Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

1. КІРІСПЕ

Пән туралы қысқаша сипаттама . Құқық негіздері - мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі, құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. “Құқық негіздері” заң мамандығын алмайтын студенттерге арналған құқық теориясының негізін, Қазақстан Республикасының заң шығарушылығын түсіндіретін жүйелі оқу курсы. “Құқық негіздерін” оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының негізгі түсінігін, қағидаларын, заңдылығын анықтайтын және олардың байланысын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларының негізгі түсініктері мен қағидаларын түсіндіретін мемлекет және құқық негіздері болып табылады. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады. Негізгі құқық теориясының, мемелкет теориясының түсінігі мен анықтамалары, құқық салаларының құқықтық қалыптарының маңызды мәні, негізі туралы түсініктерді қамтиды. Адамның және азаматтың күнделікті µмірде кµп кездесетін құқық салаларына: отбасы, еңбек, азаматтық және басқа да құқық қатынастартарына кµп кµңіл бµлінеді. Құқық негіздері Қазақстанның құқық жүйесі және студенттердің әлемдік кµзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік-құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, студенттердің әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Заң мамандығын алмайтын студенттетге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру.

Пәннің міндеттері: Қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік-құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси-құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.

Пререквизиттер: Аталған курсты оқығанға дейін студенттер орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

Постреквизиттер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.

Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз еттетін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімнің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық-құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Қысқартылған сөздер:

СӨЖ - студенттің орындайтын өзіндік жұмысы.

ОБСӨЖ - оқытушы басшылығымен орындайтын СӨЖ.

ҚР - Қазақстан Республикасы.

ҚР АК - Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі.

ҚР ҚК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі.

ҚР ӘҚБтК - Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексі.

НҚА - нормативтік-құқықтық акт.

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1. Лекцияның тақырыбы: Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

Лекцияның жоспары:

  1. «Құқық негідері» оқу курсының жүйесі.
  2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер.
  3. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.

Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, түрпішіндері, белгілері, жүйесі, механизмін талдау арқылы студенттерге жеткізу.

Лекцияның қысқаша мәтіні:

1. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі.

Құқық негіздері пәні заң ғылымдары бойынша гуманитарлық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша. Әсіресе, тауар-ақша (мүліктік) және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы ерекше. Сондықтан да бұл пән арқылы ҚР Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын, жалпы мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін үйретеді.

Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі пәндердің ең негізгілері қамтылып, онда Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Әкімшілік құқық, Еңбек құқығы, Қылмыстық құқық, Отбасы құқығы, Қаржы құқығы және Халықаралық құқық салаларынан жоғары білімді мамандар даярлауда қажетті теориялық түсініктер беріледі.

Аталған пән төмендегі мәселелерді қарастырады:

- мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, құқықтық қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстарын;

- мемлекеттің Конституциялық құрылысын, мемлекеттік биліктің бөліну теориясы мен тәжірибесін;

- Қазақстанда қолданылатын негізгі құқық нысандары мен салаларының ерекшеліктерін;

- мемлекеттік қызмет принциптері мен мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебелерін; әкімшілік жауаптылық мазмұнын; азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, жеке және заңды тұлғалар ұғымы мен олардың мүдделерін қорғау мәселелерін; қылмыс ұғымы мен санаттары, себептері және қылмыстық жауапкершілік негіздерін; еңбек заңдылықтары, еңбекті қорғау мәселелерін; неке және отбасы құқығының негізгі қағидаларын; мемлекетіміздің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін; экологиялық және жер құқығының басты ерекшеліктерін.

Мемлекет туралы негізгі түсініктер.

Мемлекеттің ұғымы және оның белгілері, мәні. Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасады. Мемлекет дегеніміз - қоғамдық саяси ұйым. Қоғамдық ұйымның алғашқы түрі - рулық қауым. Ру дегеніміз - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс-б. з. д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Мал шаруашылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқықтың туынды тарихы- қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттің рулық қауымнан айырмашылығын мынадай белгілері арқылы ажыратамыз:

1. Мемлекеттік егемендік

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді.

3. Мемлекеттің әкімшілік билік жүргізетін органы болады. Басқару ісімен шұғылданатын адамдар қызмет етеді.

4. Мемлекет заңдар шығарып, солардың күшімен қоғамдық қатынастарды реттейді.

5. Салық жүйесінің қалыптасуы.

Мемлекет пен құқықтың шығу себептері:

- жинау экономикасынан өндіру экономикасына көшу

- мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі

- еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі

- алып-сатарлардың пайда болуы

Мемлекет пен құқықтың өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективті заңдылықтары:

- еңбек өнімділігінің өсуі

- артық өнімнің пайда болуы

- жеке меншіктің пайда болуы

- таптардың пайда болуы

Мемлекет дегеніміз - жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы.

2. Қоғамдық қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың құдыретімен жаратылды деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель болды. (оны жақтаушылар Фильмер, Михайловский т. б. )

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған. (б. з IV-IIIғ) Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Спенсер, Вормс, Прейс т. б. бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі- адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсінеді.

Күштеу теориясы - XIXғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л Гумплович, К Каутский т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады- деп түсіндіреді.

Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

Мемлекеттің нысандары, функциялары, механизмі. Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.

Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархия шексіз және шектелген болып екіге бөлінеді. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі өз қолында. (Мысалы, Шығыс деспотиясы, Египет, Вавилон, Қытай, Жапония), Рим империясы жатады. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі. (Бруней, Оман)

Ал шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Монархияның бұл түрі Шығыс мемлекеттерінде кездеседі. Мысалы, Үндістан. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден, заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791ж Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық Жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тиым салған және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген(1689ж) Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Европа мемлекетінің көпшілігі осыған жатады. : Белгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-Министр болып тағайындалады. Премьер-Министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет корольдің алдында емес, Парламенттің алдында жауапты. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару нысаны республика деп аталады. Республикалық басқаруда мемлекет басшысы сайланады. Бұл басқарудың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар. Президенттік Республикада президентті тікелей халық сайлайды және президент мемлекет басшысы бола отырып үкіметті тағайындайды. Парламенттік Республикада мемлекет билігінің жоғарғы органдар жүйесі парламенттің басымдылық принципіне негізделген. Мысалы, Италия, Швейцария. Кейбір мемлекеттерде Президенттік және Парламенттік республикалар белгілері аралас болады. Оларды жартылай президенттік республика деп атайды. Мысалы, Ресей Федерациясы.

Мемлекет құрылымы. Әр мемлекеттің аумағы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттік аумақтық бөлшектерінің жүйесі қалыптасады.

Мемлекет құрылымы - мемлекет нысанының екінші элементі. Бұл ұлттық, мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді. Тұтас яғни, унитарлы мемлекеттер тек қана әкімшілік жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады.

Федерация - күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Федерация екі немесе одан да көп мемлекеттердің бірлестігі. Федерацияның екі түрі бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КСРО, Югославия, Үндістан. Екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады.

Конфедерация - белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияның ерекшеліктері: белгілі бір лайықты түрде жасалған келісім-шарттар негізінде құрылады, оның субъектілері өз еркінше достастықтан шығуға құқылы, конфедерацияға кірген елдердің егемендіктері өздерінде сақталады, келісім-шарт актілерінде көрсетілген мәселелер бойынша ғана құрылады, конфедерацияның тұрақты түрде істеп тұрған органдарының билік өкілеттіктері болмайды, одақтық өкімет актілерін тануды субъектілердің қабылдамауға құқығы бар. Мысалы; ТМД конфедерация белгілері бар құрылым.

Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

Саяси режимнің түрлері: демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық режим екіге бөлінеді: шын және либералдық. Антидемократиялық режим үшке бөлінеді: тоталитарлық, авторитарлық және фашистік.

Демократиялық биліктің белгілері: Әр түрлі партия, бірлестік, қозғалыстар Конституция шеңберінен шықпай еркін бостандықта қызмет атқарады. Идеологиялық плюрализм. Мемлекет органдарының сайланбалы жолмен құрылуы. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алып, олар шын мәнінде қамтамасыз етілу кепілдіктеріне ие болуы.

Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.

Құқық дегеніміз - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқық белгілері: нормативтілігі, жүйелігі, формалды анықтылығы; мемлекеттің күшіне сүйенуі; адамдардың еркін білдіруі; жалпыға міндеттілігі; өзгергіштігі.

Құқықтың қызметі дегеніміз - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Құқықтың реттеу функциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады. : біріншісі- құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі-нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету; екіншісі- нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.

Құқықтық қорғау функциясы- нормативтік актілердің қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері:

- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;

- құқықты нормада тиым салудың себептерін көрсету;

- жауапкершіліктің түрін көрсету;

- жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту;

Құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар құқық принциптері болып табылады. Ол идеялар әділет пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Құқық принциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді. Құқық жасалу барысында мына принциптер негізге алынуы тиіс.

  • Демократиялық;
  • Ұлтаралық келісім;
  • Заңдылық;
  • Адамгершілік;
  • Азаматтардың заң алдында теңдігі;

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық және әлеуметтік нормлар болып бөлінеді. Қоғамның әлеуметтік нормалары- бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқық, діни, әдет-ғұрып, мораль және корпоративтік нормалар жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет ұғымы туралы теориялар

2. Мемлекеттің мәнін түсіндіретін әдістер

3. Мемлекеттің негізгі белгілері

4. Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің сипаты

5. Мемлекетті басқарудың түрпішіндері

6. Мемлекет құрылымының түрпішіндері

7. Құқықтың ұғымы, белгілері

8. Құқықтық нормативтік актілердің түрлері

9. Құқықты іске асыру, құқық қолдану, құқықтық қатынас санаттары

10. Заңдылық, құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық санаттары

2. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері

Лекцияның жоспары:

  1. Конституциялық құқық - ҚР-ның жетекші құқық саласы ретінде.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Негізгі Заңы.
  3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.
  4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.
  5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.

Лекцияның мақсаты : Ата заңымыз Конституцияның негізгі заң екендігін ұғындары отырып, конституциялық құрылысты, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау органдары туралы түсінік беру.

Лекцияның қысқаша мәтіні:

1. Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде.

Конституциялық құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде - ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі; 2. Тыйым салу әдісі; 3. Рұқсат ету әдісі; 4. Тану әдістерді қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Негізгі Заңы.

1993 жылы 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы кедендік статистика
Нормативтік актілердің күші
Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Құқықтық мәдениеттің элементі - құқықтық сана
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
Мемлекеттің белгілеріне жататындар
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz