Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 378 (075. 8) Қолжазба құқығында

Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты

Ш. М. Дүйсебаева

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде

ағылшын тілін оқыту

6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

Академиялық магистр дәрежесін алу үшін дайындалған

диссертация

Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м. а. Елубаева М. С.

Тараз, 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 1 Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері . . .
3: 7
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
  1. Педагогикалық технологиялардың мәні мен түрлері . . .
3: 7
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Интерактивті оқыту әдістерінің мәні, түрлері және оны ұйымдастырудың формалары . . .
3: 12
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 2 Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде мектепте ағылшын тілін оқытудың әдістемесі . . .
3: 46
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Ағылшын тілі сабақтарында педагогикалық технологияларды пайдалану . . .
3: 46
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Ағылшын тілінің сабақтан тыс жұмыстарда педагогикалық технологияларды пайдалану . . .
3: 58
КІРІСПЕ. . .: 2. 3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері . . .
3: 81
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 93
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 95
КІРІСПЕ. . .:
3:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру процесін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субъектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.

Казіргі заманғы Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің даму кезеңі оны түпкі негізі мен әдіснамасын қозғайтын кең көлемді реформалармен сипатталады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2010-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесі дамуының әр деңгейінде толығымен жаңа білім беру үлгісі енгізіледі.

Егер де жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары жас ұрпақтарға жинақталған білім қорын тапсыру мәселелерін тиімді түрде шешетін болса, үздіксіз білім беру идеясы Казіргі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін, олар мыналар: ақпаратпен жұмыс істеу, жаңа білім құру, мұнымен қоса негізгісі - дамушы әлем жайында қажетті білім деңгейін қолдау әдістеріне үйрету. Сондықтан да әр мұғалім мен оқушыға «оқыту» мен «оқу» порцестерін меңгеру үшін, ең алдымен, міндетті түрде туған тілін, ғылым тілін және технология тілдерін игеру, сонымен қатар оларды кәсіби қызмет негізі ретінде қарастыру қажет.

Кез келген дайын үлгіні іс жүзіне асыру үшін белгілі бір жағдайларға бейімдеуді керек ететіні мәлім. Сондықтан да, біздің мемлекетімізде білім беру жүйесін реформалаудан бұрын, оны модернизациялау мен казіргі тәжірибеге енгізу құрылымын ғылыми негізде жете зерттеу қажет. Сонымен қатар дүниежүзілік білім беру кеңістігіне интеграциялану процесі бізден бейімделу мен іс жүзінде әлем кеңістігінде танылған педагогикалық жетістіктерді енгізуді талап етеді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім жүйесін дамыту үшін жаңа тәсілдерді енгізу, тұрақтанған әдіснаманы және педагогика ғылымының парадигмасын өзгертуді талап етеді.

Қоғамның жаңарып өзгеруіне байланысты өзекті проблемалардың бірі - жастардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жаңа дидактикалық әдістер мен жолдар іздестіру. Осы ізденістердің нәтижелері педагогикалық технологиялардың маңыздылығын айқындайды.

Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько [ ], Г. К. Селевко [ ], В. Ф. Шаталов [ ], П. М. Эрдниев [ ], Ж. А. Қараев [ ], Ш. Т. Таубаева [ ], М. М. Жампеисова [ ], Б. Т. Барсай [ ], Д. М. Жүсібалиева [ ], М. В. Кларин [ ], Қ. Ө. Қариева [ ], С. А. Көшімбетова [ ], Қ. Қабдықайырұлы [ ], А. А. Саипов [ ], Г. К. Селевко [ ], Б. К. Төлбасова [ ], А. Қ. Мынбаева [ ], Л. А. Шкутина [ ] және т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.

Сонымен, мектептің оқу - тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, оны енгізудің жолдарын көрсету үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын "Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту" деп таңдап алдық.

Зерттеудің мақсаты: Жаңа педагогикалық техналогиялар негізінде ағылшын тілін оқытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны практикалық түрде жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі сабағын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ағылшын тілін жаңа педагогикалық технологияны пайдалану негізінде дамытсақ, онда оқушылардың қызығушылығы артып, өз бетімен іздену мүмкіндігі туады, білімнің сапасы артар еді.

Зерттеудің міндеттері:

1. «Инновация», «технология», «педагогикалық технология» ұғымдарына сипаттама беру;

2. Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздерін айқындау;

3. Ағылшын трілін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін ашып, оны іс - тәжірибеде пайдаланудың жолдарын көрсету.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: таным теориясы, оқыту және тәрбиелеу туралы теориялар мен тұжырымдар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері жасалынды;
  • оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары арқылы ағылшын тілін оқытудың әдістемесі жасалынды.

Зерттеудің тәжірибе-эксперименталдық базасы: №49 мектеп гимназиясы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, зерттеу жұмысының тақырыптық зерттелу жайы, зерттеудің ғылыми аппараты, қорытындыдан тұрады. Бірінші тарау «Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері» деп аталып, онда жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері мен білім беру технологияларының мәні мен мазмұнына сипаттама беріліп, теориялық тұрғыда негізделді.

Екінші «Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары арқылы ағылшын тілін оқытудың әдістемесі» атты тарауда оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесіне талдау жасалынды.

Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1- кезеңде (2010-2011) зерттеу тақрыбы таңдалынып, оның теориялық негіздері анықталды, педагогикалық, ғылыми - әдістемелік зерттеулер мен жаңа педагогиеалық технологиялар бойынша әдебиеттер жинастырып, олармен танысу және оларды талдау жүзеге асырылды.

2- кезеңде (2011-2012) оқу үрдісінде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын ендірудің педагогикалық шарттары анықталынып, оны пайдаланудың жолдары ашылды. Ағылшын тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың қолданылуы бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, зерттеу жұмысының нәтижесі тексерілді.

  1. Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде мектепте

ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері

1. 1 Педагогикалық технологиялардың мәні мен түрлері

Казіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге шықты. Дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеуден бас тартуға байланысты жаңа педагогикалық технологияны іздестіру жүріп жатыр.

Жалпы адамзаттың құндылықтар мен жеке тұлғаны ізгілікті дамыту теориясына негізделген субъект пен субъектілік қарым-қатынаста басым бағытты ұстаған технологияны қуаттайды. «Технология» сөзі әр түрлі авторда әр түрлі түсіндіріледі. Педагогикада шеберлік пен оқыту деген сөздің қосындысын береді. В. П. Беспалько педагогикалық технологияны тұтастай құрылым ретінде қарастырады. М. В. Кларин педагогикалық технологияны оқу үдерісіне қойылған мақсатқа жетуді көздейтін құрылымы ретінде қарастырады. Г. К. Селевко «педагогикалық технология» түсінігін 3 түрлі деңгейде қарастырады [ ] :

  1. Жалпы дидактикалық.
  2. Жеке әдістемелік (пәндік)
  3. Модульдік.

Оқытуды технологияландыру идеясының пайда болуы ең алдымен, әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына ғылыми-техникалық жетістіктердің енуімен байланысты.

В. П. Беспальконың айтуынша, әрбір іс-әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология ғылым негізінде құрылған. Бәрі өнерден басталып, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды [ ] .

Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-жылдардың басына жатқызады және оны алғашында америкалық, ал одан кейінгі кезеңдерде еуропалық мектептердің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шетелдегі казіргі заманғы педагогикалық технологияларды белгілі зерттеуші ғалымдар Дж. Кәролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики […-…] және баска да ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан.

Казіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент теорияларында кеңінен қолданылады.

Осы мәселені зерттеуші-педагогтар оқыту технологиясы мен педагогикалық технология арасында өзгешелік жоқ деп есептейді. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын ала жобаланған педагогикалық үдерістің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы мұндай көріністер келесідей анықталады:

  • өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әртүрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;
  • мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушы іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен, педагогикалық үдеріс белгілі жүйедегі ұстанымдарға сүйенетін болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы ұстанымдарды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жиынтық ретінде қарастырылуы мүмкін.

Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығын байқауға болады. Егер «әдістеме» ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог-маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Н. Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалык технология бұл көзқарастан - бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайын сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейінде Казіргі заман мәдениетімен байланыста болады.

Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан мұндай технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін былайша түсіндіреді [ ] :

  • технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық позициясы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;
  • педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;
  • диалогтік қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау принциптерін негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;
  • педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғалім мен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда, барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
  • педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар - диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және құралдары, белгілі ұстанымдар.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік.

Дидактикада өзара байланысқан жалпы және жеке технологияларды айыруға болады, жалпыларға конструкциялау технологиясы жатады. Мысалы, қарым-қатынас үдерісі және оны іске асыру; жеке бұл оқытудың, оқу іс-әрекетін педагогикалық белсендіру, оқытудың қорытындыларын бақылау және бағалау және неғұрлым нақты - оқу жағдаятын талдау, сабақтың басталуын ұйымдастыру және т. б. типтес міндеттерін шешу технологиясы.

Оқыту технологиясы дегеніміз, бұл - білім беру стандартына сай құрастырылған оқу жоспарлары; бағдарламаның қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әдіс тәсіл оқыту құралдары арқылы білім мазмұнын жүзеге асырудың жобасы. Авторлық технологияларды меңгеру мен жүзеге асыру кәсіби дамыған педагогты, оның жеке тұлға ретінде де педагогикалық технологияны білумен қатар, қойылған шарттарды сақтауды талап етеді. Педагогикалық технологияның белгілері: мақсаттың айқындылығы, жобалануы, икемділік, тұтастық, кері байланыс болуы, түзету (коррекция) басқару, көзбен шолып байқау, нәтижелілік.

Шарттары: мұғалімнің жаңашыл технологияға бет бұруы; бұрыннан бар технологиялық ресурстарды сараптау (жоспарлау) ; мақсаттарды реттеу, оған жетуге деген қабілеттілік, іс-әрекетті сараптау мен ұйымдастыру; өз тәжірибесін рефлекция арқылы меңгеру қабілеттілігі, оны технологиялық түрде білдіру.

М. В. Клариннің пікірі бойынша, оқытуға технологиялық тұрғыдан келу - оқу үдерісін құрастыру (білімдік бағыты, мақсат пен оқыту мазмұны) мақсатын алға қояды.

Педагогикалық технологияның ерекшелігі сол, оқу іс-әрекетін құрастыру мен жүзеге асыруда мақсатқа жетуді кепілдейді. Ал, ол оған жетудің - кілті оқу іс-әрекетін технологиялық құру мен мақсатқа жетудің нақты айқын бағытын анықтау.

Бұл мақсаттар: оқытылатын пән немесе тақырып мазмұнының негізін білу, білім алушы мен мұғалімның өзара байланысқан іс-әрекеті, жеке тұлғаның жеке ішкі даму үдерісін зерттеу сияқты мәселелермен анықталады (1-кесте) .

Әртүрлі тәрбие жұмысының түрлері мен сабақ беруде қолданылатын педагогтың алгоритмі ретіндегі іс-әрекеттің технологиялық байланысын елестетуге болады.

Жалпы көріністе білім алушыларды, оқу-тәрбие үдерісінің деңгейін зерттеу, анықтаушылық мақсатпен міндет қою, келешегін анықтау, нәтижені болжау, іс-әрекетті жоспарлау, міндеттерді шешу, ұйымдастырушының қызметі, танып-білу негізінде зерттеу, үйрену, оқып-білу. Сондықтан, педагогикалық технологияның дамуы, жаңа да неғұрлым сапалы деңгейдегі педагог-маманның қызмет деңгейі мен оның оқыту мен тәрбие берудегі педагогикалық техника дағдысы мен өнеріне байланысты.

Кесте 1 - Оқыту технологиясы

Білім берудегі бағыт:: Білім берудегі бағыт:
Білім берудегі бағыт:: Мемлекеттік білім стандартымен қарастырылған оқу
Білім берудегі бағыт:: жоспарлары мен бағдарламалары, оқыту мазмұны
Білім берудегі бағыт:: Басым бағыттар мен оқу міндеттері
Білім берудегі бағыт:: Оқыту технологиясын таңдау мен талдау
Білім берудегі бағыт:: Оқу
Оқу іс- әрекетін
Оқытудың әдіс-
Оқытудың
Білім берудегі бағыт:: материалын
ұйымдастыру
тәсілдерін
құрамдарын
Білім берудегі бағыт:: ұйымдастыру:
мен түрін таңдау:
таңдау:
таңдау:
Білім берудегі бағыт:: - құрылымын
- жалпы курстық;
- ақпараттандыру;
- оқулықтар;
Білім берудегі бағыт:: шығару;
- топтық;
- дамыту;
- ақпараттық
Білім берудегі бағыт:: - нормативтік
- жекелік;
- іздену мен
материалдары;
Білім берудегі бағыт:: құжаттар мен
- мұғаліммен
мәселе қою;
- оқу құрал-
Білім берудегі бағыт:: білім стандартына
бірге орындау;
- авторлық оқыту
жабдықтары;
Білім берудегі бағыт:: негіздеу;
- өзіндік жұмыс;
технологиялары;
- техникалық
Білім берудегі бағыт:: - дәлелдер мен
- өз білімін
- интерактивті
оқыту құралдары:
Білім берудегі бағыт:: мысалдар,
жетілдіру.
әдістер;
- аудио, видео,
Білім берудегі бағыт:: дәйектерді
- өнімді,
- интерактивті тақта,
Білім берудегі бағыт:: нақтылау;
шығармашылық
- ақпараттық
Білім берудегі бағыт:: - міндеттер мен
зерттеу.
технологиялар.
Білім берудегі бағыт:: тапсырмаларды
Білім берудегі бағыт:: анықтау.
Білім берудегі бағыт:: Технологиялар
Білім берудегі бағыт:: Түзету
Білім берудегі бағыт:: Баға беру

Академик А. И. Кочетов «Педагогикалық зерттеудің мәдениеті» деген кітабында оқытудың тиімділігі мен оқыту әдістерінің, нәтижелілігінің көрсеткіштері мен шарттарын суреттеп берді (2, 3-кестелер) [ ] .

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, білім алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту үдерісінің қасиеттерінің жалпы білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Демек, оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» tесһnе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Кесте 2 - Тиімді оқытудың көрсеткіштері мен шарттары

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Оқыту бағыттары

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Болашақ маман ретінде оқушының қоғамдағы өзгерістерге бейімделуі, олардың белсенді әлеуметтік көзқарасының болуы

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Білім беруді кіріктіру

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Нақты жағдайларға байланысты тұтастай баға беру мен жаңа жағдайға тез бағыттау

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Оқытудың дамытушылық пен тәрбиелік маңызы

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Оқу үйренуі мен тәрбиелейтін картасы бойынша тұтасқан жеке қызметтің қалыптасқандығы

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Білім алушы мен мұғалімның өзара іс-әрекет үлгісі

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Оқушы қабілетінің дамуы негізінде оқу материалын игерудің шапшаң жүруі

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Ортақ дидактикалық талап

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Оқушының жұмысқа қабілетінің тұрақтылығы

Оқыту тәсілдерінің тиімді шарттары:

Дидактикалық құрылым дамуының үрдістері

Бұл шарттың тиімділігінің көрсеткіші оқушының тәрбиелілігі мен оқуға үйренуінде:

Жаңа ғылыми талдауларды тәжірибеге енгізу

Кесте 3 - Оқу әдістерінің нәтижелілігінің көрсеткіштері

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Мол ақпарат көздерінің жинақталуы

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Барлық оқушылардың базалық білім деңгейін меңгеруі

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Мұғалімның қабілеті мен тәжірибесінің жүзеге асуы

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Білім алушылардың мұғалімға, пәнге, өз еңбектеріне деген дұрыс қарым-қатынас жасауы

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Оқушылардың таным белсенділігі

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Қисынды да шығармашылық ойлаудың дамуы

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Оқытудың жоғарылауы

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Жаңа технологиялар бойынша әдістермен оқыту

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Білім-білік дағдыларының өзара байланысуы

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Білімнің нақты қолданылуы, тәжірибеде қолдана алу

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Жеке оқыту мен саралау

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Оқушылардың қабілетіне байланысты дамыту мен оқу қиындығын оңай шешу

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейі

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Жоғары, орта, төмен

Оқыту әдістерінің нәтижелік көрсеткіштері:

Оқушылардың педагогикалық шеберлігінің жоғарылауы

Осы шарттың тиімділік көрсеткіші:

Педагогикалық шеберлік картасы бойынша

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz