WINDOWS XP ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ


С. Кенесбаев, Б. Даулетбекова

WINDOWS XP

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

ТҮРКІСТАН, 2006

ББК 32. 82 я 11

К37

С. Кенесбаев, Б. Даулетбекова

К37 WINDOWS XP оқу-әдістемелік құралы-Түркістан.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

2006, 34 бет

ISBN 9978-678-11-5

Рецензенттер:

Педагогика ғылымдарының кандидаты К. Беркінбаев

Техника ғылымдарының кандидаты Л. Құрбаналиев

Оқу-әдістемелік құралы информатика мамандығында оқитын және өзбетінше компьютерді үйренушілерге арналған.

Құралда WINDOWS XP операциялық жүйесінде орындалатын барлық операцияларға тоқталған, компьютерді пайдаланушы өзбетімен еркін меңгеруге мүмкіндік туғызады.

ISBN 9978-678-11-5

2006

© С. Кенесбаев, Б. Даулетбекова

Компьютердің операциялық жүйесi

Операциялық жүйе - оперативтiк жады мен қатты дисктердi ең тиiмдi түрде пайдалану, басқа құрылғылармен байланыс орнату, мәлiметтер файлдарымен жұмыс жасау, әртүрлi қызметтер мен қолданбалы бағдарламаларды орындау сияқты мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн және бағдарламалау тiлдерiне қолдау көрсететiн бағдарламалар жиынтығы. Операциялық жүйелер жүйелiк бағдарлама болып саналады.

Операциялық жүйенiң әрдайым дайын болуы үшiн ұдайы түрде компьютердiң оперативтiк жадысында ROM (Read Only Memory), яғни тек қана оқу үшiн арналған жадыда жүктелiп тұруы керек. Бiрақ оперативтiк жүйенiң барлық бағдарламалары оперативтiк жадыда үнемi жүктелiп тұруы мiндеттi емес. Операциялық жүйенiң кейбiр бағдарламалары тек қолданыс барысында ғана оперативтiк жадыға жүктеледi.

Операциялық жүйе компьютердiң атқаратын жұмысын басқарумен бiрге, орындалатын амалдарды қадағалап, сәйес командалардың көмегi арқылы қосалқы құрылғылармен жасалатын байланыстарды ретке келтiрiп отырады. Мысалы, файылдардың көшiрiлуi, өшiрiлуi, атының өзгертiлуi, бағдарламалардың орындалуы және принтердi басқару жұмыстары операциялық жүйе қызметтерiне жатады.

СУРЕТ 1: Операциялық жүйенiң компьютер құрылғылары мен қолданбалы бағдарламалары арасында алатын орны.

Дербес компьютерлерде пайдалану мақсатында осы күнге дейiн көптеген операциялық жүйелер қолданысқа енгізілді. Бұлардың арасында MS DOS, OS/2, UNIX және Windows ең маңыздылары болып табылады. Бұл кiтапта операциялық жүйелердiң iшiнде Windows операциялық жүйесі сипатталды. Кiтаптың алғашқы бөлiмiнде осы операциялық жүйе туралы түсiндiрiледi, ал қалған бөлiмдерiнде Windows жүйесiнде жұмыс iстейтiн кейбiр бағдарламалар жайлы сөз болады.

Windows операциялық жүйесі

Компьютердiң операциялық жүйелерi бастапқыда мәтiндік интерфейске ие болатын. Қолданушы компьютерде жұмыс iстегiсi келгенде алдына қойған мақсатына тiкелей командалар тiзбегiн жазу арқылы қол жеткiзе алатын. Яғни дербес компьютерлердiң алғашқы оперативтiк жүйесi болып есептелетiн MS DOS жүйесi дәл осылай жұмыс iстейдi. Компьютерге команда берiлгеннен кейiн оперативтiк жүйе оны талдап, талап етiлген мiндеттi орындайды. Нақты айтқанда оперативтiк жүйенiң командалар тiзбегiн (syntax) жатқа бiлу керек.

Дербес компьютерлерде мәтiндік интерфейстi пайдалану кезіндегі аз мүмкіншіліктерге байланысты графиктiк интерфейстер қолданыла бастады. Графиктiк интерфейсте қолданушы командаларды тiкелей жазып жатпайды. Әр бiр командаға сәйкес келетiн бiр түйме бар. Пайдаланушы сол түймеге тышқанның көмегiмен үстiнен басып, мақсатына анағұрлым оңай түрде қол жеткiзе алады.

Осы қажеттiлiктi қанағаттандыру мақсатында Windows операциялық жүйесі пайда болды. Windows операциялық жүйесінің алғашқы үлгiлерiн жалғыз оперативтiк жүйе деп бағалауға болмайды. Windows’95 операциялық жүйесінен кейiн шыққан үлгiлерi нағыз операциялық жүйелрге жатады. Қазiргi таңда Windows операциялық жүйелерінің ең соңғы үлгiсi “Windows XP” деп аталады. Бұл кiтапта Windows XP операциялық ортасын егжей тегжейлi түсiндiремiз.

WİNDOWS ХР - ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Windows ХР- операциялық жүйесіне кiрiспе

Жүйенiң ашылуы

Компьютер іске қосу түймесiне басылғаннан кейiн iске қосыла бастайды. Алдымен жүйелiк бағдарламалар жүктеледi, кейiннен Windows операциялық жүйесі ашылады. Компьютер әрбiр ашылған кезде пайдаланушыға жаңа сеанс ұсынылады. Егер компьютер белгiлi бiр торапта жұмыс iстейтiн болса, онда пайдаланушының аты мен паролi операциялық жүйеге танытылады.

Операциялық жүйе торапта жұмыс iстейтiн болса, онда жүйе іске қосылар кезде төмендегi көрiнiстi көре аламыз. “ Gulser ” атты бiр пайдаланушы операциялық ортаға қосылған болса, онда Windows ашылған кезде экранға осы пайдаланушының аты шығады. Пайдаланушының аты жазылған жолдың астында оның паролiн енгiзуге арналған бос мәтін алаңы болады.

СУРЕТ 2: Windows операциялық жүйесі алғаш ашылғандағы экран көрiнiсi

Жоғарыдағы терезеде пайдаланушының аты мен паролi еңгiзiлгеннен кейiн enter пернесiне басып немесе пароль енгiзетiн жолдың оң жағындағы жебе тәрізді түймеге басып, Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстеліне өтемiз. Жұмыс үстелi Windows операциялық жүйесінің барлық мүмкiншiлiктерiнiң шоғырланған жерi болып табылады. Windows операциялық ортасына қатысты бүкiл амалдар жұмыс үстелiнде орындалады. Windows алғаш ашылғанда жұмыс үстелiнде start түймесi және бiрнеше таңбалар (икондар) көрiнедi.

СУРЕТ 3: Windows жұмыс үстелінің көрiнiсi

Жұмыс үстелiнде кез-келген объектіні құруға болады. Ал объект ретінде кез-келген бағдарлама, бума (folder) немесе файл алынуы мүмкін. Олардың қалай құрылатындығы мен жұмыс iстейтiндiгi жөнiнде кейiнгi бөлiмдерде кең мағлұмат беретін боламыз.

Start түймесi

Windows-тың негiзгi операцияларын орындау және сол операцияларды іске қосу үшiн жұмыс үстелінің сол жақ төменгi бұрышындағы Start (қосу) түймесi қолданылады. Start түймесiне басу үшiн тышқанды пайдаланамыз. Түйме басылған уақытта бiзге төменде көрсетiлгендей мәзiр экраннан көрiнiс табады. Мәзiрде көрсетiлген кез-келген жолға тышқанды бiр рет басу арқылы сол жолдағы команданы орындата аламыз.

Start мәзiрiнде орналасқан жолдардың әрбiрi әртүрлi жұмыс атқарады. Басқаша айтқанда әрбiр жол мәзiрдiң белгiлi бiр командасы болып табылады. Start мәзiрiнiң командалары төмендегi терезеде көрсетiлген.

СУРЕТ 4: Start мәзiрiнiң командалары

Start мәзiрiндегi әрбiр команданың қандай қызмет атқаратынын төмендегi кестеден көре аласыздар.

Команда
Қызметi
Команда: All Programs
Қызметi: Windows-тегі бағдарламаларға өту үшiн осы команда қолданылады.
Команда: Windows Media Player
Қызметi: Музыка тыңдау және бейнефильм көру үшiн пайдаланылады.
Команда: Windows Movie Maker
Қызметi: Дыбыс және бейнефильм құруды жүзеге асырады.
Команда: Remote Desktop Connection
Қызметi: Басқа компьютермен байланыс орнату үшiн қолданылады.
Команда: My Documents
Қызметi: Windows-тегi деректер файлдарының орналасқан жерiне өту.
Команда: My Recent Documents
Қызметi: Компьютердегi және торап арқылы байланыс орнатылған компьютердегi деректер файлдарының тiзiмi.
Команда: My Pictures
Қызметi: Цифрлық фотосурет, сурет және графикалық файлдардың орналасқан бумасы.
Команда: My Music
Қызметi: Музыкалық және дыбыстық файлдар бумасы.
Команда: My Computer
Қызметi: Компьютердегi барлық диск жүргiзушiлерi, сканер, камера және басқа да құрылғалар туралы мәлiметтердiң орналасқан жерi.
Команда: Control Panel
Қызметi: Компьютердiң көрiнiсi мен қызметтерi, тораптары, пайдаланушы интерфейсi, бағдарлама және жаңа құрылғы орнату немесе жою сияқты көптеген жұмыстары құрал-саймандар панелi ( control panel ) атты бiр бумада жинақталған.
Команда: Connect To
Қызметi: Торапқа өту.
Команда: Printers and Faxes
Қызметi: Принтер мен факске қатысты амалдар.
Команда: Help and Support
Қызметi: Windows-тың көмек және қолдау көрсету мүмкiндiктерi. Мұнда тақырыптар мен түсiнiктер бойынша мәлiмет iздеудi қамтамасыз етедi.
Команда: Search
Қызметi: Операциялық ортада бұрын құрылған файл немесе бумаларды оңай жолмен iздеуге көмектеседi. Интернеттен де iздеу мүмкiндiгi қарастырылған.
Команда: Run
Қызметi: Белгiлi бiр бағдарламаның орны мен атын ендiру арқылы iске қосуға мүмкiндiк бередi.

Тышқанды қолдану

Windows түрлi терезелерден, мәзiрлерден, түймелерден және сол сияқты элементтерден тұрады. Элементтер таңдалып, iске қосу үшiн көбінесе тышқан қолданылады. Ол амалдарды пернелер тақтасы арқылы да орындауға болады. Дегенмен операциялық жүйені тышқан көмегiмен әлдеқайда оңай басқаруға болады. Тышқанды төсенiшінің үстiнде жылжыту арқылы экранда жебе тәрізді таңбаның жылжығанын көрміз. Ол таңбаны тышқан көрсеткiшi деп атаймыз. Тышқанның оң және сол екi түймесi бар. Сол жағындағы түйме терезелер немесе мәзiрден керектi жолды таңдауда қолданылады. Негiзгi жұмысты сол жақтағы түйме атқарады. Оң жақтағы түйме таңдалған объектіге қатысты мәзiрдi ашу жұмысын атқарады. Сондай-ақ тышқан көмегiмен таңдалған объектiнi тасуға да болады.

Тапсырмалар панелi

Тапсырмалар панелi (task bar) - жұмыс iстеп тұрған бағдарламалардың түйме пiшiмiнде көрсетілетін терезенiң ең төменгi жолында орнатылған панель. Осы панель көмегiмен бағдарламалар арсындағы қатынастар оңай жасалады. Тапсырмалар панелiне сол уақытта жұмыс iстеп тұрған бағдарламалар түйме пiшiмiнде орналастырылады.

СУРЕТ 5: Тапсырмалар панелi

Түймелердiң қайсысына бассаңыз сол бағдарлама ашылады. Ашық тұрған бағдарламадан түймесiн басу арқылы алдыңғы амалға керi амал жасалады, яғни бағдарлама бүктелiп сол терезеге қатысты тапсырмалар панелiнде бiр түйме пайда болады.

Хабарлау алаңы

Тапсырмалар панелiнiң оң жағында хабарлау алаңы (notification area) орналасады. Әдетте хабарлау алаңының үстiнде сағат көрсеткіші көрiнiп тұрады. Егер принтер немесе модем жұмыс iстейтiн болса, түрлi таңбалар арқылы пайдаланушыға объектiнiң ағымдағы жағдайы көрсетіледi. Жоғарыда көрсетiлген тапсырмалар панелiнiң оң жағын төменде ұсынып отырмыз.

Хабарлау алаңында сол уақыттағы бағдарламаның ағымдағы жағдайы көрсетiледi. Мысалы, таңбасы принтерге бiр құжаттың баспаға жiберiлгендiгiн көрсетедi. 18:30 белгiсi болса, сағаттың неше болғандығын көрсетедi.

Осы мезеттегi күн туралы мәлiметтердi алу үшiн келесi амалдарды орындау керек.

  1. Тышқан көрсеткiшiн тапсырмалар панелiндегi сағат көрсеткiшiнiң үстiне жылжытып, сол жақтағы түймесiн екi рет жылдам басу керек. Бұл амалдан кейiн экранға уақыт пен күн туралы мәлiметтер терезесi ашылады.

СУРЕТ 6: Уақыт және күн туралы мәлiметтер терезесi

  1. Терезедегi мәлiметтер керегiнше өзгертiлгеннен кейiнOKтүймесiн басып, терезенi жабамыз.

Тапсырмалар панелi мәзiрi

Тапсырмалар панелiнде бiр бос орын таңдап, тышқанның оң жақ түймесiн бассаңыз экранда төмендегi мәзiр пайда болады.

СУРЕТ 7: Тапсырмалар панелi мәзiрi

Таңдаулар
Мағынасы
Таңдаулар: Toolbars
Мағынасы: Құралдар панелiн iске қосу үшiн қолданады.
Таңдаулар: Cascade Windows
Мағынасы: Қолданыстағы бағдарламалар терезелер көрiнiсiн сатылы түрге келтiру.
Таңдаулар: Tile Windows Horizontally
Мағынасы: Барлық терезелер көлденеңiнен орналасады.
Таңдаулар: Tile Windows Vertically
Мағынасы: Барлық терезелер тiгiнен орналасады.
Таңдаулар: Show the Desktop
Мағынасы: Жұмыс столына өту.
Таңдаулар: Task Manager
Мағынасы: Windows Task Manager терезесiнде сол уақытта қолданыстағы бағдарламалар тiзiмiн көрсетедi.
Таңдаулар: Lock the Taskbar
Мағынасы: Тапсырмалар панелi ұдайы экраннын төменгi жағында көрiнiп тұрады.
Таңдаулар: Properties
Мағынасы: Тапсырмалар панелiне қатысты қасиеттер терезесi көрiнедi.

Тапсырмалар панелi қасиеттер терезесi

Тапсырмалар панелiнiң қасиеттер ( properties ) терезесiн ашу үшiн келесi амалдар орындалады.

  1. Тапсырмалар панелiнде бiр бос орын таңдалып тышқанның оң жақ түймесiн басқан кезде ашылған үстiне басамыз.

СУРЕТ 8: Тапсырмалар панелi қасиеттер терезесi

  1. Тапсырмалар панелi қасиеттер терезесiнен керектi қасиеттер таңдалады немесе таңдау керi алынады.
Таңдаулар
Мағынасы
Таңдаулар: Lock the Taskbar
Мағынасы: Тапсырмалар панелiнiң ұдайы түрде экранның төменгi жағында көрiс табуы үшiн керек.
Таңдаулар: Auto-hide the taskbar
Мағынасы: Тапсырмалар панелiн жасыру үшін пайдаланылады. Тек тышқан көрсеткiшi панел үстiне келгенде ғана көрiнедi.
Таңдаулар: Keep the taskbar on top of other Windows
Мағынасы: Тапсырмалар панелiн ұдайы түрде басқа терезелердiң үстiне орналастыру.
Таңдаулар: Group similar taskbar buttons
Мағынасы: Ұқсас бағдарламаларды тапсырмалар панелiнде тек бiр ғана түймеге шоғырландыру.
Таңдаулар: Show Quick Launch
Мағынасы: İnternet Explorer, жұмыс үстелі және Media Player икондарын тапсырмалар панелiне шығарады. Шыққан икон сәйкес бағдарламаны оңай қосу үшiн қолданылады.
Таңдаулар: Show the lock
Мағынасы: Сағат көрсеткiшiнiң тапсырмалар панелiндегі хабарлау алаңына шығару немесе алып тастау амалын орындайды.
Таңдаулар: Hide inactive icons
Мағынасы: Бағдарламалар дәл сол уақытта экранда ашық болмаған жағдайда сәйкес икондардың тапсырмалар панелiндегi хабарлау алаңында жасырын тұруын қамтамасыз етеді.

Тапсырмалар панелiнiң реттелуi

Алдын ала(default) Windows-та белгіленген тапсырмалар панелiнiң жанында басқа тапсырмалар панелiн пайдалануға болады. Тапсырмалар панелiн реттеу үшiн төмендегi амалдар орындалады.

  1. Тапсырмалар панелiнде бiр бос орын таңдалып, тышқанның оң жақ түймесi басылады.
  2. Ашылған мәзiрденToolbarsжолы таңдалады.
  3. Ашылған кұтыда төменде көрсетiлген командалардан бiрi таңдалады.

СУРЕТ 9: Toolbars таңдамасындағы кұралдар пәнелiнің көрiнiсi.

Таңдаулар
Мағынасы
Таңдаулар: Address
Мағынасы: Бұл команда жолы таңдалған кезде тапсырмалар панелiнде Address таңдамасын көремiз. Оның үстiне барып екi рет бассақ, адрес жазатын алаң пайда болады. Бұл алаңға бiр веб адресiн жазуға болады. Кейiн тапсырмалар панелiндегi оң бағыт пернесi немесе Go түймесiне басып, таңдалған адреске қатысты терезеге өтуге болады.
Таңдаулар: Links
Мағынасы: Бұрын таңдалған web адрестерiнiң тапсырмалар панелінде көрiнiс табуын қамтамасыз етедi.
Таңдаулар: Language bar
Мағынасы: Сол кезде операциялық ортамда қолданыс үстiндегi тiл көрсетiлген көрсеткiштi тапсырмалар панелiне шығарады. Сондай-ақ тiлге қатысты түрлi түймелердi ұсына отырып, белгiлi таңдауларды орандауға мүмкiндiк бередi.
Таңдаулар: Desktop
Мағынасы: Тапсырмалар панелiне Desktop түймесiн шығарады. Осы түйменiң оң жағындағы ok екi рет басылса, жұмыс үстелiдегi барлық таңбалар көрiнедi. Басқаша айтқанда оңай жолмен жұмыс үстеліне өтуге болады.
Таңдаулар: Quick Launch
Мағынасы: Бұл құралдар панелi internet Explorer, Outlook Express, Windows media player, show desktop т. б. түймелердi қамтиды. Жұмыс үстелiндегi кез-келген иконды тартып әкелiп, осы жерге орналастыруға болады. Құралдар панелi тапсырмалар терезесiне қосылған кезде сәйкес бағдарламаларды икон үстiне бiр рет басу арқылы оңай ашуға болады.
Таңдаулар: New Toolbar
Мағынасы: Тапсырмалар панелiнде жаңа бiр құралдар панелiн құру үшiн пайдаланылады.

Терезелер

Windows-та барлық бағдарламалар жеке-жеке терезелерде құрылады және амалдар сол терезелердің көмегiмен iске асырылады. Терезелердiң белгiлi бiр құрылымы болады.

Терезелердiң құрылымы

Операциялық орта терезелердiң көмегiмен басқарылады. Бағдарламалар да осы терезелерде құрылатындықтан бiр терезенiң қандай қасиеттерi бар екендiгiн жақсы бiлу керек. Windows-тағы бiр терезенiң үлгiсi төменде көрсетiлген.

СУРЕТ 10: Windows-тағы терезе үлгiсi

Таңбалар

Windows-та бағдарламалар, бумалар немесе файлдардың барлығы жеке объект ретiнде қарастырылады. Бұл объектiлер терезеде таңба (икон) пiшiмiнде көрiнiс табады. Терезедегi таңба үстiне екi рет жылдам басу арқылы сәйкес орындалатын амалды көруге болады. Егер бiр бума таңбасының үстiнен басатын болсақ, бума iшiндегi файылдардың тiзiмiн көремiз.

Үлгі: айталық жұмыс үстелiнде төменде көрсетiлген таңба бар. Бұл таңбаның бiр сурет файылы екендігін және Paint бағдарламасы арқылы ашылатынын көрiп тұрмыз.

Таңбаның үстiне барып екi рет жылдам басатын болсақ, Paint бағдарламасы iске қосылады және экранда Picture1 атты файыл ашылады.

Тақырып панелi және терезе тақырыбы

Windows-тың ең үстiнгi жағында тақырып панелi орын алған. Бұл панелде басқару ұяшығы, терезенiң тақырыбы, терезенi кiшiрейту және үлкейту түймелерi, сондай-ақ терезенi жабу түймесi орналасқан.

СУРЕТ 11. Терезедегi тақырып панелiнiң көрiнiсi

Басқару мәзiрi

Әр бiр терезенiң сол жақ үстiнгi бұрышында басқару мәзiрiнiң таңбасы болады. Оның үстiне барып бiр рет басатын болсақ, төмендегiдей мәзiр ашылады.

СУРЕТ 12. Басқару мәзiрi

Басқару мәзiрiндегі таңдаулар төмендегi кестеде қарастырылады:

Таңдаулар
Мағынасы
Таңдаулар: Restore
Мағынасы: Егер терезе алдымен экранды толық қамтитындай етiп үлкейтiлген болса, қайтадан ескi қалпына келтiру үшiн пайдаланылады.
Таңдаулар: Move
Мағынасы: Терезенiң орнын жылжыту үшiн пайдаланылады.
Таңдаулар: Size
Мағынасы: Терезенiң көлемiн өзгерту үшiн пайдаланылады.
Таңдаулар: Minimize
Мағынасы: Ашық тұрған терезе бүктеліп, тапсырмалар панелiне бiр түйме түрiнде орналасады. Егер тапсырмалар панелiндегi осы түйменiң үстiне басатын болсақ, қайтадан бұрынғы қалпына келедi.
Таңдаулар: Maximize
Мағынасы: Терезенi барынша үлкейту үшiн пайдаланылады.
Таңдаулар: Close
Мағынасы: Терезенi жабады. Бұл кезде бағдарлама да жабылады.

Мәзiр панелi

Windows терезелерiнде тақырып панелiнiң төменгi жағында мәзiр панелi орналасады. Мәзiр панелiнде мәзiр таңдаулары орын алады.

СУРЕТ 13 : Терезедегi мәзiр панелiнiң көрiнiсi.

Windows терезелерiнде көбінесе ортақ бiр мәзiр панелi болады. Көптеген амалдар осы мәзiр панелiнiң көмегiмен iске асырылады және мәзiрлердi таңдауда көбінесе тышқан пайдаланылады. Егер пернелер тақтасымен жұмыс iстеу керек болса, ALT пернесiн басу арқылы мәзiрлер панелiне өтуге болады. Кейiн курсорды оңға, солға, жоғары немесе төмен жылжыту пернелерiнiң көмегiмен мәзiрдегi таңдауларды пайдаланамыз. Windows терезелерiндегi ортақ мәзiр таңдаулары төменде қарастырылады.

Амал
Мағынасы
Амал: File
Мағынасы: Файлдарға қатысты амалдарды орындайды. Бұл команданы таңдаған кезде ашылатын мәзірдегі командалар терезелердiң түрiне қарай өзгеруi мүмкiн.
Амал: Edit
Мағынасы: Көшiру, кесу және қосу сияқты амалдарды орындауға мүмкiндiк бередi.
Амал: View
Мағынасы: Терезедегi түймелердiң пiшiнiн өзгертуге мүмкiндiк бередi.
Амал: Favorites
Мағынасы: Жиi пайдаланылатын бiрсыпыра таңдауларды қамтиды.
Амал: Tools
Мағынасы: İшiндегi таңдауларды пайдалана отырып, тораптағы қатты дисктi ашуға болады және бумаларға қатысты бiрсыпыра таңдауларды қамтиды.
Амал: Help
Мағынасы: Windows-тың анықтама алу жүйесіне өтуге мүмкiндiк бередi.

Құрал-саймандар панелi

Windows-тың көрiнбей тұрған құрал-саймандар панелiн экранға шығару үшiн View мәзiрiндегi Toolbars командасы таңдалып, ол жердегi таңдаулар пайдаланылады. View мәзiрiнде Toolbars, Status bar және Explorer bar таңдауларын көруге болады.

Toolbars- та тұрақты түрде бiр қатар амалдарды орындайтын түймелердi таңдауға болады. Бұдан басқа Windows-тың бумалар құрылымымен жұмыс iстеу үшiн Address Bar атты құралдар панелi пайдаланылады.

Status Bar - терезелердегi объектiлердiң санына, әр бiр объектiнiң көлемiне немесе дисктегi бос орынға қатысты мәлiметтердi қамтитын және терезенiң ең төменгi бөлiгiнде орналасқан панель. Терезедегi кез келген бiр объект туралы мәлiмет алу үшiн сол объектiнiң үстiне бiр рет басу жеткiлiктi. Осы амалдан кейiн терезенiң ең төменгi жағында орналасқан панелде жоғарыдағы аталмыш мәлiметтер пайда болады.

Explorer Bar таңдауларын терезеге шақыруға болады. Бұл амалды орындау үшiн View мәзiрiндегi Explorer bar командасын таңдап, содан соң ашылған таңдаулар тiзiмінде қажеттiсiнiң үстiне барып бiр рет басу арқылы терезеге шығара аламыз.

Терезеден терезеге өту

Бiр уақытта бiрнеше терезенi ашық ұстауға, яғни бiрнеше бағдарламаларды қатар жұмыс iстетуге болады. Мұндай жағдайларда терезеден терезеге өту мәселесi туындайды. Алайда алдымен ашық тұрған терезелердiң жағдайын көз алдымызға елестетейiк.

Терезеден терезеге өтудiң ең бiрiншi жолы тапсырмалар панелiн қолдану арқылы iске асырылады. Себебi тапсырмалар панелiнде әрбiр терезе үшiн сәйкес бiр түйме орын алады. Қай терезеге өту керек болса сол терезенiң түймесiне басу жеткiлiктi.

Терезеден терезеге өтудiң тағы бiр жолы мынадай - терезелер экранды толық қамтымай тұрған жағдайда олардың кез-келгенiнiң көрiнiп тұрған бөлiгiнен басу арқылы өтуге болады.

Терезе көлемiн өзгерту

Терезе көлемiн қалағанымызша өзгертуге болады. Өзгерту үшiн терезенiң шекара сызығы қолданылады. Алдымен тышқан көрсеткiшiн шекара сызығының үстiне әкелемiз. Содан соң сол жақ түймесiн басып тұрып керегiнше үлкейтiп, кiшiрейтуге болады.

Терезенiң көлемiн тек шекара сызықтарында көрсетiлген бағыттарда ғана өзгертуге болады. Егер терезенiң бұрышын пайдаланатын болсақ, онда терезенiң көлемiн бiрден екi бағытта өзгертуге болады.

СУРЕТ 14 : Терезе көлемiнiң өзгертiлуi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Мектеп ақпараттық жүйесін құру
Файлдарды көшіруді сұрау
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Ақпараттық жүйедегі ақпараттарды қорғау
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы
Мамандар бөлімінің басқару жұмыстарының қызметі
Құқық бұзушылықты тіркеудің ақпараттық жүйесін құру
Ақпараттық жүйелерде қолданылатын кесте техникасының рөлі
Дәріхананың ақпараттық жүйесін жобалау. Дәрілік заттарды есепке алу ішкі жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz