Рональд Рейган
Кіріспе
1.тарау. Рональд Рейган . АҚШ.тың 40.президенті (1981.1988)
1.1 Алғашқы баспалдақтар
1.2 Американың 40.президенті Р. Рейган
2.тарау. Рональд Рейганның билігі жылдарындағы Америка
2.1 Президент әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты
2.2 Неоконсерватизмнің өркендеуі
3.тарау. Рейганомика және оның Америка экономикасын дамытудағы ролі
3.1 Экономика саласындағы Рейган жүргізген бағыт
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1970-жылдардың соңында АҚШ экономикасы бұрын-соңды мұндай тұрақсыздық жағдайға түспеген болатын. Дәл осы кезеңде «Американың экономикалық қайта өрлеуі» атты бағдарлама дүниеге келген еді. Бұл бағдарламаның негізінде мемлекеттің реттеушілік әлеуетін күшейту сол арқылы капиталистік бәсекені арттыра түсу көзделді. Бұл экономикалық саясат «рейганомика» деп аталып, оны президент Рональд Рейган әкімшілігі жүзеге асыруға құлшына кірісті.
Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д. Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі американдық тарихта екі президенттік мерзім бойы билік етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық беделге ие болған екінші президент болатын.
Егер де журналистердің, саясаттанушылардың және тарихшылардың түсініктемелеріне сенетін болсақ, ол американдық саясатта Франклин Д. Рузвельттен кейінгі ең көп өзгерістер енгізген президент болып табылады.
Біздер мұның куәсі ретінде жақында ғана оның қайтыс болғаннан кейінгі жерлеу рәсіміне қатысушылар санының көптігі мен оны ардақтап қоюдың сән-салтанатынан-ақ байқағанымызды айтуымызға болады.
Рональд Рейганның АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан да Рональд Рейганның бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. XX ғасырдың соңғы онжылдығында әлемдік қарым-қатынастарда тектоникалық күрделі өзгерістер болып тұңғыш рет әлем тарихында евразиялық емес держава гегемонияға ие болды. Бұл онжылдық Америка Құрама Штаттарының бұдан былай жападан жалғыз супердержава екендігін паш етті. КСРО-ның экономикалық және саяси ұтылысының нәтижесінде бүкіләлемдік саяси аренада нағыз глобальдық деңгейдегі мемлекет АҚШ болып қалды.
«Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет.

1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл-Алматы: Атамұра, 2003.-240 бет.
2. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века.-Алматы: Өнер, 1996.-288с.
3. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира.-Астана: Елорда, 2001.-294с.
ІІ Дереккөздер (әдебиеттер)
1. Современные Соединённые Штаты Америки: Энциклопедический справочник. – М.: Политиздат, 1988. – 542 с.: карт.
2. Калишева Н.Х. История политических и правых учений. – А.: КазГЮУ, 2002. – 178 с.
1. Американские президенты: 41 исторический портрет от Джорджа Вашингтона до Билла Клинтона. – Ростов-на- Дону: Феникс, 1997. – 640с.
2. Иванян Э.А. Рональд Рейган: Хроника жизни и времени. – М.: Мысль, 1991. – 411 с.
3. Рейган Р. Жизнь по американски. – М.: Новости, 1992. – 752с.: ил.
5. Д.и А.Мирошниковы 100 политиков.- Москва, 2000г.

Жоспары
Кіріспе 3
1-тарау. Рональд Рейган – АҚШ-тың 40-президенті (1981-1988) 4
1.1 Алғашқы баспалдақтар 4
1.2 Американың 40-президенті Р. Рейган 5
2-тарау. Рональд Рейганның билігі жылдарындағы Америка 6
2.1 Президент әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты 6
2.2 Неоконсерватизмнің өркендеуі 7
3-тарау. Рейганомика және оның Америка экономикасын дамытудағы ролі 8
3.1 Экономика саласындағы Рейган жүргізген бағыт 8
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер 17
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. 1970-жылдардың соңында АҚШ экономикасы
бұрын-соңды мұндай тұрақсыздық жағдайға түспеген болатын. Дәл осы кезеңде
Американың экономикалық қайта өрлеуі атты бағдарлама дүниеге келген еді.
Бұл бағдарламаның негізінде мемлекеттің реттеушілік әлеуетін күшейту сол
арқылы капиталистік бәсекені арттыра түсу көзделді. Бұл экономикалық саясат
рейганомика деп аталып, оны президент Рональд Рейган әкімшілігі жүзеге
асыруға құлшына кірісті.
Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д. Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі американдық тарихта екі президенттік мерзім бойы билік
етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық беделге ие болған екінші президент
болатын.
Егер де журналистердің, саясаттанушылардың және тарихшылардың
түсініктемелеріне сенетін болсақ, ол американдық саясатта Франклин Д.
Рузвельттен кейінгі ең көп өзгерістер енгізген президент болып табылады.
Біздер мұның куәсі ретінде жақында ғана оның қайтыс болғаннан кейінгі
жерлеу рәсіміне қатысушылар санының көптігі мен оны ардақтап қоюдың сән-
салтанатынан-ақ байқағанымызды айтуымызға болады.
Рональд Рейганның АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және
оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан
да Рональд Рейганның бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. XX ғасырдың
соңғы онжылдығында әлемдік қарым-қатынастарда тектоникалық күрделі
өзгерістер болып тұңғыш рет әлем тарихында евразиялық емес держава
гегемонияға ие болды. Бұл онжылдық Америка Құрама Штаттарының бұдан былай
жападан жалғыз супердержава екендігін паш етті. КСРО-ның экономикалық және
саяси ұтылысының нәтижесінде бүкіләлемдік саяси аренада нағыз глобальдық
деңгейдегі мемлекет АҚШ болып қалды.
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-
жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің
мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта
халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей
байланысты.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-
саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық
процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың
жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-
ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның
көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы
заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық экономикасының мөлшері және
күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру
және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және
сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес
жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің
көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты
болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та
штаб-пәтері бар[1].
Әрине КСРО мемлекетінің ыдырауы Д. Буштың президенттік ету кезеңіне
дөп келгенімен (оны Р.Рейганның ізбасары деп қабылдады, себебі ол Р.Рейган
кезеңінде вице-президент еді) бұл процеске септігін тигізген тарихи
тұлғаның бірі осы Р.Рейган болатын. Сондықтан да курстық жұмыстың
өзектілігі біздер үшін айқын бола түседі.
Деректік шолу. Рональд Рейганның саяси тарих сахнасынан кеткеніне де
және қайтыс болған кезеңінен де көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен оның
президенттік ету кезеңіне байланысты орыс тіліндегі әдебиеттер көп-ақ[2].
Тіпті Э.А. Иванянның Рональд Рейган: Хроника жизни и времени атты кітабы
оның президенттігі аяқталғанына екі-үш жыл өтпей-ақ, ізін суытпай жатып
жазылды. Кітапта идеологиялық біржақтылық басым болғанымен автордың
Рейганның саясаткерлігіне тәнті екендігі айқын менмұндалап тұр.
Рональд Рейганның өзі жазған Американдық өмір атты мемуары қызықты
та, қарапайым тілменен баяндалған[3]. Әзірге қазақ тілінде жазылған
жұмыстар жоқтың қасы десем шындықтан алшақтай қоймаспын. Келешекте бұл
кемшіліктің орны толар деген үміттемін.
Сондықтан да мен курстық жұмыстың мақсатын Рональд Уилсон Рейганның
“рейганомика саясатын” зерттеу арқылы оның саяси бейнесiн және сол тұстағы
АҚШ-тың даму жағдайын қарастыру деп белгіледім.
Біз жоғарыда діттеп көрсеткен мақсатқа жету үшін курстық жұмыс
міндеттері мыналарды қамтиды:
- Рональд Рейганның саясатқа дейінгі өмірінен қысқаша деректер беру;
- Рейганның сыртқы және ішкі саясатындағы жаңа ағымды зерделеу.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау. Рональд Рейган – АҚШ-тың 40-президенті (1981-1988)
1.1 Алғашқы баспалдақтар
Рейган Рональд Уилсон (1911 жылы туған – 2003 жылы). АҚШ-тың саяси
және мемлекеттік қайраткері. Республикандық. Киноактер. 1937 жылдан киноға
түскен. 1966 жылы Калифорния штатының губернаторы. Ішкі және сыртқы саясат
проблемаларына консервативтік көзқараста. 1981-1988 жылдары АҚШ президенті.
Иллинойс штатында туған ол саясатшы болмай тұрып-ақ кино мен
телевидениеге түсумен белгілі болды. 1964 ж. ол Голдуотерді жақтап сөйлеген
теледидардағы сөзімен бүкіл АҚШ-қа өзін белгілі етті.
Калифорния губернаторы орнында 1967—1975 жылдары екі мерзім қызмет
еткен ол 1976 ж. республикандық партиядан президенттікке кандидат болып
шығуға аздаған ғана дауыс жинай алмай қалды. 1980 ж. сайлауда ол Джимми
Картерді жеңді, ал 1984 жылы Картер жанында вице-президент болған Уолтер
Мондейлді басым көпшілік дауыспен жеңіліске ұшыратты.
Шексіз оптимизм мен америка халқының жетістіктері мен ойларын мадақтау
қасиеті оның екі мерзім президенттік құрған кезінде Рейганнан алшақ кеткен
жоқ, көпшіліктің көз алдында ол сенімділіктің; тұрақтылықтың бейнесі
ретінде көрінді, ойланбаған мәлімдемелер жасауға бейімділігіне қарамастан
Рейган теледидар арқылы тамаша сөз сөйлейтін де оны осы қасиеті үшін ұлы
телехабарлағыш деп атап кетті. 60-жылдарға дейін саясатпен айналыспаса да,
оны кино және телекөрермендер жақсы есте сақтап қалды. Ол АҚШ президенті
болғанда, елді басқарған тартымды және әйгілі адам — Дуайт Эйзенхауэр
кезіндегі 50-жылдардың гүлденуі мен салыстырмалы әлеуметтік тұрақтылығын
американдықтардың есіне түсірді.
Рейган Құрама Штаттардағы әр адам өз жеке істерінің арқасында
жетістіктерге жете алады деп сеніп, мемлекет адамдар үшін көп нәрсе жасап
отыр деп дәлелдеді. Ол керек емес және шығындар, алдау мен қиянат
жасаушылықты тудырады деп санаған әлеуметтік бағдарламаларды қысқартқысы
немесе тіпті жойғысы келді. Ол мемлекет мәселелерді шешпейді, оның өзі
мәселе деуден жалықпады. Президенттік құрған жылдары Рейган Картерге
қарағанда мемлекеттік реттеуді көбірек қысқартты. Осылайша ол қазіргі
жағдайда тиімсіз, қымбат және істегі белсенділіктің артуына кедергі жасайды
деп санап, үкіметтік бақылаудан тұтыну, еңбекке орналастыру және қоршаған
ортаны қорғау салаларын шығарды[4].
1.2 Американың 40-президенті Р. Рейган
Р. Рейганның ерекшелігі — алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына
ергендердің бәрін жұмылдырып, оларды сендіре білу қабілетінде.
Оның президенттік жылдарында американдықтардың көзқарасында түбегейлі
өзгерістер жасалынды. Олар дағдарыстан мемлекеттің реттеушілік көмегінсіз
шыға алмайтынын түсінді. Бұл демократ Картерге оңай тимеді. Өйткені
демократтар береке мемлекетін қатты қолдайтын еді, ал осы өзгерістер
республикандықтарға тиімді болды. Дүниежүзілік саясатта басталған өзгеріс
әкімшілікті осалдығы үшін қатты сынауға сылтау болды. 1980 жылы
республикандық Рональд Рейган жеңді, ол мемлекеттің араласуын қысқартуға
және белсенді сыртқы саясат жүргізуге шақырды.
Салықтарды азайту мен АҚШ-тың орталық банкі федералдық резервтік
басқару есептесу ставкасын өсіріп, Р.Рейган елді тура экономикалық шокқа
душар етті. Жұмыссыздық екі есе өсті. Әлеуметтік шығындарды әжептәуір
қысқартып, әкімшілік бейбіт кезеңде жаппай қарулану программасын жүзеге
асырды. Американ әскері ең жаңа қару-жарақпен қаруланды. 1983 жылдан бастап
космостық орналасу элементтік (СОИ) ракетаға қарсы қорғаныс жасау жұмысына
кірісті[5]. Р.Рейган өте айлакер саясаткер еді. Ол антикоммунистік бағытта
болса да 1985 жылы коммунист М.С.Горбачевпен келіссөз жүргізді.
Дүниежүзілік саясатта қырғи қабақ соғысты аяқтаған жаңа бағыт бастауы
басталды. Рейган 1984 жылы қайта сайланды.
2-тарау. Рональд Рейганның билігі жылдарындағы Америка
2.1 Президент әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты
60—70 жылдардың қолайсыз экономикалық әлеуметтік және саяси
тенденциялары, қылмыстың өсуі мен көптеген қалалардағы нәсілдік антогонизм,
ал президент Картер кезіндегі экономикадан құлдырау мен инфляция көптеген
американдықтарды түңілтті. Олардың үкіметке, оның баяғыда пісіп жетілген
әлеуметтік-экономикалық мәселелердi шешуге деген қабілетіне сенімсіздігі
ілгері өсті.
Рейганның билік басына келуі АҚШ саясатындағы жаңа кезеңге жол ашты.
Картер әкімшілігінің билікте болған екінші кезеңінің өзінде АҚШ-тың билеуші
топтарында ұлтшылдық және күшпен шешу үрдісі белең ала бастап еді. Алайда
Рейган билік келген алғашқы күннен бастап-ақ іске асырылған жұмыстар бірден
көзге түсті.
Ол АҚШ қайта қарулануы және Совет Одағына қатысты тоқтату саясатын
қайта қалпына келтіруі тиіс деп мәлімдеді.
Р.Рейганның мәлімдемесі ел президенті ретінде ендігі кезеңге АҚШ-тың
ішкі және сыртқы саясатын айқындап берді[6]. Мұнда АҚШ-тың күш-қуатын қайта
жаңғырту ниеті байқалды. Бұдан екі күн өткеннен кейін АҚШ-тың қорғаныс
министрі К. Уэйнбергер басты миссиям Американы қайта қаруландыру деп
жариялады. Бұл АҚШ-тың ресми билігінің көзқарасын білдірді.
Рейган және оның командасы төнетін қауіпті алдын ала көріп, тиісті
шараларды қолға алды. Рейган Ақ үйге келгенге дейін алдымен Қазіргі заманғы
зерттеулер институтын құрған еді. Ол Рейганға түрлі идеялар, баспасөзбен
қалай қарым-қатынас жасау керектігі жөнінде ұсыныстар дайындап отырды. Оған
ең алдымен баспасөзбен байланысты барынша азайту ұсынылды. Сонымен бірге ол
маңайына өте таланты адамдарды топтастырып алды, олардың 80 проценті
республикандықтар болды.
Алайда мұның бәрі үнемі айын оңынан туғыза бермеді. Жиі-жиі олқылықтар
орын алып тұрды. Дегенмен ол сайлаушылардың сеніміне селкеу түсіре алмады.
Ол әлеуметтік төлемдерді азайтып, миллиондаған адамдардың жағдайын
нашарлатқанымен, ол өзінің көптеген отандастарына телефон соғып жұбатып
отырды.
Ол саяси принциптегі актер еді, өзін және саясатын американдық
құндылықтармен және дәстүрмен бірегейлендіре алды. Оның керемет қасиеті
өзіне нық сенімі және оптимистік көзқарасы болды.
Оның президент қызметіне келе сала белсенді әрекеті және кадрларды
жылдам ауыстырып, саяси-іскерлік шешімдер қабылдауы сайлаушылардың
көкейінде жаңа президенттің келуіне орай саяси жаңалықтар іске асырылып
жатыр деген түсінік орнықтырды. Ең алдымен ол президенттік институттың
төмендеп кеткен беделін қалпына келтірді, таза ұлттық саясат жүргізді[7].
Рейган және оның жақын кеңесшілерінің президенттікке мұқият
дайындалғандығы оның 198081 жылдардағы кадрлық саясатынан көрінеді.
Кабинет деңгейінен төмен президент уәкілдерінің тұруына айрықша назар
аударылды. Олар Ақ үйдің саясатын жүргізді. Бұл жоғары дәрежелі
шенеуніктерді өз министрліктеріне жіберерден алдын ала Рейганның сенімді
адамдарды арнайы дайындықтан өткізді. 300 маңызды кадрлық тағайындаулар
партиялық белгісіне негізделді. Бұндай оқиға 1960 жылдан бері болмаған еді.
Жаңадан тағайындалғандардың 80 проценті республикандықтар болды.
Президенттіктің алғашқы мерзімінде кеңесшілердің екі шеңбері қоршап
тұрды. Ішкі шеңбер мынаадй үштіктен тұрды: штаб бастығы Джеймс Бейкер,
кабинет басшысы Эдвард Миз және жұртшылықпен байланысқа жауапты Майкл
Дивер. Екінші шеңбердегілерге Президентке кіру рұқсаты берілмеген, бірақ
үштікке хабар жеткізіп тұратындардан тұрды. 1980 жылы Миздың
ұйымдастыруымен кабинеттің 7 комитеті құрылды, сөйтіп кабинет мүшелерін Ақ
үйге бағынышты етіп қойды. 1985 жылы сәуірде бұл 7 комитет қайта 2 комитет
болып құрылды[8]. Атап айтсақ: ішкі саясат жөніндегі кеңес және
экономикалық саясат жөніндегі кеңес.
Жалпы атқарушы органдағы әкімшілік-ұйымдастыру шаралары 1980-81
жылдары билікті Ақ үйге шоғырландыруға және мекемелерді басқаратын саяси
шенеуніктерді бағынышты етіп ұстауға бағытталды. Рейган президенттігінің
екінші кезеңінде билікті барынша бір қолға шоғырландыру нәтижесінде
үштіктің орнын жалғыз адам - Дональд Рейган басып, жұмысты ыдыратып алды.
Ол іскерлігі төмен, ұжымдық басқаруға қабілетсіз адам еді.
1987 жылы штаб бастығы Дональд Рейган отставкаға кетуге мәжбүр болып,
оның орнын саяси тәжірибесі мол Говард Бейкер басты.
Рейган Ақ үйде байланыстар жөніндегі заң бюросына Макс Фридерсдорф
басшылық еткен кәсіпқой команда жасақтай алды.
2.2 Неоконсерватизмнің өркендеуі
Рейганның билік еткен жылдардағы жаңалығы неоконсерватистік ойын
ортаға салып, іске асыруы болды.
Көптен бері федералды деңгейде елді басқармаған консерваторлар бұл
көңіл-күйлерді өз пайдасына аударуға даяр болды. Американдықтарға олардың
үкімет өкілдігін шектеу концепциясы, АҚШ-тың қорғаныс қабілетін арттыру
ойлары мен олар қазіргі қоғамға тән хаос пен бәрін жасау мүмкінділігі деп
санаған кауіптен дәстүрлі құндылықты қорғау керек деп санағандығы қатты
ұнады.
Бұл консерватизмнің ұлғаюы көптеген себептерге ие болды. 80-жылдарда
дін ұйымдарының белсенділігі мен ықпалы артты. Осылай Інжіл догматтарына
сенімдері мол ортодоксальды көңіл-күйде болған христиандар есірткілерді
қабылдау көп әсерін тигізген қылмыстың өсуімен өнегеліліктің құлдырауына
қатты абыржыды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консервативтік негізгі
қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан
түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады[9]. ХХ ғасырдың 70
жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған
консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Би төбе топ,
аристократиялық көзқарастар тұрғысынан да бәсеңдетті. Мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік
меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп
беріп, Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына айналдырып, оның үстіне ол
XX ғасырдың 70 жылдарында экономикасы құлдырауды тоқтатудың жолын таба
білді. Бұл оның абыройын арттыра түсті. Технологиялық революцияның жаңа
дәуір қажеттілігіне жауап беретін экономиканың құрылымын қайта қарауға тура
келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған дәстүрдің орнына
ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді. Жұмысшылардың өмір сүру сапасына баса
назар аударылды. Жаңарған консерватизм либералдық және социалистік бірқатар
адамгершілік түсініктерді біріктіріп қабылдады. Жаңарған консерватизм
өкілдеріне Д. Белл, 3. Бжезинский, Н. Кристолл және т.б. жатады. Олардың
қатарына бұрын АҚШ президенттері Р. Рейган, Д. Буш, Англияның бұрынғы
премьер-министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г. Коль және т.б.
кіреді.
3-тарау. Рейганомика және оның Америка экономикасын дамытудағы ролі
3.1 Экономика саласындағы Рейган жүргізген бағыт
1980-жылдардың басында Құрама Штаттар 30-жылдардан кейінгі өндірістің
ең терең құлдырауын бастан кешіп жатты. Экономикалық өсу толығымен дерлік
тоқтады.
1982 жылы нақты Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 2,5%-ке кеміді, ал жұмыссыздық
нормасы 10%-тен асып, өнеркәсіптік потенциалдың үштен бірі толық жұмыс
істемеді. Жағдай энергетикалық дағдарыспен тереңдеп және Вьетнамдағы соғыс
кеселдері де әсер етпей қоймады — ҒЗҚТЖ-на жұмсалатын федералды шығындар
коммерциялық істерге емес, соғыс ісінің пайдасына қарай қайта бөлінді. Бұл
салада АҚШ ГФР мен Жапониядан қалып қойды. АҚШ-та өнім өндірісі төмендеген
сайын аталмыш елдермен басқа елдердің әлемдік саудадағы үлестері артты,
американдықтар көптеген импорттық заттарды тұтына бастады. 1981 жылы Рейган
әкімшілігі экономикалық стагнация проблемасына, инфляцияның өсуіне және
проценттік алымдардың шектен тыс өсуіне ұшырады.
Өз саясатының негізгі идеясы ретінде дәстүрлі американдық
құндылықтарға көшуді ұсына отырып, президент жеке кәсіпкерлік еркіндігінің
басқа еркіндіктің барлығынан да үстем болуына жол ашты. Ол Ең алдымен мен
елімізде адамдардың баюға қол жеткізе алатындай жер болғанын қалаймын. Бұл
бізде қазір бар және ол сақталуы керек деді[10]. Рейганомика,
консервативті революция осылай туған еді.
1980 жылы Рейган әкімшілігі ұсынған Америка экономикасын сауықтыру
бағдарламасында мынадай ережелер ұсынылды:
1) корпоративті және табыс салығын қысқарту;
2) әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту есебінен үкіметтік шығыстардың
өсуін шектеу;
3) кәсіпкерлік қызметті реттеуді азайту;
4) инфлияцияны ауыздықтауға бағытталған қатаң кредиттік-ақша саясатын
жүргізу.
Салықты азайту Рейганның алғашқы экономикалық қадамы болды. Конгресс
табыс салығын үш жыл ішінде 25 процентке азайту, әлеуметтік қызметтерге
федералдық шығыстарды қысқарту туралы заң қабылдады. Салықты қысқарту
нәтижесінде өндіріске инвестиция көбейіп, жаңа жұмыс орныдарын ашуға,
ұлттық өнімді арттыруға мүмкіндік туады деп болжанды.
Әлеуметтік саясат саласында жаңа федерализм бағдарламасы ұсынылды.
Бұл бағдарламаға сәйкес федералды, штат және жергілікті органдардың қызметі
бөлінді. Штат үкіметі өзіне мынадай екі қайырымдылық бағдарламаны орындауға
жауапкершілікті алуға тиіс болды: көп балалы отбасыларға көмек беру және
тамаққа талон беру. Федералды үкімет кедейлерге медициналық көмек көрсетуге
жауапты болды. Қалған 44 әлеуметтік бағдарлама штаттардың қарауына берілді,
оларды төрт жыл ішінде қосымша қаржыландыру үшін федералды қор құрылды[11].
Рейган басқарған бірінші кезеңнің соңына қарай инфляция 4 процентке
азайды. ФРЖ ақша қаражатын ұстап тұру саясатын бәсеңдетті. Проценттік
ставкалар біршама төмендеді. Жұмыссыздық 10%-тен 8%-ке дейін қысқарды.
Жоғарыда айтқанымыздай, ішкі қайта құру бағдарламасы Рейганның жеке
секторға еркіндік берсе ғана ел гүлденіп дами бастайды деген сеніміне
негізделді. Экономикалық өсу негізінен түрлі заттар мен қызметтің ұсынысына
бағынышты деген теорияға негізделген ұсынатын экономиканың жақтаушысы
Рейган, қаржы жинау мен қаржы салуды ынталандыру үшін салықтарды
төмендетуге тырысты. Бұл мектептің экономистерінің ойынша салықтарды
төмендету қаржы салу мен жалақыны есіреді, сонымен қоса мемлекеттік табыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz