Бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1 Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары.
1.1Бағалы қағаздар және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.2 Қор биржалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II Қ.Р бағалы қағаздар нарығы .
2.1 Қ.Р.дағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері ... ... ..13
2.2 Қ.Р.да бағалы қағаздар нарығының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы ... ... .21
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Курстық жобада мыналар қарастырылады: бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері.
Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады.Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады.Иеленушілеріне заттай құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлық бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат, лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
Бағалы қағаздар рынок шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру,жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады.Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді.Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың қызметтің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
1. «Қазақстандағы инвестициялық процесті әлеуметтік талдау» К. Шөптібаева.
2. «Инвестициялық жобалау» Н. Ш. Әлжанова.
3. «Инвестициялар туралы» 08.01.2003ж. Қазақстан Республикасының Заңы.
4. «Шетелдік инвестициялар туралы»24.12.1994ж. Қазақстан Республикасының Заңы.
5. Володин А.А. Справочник финансиста предприятия. М.Перспектива, 1996, с.82.
6. Маренков Н.Л. Инвестиции: Учебник.-М,2003г.
7. Куликов А.К. Кредиты. Инвестиции-М, Приор,1995, с.144.
8. Сатубалдин С.С Учет затрат на производство в промышленности США.- М. Финансы и статистика , 1980 г.
9. «Бағалы қағаздар нарығы » Алматы -1995ж.
10. «Ақша.Несие.Банк» Сейтқасымов Ғ.Е Алматы- 2003ж.
11. О. Баймұратов «Қазақстан қаржы нарығы» Алматы – 2008ж
13. Қаржы – қаражат А.Қаңтарбаев.
14. Интернет – сайт www.minfin.kz.
15. www.kazstat.kz.
16. А.Қ Мейірбеков, Қ.Ә Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы Экономика – 2003ж.
17. Инвестицияларды талдау 2004-2006.
18.Журнал «Хабаршы» 2004-2006ж.
19. www.kazinfest.kz.
20. Ковалев В.В « Финансовый анализ »Алматы -2008г. Финансы и статистика.
21. Маулимбердина С.Т «Рынок ценных бумаг» вводенме в проблему « Саясат » 10-11 2009г.
22. Мақыш Серік Биханұлы «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы Экономика – 2007ж.
23. Шөптібаева Күлімхан «Қазақстандағы инвестициялық процесті әлеуметтік талдау» Алматы-2008ж.
24. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет 2002-2005ж.ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
I Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары.
1.1Бағалы қағаздар және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.2 Қор
биржалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10

II Қ.Р бағалы қағаздар нарығы .
2.1 Қ.Р-дағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық
негіздері ... ... ..13
2.2 Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың
сыныптамасы ... ... .21

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Курстық жобада мыналар қарастырылады: бағалы қағздардың
түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың
нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері.
Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар мен
белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе
тауарлық құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік
сипатын айтуға болады.Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның
ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі
бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір
тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ
бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның
меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы
қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері
жатады.Иеленушілеріне заттай құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп
беретін тауарлық бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері
жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар,
борышқорлық қолхаттар, өсиетхат, лотерея билеттері, сақтық полистері
жатпайды.
Бағалы қағаздар рынок шаруашылығы жүйесінде ақшаны
жұмылдыру,жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді
құрал рөлін атқарады.Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына
ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік
белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды
жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы
шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе
пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын
ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі
қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз
бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің
классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде
өмір сүреді.Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген
түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың қызметтің
құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия шегінде
біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай
жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы
қағаздар.

1

I Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары.
1.1 Бағалы қағаздар және олардың түрлері.

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын
куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы
қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес
салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны
иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы
қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам
капиталына қатысады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы
болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім - шарт
жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ- ның несие берушісі
болып саналмайды және сондықтан да қоғамнан өз акциясына тұрақты
дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды
талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы
баланста көрсетілген пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы
жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында
пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда
акционерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция
иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр
акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары
бар. Кез-келген акционер бар ескі акциялар шамасына тең мөлшерде
жаңа акциялар сатып алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір
кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты
қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі
бағаға ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның
бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік
компанияның резервіне және оның капиталын ұлғайту үшін немесе
өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге
қызмет етеді.
Әдетте АҚ, резервтер немесе заемдық резервтер деп аталатын
қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақтаған қор таусылғанда
ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл акционерлік
қоғамның жақын арада құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны
иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға
тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға
тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер акционерлік
қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иесі акционерлік қоғамға
қосқан қаржаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай
қағазға айналады.

2
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның
иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50
теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға
келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша 12%
жылдық табысын білдіреді. Акцияның номиналдық бағасы бойынша
акционерлік қоғамның қалыптасуы негізінде сатылып, кейіннен олар
біршама жоғары бағаммен сатылады.
Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып
алу бағасы акцияның бағамы дап аталады. Ол негізінен екі факторға:
дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция
бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары болса, соғұрлым акция
қымбат немесе оның бағамы жоғары келеді.
Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент
бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының
тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен
салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі – акция бағамының жоғарлауы
немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік
пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағамы төмен болады
немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық құны бар акция
жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік,
ал қарыздық пайыз деңгейі - 4% болсын. Онда бұл акцияның биржадағы
бағамы 300 теңге, себебі осындай соманы банкіге 4% жылдық
мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз.
Дағдарыс кезінде, дивиденттерінің мөлшерінің азайған кезінде қарыздық
пайыз мөлшері өзнің жоғары щегіне жетіп акция бағамы күрт
төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер
процесінде өндіріс активтерін иеленушілер кеңінен қолданады.
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көптеген
факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық
пайыз шамасына тәуелді, себабі акционерлік қоғамның акциясын
сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай
қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы
сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан,
дивидент шамсына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметінің
жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік
қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция
бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді.
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны
ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасы және сол
акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын
құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын
пайданы бөліп қарауға болады.
Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға

3
сұраныс пен ұсыныс сияқты қуаттты факторлар да ықпал өтеді.
Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі
ықпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында
тиісті қаржылай ой-пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің
көптеген тиімді және пайдалы әрекеттері тұрады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы
дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық
таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да
сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай
формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін
таза пайда шамасы, көбейтілген бағам бөлінген акцияға келетін
таза пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін
акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы
түрлері болады:
Мәлімдеуші акция - бұл оның иесіне компанияның акционері
екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді.
Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды
иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген
акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның
қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді.
Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал
басқа елдерде атаулы акцияларға мән береді.
Акцияның әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері
болады.
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына
өте қолайлы. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу
фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары
үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға
әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға
бөлінеді:
Жай акцялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық
негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивидент алып
отыруға құқық береді.
Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның
иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір
артықшылықтарды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар
акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни
акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы
белгілі болғанға дейін төленеді.
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді.
Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз

4
алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар
жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан
облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді,
сондай-ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді.
Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш
ерекшелігімен сипатталады:
1.Облигация - шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын
капитал шоғырландыру құралы;
2.Облигация - онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге
болатын борыштық құрал;
3.Облигация - ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда
ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару не сатудағы дербестігі, сондай-ақ қор биржасы
арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге деген
қажеттілікті қанағаттандыру және капитал жинақтаудың тартымды
құралдарының біріне айналдырады. Облигацияны сатып алу барысында
ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі,
қаражат керек болған жағдайда, ол облигацияны пайдаланады. Мұндай
жағдайда оның облигацияны сату немесе кепілге беру мүмкіндігі
болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға кеткен капиталды
қайтарып алады. Екінші жағынан, инвестордың қаражатқа деген
мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде
бар облигация бойынша ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде белгілі бір
мөлшерде немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді.
Әрине, осы айтылғандар, инфляцияны қатаң бақылауға алған тұста
ғана мүмкін болады.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері
мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады.
Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигацияларды қамтамсыз
етілген және қамтамасыз етілмеген деп екіге бөлінеді.
Қамтамсыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз
етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында
болады.
Қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруда және оны
ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар қоғам мүлкімен қамтамсыз
етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген
құқықтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын облигациялар - эмитенттеріне номиналдық
құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Арнайы өьелу
мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым қайтару бағасы төмен
болып келеді.Соған сәйкес, мұнда облигациялар бойынша төленетін
пайыз

5
мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары - бұл пайдадан алынатын
қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай
бағалы қағаздарды сатып алу тең партиялармен сатылап жүргізілуімен
қатар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор
бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына
номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді. Табысты
облигацияларға байланысты төлемдер сол қаржылық жылдағы қоғамның
пайдасына тәуелді.
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу
мерзімін созуға құқық береді.
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шығару шартына
байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді.
Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен
қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғарылатуды қамтамасыз
етеді.
Айырбасталатын облигациялар - инвесторларды акционерлік қоғамға
бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар
акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды
білдіреді. Ережеге сәйкес облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың
белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен
айырбастауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана
сыйақы алады.
Ордерлі облигациялар - жаңа облигацияларды немесе
акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ақ
облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың
танымал қағидасы жүктеме қолданылады.
Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы
қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз
кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді
қажет етеді. Олардың біріне - опциондық сауданың дамуы жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акцонерлеу барысында опциондар
кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерленетін кәсіпорындардың
акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі.
Опционды сатушы оның акцияларының сату нарығына белгілі бір
кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ ,
бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, ұтыс нәтижесіне
айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолында ұстап қалады.
Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті
контрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды
төмендетеді.
Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана
әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып
алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды.Контракт сатып
алушы оны

6
сатуға опциондық сыйақы төлейді,оны опцион бағасы ретінде қарайды.
Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты
екі типке бөлінеді: еуропалық, американдық.
Еуропалық опцион - келісілген уәде бойынша алдағы күнде
орындауға жіберілетін опцион.
Американдық опцион - келісім бойынша алдағы күнде де оған
дейін кез келген уақытта да орындалуға жіберілетін опцион.
Фьючерс - тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада
алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.
Фьючерстермен мәмілені жүзеге асырушы клиенттер екі категорияға
бөлінеді: алыпсатарлар және сақтанушылар. Бірінші категория - бұл
фьючерсті кейіннен қайта сатып алу мақсатында сатып алушылар,
яғни алыпсатарды кепілзаты қызықтырмайды. Сақтанушылар керісінше, өз
қызметінің түріне байланысты берілетін тауарлармен контракт
бойынша тікелей байланысты. Мұндағы сатушы жақ бағалы қағаздардың
эмитентін білдірсе, ал сатып алушы жақ инвестор болып саналады.
Екі жақта өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тырысады.
Опционға қарағанда фьючерстік мәміленің айырмашылығы, екі жақты да
маржалайды, бірақ сыйақы берілмейді.
Тұрақты табысты бағалы қағаздар фьючерсі - фьючерстердің
біршама жауапты түріне жатады. Оның заты кепілденген тұрақты табысты
қағаздармен алдағы кезеңде жабдықтау болып табылады. Бұл ілгері
уақыттағы мемлекеттің бағалы қағаздары. Фьючерсті сатушы контрактіде
саны және бағасы көрсетілген белгілі бір бағалы қағаздарды сатып
алуға өзіне міндеттеме алады. Сатып алушы контрактіде қарастырылған
күнге сәйкес және контрактінің шарттарын сақтай отырып, беруге
міндетті.
Әрбір бағалы қағаздың өзіндік номиналдық құны болады және
соған сәйкес қайтару мерзімі өткенде оны өтейді. Фьючерстік
контрактілер: қысқа, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға
пайдаланылады. Облигация үшін фьючерстік баға номиналдық құнынан
төмен және жоғары болуы да мүмкін.
Бағалы қағаздар фьючерсін іске асыру уақытында сатушыдан сатып
алушыға биржалық опциондық мәмілелер сирек беріледі. Көбіне мәміле
екінші жақтың есебінен бірінші жақтың айырмасына сәйкес төлемдерді
төлеумен өтеледі.
Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір
орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта
бөлуді өзгертуге , нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген
сұраныстарын қанағаттандыруға жіне бұл нарыққа салааралық капиталдың
қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының
барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар

7
нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске
асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру,
монополиялсыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын
нығайту.
Тауарлар мен қор құндылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы
ресурстарды қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал
жұмсалымдарын үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық
реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік
құрылымдары мемлекет иелігінен алудың ең басты құралдарының біріне
және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырудың тиімді құралдарына
айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың
барлығының алдында бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың
теориясы мен техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену;
мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелендіруге байланысты
іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті - бағалы қағаздарды
сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада
инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші
делдалдардың - брокерлер мен инвестициялық диллерлердің
қатынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын
қандай жағдайда да, қашан, қандай шартпен және қандай бағалы
қағаздар шығару қажет екендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы
қағаздарды сатушыларды сатып алушылармен кездестіріп, ол үшін
комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер өз есебінен және өз
атынан бағалы қағаздарды сатып ала
отырып, кейіннен қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім оның
пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлік және дилерлік операцияларды
жүзеге асырушы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар
нарығының басты тұлғалары болып саналады.
Қазақстан Республикасынң заңында көрсетілетін бағалы қағаздар
нарығының негізгі идеолгиясы келесідей қағидалардан тұрады:
- әрбір потенциалды инвестор үшін бағалы қағаздарды
эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың
болуы;
- бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық
фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері,
брокерлік фирмалар және т.б) біліктілігі.
Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы кәсіби сапасы туралы
қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвестициялық қор ретінде
құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен
жұмыс жасай алатын маманның болуы міндетті. Ол алғашқы және

8
қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуға
тиіс.Қазақстанда нарықты обьективті түрде реттеу үшін мыналар қажет:
біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке
кәсіпкерлер және қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті,
сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті
ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы; екіншіден,
республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға
мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты
болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда
жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты
реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі көптеген
мәселелерді шешуге көмектеседі.

9
1.2 Қор биржалары.

Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономиклық жағдайларға сәйкес
ресурстарды, оның ішінде қаржы ресуртарын үлестірудің формаларын
қолдануды міндеттейді.
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін
қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық
мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату
жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және
қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жаслатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс
пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған
капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта
бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол
қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып,
экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын
инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен
заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы
жеке сенімнің болуы;
- сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының
қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде
реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында
бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта
қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін
несиеге деген мүмкіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы
жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура
бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік
барометр мен бағыттағы ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір
инвестор болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай
қаржаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ
клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау
қажет, яғни қор биржасының жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды
қалай және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек;
екіншіден, қор операцияларын жүргізүдегі делдал жүйесін қалыптастыру
10
қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржа механизмінің
орталық буындарының жұмыстарын жолға қою керек, яғни басында қор
биржасын функционалдық және ұйымдастырушылық құрылымдар қалыптастыру
қажет.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың
құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын
арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың
интенсивті түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір
сұранысты анықтап, нәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең
бастысы жеке компаниялармен кәсіпорындардың акциялары мен
облигациялары айналысқа түсті.
Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚШ-та кеңінен дамыды. Егер де,
Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шоттарда сақтауды, сақтандыру
полисі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада
көптеген кәсіпкерлер өз капиталдарын қаржылай активтерге
инвестициялады. Сондықтан да АҚШ-тың қор нарығында қаржылай
операцияларды жүзеге қазіргі механизмі қалыптасып, ол бүгінгі уақытта
біршама ұйымдастырылған және демократиялық бағалы қағаздар нарығының
біріне жатады.
Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын
ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы және
топтық құқықтық сипаттағы қор биржалары.
Жеке құқықтық сипаттағы қор биржасына классикалық мысал
ретінде әлемдегі Лондон қор биржасына және сондай қағидамен жұмыс
жасап отырған Нью-Йорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға
болады. Олар жеке компания түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік
қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай типтегі
қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Ондай орын үшін ірі
ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше
бола алады. Нью-Йорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері
бірнеше ондаған мыңдаған жүздеген мың долларларға дейін ауытқып
отырады. Қор биржасында биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік
етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау
өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын
реттеуде тәуелсіз. Қазақстан қор биржалары ұйымдастырылу құрылымы
жағынан биржаның осы тобына жатады.
Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік мекемелер болып
саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар
айналысын реттеуші арнайы комиссиялармен бірлесе отырып, бақылау
жасайды. Мысалға Париж қор биржасы экономика министрі мен биржа
операциялары жөніндегі комиссияның бірлескен түрдегі қадағалауында
болса, ал Германияның биржаларын жергілікті үкімет органдары бақылауға
алса, Италия биржаларын Қаржы министрлігі мен компаниялар
11
және биржа ісі жөніндегі Ұлттық комиссия реттейді. Биржалық
жұмыскерлер мен қаржы операциялары бойынша мамандары, сол органдар
тағайындайды және олардың мемлекеттік қызметкер деген мәртебесі
болады.
Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуропалық континенттік
қор биржалары типтерінің арасындағы айырмашылықтарды білдірмеу
ағымы байқалуда. Бір жағынан, биржаның өзі іштей өзін-өзі реттеу
негізінде қызмет етсе, екінші жағынан ақша-несие және қаржы
механизмінің қазіргі құрылымына оңай көнетіндей ету мақсатында бағалы
қағаздар нарығына мемлекеттік бақылау және реттеу арта түсуде.

12
2.1 Қ.Р – дағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық
негіздері.

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі
дамып келе жатқанэкономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі
құқықтық нормаларды шығару белгілі – бір экономикалық мүдделерге қызмет
көрсетуге бағытталған. Халық шаруашылығын дамытудың кеңестік үлгісінен
экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық
құқықтық негіздерді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды
дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етті. Әлбетте бұндай реформа
жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес,
революцияға дейінгі Ресей империясы мен Кеңес мемлекетінің жаңа
экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына
келтіру еді. Сонымен бірге нарықтық үлгімен дамыған өркениетті
мемлекеттердің тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын
реттеуге бейімдендіру керек. Соның ішінде, Қазақстанда бағалы қағаздар
нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін құқықтық ережелерді қайта
дамыту қажет.
Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету
деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және
мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару және сол
заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарық
қатынастарына бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай
келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекттік заңдарына мемлекетіміздің
егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және
үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
комиссияның құқықтық актілер жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық
ережелермен қамтамсыз ету ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы және
белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін
басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Айтылып отырған
бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда
көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп
аталады.
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан заңдары орыстың азаматтық
құқықтарына негізделіп шығарылады.
1922 жылы РСФСР-дың Азаматтық кодексі төмендегі ережелерді біріктір
- 1937 жылы 7 тамызда Ресей Федеративтік республикасының Орталық
атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі бекіткен Аудармалы және
жай вексель туралы ереже;
- 1929 жылы 6 қарашада Ресей Федеративтік республикасының Орталық
атқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері
Бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сипаттама
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы
Пәндер