Сенбілік


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сенбілік - Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Алғашқы жаппай коммунистік сенбілік Мәскеу-Қазан темір жолында 1919 жылы 10 мамырда өтті. Азамат соғысы жылдарында және қайтадан қалпына келтіру кезеңінде де жалғасын тапты. Социалистік жарыс түрінің біріне айналды. Мәскеуліктердің бұл көрсеткен бастамасын бүкіл ел еңбекшілері қайталады.

Сенбілік (жексенбілік) - жұмыстан тыс, демалыс күндері қоғам игілігіне ұйымдастырылған саналы да тегін еңбек.

Совет өкіметі кезінде сенбілікке революциялық ынталықты туғызатын көпшілік, өз еркімен, негізінен, коммунистер қатысатын. Кейіннен жұртшылықтың ынталығы азайа бастап, сенбіліктер, әсіресе, мереке күндеріне орайластырылған, социалистік тұрмыс салтының әдетіне айналды. Мекемелердің басшылары өз жұмысшыларының жалақысын үнемдеу мақсатында, олардың тегін өз еркімен шыққан еңбектерін пайдаланды. Ол кезде сенбіліктер көпшіліктің коммунистикалық тәрбиелеу құралдарының бірі деп қарастырылған. Комсомолдық және коммунистикалық ұйымдарда адамның сенбілікке қатысуы қоғамдық белсенділіктің өлшемі болып табылатын. Ал сенбіліктен басын тартқан адамдарға әкімшілік шара қолданылатын.

Сенбілік тарихы.

Сенбіліктер Азаматтық соғыс пен соғыс басқыншылық кезінде, В. И. Лениннің темір жол жұмыстарын жақсартуға арналған ұранына жауап ретінде, 1919 жылдың көктемінде пайда болды. Алғашқы сенбіліктің бастамашысы болып Москва-Сортировочная Московско-Казанская депосыныңтемір жол жұмысшылары шықты. Сенбі күні 12 сәуірде депоның 15 коммунисі 10 сағат ішінде 3паровозжөндеп шығарды. Дәл осы жағыдай В. И. ЛенинніңВеликий починмақаласын туғызды. Ол тұңғыш рет 1919 жылыдың шілде айында жеке кітапша болып жарық көрді. Өнеркәсіп мекемелерінде қолдауын тапқан, мәскеулік темір жол жұмысшыларының бастамасын Ленин социализмнің құрылысын бастаған еңбекқор көпшілігінің ерлігі деп атады. Ол, шаруашылық бүліншілік, аштық, еңбек өнімділігінің құлдырау кезінде, сенбіліктерді еңбекке жаңа коммунистикалық көзқарас ретінде қабалдады.

Сенбіліктер 1920 жылы кең ауқымды болды. Қаңтар айында, «Майдан аптасы» кезінде, мыңдаған жұмысшылар майданға көмек ретінде сенбілікке шықты. 1920 жылдың 1 мамырындағы РКП (б) 9 съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік сенбілік жүргізілді. Осы сенбілікке Кремльде Совет өкіметінің басшысы В. И. Ленин де қатысты. Кейіннен бұл дерек коммунистикалық насихатта кеңінен қолданылды.

Дәл осы коммунистикалық сенбіліктер туралы Владимир Маяковский «Хорошо!» поэмасында жазған.

Сенбіліктер 1930 жылдары кеңінен тараған. Ол кездері сенбіліктер өз еркімен шыққаннан мәжбүрлік-өз еркіндікке айналды.

Сенбілік өткізу дәстүрі 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басына дейін, социалистік құрылыстың құлдырауына дейін сақталған. Сенбіліктер жұмыс орындарында өткізілетін. Кейде, жергілікті басқару органдардың бастамасымен, тұрғылықты жерде де өткізілетін. Бұндай жағдайда тұрғындар өз ауласын тазалап, үйлерінің сыртын ақтап, қоршауларын сырлап, көшелерді, өз айналасын тазалап, жасыл желектер отырғызып көріктендіру жұмыстарын жүргізетін. Сенбіліктер кейде апта сайын жүргізілетін, кейде жылына бір рет болатын. Жыл сайын 22 сәуір күні, В. И. Лениннің туған күніне орай, Бүкілодақтық коммунистикалық сенбілік жүргізілетін. Олар көктемнің келуі мен Первомай мерекесін тойлауға дайындық белгісі болып табылған.

Қазіргі кездегі сенбіліктер

«Сенбілік» атауы тек Совет Одағында кеңінен тараған. Қазір Ресей мен басқа ТМД елдерінде ауланы көріктендіру бойынша жүргізілген жұмысты, егер де ол жұмыстар арнайы қызметтермен жасалмаса, сенбілік деп атаймыз. Көптеген жеке меншік және мемлекеттік мекемелерде ауланы тазалау мен көріктендіру жұмыстарын өз қызметкерлері жүргізеді, ал оқу орындарының басшылары бұндай жұмыстарға студенттер мен оқушыларды шығарады.

Қазіргі кезде ауланы қоқыстар мен қалдықтардан тазалау және көріктендіру бойынша көктем мен күзгі күндері жалпықалалық және жалпымемлекеттік сенбіліктер ұйымдастырылуда. Жазғытұрым аулаларға, жеке аумақтарға жас көшеттер отырғызуға арналған сенбіліктер де өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық діндер
Баспасөздегі ақпараттық соғыс
Иудаизм тарихы
Діни мейрамдары
Соғыстан кейінгі КСРО ның әлеуметтік-экономикасының дамуы
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері
Топ жетекшісінің ата - аналармен жүргізетін жұмысы
Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі
Mister Proper жуғыш зат қатты беттерге арналған әмбебап жуғыш зат
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz