқу жүйесіндегі сұрақ – жауап түріндегі оқушы мен
мұғалім арасындағы төменгі дәрежедегі байланыс әдісі.
Сурет №4
4 суретте жоғарғы деңгейдегі коммуникативті пікір алмасу,
яғни бірлесіп білім алудағы, ақиқатты іздеудегі жауапты іс -
әрекет. Мұнда оқушы жетекші позицияда болса, ал мұғалім мәселені
меңгеруде, талқылауда және шешім шығаруда көмекші серік міндетін
атқарады.
Мен оқытудың коммуникативті пікір алмасу стратегиясымен
Қазақстан – Сорос қорының дебат немесе пікір сайыс бағдарламасымен
шұғылдана жүріп, осы әдістің технологиясын меңгеруге қол жеткіздім
және пікір талас моделін география пәнін оқытуда қолдану тиімді
екендігінде өз тәжірибемде көз жеткіздім. Менің сабақта қолданатын
пікірталас моделінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы
және уақыты шектеулі. Оның негізін салушы американ философы Карл
Поппер. Оның ерекшелігі - әр қарсылас топтың бір – бірімен белгілі
ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсуі, ақиқатқа жету
жолын қарастыруы, дәлелдерін салыстыруы. Мына төменде Карл Поппер
пікір таласы бағдарламасының пікір талас форматы берілген.

Дебат ойыны ережесі.

Ж- 1 ( 5 мин) Д – 1 ( 6 мин) Ж -2 ( 5 мин)
Шешіммен келіседі Шешіммен келіспейді Позициясына қайтадан
сендіреді.
Шешімнің шарттарын Альтернативті Түсініктемеге қайтадан
анықтайды. түсініктемелер ( дефин) сендіреді және
ұсынады. альтернативке қарсы
сөйлеп жауап береді.

Мақсат немесе Альтернативті Айтуға тұрарлық
критериялар қояды. критериялар ұсынады. критерия жасап, оң
Қысқаша жақтаушы Әрбір оң аргументке сөйлеу мәселесін
команданың көзқарасы қарсы контрагумент құрады. Оң құрылым
жөнінде дәлелдеме келтіреді. арқылы нақты дәлелмен
береді. Оны фактілермен дәлелдейді.
Аргумент бекітеді. жаңа дәлел береді.
2. Аргумент Теріс жүйелі бұрынғы берген
3. Аргумент бағытыңызды дайындап дәлелдің сыны арқылы
Өзінің оң бағытын анықайтады. берілген кемшілікті
түрде қорытындылайды. Аргумент 1 айтады.
Аргумент 2 мысалдарды,
ұқсастықтарды, баяндауды
қолданады.
* бар дәлелді кеңейтіп
айтады. Қарсы
дәлелдерге қарсы жауап
береді.
Қазір мен қарсы Рахмет, мен сұрақ Рахмет, мен сұрақ
сұрақ – жауапқа –жауапқа дайынмын. –жауапқа дайынмын.
дайынмын.
Х сұрақ ДЗ – Ж1. Х сұрақ ЖЗ – Д1 Х сұрақ Д1 –Ж2.

Д – 2 (5 мин) Ж – 3 ( 5 мин) Д -3 (5 мин)
Негізгі өзгерістерді Пікір таласын маңызды Төрешіге арнап маңызды
анықтайды. дәлелді мән бергізе мәселелерге мән бере
Альтернативті ұйымдастырады. Оң сөйлейді.
түсініктеме даулы сөйлеу критериясы неге команданың бағыт
болып ары қарай үстем екендігін қайта шарттары туралыы
түсіндіреді. Қалыс түсіндіреді. сөйлейді.
мақсат айтып айтысады.төрешіге айтылатын сынКез келген болып
аргументінің маңызын жатқан пікір таластың
көрсетеді, орын салмағын
Жақтаушы кейстің аргументтің жасайтын көрсетеді.
пункттеріне анализ әсерін түсіндіреді, Оң шешім жүйелігіне
жасайды. оң бағытта сөйлейтін қарай сөйлейді.
* жаңа дәлел береді, әр пікір сайысты, әр * төрешіге арналған ең
*оң сөйлеудегі аргументті қалай айтыпмаңызды аргументтерді
кемшіліктерді шығатынын түсіндіреді. айтады.
түсіндіреді,
* мысалдарды,
ұқсастықтарды,
баяндауды қолданады.
Қайтадан теріс дәлел Бұл аргументтерді Кез келген теріс
дайындап және бұрынғы пікір таласында ұдайы аргументтерді қайта
дәлелді кеңейтіп айтады. Олардың жауап арқылы
айтады. маңызын байқап қайта терістеуге сенімді
түсіндіреді. болады.
Қазір мен қарсы Соңғы қорытынды Соңғы қорытынды
сұрақ – жауапқа жасайды. жасайды.
дайынмын.
Х сұрақ: Ж 1 – Д 2

Пікір талас не үшін керек?

1. Шешендік дағдысын жетілдіру.
2. Талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау.
3. Талқыланып жатқан мәселені түсіну.
4. Ойландыру, ой- түрткі салу.
5. Фактілерді зерттеу, болжау, баға беру.
6. Жүйелеп сөйлеу.
7. Өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу.
9. Өз бағытын дұрыс ұғыну.
10. Мәселенің өзектілігіне мән беру.
11. Пікір таласта екі жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып,
ұштастырып отыру.
12. Өз ойыңды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеу.
13. Көп әдебиеттерді оқу.
14. Әдебиеттерден керектіні алуға қалыптасу.
15. Беделді әдебиеттерді пайдалану.
16. Кітапханаларда жұмыс істеуге дағдылану.
17. Қоғамның саяси дамуын түсіну.
18. Пікір таласында білімді жетілдіру, тереңдету.
19. Сайысқа қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.
20. Сайыста идея қозғаған адамға құрметпен қарау.
21. Идеяны теріске шығаруға нақты мықты дәлел қою.
22. Төрешіні өз көзқарасының дұрыстығына сендіру.
23. Қарама – қарсы сұрақ қоя білу.
24. Уақытты тиімді пайдалану.
25. Мәселені қорытындылау және шешім жасай білу.
26. Мәселеге шығармашылықпен қарау. Топтармен жұмыс жасау.
27. Дефинициялармен жұмыс жүргізу.
28. Көзқарасты ашық айтуға қалыптасу.
29. Ашық қоғам құруға үлес қосу.

Пікір – сайысты қолдану әдістері ( сабақ үлгілері)

Пікір – сайыс технологиясын тарих сабағында қолдану үшін мынадай
талаптарды есте ұстау қажет.
1. Пікір – сайыс сабағының айқын мақсаты болуы керек.
2. Пікір – сайыс сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек.
3. Оқушылар пікір – сайыс алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс.
4. Пікір – сайыс тақырыбы да талапқа сай, талас туғызатындай болуы
керек.
5. Оқушылар пікір - таласта толық қатысуы тиіс.
6. Пікір – талас өз мәнінде өту үшін уақыт керек.

10 сынып географиясы
Сабақтың тақырыбы: Биосфера және ғылыми – техникалық прогресс.
Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап,
белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай
білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Әр топта 3 спикерден болады. Сыныптың
қалған оқушылары әділ қазылар алқасы және бір оқушы уақыт өлшеуші-
таймкиппер болады.
Жақтау тобының резолюциясы: Ғылыми – техникалық прогресс адамзат өміріне
қауіп төндіруде.
Даттау тобының резолюциясы: Ғылыми – техникалық прогресс адамзат өміріне
қауіп төндірмейді.

Жақтау тобының кейсі
Бірінші спикердің сөзі:
Резолюция: ғылыми – техникалық прогресс биосфераға жағымды әсер етеді.
Дефинция: ҒТП биосфера, экология ұғымдарына сипаттама беру. ҒПТ
биосфераға жағымды әсер еткенін дәлелдеу үшін өз аргументтерін
ұсынады.
1 аргумент: Балқашта, Шығыс Қазақстанда, Үлбіде атом электр станциясын
АЭС салу биосфера үшін тиімді. Себебі жылу электр станцияларында
көмір жанған кезде ауаға 45 түрлі зиянды элементтер тарайды. Көмір
күлі жер – көкті толтырып, ластап барады. АЭС энергиясы алынатын
энергияға қарағанда 2,5 есе арзан. Мұндайды жаққанда да ауаға
көмірдегідей зиянды заттар шығады. Бөлінетін көмірқышқыл газының
биосфераның жылу парникті жүйесіне әсері зиянды екенін әркім сезінеді.
Өркениетті елдер –Францияда өндірілетін энергияның 70- ы атом
энергиясы. Жапонияда 50 атомэнерго блогы бар. Ал Қытай АЭС қуатын
2020 жылы 2-50 меговатқа ұлғайтуды көздеп отыр.
2- аргумент. ЮНЕП жүргізген зерттеулерге қарағанда ғаламшарда 13-14
млн ғана сипатталған. БҰҰ бағдарламасында биологиялық әртүрлілікті
сақтау, оны дамыту қажеттігі атап көрсетілген. Ал әртүрлілікті
сақтау биотехникасыз мүмкін емес. Мысал ретінде тұңғыш ғарышкер Т.
Әубәкіровтың ғарышқа апарып келген зерттеу картобынан жаңа іріктеме
пайда болып, Тоқтар іріктемесі деген атпен Қазақстан
шаруашылықтарында егілуде.
3-аргумент. Америкада үш ата –анадан пайда болған бала дүниеге
келді. Адам да биосфераның бөлшегі екенін ескерсек, баласыз қаншама
адамдарға қуаныш сыйланды. Бұл да ҒТП - жетістігі. Сөйлеуші сұраққа
жауап беруге әзірлігін білдіріп, сөзін аяқтайды. (Қарсы сұрақ –жауап)
Оппонент топтың кейсі.
Резолюция: ҒТП биосфераға зиянды, биосфера тепе - теңдігін бұзады.
Дефиниция: Биосфераның бұзылуы, биосфера тепе – теңдігі, экология
ұғымдарына сипаттама беріледі. ҒТП биосфераға зиянды екенін дәлелдеу
үшін аргументтер келтіреді.
1- аргумент. Арал проблемасы.
2- аргумент. Семей ядролық полигоны.
3- аргумент. Байқоңыр ғарыш аймағы.

ҒТП - тің биосфераға зиянды әсерлері сипатталады. Жақтаушы жақтың
аргументтеріне қарсылық білдірілді. Экологиялық тұрғыдан алып

қарағанда Чернобыль сабағын неге ұмытамыз? Табиғатты тамылжыған
Алтайда немесе экологиялық жағдайы онсыз да қиын Балқашта АЭС салу
көңілге қонымсыз. АЭС пайдалы болса, өркениетті елдер неге күн,
жел энергиясына ден қойды?
Адам биологиялық түр ретінде ата - анасынан жұп гендер алу
керек. Үшінші генді қайда сыйғызбақсыз? Одан енді үш жүзді адам
шықпасына кім кепіл? Түрлердің жойылуы ең алдымен ҒТП – тің зиянды
әсерінен болып отыр. Жер бетінен қаншама түр жойылды?
Жойылған түрлер туралы айтып, сұраққа жауап беруге әзірлігін
білдіреді.
Жақтау тобының екінші спикері сөз алып, өз аргументтерін жаңа
дәлелдермен толықтырады. Оппоненттерінің дәлелдемелеріне қарсылық
білдіреді. Чернобыль -50 жылдардың перзенті. Ол кезеңдегі технология
мен бүгінгі технология – нанотехнологиямен салыстыра алмайсыз.
Сондықтан прогресті саланың мүмкіндігінен бас тарта алмаймыз. Адам
денсаулығына зияны тимейтіндей ұйымдастырылады. Жапония ғалымдары
бақа уылдырығынан жасанды көз алмасын өсіріп жатқанда денсаулық
саласы жетістіне сенгеніміз дұрыс. Түрлердің жойылуы ҒТП әсерінен
емес, көбінесе адамның жауапсыздығы, прогреске ілесе алмауынан
туындап отыр. Мысалы: Дүние ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар
Географияның оқыту әдістері
«Гaлoгeндeр» тaқырыбын oқытудa пікірсaйыс әдісін пaйдaлaну aрқылы oқушылaрдың химиялық білімін жeтілдіру
Оқушылардың айтылым дағдысын дамыту құралы ретінде ағылшын тілі сабақтарында дебат технологиясын қолдану
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері
Химия пәнін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясын қолдану
Оқушылардың жобаны орындауы
Сөйлеу мәнерін дамыту
Пәндер