Ақпарат және ақпараттық технологиялар туралы мағлұмат


1. Ақпарат және ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологиялар бүтіндей объектті зерттеу көзқарасынан, сонымен қатар бөлек құрылыстық құраушылар көзқарасынан да классификациялануы мүмкін. Әдетте ақпараттық технологиялар классификациясына кіретіндер: ақпараттың материалды тасығыш типі, ақпаратты техниканың даму деңгейі, адамның интеллектуалды қызметінің автоматтандыру мәртебесі және де т. б. Осындай әдістеме сәйкестлігімен ақпараттық технологиялардың келесі түрлерін белгілеуге болады: жаратылысты-табиғи, қағазды-механизацияланған, автоматтандырылған.

Жаратылысты-табиғи ақпараттық технология ақпараттың жаратылысты тасығышын (тастар, сөйлесу, адам миы), сонымен қатар жаратылысты каналдары мен оларды жіберу құралдарын (дыбыс, сәуле) қолданады. Мұндай технологияларда ақпарат субъекттен бөлінбеген, сондықтан олардың сақталуы мен жіберілуі қиын.

Қағазды-механизацияланған ақпараттық технологияда ақпарат субъекттен бөлінген, оны сақтауға, жіберуге, өңдеуге болады. Ақпаратты сақтау негізінде қағазды тасығыштарда құжат ретінде өндіріледі. Ақпаратты өңдеу механизация элементтерін қолдану көмегімен жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған ақпараттық технология ЭЕМ-де қолдану, ақпараттық техника құралдарында және әр түрлі машиналық ақпаратты тасығыштарында негізделген. Берілген ақпараттық технология түріне білім деңгейіне дейінгі ақпаратт құрылымының жоғарғы деңгейі және адамның интеллектуалды қызметінің автоматизациясы тән болып келеді.

Өз кезегінде автоматтандырылған ақпараттық технологиялар төмендегілерге бөлінеді:

а) ЭЕМ-ді қолдану формасына қарай:

- жинақталынған, орталықтандырылған мәліметтер өңдеуіне негізделген;

- локальды, ЭЕМ тікелей маманның жұмыс орнында пайдаланылады;

- бөлінген немесе желілік, ақпаратты-есептеуіш желілерде қолданылатын есептеуіш техникасының құралдарының бірігуіне негізделген;

б) машиналық ақпараттар организациясы формасына және мәліметтердің қолданылатын құрылымы типтеріне қарай:

- файлдық жүйелерге негізделген ақпараттық технологиялар;

- мәліметтер базасына негізделген ақпараттық технологиялар;

- білім базасына негізделген ақпараттық технологиялар;

в) мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесінің типтеріне қарай:

- ақпаратты өңдеудің процесі функционалдық (операциялықпен) принцип (әр элементтің артынан бір операция бекітіледі) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;

- ақпаратты өңдеудің процесі пәндік принцип (тұйықсыз циклмен) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;

г) адамның интеллектуалды қызметін автоматтандыру деңгейіне қарай:

- формальды модельдерді қолданумен тапсырмаларды автоматтандырылған шешім идеологиясына негізделген дәстурлі ақпараттық технологиялар;

- білім концепциясына негізделген және есептеу ортасына, формулировкаға, қойылымына пайдаланушының тікелей интеллектуалды рұқсатын қамтамасыз ететін және пәндік обласында тапсырмаларды орындайтын жаңа ақпараттық технологиялар;

д) функционалдық тағайындауына қарай:

- өндірісті-технологиялық ақпараттық технологиялар;

- организациялы-басқарулық ақпараттық технологиялар;

- ғылыми-зерттеушілік ақпараттық технологиялар;

- жобалы-құрылымдық ақпараттық технологиялар;

- білім берушілік ақпараттық технологиялар және т. б.

Практикалық қосымшалар сферасына байланысты глобальды, базалық және нақты ақпараттық технологиялар деп те бөледі.

Глобальды ақпараттық технология модельдерді, қалыптастыру әдісі мен құралдарын және ұйымда ақпараттық ресурсты қолдануды қамтиды. Базалық ақпараттық технология белгілі бір мәселелік облысқа бейімделеді (өндіріс, ғылыми зерттеулер, жобалау, білім және т. б. ) . Нақты ақпараттық технологиялар нақты объекттердің ақпараттық қамтамасыздандыру қызметіне белгіленген.

2. Ақпарат ұғымы

Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс. Біз бәріміз жарық дүниені көргенімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледи-дар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойлау - ақпарат алмасусыз жүзеге аспайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т. б. түрінде болады.

Ақпарат дегеніміз - хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе дадыда болатын мәліметтер. Басқаша айтқанда ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымды білдіретін information сөзінен шыққан.

Ақпараттық процестер, яғни информацияны сақтау, өңдеу және таратупроцесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Адамдар ауызша хаттармен, хабарламалармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бірбіріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; көне хаттармен құжаттардысақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы ақпараттық процестер.

Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материалдық әлем заңдарын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғаласының барлық түрлері мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материаны белгілі бір ажырағысыз қасиеттерімен және атрибутымен байланысы деп есептеледі.

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың құрлымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасмалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процес деп атайды.

Ақпарат мөлшерін көлемдік тәсілмен анықталғанда объектіге мәндік қатысын бөліп көрсетпейтін, дербессіздендірілген ақпаратпен операциялайды. Мұнда ақпарат көлемі хабарламадағы символдар санымен өлшенеді.

Ақпарат қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңы болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастады.

Ақпараттық жаңа әлемде бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол жеткізуі. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен әдепттерлерінің саны көп есе өсіп кетті.

3. Мәліметтендіру негіздері, құрылымы

4. Файлдық құрылым

Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген бөлігін түсінеміз. Кез келген файлдың өзіне тән үш ерекшелігі болады. Біріншіден, файлдың атауы бар, программаға осы атауы бойынша бір мезгілде бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол бір типті компоненттерден тұрады. Файлдан басқа Object Paskal-дың кез келген типі компоненттер типі бола алады. Үшіншіден, Файлдың ұзындығы жөнінде оны хабарлауда ешнәрсе айтылмайды, ол тек сыртқы жады құрылғысының көмегімен шектеледі. Файлдық типті төмендегі үш тәсілдің бірімен беруге болады:

<аты>=File of<тип>;

<аты>=TextFile;

<аты>=File;

Мұндағы <аты> - файлдық типтің аты; File of - қызметші сөздер (файл, содан) ; TextFile - стандартты мәтіндік файл типінің атауы; <тип> - файлдан басқа Object Pascal -дың кез келген типі.

Мысалы,

Type

Product = Record

Name: String;

Code: word;

Cost; Comp

End;

Text80 = File of String[80] ;

Var F1:File of char;

F2:TextFile;

F3:Text80;

F4:File of Product;

Хабарлау тәсіліне қарай, файлды үш түрге бөлуге болады: мәтіндік, типтік және типтік емес.

Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады. Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда жол болып беріледі. Мұндай жазулар ақпараи бөліктері болып бірігуі мүмкін. Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты . txt, . doc болып беріледі. Программалау тілдеріндегі программа мәтіндегі файлдар үшінзаты тілдің белгісін білдіреді, мысалы, . pas, . bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.

Типтік файл - бұл компоненттері - мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті файл. Типтік файлдың физикалық атауының затын пайдаланушы анықтайды. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.

Типтік емес файл - бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге болады. Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың бәрі логикалық та, физикалық та бола алады. Мысалы, файлдың логикалық атауы және файлдың физикалық атауы. Файлды жазудың соңы - тасымалдаушыға физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line) деп аталады. Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе true мәнін қабылдайды.

Файлдың соңы - тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол EOF (End Of File) . Сондай-ақ, физикалық файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын Паскальдың бұл айнымалы функциясы да осылай аталады.

Физикалық файлдар оның компоненттеріне кіру иәсіліне қарай тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.

Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компонентімен жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нөлден басталады, яғни 1-компоненттің нөмірі - 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т. с. с. Бұдан, файлдың соңына n+1-ші орынға n-нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру компонентінің нөмірі бойынша жүзеге асады. Сонымен тікелей кіру мүмкіндігі бар файлды тасымалдаушының кез келген бөліне тікелей кіруге мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы, магнитті дискілерде.

Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек бірінші компоненттен басталады.

Сондықтан, тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін ізделінді компонент табылғанша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.

Object Pascal тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін ұйымдастыруға болады:

  • файл құру;
  • мәліметтерді файлға жазуға;
  • мәліметтерді файлдан оқуға;
  • файлды түрлендіру.

Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша

логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық файлмен сәйкес құрылғыда, ақпаратты тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен орындалады.

5. Ақпараттық технологиялар пәні және оның мәселелері

6. Пән, объектілер және информатика құрамының бөлігі

Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканың оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп ғана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар, информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.

Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Информацияның жеткіліктігі немесе толықтығы оның информацияның дұрыс шешім қабылдауға қажетті деректердің ең аз шамадағы көлемін білдіреді. Толық емес информация пайдаланушылар қабылдаған шешімнің тиімділігін кемітеді. Ал, информацияның мөлшерден көп болуы, керісінше, оперативтілікті кемітіп, шешім қабылдауда қиындатады, есесіне информацияны әлдеқайда тұрақты етеді.

Информацияның іргелі, үлкен өзгешелігіне жүйелілігі жатады. Белгілі болғандай, оған кіретін элементтердің әрбіреуі жеке алғанда мұндай өзгешілікке ие бола алмайтын өзгешіліктердің жиынтығы жүйе деп аталады. Әрбір бір жолғы информациялық сигналдардың өзара бірігуі әлдеқайда жоғары тудыратыны туралы көп мысалдарды еш қиындықсыз келтіруге болады.

7. Ақпараттың физикалық және математикалық аспектілері

8. Информатиканың математикалық негіздері

9. ДК-дің функционалдық бөліктері

10. Компьютер архитектурасы

Қазіргі уақытта компьютерлік жүйелердің әр түрлі архитектурасы болады. Бірақ олардың бәрінің де өз құрылымында қарастырылған элементтері болу керек және міндетті түрде компьютерлік жүйелердің функцияларының негізгі қағмдаттарын қолданады. Ол қағидаттарға келесілерді жатқызуға болады: иодульдік принцип, магистралбдік, микропрограммалық.

Модульдік -модульдер негізінде компьютерлерді құрастыру әдісі. Модуль-стандартты түрде жасалған конструктивті және функционалды түрде аяқталған электронды блок.

Магистральдік дегеніміз бұл әр түрлі компьютерлік модульдердің біріктірілуі. Бұл жерде кіріс және шығыс модуль құрылғылары бір сыммен қосылады, осылардың жиынтығы шина деп аталады. Компьютерлер магистралі бірнеше шина топтарынан құралады және олар функционалдық белгі бойынша ажыратылады-шина адресі, мәліметтер шинасы, басқару шинасы.

Микропрограммалау -жүйені программалық басқару принципін жүзеге асыру тәсілі.

ДК -дің негізгі аппараты және конструктивті модулі ретінде аналық немесе жүйелік тақша қарастырылады.

Компьютерлік жүйе құрылымы келесідей құрылғылармен толықтырылуы мүмкін: сопроцессор, кэш-жады, ҮИҮ перифериялық жинақ.

Сопроцессор - орталық процессормен келісіп жұмыс істейтін және оған қосымша мүмкіндіктер беретін көмекші процессор. Сопроцессор программалық түрде жүзеге асыратын аппараттық функцияларды жүзеге асырады. Сопроцессор негізгі процессордың командаларының жүйесін кеңейтеді.

Кэш-жады - негізгі жадыдан толтырылатын процессорларға жақын арада керек болады деген мәліметтерді сақтау үшін арналған тез әрекет ететін буферлік жады.

Чипсет - бұл бір функционалдық жиынтығы бар ҮИҮ. Ал біздің жағдайымызда бұл перифериялық құрылғылармен қамтамасыз етілген ӨҮИҮ(жинағы) . Осы құрылғылардың кейбіреулері контроллер деп те атайды.

11. Микропроцессорлар

Есептеу техникасының дамуы орталық процессорлардың жетілдірілуімен бірге жүзеге асады. Процессорлардың жаңа модельдері тек өнімділіктің өте жоғарылығымен ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар саласы
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Кітапхананы автоматтандыру процесі
Ақпараттың түрлері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ТҮРЛЕРІ
Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
Ақпараттық технологиялар, интернет және саясат
АКТ пәнінің оқытудың мақсаты мен міндеттері
Туризмдегі ақпараттық технологиялар
Электрондық ақпарат құралындағы интернет көші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz