Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері

Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті - жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру -ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі.

Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі - кәсіби бейімделген болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. [1. 22-23]

Экологиялық бiлiм берудiң мазмұны - балалардың бойында экологиялық құндылықты калыптастыру. Мұның мәнісі: экологиялық орнығуын қамтамассыз ету. Әр маман иесi табиғатты тұтасынан алғанда коғамның және жеке адамның алуан түрлi қажеттілігін өтейтiн қазына байлық пен тусiнуi керек. Бiрақ ол сарқылмайтын қазына емес. Адамның қажеттіліг тәжірбелік матеиалдың және рухани болуы мумкiн. Тәжірбиелік қажеттiлiгiн өтеу әрi өндiрiстi, ғылымды және техниканы дамытады. Рухани қажеттiлiгiн өтеп, ақыл - ойын және эстетикалық талғамын өсiредi. Табиғи әсемдiгi мен сұлулықтарын көре бiлуге, одан ләззат алуга баулу -экологиялық бiлiм беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің басты мiндетi. Болашақ маман иесi табиғаттың құндылығын экономикалық жағынан да бағалай бiлуi тиiс. Бұл, әсiресе, тәуелсіз Қазақстанның нарыққа бет бұрған шағында аса кажеттi мiндеттерiнiң бiрi. [2. 13-14]

Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар. [6. 45-47]

XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды. [5. 55-56]

Ал «Құстың ұясы», «Алмастың ағашы», «Бақтағы қоңыраугүл» т. б. шағын әңгімелер табиғаттың ғажайып мол дүниесін бағалап, аялай білуге тәрбиелейді. Тыйым сөздер арқылы ата-ана, тәрбиеші балаға сөз мағынасын түсіндіріп, табиғатқа байланысты айтылған «обал», «сауап» сөздерінің мағынасын меңгеруге мүмкіндік береді. Осы айтылған шығармалардан мысал келтірейік.

Жапырақтар

Т. Молдағалиев

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады, -

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.

Алтын астық

Қ. Мүсірепов

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулеті,

Астық Отан әулеті.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ас атасы-нан

М. Төрежанов

Науанның әжесі нанды аса қадірлеп, бір түйір қоқымын жерге тастамай, жиып алып жүрді. Көрші қолаңдар: «Қайтсін, Ғайшаның көрмегені жоқ, бір кездері бір үзім нанға зар болып, оразасын бірнеше күн ашпаған күндері де болған деседі ғой», - деп қолдап жатса, енді біреулер «Кешегі сұрапыл жылдарда жоқшылықты кім өткермеді, қазір бәрі де ұмыт болған жоқ па? Ол Ғайшаның өзінің сараңдығы-дағы Әйтпесе бұл күнде қатқан қоқымын үнем етіп отыр», - дейтіндер де бар. Ғайша мұндай жағымсыз сөздерді естісе де, мән бермей: «Ас атасы-нан, оның қадірін білмегендер сөйлей берсін», - деп елемейтін. Ол өзінің ұлы хакімнің тракторшы екенін мақтан ететін. Осыншама молшылықты хакімнің еңбегі деп білетін. Біреулер «Хакім қайда?»- деп сұрай қалса, «Хакімжан үйде отыра ма? Азаннан кеткен, ақшамда оралар. Жер жыртып жатыр ғой», - деп жауап беретін. Енді күз айларында «Хакім қайда?» дейтін болса,

  • Хакімжан үйде отыра ма? «Ас атасы- нанды орып жүр. Құлынымның әр күні бір жылға азық», - деп ұлының еңбегін мақтап ала жөнелетін. Мұны естігенде кішкене немересі Науан егіс даласында өсіп тұрған дайын нанды көруді аңсайтын. Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
  • Мынау өсіп тұрған не?- деп сұрады.
  • Науанжан, бұл пісіп тұрған нан, - деп жауап берді әжесі.
  • Нан болса таба наны қайда?
  • Таба нан да осы нанның ішінде.
  • Ал, тоқаш ше?
  • Тоқаш та осы нанның ішінде.
  • Бауырсақ ше?
  • Бауырсақ та осы дәнге сыйып тұр, Науанжан.
  • Әже, кіп-кішкентай дәнге осыншама нан қалай сыйып тұр?- деп Науан таң қалды.
  • «Ас атасы-нан, нан атасы-дән», - деген, Науанжан, осыншама мол дүние, тоқшылық- әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Ағаш ат

Б. Данабеков

Бүгін апам қия бастырмай қойды. Өйткені, кеше күні бойы, тіпті түннің бір уағына дейін ойнап едім. Дөкей кеше:

  • Бүгін ат жарыстырып ойнаймыз, - деген.
  • Ой, атты қайдан табамыз?
  • Үндеме, бәріңе бір-бір ат табылады. Қазір айдап келемін.

Ойымызда бір-бір ат мінеміз деген қуаныш әлден уақытта бір құшақ шыбық арқалап келіп тұр.

  • Атың осы ма?
  • Осы. Қане, жарысатының алыңдар.

Жарыс десе қызып кететін біз бір-бір шыбыққа мініп алдық. Жарыс кезінде менің атым зақымданып, басқа ат ауыстыруға мәжбүр болдым. «Ана ағаштың бір бұтағын кес», - деді Дөкей.

«Не де болса үлкен атқа мінейін», - деп бұтаққа жармастым. Кішкентай бәкімен қиқалап кесіп жатып, күзетші атайды байқамай қалыппын.

Қилыбай атам құлағымды бұрады да қоя берді. Апама да айтыпты. Енді, міне, аттың кесірінен үйден шыға алмай отырмын.

Бәйшешек

Н. Әлімқұлов

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

Жауқазын

Н. Айтов

Алғаш рет күркіреп,

Ағыл-тегіл жауса күн.

Қырға шығар дүркіреп,

Көктем басы-жауқазын.

«Бұлақ» деп неге аталған?

М. Әлімбаев

- Қалай «бұлақ» деген?

-Бәсе, айтшы, неден?

-Туса сондай сұрақ,

Мен айтайын, шырақ:

Құдды аппақ сынап,

Құйқылжиды бұлақ.

Суы тәтті бұлақ

Түсін қара бұл-ақ!

Бұл ақ! Яғни- ақ бұл

Мынау ойың- тапқыр. [3. 78-84]

Табиғатқа қатысты болжамдар

  • Қыс қарлы болса- жаз жаңбырлы болады.
  • Қыс аязды болса- жаз ыстық болады.
  • Тұман түссе- күн жылынады.
  • Ерте көктемде қарға суға шомылса- күн жылиды.
  • Мысық жылы жерді паналаса- аяз болады.
  • Аспанда жұлдыз көп болса- күн суытады.
  • Жаз жауынды, күз жылы болса- қыс ұзақ болады.
  • Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
  • Түтін аспанға тік көтерілсе- аяз болады.

Тыйым сөздер

  • Гүлді үзбе
  • Көкті таптама
  • Құмырсқаның илеуін бұзба
  • Ұя бұзба
  • Құстың баласына тиіспе, қарғысына қаласың
  • Судың да сұрауы бар. Суды үнемде
  • Бұлақты ластама, көзін аш.
  • Жалғыз ағашты кеспе
  • Ақбөкенді атпа
  • Су шашып ойнама
  • Жерді шұқыма
  • Кірдің суын жолға төкпе

Мақал-мәтелдер

  • Балдырлы көлде балық көп.
  • Жылқы-малдың патшасы.
  • Түйесі бардың киесі бар.
  • Көтерем деп түйеден безбе

Салтанатың емес пе?

Тебеген деп биеден безбе,

Қос қанатың емес пе?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz