Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



1. Бағдарламаның Паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жай.күйді талдау
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
7. Қажетті ресурстар
Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мер¬зімді Стратегиясының маңызды ба¬сым¬дықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Бі¬лім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капи¬талға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қо¬ғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнім¬ді жұмыс күшін құру үшін аса қа¬жет. Болашақтың табысты эконо¬микасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттілік-тер¬ге жұмсалатын шығындар ретінде ға¬на емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық өсуді ба鬬ланыстыратын көптеген дәлелдер бар:
макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;
зерттеулер білім беруді дамытуға жұ쬬салған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.
Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – аза¬мат¬тардың көп үлесінің қатысуымен құ¬рал¬ған, әлеуметтік бірлігі мен интегра¬ция-сы жоғары, құқық бұзушылық дең¬гейі төмен қоғамның қалыптасуына ық¬пал етеді. Жастайынан білім алу әлеу¬мет¬тік, эмо-ционалдық және басқа да өмір¬ге қажетті дағдыларды қалыптас-тыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осын¬да. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын ин¬вестицияны айтарлықтай және тұрақты ұл¬ғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922
Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі –
Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім
бойынша бекітсін;
2) жарты жылдың қорытындылары бойынша 15 қыркүйекке және 15 наурызға
дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның
орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626
Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №32, 333-құжат) күші
жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының  
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

 
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 7-сі.
№ 1118
 
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығымен
бекітілген
 
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған
мемлекеттік бағдарламасы
 
1. Бағдарламаның Паспорты
 
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
атауы 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
негіз Стратегиялық даму жоспары туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1
ақпандағы № 922 Жарлығы;
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақст ан Республикасы Білім және ғылым
әзірлеуші министрлігі
Мақсаты Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами
капиталды дамыту, білімнің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру
Бағдарламалық білім беру қызметіне тең қол жеткізуді
мақсаттар қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру
жүйесін жетілдіру;
педагог мамандығының беделін көтеру;
білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық
жүйесін қалыптастыру;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және
оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау
үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр
түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді
қамтамасыз ету;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене бітімі және
рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз
ететін білім алудағы қажеттілігін
қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты
үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.
12 жылдық оқыту моделіне көшу;
қоғамның және экономиканың
индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына
сәйкес техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі
– ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру
кеңістігіне бірігу;
еңбек нарығының, еліміздің
индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен
жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
және білім беру саласындағы үздік әлемдік
тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының
жоғары деңгейіне қол жеткізу;
өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,
әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік
сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық
қасиеттерді қалыптастыру
Міндеттері сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға
бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа
тетіктерін әзірлеу;
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен
қамтамасыз ету;
педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік
қолдау мен ынталандыруды күшейту;
білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның
ішінде корпоративтік басқару принциптерін
енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік
жүйесін қалыптастыру;
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін
жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды
ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;
оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай
жасау;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын
жаңарту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын
кадрлармен қамтамасыз ету;
12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру
мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;
шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ)
проблемаларын шешу;
мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін
жетілдіру;
экономиканың индустриялық-инновациялық даму
сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының
құрылымын жаңарту;
экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың
инфрақұрылымын дамыту;
ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;
еліміздің индустриялық-инновациялық даму
жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз
ету;
жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді
қамтамасыз ету;
білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін
қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен
технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін
жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми
– педагог кадрларды даярлау;
өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай
жасау;
жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың
азаматтық белсенділігін, әлеуметтік
жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін
қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске
асыру
Іске асыру 2011 – 2020 жылдар
мерзімдері Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:
(кезеңдері) бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;
екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.
Нысаналы ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан
индикаторлар басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері
енгізілген;
педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші
санаты бар біліктілігі жоғары педагог
қызметкерлердің үлесі – 52 %;
білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық
кеңестер құрылған;
білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы
менеджмент саласында біліктілігін арттырған және
қайта даярлаудан өткен;
орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында
электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100 %-ы
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтамасыз етілген;
12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге
асырылған;
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Назарбаев
Зияткерлік мектептері жобасының шеңберіндегі
мектептердің саны – 20;
жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім
беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген
оқушылардың үлесі – 70 %;
қазақстандық жалпы білім беретін мектептер
оқушыларының халықаралық салыстырмалы
зерттеулердегі нәтижелері:
оқушылардың білім жетістіктерін бағалау
жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45
орын, 4 және 8-сынып оқушыларының математика
және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын
бағалау (TIMSS) – 10-12 орын, Оқу және мәтінді
түсіну сапасын зерделеу (PIRLS) – 10-15 орын;
мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті
білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің
үлесі – 70 %;
қатысушылардың жалпы санына шаққанда жұмыс
берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз
бағалаудан алғашқы реттен өткен ТжКБ
бітірушілерінің үлесі – 80 %;
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды
бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен
қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың
үлесі – 80 %;
ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен
өткен колледждердің үлесі – 30 %;
жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті
тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары
оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) бітірушілердің
оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі – 80 %;
жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 80
%-ы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл
ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан;
әлемнің үздік университеттері рейтингінде
көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының
саны – 2;
халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық
институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу
орындарының үлесі – 65 %;
халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық
мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу
орындарының үлесі – 30 %;
отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін
өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды
біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге
асыратын жоғары оқу орындарының үлесі – 5 %;
соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда
жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы
құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5
%;
барлық жастағы адамдар үшін білім берудің
әртүрлі нысандары мен типтері енгізіледі;
жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты
мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды
іске асыруға белсенді түрде қатысатын болады.
Қаржыландыру Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық
көздері бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1
мен көлемі млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен
қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті
бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға
бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын
болады.

 
 
2. Кіріспе
 
Білім беру Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды
басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының
жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға
бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын.
Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл
атқарады.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами
капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика
мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде
бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса
қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен
қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік
қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық
инвестициялар ретінде түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:
макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім
берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін
дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор
қайтарымы болатыны байқалады;
зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды
жақтарын растайды.
Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды
келтіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен
құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық
деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу
әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды
қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын
одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді
түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және
тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан –
білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс
күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және
әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын
іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың
жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі
– Бағдарлама) болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық
негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру
қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-
экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы
өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара
байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
 
 
3. Ағымдағы жай-күйді талдау
 
Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың
қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды
бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім
беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005
– 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған
Қазақстан балалары бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен
және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
Балапан бағдарламасы қабылданды.
Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім
алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ
халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына
қосылған елеулі үлес болды.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау
саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл –
Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы
конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының
Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын
біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда
нақты қол жеткен мақсаттар бар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1
шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар
желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы
Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді.
Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және
кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау
енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген
топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.
Тәуелсіз сыртқы бағалау элементтерін қамтитын (лицензиялау, аттестаттау,
аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ),
мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ), талапкерлерді кешенді
тестілеу және т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі құрылды.
Республиканың барлық өңірлерінде білім беру сапасын бағалаудың облыстық
жүйесін енгізу басталды.
Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.
2009 жылдың өзінде мектептерде 640 биология кабинеті, 536 – лингафондық
мультимедиалық кабинет (бұдан әрі – ЛМК), 10 физика кабинеті, 78 химия
кабинеті жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивті тақталармен толықтырылды.
Қазіргі уақытта 3450 мектептің лингафондық мультимедиалық кабинеттері бар,
2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейіп отыр.
Білім беру сапасы арттырылуда.
Инклюзивті білім дамуда.
Орта мектептің балаларын тегін тамақтандыру және жеткізу мәселелері баяу
шешілуде.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы
35425-ке артты.
Білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі
уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы аталған көрсеткіш 41-
ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде.
Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 %
(2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ның кең жолақты
интернетке шығуға мүмкіндігі бар.
Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы
зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша
5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иеленді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл
бөлінуде. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика
өңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары
құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу,
негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді
деңгейлеп оқыту енгізілді.
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектептердің желісі құрылды. Қазіргі уақытта республикада үш тілде оқытатын
33 мектеп жұмыс істейді.
6 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.
Ұлттық жоғары мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне жету жөнінде
шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне енді, Болон
Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары
оқу орны – Назарбаев Университеті құрылды.
Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының
академиялық еркіндігі кеңейтілді: таңдау бойынша компонент бакалавриатта 40
%-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан
80 %-ға дейін ұлғайтылды.
Сапалы жоғары білім алуға ынталы студенттердің саны өсіп келеді. Шет
елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. 3 мыңға жуық Болашақ
халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнің 27 елінде оқиды.
Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алудың
тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдануда.
Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім
алуда.
Дегенмен қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай
күйінде қалып отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы әлемдік
үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық
деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып
келеді.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейінгі
тәрбиемен және оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен
және балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-
100 %-ға жетіп отыр.
Туу деңгейінің есебінен балабақшалардағы орын тапшылығы елімізде орта
есеппен жыл сайын 5 – 7 %-ды құрайды. Сонымен қатар 5 өңірде туу факторы
мен көші-қон әсерінен бұл көрсеткіш 11,1 %-ды құрайды: Оңтүстік Қазақстан
облысында – 8,1 %, Қызылорда – 11,8 %, Жамбыл – 10,7 %, Алматы қаласында –
11,3 %, Астана қаласында – 13,6 %.
Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келеді, қалаларда –
120. Қалалық жерлерде әрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде 100 баланың 5-уі
ғана балабақшаға барады.
Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде
мүмкіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19,5 %-ы – мектеп
жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10
мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-
ды ғана құрайды.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен қатар жекеменшік балабақшалар да
ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет
шығыстарының үлесі соңғы жылдар ішінде ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі –ІЖӨ)
шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерінде – ІЖӨ-ден 1 %-дан 2 %-ға дейін.
Орта білім
Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны
тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.
Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік
базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту
қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада жергілікті атқарушы
органдар (бұдан әрі – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігіне (бұдан әрі – БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттік
күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 млн.-ға жуық
оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64,6 %-ы үлгілік, 35,4 %-ы –
ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда.
Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3
ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі
жөндеуді қажет етеді.
Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі
физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы
лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.
Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының
жабдықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-
нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен
балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.
Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге
қалдыруға себеп болды.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы
санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде,
ауылдық жерлерде – 68,6 %.
Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы
қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны
124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы
білім беру бағдарламаларымен қамтылған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен
әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби
құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан
ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық
база мен жүйе құрылмаған.
Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен.
Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл
сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер)
байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы),
педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан
кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға
өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен деңгейлердің бірі болып
қалып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең
ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие
беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу
және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс
ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт
секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының
қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа
елдермен (30 – 50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды
спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.
Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім
беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген
ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту
тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.
Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам
дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне
кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.
Техникалық және кәсіптік білім
ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және
экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда
маңызды рөл атқарады.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика
деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен
салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480
колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кәсіптік
лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан кейін
– 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %.
ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік
тапсырыс бойынша білім алуда.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177
мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби стандарттардың, мамандарға
қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия және
жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына
қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық
жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың
тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.
Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың
төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына
ауысуына себеп болуда.
Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Аз қаржыландыру және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір
маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай
біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.
Бұдан басқа үздіксіз білім алу және біліктілігін өмір бойы арттыру
мәселелерін шешу қажет.
Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге
қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің,
әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері
болуы тиіс.
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым
Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті
және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым
мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32
мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде
16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.
Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар
сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің
күткен нәтижелеріне жауап бермейді және экономика талаптарына сәйкес
келмейді.
Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор
жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары
білім саясаты тиімді болмайды.
Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған:
профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен
таралған.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары
жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық
мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын
жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша
оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының
ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.

Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың
қазіргі тетіктері жеткіліксіз.
Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі
білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде
дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып
табылады.
Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.
Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы
ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткіліксіздігі
өндірістегі технология трансфертін бәсеңдетеді. Жобалау институттарының,
конструкторлық бюролардың және өндірістің жоғары оқу орындарымен өзара
қарым-қатынас тетігі жоқ.
Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы
байқалады. Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 55-те.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз
пайдаланылады.
Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына
себептерге негізделген:
жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық
кедергілер;
жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;
ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің
өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін
шамадан тыс әкімшілендіру;
жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті
қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.
Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз
ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды
қолдаудың институционалды нысандары дамымаған.
Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде
қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері
бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары
азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік
жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
2010 жылдың басында 14 – 29 жас аралығындағы халықтың саны жалпы
халықтың 28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың үлесі – 49,1
%.
2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі жас өспірімдердің
саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерін қорғауды
жергілікті атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып отыр.
Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесі
жоқ.
2008-2009 жылдардағы әлеуметтік сауалдың деректері бойынша жастар
ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жалпы санының 22
%-ын құрайды.
Өкілді органдардағы жастар саясатының мәселелері бойынша шешімдерді
қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.
Әлеуметтік сауалдың нәтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік
жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу
орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды
сатып алу фактілерін көрсетеді.
Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз
етілмеген.
Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас
базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең
жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрі
қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының
көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.
Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.
Күшті жақтары:
білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық
орталықтардың болуы;
қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық стандарты
жіктеуішімен сәйкестігі;
техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;
Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;
TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;
Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.
Әлсіз жақтары:
білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;
педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ)
жүйесі толық дамымаған;
білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім
алушыларға қолжетімсіз;
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
инклюзивті білімнің нашар дамуы;
ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің
ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;
жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.
Мүмкіндіктер:
Мемлекет үшін:
қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
адами капиталдың сапасын арттыру;
балалардың өмір сапасының әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз
ету;
еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
ұлттық экономиканы тұрақтандыру;
халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді инвестициялық
қолдау;
білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;
оқушылар арасында спортты өрістету;
бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
білім беру саласының қолжетімділігін, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын
арттыру;
ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;
халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін жақсарту;
ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.
Ата-аналар үшін:
білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі;
білім беруді басқаруға қатысу;
мектепке дейінгі тәрбиенің және оқытудың еркін қолжетімділігін
қамтамасыз ету;
баланың жетістіктері туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру арқылы
ата-ана – білім беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.
Педагог үшін:
педагог кәсібінің тартымдылығы;
мансаптық өсу жүйесін қамтамасыз ету;
барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде және кәсіптік
құзыреттілікті дамыту.
Білім алушылар үшін:
баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу;
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу;
коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту.
Қауіп-қатер:
білім берудің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған
мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу;
педагог еңбегінің төмен уәждемесі, мұғалім кәсібінің беделсіздігі;
педагогтердің басым бөлігі даярлығының төмен деңгейі;
педагог кадрлардың өздігінен білім алуға және кәсіби өсуіне ұмтылысының
жеткіліксіздігі;
электрондық оқыту жүйесін қолданудағы пайдаланушылардың төмен уәждемесі;
демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайларына
байланысты мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы орны
тапшылығының өсуі;
білім сапасының нашарлауы;
білім беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы;
апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;
мүмкіндігі шектеулі балалардың және мүгедек балалардың көбеюі;
еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;
саладағы еңбекақы деңгейі мен елдегі жалақының орташа деңгейінің
арасындағы сәйкессіздіктен туындаған техникалық және кәсіптік білім
жүйесінен кадрлардың кетуі;
Қазақстанның ЖОО-да білім алуды қалайтын шетел азаматтары санының
қысқаруы;
өзінің ғылыми әлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспективаларын
іздеумен ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі;
ғылымға жастардың аз келуі;
бағдарламаны іске асыру барысында қоса орындаушылардың үйлессіздігі.
Осылайша, аталған бағдарлама білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртуды және
оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.
 
 
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске
асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
 
Басты мақсаты:
Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін
қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру
Бағдарламалық мақсаттар:
білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған
қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
педагог мамандығының беделін көтеру;
білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық
қамтудың, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,
дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде
оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін
қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті
адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу;
қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына
сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;
еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен
жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы
үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары
деңгейіне қол жеткізу;
өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік
жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді
қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды
күшейту;
білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару
принциптерін енгізу, білім беруде мемлекекеттік-жеке әріптестік жүйесін
қалыптастыру;
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде
халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;
оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз
ету;
12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге
асыру;
шағын жинақталған мектептердің проблемаларын шешу;
мектептегі инклюзивті білім жүйесін жетілдіру;
экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып,
ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру;
еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;
жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік
меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау.
Жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау;
өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;
жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін,
әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру
жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Бағдарламаны іске асырудың мақсатына, нысаналы индикаторларына,
міндеттері мен нәтижелердің көрсеткіштеріне Білім және ғылым министрлігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Байланыс және ақпарат, Индустрия және
жаңа технологиялар, Туризм және спорт, Ішкі істер, Мәдениет
министрліктерімен, салалық министрліктерімен, жергілікті атқарушы
органдармен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, Атамекен одағымен, ҮЕҰ-мен
бірлесе отырып жететін болады.
 
 
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары
және тиісті шаралар
 
Білім беруді дамыту мына бағыттарда іске асырылатын болады:
білім беруді қаржыландыру;
педагог мәртебесі;
білім беру менеджменті;
e-learning электрондық оқыту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
орта білім;
техникалық және кәсіптік білім;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
өмір бойы оқу;
тәрбие жұмысы және жастар саясаты.
Білім беру жүйесін қаржыландыру
Мақсаты:
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған
қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
Міндеті:
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған білім
беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу.
Нысаналы индикатор:
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарына жан
басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі.
Жан басына қаржыландыру
Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білімде мемлекеттік шығыстарды
басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады.
2011 жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленетін болады. Ол
бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және халықтың
әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін
болады.
Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде бейіндік мектептер үшін жүзеге
асырылады. 2013 жылы жалпы орта білімнің жан басына қаржыландыру жүйесі 4
бейіндік мектептің базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан басына
қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірленеді.
Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестік, қамқоршылық кеңестер және
т.б. тетіктерді пысықтау үшін жекеменшік немесе жоғары оқу орындары
жанындағы мектептердің қатарынан пилоттық мектептер анықталады.
Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейіндік мектепте
алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.
2015 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жан басына
қаржыландыру негізінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
ТжКБ жүйесінде 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында бір маманды даярлауға
жұмсалатын шығындардың нормаларын бекітетін жан басына қаржыландыруды
енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын болады.
2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа,
мектепке дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру ұйымдарында
іске асырылады.
Педагогтер үшін біліктілікті арттыру жан басына шаққандағы қаржыландыру
бойынша – ваучерлік-модульдік жүйе қарастырылады, оның шеңберінде төлем
ақысын тікелей педагогтің өзіне аудару жолымен педагогке біліктілікті
арттыру курсын өтудің орнын және уақытын таңдау мүмкіндігі берілетін
болады.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ)
Ақылы білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында
мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (бұдан әрі – МБЖЖ) тетігін
әзірлеу жоспарлануда, оның көмегімен Қазақстанның әрбір азаматының
болашақта баласының жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын төлеу үшін
жоспарлы түрде ақшалай қаржы жинақтауына мүмкіндік беру болжануда. МБЖЖ
азаматтардың жинақтарына мемлекеттік сыйлықақы аударуды болжайды.
МБЖЖ-ны енгізу тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдағаннан кейін
көзделуде.
Одан басқа, білім берудің тиімді жүйесін дамыту үшін оған деген шығынды
инвесторларды тарту жолымен ұлғайту қажет. Білім саласына жеке
инвестицияларды тарту елдегі мемлекеттік – жеке әріптестіктің қолданыстағы
тетігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Білім күні!
Электронды оқыту жүйесін қолға алу
Пәндер