Шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастыруды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып,оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1. шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Қаржы нарығындағы кәсіпорынның ағымдық қаржы қызметінің ролі . . . 8

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының және тактикасының мазмұны мен міндеттері . . . 22

2. шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастыруды ТАЛДАУ . . . 27

2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің факторлары . . . 27

2. 2 Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметінің жағдайы ("Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ мысалында) . . . 29

2. 3 "Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ бағалы қағаздарының портфелінің қалыптасуын талдау . . . 43

3. шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастыру ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 51

3. 1 Нарықтық экономика жағдайында қаржы рыногының қызмет етуінің мәселелері . . . 51

3. 2 Қаржы рыногындағы кәсіпорындардың стратегиясын және тактикасын дамыту жолдары . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

Қосымшалар . . . 64

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне биыл он алты жыл толады. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1] .

Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады.

Республикамызда кеңес үкіметі дәуірінде мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендірілш, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басты бағыты - шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде нәтиже беруде.

Еліміздің экономикасын қайта түлетш, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсшкердің, алатын орны ерекше. Отандық кәсшкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Қазіргі жағдайда кәсшкер нақты нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білш, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзінде асыруды қамтамасыз ететін саясатты таңдап алып, соны басшылыққа алуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісіне өтш, қаржы менеджментіне дейін өсш, айтарлықтай кеңеюі қажет.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттіліктің салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясы анықталмай, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік ("иесіз") меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапсыздықты іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртш, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық аландарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгерш, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті әрштестерді таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғыдан жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) өздері таңдайды, өз қалауы бойынша қажетті шикізатты алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстану жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданатын шешімдердің стратегиялық бағыттарына, нақтылығына, шүғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін жайғастыра отырып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын анықтайды.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның ішінде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигізбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үпіін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық кәсіпорындардың қаржы нарығындағы стратегиясының мәселесі қазіргі кезде аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Сондықтан менің диплом жұмысын жазуымның мақсаты - шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастыруды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен қаржы нарығындағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.

Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:

• Кәсіпорын қызметінің, қаржы нарығындағы стратегиясының теориялық сұрақтарын оқып білу, олардың құрылымын анықтау, "кәсіпорын", "кәсіпорын стратегиясы" түсініктерінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;

• Ел экономикасындағы кәсіпорын қызметінің қаржы нарығындағы стратегиясының барысына талдау жасап, оның себептері мен саддарын анықтау;

• Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық кәсіпорындар үшін қаржы нарығында стратегия жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.

Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмысытың пәні ретінде кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясының құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызметі болып табылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.

1. шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастырудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ

1. 1 Қаржы нарығындағы кәсіпорынның ағымдық қаржы қызметінің ролі

Кез келген шаруашылық субъектісінің экономикалық проблемасы өзінің шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздеу болып табылады.

Жай айналым шегінде макроэкономиканың үш негізгі сұрақтары шешіледі: не өндіру керек, қанша өндіру керек және өндірістік қызмет нәтижелерін қалай бөлш тарату керек. Түрлі экономикалык жүйелерде бұл сұрақтар түрлі жолдармен шешімін табады. Егер рынокта бағалар ресурстарды пайдалануды басқарып отыратын болса, онда экономикалық дамудың рыноктык моделі туралы айтылады. Егер де ресурстарды басқару саяси және әкімшілдік шаралар көмегімен жүзеге асырылатын болса, онда әңгіме жоспарлы экономика турасында болады.

Кәсіпорындар айналымның қарапайым моделінде жұмыс күшін, капитал мен табиғи ресурстарды өнім өндіру мен қызмет түрлерін көрсетуге пайдаланады. Өздерінің жұмыс күшін сатқан үй шаруащылықтары өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге акщалай төлем жасайды. Сонымен, ресурстар, өнімдер мен табыстардың айналымы жүзеге асады, яғни рынокта ақша активтеріне деген сұраныс ақша активтерінің ұсынысына төтеп берш отырады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаржыларын алу әдістері түрлі болғанымен, барлық қатысушылар үшін негізгі принцип сақталып қалады. Рыноктык шаруашылықтың барлық қатысушылары рынокка шығады, атап айтқанда - тауарлар рыногы, ресурстар рыногы, ақша мен капитал рыногы, валюта рыногы және т. б.

Экономикалық жүйеде "қаржы рыногы" термині кең мағына ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелінш отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногыньш құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес.

Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағазды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос акшаларын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардын жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жөне басқа да рыноктармен етене байланысты болады (сурет 1) [2] .

Экономикалық жүйедегі рыноктардың өзара байланысы

Сурет 1. Экономикалық жүйедегі рыноктардың өзара байланысы

Қазіргі кездегі қаржы рыногының негізін көптеген қаржы институттары мен делдалдар құрайды.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде іс-әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық нысанында реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы, ортақ ұғымы болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, несие, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.

Қаржы рыногының жалпылама жіктемесін суреттен көре аламыз (сурет 2) [3] .

Экономикалық әдебиеттерде қаржы рыногының ықшамдалған жіктемесі (құрылымы) де кездесш отырады (сурет 3) [4] .

Қаржы рыногының құрылымы

Сурет 3 . Қаржы рыногының құрылымы

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын дамытпай рыноктық экономиканы көтеру мүмкін емес. Мәселен, экономикасы дамыған елдерде қаржылық ресурстарының жалпы 50 пайызын акциялар мен облигациялар құрайды. Бағалы қағаздар рыногының қажеттілігі мына принциптерден туындайды:

• экономиканы және әлеуметтік жағдайларды қаржыландыру мақсатында қаржы ресурстарды табу қажеттілігі мен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін;

• бағалы қағаздар мемлекеттік ақша, несие саясатының бір құралы ретінде мемлекеттік ақша айналымын реттейді;

• бағалы қағаздар арқылы мемлекеттік меншік жеке меншікке өтеді.

Бағалы қағаздар рыногын дамытудың негізгі мақсаты-Қазақстанның экономикасының тиімді дамуына ықпал ету, рынок экономикасының барлық субъектілерінің қызметтерін белсенділігін арттыру негізінде экономикалық өсуді және қаржылык тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Рыноктағы бағалы қағаздарды реттейтін заң дәл қазіргі кезде даму сатысында. Рыноктың өзі бар, ол қалыптасып, дамуда, ол мемлекеттің қызмет жағдайына және де кәсшкерліктің дамуына өз әсерін тигізуде.

Ертеректе, рыноктық қатынас алыптаспаған кезде, толық мемлекеттік баскаруда, бағалы қағаз айналымы анағұрлым үлкен болған жоқ және ол тек кана облигация түрінде, яғни, алушының жинақтаушы кітабы, ұтыстық лотерея билеттері, мемлекеттік еңбек жинақтаушы, (сберкассілік) аккредитивтері түрінде болды. Ал заңды тұлғалардың арасында есептік чектер қолданылды.

Рыноктық қатынастың дамуына байланысты бағалы қағаздардың түрлері көбейш, қор нарығы пайда болды.

Жалпы түрде, бағалы қағаз рыногында бағалы қағаз шығарып, айналдырып, алып-сатуды экономикалық, қарым-катынастарға жатқызуға болады.

Рыноктық экономикаға ауысқалы бағалы кағаз айналымы тез арада өсті, бағалы катаз рыногі қамтыла бастады. Бірақ бұлар тек қана қор ретінде, және инвестициялық бағалы қағаз болып есептелді. Оларға-акция, облигацияларды жатқыза аламыз.

Бағалы қағаздар-бұл құжжат иесінің басқа тұлғаға қатысты меншік құқығын немесе қарым-қатынасын куәландыратын қаржылык құжаттар.

Бағалы қағаздар құжаттар немесе есеп-шоттарға жазылу формасында жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар айналымы оларды есеп кітапшаларына және шоттарға тіркеу рәсімдерінен айтарлықтай өскен. Сондықтан, олар нақтысыз, яғни қағазсыз жұмыс түріне көшкен.

Біздің елімізде акциялар шоттарға тіркелу арқылы орындалады. Акцияларды сақтайтын шоттар "депо шоттары" деп аталады. Нақтысыз акциялар иесі тіркеме реестрінен алынған көшірмеден басқа құжатты қолданбауы мүмкін. Нақтысыз акциялар шоттарда тіркелу арқылы ғана айналымда жүреді және олардың иелерінін құқығы толық қорғалады. Бұндай формадағы акцияларды қолдан жасауға болмайды. Ол өз иелеріне толық өтімділікті, яши аз шығын жіберу арқылы сатуға, сатып алуға және келісім шарттарды жедел түрде рәсімдеуге мүмкіндік туғызады.

Бағалы кағаздарға қаржылық және тауарлық құжаттар жатады. Шығарылу мақсатына қарай қорлық және коммерциялық болып бөлінеді. Коммерциялық бағалы қағаздар тауар айналымы мен кейбір мүліктік келісімдер процесіне қызмет жасайды. Қорға байланысты бағалы қағаздар қор шеңберіндегі нарықтың қағаздарымен қатынаста болады.

Бастапқы бағалы қағаздар рыногы-бастапқы бағалы қағаздарды орналастыру мен шығару бойынша қызмет жасайтын рынок болып табылады.

Бұдан кейінгі туынды (екінші) рынок-бұрын шығарылған бағалы қағаздар рыногы сауда-саттығымен жұмыс жасайды.

Ұйымдастыру формасына қарай биржалық және биржадан тыс рынок болып бөлінеді.

Биржадан тыс рыногы - қор биржаларында айналымға жіберілмеген, бағалы қағаздар саласы. Бұл рыңокта сондай-ақ жаңадан шығарылған бағалы қағаздар орналаса алады. Мүны қор биржаларын мүше немесе мүше емес дилерлер ұйымдастырады.

Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногы телефон, телефакс немесе компьютерлік желілер арқылы жүзеге асырылады. Бұлар негізінен өзінің қажетті кірісі немесе акциясы жоқ акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарымен айналысады.

Бағалы қағаздар операцияларымен қор биржалары мен инвестициялық институттар жұмыс жасайды.

Қорлы биржа бағалы қағаздар бойынша тұрақты сауда-саттық жүргізетін рынок болып табылады. Бағалы қағаздар айналымы деп, осыған байланысты сауда-саттық және заңнамаға сәйкес бағалы қағаздар иесінің ауысуына әкелетін басқа да қызметтерді айтамыз. Биржа коммерциялық кәсіпорындарға жатпайды. Шаруашылық субъектісі ретінде, биржа бағалы қағаздардың келісім-шарттары негізінде алыпсатарлық және есептік қызмет көрсетеді, белгілі бір кепілдік бере отырып, бағалы қағаздар саудасына шектеулер қояды және келісім бойынша ақы алады.

Қор биржасы бағалы қағаздардың қалыпты айналысына қажетті жағдай жасайтын, олардың рыноктық бағасын анықтайтын және олар жөніндегі ақпараттар тарататын өз, қызметі ерекше болып табылатын ұйым. Қор биржасы бағалы қағаздардың екінші рыногын ұйымдастырушы болып табылады.

Қор биржасы жабық акционерлік қоғам формасында құрылады және кемінде үш мүшесі болуы тиіс, яши, тек қор биржасының акционерлері оның мүшесі болады. Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркелш, Қаржы министрлігінде бағалы қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін-өзі өтеуге негізделген және өз қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді. Бағалы қағаздар операцияларын лицензиясы бар тауар және валюта биржаларының қор бөлімдері де жүргізе алады. Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру-негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция институттары сондай-ақ, мемлекеттің атқару органдары қор биржаларына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды брокерлер мен диллер атқарады. Қор биржасының қаржы қызметі мыналардың есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:

-қор биржасының оған мүшелікке енуге құқығын беретін аіщияларын сату;

-қор биржасының мүшелерінен мүшелік жарналары;

-биржада жасалынған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы;

-биржа қызметіне түсетін басқа табыстары.

Биржаның табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетілдіруге байланысты шығындарды өтеуге жүмсалады. Қор биржасы қаржы министрлігімен келісе отырып бағалы қағазды саудаға жіберу "листинг", сондай-ақ оларды шығару "листингкке қарсы" ережелерін белгілейді.

Қорлы биржалардың қатысушыларына сатушы мен сатып алушы және делдалдар кіреді. (қаржы брокерлері немесе маклер, дилерлер) .

Брокер - клиенттердің ұйғарымы мен қаржысы бойынша, келісім-шартқа тұрғызушы және сол қызметі үшін келісілген мәміле негізінде пайыздық мөлшерде сыйақы немесе қаржы алушы деддал.

Дилер - өз атынан, өз есебінен бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын (жеке немесе заңцы тұлға) делдал болып табылады. Бағалы қағаздар сатып алу немесе сатуды өз атынан және өз есебінен жүргізеді. Бұлар-жеке фирмалар, банктер, жеке адамдар қор биржасының мүшелері.

Дилердің кірісі сауда мен саттық айырмасынан құралады.

Қорлы биржаларда мынадай бағалы қағаздар айналымда жүреді:

1. Акция.

2. Облигация.

3. Мемлекеттің қазыналық міндеттемелері.

4. Сақтау мен депозиттік сертификаттары.

5. Вексель.

6. Варант.

7. Фьючерс.

8. Жекеменшік чек.

Сондай-ақ, брокерлік орындар және сол орындарды жалға беру. Брокерлік орын-көрсетілген биржада саудамен айналысута құқық береді . Қор биржасындағы бағалы қағаздар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгілеріне акция, облигация және мемлекеттің қазыналық міндеттемелері жатады. Ал туынды бағалы қағаздарға жоғарыда айтылған негізгі бағалы қағаздарды өз иелеріне сатуға және сатып алуға құқық беретін кез-келген бағалы қағаздарды жатқызута болады. Бұларға ең алдымен, опцион және фьючерстер жатады [5] .

Инвестициялық институт - бағалы қағаздар операциясымен жұмыс жасайтын шаруашылық субъектісі немесе жеке тұлға болып саналады. Инвестициялық институттарға қаржы брокері, инвестициялық кеңес беруші (консультант), инвестициялық компания, инвестициялық қор кіреді. Осы аталған институттар өз қызметтеріне лицензия алуы шарт. (Инвестициялық кеңес берушіден баска) .

Қаржы брокері-бағалы қағаздар немесе валюта сауда-саттығы бойынша өз өкілеттілігі бар, тіркелген агент. Қаржы брокері ретінде жұмысты шаруашылық субъектісі немесе азаматтар атқара алады.

Инвестиция компаниясы - тікелей және портфельді инвестициялар негізінде капитал салушы мен коммерциялық банктердің кейбір қызметтерін асыратын бірлестіктер (корпорациялар) .

Холдинг компаниялары - басқа акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакетін иеленген бас компаниялар болып саналады. Сондай-ақ, қаржы холдингті компанияларды өз қаржысының 50%-н басқа эмитенттердің бағалы қағаздары және басқа қаржы активтері кұрайтын серіктес деп атаймыз. Айта кетерлік жайт, мұндай компаниялар тек инвестициялық қызметпен айналысады және оларға басқа қызметтермен жұмыс жасауға жол берілмейді.

Қаржы тобы бұл бір мақсатқа негізделген бірлескен кәсіпорындар. Бұлардың холдингті компаниялардан айырмашылығы сол, бас фирмасы немесе арнайы басқармасы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп және аудит
Биржадан тыс нарығы - қор биржаларында айналымға жіберілмеген, бағалы қағаздар саласы
Қаржылық тиімділік көрсеткіштерін талдау
Алдағы кезең шығыстарын есепке алудың негіздері
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Агро маркетинг
Жоспарлы төлем тәртібі және есеп айрысудың синтетикалық есебі
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz