Визуал бейсик ортасында файл және каталогтармен жұмыс


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Тақырыбы: «Визуал бейсик ортасында файл және каталогтармен жұмыс»
Мамандығы: 0313002 «Кәсіптік оқыту»
Пәні: Бағдарламалау тілдері
Тобы : ЕТҚ 4 - 62
Орындаған : Маннашов С. А.
Қабылдаған : Айтметов Х. И.
Түркістан 2009ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Тарау І. Visual Basic программалау ортасына кіріспе
1. 1. Visual Basic программалау жүйесі . . . 5
1. 2. Негізгі алгоритмдік құрылымдарды программалау . . . 12
Тарау ІІ. Visual Basic 6 ортасында файл және каталогтармен жұмыс
2. 1. Файлдық жүйе объектілері . . . 17
2. 2. Мәтіндік өрістер. Мәтіндік өрістермен жұмыс . . . 20
2. 3. Visual Basic ортасында файл және каталогтармен жұмыс жасаушы программа . . . 24
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл информациялық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты. Егер адам компьютермен істес болса, онда ерте ме немесе кеш пе программалауға деген талпынысы тіптен кейде қажетсінуі пайда болады.
Бұрыннан қалыптасқан пікір бойынша Basic тілі игеруге және пайдалануға оңай әрі қарапайым программалау құралы деп есептелінеді. Бұл шындығында солай. Компьютерлік технологияның алғашқы пайда болған кезінде Basic тілі қаранайым программаларды құру үшін жасалған әрі күрделі және әмбебап тілдерге біртіндеп өту алдындағы программалау негіздерін үйрететін оқыту тілі ретінде пайдаланыдды. Мұның өзі Basis (Beginners All-purpose Symbobic Instruction Code-Әуесқойларға арналған көп мақсатты символдық тіл) деген атынан да көрініп тұр.
Программалау тілдері де адамдар сияқты өмірге келіп және өмірден кетіп жатады. Кейбіреулері басқаларына қарағанда ұзақ өмір сүреді, ал басқалары ешкімге қажетсіз болу үшін ғана өмірге келеді. Осы тұрғыдан қарағанда Basic тілін ұзақ өмір сүрушілер қатарына жатқызуға болады. Жоғары деңгейлі тілдердің арасында алғашқылардың бірі болыл пайда болған бұл тіл өзінің «қатарларынан» ғана емес өзінен көп кейін пайда болған тілдерден де көп өмір сүріп келеді. Компьютерлік технологияның дамуымен бірге Basic тілі де дами түсті. Қазіргі кезде Basic тілінің Microsoft Visual Basic for Windows сияқты нұсқасы ескірудің көзге түсетін белгілерін сезінбей-ақ өзінің дамуын жалғастыруда, ал Windows операциялық жүйесі үшін қазіргі кезде жыл сайын Visual Basic- тің жаңа нұсқалары (ең соңғысы 6-нұсқа) шығарылуда.
Visual Basic тілінің жасалуының арқасында көпшілік менсіне бермейтін Basic тілі программалау тілдерінің ішіндегі ең қарапайым әрі қуатты тілдердің біріне айналды.
Ол қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдерінің біріне айналғандығына қарамастан оқып үйренуге жеңіл әрі қарапайым тіл болып қалды.
Осылайша Basic динамикалық дамушы тіл. Ол компьютердің және компьютерлік технологияның дамуымен бірге дамып отыр.
Visual Basic қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл тілдің Visual Basic 6 нұсқасы қазіргі заманғы кез келген есептерді шешуге арналған, қысқа мерзімде Windows'қа жоғары деңгейлі интерфейсі бар қосымшаларды жасақтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай кәсіпқой программалаушылардың оны пайдалануын жиілетіп, бұл тілдің позициясын программаларды жасақтаушылар бәсекесінде күшейте түсті.
Visual Basic 6 тілінің әр түрлі мүмкіндіктерін ашып көрсететін көптеген кітаптар жазылған. Бірақ қазақ тілінде кітаптар жоқтың қасы. Біз бұл кітабымызда өзінің алдыңғы нұсқаларының мүмкіндіктерін мұрат етіп қалдырған Visual Basic 6 жобалау ортасының мүмкіндіктерін ашып көрсетуді мақсат еттік.
Біздің ең басты мақсатымыз Сізді программалық кодты жаза білуге, яғни visual Basic 6 ортасында программаны жасақтай білуге үйрету. Бір сөзбен айтқанда программалауды үйренесіз. Сіз жасаған программалар жұмыс істеуге қабілетті, яғни оны компьютер түсінетін және орындайтын болуы тиіс. Егер бұдан да дәлірек айтатын болсақ программа Basic программалау тілінде емес, Visual Basic 6 программалау жүйесінде жасалуы тиіс.
Тарау І. Visual Basic программалау ортасына кіріспе
1. 1. Visual Basic программалау жүйесі
Visual Basic-ті іске қосу үшін Пуск - Программы - Visual Basic 6. 0 командасын орындау. Оны іске қосқанда мына суреттегідей терезе пайда болады.
Терезе үш қосымша беттен тұрады: New ( Жаңа жобалар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар) . New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдаймыз. Жаңа жобаны бастау Standard. exe таңбашасын таңдап екі рет шерту немесе Открыть батырмасын басудан басталады. Project1-Microsoft Visual Basic [design] жаңа жоба терезесі көрінеді. Терезе атын кез келген уақытта өзгертуге болады. Бұл терезеде мыналар бар: ол- терезелер, менюлер, құралдар панелдері (даярламаның жинақталған ортасы немесе IDE) . Ол бірнеше элементтен тұрады:
- Басты меню;
- Инструменттер панелі;
- Жоба терезесі;
- Қасиеттер терезесі;
- Пішін макетінің терезесі;
- Элементтер панелі;
- Пішіндер конструкторы;
- Объектілерді қарау терезесі.
Visual Basic терезе элементтері:
Тақырып жолы (Project 1 Miciosoft Visual Basic) .
Меню жолы. Негізгі терезенің басты менюі Windows жүйесінің менюіне ұқсас: Файл (File), Правка (Edit), Вид (View), Вставка (Insert), Выполнить (Run), Tools (Средства), Add-in (Дополнения), Help (Помощь)
Файл (File) - Visual Basic жобаларын жасауға, ашуға, сақтауға, баспаға беруге болатын командалардан тұрады.
Правка (Edit) - алмасу буферімен жұмыс істеуоперациялары, редакторлеу командалары. .
Вид (View) - просмотра Visual Basic құраушыларын қарап шығу командалары
Проект (Project) - жобаға жаңа пішіндер мен модульдер қосуға арналған командалар. Бұл меню - жобаның жүрегі.
Формат (Format) - элементтер мен пішіндердің өлшемдері мен орналасуын анықтайды.
Выполнить (Run) - қолданбаны іске қосады және тоқтатады.
Tools (Средства) - Visual Basic ортасында процедуралар қосуға, олардың қасиеттеріне мән беруге болады.
Add- in (Дополнения) - қосымша тиімді құралдар бар.
( Help ) - анықтама жүйесі.
Стандарт құралдар панелі
Менюдің астында құралдар панелі болуға тиіс. Ол жоқ болса, былай шығарып аламыз: View - Toolbars - Standard командасы арқылы.
- Жоба жасау;
- Пішін жасау;
- Редактор менюі;
- Жобаны ашу;
- Жобаны сақтау;
- Қиып алу;
- Көшіру;
- Кірістіру;
- Нысанды қарап шығу;
- Болдырмау;
- Қайталау;
- Старт;
- Орындауды үзу;
- Программаны тоқтату.
- Жоба терезесі
- Қасиеттер терезесі;
- Макет терезесі;
- Объектілерді қарап шығу батырмасы,
- Элементтер панелі.
Элементтер панелі:
Жоба бойынша сілтеуіш: Жоба терезесі немесе код терезесі:
Мұндағы 1-батырма Форманы қарау
2-батырма. Кодты қарау.
Қасиеттер терезесі:
Пішін макетінің терезесі:
Пішіндер конструкторы:
Ортада
Immediate
(
тез, тікелей орындау
) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін (
Form Layout Window
) шығаруға болады. Олар
Көрініс
мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.
Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows’та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңға терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жұмыс істеу қиын емес.
Visual Basic - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл) . Онымен жұмыс істеу IDE ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Стандартты түймелер:
- Standart. exe типті проектіні іске қосу (Add Standart EXE Project) ;
- Форма қосу (Add Form) ;
- Проектіні ашу (Open Project) ;
- Проектіні сақтау (Save Project) ;
- Көшіру (Copy) ;
- Кірістіру (Paste) ;
- Проект терезесін шығару (Project Explorer) ;
- Қасиеттер терезесін шығару (Proporties Window) ;
- Программаны іске қосу (Start) ;
- Программа жұмысын аяқтау (End) ;
- Мәзір редакторы (Menu Editor) ;
- Элементтер панелі (Toolbox), т. б.
Visual Basic - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер (сыңарлар) : проект, форма, басқару элементтері, модуль және т. б.
Проект ( Project) - дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланылатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер проект арқылы басқарылады және проектіде сақталады.
Форманы экранға шығарудың бір әдесі - View Object түймесін шерту.
Проект терезесінде қосылулы тұрған проект пен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Basic’тің нақты файлдарға меншіктеген атаулары жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелетін атаулар: Project1, Form1. Форма дайындалып, форма мен проект жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады.
Кейде проект терезесі экранда көрінбеуі де мүмкін. Оны ашу үшін View - Project Explorer командасын беру жеткілікті.
Бір проектімен жұмыс аяқталған соң оны сақтау керек. Жаңа проектіні ашу командасы: File - New Project.
Visual Basic-тің негізгі объектісі - пішін. Басқа кез келген объект сияқты, ол да қасиеттерге, әдістер мен оқиғаларға ие. Жалпы пішін дегеніміз - әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолданбаның болашақ терезесі. Жобада бір пішін де, бірнеше пішін де болуы мүмкін. Жобаға жаңа пішін қосу үшін: Project→Add Form командасын таңдау. Сонда New (Жаңа) және Existin(Бұрыннан бар) екі бетбелгісімен терезе ашылады. Тқрақты жұмыс істейтін стандарттық пішін- Form. Екіншісінде пішін сақталған файлды таңдауға болады. Пішіндер frm кеңейтілуімен файл түрінде сақталады. Файлды немесе жаңа пішін таңдаған соң, открыть батырмасын басамыз.
Пішіннің басты қасиеттері - аты мен терезе тақырыбында бейнеленетін мәтін. (Name, Caption) .
Пішіннің, оның шекараларының, батырмаларының, тақырып жолында бейнеленетін таңбашасының сыртқы түріне жауап беретін қасиеттерге тоқталу.
1. 2. Негізгі алгоритмдік құрылымдарды программалау
Біздер пайдаланушының әрекеттерін бейнелеу үшін мәзірмен, объектілермен және сұхбат терезелерімен жұмыс істедік. Visual Basic тілінде жазылған программалары үзелер бойынша басқарылады. Жазылған программалар мәзірлерді, объектілерді, сухбат терезелерін бейнелейді және пайдаланушыға экандағы элементтермен айла-амалдар жасауға мүмкіндік береді.
Программа қажетті информацияны шығарады, пайдаланушының реакциясын шыдамдылықпен күтеді, ал содан соң оларға ендірілген деректерді өңдейді. Программалаушылар арасында мұндай принцип узулер бойынша басқару деп аталады.
Программаны құру барысында пайдаланушылармен өзара әсерлесе алатын бірқатар «ақылды» объектілерді жасауға болады.
Алгоритм ұғымы математика мен есепikoтеуіш техниканың негізгі ұғымы. Алға қойған кез-келген мәселені ЭЕМ-ның көмегімен шешу үшін ЭЕМ-ға түсінікті нұсқаулар тізбегін құру керек. Алгоритм - берілген есепті шешу үшін орындаушыға берілетін нұсқаулар тізбегі.
Программа - алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы. Программаның негізгі сипаттамасы: алынған нәтиженің дұрыстығы, орындалу уақыты, жадыда алатын орны немесе көлемі. Кез-келген программаның басты қызметі - берілгендерді өңдеу. Программаның басында өңделуге берілетін мәліметтер - алғашқы берілгендер деп аталады. Алғашқы берілгендерді пернетақтаның көмегімен енгізуге болады. Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделіп, нәтижеге айналады.
Берілгендер типтері . Тұрақты - программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу барысында мәні өзгермейтін шама. Турбо-Паскальда тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық және жолдық түрлері қолданылады. Айнымалы - программаның орындалуы барысында мәні өзгеріп тұратын шама. Берілгендер - сақтау, өңдеу және тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, формальды түрде берілетін ақпарат.
Стандартты функциялар. Стандартты функциялар дегеніміз негізгі элементар функциялар. Стандартты функциялар математикада қалай аталса, Паскаль тілінде де солай аталады. Паскаль тілінде стандартты функциялардың мәні автоматты түрде есептеледі. Оларды есептеу үшін функцияны дұрыс жазса болды.
Стандартты функциялардың жазылу ережелері:
- Функция аты латын әрпімен жазылады;
- Функция аты 6 әріптен аспауы қажет;
- Функция аргументі функция атынан соң дөңгелек жақша ішіне алынып жазылады.
- Функция аргументі тұрақты, айнымалы немесе арифметикалық өрнек болуы мүмкін;
- Функция аргументі бірнеше болса, олардың арасына үтір белгісі қойылады;
- Тригонометриялық функцияларда аргумент мәні радиан өлшемімен берілуі керек.
Программадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Арифметикалық өрнек - тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар белгісынан және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жақшадан тұрады. Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты сан болады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұрады.
Алгоритм атауы IX ғ. математигі Абу Джафара Мохамеда ибн Мусы Аль-Хорезми атынан шыққан. Ол ондық санақ жүйесінде берілген сандармен орындалатын амалдардың жалпы ережесін ұсынған болатын.
Алгоритмге қойылатын талаптар:
- Анықталғандық -орындалатын нұсқаулар компьютерге “түсінікті” және осы нұсқаулардың саны шекті болуы керек;
- Нәтижелілік- нақты бір қадамнан кейін есептің шешімі алынуы керек;
- Жан-жақтылық- алгоритм тек бір ғана есепті шешуге емес, осыған ұқсас басқа есептерді шешуге да арналған болуы керек;
- Тиімділік- есепті шешудің ең тиімді жолдары қарастырылуы керек.
Есептің алгоритмін құру - өте жауапты кезең. Тек тәжірибелі программист қана кішігірім есептерді шешкен кезде берілген есепті алдын-ала талдамай-ақ, компьютерлік программа құра алады. Әдетте ондай есептер сирек кездеседі. Сондықтан, алдымен, есептің алгоритмі құрылады да, соған сәйкес программа жазылады.
Алгоритмдер мынадай топтарға бөлінеді: сызықтық құрылымды алгоритмдер, тармақталушы құрылымды алгоритмдер, қайталанушы алгоритмдер.
Алгоритмді графиктік бейнелеудің әртүрлі тәсілдері бар. Блок-схемалар және Насси-Шнейдерман құрылымдамалары (структурограмма) - алгоритмдерді графиктік бейнелеудің ең кең тараған тәсілі. Блоктарға тікелей нөмерлер меншіктеледі және олар бағыттаушылар арқылы өзара жалғастырылады.
Visual Basic 6 ортасында көптеген көмекші функцияларды қолдану программалық кодты жазуды біршама жеңілдетеді. Мысалы, кодты жазу барысында Код редакторы бірнеше операторлармен процедуралардан, объектілердің қасиеттері мен әдістерінен және олардың қабылдайтын мәндерінен тұратын тізімді шығарып, программалаушының тізімнен таңдаған сәзін программаға автоматты түрде енгізіп отырады.
сурет. Код терезесінде объектінің атын жазганнан кейін нүкте қойғанда шыгатын тізім.
Код редакторында көмекші функцияларды пайдалану үшін оларды Басты мәзірдің Саймандар (Инструменты-Tools) пунктіндегі Параметрлер (Параметры-Option) командасын орындағанда пайда болатын Параметрлер (Параметры-Options) терезесінің Редактор (Редактор-Editor) астарлы бетінен алуға, қажет болмаған жағдайда алып тастауға болады. Сол функциялардың кейбіреулеріне тоқталайық:
> Код терезесінде объектінің атын жазғаннан кейін нүкте қойғанда шығатын, сол жазған объектінің қасиеттерінен тұратын тізімді шығаратын Қатысушылардың автоматты тізімі (Авто список участников-Auto List Members) функциясы. Бұл функцияның мүмкіндіктерін пайдалану үшін алдымен код терезесінде функция тізімінен керекті қасиеттің толық аты көрініп тандалғанша қасиеттің алғашқы әріптерін теру қажет. Функция тізімінен керекті қасиет таңдалғаннан кейің. Tab, Enter пернелерінің бірін басу немесе тышқан көрсеткішімен екі рет шерту керек. Қатысушылардың автоматты тізімі (Авто список участников-Auto List Members) функциясы объектінің қандай қасиеттері бар екендігін толық білмеген жағдайда өте пайдалы. Сондай-ақ бұл функция программада обьектілер мен олардың қасиеттерінің дүрыс жазылуына да көп пайдасын тигізеді. Мысалы, код терезесінде обьектінің аты қате жазылса немесе жобада жоқ объектінің аты жазылғанда экранға функция тізімі шықпайды;
> Код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін (аргументтердің жазылу реті мен типтерін) көрсету үшін қолданылатын Автоматты тез инфо (Авто быстрая инфо-Auto Quick Info) функциясы.
Visual Basic 6 тілінің операторын немесе функциясын жазғанда төменгі жағында олардың синтаксистік терезесі шығып бірнеше аргумент ерекшеленіп түрады. Бірінші аргумент енгізілгеннен кейін екінші аргумент ерекшеленеді. Екінші аргумент енгізілгеннен кейін үшінші аргумент ерекшеленеді әрі қарай сол сияқты жалғаса береді.
Тарау ІІ. Visual Basic 6 ортасында файл және каталогтармен жұмыс
2. 1 Файлдық жүйе объектілері
Элементтер панелінің DriveListBox, DirListBox, FileListBox (дискіжетек, каталогтар мен файлдар тізімдері) элементтері арқылы формада файлдық жүйе объектілерін орнатып, олармен жұмыс істеуге болады. Мысалы, файлдар арасында графикалық файлдар бар болса, олардың бірінің кескінін формаға кірістіріп қою мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбекті қажет ететін жұмыс.
Файлдық жүйе объектілерін орнату әдісі:
1. Орталықты ашып, форманы барынша кеңейту.
2. Tools - Options ( Аспаптар-Таңдау мүмкіндігі ) командасын беру. " Options " терезесі ашылады.
3. Терезенің Editor қондырмасын ашып, Require Variable Declaration ( Қажетті айнымалыларды жариялау ) қатарындағы жалауша орнатулы болса, оны алып тастау және ОК түймесін шерту.
4. Элементтер панелінің DriveListBox ( Дискіжетектер тізімі ) түймесі арқылы форманың сол жақ жоғарғы бұрышына объект орнату (Drive1) . Оның ішіне ағымдық диск (С:) орнатылып қойылған.
5. Элементтер панелінің DirListBox ( Каталогтар тізімі ) түймесін пайдаланып, формаға енгізілген бірінші объектінің төменгі жағына келесі объект орнату (Dir1) . Онда VB бумасы таңдалып қойылған. Ішінде біршама бумалар көрінгенше объектіні төмен созу.
Орнатылған объектілер арқылы дискіжетек пен бумаларды іске қосу мүмкін емес. Ол үшін мынадай іс-әрекеттердің орындалуы тиіс:
6. Элементтер панелінің FileListBox ( файлдар тізімі ) түймесі арқылы формаға енгізілген екінші, Dir1 объектісінің төменгі жағына үшінші объект орнатып ( File1 ), бірнеше файл атаулары көрінгенше оны да төмен қарай созу.
Соңғы объект файлдық жүйенің қажетті файлын таңдауға мүмкіндік береді. Оны пайдаланып, формада . bmp не басқа типті кескін орнату әдісі:
- Элементтер шертіп, форманың оң жағына үлкен өріс орнату (Image1) .
- қасиеттерінін орнату:
Мұндағы Pattern қасиетінің мәні үшін графикалық файл атауларының типтері (кеңейтулері) енгізілді: . bmp - шашырама (растралық), . wmf - Windows метафайлдары, . ico - пиктограмма (белгіше) типтері. Олар Visual Basic қосылған бумалардың ішінде бар болса, File1 объектісінің ішінде жазылып қойылады. Ал, жоқ болса, File1 ішіне жазылған файлдар алынып тасталады, яғни объектінің іші бос болып көрінеді. ( Ескеретін жәйт : егер мән үшін *. VBP типі меншіктелсе, объектіге тек проект атаулары шығады, т. с. с. ) .
- Drive1объектісін екі рет шертіп, код терезесінде ішіне
Dir1. Path = Drive1. Drive
операторын енгізу. Ол ағымдық етілген дискінің Path (жол) қасиетін жаңартады (change-өзгерту) және формада орнатылған Dir1, Drive1 объектілерін бір-біріне жалғап қосады (конкатенациялайды) .
- Dir1объектісін екі рет шертіп, код терезесінде
File1. Path = Dir1. Path
командасын енгізу. Команда файлдар тізімін каталогтар тізімімен байланыстырады (таңдалған бума ішіндегі файлдар File1 ішінде көрінеді) .
- File1объектісін екі рет шертіп, код терезесінде ішіне екі команда енгізу:
pf = File1. Path & "\" & File1. filename
Image1. Picture = LoadPicture(pf)
Мұның біріншісі - пайдаланушы таңдаған файлдың толық атын рf айнымалысына меншіктеу ( Path, filename-File1 объектісінің қасиеттері; &- жалғап қосу белгісі) . Келесісі - файлды форманың Image1 өрісіне тиеу командасы. Мұндағы LoadPicture -VB функциясы, Picture- Image объектісінің қасиеті. (Формаға Image орнына Picture объектісін орнатқан да дұрыс) .
- Программаны сақтап, іске қосу (F5) . Пайдаланушы интерфейсі орнатылған форма көрінеді. Онда көрінген объектілердің тік белдеуше белгілерін жоғары-төмен қозғалта беруге болады.
- File1объектісінен қалаған кескіндік файлды таңдау, мысалы, “Lion. wmf”. файлға жазылған кескінImage1өрісіне кірістіріліп қойылады. (3. 10-сурет) .
3. 10-сурет. Файлдық жүйе объектілері ,
олар арқылы орнатылған сурет
- Мәтіндік өрістер. Мәтіндік өрістермен жұмыс
Қысқа мәтіндік мәліметтерді енгізудің қарапайым түрі: InputBox, MsgBox терезелерін пайдалану. Мәтінді формаға енгізу де мүмкін. ол үшін алдымен формаға мәтіндік өріс орнатып, курсорды мәтін өрісіне орналастырып алу керек.
Мысал . Форманың мәтіндік өрісіне үш қызметкердің фамилиясы (аты-жөні) мен туған жылы енгізілген жолдарды енгізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz