Нәресте күтімі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Нәресте күтімі

Баланың күтіміне байланысты барлық мәселелерді осы шағын кітапта қарастырып өту мүмкін емес. Сондықтан аналарды ең көп мазалайтын мәселелерге ғана тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.

Кіндік күтімі

Кіндік кесілгеннен кейін оның түбірі қалады. Кіндік жарасы оңай қабынады. Бірақ мұның алдын алу аса қиын емес. Кіндігі түспей тұрып нәрестені таза сумен шомылдыруға болады. Кіндікке қол тигізбестен бұрын қолыңызды жақсылап тазалап жуыңыз! Қайнап, суыған сумен ылғалданған
мақтамен кіндікті күн сайын тазартқаныңыз жөн. Кіндікті құрғақ ұстаңыз. Ол 3 - 7 күннен кейін қарайып, өзінен-өзі түсіп қалады. Егер жара қызарып, іріңдеп, жағымсыз иіс шығара бастаса,
бұл оған инфекция түсті деген сөз. Баланы дереу дәрігерге көрсету керек.

Көз күтімі

Туылғаннан кейін бірнеше апта бойы нәрестенің көзінен көбіне сарғыш шырыш бөлініп тұрады. Оны қайнап, суыған суға малынған немесе емшектен аздап сүт тамызған мақтамен жайлап тазалауға болады. Ал егер көз іріңдеумен қатар қызарып, ісіп жатса, дәрігерге қарату керек.

Тері сарғыштығы

Көптеген нәрестелердің денесі туылғаннан бір тәуліктен кейін сарғыштанып кетеді. Бұл қалыпты жағдай, оған арнайы емнің қажеті жоқ. Тек жиірек, 2 - 3 сағат сайын емізіп, күннің сейілген жарығымен сәулелендіріңіз. Әдетте сарғыштық 3-6 күннен кейін өздігінен басылады. Бірақ емшек еметін нәрестелерде ол одан да көбірек уақытқа сақталуы мүмкін.
Нәресте сергек, емуі дұрыс, күніне 3 - 4 рет кіші дәретке, 1 - 2 күнде бір рет үлкен дәретке отыратын болса, алаңдамауға да болады. Ал егер сарғыштық күшейе түсіп, бір аптадан кейін де басылмай тұра берсе немесе туылғаннан кейінгі 24 сағат өтпей тұрып-ақ пайда болса, дереу дәрігермен байланысыңыз.

Үлкен дәрет

Баланың алғашқы дәреті (тоңғақ яки меконий) қара түсті. Кейде ол өте жабысқақ болып келеді, сондықтан баланың құйрығын жуып тазарту оңай болмайды. Соның алдын алу үшін баланы алғаш рет жаялыққа орамас бұрын құйрығына аздап вазелин жаққан пайдалы. Баланың сүт емуі
жүйеге түскен соң, үлкен дәрет қара түстен анасының жеген тамағына байланысты қошқыл жасыл, сосын сарғыш қоңыр түске өзгереді. Үлкен дәреттің жиілігі де әр түрлі болады. Кейбір нәрестелер жаялығын тамақтанған сайын бүлдірсе, басқалары 2-3 күнде бір рет бүлдіреді. Мұндай айырмашылық әр нәрестенің ас қорыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.

Іштің кебуі

Көптеген нәрестелер іштері кеуіп жылайды. Мұның бір себебі - нәрестенің ас қорыту жүйесінің даму ерекшелігінде. Басқа да себептері болуы мүмкін.
Олар:
- ананың жеген тамағының әсері,
- құшырлана емгенде нәрестенің асқазанына ауаның көп өтіп кетуі.
* Сондай жағдайда мынаны істеуіңізге болады:
- бала емізіп жүрген кездің бәрінде, жеген тамағыңызға әрі оның балаға қалай әсер ететініне көңіл бөліңіз. Мысалы, ащы тағамнан немесе қырыққабаттан (капуста) кейбір нәрестелердің іштері кебеді.
- баланың ішін сипаңыз.
- оны біраз уақытқа ішімен жатқызыңыз, бірақ баланы ешқашан етпетінен жатқызып ұйықтатпаңыз. (9 - суретті қар. )
- емізіп болғаннан кейін баланы тік ұстап, арқасынан аздап қағып, кекіртіңіз.
* Ескерту: Баланы ұстағанда міндетті түрде бір қолыңызбен желкесінен демеп тұрыңыз, басын шайқалтпаңыз. (10 - суретті қараңыз. )

Нәрестенің сезуі мен қимылдауын қолдап, амандығын қамқорлау

Ана жатыры нәресте үшін ерекше ыңғайлы орта болып табылады. Оның ішінде бөбек өзінің дамуына түрткі салатын көптеген нәрселерді басынан өткізеді және қауіпсіз қимылдап, өзінің орнын өзгерте алады. (Мұқабаның ішкі беттеріндегі фотосуреттерді қараңыз. )

Туған соң нәресте енді ауырлық күшінің әсерін сезетін болады. Сондықтан ол өзінің салмағы бар денесін меңгеруді біртіндеп үйренуге тиіс. Ауырлық күшінің әсеріне түсе отырып қимылдау - бөбек үшін мүлдем жаңа әрі қиын нәрсе.
Нәрестенің бойында олай-бұлай қимылдауға деген ұмтылыс бар. Бірақ қимылдауы үшін оған тіріле алатын шектеу мен берік негіз (мысалы төсектің беті) қажет. Жаңа туған бөбек ересектердің көмегіне толығымен тәуелді. Сіз нәрестеңізбен бірге күнде жасайтын қимыл-қозғалыстарды
оның үйреніп, дамуына қолайлы жағдай тудыратын түрде жасай аласыз.
Жаялық ауыстырғандағы дұрыс қимыл-қозғалыстар:
Бөбектің денесін оның аяғынан ұстап көтермеңіз, себебі
- бұл бөбекке зақым келтіруі мүмкін (жамбас дисплазиясы) ;
- олай істесеңіз денесінің салмағының үлкен бөлігі оның бас тұсына келеді; содан оның миына көбірек қысым түседі;
- нәрестені аяғынан ұстап көтергенде оның ішіне де қысым түседі; бұдан ол құсып жіберуінемесе іші желденуі мүмкін, әрі оның тыныс алуы да бөгеліп қиындайды;
- нәрестенің денесінің барлық бөліктері бір кезде қозғалады, сондықтан оның қозғалуға белсенді қатысуына ешқандай мүмкіндігі болмайды.
* Дұрысы: нәрестені қырынан жатқызып жаялықты ауыстыру, себебі
- бөбектің дене салмағы өзі жатқан бетке түседі;
- қимыл-қозғалыстарыңыз баяу болғандықтан нәресте соларды сезе алады; содан ол өзін қауіпсіз сезінеді;
- бөбектің денесінің түрлі бөліктері бірінен кейін бірі қозғалады;
- нәресте өз денесінің қалай қозғалып жатқанын сезіп, уақыт өте соған өзінің белсенді қатысуына мүмкіндігі болады.

Осылай нәресте өз дамуындағы келесі қадамды жасап, ақырындап жамбасына бұрылуды үйрене алады. Сонымен қатар, нәрестенің қолайлы қимылдауына қолдау жасайсыз. Осы арқылы нәресте керек кезінде күшенуді үйренеді. Бұл астың қорытылуына және үлкен дәреттің келуіне көмектеседі.
Жоғарыдағы бөлімде айтып өткеніміздей, көптеген сәбилердің іші кеуіп ауырады. Нәрестенің санын аздап әрі абайлап ақырын шеңберлете қимылдатсаңыз, оның ас қорытуына көмектесе аласыз. Себебі соның нәтижесінде қорытылып жатқан ас пен ішектегі газ ас қорыту жүйесі бойынша әрі қарай жылжиды.
Нәресте қандай жағдайда жатса да, оның санын осылай абайлап шеңберлете қимылдатуға болады. Мысалы, нәрестені қолыңызбен ұстап тұрғаныңызда екінші қолыңыз оның бір санын абайлап шеңберлете қимылдата алады.
Нәрестені жамбасына сәл еңкейтіп жатқызғанда оның арқасының, бір қолының және бір табанының астына жастықша не шиыршықталған орамал салғаныңыз жөн. Сонда ол бір аяғымен итеріп, жамбасын сәл бұра алады.
Нәресте арқасында жатқанда, оның қысқа қол-аяғы өзі жатқан бетке жетпейді.
Сондықтан сырт жағынан қол-аяғының астына жастықша немесе шиыршықталған орамалдар салу керек. Осылай оның қол-аяғының салмағы соларға түсіріліп, нәресте күшенбей еркін де тыныш жата алады.

Нәрестені дұрыс жатқызу және көтеріп алу: Бөбекті жатқызғанда, аяғынан бастап жатқызу қажет. Содан соң оны сәл жамбастатып жатқызғаныңыз жөн. Бұдан кейін оның денесін ақырын бұрып, арқасы мен басын да жатқызыңыз.

Нәрестені көтеріп алғанда оның денесін жамбасына сәл
бұрып, алдымен үстіңгі жағын, содан соң ғана аяғын төсектен көтеріп алғаныңыз абзал.
Сонымен осы бөлімшеде көрсетілген қимыл-қозғалыстар арқылы нәрестеңіздің жанасуын, қимылдауын, сезуін және оның сезімталдылығының дамуын қолдай аласыз!

Сәбидің бөлмесін дайындау.
Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені немесе бөлменің ең жарық бөлігін дайындап, ондағы барлық заттарды шығарып тастау қажет. Алдын ала шағын косметикалық жөндеу жасап жіберген абзал, егер бұл белгілі бір себептер бойынша мүмкін болмаса, бөлмені жуып, тазалау қажет.
Үйдегі шаңда сәбиге үлкен қауіп төндіретін микроп көп болады, ал таза ауа балаға оның өкпесінде ауа айналымы дұрыс жүруі үшін қажет, бұл көптеген аурулардан алдын алады. Бөлмені ең кемі 3рет желдетіп отыру қажет: таңертең, күндіз және кешке. Жылы уақытта терезені немесе желдеткіш терезені ашып қоюға болады. Бөлме температурасының 20-22 градус болу қажеттігін ұмытпаңыз. Жаңа туған нәрестені күтуге арналған заттардың барлығын, соның ішінде киімдерін, алдын-ала дайындалған бөлмеге қойған дұрыс. Бұл шаралар алғашқы апталардағы нәрестенің күтімін айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені сәби үйге келгенде, әдетте, әуре-сараң көбейіп кетеді.
Кіндікбау қалдықтарын күту.
Кіндікбаудың қалдығы кірленіп кетпеуі және ертерек кебуі үшін күніне 2 рет жасыл дәрімен тазартып отыру қажет. Оның айналасы қызарып кеткен болса немесе кіндік жарасынан қандай да бір сұйықтықтар бөлініп жатса, педиатр көмегіне жүгіну қажет. Баланы шомылдыру. Баланы перзентханадан келген күннің ертесінен бастап шомылдыра бастау қажет. Алғашқы күндерінен бастап, кіндік жарасы толық жазылғанға дейін, баланы қайнатылған және қызғылт түсті марганцовка қосылған суда шомылдырған дұрыс.

Баланы шомылдыру үшін қажетті заттар:
1) Кішкентай ванна (фаянс, эмаль немесе пластмаса)
2) Қайнаған сумен шаюға арналған ыдыс
3) Судың температурасын өлшеуге арналған термометр
4) Бала сырғып кетпеуі үшін ваннаның түбіне орамал немесе төсеме
5) Сүрту үшін үлкен жұмсақ орамал (тек қана сәбиге арналған)
6) Жеке басының бұйымдары (кішкентай тарақ, жұмсақ сусабын, балаларға арналған сабын, мақта тампондары)
7) Сәбидің киімдері, таза жаялық.

Сәбиді тәуліктің кез-келген уақытында шомылдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланы емізер алдында (сағ 21-де) шомылдыру. Кешкі уақытта күнделікті шомылуға шартты рефлексін қалыптастыру бала өмірінің келесі кезеңдері үшін аса пайдалы болуы мүмкін. 6 айға дейін жастағы дені сау сәбиді күн сайын, ал 6 айдан асқан сәбиді күн ара шомылдырған жөн. Күн ыстықта сәбиді кез-келген жаста, күн сайын шомылдыру керек.
Баланың терісін күту.
Баланы күнде жуындыру қажет. Алғашқы 6 күн бойы сәбидің бетін қайнаған сумен жуады. Әр көзін жеке мақта тампонымен шетінен ішке қарай сүртеді, одан соң бетін таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен құрғатады. Мұрын тесіктерінің әрқайсысын ширатылған мақтамен тазартады. Баланың тырнағын өскен сайын алып отыру қажет. Сәбиді әр үлкен дәреттен кейін, міндетті түрде, жылы ағын сумен жуып-жаю қажет.

Қыздардың сыртқы жыныс мүшелері үлкен дәрет қалдықтарымен кірленбеуі үшін, алдынан артына қарай жуады. Содан соң таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен сүртіп, шап және бөксе іркістеріне балаларға арналған май жағады.

Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезіндеұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму(эмбриональдық) . Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos - жекелей, genes - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.

Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады». Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.

Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емшектегі бала
Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
Бір жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
Отбасы әлеуметтік институт ретінде
Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты
Бала емізу
Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
Қартайған кездегі ең маңызды физиологиялық жүйелердің жағдайы
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz