Қаржылық есеп беру - корпорация жағдайының қаржылық негізі
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс.негізгі қаржылық құжат ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Бухгалтерлік баланс, онвң мәні мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны ... ... ... ... ..18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру ... ... ... ... ... ..23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе.
“Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі ” атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдері толықтай қарастырылып, ол негізгі үш бөлімнен тұрады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайда ланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай - ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел- статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарын- да, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесін- де жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жұмыстың қамтитын мәселелері – жалпы қаржылық есеп беруге шолу, оның маңызы. оны жасау және жасау бойынша түгендеу жұмыстары - бұл бірінші бөлім.
Келесі бөлімі – бухгалтерлік баланс. Өйткені бухгалтерлік баланс қана қаржылық есеп берудің негізгі құжаты болып саналмақ. Мұнда бухгалтерлік баланстың құрылымы, топтары мен бөлімшелерінің сипаттамасы, сондай-ақ шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсері көрсетілген.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың тағы бір мәселесі – ол қаржылық есеп берудің негізі ақша қаражаттары түрінде жүргізілетін болғандықтан, үшінші бөлім – “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру” деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ќазаќстан Республикасыныњ Конституциясы. 1998 ж. 7 казанында
2. енгізілген өзгертулер мен толыќтырулармен. Алматы: 2002 – 40 б.
3. Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия 2030».
4. Ќазаќстан Республикасыныњ Азаматтыќ кодексі (Жалпы және
5. Ерекше бөлімдері) – А : Юрист. 2002 – 329 б.
6. Ќазаќстан Республикасыныњ салыќ кодексі. 2003 ж. 12 желтоќсанынан № 209 – II. А: 2004 – 238 б.
7. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Государственные и муниципиальные финансы. – М.: ЮНИТИ, 1999 – 687 с.
8. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами: Пер. с англ. / Гл. ред. серии Я.В.Соколов. – М.: Финансы и статистика, 1996. – 569 с.
9. Дюрнберг Р.Л. Международное налогооблажение. – М.: ЮНИТИ, 1997. – 201 с.
10. Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш.
Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс.
Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы, 2001
11. Жолдасбаева Г. Ө.
Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы \ - Алматы: Экономика,2002.
12. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын эконмикасы: Оқу
құралы – Алматы: Эконмика,2003
13. Шеденов Ө. Қ., Жүнісов Б. И., Байжомартов Ч. С., Комягин Б. И. “
Жалпы экономикалық теория”. Оқулық \ Жалпы редакциясын
басқарған профессор Ө. Қ. Шеденов, Алматы – Ақтөбе, 2001
14. Шуляк П. Н. Финансы предприятия: Учебник. - 2 –е изд. - М. :
Издательский Дом “ Дашков и К”, 2000
15.Финансы предприятий: Учебник \ Н. В. Колчина, Г. Б. Поляк, Л. П.
Павлова и др. ; Под. ред. проф. Н. В. Колчиной. – М. : ЮНИТИ,2002
16. Т. С. Рақымжанұлы Экономика, қаржы-несие, банк, салық-кеден,
сақтандыру, биржа және кәсіпкерлік атауларының орысша –
қазақша сөздігі. – Алматы: “ Сөздік – Словарь”, 1999

“ Экономика және құқық ” факультеті
“Экономика” кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: “ Корпоративтік қаржы”
Тақырыбы: “Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының
қаржылық негізі”.
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Қаржылық есеп
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8
1.3. Қаржылық есеп беруді
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық
құжат ... ... ... ... ... ... ... .. ...16
2.1. Бухгалтерлік баланс, онвң мәні мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының
мазмұны ... ... ... ... ..18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
беру ... ... ... ... ... ..23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп
беруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме
жазба ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30
Кіріспе.
“Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі ” атты
курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдері толықтай қарастырылып, ол
негізгі үш бөлімнен тұрады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды
тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де
қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік,
қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз
бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін
шынайы көрсетіп береді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды
тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды
беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайда
ланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар,
жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай - ақ мемлекеттік
органдар, т. б. кіреді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің
нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен
қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел- статистикалық есеп берудің
үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарын-
да, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесін-
де жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жұмыстың қамтитын мәселелері – жалпы қаржылық есеп беруге шолу, оның
маңызы. оны жасау және жасау бойынша түгендеу жұмыстары - бұл бірінші
бөлім.
Келесі бөлімі – бухгалтерлік баланс. Өйткені бухгалтерлік баланс қана
қаржылық есеп берудің негізгі құжаты болып саналмақ. Мұнда бухгалтерлік
баланстың құрылымы, топтары мен бөлімшелерінің сипаттамасы, сондай-ақ
шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсері көрсетілген.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың тағы бір мәселесі – ол қаржылық есеп
берудің негізі ақша қаражаттары түрінде жүргізілетін болғандықтан, үшінші
бөлім – “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру” деп аталады.
1 бөлім. Қаржылық есеп беру.
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
Есеп беру деп, кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-
шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер
жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы
болып табылады.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және
субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының
болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және
инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін,
сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар
пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел
басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін
басты ( бастапқы ) база болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас есепшісі
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларына келесілер жатады:
Есептеу. Қаржылық есеп берудің есептеу қағидасының негізінде
жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,
олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен
зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Талассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды
топтастырады және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да
мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайда
ланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар, ондағы
мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын
бағалаған кезде, олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе
пайдаланған ) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер, олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез-келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және саластыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір еспетік кезеңмен
салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мұмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алад, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап, оның тазалығы (ашықтығы ) бо-
лып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасал-
ғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (
оперативті ) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның
өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және
жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік
есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы
құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден
жасалады. Қандай кезеңге берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы
берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы
жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
құжат- талуын, белгіленген материалдық және басқа да есептерін толық
көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өте-
ді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
1. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады
);
2. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлері ЖО, ведомость,
Бас кітап ).
3. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-
шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы
есеп беру т. б. ) .
4. Шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дә-
лдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қар- жы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 “ Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі крсеткіштерін
ашып көрсету ” (№ 2 БЕС ); “ Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі ту-
ралы есеп беру ”(№ 3 БЕС ) және “ Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
беру ” ( № 4 БЕС ) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде ( қатысушыларында, құрылтайшыла- рында
) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті
органдарға: салық инспекциясына ( кәсіпорынның тұрған жері бойын- ша );
жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Талаптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен ( жиынтық ) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізі-
леді), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері
ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі
келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің
нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері
бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтай-шылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып, бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның
барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы
кәсіпорын үшін пошта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас есепші қол
қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші
айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін
берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі,
сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті
түзетулер енгізілуі мүмкін.

дайындық жүмыстары.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және олар-ды
жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және
олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мә-
ліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көз-
деріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын
мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы
мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сарапталудың
нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсет-пеуінен,
операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т. б. салдарынан
болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәлі-
меттерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды анық-тау
үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп атаймыз.
Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі,
ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-
материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құрал-
дардың нақты қолда барын тесеруін және олардың есеп мәліметтерімен
салыстыруын көздейді. Меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс істеу
тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың мін-
детті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта бо- латын
әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс
табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарай екіге бөлінеді: толық және ішінара.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында
жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін
баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы
органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу тек қана
түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін,
мысалы,кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі
құралдардың саны т. б.
Түгендеу өз сипатына қарай жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі
мүмкін:
- жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
- кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы
органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлға- ның ауысқан
кезінде табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС №24
“ Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру” стандартына сай етіп жасалынады.
Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу ко-
миссиясының құрамы және т. б. қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді,
оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын,
олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп
тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы бел-гілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және
өндірістегімүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді
тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәти-
желерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққан-
дарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-мате-
риалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке
алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде
сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге;
мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі
түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-
материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі
бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шығындарды және талам-тараж ға
түскендерді, бұрмалау мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық
шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жаз
баға біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан
Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке
тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу
комис-сиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін
немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара
бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссия мүшелері де
қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның
деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың
арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші
реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданыла-ды.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға
бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету
үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық
құндылыұтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда
қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге, солар- дың
тұрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған
мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы
алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сұрыпталу нәтижесінде
анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысулары тек
ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген
комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың
сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сұрыптаудың болғандығы
жөнінде материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясына егжей-тегжейлі
түсініктеме береді. Сұрыптаудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты
жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қарауына беріледі және кәсіпорын
басшысы түбегейлі шешеді: ал ол ұсынылған барлық материалдарды
зерттегенннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Қайта
сұрыпталу бойынша олардың артық не кем шығуын есепке алғаннан кейін, жетпей
қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де
сұрыпталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем
шыққан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады.
Сұрыпталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалды жауапты
адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл
аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып
көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің бтүгенделуінде өзіндік
ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушылармен, жабдықтаушымен,
есеп беретін адамдармен, қызмет-керлермен, депоненттермен және басқа
дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу
шоттарында есептелген сомалардың мұқият негізделгендігіне саяды. Есеп
айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және
басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың
берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын
растауға немесе өздерінің толық келіспейтіндігі туралы хабарлама жасайды.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк
мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға
бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорын-дарымен есеп
айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша
кәсіпорынның балансында реттепмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте
тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен
негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек
сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да
тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген
шоттардың аттарын атап, сәкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және
дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің
көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса
тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен
жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уақыттан бері
және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада
бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен
дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын
басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв
қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқа да тексерістер кезінде анықталған қолда бар
негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттардың
бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара есепке жатқызылады, бірақ
есепке жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
- артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай
қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың
артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
- құндылықтардың кемуі белгіленген тәртіпте бекітілген нормалардың
шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс, не айналым шығындарына
көшіріліп жазылады;
- материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің кем
шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған
жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар
анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған
жағдаларда кем шыққан мүліктер және ысыраптардан келген зияндар
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қолда бар құндылықтар
мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған
алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын түгендеу
аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу
аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жиынтық түгендеу
бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.
Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия
цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т. б. құжаттардың толық
түскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі
барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың
амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға
арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді;
алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық
шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік қүнын, орташа КДШ
процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған
материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа
шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау.
Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік
баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша
қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және тсіндірме хаттамасы кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы
әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
- инвесторлар – жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі, олардың
алатын табысына қаншалықты пара-пар келктіндігін анықтау үшін;
кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес
активтерін сатып алудың, немесе аз үлесін сақтаудың қажеттілігін
анықтау үшін; кәсіпорынның келкшектегі күтілетін девидендтерді төлеу
қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- кредитор – алған қарызын және төленетін процентін өтеу қабілеттілігін
анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін
тексеру үшін қажет ақпараттарды қажет етеді;
- сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне
мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысының және басқа жеңілдіктері
мен төлемін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде девиденд алып тұруын
көздейді;
- Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына
мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық
шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық
мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді
мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып
келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға,
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағымын
бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың
басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз
септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әртүрлі пайдаланушылардың әрқилы
мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның
қызметіне капиталдың жеткілікті болуы абзал. Сондықтан олардың негізгі
талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік
капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы
тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне орьақ әрі сай келетін
ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға
мүддлі болып келеді.
Есеп берудің мәліметтері Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары Кәсіпорынның табыс алу қабілетін
(активтер құрылымы) бағалау және болашақта болатын ақша
қаражаты
Қаржылық құрылымы Қарыз қаражатының келешекке
(кәсіпорынның қарызы мен қажеттілігін бағалау және болашақта
меншік алынатын пайда мен ақша қаражатын
капиталының ара қатынасы) мүдделі тараптардың арасына тарату;
кәсіпорынның сырттан инвестицияны
тартудың потенциалдық икемділігін
бағалау
Өтемділік пен төлем Өз міндеттемесіне жауап беретін
қабілеттілігінің кәсіпорын-ның ұзақ және қысқа
коэффициенті мерзімдегі қарыздарын төлеу
қабілеттілігін бағалау
Рентабельділік пен іскерлік Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану
белсенділігінің коэффициентітиімділігін бағалау
Қаржылық жағдайының өзгеруі Қаржылық,инвестициялық,оперативтік
қызме-тінің нәтижесінде,
кәсіпорынның алған ақша ағымын
бағалау; кәсіпорынның келешек-тегі
ақша қаражатына қажеттілігін болжау
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір
ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі
ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйіндешаруашылық жүргізуші
субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық
мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында
баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы,
олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру
кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйым қызметінің түрі, заңды
нысаны, өлшем бірлігі көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады.
Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі –
мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып, толық календарлық жыл
саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін – заңды тұлға ретінде
статусын алған күнінен бастап, есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін
саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы
бар (жылына 1 реттен кем болмауы керек).
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және
басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына
сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері
болып табылады.
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік
және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде
көрсетіледі. ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып
табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді
(жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа
мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге
асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа
активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы,
меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар,
қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін
(лицензия, ноу-хау, гудвилл т.б.) ; сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз
іспеттес те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерге меншік құқығы болуы да
және оның болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне
жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан
алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған
шығындардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде
әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек
болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл
активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі-бір әрекеттің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге
құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу
қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда
болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде пайда болады.
Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде
жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде
ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі
өтіп кетсе).
Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша
төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп
беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған
кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес
салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-
шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс – табыс). Қаржылық нәтижесін өлшеу
элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне
қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп
өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т. б.,
сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын
табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар – бұл субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылық-
тардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстардың
қатарына: негізгі құралдар, материалдық емес активтарді, бағалы қағаздарды
сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар
және төтнше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығын (отток)
нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша
қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян эконо-
микалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғи бойынша, шығыстан
айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа
енгізу процесі немесе қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және
мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
- кез-келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы
бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың құны ьар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны
анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер иен иіндеттемелер)
танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері
бар:
бастапқы құны- активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және
олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен
сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты
кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
ағымдағы құны- активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс
табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада
төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша
көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
сату құны- активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін;
міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек
дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;
дисконтталған құны- активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының
дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол
скбъектінің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі,
баланстық құны- актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі
бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен
міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса
басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
2 бөлім. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz