Экономикалық ресурстар түсінігі


Жоспар
І. Өндірістік факторлар
ІІ. Еңбек түсінігі
ІІІ. Өндірістік мүмкіндіктер
ІҮ. Маркстік теория
Экономикалық ресурстар және өндіріс
факторлары.
Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда әкономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Әкономикалық қорлар дегеніміз - тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар.
Адамдардың әкономикалық қызметінің бастапқы кезеңі өндіріс болып табылады. Өндңрңс әр түрлі өндіріс факторлардың ара-қатынастарын қарастырады. Барлық өндіріс факторларды төрт негігі топқа бөлуге болады: еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Еңбек бұл адамның физикалық интеллектуалды және рухани әнергиясының жүмсалуы. Әр адамда жұмыс күші немесе еңбекке деген қабілет бар. Еңбек - жұмыс күшін пайдаланумен түсіндіріледі.
Әр қоғамда да еңбекке деген еріксіз көндіру бар. Алғашқы кезеңдерде ол әкономикадан тыс мінездемеге ие еді, яғни жұмысшының басшыға тікелей бағыныштылығы негізделеді. Әкономикалық еріксіз көндіру жалдамалы еңбектің категориясына байланысты болады. Жалдамалы еңбектің пайда болуы үшін екі шарт қажет: адамдардың еркіндікке ие болуы және өндіріс қүралдарына жеке меншіктің болмауы, яғни өз ісін бастауғы мүмкіншіліктің болмауы. Осы жағдайлар кезінде ғана адамдар жұмысқа жалдануға мәжбүр болады. Бұл уақыттағы еңбектің негізгі мақсаты материалдық марапатталу болап табылады.
Жұмыс уақытындағы еңбекті қажетті және қосымша деп бөле аламыз. Қажетті еңбек жұмысшының өз өміріне және өз жанүясының өмірі үшін өнім өндіруге жүмсаған еңбегі. Бұл уақытта өндірілген өьім қажетті өнім деп аталады. Қосымша еңбек қажеттіден аса жүмсалған еңбек. Қосымша еңбекпен өндірілген өнім қосымша өнім деп аталады. Еңбектің бұл түрге бөлінуі тек Маркстік теорияға тән. Еңбек интенсивтілік және өнімділікпен айқындалады.
Интенсивтілік- бұл еңбектің үдемелілігі, ол уақыт бірлігіне жұмыс күшінің жұмсалу деңгейімен анықталады. Еңбек интенсивтілігі жұмыс уақытының ұзақтығы қаншалықты көп болса соншалықты аз болады. Керісінше, жұмыс уақытының ұзақтылығы азайса, еңбек интенсивтілігі көбеюі мүмкін.
Өнімділік бұл - еңбектің нәтижелігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген өнімнің санымен есептелінеді. Еңбек өнімділігі тек еңбекпен ғана емес, техникалық прогресскеде байланысты. Еңбек өнімділігінің өсу жағдайында өнім бірлігіне жұмсалған еңбек көлемі азаяды, ал өндіріске кеткен құралдардың көлемі ұлғаяды. Бірақ толығымен өндіріс факторлардың жүмсалуы азаяды.
Өндіріс факторларының екінші түрі ол - жер. «Жер» термині кең мағынада қолданылады. Ол барлық табиғат байлықтарын қамтиды: жердің өзен, су және орман ресурстарын, пайдалы болады. Жердің қасиеттерін табиғи жіне жасанды дп бөлуге болады. Бұл жағдай жерден түсетін пайда жер рентасын туғызады.
Келесі өндіріс факторы ол - капитал. Ғылымда капитал сөзінің бірнеше мағынасы қолданылады. Капитал - қызметтер мен тауарлар өндірісінде қолданатын адамдар шығарған өндіріс құралдары және ақша қорлары «капитал» сөзі латынның «сарита», яғни, «бас» сөзінен шыққан, байлық көзі мал болып саналған кезде байлық символы сиырдың басы еді. Бұл шындық әдебиетте және өнерде жиі қолданылады. Кейіннен «капитал» сөзін қолдануда екі түсінік пайда болды: бірі - «бас-басты», екіншісі - «байлық».
Қаржылық табыс алумен байланысты ынталы, шаруашылық қызмет кәсіпкерлік деп аталады.
Маркстік теорияда өндіріс факторлары келесідей бөлінген: заттық факторлар және жеке фактор. Марксизм үшін бұл екеуі өте маңызды, өйткені барлық факторлар қосымша қүн әкелмейді, оны тек жеке фактор ғана алып келе алады.
Экономикада келесі себеп-салдарлы тәуелділік әрекет етеді. Әкономикалық игіліктер өндірісінің, ақшалай табыстың және тұрғындар сұранысының ұлғаюы қажеттіліктер деңгейінің артуын туғызады. Қажеттіліктердің прогрессивті өсуінің шегі бар ма? Бұл көп жағдайда қоғамның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады.
Өндірістік мүмкіндіктер - ресурстарды толық пайдаланғанда қол жеткізетін жоғары өнім шығару көлемі. Ол әр түрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетеді. Егер біз бір тауарды көп мөлшерде өндіргіміз келсе, онда басқа бір тауарды өндіруден бас тартуға тура келеді. Қисық сызықтың ішіндегі әрбір нүкте ресурстардың толық емес пайдалануын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкіндік емес өндірісті, яғни қолда ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші тауар өндірумен алмастарылғанын көрсетеді. Баламалы шығындар - дәл осы қорларды басқа мақсаттар үшін пайдалану кезіндегі жоғалатын мүмкіндіктер түрғысынан қарағанда тауар өндіруге кететін шығындар.
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы қайнар көзі болып табылады. Адамзат тіршілігінің негізін қалайтын да осы қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтиды.
«Өндіріс процесінің қоғамдағы формасы қандай болса да, ол әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиісті. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол өндірілмейде отыра алмайды».
Қоғамдық өндіріс - ілгеріде атап өткен өндіргіщ күштер мен өндңрңстңк қатынастардың бірлігі. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Олар манылар:
а) субъективті, жеке факторлар немесе жұмыс күші.
б) Объективті, заттық факторлар немесе өндіріс қүрал жабдықтары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz