Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кезеңдері



І. Қырғызстанның әлеуметтік.экономикалық дамуының алғашқы кезеңі
ІІ. Қырғызстанның әлеуметтік.экономикалық дамуының екінші кезеңі
ІІІ. Қорытынды
Кеңес үкіметі тараған соң оның құрамында болған Қырғызстан 1991 жылдан бастап экономикалық тұрғыдан алғанда қиын жағдайда қалды.
Осылайша, Қырғызстан Республикасы үшін өз экономикалық саясатын, іс-қимылдары мен бағыт-бағдарламаларын ойластыру қажеттілігі туындай бастады. 1992 жылдың қаңтарында реформаның алғашқы қадамының бірі болып – баға босату саналды, бұған қосымша негізгі мәселе – жекешелендіру саясаты да алға қойылды.
Сонымен қоса экономикалық реформаның ұстанған басты бағыттары – инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, экономиканың кейбір секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасын орындау, халықты әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналды.
Нәтижесінде Қырғызстан үкіметі ХВҚ-мен бірлесе отырып келесі құрылымдық бағдарламаларды даярлап қабылдады.
ESAF 1. 1994 жылдың маусымында Қырғыз Республикасы мен ХВҚ арасында үшжылдық мерзімді қамтитын, яғни 1994-1997 жылдар ішінде экономикада құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама жүргізу туралы келісімге қол қойылды.
Аталған бағдарламаға сәйкес 1994-1995 жылдары инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, сыртқы қарызды реттеу, тиімсіз кәсіпорындардың құрылымын қайта қарау, реформаларды нығайту үшін құқықтық базаны жетілдіру сияқты кең көлемді шаралар қамтылды.
Келесі негізгі бағдарлама ESAF 11. 1999 жылдың 29 қаңтарында Қырғыз Республикасы жаңа Үкіметінің алғашқы отырысында көтерілген басты мәселе – 1999-2001 жж. Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру шараларын бекіту болды.
1. «Шет мемлекеттер қаржылары», М.Н.Нәдіров, Д.Б.Қалыбекова, «Экономика», 2006 жыл
2. «Қысқаша статистикалық жинақ», 1997 жыл

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының алғашқы кезеңі
ІІ. Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының екінші кезеңі
ІІІ. Қорытынды

І. Алғашқы кезең.
Кеңес үкіметі тараған соң оның құрамында болған Қырғызстан 1991 жылдан
бастап экономикалық тұрғыдан алғанда қиын жағдайда қалды.
Осылайша, Қырғызстан Республикасы үшін өз экономикалық саясатын, іс-
қимылдары мен бағыт-бағдарламаларын ойластыру қажеттілігі туындай бастады.
1992 жылдың қаңтарында реформаның алғашқы қадамының бірі болып – баға
босату саналды, бұған қосымша негізгі мәселе – жекешелендіру саясаты да
алға қойылды.
Сонымен қоса экономикалық реформаның ұстанған басты бағыттары – инфляция
деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз
ету, бюджет тапшылығын қысқарту, экономиканың кейбір секторларын
монополизацияландыру, мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасын орындау,
халықты әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналды.
Нәтижесінде Қырғызстан үкіметі ХВҚ-мен бірлесе отырып келесі құрылымдық
бағдарламаларды даярлап қабылдады.
ESAF 1. 1994 жылдың маусымында Қырғыз Республикасы мен ХВҚ арасында
үшжылдық мерзімді қамтитын, яғни 1994-1997 жылдар ішінде экономикада
құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама жүргізу туралы
келісімге қол қойылды.
Аталған бағдарламаға сәйкес 1994-1995 жылдары инфляция деңгейін төмендету
мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет
тапшылығын қысқарту, сыртқы қарызды реттеу, тиімсіз кәсіпорындардың
құрылымын қайта қарау, реформаларды нығайту үшін құқықтық базаны жетілдіру
сияқты кең көлемді шаралар қамтылды.
Келесі негізгі бағдарлама ESAF 11. 1999 жылдың 29 қаңтарында Қырғыз
Республикасы жаңа Үкіметінің алғашқы отырысында көтерілген басты мәселе –
1999-2001 жж. Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын
тұрақтандыру шараларын бекіту болды.
1997 жылдың 28 мамырында Үкімет Адамзатты тұрақты дамытудың ұлттық
стратегиясын қабылдады. Аталмыш стратегияның басты бағыты мен міндеті –
кедейшілікті қысқарту саясатын даярлау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру,
білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетулерді толық әрі
тиімді қамтамасыз ету.
Бұл стратегияны іске асырудағы Қырғыз Республикасының басты міндеті
халықтың әл-ауқатын жоғарылату болатын.
Әкімшіл-әміршіл жүйенің тәртібінен бірден нарық қатынасына көшу
экономикада, сондай-ақ әлеуметтік салада тығырықтар туғызды, күрделі
мәселелер туындады. Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер реформа
жылдарындағы экономика жағдайын сипаттайды.

1-кесте. Қырғызстанның макроэкономикалық көрсеткіштері
(1990 ж. %-бен)
1991 1992
Жекешелендіру Жоғары Орташа
Либерализация (баға Жоғары Төмен
босату)
Тұрақтандыру Жоғары Жоғары
Қайта құрылымдық Орташа Жоғары
(Реструктризация)
Инфрақұрылым құру Төмен Жоғары

Алғашқы кезең: КСРО-ң ыдырауы салдарынан болған ішкі және сыртқы сауда
қатынастарының үзілуі, сұраныстың азаюы нәтижесінде ішкі өндірістің
құлдырауы сияқты құбылыстарға бейімделу, оны мойындау болды.
Бұл кезең барлық экономикалық көрсеткіштердің әлсіз, нашар тұрғыдағы
сипаты, тіпті өндірістің жылдан жылға қысқаруы, мысалы 1993 ж. – 16%-ға, ал
1994 ж. – 20 %-ға азаюымен байланысты.
Ал, тауар өндірісі салаларының шығарылымдары айтарлықтай төмендеп, 1994
жылы барлық ЖІӨ-нің шамасымен 60%-ға жуығын ғана құрады, ішкі сұраныс пен
өндіріс көлемінің төмендеуі төлем балансының ағымдағы операциялар шотының
тапшылығын төмен деңгейде ұстады – шамамен 85 млн доллар 1993-1994 жылдары.
Жиынтық ұлттық жинақтар ЖІӨ-ге 1993 жылы 6,7 төмендеді. Ал еңбекпен қамту
1993 жылы – 155,3 мың адамға азайды, ал 1994 жылы 35,2 мың адамға болды.
Осы құбылыстардың нәтижесінде елде әлеуметтік жағдай құлдырап кетті.
Дәл осы тұста ұлттық валютаны енгізу барысы да орын алды.
Қырғызстандағы жүргізілген жекешелендірудің мақсаты азаматтарға меншіктерді
бөліп, оны Қырғызстанның нарық экономикасына көшудегі басты құралының
біріне айналдыру болатын. Жекешелендірудің өзі екі кезеңде өткізіледі.
Алғашқы кезең 1993-1994 жылдар. Мемлекет меншігінен алу процестері 1991
жылы басталып кетті. 1991-1993 жылдар аралығында мемлекет меншігінің
шамамен 40% жуығы жекешелендірілді.
Жекешелендіру бағдарламасының алғашқы кезеңінің соңында меншік түрлерінің
әрқилы сипаттары қалыптасты, мысалы - 50% мемлекеттік меншікті құраса, 7,7%
- қоғамдық кооперативтік, 9,2% - колхоздық, 9,3% - еңбек ұжымы, 14,3% -
біріккен мемлекет меншігі мен еңбек ұжымы және 0,5% жеке тұлғалардың
меншігі.
Екінші кезең. 1994-1995 жылдар. Қазіргі заманғы заң базасы даярланып
енгізілді, жекешелендіруді жүргізу тәртібі мен тәсілдері жеңілдеді.
Купондық жекешелендіру басталды.
Мемлекет меншігіндегі объектілерді сатудың негізгі тәсілдері – аукциондар
мен конкурстық сату болды. 100 адамға жуық құрамы бар кішкене өнеркәсіп
кәсіпорындары аукциондар арқылы жекешелендірілді.
100 адамнан 1000 адамға дейін құрамы бар орташа кәсіпорындар конкурстық
іріктеу арқылы жекешелендірілді.
1991-1995 жылдар аралығында Республикада мемлекеттік өнеркәсіп
кәсіпорындарының 5896 жекешелендірілді, басқаша айтқанда жалпы санның 59%-
ын құрады.
Баға босатуға келетін болсақ, 1991 жылы баға босатылып, баға бірден
көтеріліп кетті.

3-кесте. Қырғызстанда сыртқы сауда дамуының негізгі көрсеткіштері, 1992-
1995 жылдары (млн доллармен)
1992 ж. 1993 ж. 1994 ж. 1995 ж.
Сыртқы сауда
айналымы 737,7 808,0 744,4 967,8
Экспорт 317,0 360,2 340,1 408,9
Импорт 420,7 447,8 404,3 558,9
Сыртқы сауда
тапшылығы 103,7 87,6 64,2 150,0

Республика маңынан, әсіресе, Ресей жағынан әрдайым инфляциялық қысым
жоғарылай түсуіне байланысты 1993 жылдың мамырында рубльдік тәртіптен шығып
Қырғыз Республикасының өз ұлттық валютасы – сом енгізілді. Сом енгізілген
сәтте валюта туралы заң күшіне енді.
Бұрынғы экономикалық жүйенің құлауы, өндірістің құлдырауы және салықтық
жауапкершілік осалдығы – осының бәрі бюджет түсімдерінің азаю себептеріне
айналды. Нәтижесінде бюджет тапшылығы жоғарылап 1992 жылы ЖІӨ-ң 13,4%
жетті, 1993 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өзен бассейндері
Сарысу өзені алабының көлдері
Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары
ҚАЗАҚ - ҚЫРҒЫЗ ҚАТНАСТЫРЫ
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасуының құқықтық принциптері
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Пәндер