Сұраныс және ұсыныс теориясы



1. Сұраныс
2. Сұраныс көлемі дегеніміз
3. Ұсыныс
4. Ұсыныс көлемі
5. Сұраныс икемділігі
6. Айқасқан сұраныс икемділігі
Сұраныс- бұл белгілі товарға төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни елгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс товардың мөлшері. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың ішіңдегі негізгісі – баға болып табылады. Баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар: товардың бағасы өскен сайын сол товарға деген сұраныс төмен болады,және керісінше товарға баға арзандаған сайын оған деген сұраныс жоғары болады. Осы кері байланыс сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелділікті графикте сұраныс қисығы түрінде көрсетуге болады.
Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді, және сұраныс қисығы асырылады. Оң жаққа ығысуы- сұраныстың ұлғаюын, сол жаққа ығысуы- сұраныстың азаюын білдіреді. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар мыналар:
1. Сатып алушылар саны;
2. Сатып алушылардың табысы;
3. Балама товардың бағалары;
4. Қолайлы жағдайда күту;
5. Тұтынушылардың талғамы;
Тұтынушылардың талғамы әр түрлі, сондықтан олардың барлығын ескеру қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Егер бір товарға тұтынушылардың ұнатуы жағымды өзгерсе, ол сұранысты көбейтеді және қисықты оңға жылжытады. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты арттырады. Тұтынушылар табысы өскен сайын әсіресе, сапалы товарларға сұраныс артады. Егер бір товардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші товарға деген сұраныс көбейетін болса, онда мұндай товарларға бірін- бірі ауыстыратын немесе субститут товарлар деп аталады. Ал бірін- бірі толықтырушы товарлар сублемент товарлар деп аталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сұраныс және ұсыныс теориясы.
Сұраныс- бұл белгілі товарға төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни
елгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс товардың
мөлшері. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың ішіңдегі
негізгісі – баға болып табылады. Баға мен сұраныс арасында кері байланыс
бар: товардың бағасы өскен сайын сол товарға деген сұраныс төмен
болады,және керісінше товарға баға арзандаған сайын оған деген сұраныс
жоғары болады. Осы кері байланыс сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелділікті
графикте сұраныс қисығы түрінде көрсетуге болады.
Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы
бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді, және
сұраныс қисығы асырылады. Оң жаққа ығысуы- сұраныстың ұлғаюын, сол жаққа
ығысуы- сұраныстың азаюын білдіреді. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес
факторлар мыналар:
1. Сатып алушылар саны;
2. Сатып алушылардың табысы;
3. Балама товардың бағалары;
4. Қолайлы жағдайда күту;
5. Тұтынушылардың талғамы;
Тұтынушылардың талғамы әр түрлі, сондықтан олардың барлығын ескеру
қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Егер бір товарға
тұтынушылардың ұнатуы жағымды өзгерсе, ол сұранысты көбейтеді және қисықты
оңға жылжытады. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты арттырады.
Тұтынушылар табысы өскен сайын әсіресе, сапалы товарларға сұраныс артады.
Егер бір товардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші товарға деген сұраныс
көбейетін болса, онда мұндай товарларға бірін- бірі ауыстыратын немесе
субститут товарлар деп аталады. Ал бірін- бірі толықтырушы товарлар
сублемент товарлар деп аталады. Бірін бірі өзара алмастырушы товарларға
сұраныс бір уақытта ұсынылады. Егер екі товар өзара толықтырушы болса, онда
біреуінің бағасы мен екіншісінің сұранысы арасында кері байланыс болады.
Егер екі товар бірін бірі өзара алмастыратын болса, онда олардың біреуінің
сұранысы арасында тура байланыс болады. Егер адамдар бір себептермен
товардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол товарларға деген сұраныс көбейіп,
сұоаныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.
Сұраныс көлемі дегеніміз – тұтынушылардың сатып алуға дайын товарлар
көлемі. Сұраныс бағасы- товарлардың белгісі көлемін төлеуге дайын
максималды баға. Сұраныс функциясы- сұраныс көлемі және өған әсер ететін
факторлар арасындағы тәуелділік. Сұраныс функциясының жалпы түрі келесідей
болады.
Q d = f (P, J, T)
Мұндағы:Q d – Товардың сұраныс көлемі;
T – Тұтынушылардың талаптары;
P – Товардың бағасы;
J – Табыс;
Ұсыныс- бұл өндірушілердің белгілі бір баға бойынша сатуға дайын
товарлардың мөлшері. Товардың бағасы мен оған деген ұсыныс арасында тура
байланыс бар, яғни баға өскен сайын товарға ұсыныс артадыжәне керісінше,
баға төмендеген сайын товар ұсынысы да төмендейді. Осы тура байланыс ұсыныс
заңы деп аталады.
Баға өзгергенде ұсыныс мөлшерінің өзгеруі қисық сызықты бойлай
қозғалуымен жүзеге асады. Бағадан тыс факторлардың әсер етуі нәтижесінде
ұсыныстың өзгеруі қисық сызықты ығыстырады. Ұсыныстың ұлғаюы қисықты оңға,
ал азаюы қисықты солға жылжытады.
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар мыналар:
1. ресурстың бағасы
2. технология
3. басқа товарлардың бағасы
4. қолайлы жағдайды күту
5. сатушылар саны
6. салық пен жәрдем қаражат
Ресурстарға бағаның түсуі өндіріс шығындарын айтады. Нәтижесінде
ұсыныс көбейіп, қисық оңға жылжиды. Ал ресурстарға бағаның түсуі керісінше
әсер етеді. Товар өндірістің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер
етеді. Технологиядағы жетістіктер товардың белгілі бір санын өндіру үшін
қажетті шығындарды азайтады. Демек, ұсыныс өсіп, қисық оңға жылжиды. Бірдей
ресурстардың көмегімен өндіруге болатын товар өндірісінің балама құнына
әсер етеді. Мысалы, жүгеріге бағаның өсуі, бидайға ұсынысты азайтады.
Өйткені, фермерлер бағасы жоғары жүгері өндірісін дамытуға талпынады.
Ұсыныс көлемі- өндірушілердің немесе сатышулардың сатуға дайын
белгілі товардың саны. Товардың санына келесі факторлар әсер етеді:
технология, ұқсас товарлардың бағалары, салық және доциялардың көлемі,
табиғат жағдайы, климат, т.б.
Ұсыныс бағасы- өндіруші товарлардың белгілі көлемде сатуға дайын
минималды көлемде сатуға дйын минималды баға. Ұсынс көлемі және олар әсер
ететін факторлар тәуелділігі ұсыныс функциясымен анықталады.
Q s = f (P, K, T, N, B)
Мұндағы: P – Ресурстар бағасы
K –Қолданылатын технология
T – Салықтар мен субсидиялар
N – Сатушылар саны
В – Басқа да факторлар
Ұсыныс заңы бойынша товар бағасынаң жоғарылауы ұсыныс көлемінің
жоғарылауына алып келеді, және баға төмендегенде ұсыныс көлемі төмендейді.
Ұсыныс заңы товар көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы тікелей байланысты
көрсетеді.
Ұсыныс көлемінің өзгеруі бағалы факторлар өзгеруіне байланысты.
Графикте бұл өндіріс ұсыныс қисығының бойымен жылжуына алып келеді. Егер
ұсыныс көлемі жоғарыласа, онда ұсыныс қисығы бойымен жоғары қарай жылжиды,
ал төмендесе керісінше.
Егер ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар өзгерсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Альфред Маршаллдың экономикалық оқуы
Жиынтық сұраныс
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Ұсыныс қисығы
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік
Рыноктық экономикадағы баға: қызметтері, түрлері, қалыптасу механизмі, баға теориясы
Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер
Пәндер