Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Лекция № 1 Кіріспе, пәннің мақсат.міндеттері
Лекция № 2 Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері және құралдары
5. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі мазмұны
6. Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
7. Жөргөктік кезеңдегі дене дамуы және күтімі
8. Екі жастағы балалардың дене дамуындағы ерекшеліктер
9. Дене тәрбиесі үдерісінде баланы үйрету, тәрбиелеу және дамыту
10. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене дамуының формалары, мазмұны мен әдістері.
11. Дене процесінде балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыу негіздері
12. Дене процесінде балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыу негіздері
13. Мектеп жасына дейінгі балаларды негізгі қимыл.қозғалыстарға үйрету әдістемесі.
14. Мектеп жасына дейінгі балаларға жетілдіру және сапқа тұру жаттығуларын үйрету әдістемесі
15. Қимыл.қозғалыс және спорттық ойындары мен жаттығулары

Дене тәрбиесі теориясы-адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесінің кеңестік теориясы дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен – ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене жаттығуларын үйрету принциптерімен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар т.б.) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Осымен бірге мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, жастардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады. Сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол ашуға, адамның күш қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдітер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс.
Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, отанды қорғау болып табылады. Бұл мақсат дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, организмді шынықтыру, совет адамдарының творчестволық ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: коммунизм құрылысының моральдық кодексі принциптері рухында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек трбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты – олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің тарихы алғы шартары.

Лекция № 1
Лекция тақырыбы: Кіріспе, пәннің мақсат-міндеттері.
Лекция жоспары:
1.Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі
2.Педагогикалық ұғымдар
3. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
4.Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
5.Дене тәрбиесі мәселелері туралы ой пікірлер және еңбектер
Дене тәрбиесінің курсының пәні, міндеттері.
Дене тәрбиесі теориясы-адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы
заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесінің кеңестік теориясы дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің
мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен –
ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің
заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене
жаттығуларын үйрету принциптерімен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық
жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі
формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар
т.б.) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке
алуға көп көңіл бөлінеді. Осымен бірге мектеп жасына дейінгі, мектеп
жасындағы балалардың, жастардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене
тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады.
Сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол
ашуға, адамның күш қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдітер арқылы
жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс.
Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері адамның жан-
жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның
жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Біздің
елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, отанды қорғау болып табылады.
Бұл мақсат дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін
бірдей болады.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей
міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту,
организмді шынықтыру, совет адамдарының творчестволық ұзақ өмірін
қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті
қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш,
төзімділік т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық
қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: коммунизм құрылысының моральдық кодексі
принциптері рухында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек трбиесіне
ықпал ету.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты –
олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне,
дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің тарихы алғы шартары.
Халықтық және ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері
болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде дене тәрбиесімен айналысушыларда
дүниетаным қалыптасады, адамгершілік қасиеттер тәрбеленеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің халықтығы – оның мақсатының халықтың өмірі
талабына сәйкестігінде. Біздің еліміз тұрғындарының денсаулықты
нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары жалпы еңбек
өнімділігінің өсуіне, сондықтан да бүкіл халық игілігінің артуына
бағытталады.
Біздің еліміздің барлық халқы дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі
түрде айналысуға тартылады. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалады:
стадиондар, бассейндер салынады, гимнастикалық залдар жабдықталады, спорт
жабдықтары, киімдері, аяқ киімдері және т.б. шығарылады.
Ұлтына, біліміне, атқаратын қызметіне қарамастан барлық совет
азаматтарының денені жаттықтырумен және спортпен айналысу правосы бірдей.
Ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің сипатты белгісі болып табылады.
Зерттеулер негізінде бірегей мемлекеттік программалар, оқулықтар, оқу
құралдары жасалады және жетілдіріледі, физкультуралық құрал-жабдықтарға
қойылатын талаптар анықталады, әрбәр жас кезеңіне қарай және дамуының, дене
әзірлігінің нормативтік көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және семьялардың практикасына ендіріледі.
Дене тәрбиесі мәселелерін негіздеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуге
жұмылдырылатын ғылыми-педагогика кадрларын даярлау жөнінде үлкен істер
жүргізіледі.
3. Дене тәрбиесінің қызметі, негізгі ұғымдары.
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене
әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі
білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. әр үрлі
құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр
дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның
және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп,
нақтыланып келеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы курсын оқып үйренуге кірсуге
мүмкіндік болмайтын негізгі ұғымдар ғана қарастырылады, басқа ұғымдардың
анықтамасы тиісті тақырыптарды әңгімелеу кезіндеберіледі.
Дене дамуы – адам организмі формалары мен қызметінің индувидуалды өмір
барысындағы өзгеру процесі. Дененің дамуы термині организмнің дамуы
деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің
ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің
тіршіліктік сиымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене
тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін
өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші,
тұла ой күші, бастың көлемі т.б. антропометриялық және биометриялық
көрсеткіштермен анықталады.
Дене дамуы терминін кең түсінікте қолданғанда оған дене қасиеттері де
(шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік
сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді.
Дене әзірлігі – бұл қозғалыс дағдыларының, іскерліктің дене
қасиеттерінің даму деңгейі.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі
түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына
қойылатын талаптар (балабақшадағы тәрбие программасы) талдап жасалған.
Дене жетілуі – бұл дене дамуының тарихи шартты деңгейі және
денсаулықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене
дайындығының жоғары дәрежелігі.
Дене жетілуі ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіліктер -
өндіріс қажеттіліктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықласы әсерінен
өзгеріп отырады. әр тарихи дәуір үшін дене жәтілуінің өзіндік өзгеруі тән.
Құлдық пен қанаушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше
жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады.
Кәсібі, жынысы, жасы әр түрлі дамдардағы дене жетілуінің өзіндік
ерекшеліктері бар.
Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни
денсаулықтың, дене дамуының және дара әзірлігінің жоғары деңгейіне
жетілуіне бағытталған.
Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін
көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой
еңбек тәрбиелерімен байланысты.
Дене тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке
немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы. Дене машықтығы
нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшелігіне байланысты дене
жатығуларын жасаудың міндеттердің өзіндік ерекшеліктерімен, құралдары мен
методикасымен сипатталады. Жалпы дене дайындығы термині дене тәрбиесінің
әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін ағытталған
процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік және спорттық қызметке
арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары – бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде
іріктеліп алыған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ
қозғалыстық қарекеттердің күрделі түрлері. Қозғалыстық қарекет деп адамның
қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын
әрекеттің бірін айтады.
Жаттығу термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілеу үшін
де қолданылады.
Спорт – бұл денені жаттықтырудың белгілі-бір түрінен жарыс барысында
неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы әрекет.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар,
спорт залдары, бассейндер және т.б.) құрал жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім
және т.б.кіреді. рухани игілігі болып табылытындар: ғылым, өнер шығармалары
(әдебиет, скульптура, кескіндеме, графика, музыка т.б.) жатады.
Дене тәрбиесі мәдениеті дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының
ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын
қамтиды.
4. Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы.
Дене тәрбиесінің жүйесі тәрбиенің бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі болып
табылады және дене тәрбиесін жүзеге асырушы және бақылаушы ұйымдар
тұтастығының кепілі.
Патшалық Россияда қоғамның тек ақсүйектері ғана дене жаттықтырумен
айналыса алатын еді. Үстем таптардың дене тәрбиесін жүзеге асыру үшін
үкімет шетелдік жүйелерді (сокольск гимнастикасы, неміс түрнегі, швед
гимнастикасы т.б.) пайдаланады. П.Ф.Лесгафт жасаған отандық дене тәрбиесі
білімі жүйесі қолдау таппады. Бірақ патша үкіметінің еңбекші бұқараның
спортпен айналысуына кедергі болатын саясатына қарамастан спорттың ұлттық
түрлері дамиды және халықтан көрнекті, дүние жүзіне белгілі жеке орыс
спортшылары шықты: палуан И.Поддубный, коньки тебушілер Н.Струнников, және
П.Ипполитовтар, ескекші М.Свешников және т.б.
Дене тәрбиесінің біртұтас жүйесін жасау үшін халық талабына сай жағдай
жасалды. Мұның өзінде біздің елімізде және шетелде жасалған прогрестік
нәрсенің бәрі ескерілді.
Азамат соғысы және соғыс интервенциясы кезінде дене тәрбиесі
еңбекшілерді Октябрь жеңістерін қорғауға дайындауға бағытталды. Дене
тәрбиесіне басшылық ету жаппай әскери оқу (Всевобуч) органдарына жүктелді
(1918).
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында еңбекшілердің
денсаулықтарын нығайтуға, оларды еңбекке дайындауға көп көңіл бөлінді. Бұл
жылдары өз беттерімен әрекет ететін дене тәрбиесі үйірмелері, қоғамдары
ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу физкультура институттарын ашу дене тәрбиесі
жүйесін жетілдіруге көмегін тигізді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене
тәрбиесінің советтік жүйесін жасауда ғылыми қызметерлер мен методистердің
үлкен тобы – Е.Г.Леви-Гориневская, М.М.Конторович, А.И.Быкова, Н.А.Метлов,
Л.И.Михайлова және басқалар үлкен энтузиазм көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында физкультура ұйымдарының барлық қызметі
халықты Отан қорғауға жаппай әскери-дене шынықтырушылыққа дайындық
міндетіне бағындырылады.
5. Дене тәрбиесі ғылыми-әдістемелік зерттеу әдістері.
Дене тәрбиесі теориясы мен методикасы зерттейтін мәселелердің ауқымы
кең. Сондықтан зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес
ғылымдарда – социологияда, психологияда, физиологияда, антропологияда,
биохимияда т.б. пайдаланылатын әдістер де қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясында теориялық талдау және талдап қорыту,
педагогикалық зерттеу және эксперимент әдістері пайдаланылады.
Теориялық талдау және қорыту әдістері. Кез келген зерттеу әдеби
мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші
библиографиямен танысады және өзі талдап шығу тиіс әдеби түпнұсқаларды
іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша жүйелейді, содан соң әр
мәселе ішінде материалдарды әр түрге (ағымдағы, шолу жасайтын,
қорытындылық) бөледі.
Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба
жұмыстар жүргізу және оларды талдау методикасын ойластыру керек.
Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ
эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс
бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен, нақты тарихи
жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша
дамығандығын аңғаруға болады. Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай
мәселелер зерттеліп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде
баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап
ететіндігін анықтау керек.
Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке
дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әр түрлі документтерді (мысалы,
балаларға арналған дене жаттығуларын бір жылға таратып бөлу графигі, бір
апталық жұмыстың календарлық жоспары, дене тәрбиесі сабақтарының,
таңертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-
конспектілері, тәрбиешінің күнделігі, педагогикалық мәжілістердің
протоколдары, денсаулық жағдайын, дененің дамуын дене әзірлігін т.б. есепке
алу журналдары) талдау кезінде табуға болады. Осындай документтерді талдау
нәтижесінде табылған мәліметтерді жұмыс жорамалы ретінде (эксперименттік
зерттеулерден күтілетін нәтижелер) пайдаланыла алады.
Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдын
ала жасалған жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде
қойылып, татамды жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші
баладан: Дұрыс тұра білесің бе? Қалай тұру керектігін көрсетші. Ал енді
қалайша дұрыс тұруға болатынын айтшы, - деп сұрайды.
Педагогикалық талдап қорыту әдістері. Әдістердің бұл тобына
педагогикалық бақылау енеді. Күнделікті бақылаудан мұның айырмашылығы – ол
арнайы ұйымдастырылады, айқын тұжырымдалған міндеті, анық белгіленген
бақылау заты, сондай-ақ бақылау фактілерін түйіндеу жүйесі болады. Мұның
өзінде зерттеуші педагогикалық процесс барысына араласпайды. Ол фактілерді
жинау, оларды түйіндеу жүйесінің бірізділігі көрсетілетін (жазба жұмысты
жүргізудегі шартты белгілер т.б.) бақылау өткізу және өңдеу жоспарын алдын
ала жасайды. Бақылау тапқыр, нақты (мысалы, түсіндіру сипаты, дене
жаттықтыруды орындау сапасы т.б.) болуы керек.
Педагогикалық бақылаудың артықшылығы – ол объектілерді табиғи жағдайда
зерттеуге мүмкіндік береді.
Эксперименттік әдістер. Эксперименттің мәні мынада: зерттеуші арнайы
жағдай туғызып, жанама құбылыстарды жояды, қажетті материалды жинақтауда
кездейсоқтықтар мен кідірістерге жол берілмейді. Бұған қоса ол құбылыстар
арасындағы себептік байланыстарды дәлірек анықтау үшін эксперимент
шарттарын түрлендіре алады. Қажетті жағдайда, мәселен, фактілер жеткіліксіз
болған кезде, эксперимент қайталанады. Зерттелініп жатқан мәселеге тікелей
қатысы жоқ жанама факторлар әсерін жою үшін эксперимент көбіне әдеттегіден
басқаша жағдайда жүргізіледі.
Әдеттегі жағдайдың өзгеруіне қарай эксперимент табиғи және
лабораториялық болып бөлінеді.
Т а б и ғ и э к с п е р и м е н т кезінде сабақтар кәдуілгі дене
жаттықтыру сабақтары жағдайынан алшақ кету болмайтын күйде өткізіледі;
алшақтаулар болғанның өзінде олар шамалы ғана болады.
Л а б о р а т о р и я л ы қ э к с п е р и м е н т жасанды жағдай
туғызудан және жанама әсерлерді жоюдан тұрады.
Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың тәуелділіктерін
(абсолютті эксперимент) анықтау мақсатында жүргізіледі.
Кейбір эксперименттер қайсыбір көрсеткіштерді (оқыту құралдарының,
методикаларының тиімділігі және т.б.) салыстыруға бағытталады. Мұндай
эксперимент – салыстырмалы эксперимент деп аталады.
Эксперимент жүргізер алдында міндеттерді анықтау және зерттеулердің
жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру, эксперименттік сабақтардың
методикасын, фактілерді тізімге алу және оларды өңдеу методикасын талдап
жасау қажет.
Математикалық әдістер. Дене тәрбиесі теориясы жөніндегі зерттеулерде
сыннан өтушінің әр түрлі көрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады.
Зерттеушінің міндеті – алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті
анықтаудын тұрады. Осы мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты
екенін, оларды ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын
анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық өңдеу әдісі
пайдаланылады.
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әр түрлі
әдістерінің біршама өзіндік ерекшеліктері бар. Дене тәрбиесі процесін бір
зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты
зерттеудің әр түрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір
әдіс екінші әдісті толықтырып отырады.
Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға
мүмкіндік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектеседі.
Лекция № 2
Лекция тақырыбы: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі ғылыми зерттеу
әдістері
Лекция жоспары:
1. Зерттеу әдістерін ұйымдастыру
2.Зерттеу кезеңдері
3.Теориялық талдау және қорыту әдістері
4.Эксперимент жасау
3. Лекцияның мазмұны.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандандырылған
ғылыми пәндердің тұтас комплексімен байланысты. Олардың біреулері
гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы, жалпы
педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт
психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен методикасы, физкультура
тарихы және ұйымдастыру, физкультура социологиясы), физкультураның дамуы
мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам
(бала) психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын,
формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар —
биологиялық және шектес жаратылыс ғалымы пәндері (дене жаттығуларының
физиологиясы мен биохимиясы, динамикалық анатомия, биохимия, медицина,
педиатрия, дене жаттығулары гигиенасы, дәрігерлік-физкультуралық бақылау,
емдеу физкультурасы) адамның (баланың) биологиялық даму процесін, оның жас
өзгерісінің заңдылықтарын, дене жаттығуларының, сондай-ақ сыртқы ортаның
түрлі әсерлерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді, бұған қоса адамның
(баланың) қозғалыстарында көрініс беретін физикалық және биологиялық
заңдарды зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының табиғи-ғылымдық
негізін ғылыми пәндер комплексі құрайды, олардың міндеттері баланың
биологиялық даму процестерін зерттеу болып табылады.
Ғылыми білімдердің бұл комплексі орыстың ұлы физиологтары И. М.
Сеченовтың, И. П. Павловтың, В. М. Бехтеревтің және олардың ізбасарларының
ілімі негізінде құрылды.
Организм мен ортаның бірлігі туралы. Адам дүниеге келген сәттен оның
сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау
қабілеті пайда болады. И. П. Павлов осы тепе-теңдікті өмірдің негізгі заңы
ретінде қарастырды.
Индивидуалдық бейімделу түрлері өте көп. Олар табиғи өмір жағдайында
пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін.
Адам организмінің қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене
тәрбиесі процесінде ерекше мақызды болып табылады.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негілделген режиммен,
организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты
екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен (салқын сумен ысқылану, шайыну
т. б.) үйлестірілген ертеңгі гимнастикамен жүйелі айналысу, физкультура
сабақтары, ойындар, ауаның, судың температурасы төмен жағдайдағы спорттық
жаттығулар — осының бәрі организмнің сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін
арттырады, нерв жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттерінің жұмыс
қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.
Шынығу және дене жаттықтыру адам (бала) организмінің қызмет ету
мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. Осының
барысында шыныққандық және белгілі мөлшерде жаттыққандық әркімнің өзгеріп
отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады.
Адам организмінің қоршаған ортаға бейімделуінде адам миының, жоғары нерв
жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші болатын
әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн.
Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға индивидуалды бейімделуіне әр
түрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер, қалыптасқан тіршілік режимі
және айнала қоршаған өмір талаптарына саналы қарым-қатынасқа негізделген
барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін.
2. Қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулердің
маңызы.
Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен
байланысты.
Дене тәрбиесі теориясының жаратылыс ғылымдық негізі ғылыми пәндер
комплексінен (анатомия, физиология, гигиена, биомеханика, биохимия т.б.)
тұрады. И.М.Сеченовтің, И.П.Павловтың ілімі және қимыл-қозғалыс
дағдыларының қалыптасу және дене қасиеттерінің даму заңдылықтарына үңілуге,
оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы
жоғарғы нерв қызметін зерттеу бұл комплексте маңызды орын алады.
Биомеханика дене жаттығулары техникасын оқып үйретуге, оларды орындау
сапасын бағалауға, байқалған қателерді түзету методикасын белгілеуге және
қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда мейлінше жақсы нәтижелерге жетуге
көмектеседі.
Биохимия оргонизмде, атап айтқанда бұлшық еттерде дене жаттығуларын
орындау әсерімен өтетін химиялық процестерді зерттей отырып, оларды өткізу
методикасын жетілдіруге мүмкіндік тудырады.
Сөйтіп, жаратылыс ғылымдары саласындағы ең жаңа жетістіктерді дене
тәрбиесі теориясы қимыл-қозғалыстарды үйрету әдістерін, амалдарын іріктеп
алуды негіздеуге, әр түрліміндеттерді ойдағыдай шешу мақсатындағы сабақтар
өткізу методикасын талдап жасауға пайдаланылады.
Дене тәрбиесі теориясы педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді,
психологиясымен және педагогикасымен және педагогикамен, спорттың жекелеген
түрлерінің (жеңіл атлетика, шаңғы, коньки т.б.) теориясы және методикасымен
тығыз байланыста болады.
Адамның жас шамалық және индивидуалдық психологиялық ерекшеліктерін
(елес, ес, ойлау, және т.б.) оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін дұрыс іріктеп
алуға және дене жаттықтыру сабақтары процесінде жоғарғы нәтижелерге жетуге
мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі міндеттерін шешу кезінде оқыту мен тәрбиелеудің педагогика
талдап жасаған әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік
заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен
сабақтар оқу және өзіндік өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп
отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша (шаңғы, коньки және
т.б.) жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі
балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
3. Дене тәрбиесі жүйесін дамытудағы озық тәжірибелердің маңызы.
4. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қазіргі кездегі даму бағыттары.
Лекция № 3
Лекция тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
теориясының дамуы
Лекция жоспары:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және
әдістемесінің маңызы
2.Шет елдердегі дене тәрбиесі теориясының және әдістемесінің дамуы
3. Қазіргі таңда ҚР дене тәрбиесі
4.МЖДБДТ теориясы мен әдістемесінің дамуы
Лекцияның мазмұны.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен
әдістемесі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - қоғамның
болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы
ғылым.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен
мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас
кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын
арнайы зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес
тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы
заңдылықтарын танып-біледі.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін
зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай
отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғүрлым тиімді
құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың
мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.
Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, оны
айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және
одан кейінгі жылдардағы белсенді творчестволық қызметке қабілетті, дені
сау, шымыр, шыныққан, шат-шадыман, ынталы баланы қалыптастыру - жан-жақты
даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын мақызды
міндет болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби
жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық-физиологиялық
ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда
болатын ынта мен қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекі-лік-
бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің
өзіндік ерекшелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің
теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмүнын құруға
және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт
береді.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат — өмірге, еңбекке,
Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене
тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас
ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және
тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
3. Сауықтыру, білімдік және тәрбиелік міндеттерін шешудің маңызы.
Сауықтыру міндеттері.
Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және
денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.
Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай
жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің
даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде
анықталады: дұрыс және уақтылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің
қалыптасуына, табан үзеңгілігінің дамуына, байланыс-бу-ындық аппараттың
нығаюына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста (пропорция) дамуына,
сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болу; бұлшық еттердің барлық
топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі
органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін дамыту, нашар
дамыған иіп-жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке
қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан
өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары
еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыш тығын дамыту, тыныс алудың
тереңдеуіне, ауаны үнемді жүм сауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің
ауа сыиым дылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету;
ішкі органдардың (ас қорыту, тер, зәр шығару және т. б.) дұрыс қызмет
етуіне көмектесу, теріні заңымданудаи сақтау және оның дұрыс қызмет
етуіне (жылуды реттеу және қорғаныс) жәрдемдесу; қозу және тежелу
процестерінің п ң қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, активті тежеліе
тің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың сезім мүшелерінің
(көру, есту т. б.) жетілуіне себепші болу.
Білім беру міндеттері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім
беру міндеттерін шешудің де мақызы аз емес: қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру, денені түзу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене
тәрбиесі туралы білімді игеру.
Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл қозғалыс
дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін
(еңбектеу, жүру, жүгіру, шақгы тебу, велосипед теуіп ойнау т. б.) балалар
күнделікті өмірде пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта
тұрып жаттығу, жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қозғалыстар –жүру,
жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, дақтыру,
секіру) спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу)
орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балалрды спорттық элементтері
бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (тенис, бадминтон, городки,
волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.) жас мөлшеріне қарай бөлінген
топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалысдағдыларының көлемі
Балабақшадағы тәрбие программасында берілген.
Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы
күндерден бастап дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік,
тепе-теңділікті сақтау т.б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға
мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлеледейді. Мысалы, күштің,
шапшаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру
алыстығы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай
жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге
тигізу, секірген кезде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар
сақтау-балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді.
Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да
орындай, қимыл-қозғалысты тікелей іс-әрекеттің алуан түрлерін жетілдіре
алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала
отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге
тәрбиелеудің мақызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм
жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның
дұрыстығы — дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды.
Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға
сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет
сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, физкультуралық
құралдарды, бөлмені таза ұстау т.б.) үлкен маңызы бар. Балалардың
денсаулығы көбіне осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым
білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білімбалаларға неғұрлым саналы түрде
айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым
толық өз етіменпайдалануға (гигиеналық жағдайды, табиғаттың жаратылыстық
факторларын, қол еңбегін) тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс тезникасы, қимыл-
қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағлұматты, сондай-ақ жеке және
қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді.
Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын (жоғары, төмен,
алға, артқа, оңға, солға, артқа бұрылу т. б.), физкультура жабдықтарының
аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту ережелерін, киімді,
аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесіне қатысты
білімдер балалар ескен сайын кеңейе түседі.
Тәрбиелік міндеттер
Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің
мақызы үлкен. Балаларда күн саиын дене жаттық тырумен айналысуға деген
қажеттілікті әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде және үйде осы
жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым
жаттығуларды өз құрдастарымен және біршама кіші жастағы баламен бірге
өткізу қажет.
Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне,
спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек.
Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика және еңбек
тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады.
Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және
адамгершілік қасиеттерді (әділеттілік, адалдық жолдастық сезім, өзара
көмек, коллективпен жұмыс істей білу, физкультура жабдықтарын күтіп ұстау
т. б.) тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің (батылдың,
тәуекелшілдік, табандылық, ұстамдылық т. б.) көрініс беруі үшін жақсы
жағдайлар жасалады.
Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі
нерв жүйесінің және басқа барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі
үшін мейлінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте
сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне қатысты
ғана емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен (мысалы жануарлардың, құстардың,
жәндіктердің мінез-құлықтары, табиғат және қоғам өмірі құбылыстары жайлы)
алған білім де бекемдене түседі. Балалардың барлық психикалық процестері
(қабылдау, көңіл аудару, елестету, ойлану, сөйлеу, ес, қиялдау т.б.) сондай-
ақ ойлау процестері (бақылау, салыстыру, талдау, синтездеу, жинақтау т.б.)
дамиды.
Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік,
зейінділік, ептілік, тапқырлық көрсете отырып, қимыл-қозғалыс ір-
әрекеттерінде творчестволықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдары кеңілді қамтамасыз ете
отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз психикалық кеңіл
күйді тез жеңе білуді дамыту ете мақызды. Бұл жағымды эмоциялардың барлық
органдар мен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ете-тіндігімен, қимыл-
қозғалыс дағдылары қалыптасуының шап-шақдығы мен беріктігін қамтамасыз
ететіндігінен де қажет.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды.
Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының
сұлулығын, әсемдігін, мәнерлілігін, костюмдердің, физкультура жабықтарының,
айнала ңоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және
дұрыс бағалау ңабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты
мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сездердегі, ңылықтардағы
дерекілікке тезбеушілікті тәрбиелеу орынды.
Лекция №4
Лекция тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің
міндеттері және құралдары
4. Лекция жоспары:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің
міндеттері
2.Дене тәрбиесінің құралдары
3.Гигеналық факторлар
4.Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы
5.Дене жаттығуларының жіктелуі.
5. Лекцияның мазмұны.
Мектеп жасына дейнгі балалардың дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін
гигиеналық факторлар, жаратылыстың табиғи күштері, дене жаттығулары т.б.
пайдаланылады. Толыққанды дене тәрбиесіне барлық құралдарды комплексті
қолданған кезде қол жетеді, өйткені олардың әрқайсысы организмге әр түрлі
әсер етеді.
Әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың
тиімділігі негізгі және қосымша құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта
түседі. Мәселен, бала өмірінің алғашқы үш айында гигиеналық факторлардың
және жаратылыстыңтабиғи күштерінің маңызы мелінше мол, бұдан кейін дене
жаттығуларының және алуан түрлі іс-әрекеттің ролі артады.
2. Дене тәрбиесі құралдары ретінде жартылыстың табиғи күштерін қолдану.
Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының
организмге жағымды әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады.
Ауады немес суда (жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке
органдар мен организм жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі
көп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді т.б.).
Күн, ауа және су организмді шынықтыру үшін пайдаланылады, соның
нәтижесінде адам оргенизмі метеорологиялық әр түрлі өзгерістерге дер
кезінде шымырқану қабілетіне ие болады. Оның үстіне жаратылыстың табиғи
күштерін дене жаттығуларымен үйлестіру тиімділігін арттырады.
Жаратылыстың табиғи күштері дербес құрал ретінде де пайдалыныла береді.
Су денені кірден тазалауға, қан тамырларын кеңейтуге және тарылтуға, адам
денесіне механикалық әсер етуге пайдаланылады. Орман, бау практердің
құрамында ерекше заттары (фитонцидтер) бар ауасы микробтарды жоюға
көмектеседі, қанды оттегімен байытады, адамның организміне жақсы әсерін
тигізеді. Күнсәулесі тері астында Д витаминінің жиналуына себепші болады,
әр түрлі микробтарды өлтіреді және адамды аурудан (рахит т.б.) сақтайды.
Жаратылыстың табиғи күштерін пайдалану балаларда жағымды эмоциялар
туғызады.
Организмге жан-жақты әсері тиюі үшін жаратылыстың табиғи күштерін
мейлінше орынды қолдану керек.
3. Гигиеналық факторлар, олардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орны.
Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс тамақтану және ұйықтау режимі,
киім, аяқ киім, физкультуралық құрал-жабдықтар гигиенасы және т.б.) дене
тәрбиесінің өзіндік ерекше құралдары болып табылады. Олар дене тәрбиесімен
айналысушылардың организміне дене жаттығуларының тигізетін әсерін
артырады.мысалы, нәрлі және уақытылы тамақтану кезінде дене жаттығулары
сүйек және бұлшық ет жүйесінің дамуына жақсы әсерін тигізеді. Ұйқының қанық
болуы тынығуды қамтамасыз етеді, және нерв жүйесінің жұмыс қабілетін
арттырады. Бөлменің физкультура құрал-жабдықтарының, ойыншықтардың,
атрибуттардың, сондай-ақ балалардың киімінің, аяқ киімінің таза болуы
аурулардың алдын алуға қызмет етеді.
Жеке және қоғамдық гигиена талаптарын-орындау-балаларда жағымды
эмоциялар тудырады және жаттығуларын игеруге неғұрлым жақсы жағдай жасайды.
Гигиеналық факторлардың дербес маңызы да бар. Олар барлық органдар мен
жүйелердің қалыпты жұмыс істеуне жәрдемдеседі. Мысалы, жүйелі түрде және
сапалы тамақтану ас қорыту қызметіне жақсы әсер етеді және басқа органдарға
қоректік заттарды дер кезінде жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді, баланың
қалыпты өсуіне және дамуына септігін тигізеді. Жарықтың дұрыс болуы көз
ауруларының (нашар көру т.б.) пайда болуын болдырмайды, балалардың
кеңістікте бағдар табуына неғұрлым қолайлы жағдай туғызады. Күн тәртібін
қатаң сақтау ұйымшылдыққа, тәртіпке т.с.с. үйретеді.
4. Дене жаттығулары-дене тәрбиесінің негізгі құралдары.
Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене
жатығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайы
өзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің
міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуға
себепші болады.
Дене жаттығуларымен бірге әр түрлі би, массаж қолданылады.
Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің барлық жүйесіне әсер
тигізеді, дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық т.б.) дамытады, сонай-ақ
қимыл-қозғалыстардың жарасымдылығын, еркіндігін, мәнерлілігін
қалыптастырады.
Массаж (сипау, сылау, уқалау, шапалақтау т.б.) теріге, бұлшық етке,
сүйек жүйесіне әсер етеді, қан айналымын, зат алмасуын т.б. жақсартады.
Іс-әрекеттің алуан түрлері (еңбек, сурет салу, мүсін жасау, музыкалық
аспаптарда ойнау т.б.) де қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың компоненттері
болып табылатындықтан адам организміне әсерін тигізеді. Бірақ еңбек
процесінде жасалатын қозғалыстар, ең алдымен, нақты нәтижелерге жетуге
бағытталады да, ал организмге әсер ету қосарлы фактор болып табылады.
Сондықтан алуан түрлі іс-әрекетерді ұйымдастыру кезінде денені дұрыс
қалыпта ұстауды, денеге түсіретін ауыртпалықты балалардың жас шамасын, жеке
басының ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын, денелерінің
жіктелуін және дене әзірлігін ескере отырып, мөлшерлеуді қатаң қадағалаудың
маңызы зор.
Лекция № 5
Лекция тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі
мазмұны
6. Лекция жоспары:
7. 1.Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары
8. 2.1969 жылғы бағдарлама ерекшелігі
9. 3.1996 жылы Балбөбек бағдарламасы
10. 4.Білім туралы заң
11. 5.Балапан бағдарламасы
12. Лекцияның мазмұны.
Дене жаттығулары мазмұны жағынан да, формасы жағынан да бір-бірінен
ерекшеленеді. Мазмұнға дене жаттығулары енетін әрекеттерді, сондай-ақ
жаттығулардың барысында организмге тарайтын және оның дене тәрбиесімен
айналысушыларға тигізетін әсерін анықтайтын процестерді (психикалық,
физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық т.б.) жатқызады. Дене
жаттығуларын орындау (еркін қозғалыстарды) қимыл-козғалыстардың қандай
болатындығын шамалаумен, көңіл аударумен, ойланумен, ерік күштерімен,
эмоциямен және тағы басқа да психикалық процестермен байланысты.
Әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде организмнің жүрек-
қантамырлары, тыныс алу және басқа жүйелерінің жұмысында әр түрлі
өзгерістер болады. Осындай ілгерілеушіліктер организмінің қызмет ету
мүмкіндіктерін тиісті дәрежеде өзгертеді және массаның ұлғаюы мен органдар
құрылымының дамуына алып келеді.
Дене жаттығулары мазмұнын педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарай
отырып, олардың білім беру, тәрбиелеу міндеттерін іске асыру үшін маңызын
анықтау (қимыл-қозғалыстық іскерліктер мен дағдылар, дене қасиеттерін
дамыту т. б.) маңызды.
Дене жаттығуларының формасы оның ішкі және сыртқы құрылымын көрсетеді.
Ішкі құрылым белгілі бір жаттығуды орындап жатқан кезде организмдегі әр
түрлі процестердің өзара байланысымен сипатталады. Сыртқы құрылым — форма
көрінісі, ол қозғалыстың кеңістіктік, мезгілдік, динамикалық
параметрлерінің арақатынасымен сипатталады.
Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы өзара байланысты. Мазмұн формаға
қатысты жетекші роль атқарады, мысалы, жүгіру шапшаңдығы артқанда адамның
ұзындығы және дененің еңкею бұрышы өзгереді. Бірақ форма да мазмұнға әсер
етеді: мәселен, алысқа лақтыруда құлаш сермеуді дұрыс орындау дене
қасиеттерінің көрініс беруіне әсерін тигізеді (лақтыру қашықтығы артады,
мұның өзі бұлшық ет күшінің өзгергендігін дәлелдейді).
Дене жаттығулары техникасы — бұл қозғалыстарды орындау тәсілдері,
олардың көмегімен қимыл-қозғалыстық міндеттер шешіледі.
Дене жаттығулары техникасы өзгеріп, жетіліп отырады. Жоғары нәтижелерге
жетуге ұмтылу, дене тәрбиесімен айналысушылардың дене әзірлігін жақсарту,
қозғалыстың биохимиялық заңдылықтарын ашу, неғұрлым жетілдірілген спорт
жабдықтарын қолдану техниканы жетілдіруге, жаттығулардың жаңа формаларын
жасауға әкеледі.
Қозғалыс траекториясы. Қозғалыстағы дене мүшесінің (немесе заттың) жолын
траектория дейді. Траекторияның формасы, бағыты және 0озғалу амплитудасы
болады.
Формасы жөнінен траектория түзу сызықты және қисық сызықты болады. Түзу
сызықты қозғалыстар дененің белгілі бір мүшесіне қысқа жолда (қылыш шаншу)
мейлінше жоғары жылдамдық өрбіту қажет болғанда қолданылады. Қисық сызықты
қозғалыстар жиірек қолданылады, өйткені қозғалыс инерциясын жеңу үшін
қосымша бұлшық ет күші жұмсалынбайды (теннис добын соққан кездегі
ракетканың ілмек тәріздес қозғалысы).
Траектория формасының күнделілігі дененің қозғалыстағы массасына тәуелді
болады: ол үлкен болған сайын форма қарапайымданады. Мысалы, қолдың
қозғалысы аяққа қарағанда сан алуан.
Қ о з ғ а л ы с б а ғ ы т ы. Дене жаттығуларының жеке бұлшық еттердің
дамуына және қимыл-қозғалыс міндеттерінің ойдағыдай орындалуына тигізетін
әсерінің тиімділігі қозғалыстағы денеге, оның мүшелеріне немесе затқа
берілетін бағытқа тәуелді.
2. Қозғалысқа сипаттама.
Дене жаттығулары адам алдағы тұрған еңбек әрекеттеріне (аң аулау,
еңбектің әр түрлі құралдарын жасау т. б.) алдын ала дене әзірлігі қажет
екендігін ұғынған кезеңде пайда болды. Тәжірибе адамға аң аулауға денені
алдын ала әзірлеу мен оның нәтижелерінің арасындағы байланысты анықтауға
және жиналған қимыл-қозғалыстың тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын
бағалауға мүмкіндік жасады. Мәселен, адам аң аулауға шығудан көп бұрын
алдағы атқарылатын әрекетке машықтанды: аңның бейнесін (сурет, тұлып т. б.)
жасап соған дәл тигізуге талпынды. Осындай әрекеттерді көп рет қайталау
процесінде адамда нысанаға дәл тигізе білушілік қалыптасты көзбен шамалау,
күш және басқа дене қасиеттері дамыды. Сөйтіп дене жаттығулары алғашында
еңбекте қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды.
Кейін дене жаттығуларының дамуына әскери істер, ғылым мен өнер елеулі
әсерін тигізді.
Қоғамның және дене тәрбиесінің өзінің дамуымен бірге еңбек әрекеттері
формалары мен дене жаттығулары формалары арасындағы ұқсастықтар жойылып
кетті. Бұл қимыл-қозғалыстық күрделі әрекеттен жеке жаттығуларды бөліп
алуға (әр түрлі қашықтыққа жүгіру, алысқа лақтыру, ұзындыққа секіру т. б.)
және оларды дене тәрбиесі мақсатында қолдануға мүмкіндік берді.
Дене тәрбиесі теориясы мен практикасының дамуы процесінде аналитикалық
жаттығулар деп аталатын жаттығулар (бұлшық еттердің жеке топтары үшін
затсыз және затпен, зат үстінде, гимнастикалық снарядтар т. б. үстінде
жалпылай жетілдіру жаттығулары), сондай-ақ ойындар (волейбол, баскетбол,
футбол, хоккей т. б.) арнайы жасалды.
Қазіргі кезде сан алуан дене жаттығулары бар және олардың дамуы
жалғаса бермек.
3. Жаттығу түрлері: гимнастика, қозғалыс, ойындар, спорттық жаттығулары,
туризм.
Жіктеу дене жаттығуларын белгілі бір белгілерге сәйкес топ және шағын
топ бойынша бөлуді білдірді. Әр түрлі дене жаттығуларының көптеген жалпы
белгілері болады. Жаттығуларды топтарға бөлетін басты белгіні табудың
маңызы зор. Бұл белгі педагогикалық жағынан алғанда елеулі болуы тиіс. Әр
түрлі белгілер бойынша құрылған жіктеулер көптеген дене жаттығулары ішінен
бағдар табуға және оларды алға қойылған міндеттерге сәйкес іріктеп алуға
көмектеседі.
Едәуір жалпы жіктеулердің бірінің негізіне дене тәрбиесі құралдары мен
оларды қолдану әдістерінің тарихи қалыптасқан жүйелері алынған: гимнастика,
ойындар, спорт және туризм. Бұл топтардың әрқайсысының өзіндік мәні бар
және бұдан да майда жіктелген шағын топтарға бөлінеді.
Гимнастика дене тәрбиесінің советтік жүйесінде айтарлықтай
орын алады. Гимнастиканың өзіндік ерекшелігі мынада: дененің әр түрлі
бөліктеріне, жеке буындарға, бұлшық ет топтарына тіпті олардың әрекеттері
мен жағдайының әр жағына арнайы сайлап әсер ететіндігі (бұлшық еттерін
босаңсыту, созу т. б.), жүк салмағын дәл мөлшерде түсіру, жаттығуларды
музыканың сүйемелімен өткізу. Гимнастиканың осы ерекшеліктері оны
сабақтарда дене әзірлігі және денсаулық жағдайы әр түрлі барлық жас
шамасындағы адамдарға пайдалануға мүмкіндік береді.
Қозғалыс ойындары дене жаттығуларының басқаларынан айналысушылардың
әрекетін ұйымдастыру және оған басшылық ету ерекшеліктерімен
айрықшаланады. Балалардың ойындағы әрекеті кенет өзгеретін ситуациялық
жағдайларда мақсатқа жетуді алдын ала қарастыратын образды сюжет немесе
ойындық тапсырмалар негізінде ұйымдастырылады.
Ойын әрекеті комплексті сипатта болады және әр түрлі қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің үйлесуінен тұрады (жүгіру, секіру т.б.) Ойында қимыл-
қозғалыстық дағдылар нығаяды, денелік, сондай-ақ моральдық-еріктік
қасиеттер дамиды.
Спорт аса жоғары нәтижелерге жетуге, жарыстарға қатысуға бағытталған
жүйелі түрде айналысуды қарастырады. Спорт адамның дене және рухани
күштеріне деген жоғары талаптар қояды, сондықтан оған жас шамалық дамудың
белгілі кезеңіне жеткенде ғана және тиісті әзірлігі болған жағдайда қол
жетеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі спорттық жаттығуларды ғана
(шаңғы, коньки, шана, велосипед, жүзу т. б.) пайдаланады. Осындай әлдеқайда
жеңіл спорттық жаттығулар техникасының негізін қалыптастыра отырып, балалар
дене тәрбиесінің олардың жас ерекшеліктері ескерілетін басты міндеттерін
шешеді.
Туризм қимыл-қозғалыстық дағдыларды нығайтуға және дене қасиеттерін
табиғи жағдайларда дамытуға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі
балаларға жүрудің түрлі әдістері пайдаланылатын серуендер ұйымдастырылады
(жаяу, шаңғымен, велосипедпен т. б.). Жолда, аялдаған жерлерде әр түрлі
дене жаттығулары қолданылуы мүмкін (мысалы, ағаш түбіртегінен секіру,
арықтан секіру, жіппен секіру, доппен жаттығу қозғалыс ойындары т. б.).
Келтірілген жіктеу тіптен жалпылама, сондықтан қазіргі кезде
жаттығуларды дене қасиеттерін дамыту үшін мәні басым белгілер бойынша
(ептілік, шапшаңдық, икемділік, күш, төзімділік т. б.) жіктеу қолданылып
жүр. Жаттығулар бір мерзімде дене қасиеттерінің барлығының дамуына әсер-
әрекетін тигізеді, бірақ көп дәрежеде белгілі біреуін дамытады. Мысалы,
қысқа қашықтыққа жүгіру көбіне жылдамдықты, алысқа жүгіру — төзімділікті
дамытады.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жаттығуларын іріктеуге қойылатын
талаптар.
Жаттығулар құрал-жабдықтардың және заттардың пайдаланылуы бойынша
бөлінуі мүмкін (гимнастикалық орындықта, бөренеде, қабырғаға қойылған
сатыда атқарылатын жаттығулар, таяқтар, доптармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz