Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
І. Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық негіздері.
1.1. Жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында.
1.2. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
1.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары.
ІІ. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру.
2.1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану.
2.2. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру нәтижелері.
2.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін пайдаланудың келешегі.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педагогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу мәселелері тұр.
Бұл мақсаттар мен міндеттер «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжымдамасында нақты көрсетілген []. Білім беру мәселелерін жан-жақты қамтыған бұл тұжырымдамаға сәйкес аталған негізгі мақсаттар төмендегідей:
– қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүддесін қанағаттандыру,
– әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Ал негізгі міндеті:
– іргелі білімді жан-жақты меңгерген, бастамшыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау.
Олай болса ХХІ ғасырда, адамзат дамуының ақпараттық кезеңіне оқыту белесіне тұспа-тұс уақытта білім беру үзіліссіз және маңызды процесске айналуы тиіс. Білім берудегі басты талап – оқытудың гуманистік бағытталған, яғни адамды жеке тұлға ретінде дамытуды көздеп, оның жеке әлеуметтік және педагогтық мәдениетін көтеруге бағытталған болуы. Ал, қазіргі білім алушының негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және педагогтық біліктілікке ұмтылу ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және жұмыс істеу болып табылады [ ].
Білім берудің гуманизациялық (гуманитаризация) мағынасы ойлау мәдениетін қалыптастыру, яғни ғаламдану мен мәдениет тарихын терең түсіну негізінде студенттің шығармашылық қабілетін шыңдау, дамыту. Сонымен, жоғары оқу орындары барлық уақытта өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге қабілетті педагогтық іскерлігін көрсете алатын маман дайындауға жұмылдырады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ӘОЖ Қолжазба құқығында
Жетпісбаева Гүлшат Сүйіндікқызы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары.
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
Қожагелдиева С. – педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазақстан Республикасы
Түркістан 2012
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін
жүзеге асырудың дидактикалық шарттары.
І. Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздері.
1.1. Жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында.
1.2. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
1.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары.
ІІ. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру.
2.1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім сапасын арттыру үшін
оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану.
2.2. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру
нәтижелері.
2.3. Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін пайдаланудың
келешегі.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.
оқытудың педагогикалық
ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан
келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педагогикалық
қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу
мәселелері тұр.
Бұл мақсаттар мен міндеттер Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжымдамасында нақты көрсетілген []. Білім беру
мәселелерін жан-жақты қамтыған бұл тұжырымдамаға сәйкес аталған негізгі
мақсаттар төмендегідей:
– қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға
деген мүддесін қанағаттандыру,
– әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға
кеңінен мүмкіндік беру.
Ал негізгі міндеті:
– іргелі білімді жан-жақты меңгерген, бастамшыл, еңбек рыногы мен
технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс
істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау.
Олай болса ХХІ ғасырда, адамзат дамуының ақпараттық кезеңіне оқыту
белесіне тұспа-тұс уақытта білім беру үзіліссіз және маңызды процесске
айналуы тиіс. Білім берудегі басты талап – оқытудың гуманистік бағытталған,
яғни адамды жеке тұлға ретінде дамытуды көздеп, оның жеке әлеуметтік және
педагогтық мәдениетін көтеруге бағытталған болуы. Ал, қазіргі білім
алушының негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу
ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және педагогтық
біліктілікке ұмтылу ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және жұмыс істеу болып
табылады [ ].
Білім берудің гуманизациялық (гуманитаризация) мағынасы ойлау
мәдениетін қалыптастыру, яғни ғаламдану мен мәдениет тарихын терең түсіну
негізінде студенттің шығармашылық қабілетін шыңдау, дамыту. Сонымен, жоғары
оқу орындары барлық уақытта өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге қабілетті
педагогтық іскерлігін көрсете алатын маман дайындауға жұмылдырады.
Жоғары оқу орындарында оқыту мен тәрбиелеудің (мектепке қарағанда)
төмендегідей негізгі принциптері сақталады:
– жоғары оқу орнын тәмамдаған соң практикалық жұмысына қажет болатын
біліктілікті қалыптастыру;
– студенттердің жас аралық әлеуметтік психологиялық және дербес
ерекшеліктерін ескеру;
– оқыту және тәрбиелеудің кәсіби бағытталуы;
– оқытуды ғылыми, қоғамдық және өндірістік іс-әрекеттермен үйлестіру.
Қоғамның дамуымен қатар оның ақпараттық мәдениеттілік деңгейінің өсуі
талап етіледі, себебі қоғам мүшесінің іс-әрекетіне және өмірге ақпаратты
өңдеудегі техникалық және программалық жабдықтар, инновациялық
технологиялар, оқытудың белсенді әдістері кеңінен енгізілуде. Сондықтан,
болашақ мамандарды дайындау жүйесіне көбірек көңіл бөлінуде. Соның ішінде
қоғамды ақпараттандыру үрдісінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
дайындау негізгі орынды иеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
идеялары Ершов А.П., Антипов И.Н., Монахов В.М., Лапчик И.П. т.б.
жұмыстарында негізделген болатын.
Осындай талаптарды орындай алатын қоғам мүшесін дайындау өзекті іс
болып отыр. Сондықтан білім беру салаларында, соның ішінде жоғары оқу
орындарында оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері зерттеліп келеді. Және де
әлемдік білім деңгейіне көтерілу мақсатында мамандарды көбірек дайындау
мәселесіне орай шаралар жасалуда. Оның үстіне соңғы уақытта жоғары оқу
орындарының саны да, түрлері де көбейіп отыр. Мұндай жағдайда сапалық
өзгерістерді олардың құрылымдық структурасына емес, педагогикалық
технологиясына енгізуі маңызды болып табылады. Демек, оқу тәрбиелік
үрдісінің мазмұнын, формасын, әдістерін және педагогтармен студенттер
психологиясын жаңаша қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқытушысы ғылыми ақпаратты
жеткізуші ғана емес сонымен қатар студенттердің танымдық әрекетін
ұйымдастырушысы болуы тиіс. Болашақ маман ретінде талап етілетін қажетті
білім мөлшерінің өсуіне қарамастан, жоғары оқу орынында бакалавр мамандарды
дайындау белең алғандықтан, бұрынғы университеттердегі мамандар
дайындаумен салыстырғанда, оқыту мерзімі азайғаны белгілі. Сондықтан оқу
үрдісінің қарқынын күшейту және сапасын мейлінше арттыру шарт. Олай болса,
болашақ маман өз біліктілігін әрдайым жаңартып, толықтырып, өз білімділігі
мен біліктілік қабілетін көтеріп отыруға бейімделуі қажет болады. Яғни
студенттік жылдары студент өзін-өзі дамыту әдістемесін меңгеріп, жаңаша
ойлау және кәсіби мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін таба білетін дәрежеге
жетуі тиіс.
Еліміздегі жалпы білім беру жүйесі саласында соңғы жылдары іске асырып
жатқан бірқатар маңызды реформалар, оның ішінде әсіресе жоғары оқу
орындарында білім берудің кредиттік технологиясы жүйесіне көшу бүгінгі
таңда еліміздің жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан
дәстүрлі әдістерден біртіндеп бас тартуға, оқытудың академиялық және
ұйымдастыру құрылымдарын өзгертуге, әдістерімен технологиясын жаңартуға,
педагогикалық үрдістерді жетілдіруге, оқытушылары құрамын сапалық жағынан
жақсартуға бағытталған қыруар жұмыс атқару міндеттерін алға қойып отыр.
Республикамыздағы жалпы білім деңгейінің жоғары сапалы болуы және оны
алдынғы қатарлы дамыған елдердегі берілетін білім деңгейлерімен
бәсекелестің жоғары сатысына дейін көтеру мәселелері Президентіміз
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2004, 2005 және 2007, 2008 жылдардағы
Жолдауларында лайықты орын алғаны баршамызға мәлім. Сондықтан да бүгінгі
күнгі еліміздегі білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ол қазіргі заманғы
талаптарға және қабылданған әлемдік стандарттаға сай келетін ұлттық білім
жүйесін жасау және қалыптастыру мәселелері.
Қазіргі қойылатын талапқа сай кредиттік технология берілетін білім
деңгейінің кеңейтілуінің және болашақ мұғалімдердің білім дәрежесінің
артуын талап етіп отыр.Жалпыға бірдей қажеттілігі туған кезде ең негізгі
мәселе оқытудың мазмұны мен әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың түрлерін
жетілдіру болып табылады.
Қазіргі кезде болашақ мұғалімдерге тек қана ғылыми білімдер жүйесін
беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы іскерлік және
дағдымен қаруландыру болып табылады. Олай болса, оқыту процесін жетілдіру
жолдарын іздестіруде тек қана жаңа білімдер беру әдістерін жетілдіру ғана
емес, сонымен қатар студенттердің іскерлік пен қабілеттілігін
калыптастырудың әдістемесін жетілдіру ісінде ескеру қажет.
Қазіргі заманға сай талаптар бойынша студент білімді өз бетімен
меңгеруді, практикалық еңбек кезінде бақылау, өзінің бақылауларын тәжірибе
жүзінде тексеру, еңбек қаруы ретінде кітапты пайдалану, ғылым жаңалықтарын
күнделікті тұрмысқа пайдалануды іске асыруы тиіс.
Оқытылатын сабақ түрі заман талабына сай өзгеріп, жаңарып отырса білім
беру сапасы артатыны белгілі. Сондықтан, жаңа педагогикалық
технологияларды енгізу, оқыту үрдістерінің тиімділігін арттырып қана
қоймайды, студенттің мемлекеттік стандарт аясында ғана білім алуымен
шектелмей, білімін әрі қарай өз қалауымен дамыту мүмкіндігін туғызады.
Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағаланудың жүйелі
әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді
әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері көбеюде.
ЮНЕСКО-ның берген анықтамасына сәйкес, педагогикалық технология
дегеніміз бүкіл оқыту үрдісін және бір-біріне өзара әсерін, білім берудің
формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың
жүйелі әдісі.
Жаңа педагогикалық технологиялар ішінен тиімді деген ұйғарымын жасап
қажеттісін таңдап алу әр оқытушыдан үлкен жауапкершілік пен іскерлікті
талап етеді. Оқыту технологиясы оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал,
дидактикалық талап секілді педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені
ретінде пайдаланады. Қазірде зерттеліп, қолданылып жүрген жаңа
педагогикалық технологияларға білім беруді жетілдіру технологиясы, тірек
белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып оза оқыту
технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге
негізделген саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және
жобалар арқылы оқыту технологиясы, сонымен қатар жаңа ақпараттық
технологияларды пайдаланып оқыту технологиясы кіреді.
2. .
даярлау жолдары
Студенттер болашақта алған білімдері мен дағдыларын оқыту жүйесінде,
практикалық есептерді шешуде қолдана алатындай дәрежеге жетуі үшін оқытудың
ғылыми және әдістемелік жолдарын ұйымдастырылуымен қатар, бірге ұштастыра
білуі қажет.
Іргелі пәндерді оқыту барысында кездесетін кейбір жетіспейтін жәйттар
бар. Мысалы, оқытудың қолданбалы және кәсіби-педагогикалық бағытталуы
толық қамтылмайды, қосымша толықтыруларды қажет етеді. Оған қоса пән аралық
байланыс тиімді қолданылмайды, студенттердің жұмыстары ғылыми әдістемелік
негізде ұйымдастырылу деңгейі төмен, әлі де керекті дәрежеде дамымаған [].
Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында бағдарламаға сәйкес материалдарды
сапалы түрде жеткізуге көп көңіл бөлінеді де, кәсіби бағдар берілуі,
мотивация және т.б. дидактикалық мәселелер жүзеге асырылмай қалады.
Сондықтан мұндай кемшіліктерді жоюдың бірден-бір жолы дәріс, практика,
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру, бақылауларды өткізу барысын
ұйымдастыруға арналған әдістемелік жүйесін құру, олардың әрқайсысының
функцияларын айқындау, оларға нақты бір талаптар қою болып табылады.
Білім беру саласында шешілуі тиіс мәселелердің бірі өмір талабына
сәйкес оқыту әдістерін анықтау болып отыр. Себебі болашақ мамандарды
дайындауда қойылатын талаптардың бірі – маманның білімі нарыққа сай
сұранысты қанағаттандыруы, яғни нақты бір мәселені шешу барысында шынайы
нысандар моделін қолдану қажет болып отыр. Осы тұрғыдан оқытудың белсенді
әдістерін қолдану арқылы оқыту әдісі маңызды саналып келеді.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,
білімі жоғары, қабілетті, заман талабына сай жаңа әдіс-тәсіл, жүйелерді
меңгерген сауатты мамандарды дайындауға бағытталуы керек. Яғни,
студенттердің дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, оны ізгілікті
адамгершілікке даярлау басты нысанаға айналу қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту туралы мемлекеттік
бағдарламада білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге
бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар
аударылған. Қазіргі білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді
шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан
алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешуді ұсыну заңды
құбылысқа айналып отыр.
Адамның іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігінің ең жоғарғы сатысы
– шығармашылық. Сондықтан оқу-тәрбие процесінде студенттердің шығармашылық
қабілетін дамытуға айрықша көңіл бөлінуі тиіс.
Педагогикалық қызметке даярлық педагогикалық жоғары оқу орындары мен
кейбір жеке жүйеленген жоғары оқу орындарында ұзақ уақыттарда мамандарды
дайындау жүйесін қалыптастыру, жаңа жетілдіру жолдарын жасау болып
табылады.

әдістерін жүзеге асыруда болашақ педагогтарды даярлауды қалыптастыру, білім
беру жүйесіне қажет қатысы бар мектеп біліміне компьютерлендіруді ендіру,
педагогикалық қызмет шеберлігін бастаудың алғашқы тәжірибесіне, жаңа
технология мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу
жұмыстары тәжірибесін жасауды білдіреді. Онда болашақ мұғалімге арнайы және
адал білімділігімен жұмыс істеу көрсетіледі. Инновациялық технологияны
пайдаланудағы студенттер даярлығының қалыптасуы туралы негізгі ережесі мен
бағыттары біздің бірнеше ғылыми мақалаларымыз бен басылымдарда көрсетілген.
Инновациялық технологияларды пайдалану жағдайындағы жұмыстардың
қажеттілігін қарастыра отырып, компьютерді білім беру саласында пайдалануды
оқу құралы ретінде қолдануға бағытталған қосымша оқу құралы ретінде ұсынуға
болады. Біз жүргізген экспериментальды зерттеулерден, сәйкес мамандықты
таңдап педагог болғысы келетін жоғары оқу орны студенттерінің барлығы
берілген нақты жағдайларда және педагогикалық қызметке бағытталған бірдей
дәрежеде болуы мүмкін емес.
Педагогтың жаңа инновациялық технологияны пайдалануға дайындығы
жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:
а) психологиялық дайындық, яғни педагогикалық қызметтегі жаңа
инновациялық технологияны пайдалануға бағытталған әр түрлі дәреженің
қалыптасуы мен осы сала бойынша өз білімін жетілдіру қажеттілігімен
компьютермен жұмыс істеу қызығушылығының бар болуы, кәсіптік ойлау
қабілетін дамыту;
б) ғылыми-теориялық дайындық, яғни педагогикалық оқу орындарында жаңа
инновациялық технологияны пайдалану жағдайында педагогтық қызмет үшін қажет
арнайы білім мен психологиялы-педагогикалық біліктілік қажеттілігін
жетілдіру;
в) практикалық дайындық, яғни жаңа инновациялық технологияны
пайдаланудың педагогикалық іскерлігі мен дағдыларының деңгейіне қойылатын
талаптардың қалыптасуы;
с) психологиялық және физикалық даярлығының белгілі бір мамандығы
бойынша педагогикалық қызметті игеру үшін сәйкес алғы шарттарының бар
болуы, жеке тұлғаның педагогтық мәнді сапасының қалыптасуы, инновациялық
қоғам жағдайында педагогикалық қызметтің денсаулық жағдайы мен физикалық
даму талаптарының сәйкестігі.
Жоғарыда көрсетілген педагогтық қызметтерді орындау барысындағы
даярлық түсінігінен, сонымен қатар оқытудағы жаңа инновациялық технология
мәселесін зерттеуде және студенттерді болашақ педагогтық қызметіне жаңа
инновациялық технологияны пайдаланып дайындауда, оқу-тәрбие процессінде
жаңа инновациялық технологияны пайдалану даярлығының анықтамасы
қалыптастырылды.
Берілген даярлық өзіне жаңа инновациялық технологияның жоғары
мотивациясын енгізетін, біріктірілген білім беру жүйесі ретінде анықталады.
Сонымен қатар жаңа ақпараттық технология аспектілерінің теориялық
білімдері, сәйкес эмоциональды-еріктік сапасы мен педагогикалық іскерлік
кешенінің таралуы келесі айтылғандармен көрінеді, яғни жаңа қызмет
жағдайындағы құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік,
гностикалығы.
Әртүрлі психологиялы-педагогикалық дайындық модельдерінде
студенттердің компьютерді пайдалануын оқыту құралы және мектеп оқушыларының
білімін жетілдіріп дамытушы ретінде қарастырып, келесі даярлық элементтерін
қалыптастыруымызға болады:
1. мотивациялық жаңа инновациялық технологияның мектепте дұрыс
қолданылуына деген ұмтылыс, компьютермен бірге жұмыс жүргізуді үйрету, жаңа
инновациялық технологияны пайдаланып, білімнің сапасын арттыруға қол
жеткізу жолдары және т.б.
2. танымдық жаңа инновациялық технологияны оқытудағы қолданылуын
түсіну оған баға беру, берілген қызмет түрінде білім мен іскерліктің
бірігуін қамтамасыз етуі және т.б.
3. эмоционалды-ерікті жоғары оқу орнын бітірушілердің мектептегі
компьютер жүйесінде жұмыс істеуге деген жауапкершілігі, педагогикалық
қызметтің болашақтағы жетістігіне сенуі, жаңа инновациялық технологияны
пайдаланып дайындық жұмыстарын жүргізе білуі.
Болашақ мұғалімді дайындау барысында педагог маманы үшін келесі
қағидалар мен көзарастар қалыптасады:
- оқу процесіне жаңа инновациялық технологияны пайдаланудың
мотивациялы-құндылық қатысы;
- педагогикалық қызметтегі құрастырушы компонент ретінде педагогтың
жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайындағы қызметін жоспарлай
білуі;
- жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайындағы оқушылардың
оқу-танымдық қызметін басқара білумен сипатталатын ұйымдастырушылық
компоненті;
- компьютер көмегімен оқыту кезінде оның жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, оқушылардың жекеленген, топтық, ұжымдық қызметтерін ұйымдастыруды
жандандыруы;
- жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайында оқушылармен
педагогикалық жұмысқа қатынасты орнататын қабілет – коммуникативті
компоненті;
- түрлі типтегі үйретуші программалар тапсырмаларын құрастырып,
оқушылар үшін түсініктілік дәрежесін талдау (оқушылардың программамен жұмыс
істеу қызығушылығын бағалау және басқа типтегі программаларды пайдалануды
үйрету) және оқытушы қызметінің ерекшеліктеріне байланысты программаның
ішкі типінің қиындықтарын жеңе білу жолдарын меңгеруі;
- гностикалық компонент мағынасына қарай жаңа инновациялық технология
жағдайындағы педагогикалық қызметке даярлығын бағалай білуі, сонымен қатар
компьютерлік техниканы пайдаланудағы педагогикалық қызметті талдай білуі,
өзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты басқара білуі, педагогикалық
дайындық дәрежесіне сәйкес педагогтық жағдайда өзін көрсете білуі және
оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңа инновациялық технология мәселесі
бойынша өз білімі мен іскерлігін бағалау есебінің шешімін негіздей білуі
сияқты негізгі қабілеттілігі мен білімділігі болып табылады.
Зерттеулерде студенттердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудағы
мәселелер шешілді және оның әрқайсысы өз қабілетіне сәйкес жұмыс жасап,
жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның белгілі бір болашақ педагогтық қызметін
құрайтын жаңа инновациялық технология аймағындағы білімі, іскерлігі және
дағдыларын табысты игеруіне болады.
Біз жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайындағы болашақ
педагог жұмысының нақты дайындығының бірнеше параметрлеріне (үш модельде),
яғни олардың өз білімін, іскерлігін бағалауы мен қызмет мотивтеріне талдау
жасадық. Эксперименттік зерттеулерге қатысқан студенттердің кейбір жеке
қасиеттерін ескере отырып, оқу процесінде компьютерді пайдаланудың
объективті және субъективті даярлық сипаттамасының өзара байланысы
қарастырылды.
Қарастырып отырған даярлықтың әрбір компонент көрсеткіші жаңа
инновациялық технологияны пайдаланудағы мұғалім даярлығының қалыптасу
деңгейін бағалау өлшемдері болып табылады және педагогикалық қызметте жаңа
инновациялық технологияны пайдалану даярлығының қалыптасқан бес деңгейі
ерекшеленіп берілді.
Жаңа инновациялық технологияны пайдалану даярлығының дамуын спираль
түрінде жүреді деп пікір білдіруімізге болады, яғни физика, информатиканы
оқыту элементтерінен жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты игеруге және
оны оқу-тәрбие процесі жүйесінде жүзеге асыру тәсілдерін шығармашылық
тұрғыдан меңгеру. Осы көріністен бір-бірінен сапалы айырмашылығы бар
даярлықтың 3 негізгі деңгейін ерекшелеп өтуімізге болады: даярлықтың
қарапайымдылығы, функциональды, жүйелік деңгейлері. Бір деңгейден
екіншісіне өту алдыңғысын теріске шығармайды немесе алдыңғысын “алып
тастау” диалектісімен сипатталмайды.
Сонымен қарапайым даярлық деңгейінде меңгерген теориялық білімді
диалектикалық түрде теріске шығармаймыз, ол педагогтың практикалық қызметі
процесінде мағынасы ауысады, содан басқа сапалы, жоғары деңгейлі
функциональды даярлыққа өту жандандырылады. Есептеу техникаларын пайдалану
бойынша алдыңғы деңгейдегі практикалық қызметтің білімі мен іскерлігін
жеделдетудің (сыртқы ортаға ауысуы) психологиялық механизмі жасалады.
Бұдан әрі теориялық танымға тереңдеп енген практикалық іскерлік
синтезі, педагогикалық қызметке компьютерлік техникалардың қолдану
жүйесінін теориялық негізі болып табылатын, сана-сезімін сапалы, әрі
құрылымдық жетілдіруге айналдыру мен қайта игерген ішкі қызмет тәсіледеріне
әкеледі. Сонымен қатар ойлаудың жаңа түрі – компьютерлік ойлау қалыптасады,
бұл жүйелі даярлық деңгейіндегі педагог жеке тұлғасының маңызды жаңа
бейнесі. Осы даярлық деңгейінің негізгі көрінісі деп жаңа ақпараттық
технологияны ғылыми және әдістемелік жұмыстарға, оқушыларды оқыту мен
білімін дамыту үшін еркін, өз орнымен және бірдей қолданады деп
есептеуімізге болады. Арнайы психологиялы-педагогикалық дайындығы жоқ
көптеген педагогтар мен студенттердің білімі қарапайым даярлық деңгейінен
төмен болуы мүмкін. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану бойынша нақты жағдайдағы білім мен іскерліктің қажеттілігін
ортақтастыратын қосымша екі деңгейді енгізу анықталған. Бұл деңгейлер: жаңа
ақпараттық технологиямен алдын ала танысу (жаңа ақпараттық технология
жағдайында ұсынылған жалпы ақпарат құралдарындағы, есептеу техникасына
сәйкес көріністер) және жаңа ақпараттық технология аймағында мәліметтер
алып жинау (оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны
пайдаланудағы ғылыми-танымалы әдебиеттерде қалыптасқан, есептеу техникасы
туралы түсінікке сәйкестендірілген).
Жаңа ақпараттық технологияға даярлықты қалыптастырудағы таныстық
деңгейі мен хабардарлық деңгейі топтастыру деңгейімен сипатталған. Біз өз
жұмысымызда электронды-есептеу техникаларын пайдаланудағы физика пәні
мұғалім дайындығының сипаттамасын енгізумен кейбір түсініктерді
пайдаланамыз.
Болашақ физика пәні мұғалімінің жаңа ақпараттық технологияға даярлық
деңгейіне мынадай сипаттамалар беріуге болады.
1. Таныстыру деңгейінде студент ережеге сәйкес, білім беру жүйесін
компьютерлендіру мақсатын түсінбейді, есептеу техникасы туралы жекеленген,
қарапайым үстірт ғылыми негізде емес білім алады. Студенттерде оқу
процесінде ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезіндегі іскерлік пен қабілеттіліктің
қалыптаспағандығынан ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндіктері туралы түсінігі толық
жоққа шығады.
2. Хабардарлық деңгей оқытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып,
білім беру жүйесін компьютерлендірудің жалпы мақсатымен түсіндіріліп,
сипатталады, болашақ педагогтың ЭЕМ қызметінің міндеттері мен физикалық
негіздерінің құрылымдары туралы кейбір құжаттарының түсініктемелері
беріледі, оны қолдану туралы қызықты мысалдарды білуі, жаңа ақпараттық
технологияны ендіру мен дамытудың жалпы болашағы туралы толық мағлұматтар
болуы, физика пәні мұғалімінің ақпараты бойынша белгілі бір немесе
шектелген көлемдегі білімі бар болуы қажет. Дербес компьютермен жұмыс істеу
іскерлігі мен дағдысы әрі қарай мектепте оқу процесін қамтамасыз ететін
кейбір қарапайым стандартты программаларды пайдалану жолдары түсіндіріледі.
3. Қарапайым даярлық деңгейі оқытуда жаңа ақпараттық технологияны
пайдаланудың ішкі мақсатымен және түсінуімен анықталып, “Информатика негізі
және есептеу техникасы” курсында алынған болашақ педагогтың кешендік
біліміндегі ЭЕМ құрылымы мен элементерінің, оның физикалық негізі, қызмет
міндеттері мен дамыған жетекші бағыттарының бар болуы. Студенттің
компьютерді қолдану аймағының болашағы зор екендігін, әсіресе білім беру
жүйесіндегі орнын жақсы түсіне білуі. Оның алгоритмдеу және программалау
негіздері, түрлі типтегі үйретуші компьютерлік программалар туралы
түсінігі болып, қарапайым алгоритмдер, үйретуші программалар жобасын жасай
білуі және жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің бірінде немесе арнайы
жасалған жүйелерде программа құра білуі қажет.
Жалпы-репродуктивті дайындық жүйесінде өзінің педагогтық қызметіндегі
оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануы болашақ педагогтың
қарапайым даярлығын қалыптастыруы мүмкін. Қарапайым даярлықтың маңызы ең
алдымен педагог жаңа ақпараттық технология туралы, оның оқу-тәрбие
процесінде қолдануының негізгі бағыттары туралы түсінігі болып өзін
оқытудағы ақпараттық технологиялар субъектісі ретінде жете түсінуімен
анықталады. Сонымен қатар қарапайым даярлық болашақ педагогты сабақ үстінде
немесе басқа да педагогикалық қызметтерде (қосымша сабақтар, үйірмелер,
көріністер – білім байқауы) жүргізетін оқу пәндерінің қарапайым
программалық құралдарында жұмыс дағдыларын қалыптастыруымен таныстырады.
4. Болашақ педагогтың функциональды дайындық деңгейі білім беру
жүйесін компьютерлендірудің стратегиялық және тактикалық мәселелерін
ұғынумен, оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты қолданудың
психологиялық орнатымдарын қалыптастырумен келісілген. Студент дербес
компьютермен жұмыс істеуді жақсы меңгерген, сонымен қатар ол үйретуші
программалар жобасын жасап және бір немесе бірнеше тілдерде программа құра
біледі (жоғары оқу орындарындағы информатиканың базалық курсына
байланысты), өз оқу пәні бойынша белгілі бір компьютерлік класстарды
программалық қамсыздандырумен жабдықтап, материалдық базаны толық
меңгереді, стандартты программалық қамсыздандыруларды дұрыс пайдалана
біледі. Ол оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану аймағы
туралы өз білімі мен іскерлігін тереңдетіп, кеңейтуге үнемі талпынып
отырады. Жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы функциональды даярлық
деңгейі шығармашылық қызмет элементімен жалпы-репродуктивті даярлық
жүйесінде қалыптасады.
Педагогтың функциональды даярлығы оқу-тәрбие қызметінде компьютерді
дамыған технологиялық іскерлікпен пайдаланатын, жаңа ақпараттық
технологиямен жұмыс істеудегі дағды төзімділігінен байқалып сипатталады.
Функциональды даярлық мазмұнына компьютерлерді “құралданып” қолданумен
қатар (электрондық кестелер, мәтіндік және графикалық редакторлар,
мәліметтер базасы және т.б.), түрлі типтегі үйретуші программалар жобасын
және программалай білуі мен бар үйретуші программаны өз бетімен жетілдіруді
жасай білуді үйренеді.
5. Жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың жүйелі даярлық деңгейінде
болашақ педагог оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
аймағындағы толық білім мен іскерлік жүйесін игереді, ол бір немесе бірнеше
класстардағы ЭЕМ үшін программалық құралдармен еркін жұмыс істеп, соларға
бағыттай білуіне мүмкіндік береді. Студент қоғамның ақпараттану болашағын
терең түсінеді, компьютерлік оқытудың стратегиясы мен тактикасын сауатты
түрде таратады, өз қызметі аймағында жаңа және үнемі жаңарып тұратын
программалық құрал жасай біледі, осыған ұқсас құралдары бір шығармашылық
ұжымда жұмыс жасайтын басқа да студенттердің қызметінде қолданып, нақты
көмек көрсете біледі.
Жеке шығармашылық дайындық жаңа инновациялық технология ортасындағы
жұмыстың жүйелік даярлық деңгейіне жетуімен сәйкестенеді. Жүйелі даярлық,
болашақ педагогтың сана-сезіміндегі білім беру жүйесін компьютерлендірудің
терең мағынасымен сипатталып, студенттің оқытудағы инновациялық
технологиялар ортасында үздіксіз жетілдіруіне бағытталған төзімді
психикалық поцесстер жүйесі мен олардың бірлігін көрсетеді. Оның ақпараттық
мәдениетінің, шығармашылығының, іскерлігінің қалыптасуын жаңа инновациялық
технология мәселесі бойынша әдістемелік және зерттеу жұмыстарын
жандандырады. Жүйелік даярлық студенттің барлық болашақ кәсіби қызметін
қайта құруды алдын ала анықтайды. Компьютерді еріксіз ендіру процесі оқу
процесінде компьютерлерді пайдаланудың зерттелуіне қатысты, жаңа
инновациялық технологияның арнайы және білім алу мүмкіндіктері негізіндегі
педагогикалық қызметінің бастапқы құрылымына айналады.
Педагогикалық сипаттағы жүйелі зерттеу негізінде модельдеу әдістемесі
жиі кездеседі. Ғылыми зерттеулерде модельдеу әдістемесі кеңінен танымал
және философия, психология, педагогика салаларында көп қолданылады.
Жүйелік ыңғай принциптеріне сәйкес біз өзіміздің зерттеу циклымызды
психологиялы-педагогикалық ғылымы бар талдаудан бастаймыз. Оқыту
процесіндегі жаңа инновациялық технологияны пайдаланудың жалпы көрінісінің
практикасы толық жүйе сияқты, яғни зерттелініп отырған объектінің
абстрактылы моделін құрамыз. Бірінші реттегі бұл модель, зерттелініп
отырған объект туралы мәліметтерді жинақтап, оқылатын әдебиеттерді,
бақылауларды, тәжірибелерді, болжамдарды, тапқырлықты ендіреді. Алынған
модельді анықтау үшін, модельді жоғары дәрежеге жеткізу үшін біз жекеленген
әдістер жүйесіне сүйендік. Алынған мәліметтер, сонымен қатар сипатталынатын
объектілер, толық жүйе сияқты, тағыда талдауға ұшырайды, себебі бұл кезде
модель “жинау сызбасы” ретінде қызмет атқарады. Осы талдау процесінің
нәтижесінде объект туралы білім жүйесі алынады – оның абстрактылық моделі
жасалып оны келесі түрдегі кестелер және сурет арқылы беруге болады:
Оқытуда жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайындағы
дайындық жұмысындағы педагог моделі жасалып, мақсаты анықталды, яғни оқу
процесінде жаңа инновациялық технологияны пайдаланудағы болашақ педагог
даярлығының қалыптасуы көрсетілді.
Біздің ойымызша, модельді құрастарғанда әрбір блоктармен олардың
элементтеріне көп көңіл бөлінуі керек.
1-Блок. Мотивациялық дайындық
Бұл дайындық өзіне келесі қалыптасуларды енгізеді: компьютермен жұмыс
жасауға деген қызығушылығы, оны курстық және дипломдық жұмыстарды орындауда
пайдалана білуі; оқушылардың түрлі оқу-танымдық қызметінде әр түрлі типтегі
үйретуші программаларды пайдалану қажеттілігі (қажеттілік ретінде); жаңа
инновациялық технологияны пайдалану мәселесі бойынша ғылыми және ғылыми-
әдістемелік жұмыспен айналысуға ынталануы және т.б.
2-Блок. Танымдылық даярлығы (білімділік, іскерлік, дағды)
Болашақ педагогтың мақсатты дайындығы ретінде жасалған жаңа
инновациялық технологияны пайдалану даярлығының танымдық, құраушы элементі.
3 –Блок. Эмоциональды – еріктілік дайындығы
Педагогикалық тәжірибелерден оқу құралы ретінде компьютерді
пайдалануы, зерттеу топтарының дидактикалық және әдістемелік құралдармен
қамтамасыз етілуі.
Сонымен қатар өз еліміздегі жаңа инновациялық технология жағдайындағы
ғалымдардың теориялық және тәжірибелік жұмыстарынан біз бірнеше білімділік
пен іскерлік аспектілерін ерекшеледік, яғни жаңа жағдайда педагог қызметін
жандандыруға қажет – жаңа инновациялық технология даярлығының элементі
ретінде педагогтың компьютерлік сауаттылық компонентін қарастырдық.
Негізгі компьютерлік сауаттылық компонентінің қатарына келесі
айтылғандарды жатқызуға болады:
1) жаңа инновациялық технологияны пайдаланып оқытуға қатысты, ғылыми
және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, әдістемелік мәліметтер туралы
білімділігі;
2) мамандандыру және аралас аймақтарда дербес компьютерлерді
программалық қамсыздандыру білімділігі;
3) оқу процесін басқару үшін және нақты педагогикалық мәселені шешу
үшін жаңа инновациялық технологияны пайдалану мүмкіндіктері туралы
білімділігі;
4) үйретуші программалар жобасын құрып және ЭЕМ-де орындауға қажет
программистерге тапсырмалар ұсынуы үшін барлық курстар, тақырыптар, жеке
сабақтар мазмұнын талдай білу іскерлігі;
5) әр түрлі типтегі жасалған үйретуші программаларға өзгерістер ұсына
білу іскерлігі;
6) программист дайындаған үйретуші программаның ұсынған тапсырмаға
сәйкестігін бағалау қабілеттілігі;
7) оқыту аймағында кәсіби көзқарас тұрғысынан оқу процесіндегі
программалық қамсыздандыруларды бағалау қабілеттілігі;
8) қиын емес (программист көзқарасы бойынша) үйретуші программаларды
жасай білу іскерлігі;
9) компьютерде үйретуші емес типтегі күрделі емес программаларды құру
іскерлігі (мысалы, педагогикалық зерттеулер нәтижесін өңдеу және талдау,
қандайда бір құбылысты немесе процесті математикалық модельдеу және т.б.
математикалық статистика әдісімен программалау);
10) жаңа дидактикалық жағдайларды пайдалану мақсатында алдын ала
дайындалған үйретуші программаларға қажетті өзгерістер енгізе білу
іскерлігі;
11) компьютерлік техникаларды пайдаланып оқытуда оқушылардың жеке
ерекшелігін ескеру іскерлігі;
12) “мұғалім-компьютер-оқулық-оқушы” қызметі жүйесіне үйретуші
программаларды енгізумен оқушылардың сабақты және басқа оқу қызметі
түрлеріне қысқаша жазба жасау іскерілігі;
13) жаңа инновациялық технология жағдайында сабақ жүргізу іскерлігі;
14) әр түрлі типтегі үйретуші программаларды пайдаланумен мамандандыру
пәні бойынша тақырыптар жасау іскерлігі;
15) жаңа инновациялық технология аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізу
үшін компьютерді пайдалану іскерлігі.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, білім беру саласында жаңа
инновациялықық технологияны пайдалану жағдайында педагогтың оқыту
қызметінің құрылымдық-логикалық моделін келесі 1-суреттегідей беруге
болады:
Сурет 1 – Білім беруде ЖАТ-ты пайдалану жағдайында педагогтың оқыту
қызметінің құрылымдық-логикалық моделі
АҚШ-та 30 жыл бұрын педагогикалық технология педагогикалық жаңа
бағыттың бірі ретінде туған болатын. 70-80 жылдары оны бүкіл дамыған елдер,
оның ішінде Ресей де мойындады. Бұл бағытқа елеулі еңбегін сіңірген шет ел
ғалымдары – Дж.Брунер, Д.Карнеги, Т.Сакамото және кеңес одағының ғалымдары
– В.П.Беспалько [57], Н.Ф.Талызина [61] және т.б. Педагогикалық технология
пәніне жүйелік бағыт бойынша оқу жүйесі мен кәсіби дайындықты қалыптастыру
болып табылады. Технологияның ерекшелігі алға қойған мақсатқа жетуге
кепілдік беретін оқу процесінің қалыптасуы. Студенттерді педагогикалық іс-
әрекетке дайындауда педагогикалық технология – жазылуы – болашақ педагогтың
жеке тұлғасын қалыптастыру процесі, жоғары оқу орны оқытушыларының
шеберлігіне қатыссыз педагогикалық жетістіктерге кепілдік береді.
Педагогикалық технология шет елдердегі педагогикалық бағыттар сияқты
білім беру процесінің тиімділігін көтеру мақсатында оқытуда оқып
үйренушілердің жоспарланған нәтижелерге, жетістіктерге жететіндігіне
сенімділік білдіреді. Басқаша айтқанда қазіргі заман педагогикасында
“оқытуды өндірістік-технологиялық процесске айналдыратын дидактикалық
құралдарға іздеу салынуда”.
Отандық педагогикалық әдебиеттерде “педагогикалық технология” деген
түсінік кең қолданылады (В.П.Беспальконың жұмыстарынан басқа). Шет ел
педагогикасында бұл түсінік оқу аймағымен шектеліп қалған. Бұл түсінікпен
қатар зерттеу, білім беру процесін талдайтын факторлар жолымен тиімді
тәсілдерін көрсету мақсатында, білімінде құнды материалдарды қолдану мен
құрастыру жолдарында қолданатын әдістерді бағалау арқылы көтереді.
Теориялық деңгейде оқыту әдісін сипаттау жеткілікті болса,
технологиялар деңгейінде оның барлық компоненттерін ашу қажет.
Педагогикалық технологияны практикалық оқу процесінде алдын ала
жоспарлаған жүйелі және тізбектей қамтуды қарастырамыз. Оқу процесінің кез
келген сипаттауы кейбір педагогикалық жүйенің сипатталуы мен
көрсетілетіндіктен, педагогикалық технология – бұл практикада қалыптасатын
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы болады.
Көптеген авторлар қатары “педагогикалық іс-әрекет технологиясы”
түсінігін келесі айтылғандармен сипаттайды: педагогикалық іс-әрекеті
ұйымдастыру тәсілдерінің ғылыми негіздерінің жиынтығы, олар қойылған
мәселені шешуде тиімді нәтиже алуға бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекет технологияларының белгісі болып төменде
айтылғандар табылады:
а) педагогикалық қызмет пен мақсатты, құрастырушы, ұйымдастырушы және
орындаушылық қызметпен байланыстырады;
б) педагогтың жеке ерекшеліктеріне байланысты көп нұсқаларының жоғары
деңгейлері, жеке оқып үйренуші мен толық ұжым ерекшеліктерінің өзара
әсерлесу жағдайлары.
Оқыту іс-әрекеті технологиясы педагогикалық процесс барысында
қалыптасады. Бірақ педагогикалық процесстің өзі өз бетінше “педагогикалық
жүйе” түсінігі құрамындағы элемент болып табылады.
Педагогикалық жүйе келесі өзара байланысты элементтерден тұрады:
1. студенттерден;
2. жаңа инновациялық технология жағдайындағы педагогикалық іс-әрекеттегі
дайындық мақсатынан;
3. оқыту мазмұнынан;
4. оқу процессінен;
5. оқытудың ұйымдастыру түрлерінен;
6. педагогтардан (немесе оқытудың техникалық құралдарынан).
Бұл элементтердің барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты.
Кез келген педагогикалық жүйеде екі ғылыми теория қарастырылады, яғни
мәселелер және оларды шешу технологиясы.
Дидактикалық мәселе құрылымында іс-әрекет мазмұны мен шартты келісу
жетістіктерінің мақсаттары көрсетілген. Мақсат студенттердің білімі мен
біліктілігін, дағдысын, яғни белгілі бір сапасын қалыптастыру қажеттілігі
ретінде қарастырылады; шарт – студенттің жеке басының ерекшеліктері.
Мақсаттың анықтылығы қатаң оқу-тәрбие процесі технологиясына өту шартты
болып табылады.
Біз мақсаттың үш деңгейін қарастырамыз.
Мақсаттың бірінші деңгейі қоғамдағы білім беру стратегиясының бүгінгі
күні мен болашағының көрінісі ретінде, білім жүйесіндегі жаңа инновациялық
технология аймағында маман дайындауға, жоғары педагогикалық білім беруге
қоғамдық әлеуметтік сұраныс беру.
Екінші деңгей қазіргі заман педагогының жеке тұлғасының моделі
мақсатында беріледі. Оған маманға қажетті білімділік, дағды және біліктілік
сияқты нақты қасиеттерін сипаттау кіреді, яғни өзінің кәсіптік қызметін
білімді компьютерлендіру жағдайында жандандырады.
Үшінші деңгейдегі мақсат тікелей оқу процесі мен оқу процесі
технологияларына қатысты болады.
Осы айтылған мақсаттар арқылы болашақ педагогтың жаңа инновациялық
технологияны сәйкес оқыту пәндерінің программалары мен оқытуларында
пайдаланудағы дайындығының әр түрлі модельдерінің оқу жоспары жасалынады.
Бұл мақсатты біз барлық оқу пәндеріндегі әрбір сабақтың соңғы мақсаты
ретінде береміз. Оның нәтижесі оқыту мақсатындағы әрбір нақты жағдайларды
тарату үшін қойылған әдістемелік қамсыздандыруларды жасаумен анықталады.
Олар сонымен қатар бақылау жүйесі мен басқа да педагогикалық шарттарды
анықтайды. Бұл үш деңгей болашақ педагог іс-әрекетінде жаңа инновациялық
технологияны пайдалануға студенттерді дайындау жүйесімен басқара отырып
жасалған.
Әрбір дидактикалық мәселені шешу үшін сәйкес оқыту технологиясы қажет.
Бұлардың біртұтас болуы үшін өзара байланысқан үш компоненттер қажет, яғни
сәйкес педагог біліктілігі мен дидактикалық процессті ұйымдастыру түрлері.
Ғылыми жарияланымдардағы педагогикалық кадрларді дайындау мәселелерін
қарастырғанда қажет талаптарға сәйкес жоғары оқу орындарындағы
жұмысшылардың сәйкес біліктілігі туралы айтылмайды. Бірақ жаңа инновациялық
технологияларды пайдаланып студенттерді дайындау аймағында біраз қиындықтар
бар. Себебі программалаушы мамандар мектеп пен педагогика туралы білмейді,
ал педагогика кафедрасының оқытушылары – мектеп практикасында жаңа
инновациялық технологияны пайдалану мүмкіндіктері мен сәйкес білімділікті,
біліктілікті және дағдыны білмейді.
Педагогикалық технологияның негізі - жаңа инновациялық технологиямен
оқытумен өзара байланысқан және өзара келісілген компоненттер түріндегі
дидактикалық процесс болып табылады. Студенттердің өзіндік танымдық іс-
әрекеттеріндегі дәлелдеулер мен оны педагог тарапынан басқаруы қажет. Әрбір
дидактикалық процесс компоненттерін таратуда қандай бастапқы жағдайлардың
қолданылатындықтарына байланысты жаңа инновациялық технологияны пайдалануда
болашақ педагог дайындығында әр түрлі оқу процесі технологиялары қолданылуы
мүмкін.
Біз оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдалану жағдайында
педагог қызметінде студенттерді дайындаудың технологиясын қарастырамыз.
Олардың әрбіреуінің жоспарланған тиімділігі – жүйелілік пен құрылымдығына
байланысты. Біздің жаңа инновациялық технология бойынша студенттердің
педагогикалық іс-әрекетіне жасаған әрбір кәсіби дайындық жүйесі бір немесе
бір-бірінен бірнеше айырмашылығы бар технологиялардан тұруы мүмкін. Бірақ
біз бірнеше басқа жолдармен жүреміз. Егерде жүйелік амалдың әсері біртіндеп
келесі айтылғандарға педагогикалық технологияларды жалпылама орнатуға
әкелсе, дәл берілген мақсат бойынша оқу процесін басқару жолында
дидактикалық мәселелерді шешу, жетістіктері әр түрлі жүйе үшін біз қойған
жалпы мақсатты нақты сипаттап, анықтауы қажет. Ал нақты мақсат – барлық
жүйе дайындығы үшін біреу. Бірақ олардың жетістік деңгейі әр түрлі –
болашақ педагог дайындығындағы жалпы-нәтижелі дайындықтан шығармашылық-
нәтижеге және шығармашылықтан жеке-шығармашылық жүйесіне дейін
қарастырылады.
Болашақ педагогты оқытудың технологиялық жағдайы берілген бастапқы
жүйеден (жалпы, дәл мақсат және оқыту мазмұны) бастап оқу процесін
жетілдіруді мақсат етіп қояды.
Айтылған мақсаттар пән бөлімін оқытуда қарастырылатын үздіксіз және
кешендік дайындық жүйесімен қамтамасыз етеді (әр түрлі педагогикалық оқу
жоспарлары үшін).
Бірақ оқу пәндерін бір рет тексеру кейбір шығармашылық іс-әрекет
түрлері үшін жеткіліксіз болатыны анық. Дайындықтың қалыптасуы үшін әрбір
пәннің мазмұнын, белгілі бір оқу пәндері жұмысының түрі мен әдісін, олардың
өзара бір-біріне қатысын жасау қажет. Бәрімізге белгілі класикалық
университеттерде педагогикалық пән блогы педагогикалық жоғары оқу
орындарына қарағанда біршама төмен.
Оқытылатын пәндерде оқыту әдісінің құрылымы мен мазмұнының құрылымын
сәйкестендіру келісімі жасалған. Бірақ бірдей оқу материалдарын педагогтар
әр түрлі беретіні, ал студенттердің әр түрлі меңгеретіні бізге белгілі.
Белсенді оқыту әдісін пайдаланудағы қиындықтар мен жеткіліксіздіктердің
арасында, біздің көзқарасымыз бойынша оларды пайдаланудың қазіргі кездегі
ең басты кезеңі болып, оқытудың әр түрлі түрі, әдістері мен құралын
кешендік пайдаланудың үйлесімдері дәстүрлі сирек құбылыс болып табылады.
Ол сонымен қатар күрделі, толық кәсіби іс-әрекетті игерген жағдайда –
негізгі мақсаты бойынша кәсіптік білім туралы баяндаса – онда біз келесі
қайшылықтармен кездесеміз, яғни оқу-танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастыру
түрі кәсіби іс-әрекет түрлерімен теңбе-тең. Оқып-үйренушілердің белсенді
жаңа түрі (мәселелі лекция-сұхбат, педагогикалық мәселе бойынша курстық
және дипломдық жұмыстарды дайындау, оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу
жұмыстарға қатысу, педагогикалық практика) оқыту сипатын алады, болашақ
еңбек іс-әрекеті сияқты, айтылған әрбір іс-әрекеттер толық көрсетілмеген,
сонымен қатар оқыту әдісі мен түрлері жүйесінің көмегімен пән бойынша ғана
емес, әлеуметтік түрде болашақ кәсіби қызметтің контексті беріледі. Жоғары
оқу орнында оқыту әдістері мен түрлері педагогты болашақ кәсіби іс-әрекет
пішіміне жақындадатады, яғни нақты педагогикалық жағдайларды шешу, оқу-
дайындық ойындарының педагогикалық бағыттары, студенттердің зерттеу
жұмыстары, пассивті және активті педагогикалық практикалары жүргізіледі.
Егер дәстүрлі дайындықта оқытудың мақсаты мен мазмұны бір-бірімен сәйкес
келсе (оқытудағы басты мақсат – ғылым негізін игеру, оқыту мазмұны – осы
негіздің өзі оқу ақпаратының белгісі түрінде көрсетілген), жаңасында олар
алшақтайды. Адамның жеке өмірінің потенциалын “өсіру” мақсат болады, оның
қабілетін тәрбиелеу алдағы пән мен әлеуметтік жағдай іс-әрекетімен теңбе-
тең, ал мазмұны – осы мақсатты қамтамасыз ететін жетістік. Мақсатқа жету
табыстылығы оқу мазмұнын игеру ғана емес, оны қалай игеруіне байланысты,
яғни жеке немесе топпен, авторитарлы немесе гуманистік жағдайларда,
назарына, қабылдауларына, жадысына және адамзаттың жеке басының
әлеуеттілігіне сүйену болып табылады.
Қазіргі замандағы педагог-мамандарды дайындау технологияларына
өзгертудің негізгі бағыттарының бірі шығармашылық, жекеше дамушылығының
пішіні мен әдістерін пайдалану болып табылады.
1 және 2 дайындық деңгейінің қалыптасуы (қарапайым және функциональды)
келесі оқу әдістерімен сипатталады:
а) түсіндірмелі-кескіндеме әдісі болашақ педагог және ғылыми
педагогикалық іс-әрекетке қатысты жалпыланған ғылыми-педагогикалық бағыт
негізіндегі ізденіс, түсінік, заңдылық, міндеті, зерттеу әдістері,
педагогикаға, психологияға, оқыту әдістемесіне байланысты пайдаланумен
қамтамасыз етеді. Қайтадан нәтиже алу студенттерге көмегін тигізеді, егер
ол өздігінен күрделі мәселені шешуге қажетті жағдайын таба алмаса. Бірақ 3-
ші дайындық деңгей үшін сипатталған болашақ мамандардың шығармашылық ғылыми-
педагогикалық іс-әрекеті тәжірибесінің жүйелілігі қосымша әдіс болып
табылады;
б) оқытудағы дамушылық және мәселені шешу әдістері тиімдірек, яғни
мәселені талқылау, бөліктеп іздеу, зерттеу.
Біз жұмысымызда “оқыту процесі” мен “оқу процесі” түсініктерін
бөлеміз. Оқыту процесі – бұл оқыту моделін сипаттайтын түсінік. Сонымен
қатар оқыту моделі туралы сөз қозғаған кезде біз оқу процесі туралы
айтамыз.
Біз қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретін оқу процесін құрастыруға
және жасауға тырыстық. Бірақ оқыту барысында ізденіс сипатындағы оқу
процесінің белгілі бір бөлігін сақтау үшін мақсат пен оның бағасын
сипаттаудағы бір мәнді емес дәрежелерімен келісуімізге тура келеді. Біздің
ойымызша, біз ұсынған оқыту технологияларымыз оқыту нәтижесіне біраз үлесін
қосады. Егер шығармашылық іс-әрекет негізіндегі жалпы нәтижелі жүйе
дайындығы технологияларынан тұратын болса, онда мектепте оқытуда жаңа
инновациялық технологияны пайдалану болашақ педагогтардың деңгейін нәтижелі
шығармашылық дайындыққа көтереді. Оның ішінде кейбір студенттер
жетістіктері нәтижелі болса, студенттердің негізгі бөлігі нәтижелі-
шығармашылық табысқа жетсе, аздаған бөлігі кейбір негізгі мәселелер бойынша
ғана шығармашылық нәтижелі табыстарға жетеді. Бұл технологиялардың әр түрлі
өзгешеліктеріне байланысты ішкі жүйе бойынша, дайындығында түрлі нақты
мақсаттар арқылы студенттер нәтижелеріне үлес қосады. Бірақ әрбір
технология кейбір жалпы мақсат бойынша берілетін барлық білімгер үшін
нәтиже беруі қажет.
Егер жаңа инновациялық технология жағдайында педагогикалық іс-әрекет
дайындығын қамтамасыз ететін, жоғары оқу орындары педагогтарының дайындық
деңгейін қарастыратын болсақ (кез келген педагогикалық жүйедегі құрылымдық
элемент ретінде), олардың әр түрлі болатындығына көз жеткіземіз. Бұл оқу іс-
әрекеті мақсатын, оқу бағдарламаларын дайындау, тапсырмаларды тексеру және
оқыту түрлерін таңдауларды бөліктеуге қатысты. Педагогика және психология
кафедралары оқытушыларымен жүргізілген практикалық сабақтарда жаңа
инновациялық технологияны пайдалану мәселелері туралы айтуда оқытушылар
біраз қиындықтарға кездеседі. Егер жаңа инновациялық технологияның төменгі
деңгейін алатын болсақ, онда кез келген оқытушы сәйкес дайындықтары бойынша
сабақ жүргізе алады, ал жоғары деңгей үшін оқытушыларға жаңа инновациялық
технология аймағында және арнайы білім аймағында көптеген қосымша
дайындықты қажет етеді. Компьютерлік техниканы пайдалану арқылы, өздерінің
ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық
технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін оқу процесіне тиімді пайдалана
білетін педагогтар ең жақсы нәтижені көрсетеді. Бұл жағдайда білімгерлерді
оқыту мен ой-өрісін дамытудағы жаңа инновациялық технологияны пайдалану
мәселесі бойынша студент пен оқытушының бірлесе жасаған жұмысы пайда
болады.
Әр түрлі оқыту технологияларын жасауда мынадай негізгі кезеңдерге
көңіл аударуымыз қажет.
1. Ұсынып отырған оқыту технологиясына сәйкес келетін жаңа
инновациялық технологияны пайдаланудағы студенттердің дайындық
деңгейіне;
2. Осы деңгей қалыптасатын психолого-педагогикалық дайындық жүйесіне;
3. Берілген дайындық жүйесіндегі студенттер іс-әрекетінің
сипаттамасына;
4. Сәйкес дайындық жүйесінде пайдаланатын оқу-танымдық іс-әрекет
түрлеріне;
5. Сәйкес дайындық жүйесімен сипатталатын дайындық кешендерінің
қалыптасуына;
6. Әр түрлі дайындық кешендерінің қалыптасуын бағалау деңгейі, яғни
барлық кешен бойынша ұпаймен бағалау (1-ең төменгі ұпай, 5-ең
жоғарғы ұпай); танымдық кешендерде 1-деңгейден (танымдық) 4-
деңгейге (шығармашылығы, кәсіби-педагогикалық шеберлік деңгейі
бойынша) дейін.
Негізгі дидактикалық мәселелер қатарындағы игеру деңгейлері келесілер:
интуитивті, нәтижелі, нәтижелі-шығармашылық, шығармашылық-нәтижелі,
шығармашылық.
Интуитивті деңгей келесілермен сипатталады: студенттер кейбір
“педагогикаға дейінгі” дағдылар жиынтығын игерген. Педагогикалық
мәселелерді шешуде олар оны мәселе ретінде қарастырмай өз интуициялары
бойынша әрекет жасайды, көбінесе берілген жағдайда қалай бастап, қандай
нәтиже алатындығын түсіндіре алмайды. Көбінесе бұл жағдайда олар мектептегі
педагогтарының жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайларындағы
үйреткен, көрсеткен жұмысын қайталайды.
Нәтижелі деңгей өндіруші сипатындағы іс-әрекеттермен (танымдық және
практикалық) сипатталады; мектеп практикасындағы жаңа инновациялық
технологияны пайдаланудың негізгі теориясын жасау, жаңа инновациялық
технологияның жеке түсініктері, сезімдік қабылдау негізінде олардың
арасындағы маңызды байланыссыз фактілерді сипаттау, әр түрлі оқу-танымдық
іс-әрекеттеріндегі білімгерлердің жаңа инновациялық технологияны
пайдаланудағы қызығушылықтарының тууы, жекеленген іс-әрекеттерді үлгі
бойынша орындау, теориялық білімдері бойынша оларды түзету, оқытушыға
еліктеп жаңа инновациялықық технологияны пайдалану мәселесі бойынша
дидактикалық жұмыстар жасау.
Нәтижелі-шығармашылық деңгей мектеп оқушыларының компьютерді оқу және
даму құралы ретінде әрбір тақырып түсініктері мен негізгі ойларына
пайдалануы және мұғалімдердің жоғары оқу орындарындағы практикалық
дайындықтарында алынған педагогикалық құбылыстармен сипатталуы; өзінің
практикасы барысында жинаған тәжірибелерін жаңа инновациялық технологияны
пайдаланудағы мысалдармен үйлестіруі; компьютерді практикалық жағдайда
пайдалануда кездескен қиын немесе күтпеген жағдайларда дұрыс бағыт таба
білуі.
Шығармашылық-нәтижелі деңгей оқытуда жаңа инновациялық технологияны
пайдалану мәселесі бойынша ойларды игеру, олардың арасында байланыс орнату,
мұғалімнің жұмыс тәсілі мен әдіс жүйесін теориялық түрде ұғынумен
сипатталады. Жеке жағдайда өз іс-әрекетін жаңа инновациялық технология
мәселесі бойынша теориялық білімге қолданып, мектеп білімін
компьютерлендіру жағдайындағы оқытудың типтік мәселелерін шешу; жаңа іс-
әрекет жағдайында өз бетінше оқу мәселелерін шешуде тиімді жолдарды іздеу
қызығушылығын дамыту; нақты жағдайларды ескере отырып өз іс-әрекетін өз
бетінше анықтау және игеру; қалыпты емес жағдайлардағы практикалық іс-
әрекеттерді орындау. Бірақ үнемі өзгеретін педагогикалық жағдайларда ерекше
педагогикалық мәселелерді шешу қарастырылмайды.
Шығармашылық деңгей келесі айтылғандар бойынша сипатталады:
– жаңа инновациялық технологияны пайдалану жағдайындағы педагогикалық
процесстердің заңдылықтарын игеру;
– педагогикалық фактілер мен компьютерді пайдалану құбылыстарын
білімгердің оқу және даму құралы ретінде теориялық түрде талдай білуі;
– өз іс-әрекетін жобалау және талдау тәсілдері;
– жаңа жағдайларда жаңа инновациялық технологияны пайдалануда теориялық
білімі мен практикалық біліктілікті қолдану;
– жаңа инновациялық технология аймағында білім мен біліктіліктің кәсіби
мәнісін түсіну;
– педагогикалық мәселелерді саналы және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz