Автомобиль парктерінің құрылысы мен ұйымдастырылуы. Жанар май құю пункті мен жанар жағар май қоймасы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Автомобиль парктерінің құрылысы мен ұйымдастырылуы
- Жанар май құю пункті мен жанар жағар май қоймасы
- Автомобиль трансмиссиясы
- Автомобильдің жүріс бөлігі
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2. 1 АВТОМОБИЛЬ ПАРКТЕРІ
Автомобиль паркі деп автомобильдерді сақтауға, баптау жасауға және арнап жабдықталған территорияны айтады. Олар тұрақты және далалық парктер болып бөлінеді.
Тұрақты парктерді әскери бөлімдер казармалық және лагерьлік жағдайда орналасқан кезде ұйымдастырады; олар тұрақты етіп немесе уақытша салынған үйлер мен құрылыстардан тұрады. Мұндай парктердің жабық жайлары, жаппалары, ашық алаңдары және тұрақты жабдықтары болады. Казармалық жағдайда орналасқан парктерде өндірістік жайлар, әдетте жабық және жылытылмалы, ал автомобильдер тұратын орындар жабық - жылытылмалы немесе суық болады. Лагерьлік жағдайда орналасқан паркте автомобильдер, әдетте, жаппа астында сақталады.
Далалық жағдайларында әскери бөлімдердің дала жағдайларында (оқу-жаттығу, соғыс жағдайы кезінде) уақытша орналасқан кезде ұйымдастырады. Олардың үй-жайлары және тұрақты жабдықтары болмайды. Дала парктерінде автомобильдерді жөндеу және техникалық баптау жылжымалы кұралдардың (жылжымалы жөндеу шеберханаларының, жанар май құйғыштардың, жорықтық зарядтау станцияларының т. б. ) көмегімен орындалады.
Парктің құрылысы мен жабдықтары:
- автомобильдер мен автотракторлық мүліктердің ыңғайлы жайғасуын, толық сақталынуын;
- автомобильдерге техникалық баптау жасаудың және оларды жөндеудің қолайлы болуын;
- автомобильдердің парктен тез шығарылуын;
- күзеттің және қорғаудың сенімділігін;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Паркке арнап бөлінген территорияның беті жазық әрі тегіс, топырақ қыртысы қатты және жақсы табиғи жасырынуды қамтамасыз ететін болуы керек. Бұған қоса, автомобильдерді жууға және оларға құюға қажетті су көздері болуы қажет.
Парк территориясы айналдыра кегалдандырылуы тиіс. Сондай-ақ май құятын пункт, жанар-жағар май материалдары және автотрактор қоймалары да кегалдандырылады.
Парктегі өндірістік құрылыстар мен автомобильдер тұратын орындарды автомобильдерге баптау жасау мен оларды сақтаудың технологиялық процесіне сәйкес орналастырады. Орналастыруда автомобильді сапарға шығар алдында байқап қарау және оған әзірлеу, парктен шығу және оған қайтып оралу уақытын карап, белгілеу; автомобильге жанар май және май кұю, жинастыру мен жуу және техникалық баптау жасаудын басқа да операцияларын орындау, егер қажет болса, жай жендеу жүргізу, ақаусыз және жанар май құйылған автомобильді қоятын аялдама қарастырылуы керек.
Паркте мыналар ұйымдастырылады. (XIX түрлі түсті суретті қара) :
- техникалық-бақылау пункті (ҚТП) ;
- жанар май құю пункті мен жанар және жағар май материалдары қоймасы;
- баптау жасау және жөңдеу секторы;
- пайдаланылатын автомобильдер тұратын жер;
- автотракторлық мүліктер қоймасы.
Техникалық-бақылау пункті (КТП) парктен шығатын автомобильдердің техникалық жағдайын, документтері бар-жоғын және олардың толтырылуының дұрыстығын тексеруге арналған орын. КТП парктің негізгі шыға берісіне, жарығы, телефоны бар және жылытылатын үйге орналастырылады. Бұл үйдің қасынан парктеп шығатын және оған кіретін автомобильдерді тексеруге арналғап алаң жабдықталады.
КТП-де мыналар болуы керек : КТП бастығына арналған нұсқау; автомобильдерді тексеруге арналған приборлар мен аспаптар комплектісі; жол документтерінің үлгілері; мебель және кеңсе керек жарақтары; автомобильдерді тексеретін орындары көрсетілгеп және парктен шығатын автомобшіьдердің қанағаттандыруға тйісті техникалық жағдайларының тізімі жазылған плакаттар немссе схемалар.
Автомобиль парктен шығарда КТП-де:
- тиісті документтердіц (қызмет кітапшасы, автомобильді басқаруға праволы куәлік, жол қағазы, транспорттык автомобильді пайдалануға праволы талон) бар-жоғы және олардың толтырылуының дұрыстығы;
- автомобильдің сырт көрінісін және тиісті белгілерінің бар-жоғын;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдері мен тораптарыныц, сондай-ақ адамдарды тасымалдауға арналған жабдыктарының ақаусыздығы;
- жүргізушінің жай-күйі мен сырт көрінісі тексеріледі.
Автомобиль паркке қайтып оралганда ҚТП-де:
- автомобильдің техникалық жағдайы (байқалған акаудың себебін анықтайды) ;
- жүргізушінің жай-күйі және сырт көрінісі тексеріледі.
- Парктен шыққан және паркке қайта оралған автомобильдср туралы мағлұматтар парк бойынша кезекші жүргізетін автомобильдердің шығу және қайта келу уақытын тіркейтін арнайы журналга жазылады.
2. 2 Жанар май құю пункті мен жанар және жағар май қоймасы.
Автомобильдерге жанар май, жағар май және арнайы сұйықтықтар құю үшін парктерде тұрақты немесе далалық жанар және жанар май кұю пункттері (станциялар) ұйымдастырылады.
Біріншісін тұрақты парктерге орнатады және оларды құю колонкаларымен, резервуарлармен және жанар майлар мен жағармайларды сақтайтын бос ыдыстармен, жанар май мен майларға арналған жаппалармен, құю саймандарымен (шелек, воронка, өлшеуіш кружка, ерт саймандары) жабдықтайды. Екіншісін маневрлерде, оқу-жаттығу ойындарында және соғыс жағдайында ұйымдастырады. Оларда автомобильдерге жылжымалы жабдықтардың көмегімен жанар май құяды. Бұл кезде автомобнльдердің двигательдерін сөндіріп қою керек. Жанар май құю пункті жанында реттеу немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
Жанар май және жағар май коймасын үйлер мен автомобильдер тұратын орындардан кемінде 50 м қашық, автомобильдер жүретін және жеке құрам өтетін жерлері бар қоршаумен қоршалған территорияға орналастырады. Қойма территорнясына қойма меңгерушісіне, жанар май құятын саймандарға және лаборатория жабдықтарына арналған орын жарақталады. Қойма мен жанар май құю пунктінің территориясы үнемі өрт күзетінің бақылауында болып, тәулік бойы күзетілуі керек.
Дала парктерінде жанар және жағар май материалдарын жау оғының әсерінен қорғау үшін қойманы арнаулы машиналарға және резервуарларға арналған пана-жайлармен және контейнерлерге, бөшкелерге, бидондарға арналған траншеялармен жабдықтайды. Пана-жайлар мен траншеяларды мұқият жасырады. Жанар және жағар май қоймасына тікелей сонда істейтін адамдар, ал тексеруге праволы адамдар арнаулы рұқсат қағазы бойынша ғана жіберіледі.
Баптау және жөндеу секторы автомобильдерге техиикалық баптау жасауға және жай жөндеу жүргізуте арналған. Оған: тазарту және жуу пункт, техникалық баптау пункті (ПТО) және жөңдеу пункті, жөндеу шеберханасы, автомобильдерге күнделікті баптау жасау алаңы, су-май жылытатын, аккумулятор қоятын орындар жатады.
Тазарту және жуу пункті . Онда автомобильдерді кірластарынан тазартып, жуады және сүртіп құрғатады. Пунктті автомобильге жанар май құю пунктінен ПТО-ға барар жолына немесе парктен тыс, суы бар жердің маңына жайғастырады. Ол пункт автомобильдерді алдын ала ластан тазартуға, жинастырып, жуып және сүртіп құрғатуға арналған орындармен жабдықталады.
Автомобильдерді тазарту және жуу пунктін жуатын машиналармен, шелектермен, кырғыштармен, күректермен, щеткалармен, сыпырғыштармен және баска саймандармен қамтамасыз етеді. Тазарту және жуу пунктіндегі тәртіпке ПТО бастығы жауап береді.
Техникалық баптау пункті техникалық баптау жасау жөніндегі жүмыстарды орындауға арналған. Оны парктің ішіне, автомобильдерге баптау жасаудың қолайлылығын ескере отырып, жөндеу шеберханасына жақын немесе онымен бір жайға орналастырады. Баптау және жөндеу жұмыстары үшін постылар бөліп, оларды жабдықтайды. Әдетте, ПТО-да мынадай жұмыс постыларын (орындарын) ұйымдастырады: реттеуші-механик, электрик, майлаушы, слесарь орны.
Лагерьлерге орналасқан жағдайда ПТО-ны жаппаның астына немесе палаткаға орналастыруға болады.
Далалык парктерде ПТО-ны жылжымалы жөндеу-пайдалану құралдарының базасы негізінде жасырын жерлерге жайғастырады.
Баптаудан ететін әрбір автомобиль туралы мағлұматтар, сондай-ақ жұмсалған запас бөлшектер мен материалдардың тізбесі техникалық баптау жасау және жөндеуді есепке алу кітабына жазылады.
Автомобиль шеберханасы жай жөндеуді, ал қажет болған жағдайда дайын агрегаттарда орташа жөндеу жұмыстарын орындауға арналған. Жүргізуші өз автомобилін жендеуге қатысады. Жөндеу алдында жүргізуші автомобилін ластан тазартып, мұқият жуута міндетті.
Күнделікті баптау жасау алаңы автомобильдерге кун сайын техникалық баптау жасауды жүргізуге арналған. Аланды автомобильдер тұратын жерге жақын немесе ПТО-ның Maшина, жаппа астына орналастырады және оны эстакадамен, верстактармен жабдықтайды және қажетті аспаптармен қамтамасыз етеді.
Су-май жылытқыш қыста салкындатқыш сұйықтыктар мен майды ыстық күйінде қажетті мөлшерде беруге үнемі даяр ұстауға арналған. Тұрақты паркте стационар су-май жылытқыш болады, ал дала паркинде жылжымалы су май жылытқыш пайдаланылады.
Су-май жылытқыш жумысында тәртіп сақтауды парк бойынша кезекші бақылайды. Ол ыстық су мен майдың беруге даяр тұруына да жауап береді.
Автомобильдерден ағызып алынатын майды жеке бактарда және арнайы жабдықталған герметикалық шкафтарда сақтайды және жылытады. Әрбір бакқа май ағызылып алынған автомобильдің нөмірі жазылады.
Аккумулятор коятын орынды жағдайға қарай және колайлылығына карай су-май жылытқышпен немесс шеберханамен біріктіруге болады. Ол жай қыста аккумуляторлы батареяларды сақтауға қолайлы, дер кезінде зарядтауды қамтамасыз ететіндей болуға, автомобильдер тұратын орыннан алыс болмауы, сондай-ақ дабыл қағылғанда аккумуляторлы батареяларды беруді қамтамасыз ететіндей болуға тиіс. Оны басқа жайлардаи бітеу қабырғамен бөлу және жақсы желдету қажет. Қыста ондағы температура 5-15°С болуы керек. Аккумуляторлы батареяларды бөлімшелері бойынша сөрелерде сақтайды. Әрбір аккумуляторлы батареяға ол қойылатын автомобильдердің нөмірі жазылады.
Автомобильдер тұратын орын - ақаусыз, жанар май құйылған және баптау жургізілген автомобильдерді сақтауға арналып жабдықталған жабық орындар немесе жаппа астындағы орындар (алаңдар) . Тұрақты парктерде автомобильдерді жабық орынға немесе жаппа астына орналастырғанда автомобильдердің бүйір борттары мен қабырғалары арасындағы кашықтық 0, 8 ж-ден, автомобильдің артқы борты мен қабырға немесе қоршау арасындағы қашықтық 1м-ден кем болмауы керек. Автомобильдерді ашық орынға қоярда олар үйлерге 10м-ден жакын болмауы керек, ал олардың ара қашықтығы 1, 5-2, 0 м, қатар аралары - 10 м-ден кем болмауы керек.
Әрбір автомобильде моделі, автомобиль нөмірі және сол автомобиль бекітіп берілген жүргізушінің фамилиясы жазылған тақтайша болуы керек. Қыста жылытылмайтын орындарда (жаппаларда) және ашық аландарда автомобильдерге, бұған қоса, майдың, салқындатқыш сұйықтықтардың ағызылғандығы және аккумуляторлы батареяның алынғандығы керсетілген тактайшалар ілініп койы-лады.
Автомобильдерді сақтау тәртібін және тұтандыру құлпының кілтін беру тәртібін бөлімше командирі тағайындайды.
Тұратын орында автомобильдің ласын, шаңын немесе қарын тазартуға; аккумуляторлы батареяның жай-күйін ауық-ауық тексеруге және батареяларды қосымша зарядтау үшін шығарып алуға, салкындатқыш сұйықтықтарды ағызуға және жаңадап куюга, шиналарға ауа үрлеуге және ұзақ сақтауға қойған кезде кейбір жерлерін майлауға, двигательді оталдыруға және автомобильдерді парктен шығаруға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат етіледі.
Автомобиль тұратын орында двигательді дәнекерлеуіш лампымен, факельмен қыздыруға тыйым салынады. Автомобильдердің қыздыратын құрылғыларын пайдалануға рұқсат етіледі.
Автотракторлық мүліктер қоймасын парк территориясына немесе одан тыс жерге орналастырады. Ол автотракторлық мүліктер мен материалдарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған. Далалық жағдайларда автотракторлық мүліктер мен материалдарды жағдайға қарай автомобильдерде және пана-жайларда сақтайды.
Парктегі ішкі тәртіп. Паркте ішкі, гарнизондык және қарауыл қызметінің уставтарына сәйкес, ал соғыс жағдайларында соғыс уставы мен жағдайға сәйкес белімше командирі тағайындайтын қатаң тәртіп сақталуы керек.
Парктегі күн тәртібі және жұмыс уақыты бүйрықпен бекітіледі . Тәртіпті сақтау үшін парк кезекшісінен және күндізгі кезекшіден тұратын тәуліктік наряд тағайындайды. Күндізгі кезекші парк кезекшісіне бағынады және паркке бегде адамның өтіп кетпеуін бақылайды, автомобильдерге тек оларға бекітілген жүргізушілерді ғана жібереді. Күндізгі кезекші парктегі тазалықты және тәртіпті, түнде жарықтың болуын, өрт қауіпсіздігі ережелерінің катад орындалуын және тұратын орынға тек тазартылған және жанар май құйылған, тиісті техникалық баптаудан өткен автомобильдердің ғана қойылуын қадағалайды. Автомобильдерді парктен тек парк кезекшісінің рұқсатымен ғана шығарады. Жылдың суық кездерінде күндізгі кезекші парк орындарындағы ауа температурасының тағайындалған мөлшерде болуын қамтамасыз етеді.
Паркке жіберу тәртібі. Өз бөлімінің офицерлері парктегі өз бөлімшесініц автомобильдеріне жеке басының куәлігі бойынша өтеді, сержанттар мен солдаттар паркке рұқсаты бар, дәрежесі жоғары командирдің басшылығымен сапка тұрып келеді. Сержант немесе солдат паркке бөлімше бойынша кезекшіден алған бір жолғы рұқсат қағаз бойынша өтеді. Автомобильдерді парктен шығаратын жүргізушілерді, паркке толтырылған жол қағазы бойынша жібереді.
Паркте жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді сақтай отырып, жұмыс істейді. Автомобильдерге жанар майды белгілі бір сағатта және жанар май құюға арналған орында құяды. Жанар май күю кезінде двигатель сөндірілген болуы тиіс. Ақаулы автомо-бильді міндетті түрде буксирлеп алып кету керек, жанар май құю пунктінде мұнтаздай тазалық сақталуы тиіс.
Баптау жасау секторында белгіленген сағаттарда жұмыс істейді. Жүргізуші жұмысын аяқтағаннан кейін өз автомобилі түрған жерді тазалап жинап, тәртіпке келтіреді және ол туралы парк бойынша күндізгі кезекшіге мәлімдейді.
Автомобильдердің парктен шығу және оған қайта ену тәртібі. Күнделікті нарядка сәйкес жол қағаздары жазылған автомобильдерді парктен шығарады. Жүргізуші жол кағазын алып паркке келеді де, парк бойынша кезекшіге баяндайды және одан автомобильді парктен шығаруға әзірлеу туралы рұқсат алады. Әзірлепген автомобильді КТП б. чстығы қарап шығады. Автомобильдің парктеп шығуына парк кезекшісі рұқсат етеді. Ол жол қағазыныц дұрыс толтырылғандығын тексереді, парктен шыққан уақытын белгілейді және жүргізушінің сырт көрінісінс назар аударады.
Сапардан паркке оралған сон, жүргізуші жол қағазын толтырып, оны КТП бастығына көрсетеді және автомобильдің жай-күйі туралы және жолда болған барлық оқиғалар жайлы мәлімдейді.
Парк кезекшісі жол кағазына автомобильдің паркке келген уақытын, спидометрдің көрсетуін белгілейді және жүргізушіге автомобильге баптау жасау жөнінде нұсқау береді. КТП-ден автомобиль жанар май кұю пунктіне барады. Жанар май құю пунктінде берілген жанар майдың мөлшерін жол қағазына белгілеп, жургізуші тарату ведомосына қол қояды. Жанар май құйылған автомобиль график бойынша тиісті балтаудан өтетін ПТО-ға келеді, тек осыдан кейін ғана парк кезекшісінің рұқсатымен жүргізуші автомобилін орнына қояды.
Жол қағазын техникалық бөлімге немесе оны берген бөлімшеге тансырады.
Паркті күзету және ондағы қозғалыс тәртібі. Парк тәулік бойы күзетіледі және оның территориясына бөгде адам жіберілмейді. Паркте өрттің пайда болуына мумкіндік бермейтін тәртіп сақталуы керек. Пайдаланылған сүрткіш материалдарды қақпағы бар металл жәшікке жинайды және оны күн сайын шығарып тастайды. Дәнекерлеу лампыларын, газбен пісіретін аппараттарды және басқа ашық жалынды жабдықтарды тек арнаулы орындарда пайдаланады. Шылымды тек арнайы бөлінген орындарда гана шегеді. Парктің барлык, бөліктері өрт сендіру аспаптарымен: өрт сөндіргіштермен, құм салынған жәшіктермен және күректермен, киіз немесе кенептермен, автомобильдерді эвакуациялауға арналған шотаякты сым арқандармен жабдықталады. Өрт құрал-саймандары мен аспаптарын ашық қызыл туске бояйды (аспаптардың жұмысшы бөлігі қара түске боялады) . Автомобиль паркте көрсеткіштерғе және жол белгілеріне сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша жүреді.
Әскери бөлімдерде автомобильдер мен басқа техникаларды ұйымдасқан турде қарап шығып, жарамды куйге келтіру, жабдықтарды және паркті көркейту үшін парк күндерін белгілейді, әдетте, ол айына кемінде екі рет жүргізілуі тиіс. Ол техникалық баптау жасаудың белгілентен жалпы жүйесін бұзбайды, кайта оны толықтырып, тереңдете түседі. Бұл күндерде барлық автомобильдерді (пайдаланылып жүргендері де, сақтауда тұрғандары да) қарап шығады. Парк күндерінде жұмысты тездету ушін жеке құрамға көмек ретіпде жанар май құятын тасымал постыларды, аспаптарды, свечаларды құм атқыштармен тазарту, шиналарды бөлшектеу және ауа үрлеу, газбен пісіру т. б. осы сияқты қосалқы жұмыстарға жұмылдыру керек. Атқарылатын жұмыс түрлері алдын ала жоспарланады.
Парктегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы төмепдегідегі негізгі ережелерді сақтау болып табылады.
Парк территориясында автомобильдерді жүргізуге оларды жүргізуге праволы куәлігі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі.
Парктегі қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ, ал өндірістік жайлардағы жылдамдығы 5 км/сағ аспауы керек.
Парк территорийясында двигателін оталдырып жіберу үшін автомобильді буксирлеуге және басқа автомобильдерді басып озуға тыйым салынады.
Тежеуіштерді автомобиль түратын орыннан тыс, арнайы бөлінген жолдарда немесе алаңдарда тексереді.
Автомобиль астына кіріп жұмыс істегенде: «Двигательді оталдыруга болмайды - жұмыс істеп жатырмын» деген жазуы бар тақтайшаны іліп қою керек.
Доңғалактарды ауыстырғанда алынбаған доңғалақтың астына таяныш, ал көтеріп қойылған доңғалак осінің астына аша кою керек.
Көтергішке қойылған автомобильдің астына кіріп жұмыс істегенде рульдік басқаруға «Тиіспе, автомобиль астында жұмыс істеп жатырмын» деген жазуы бар тактайша ілін қояды.
Құрастырылған шиналарға ауаны қоршаудың ішінде үрлеу керек.
Двигательдер жұмыс істейтін жайларда жасанды ауа ағынын еріксіз тартатын желдеткіш болуы керек.
Жанар май немесе май төгілген жерге ағаш үгінділерін не құм сеуіп тастау керек.
Қыста двигательді қыздыру үшін факельді, дәнекерлеу лампысын пайдалануға болмайды.
Қандай жұмыс жасалса да тек ақаусыз аспаптар мен жабдықтарды қолдану қажет.
2. 3 АВТОМОБИЛЬ ТРАНСМИССИЯСЫ
Автомобиль трансмиссиясының негізгі қызметі двигательдің иінді білігіндегі айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп жеткізу болып табылады. Себебі иінді біліктен алынған айналдыру моментінің шамасы жетекші дөңгелекті айналдыруға жетпейді. Сондықтан иінді білік моментін көбейтуге тура келеді, ал оны көбейткенде айналыс жылдамдығы азаяды. Себебі энергияның сақтау заңы бойынша күштен ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз немесе керісінше.
Автомобильдің жетекші дөңгелегі біреу ғана болмайды, кем дегенде екеу немесе одан да көп болуы мүмкін. Трансмиссия сол жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін таратып бөліп беруге тиіс. Осыларға қосымша, автомобиль орнында тұрғанда оталып тұрған двигательден трансмиссия ажырап, дөңгелектерге қозғалыс бермеуге тиіс, яғни трасмиссия двигательге тұрақты жалғанып тұрмай, оны ажыратып тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.
Сонымен автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен алынған айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп, бөліп таратып берумен қатар, жұмыс кезінде берілетін моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі трансмиссияны двигательге баптап қөосу мен ажырату қызметін атқарады.
Жалпы қозғалатын машиналардың трансмиссияларын үш түрге бөледі. Олар механикалық, электромеханикалық және гидромеханикалық. Механикалық трансмиссияның барлық тораптары механикалық берілістерден, яғни тісті берілістер, шынжырлы берілістер, белдікті берілістер, фрикционды берілістерден құралады.
Электромеханикалық трансмиссияда жетекші дөңгелекке двигатель қуаты электр өткізгіш сымдармен жеткізіледі. Ол үшін іштен жанатын двигательден кейін механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератор қойылады. Осы электромеханикалық трансмиссия берілісті сатысыз өзгерткенменімен, пайдалы әсер коэффициенті аз болады және құрылысы қымбат түсті металдардан жасалатындықтан өзіндік құны артық болады. Сол себепті қазіргі автомобильдерде қолданылмайды.
Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротроансформатор құрайды. Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелектеріне жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтанда онда гидротрансформатормен қоса механикалық редуктор қолданылады. Бұл трансмиссия да берілісті сатысыз өзгерткенімен, ПӘК аз болады. Сондықтанда онша көп қолдану тапқан жоқ.
Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияда механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы ПӘК берілетін қуат мөлшеріне тәуелді емес. Яғни автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да трансмиссияның ПӘК тұрақты болады.
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы. Механикалық трансмиссияның құрылысы автомобильдің дөһңгелек схемасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Оның үстіне двигатель мен жетекші дөңгелектің өзара орналасу жағдайы да трансмиссияның құрылысына үлкен әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz