Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары


ӘОЖ 339. 137. 2:633. 5 Қолжазба құқығында
Серіков Бегім
МАҚТА КЕШЕНІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
08. 00. 05 - экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет саласы және ортасы бойынша)
Экономика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясының
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Астана, 2009
Жұмыс «Сырдария» университетінде орындалды
Ғылыми кеңесші
экономика ғылымдарының докторы
Қ. К. Абуов
Ресми оппоненттер:
экономика ғылымдарының докторы
Нұрмағанбетов Қ. Р.
экономика ғылымдарының докторы
Ертазин Х. Е.
экономика ғылымдарының докторы
Құралбаева А. Ш.
Жетекші ұйым: Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
Диссертация 2010 жылы сағат С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінiң жанындағы БД 18. 08. 01 диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен жайы: 010011, Астана қаласы, Жеңіс данғылы, 62-үй, мәжіліс залы.
Диссертациямен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2009 жылғы желтоқсанда таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, э. ғ. д. М. Ш. Кенжеболатова
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығын радикалды реформалардың нәтижесінде рыноктық экономикаға өту үдерісі дамып келеді, меншік және шаруашылық жүргізудің жаңа өндірістік қатынастары қалыптасуда. Мемлекетімізде көпнышанды агроқұрылымдарға агробизнесті ұйымдастырудың әкімшілік, экономикалық және құқықтық негізін қолдау мақсатында заңнамалық, нормативтік база жасалған.
Елімізде агроөнеркәсіп кешенінің жедел дамуының 20010-2014 ж. ж. концепциясының қабылдануы, әлем рыногымен интеграциялануы, дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіруі, мақта кешенін дамытудың тиімді жолдарын қолдануды міндеттейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласында меншік қатынасын, саланы кешенді өзгертулер, өңірдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, дамытуда және бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруда бірқатар проблемалар бар екендігін ғылыми сараптаулар көрсетті. Әсіресе суармалы жерлерде орналасқан мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін агроқұрылымдарды қайта құру ұйымдық-экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеулерді қажет етеді: жерді қалпына келтіру, шаруашылықтарды ірілендіру, озық агротехнологияларды ендіруді, өндірісті интенсивті-индустриалды тәсілмен ұйымдастыру, өңдеу тиімділігін арттыру проблемалары туындауда.
Мақта кешенін әлемдегі рыноктық қатынастардың ықпалына бейімдеу, дағдарыс жағдайында саланың өміршеңдігіне жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға берілуі, экономикалық ой-пікірлердің, сараптаудың жаңа әдістерін қолданып, мақта саласын ұйымдастыру үшін өңірдің табиғи, экономикалық, өндірістік ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескеріп тұжырымдау қажет.
Қазақстанның оңтүстік аймағы тарихи-жағрапиялық жағдайына, жер, су және еңбек ресурстарына сәйкес мақта өсіруге мамандандырылған. Осы орайда рыноктық қатынас жағдайында тиімді агробизнесті ұйымдастырудың теориялық негіздерін тереңдету, кешеннің экономикадағы орнын, мақта шикізатын бастапқы және тереңдетілген өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер мен өнеркәсіп тауарларының ішкі рыногын қалыптастыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың экономикалық механизмдерін негіздеу обьективтік қажеттілік.
Сонымен қатар рыноктық қатынастарды жетілдіру жолымен осы аумақтағы халықтың әлеуметтік деңгейін жаңа сапаға көтеру проблемалары мен перспективаларының маңыздылығын арттыру үшін мақта кешенін жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазірге дейінгі мақта кешенінің экономикасы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер бірсыпыра сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Себебі кеңестік дәуірдегі калыптасқан экономикалық категориялар ашық, еркін экономиканың түжырымдалған жағдайын толық бағалай алмайды. Нәтижеде қорытындылар, ұсыныстар жасауға жарамсыз.
Мақта кешенінің экономикалық проблемаларын зерттеудің екінші бір қажеттілігі сол, Қазақстанның оңтүстігінде мақта өсіру және өңдеу саласында құрылымдық өзгерістерді әрі қарай дамытудың қажеттілігі бар. Осы жолмен тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық табысын арттыруда саланың үлесін көбейту, ауылшаруашылық дақылдарының арасында табиғи және материалдық өндірістік ресурстарды тиімді етіп қайта бөлу және орналастыру міндеттері тұр.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әлем рыногына бейімділігін, бәсекелестікке төтеп беру мен қабілеттілігін қамтамасыз ету, жоғарыдағы аталған проблемаларды шешуде алыс, жақын шет елдерде мақта өсіру мен өңдеуді дамыту бағыттарын анықтау, олардағы экономикалық, өндірістік қатынастар мен озық тәжірибелерді сараптау арқылы пайдалану мүмкіндігін артыру қажеттілігі туындайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемасы ғылыми тұрғыдан теориялық қағидаларды, отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін кешенді, жүйелі басшылыққа алып қарастыруды қажет етеді.
Зерттеудің жалпы теориялық негіздемелері атақты ғалымдар: Дж. Кейнс, К. Маркс, М. Портер, Н. Г. Мэнкью, Д. Е. Остин, А. Лернер, Д. Рикардо, А. В. Чаянов, Дж. Беннасси, және басқалардың іргелі еңбектеріне сүйенген.
Проблеманы жан-жақты зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: У. Баумоль, М. Крозье, Лозовский А. Ш., Б. А. Райзенберг, Джефри Д. Сорс, Андре Варнер, М. Артур, тағы басқалар.
Зерттеудің ғылыми базасы ретінде бірқатар ТМД ғалымдарының еңбектері пайдаланылған. Олар: Л. И. Абалкин, Л. Кассиров, С. И. Сдобнов, С. Ситорян, А. И. Лапкин, Ф. К. Каюмов, С. Н. Усманов, Э. Акрамов, К. А. Хасанджанов т. б.
Бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемалары А. Смиттің, М. Портердің, Р. А. Фатхудиновтың, О. Сәбденнің, А. Н. Тұрғынбаевтың, Т. И. Есполовтың, К. М. Белгібаевтың, Ж. Ж. Сүлейменовтың, Қ. Р. Нұрмағанбетовтың және басқалардың еңбектерінде терең қарастырылған.
Қазақстанның аграрлық секторын реформалау мен ауылшаруашылық өнімдерінің рыногын қалыптастыру және дамыту бойынша құнды зерттеулер орындалған. Осы проблеманың теориялық және методологиялық негіздерін зерттеуде елеулі еңбектер қосқан экономист ғалымдар Қ. К. Сағадиев, А. А. Сатыбалдин, Ж. Б. Балапанов, Р. Р. Аутов, Қ. К. Абуов, Т. Есіркепов, Г. А. Калиев, А. Б. Молдашев, К. Н. Нәрібаев, Б. Г. Жүнусов, Х. Е. Ертазин, А. Ш. Құралбаева, Х. Б. Жәрекешов, Р. Ю. Қуатов, В. В. Григорук және басқалар.
Қазақстанның Оңтүстігінде мақта өсіру мәселесі бойынша Мақта шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты (МҒЗИ) бірқатар маңызды зерттеулер жүргізіп, оң нәтижелерге қол жеткізді. Соның ішінде З. Тұрсынходжаев, И. Болғанбаев, Н. Ф. Беспалов, Ж. Я. Батькаев, И. И. Үмбетаев өз ғылыми еңбектерінде жергілікті жағдайда мақта өсірудің селекциясына, тұқымшылықпен агротехнологиясына, минералды тыңайтқыштарды пайдалану, ауыспалы егіс жүйесінің тиімділігі, жердің мелиорациясы, тағы басқа мәселелерді зерттеуге арналған құнды ұсыныстар енгізген.
Мақта кешені бойынша зерттеулерді сараптау саланың тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бойынша ізденістер мен зерттеулерді дамытуды, толықтырулар енгізудің қажеттілігін көрсетті. Әсіресе рыноктық қатынас жағдайында мақта саласын сараптауда проблемаларды кешенді (өндіріс-өңдеу-өткізу) көзқараспен әлемде кең қолданыстағы әдіснамалық тұрғыдан қарастыру маңызды. Суармалы жерлерде мамандандырылған мақта кешенін өндірістік-экономикалық тұрғыдан терең зерттеместен реформаларды жүзеге асыру өндіруші агроқұрылымдарды ұсақ тауарлы етіп қалыптастырды. Мұндай жағдай салада жоғары өнімділікке ие жаңа техника мен технологияны, өндірістік күштерді тиімді пайдалану яғни өндірісті өңдеуді, өткізуді, дамыту негізінде бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру әлеуетіне қарама-қайшы болып қалыптасқан. Отандық экономикалық әдебиеттерде мақта кешені біртұтас пән ретінде қарастырылмаған. Саладағы проблемалардың күрделілігі және жеткіліксіз ғылыми зерттелуі, сонымен қатар тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемалары теориялық және практикалық зерттеулерді тереңдетіп толықтыру қажеттілігі, тақырыптың өзектілігі диссертациялық тақырыпты таңдауға негіз болды.
Зерттеудің пәні. Рыноктық жағдайда мақта өндіру, өңдеу, сату үдерістерінде туындайтын экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және құқықтық қатынастар жиынтығы.
Зерттеу объектісі. Мақта өсіру өндірісі, өңдеу және оны өткізу үдерісіндегі заңдылықтар мен құбылыстар.
Зерттеудің мақсаты мен шешімдері . Диссертацияның негізгі мақсаты - рыноктық қатынастар жағдайында мақта шаруашылығының бәсекелестікке қабілеттілігінің заңдылықтары мен тенденциясын ғылыми тұрғыдан сараптау арқылы теориялық және методологиялық әдістерін жетілдіру, саладағы жағдайға кешенді баға беру мен оны дамытуға кажетті нақты іс-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.
Автор қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттердің шешімін ғылыми тұрғыдан негіздеген:
- рыноктық қатынас және ашық еркін экономика жағдайында мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін анықтаудың теориялық және методологиялық негіздерін әлемдік іс-тәжірибе негізінде қарастыру, толықтыру;
- тиімді протекция және тиімді субсидия коэффициенттерін анықтау, қолдану және бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау;
- мақта кешенінің рыноктық қатынас заңдарына сәйкес қазіргі кездегі экономикасының қалыптасу жағдайын, экономикадағы орнына баға беру, ресурстарды қайта бөлу, пайдалану және тиімділігін арттыру жолдарын нақтылау;
- мақта кешенін дамытудың, тиімділігін арттырудың басым бағыттарын және әлем рыногында бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету жолдарын анықтап ұсыныстар енгізу;
- суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған инвестицияларды тиімді пайдаланудын негізгі концепциялық бағыттары мен ережелер негізінде мелиоративтік қорлардың нормативтік өлшемдерін бағалау және айқындау;
- мақта өндірісі саласында агроқұрылымдардың бытыраңқылығын еңсеру, оларды ірілендіру үдерісінде жаңа шаруашылықтарды ұйымдастырудың экономикалық негіздемелерін әзірлеу, өндірісті диверсификациялаудың деңгейін анықтау, басқаруды жетілдіру жобасын ұсыну;
- өндірістік құрылымдардың интеграциясы және интенсивті, инновациялық агротехнологияларды ендіру әлеуетін талдау мен тиімділігін дәлелдеу;
- мақта өсіруді дамытудың перспективалары, бастапқы және терең өңдеуді жетілдіру, мақта-тоқыма кластерін экономикалық негіздеу, ішкі рынокты қалыптастыруда және қосылған құн үлесі көп тауарлармен импорт алмастыру және экспортқа шығару болжамдарын анықтау;
- мақта саласын дамытудағы шетелдік тәжірибелерді сараптау және әлемдегі мақта өндірісімен айналысатын елдерде мемлекеттік реттеу мен қолдаудың негізгі әдістерін қарастыру, олардың тиімділерін өндіріске, маркетинг жүйесіне ендіру;
- мақта өсіру мен өңдеуде рыноктық экономика жағдайында бәсекелестікке қабілеттілігі, мемлекеттік реттеу, қолдау және сапаны басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ұсынылып отырған зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі ретінде дамыған мақта өсірумен айналысатын шетел және отандық экономист-ғалымдардың бәсекелестікке қабілеттілігі және құн теориясы бойынша еңбектері негізге алынған. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығын дамыту, саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға арналған заңнамалары және норматив тік актілері пайдаланылған. Сонымен қатар әлемдік сату-сатып алу, төлем іс-тәжірибесі, жобалық талдау, салыстырмалы артықшылық теориялары, мақта өсірудің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік бағалауға арналған зерттеулерде ескерілген.
Зерттеу әдістері. Диссертацияда монографиялық ізденістер, жүйелік талдау, болжамдар, жобалау, статистикалық іріктеу, тағы басқа қазіргі заманғы қалыптасқан экономикалық әдістер қолдалынған.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары мен агроқұрылымдардың бірнеше жылдық тәжірибесін зерттеу және жалпылама тұжырымдау әдісін қолдану. Бұл әдіс статистикалық талдау және өңдеу негізінде жүзеге асырылған. Сонымен қатар монографиялық әдістер кең түрде қолданылып, жеке кәсіпорындарда зерттеулер жүргізілген нәтижелері нақтыланып пайдаланылған.
Сондай-ақ есептік - конструктивтік әдісті пайдалану, өндірісті рационалды ұйымдастыру, бытыраңқы агроқұрылымдарды ірілендіру, егістік құрылымын жетілдіру және әртараптандыру, интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді ендіру, мамандандыру және басқаруды жетілдіру жобаларын жасауға мүмкіндік берген .
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде төмендегі нормативтік құжаттар пайдаланылған:
− ҚР экономикасын, агроөнеркәсіп және мақта кешенін дамыту бойынша заңнамалық және нормативтік актілері, ережелері мен нұсқаулары;
− ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, Статистика Агенттігі, ОҚО ауылшаруашылығы, статистика, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, «Қазақ мақта» заңды тұлғалар Ассосациялары, «Кетебай»ӨК, «Хает» шаруа қожалығы қауымдастығы, бастапқы және терең өңдеу кәсіпорындары, «Оңтүстіксушар» РМК ақпараттық және талдау материалдары;
− отандық және шетел экономистерінің еңбектерінде нақтыланған және альтернативтік материалдары, интернет ақпараттық жүйесі, мезгілдік басылымдар мен ғылыми-практикалық конференция, форум материалдары.
Жұмыс нәтижелерінің растығы мен негізділігі жүргізілген теориялық зерттеулер мен жалпыланған тұжырымдармен, ресми статистикалық мәліметтерді пайдаланумен, іс-тәжірибелік есептеулермен, қолданбалы және әзірленген әдістермен дәлелденген. Қорытындылар мен ұсыныстар әртүрлі формада талдаудан өткізіліп, орталық және жергілікті басқару, өндіріс және өңдеу ұйымдарында өндіріске ендірілген.
Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы Қазақстанның оңтүстігінде мақта агробизнесін рыноктық қатынас пен ашық экономика жағдайында кешенді және жан-жақты зерттеуге, жаңа экономикалық категорияларды қолданып, тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру проблемаларының шешімдерін табуға бейімделген. Олар төмендегідей теориялық-методологиялық және тәжірибелік маңызы бар ғылыми жаңалықтар нәтижелерімен айқындалған:
− рыноктық қатынастар жағдайында экономикалық тиімділік және бәсекелестікке қабілеттілік категорияларының мәні және мазмұны тереңдетіліп, саладағы «өндірістік мүмкіндіктер шектері», ресурстарды бөлу және тиімді пайдалану баламасын табу әдіснамасы, тиімді протекция және субсидия коэффиценттерін қолданып саланы дамыту немесе тежеу әдіснамасы ұсынылған;
− мақта кешенінің экономикасында салыстырмалы артықшылықты бағалаудың балама құн теориялық концепциясын пайдалану негізінде саланың бәсекелестікке қабілеттілігін анықтаудың жаңа методологиялық әдісіне толықтырулар енгізіліп дамытылған;
− автор өзі ұсынған методологиялық және методикалық әдістердің негізгі қағидаларын пайдалана отырып, мақта кешенін дамытудың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілетілігіне оң ықпал жасайтын факторлар мен басымдық берілетін бағыттарды анықтаған;
− мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мақсатында ірілендірілген шаруашылық құрудың ұйымдық-экономикалық негіздері мен параметрлерінің жобалары әзірленген;
− саланы дамыту үшін бағытталған инвестицияларды талдаудың, бағалаудың теориялық негіздері, суармалы жерлерді қалпына келтіруге және құнарын сақтау тиімділігін анықтауға қажетті жобалардың олқылықтары нақтыланып, олардың шешімдері берілген;
− рыноктық қатынас жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың негізгі экономикалық механизмдері, ішкі және сыртқы рыноктардағы тиімділікті бағалау мен оны арттыру жолдары ұсынылған;
− мақта саласында интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді ендіру, техникалық қорларды қайта жарақтау және ауыспалы егіс жүйесін қалыптастырудын экономикалық тетіктері зерделенген;
− ішкі және сыртқы рыноктарда мақта өнімдері мен тауарларына тұтынушылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын құрылымдық өзгерістер және саланы дамытудың болжамдары айқындалған;
− мақта кешенін дамыту мен оның тиімділігін арттыруда өнімді бастапқы, терең өңдеу және мақта-тоқыма кластерін іске асыруда дайын өнімдердің қосылған құндарын арттыру мүмкіндіктері негізделген;
− әлем рыногындағы бағаның құбылмалы жағдайында мақта өнімдерінің ішкі және сыртқы тұтынушыларын қанағаттандырудың стратегиялық даму бағыттары мен бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері үсынылып, оны мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары анықталған.
Қорғауға төмендегі негізгі ғылыми қағидалар ұсынылады:
− бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың басым бағыттарын анықтауда автордың алған ғылыми нәтижелері мен шешімдері және оның бағалауы;
− мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың әдіснамалық ерекшеліктері және оны шешудің әдістері;
− мақта саласында агроқұрылымдарды ірілендіру ұйымдық-экономикалық негіздері, параметрлері, диверсификациялау өлшемдері және басқаруды жетілдіру әдістері;
− мақта өндірісінде индустриалды-инновациялық технологиялар резервтерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға кажет дәлелдемелері;
− мақта кешенінде бастапқы және терең өңдеу, ұйымдық-экономикалық механизмдері және мақта-тоқыма кластерін жүзеге асыруда қосылған құны жоғарғы өндірісті ұйымдастыру механизмдері;
− мақта кешенінде тиімділік пен бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруды мемлекеттік реттеу және қолдау механизмдері;
− мақта өнімдерінің сапасын басқару кезеңдері мен әдістері.
Жұмыстың ғылыми-практикалық құндылығы. Жұмыстың теориялық, әдіснамалық және іс-тәжірибелік тұжырымдарын экономиканы мемлекеттік реттеу және қолдау жүйелерін, стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеуге пайдалану мүмкіндігімен анықталады:
− диссертациялық зерттеудің теориялық тұжырымдары, қорытындылары мен ұсыныстары агроөнеркәсіп кешенін, жеңіл өнеркәсіпті өркендету теорияларын дамытуға пайдаланып, салалардың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілеттілігін және оның ұлттық табысқа үлесін арттыруға болады;
− әдіснамалық негіздері, балама құн заңын қолданып балама табу, басымдық берілетін агроөнеркәсіп кешенінде салаларды анықтау әдісін басқару органдарының барлық деңгейлерінде пайдалану мүмкіндігі бар;
− сараптау нәтижелері, жалпы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру тұжырымдары суармалы жері бар өңірлерде, аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу орталықтарында, өңірлік ауылшаруашылық, жеңіл өнеркәсіп, тоқыма құрылымдарында қолдануға болады;
− әзірленген ұсыныстар мен қорытындылар өңірлік басқару органдарының, ауылшаруашылық өндірісі, бастапқы және терең өңдеу, өткізу кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Диссертацияда тұжырымдалған автордың қорытындылары мен ұсыныстары Өзбекстан республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ҒЗО-да, ОҚО әкімшілігі, ауылшаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау, «Оңтүстік» ӘКК, «Оңтүстік» АЭА, «Қазақстан мақтасы» заңды тұлғалар ассосациясында талқыланып «Кетебай» ӨК өндіріске ендірілген.
Автор ҚР «Мақта саласын дамыту туралы» заңын әзірлеуге қатысып, оның бірқатар тұжырымдары енгізілген.
Зерттеулердің нәтижелерін апробациядан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі теориялық-тәжірибелік қағидалары, шығарылған қорытындылары мен әзірленген ұсыныстар халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып мақұлданған.
Әуезов окулары: “XXI ғасыр басында аймақтардың әлеуметтік- экономикалық даму проблемалары», ОҚМУ, Шымкент, 2001; Әуезов окулары: “Қазақстан аймақтарының түрлаулы дамуы моделін калыптастыру”, ОҚМУ, Шымкент, 2003.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары (Алматы, 2004) . Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар (Алматы, 2005), Аграрлық өндірісі кластерлік-индустриалдық дамыту: негізгі проблемалары мен перспективалық бағыттары (Алматы, 2006), индустриалдық-инновациялық даму Қазақстанның тұрақты экономикалық даму негізі (Шымкент, 2006), Қазақстан Республикасының бәсекелестік қабілеті 50 елдің қатарына кіру жоспарына байланысты ауылшаруашылық саласында ғылыми жобаны жасау және енгізу мәселелері (Алматы, 2007), ОҚО әкімшілігі, Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және «Сырдария» университетінің бірлескен Ғылыми Кеңесінде: «Мақта кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемалары» (Жетісай 2007) .
Жаңа әлемдегі Қазақстан және ұлттық білім беру проблемалары (Жетісай, 2008), Ғылым және өндіріс (Жетісай, 2009) .
Мырзашөл өңірін игеру тарихы туралы республикалық ғылыми-практикалық конференция (Шымкент, 2009ж)
Тақырыптың жарияланымы. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша 47 ғылыми жұмыстар жарияланған. Соның ішінде бір монография, екі оқу құралы, 20 ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын бақылау және аттестациялау Комитеті ұсынған, төртеуі шетелдік басылымдарда шығарылған.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, бес тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Бәсекелестікке қабілеттіліктің және экономикалық тиімділіктің теориялық - методологиялық негіздері
Әлем экономикасының жаhандануына орай мақта рыногының дамуы, оның экономикалық тиімділігі мен шығарылған өнімге сұраныс денгейлері тауардың, агроқұрылымның және саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты.
Қазақстан экономикасының интеграциялануы, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағдарламасы экономиканың және салалардың бәсекелестікке қабілетті болуының өзектілігін арттыра түсуде. Әлемнің атақты экономист-ғалымдары бәсекелестікке қабілеттілік теориясы бойынша саналуан тұжырымдар жасаған. Олар «Бәсеке рыноктағы көрінбейтін қол», адамдар өзінің жеке пайдасы үшін іс-қимыл жасайды, қоғам құндылықтарын арттырып экономиканың дамуына үлесін қосады деп тұжырымдаған. Ал, салыстырмалы артықшылық теориясы бойынша өндірістік ресурстарды оптималды бөлінуін таңдаулы «статикалық» жағдайда қарастыруды ұсынған.
«Сақталатын» және «сақталмайтын» бәсекелестік теориясында халықаралық бизнестегі инновациялық менеджмент, ресурстарды, материалдық құндылықтарды иелену және жаңалықтыр ендіру қабілеті туралы құнды анықтамалар берілген. Бәсекелестік артықшылық дербес жасалған іс-әрекеттердің қорытындысынан құралады, олар: жобалау, өндіріс, маркетинг, жеткізіп беру және басқа қызметтер.
Рыноктағы бәсекелестікке қабілеттілік тауардың сапасына, бағасына, қызмет сапасы мен тұтыну шығындарына тікелей байланысты болады, пайданың көзіне айналады. Ал пайда өз кезегінде: компанияның, қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз етіп, бәсекелестікке қабілеттілікті әрі қарай дамыту әлеуетін жоғарылатады.
Сонымен қатар бәсекелестік қатынастар макро, микро және мезо денгейлерде рынок механизмдерін реттеп, микро деңгейде бәсекелістікке кабілетті тауарларды өндіруге мүмкіндік береді, оның кабілеттілігі мен тиімділік құрылымы инновацияға икемділігімен бағаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz