Жердің физикалық қасиеттері



1. Жердің физикалық қасиеттері
2. Магниттік ауытқу
3. Магнитометриялық зерттеу
4. Жердің жылулығы
Жердің физикалық қасиеттері – зерттеу нәтижесінде оның өзіндік ерекшеліктерін біліп қана қоймай, сонымен бірге жер қойнауында орналасқан әр түрлі пайдалы қазбаларды іздеп-табуға болады.
Жердің физикалық қасиеттеріне ауырлық күші, тығыздығы, қысымы, магниттік, жылулық және т. б. қасиеттері жатады.
Жер бетінде жердің өзіне қарай бағытталған центрге тартқыш және центрден сыртқа қарай бағытталған центрден тепкіш күштерінің болатындығы үнемі байқалады. Осы күштердің ортақ әсері ауырлық күшін көрсетеді. Ауырлыц күшінің үдеу шамасы жердің құрылысы мен сыртқы пішінінің өзгерістеріне қарай анықталады; ауырлық күші экваториальды аймақтармен салыстыр-ганда полярлық аймақтарда көбірек; оның үдеу шамасы полюстен экваторға қарай біртіндеп азаяды (0,5%). Бірақ кейбір аймақтарда бұл заңдылық орындалмайды. Жеңіл салмақты жыныстардан құралған аудандарда ауырлық күші азаяды (теріс аномалия), ал салмағы ауыр жыныстардан құралған аудандарда ауырлық күші арта түседі (оң аномалия).
Үдеу шамасы жер қойнауына тереңдеген сайын әр түрлі өзгеріп отырады. Мысалы, жер бетінде 982 см/с2, 2900 км-ге дейінгі тереңдікте 1037 см/с2 дейін өзгереді; кейінірек кенеттен тез төмендеп, 6000 км тереңдікте-126 см/с2 дейін жетеді, ал жердің центрінде нөлге тең, болады.
Жердің ауырлық күшін зерттеу жұмыстары оның орташа тығыздығын анықтауға мүмкіндік берді (5,52 г/см3).

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жердің физикалық қасиеттері – зерттеу нәтижесінде оның өзіндік
ерекшеліктерін біліп қана қоймай, сонымен бірге жер қойнауында орналасқан
әр түрлі пайдалы қазбаларды іздеп-табуға болады.
Жердің физикалық қасиеттеріне ауырлық күші, тығыздығы, қысымы, магниттік,
жылулық және т. б. қасиеттері жатады.
Жер бетінде жердің өзіне қарай бағытталған центрге тартқыш және
центрден сыртқа қарай бағытталған центрден тепкіш күштерінің болатындығы
үнемі байқалады. Осы күштердің ортақ әсері ауырлық күшін көрсетеді. Ауырлыц
күшінің үдеу шамасы жердің құрылысы мен сыртқы пішінінің өзгерістеріне
қарай анықталады; ауырлық күші экваториальды аймақтармен салыстыр-ганда
полярлық аймақтарда көбірек; оның үдеу шамасы полюстен экваторға қарай
біртіндеп азаяды (0,5%). Бірақ кейбір аймақтарда бұл заңдылық орындалмайды.
Жеңіл салмақты жыныстардан құралған аудандарда ауырлық күші азаяды (теріс
аномалия), ал салмағы ауыр жыныстардан құралған аудандарда ауырлық күші
арта түседі (оң аномалия).
Үдеу шамасы жер қойнауына тереңдеген сайын әр түрлі өзгеріп отырады.
Мысалы, жер бетінде 982 смс2, 2900 км-ге дейінгі тереңдікте 1037 смс2
дейін өзгереді; кейінірек кенеттен тез төмендеп, 6000 км тереңдікте-126
смс2 дейін жетеді, ал жердің центрінде нөлге тең, болады.
Жердің ауырлық күшін зерттеу жұмыстары оның орташа тығыздығын анықтауға
мүмкіндік берді (5,52 гсм3).
Шөгінді тау жыныстарының орташа тығыздығы 2,4—2,5 гсм3, граниттердің —
2,7 гсм3, базальттардың— 2,9—3,0 гсм3 екендігі белгілі. Ал жалпы жер
қыртысын құрайтын тау жыныстарының орташа тығыздығы 2,7— 2,8 гсм3
шамасында деп саналады. Жердің орталық бөлігін құрайтын заттардың тығыздығы
— 12,3—12,5 гсм3 шамасында болады. Жердің центріне қарай тығыздықтың
артуымен қатар, қысым дәрежесі де ұлғая түседі. Жердің орталық бөлігінде
қысым күші 3,5 млн атмосфералық қысым дәрежесіне дейін жетеді.
Магниттік қасиет тек жеке минералдарға ғана емес, жалпы жер планетасына
тән ортақ қасиет. Сонымен, Жер алып магнит. Оның өзіндік магнит полюстері
және магнит өрісі болады. Жердің магнит полюстері географиялық полюстермен
сәйкес келмейді. Осыған байланысты, компастың магнит стрелкасының
көрсеткішінде магниттік ауытқу байқалады.
Магниттік ауытқу деп, белгілі бір бақылау нүктесінде компастың магнит
стрелкасы мен географиялық меридиан арасындағы бұрыш-ты айтады. Магниттік
ауытқулар батыс және шығыс бағыттық болып ажыратылады. Бірдей бағыттағы
ауытқуларды біріктіретін сызық — изогондық сызықтар деп аталады.
Магнит стрелкасының горизонт сызығына қарай құлау бұрышы магниттік
еңкею, ал магниттік еңкіштігі бірдей нүктелерді біріктіретін сызық
изоклинальдық сызықтар деп аталады. Магнит полюстерге жақындаған сайын,
компастың магнит стрелкасының еңкіштігі арта түседі, ал магнит полюстерінде
магнит стрелкасы тік бағытта болуға ұмтылады.
Жердің магнит өрісі кернеулік күшімен сипатталады. Кернеулік күші
экватордан магнит полюстері бағытында арга түседі
Магниттік ауытқу және онын еңкіштік дәрежесі, сол сияқты магнит
өрісінің кернеулік күші уақытқа және орнына байланысты нормалық шамадан
ауытқып, ерекше жағдайда болуы мүмкін. Мұндай ерекше ауытқулар магниттік
аномалиялар деп аталады. Осы аномалиялар жалпы жердің кұрылыс
ерекшеліктерімен және жер қыртысында кездесетін темірлі тау жыныстарының
орасан зор массасының белгілі бір тереңдікте шоғырланып жиналған орнына
сәйкес келген.
Магнитометриялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, құрамында
ферромагниттік минералдар (магнетит, гематит және т. б.) бар тау
жыныстарының бойында, бұрыннан қалыптасқан магниттік қасиеттің қалдығы осы
күнге дейін сол күйінше өзгеріссіз сақталатындығы анықталды.
Палеомагниттік зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қалдық магнетизмді
анықтау арқылы көне дәуірлердегі магнит өрісінің бағыты мен өзіндік
ерекшеліктерін ажыратуға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс палеогеографиялық
және геохронологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде де колданылады. Қазіргі
кезде, палеомагнит-тік зерттеу жұмыстары “Литосфералық плиталар
тектоникасы” туралы теорияны дамытуда көп пайдасын тигізуде.
Соңғы жылдары көне жыныстарда кері бағыттағы магниттену қасиеті бар
екендігі анықталды. Бұл қасиет магнит полюстерінің алғашқы орындарын
ауыстыру немесе өзгерту мүмкіндіктерімен байланысты деп саналады. Сонымен
бірге, тура бағытталған нормалық магниттену мен кері бағытталған магниттену
дәуірлерінің (полюстердің өзгеруіне байланысты) кезек алмасу жағдайы
байқалады.
Геомагниттік өрістіқ полярлық өзгерістері мен алма-суы — геомагниттік
хронология шкаласын жасаудын, негізі болып саналады.
Мұхиттар түбінің магнит өрісі континенттік магнит өрісінен бөлек. Олар
бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері-мен ажыратылады. Мұхиттар түбінде
магниттік аномалиялар жолақ-жолақ болып орналасады. Олар оң және теріс
зарядталған аномалиялар түрінде мұхиторталық жоталарға параллель бағытта
жүздеген километрге созылып жатады. Барлық өлшемдері жағынан бірдей, ұқсас
аномалиялар орталық аномалияның екі жарында бірдей қашықтықта кезек
алмасып, симметриялы түрде орналасатындығы анықталды. Бұл жағдай
геомагниттік шкалаға сүйене отырып, мұхит түбінің мұхиторталық жотаның екі
жағына қарай бірдей кеңею дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Жердің жылулығы. Жердің жалпы жылулық режимі екі жағдайға байланысты,
яғни Күннен бөлінген жылулыққа; жер қойнауындағы жылулық мөлшеріне қарай
қалыптасады. Жер бетіндегі ең негізгі жылулық көзі — Күн энергиясы, ал Жер
қойнауынан бөлінетін жылудың жер бетінде атқаратын ролі шамалы ғана. Әрбір
минут сайын жер бетінің әрбір шаршы сантиметріне (1 см2) Күн сәулесі арқылы
келетін жылу мөлшері шамамен ~8,13 Дж шамасында болады екен. Бұл цифр әр
уақытта да тұрақты сан есебінде қабылданған. Жалпы алғанда, Жер Күннен
минутына 1019 Дж мөлшерінде сәуле энергиясын алады. Жер бетіндегі жылу
мөлшері оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінің бедері
Жер учаскесінің құны
Жер қыртысын құраушы минералдық заттар
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Күкірт оксидтері
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Геология оқу - әдістемелік кешен
Жер планетасының қабаттары
Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы. Минералдар тіркемелер жіктелуі
Жерді қорғау және тиімді пайдалану
Пәндер