Аса қауіпті инфекцияларды емдеу үшін дәрілік заттарды әзірлеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы препараттар» ғылыми теникалық бағдарламасы превентивті және терапевтік белсенділігі бар жүйелі әсер ететін бактерияға қарсы және қоздырғышқа қарсы, инфекцияға арсы препаратты әзірлеу міндетін шешуге бағытталған.

Аса қауіпті инфекцияларды емдеу үшін дәрілік заттарды әзірлеу бастапқы сатыда тұр, бірақ қазірдің өзінде зертханалардағы жануарларға эксперименттік инфекциялар кезінде препарттың терапевтік және превентивтік те әсер етуінің үміт ұялататын нәтижелері бар.

Жаңа антисептикті әзірлеу аяқталу сатысына жақындап келеді. Антисептик ретіндегі оның кейбір қасиетері:

Белсенді зат бойынша бірждей концентрация кезінде микроағзаға қарай микробқа қарсы белсенділігі бойынша препарат: Б хлораминінен, формалиннен, фенолдан, сутегі пероксидінен бірнеше есе асып түседі; антибиотиктік және хлороминге төзімді штаммаларға бактерицидтік түрде концентрациясына аз тәуелді; препарат тез вирулицидтік әсер ете алады.

Сөйтіп Қазақстан Республикасында Қазақстан мен оған іргелес м емлекеттер шегінен көп тысқары шығатын препарат әзірлену үстінде. КСРО өмір сүру кезеңінде, барлық шекаралас мемлекетер, соның ішінде Қазақстан да адам мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялары бойынша карантиндік аймақ құрды. Бұл карантиндік аймақ соңғы мысалы - қалыптан тыс қабынуы секілді жаңа вирустық инфекциялар түрінде әрқашан биологиялық қатер туатын Қытаймен және Оңтүстік-Шығыс Азиямен қауіпті көршілестікте орналасқан.

Инфекцияға қарсы препарат бірінші кезекте онымен күресу соңғы жылдары ерекше өзекті болып отырған туберкулезді емдеуге арналған.

Сонымен қатар, препарат бруцеллез, пастереллез, лептоспироз, сондай-ақ оба секілді инфекцияларға қатысты да жоғары терапевтік тиімділігін көрсетті.

Бактерицидтік қасиеттерімен қатар, инфекцияға қарсы препарат қоздырғышы бар ДНҚ мен РНҚ-ға қатысты вирулицидтік әсер ете алады.

Проблеманың әлсіз жақтары:

осы проблема бойынша шешім қабылдауды созып жіберу Йодомидол мен Арменикумнан асып түсетін инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеудегі көш басшылықты жоғалтуға әкеп соғады, бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетінің дамуына теріс әсер етеді;

инфекцияға қарсы препараттар жаңа сыныбыың фармакалогиялық тарихы бұзылатын болады, сондай-ақ Қазақстанда адам мен жануарларға төнетін биологиялық қатерге қарсы тұру үшін резерв препараты әзірленбейтін болады.

Проблеманың күшті жақтары:

ғылымды көп қажет ететін технологияларды, кадрлық әлеуетті, ғылыми техникалық базаны және инфекцияға қарсы жаңа дәрілік заттар өндірісін одан әрі дамыту;

ғылыми зерттеулерді Ресей мен Ұлыбритания ҒЗИ -мен кооперациялау мүмкіндігі.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстанда қауіп төндіретіндей жайылып отырған туберкулез, ЖҚТБ, гепатиттер мен басқа да ауруларды емдеу үшін жүйелі әсер ететін инфекцияға қарсы жаңа препарат әзірлеу.

Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында “Республикалық инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы” РМК-ның зертханалары мен жабдықтарын аттестаттау және аккредитациялау Бағдарламаның маңызды міндеті болып табылады.

Инфекцияға қарсы препарат ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес толық көлемде клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтуі тиіс.

Жаңа дәрілік заттарды сынау саласында жас мамандарды, олардың Еуропаның жетекші зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтулерін қоса алғанда, даярлау Бағдарламаның қосымша міндеті болып табылады.

Ғылыми Орталықтың инфекцияға қарсы препараттарды әзірлеу мен сынау жөніндегі интернационалдық жобаларға интеграциялануы және өз препараттарын халықаралық рынокқа шығару бағдарламаның түпкі мақсаты болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

1. Медицина мен ветеринария үшін инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу және сынау жөніндегі ғылыми орталықты құруды ғылыми техникалық қамтамасыз ету.

Шаралар мен индикативтік көрсеткіштер: халықаралық стандарттарға сәйкес зертханаларды реконструкциялау, аспаптармен жарақтадыру және ҚР ЭСМ -нің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінде аккредитациялау.

2. Препараттардың матрицасын құрайтын компененттердің қышқылдық негіздік өзара әрекет етуін зерттеу.

Шаралар мен индикативтік көрсеткіштер: инфекцияға қарсы препараттарды жасау үшін преспективасы бар сынаптардан заттардың қорын айқындау, компоненттердің өзара әрекет ету заңдылығын айқындау, белсенді субстанциялады, дайын дәрілік нысандарды сақтау шарттары мен мерзімдерін оңтайландыру.

3. Инфекцияға қарсы препараттардың тәжірибелік өнеркәсіптік өндірісін құру.

Шаралар мен индикативтік көрсеткіштер:стандартты жабдыққа, аспаптар мен бақылау әдістеріне телінген, инфекцияға қарс препараттар өндірісінің бірегейлендірілген экологиялық таза технологиясын әзірлеу.

4. Инфекцияға қарсы препаратты клиникаға дейін сынау.

Шаралар мен индикативтік көрсеткіштер:токсикологиялық, бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу, инфекцияға қарсы препараттың мутагенді, канцерогенді, аллергенді және иммуногенді қасиеттерін анықтау.

5. Инфекцияға қарсы препаратты жануарлар мен құстарға клиникалық сынау.

Шаралар мен индиктивтік көрсеткіштер: препараттың сау жануарларға әсер етуін, эксперименттік бактериалдық (туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез), қоздырғыштық және қоздырғыштық бактериалдық инфекциялар кезіндегі терапевтік әсер етуін зерттеу.

6. Инфекцияға қарсы препаратты дені сау еріктілерге клиникалық сынау.

Шаралар мен индикативтік көрсеткіштер: көтеруі мен жанамаәсерлердің фармакологиялық және иммунологиялық көрсеткіштерін зерттеу.

7. Инфекцияға қарсы препаратты ВИЧ (ЖҚТБ) ассоциирленген аурулар: туберкулез, бруцеллез, гепатиттер және басқа да вирустық инфекциялар кезінде еріктілерге клиникалық сынау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармокология ғылымы
Жануарлардың бруцеллезі
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
Білім беру саласының басты міндеттері
Профилактикалық антисептика
Инфекционды қауіпсіздік. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Аурухана ішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес
Аурухана ішілік инфекция
Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz