Ойлау. Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым



1 Ойлау.
2 Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ойлау
Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы
ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте
жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау
болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау
сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде
жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан
әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою
дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды
басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында
адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала
алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл
түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін
болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын
алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екінші біліп,
ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста
болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың
Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген мақалы адамның
басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын
байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы
адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін
меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейьір
психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта
қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми
жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы
өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам
ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда
болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом
бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге
бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид
(1901-1975) Тынық мұхит арадарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-
қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады.
Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным теориясы немесе гносеология
Білімді бекіту
Логикалық ойлау қабілеті
Ойлау туралы түсінік
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу
Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау
Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау жолдары
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Пәндер