Қазақстанның екі мегаполисі



Мазмұны:

Кіріспе

1.1 Алматы қаласының тарихы.
1.2 Алматы.Алмалы жер.

2.1 Астана мәртебесі туралы заң
2.2 Астананы көшіру турулы жарлық
2.3 Астананың атауын өзгерту туралы жарлық
2.4 Жалпы шолу
2.5 Арман қала
2.6 Экономикалық шолу

Қорытынды
Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанның ірі қалалары ілгері дамуда.Бірақ ен мақтан тұтатын ол Астана мен Алматы. Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі кезеңге дамытудың Бас жоспары қалада қолайлы тіршілік ортасын құру мен тұрақты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраны сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлайтын негізгі құжат болып табылады.
Бас жоспар Алматы қаласының Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы функциясын, Алматы мен Алматы агломерациясы дамуының өзара байланыстылығын іске асыру ескеріле отырып әзірленген.
Бас жоспар қала инфрақұрылымының перспективті және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, табиғи кешендер аумағын сақтау мен дамыту, тұрғын үйлерді реконструкциялау мен өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс нысандарын дамыту, жан-жақты ретке келтіру және қала тіршілігін эстетикалық тұрғыда ұйымдастыру, Алматының әкімшілік аудандары мен басқа да ауқмақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзірлеу мен іске асыру, қаланы жоспарлау мен құрылыс жүргізу жобалары үшін негіз болып табылады.
Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік жағынан ыңғайлы тіршілік ету ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы іс-шараларын жүргізу.
Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының «қала-бақ» бейнесін сақтау және қалыптастыру.
Жыл сайын қызық іздеген үлкен бір «тайпа» дүние жүзілік мәдениетке ортақтасып, әлемдік сейіл құру индустриясынан рахат тауып, қайдағы бір қираған қалалардың үйінділерінің қасында суретке түсу үшін, туған үйлерін тастап шығады. Бүгінгі күні Астана туристик «листинг А» деңгейінен берік орын тепті, алайда ол саяхатшыларды ежелгі өркениеттің қираған қорғандарымен қызықтырып отырған жоқ, адам қолынан шыққан туындыларымен, болашаққа деген ұмтылысымен тартады.
«Орта Азия масштабындағы, Ауғаныстаннан, Батыс Сібірдің солтүстік шеттерінен, Каспийден Монғолияға дейін созылған жаңа астана, ірі инвестициялық ағындарға ұмтылатын келешегі бар орталықта жатыр. Коммуникациялық тораптардың Тынық мұхит жағалауынан Еуропаға дейін созылған қиылысында орналасқан, болашақта ол ірі тасымал асуына үміт артып, алдағы жүзжылдықта көліктік-коммуникациялық дабылына еліктей алады». Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы 13-желтоқсанында, Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған жиналысында айтылған сөздері, Қазақстанның тәуелсіз жаңа астанасының дамуына стратегиялық бағыт түйіндеді. Оның орналастыру орнын іздестіру негізіне салынған 32 критерийі осы аймақтың: климаты, қоршаған ортасы, сейсмикалық жағдайы, әлеуметтік-саяси көрсеткіштері, көліктік инфрақұрылымы, еңбек ресурстарының негізгі ерекшеліктері жөніндегі әңгіме сипатына қызмет ете алады...
1.1Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қо ғ а м д ы қ п ә н д е р ц и к л ы

Қазақстан тарихы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Қазақстанның екі мегаполисі_________________________ ____

Мазмұны:
Кіріспе
1.1 Алматы қаласының тарихы.
1.2 Алматы-Алмалы жер.
2.1 Астана мәртебесі туралы заң
2.2 Астананы көшіру турулы жарлық
2.3 Астананың атауын өзгерту туралы жарлық
2.4 Жалпы шолу
2.5 Арман қала
2.6 Экономикалық шолу
Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанның ірі қалалары ілгері дамуда.Бірақ ен мақтан
тұтатын ол Астана мен Алматы. Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі кезеңге
дамытудың Бас жоспары қалада қолайлы тіршілік ортасын құру мен тұрақты
дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраны
сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлайтын негізгі
құжат болып табылады.

Бас жоспар Алматы қаласының Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы
функциясын, Алматы мен Алматы агломерациясы дамуының өзара байланыстылығын
іске асыру ескеріле отырып әзірленген.

Бас жоспар қала инфрақұрылымының перспективті және бірінші кезектегі
бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, табиғи кешендер аумағын сақтау мен
дамыту, тұрғын үйлерді реконструкциялау мен өндірістік аумақтарды қайта
ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және
демалыс нысандарын дамыту, жан-жақты ретке келтіру және қала тіршілігін
эстетикалық тұрғыда ұйымдастыру, Алматының әкімшілік аудандары мен басқа да
ауқмақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзірлеу мен іске асыру,
қаланы жоспарлау мен құрылыс жүргізу жобалары үшін негіз болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық
жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік жағынан ыңғайлы тіршілік ету
ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы іс-шараларын жүргізу.

Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының
қала-бақ бейнесін сақтау және қалыптастыру.

Жыл сайын қызық іздеген үлкен бір тайпа  дүние жүзілік мәдениетке
ортақтасып, әлемдік сейіл құру индустриясынан рахат тауып, қайдағы бір
қираған қалалардың үйінділерінің қасында суретке түсу үшін, туған үйлерін
тастап шығады.  Бүгінгі күні Астана туристик листинг А деңгейінен берік
орын тепті, алайда ол саяхатшыларды ежелгі өркениеттің қираған
қорғандарымен қызықтырып отырған жоқ, адам қолынан шыққан туындыларымен,
 болашаққа деген ұмтылысымен тартады. 
    Орта Азия масштабындағы, Ауғаныстаннан, Батыс Сібірдің солтүстік
шеттерінен, Каспийден Монғолияға дейін созылған жаңа астана, ірі
инвестициялық ағындарға ұмтылатын келешегі бар орталықта жатыр.
Коммуникациялық тораптардың Тынық мұхит жағалауынан Еуропаға дейін созылған
қиылысында орналасқан, болашақта ол ірі тасымал асуына үміт артып, алдағы
жүзжылдықта көліктік-коммуникациялық дабылына еліктей алады. Қазақстан
Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы 13-желтоқсанында,
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған жиналысында айтылған сөздері,
Қазақстанның тәуелсіз жаңа астанасының дамуына стратегиялық бағыт
түйіндеді. Оның орналастыру орнын іздестіру негізіне салынған 32 критерийі
осы аймақтың: климаты, қоршаған ортасы, сейсмикалық жағдайы, әлеуметтік-
саяси көрсеткіштері, көліктік инфрақұрылымы, еңбек ресурстарының негізгі
ерекшеліктері жөніндегі әңгіме сипатына қызмет ете алады...
1.1Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань
тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры
және Владивосток қалалары орналасқан.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн
сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері
солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың
оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында,
тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі
аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар.
Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында
белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-
жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен
парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.

Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы
өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен
қамтамасыз етеді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер
өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі
Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан
жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен
үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен
қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының
қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған Алтын
адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы -
шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы
аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл
қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму,
Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.

10-14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы
бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне
ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған
13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады -
Алматы.

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі
деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер
еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер,
Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда
қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз
тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай
тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы
қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..

4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей
империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.

1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс
салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан
қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.

1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді.
1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған
Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші
Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар
қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс
аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л.
Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер
Ц. Гумницкий болды.

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск
қаласы аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы бойынша бұл
атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол
кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу
ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А.
Калпаковский болды. Сурет-3

Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары
бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы
2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер
салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке
бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал
соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.

Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-
гвардейшы-панфиловшылар паркі).

Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883). Сурет-4

1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы
сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен
кірпіштен қаланған үйлер қирады.

1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен
қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.

Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда
жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия
құрылды.

Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан
жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А.
П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың
принциптерінің жоспарын жасады.

1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі
қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.

1909 ж. Россия Полное географическое описание нашего Отечества атты
жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық
мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала
халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт,
татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу
орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика
бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.

Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала
елтаңбасының авторы.

1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа
атаулар пайда болды.

1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан
алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты
тағайындады.

1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы
комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.

1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный
қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата
деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық
шығарды: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу
әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді.

1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір
теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға
көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді
мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші
поезында 1929 ж. мамырыда басталды.

1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл
екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1
мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен
әуе арқылы байланысқа ие болды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің,
тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы
45 мың адамды құраған.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала
құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы
бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық
шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.

Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау
мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады.

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың
архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты
мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша
қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту
негізделді.

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге
ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және
материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26
мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан
шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік
білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса
мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары
Алматыға ауыстырылды. Сурет-5

Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік
марапатқа ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш
атқыштар дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар
дивизиясы), екі атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты
үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.

Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға
дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер
енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр
мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада
300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне
қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы
қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр
түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар,
солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, Қазақстан қонақ үйі, медеу
спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын
құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап
метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы
жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық
таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі
архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының бау-бақша қаласы атын сақтау
мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын
дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және
өндірістік орталық болады.

1.2 Алматы – алмалы жер

Біздің қаламыз өзінің негізі қалануынан бері Алматы аталуы тегін емес,
яғни алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов өзінің 1916 ж. жазған Алматы
мақаласында Алматы-қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда алмалы жер
деген мағынаны білдіреді. Бұл атаумен Верный қаласы аумағын атаған,
өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен өзгешеленді. Мұнда кең
көлемді жасанды бақшалар жинақталғандай. Көпшілік оңтүстік астана –
Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.
Алайда біздің қаламыздың атына апорт емес, жабайы алма негіз болғанын
айта кетуіміз қажет. Белгілі Жетісулық өлкетанушы И.Л. Брызгаловтың,
академик Н.И. Вавиловтың 1928 ж. Алматыға келіп, және кіші Алматы өзенінің
бойында өскен алмаларды көріп, басқа еш жерде мұншама мол жабайы алмалардың
түрлерін көрмегенің және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны
шығар деп айтқанына куә болған. Кең таралған Жетісу тауларының асуларыда
жабайы алманың, алмұрт, шие, өріктің тамыр жайуы мәдени жемістердің өсіп-
өнуіне, алыс жолға алып жүруге шыдамды, қоймаларда сақтауға болатын түрлері
өсірілді. Сонымен қатар ресей нарығына да шыққан өндірістік түрлері атап
айтқанда пармен золотой, кандиль синап, бельфлер желтый, кальвиль красный,
ранеты Ландсберга, Обердика, орлеанский және тағы басқалары. Алайда біздің
бақшаларымыздың мақтанышы және көркі апорт болып қала бермек.
Ол Жетісудың эмблемасы болды. Оны патша-алма, алмалардың әкесі деп әділ
айтылған. Апорт әлемдік жеміс шаруашылығында бір ғана оңжылдықта белгілі
болған жоқ. Оның Қазақстанның оңтүстік Шығысында пайда болуының қызықты
тарихы бар. 1865 жылы жер аударылып келген Егор Васильевич Редько Воронеж
губерниясы Острогожский уезінен Верный қаласына апорттың бірнеше түрін алып
келді. Бұл апорттың түрі жергілікті жердің алмасынан айырмашылығы жоқ еді,
тек өзінің көлемі жағынан, дәмі мен түсін өзгертіп бұл жерге бейімделіп
кетті. 1914 жылы бау-бақшалық аға инспектор С. Перковский былай деген еді:
Жергілікті жердің басшылықтарымен жемістердің түрлерін аклиматизациялаумен
айналысты. Верный қаласымен оның аумағында табиғаттың берген қолайлы
жағдайы апорт пен алмұрттың керемет түрлері осы Верный бақшаларының
негізгілері еді. Воронеждық шаруа Редько өз отанынан апорттың бірнеше
түрлерін алып келді. Бұл алмалар оның бақшасында өсіп, кейіннен генерал
Колпаковскийдің бұйрығымен Редьковский алмасы деп өзгертілген (бірақ бұл
атау сақталынбады). Ол Верный қаласының атағын шығарған еді.
XX ғасыр басында Верный шаруашылығы тек Сібірде ғана емес Ресейдің
орталық бөлігінде де белгілі бола бастады. Ал ең алғаш астаналық саудада
апорт жемісі келгенен бастап-ақ бірінші орынға шықты.
1900 жылдың өзінде Алматының апорт алмасы Париждегі әлемдік көрмеге
шығарылды және де мамандардан жоғарғы баға алды. 1909 ж. Жетісу
губерниясының бақшалары 3770 шаршы мекенді алып жатты оның ішінде Верный
уезіне 2817 шаршы жер тиесілі еді. Бақшаларда алмалардың өзіндік мәдениеті
қалыптасып, ал алма түрлерінен апорт сұрыпталды. Верный басшылықтары
апорттың сұрыпталуына көп көңіл бөлді. Верный бақшалары училищесі аудандық
бөлікке бөлінумен айналысса, кейіңірек жеке жеміс питомнигін Верныйда Н.Т.
Моисеев ашқан болатын.
1908 ж. Германияда Мангейм жеміс жидек көрмесінде Верный бақша
училищесімен шығарып үлкен қошеметке ие болды. Өзінің сыртқы түрімен,
ерекше дәмінің болуы, жолда алып жүруге қолайлы болуы Жетісу өңірінде
алдынғы қатардан көрінді. Оны Сібір жеріне 700 ден астам шақырым жерлерге
және оңтүстік темір жолдар арқылы станцияларға, пошта арқылы жіберіп,
кейбірі батыс Қытайға дейін тасып отырған.
Жетісулық бақшаларды марапаттау мақсатында Верный қаласында көрмелер
ұйымдастырылды. Осылай 1902 ж. Жетісу облысына барлық уездерден экспонаттар
әкелінді. Бір ғана алманың өзінен 39 түрі қойылды. Осындай көрмелердің
бірінде 1905 ж. Алманың 64 түрі шығарылды. Мұнда да ең керемет деп апорт
тандалып, жоғары марапатқа ие болды. Генерал П.И. Краснов өзінің 1910 ж.
Кинематограф очеркінде бұл алма жөнінде былай суреттеген: Ресейде бейне
бір жиналған тастай үйілген, ірі кесектей, баланың басындай көлемде еді, 2
фунт салмағы бар. Олар бүкіл аумақты өзінің жағымды исімен таныттырған.
Оның бағасы 8 жүздік тиын еді. Мұнда Верныйлық алмұрттар да Калифорниялық
алмұрттардан кем түспейтін еді.
Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма
бақтары азайып барады. Өлкетанушы В.Проскуриннің айтқанындай бақшалы-қала,
60-шы жылдары жасыл желекке оранған қала еді. Алайда мамандардың айтуынша
өткен бақшалы-қаламыздың орнын қайта қалпына келтіруге болатының айтады
және де болашақта Алматы алмалы жер болатына сенімдіміз.

Астана мәртебесі туралы заң

Астана мәртебесі туралы заң
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылы 20 мамыр N 230
    Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін,
жумыс істеуінің үйымдық-саяси және экономикалық негіздерін айқындайды. 
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
     
      1. Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасының астанасы – мемлекеттік әкімшілік-саяси
орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің,
Конституциялық Кенесінің, Жоғары Сотының, Бас Прокуратурасының және орталық
атқарушы органдарының орналасқан жері. 
      3. Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы
мүмкін. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік
елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің
түпнұсқасының Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы
Резиденциясында сақталады. 
      
2-бап. Қазақстан Республикасы астанасының   мәртебесін құқықтық реттеу
     
    Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесін құқықтық реттеу және
оның жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заң мен өзге
де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жүзеге асырылады. 
      
3-бап. Қазақстан Республикасы астанасының жергілікті  өкілді және атқарушы
органдарыны өкілеттіктері
     
      1. Астанада жергілікті мемлекеттік басқаруды Қазақстан
Республикасы астанасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасы астанасының әкімін қызметке Премьер-
Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті
тағайындайды. 
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктерімен
қатар Қазақстан Республикасы астанасының өкілді органы өз құзыреті
шегінде: 
      1) қаланың Қазақстан Республикасының астанасы міндеттерін жүзеге
асыруын ескере отырып, астананың бюджетін, оның атқарылуы туралы есептерді,
аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын
бекітеді; 
      2) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын жергiлiктi
мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымына сәйкес бекiтедi.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктерімен
қатар Қазақстан Республикасы астанасының атқарушы органы өз құзыреті
шегінде: 
      1) Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық
өкілдіктерінің мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар мен ғимараттар салуға
арнап жер учаскелерін береді; 
      2) Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес ұйымдар мен
жеке түлғалардың мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар мен ғимараттар салуға
арнап жер учаскелерін береді; 
      2-1) мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жердi алып қою (сатып алу) туралы
шешімдер қабылдайды, бұл орайда жер учаскелерінің меншік иелері немесе
мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар учаскелердi алдағы кездегi алып қоюдан
(сатып алудан) кемiнде үш ай бұрын бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен жазбаша хабардар етiлуге тиiс; 
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің
дипломатиялық өкілдіктеріне коммуналдық меншіктегі үйлерді, құрылыстар мен
ғимараттарды береді; 
      4) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламалары мен жергілікті бюджетті әзірлеп, олардың орындалуын
қамтамасыз етеді; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасының астанасында жалпы мемлекеттік және халықаралық іс-
шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды; 
      6) Қазақстан Республикасы астанасының экологиялық қауіпсіздігін
бақылауды жүзеге асырады және оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды
әзірлейді; 
      7) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын әзірлеп, оны
жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады; 
      7-1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық
мүлік тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған акционерлік
қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, Қазақстан
Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар
акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік
етуді жүзеге асырады; 
      7-2) Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және
оған билік етуді жүзеге асырады; 
      7-3) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына
әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылған
фактісін растайтын құжаттарды салық органының сұрау салуы бойынша бір ай
мерзімде береді; 
      7-4) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы
құрылыс процесіне қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін
жүргізеді; 
      7-5) шаруашылық жүргізуші субъектілермен "Астана - жаңа қала" арнайы
экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асыру жөнінде шарттар
жасасады. 
     
  
     
 3-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер
               үшiн алып қою (сатып алу) ерекшелiктерi
     
     1. Жер пайдалану құқығын сатып алған меншiк иелерi мен мемлекеттiк
емес жер пайдаланушылардан мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн
алып қою алдағы кезде жер учаскелерiн сатып алуға дейiн үш айдан
кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оларды мiндеттi түрде хабардар ете отырып сатып
алу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар
осындай хабар алған күннен үш ай өтпей тұрып жер учаскесiн сатып алуға
меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi. 
      Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiнiң жер учаскесiн
мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып
алынатын жер учаскесiнiң бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары
жөнiнде олармен келiсiмге қол жетпесе, астананың атқарушы органы үш ай
өткеннен кейiн жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап қоюға құқылы. 
      2. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасын анықтаған кезде оған жер
учаскесiнiң немесе оған құқықтардың және онда тұрған жылжымайтын мүлiктiң
нарықтық құны, сондай-ақ жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк
иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдар, олардың үшiншi
тұлғалар алдындағы мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға байланысты
шегетiн залалдарын қоса алғанда, барлық залалдар қосылады. 
      3. Уақытша жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн мемлекеттiк
қажеттiлiктер үшiн алып қою, егер жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып
алынбаған болса, сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға толық
көлемiнде залалдардың орны толтырылады, сондай-ақ олардың тiлегi бойынша
басқа жер учаскесінің берiлуi мүмкiн. *
      ЕСКЕРТУ. 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2001.07.10.
N 227-II Заңымен.
      Ескерту. 3-1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының
2003.12.29. N 512 Заңымен. 
      
4-бап. Қазақстан Республикасының астанасындағы
             жергілікті өзін-өзі басқару
 
    Қазақстан Республикасы астанасының аумағында жергілікті өзін-өзі
басқаруды халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ сайланбалы және басқа да
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті
өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
      
5-бап. Қазақстан Республикасы астанасының
             рәміздері
    
     1. Қазақстан Республикасы астанасының өз рәміздері болады.
     2.Рәміздердің сипаттамасы мен оларды пайдалану тәртібі Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
      
6-бап. Қазақстан Республикасы астанасының
             экономикалық негізі
     
      1. Қазақстан Республикасы астанасының өз міндеттерін жүзеге асыруы
үшін экономикалық негізді оның коммуналдық меншігі құрайды.
      2. Қазақстан Республикасының астанасында немесе оның жекелеген
аумақтарында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы экономикалық
режимдер енгізілуі мүмкін.     
      
7-бап. Қазақстан Республикасы астанасының бюджеті
     
      Астананың бюджеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен құралады.
     
 8-бап. Халықаралық байланыстар
     
    Астананың өкілді және атқарушы органдары өз өкілеттіктері шегінде
халықаралық қатынастарды жүзеге асыруға қатысады.

АСТАНАНЫ КӨШІРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚ
         
Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы 1994 жылғы 6 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың мемлекет
астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысымен келіссін.
2. Министрлер Кабинеті ағымдағы жылдың аяғына дейін астананы көшірудің
техникалық-экономикалық негіздеуін және мерзімін әзірлесін.
3. Министрлер Кабинеті, Жоғарғы Кеңестің мемлекеттік құрылыс және
аймақтық саясат бойынша Комитеті Алматы қаласының әкімшілігімен
бірлесіп ағымдағы жылдың аяғына дейін Алматы қаласының ерекше
мәртебесі туралы заңның жобасын әзірлесін және енгізсін. 
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
Төрағасы

АСТАНАНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚ

Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан
Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3941
 
Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өтініштерін, Ақмола қаласы
жұртшылығының талап-тілектертерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссия шешімінің негізінде
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
 
1. Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласы Қазақстан
Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық  жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
3.  

ЖАЛПЫ ШОЛУ

    Төбелері көк тіреген зәулім үйлердің жалтыраған әйнектерінен, буырқана
дамып келе жатқан жас мемлекеттің Еуропа мен Азияның нағыз кіндік нүктесі
болуға жазған Астанасының өткеніне үңіле отырып, біз кішкентай ғана
қарапайым Ақмоланы, тіршілігі тып-тыныш, көктемгі кештері жаңбырлы, ал қысы
қаһарлы кішкентай уездік қаланы көреміз... 
 
    Бұл өлкеде бұрыннан-ақ адамдар мекен еткен. Палеонтологтар, қала берді
археологтар сар далада жортуылдаған көшпенділер қорғаны жайлы, сонау Х-
ғасырлардағы Боз-Оқ секілді қалашықтың қайталанбас қолөнері мен мәдениеті
жайлы археологиялық қазбаларды сөйлеткісі келеді. Ол – уақыттың еншісі,
ал, біз бүгінге жеткен ең ескі ғимараттар арқылы Ақмола уездік қалашығының
әскери және құрылыстық нығаюы кезеңі жайлы айтамыз. Сол кезеңдегі тарихи
жағдайлар Ресей империясының отарындағы алыс мекендерін бақылайтын осындай
әскери қамалдарды салғанынан хабар береді.
 
    ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ақмола шағын ғана лас
қалалардың бірі болды. Онда негізінен сол кезеңге сай бір қабатты үйлер
салынып, ал қаланың орталығында ауқатты адамдар (көпестер, өнеркәсіпшілер
және приказчиктер) екі қабатты тас және ағаш үйлер салуды бастады. Үйлердің
төменгі қабаты (подклеть) әдетте, сауда лавкалары немесе қойма ретінде
пайдаланылған. Қызыл кірпіштен немесе бөренеден тұрғызылған жоғарғы
қабатында тұрғындық мақсаттағы бөлмелер орналасыпты. Көпестердің тұрғын
үйлері өзіндік сәулеттік безендірілуімен, құйылған темір торлар мен
қоршаулардың көркемдік нақышталуымен, қасбеттерінің әшекейлі өрілген
оюларымен, ағаш үйлердің терезе жақтауларының, қақпаларының әсем
өрнектелуімен ерекшеленді
 
    ХIХ ғасырдың аяғында қала мәртебесін алғаннан кейін Ақмола бас жоспар
бойынша және бекітілген жобалар бойынша дами бастады. Ол кезеңде қалалық
саябақ қалыптасып, орман тұқымбағы жасалды, Есіл өзенінің бойында жасыл
аймақ өркен жая бастады. Қазан төңкерісіне дейінгі Ақмолада сол кезеңге сай
салынған бір қабатты ағаш үйлермен қатар тастан салынған құрылыстар да
болды. Олар қаланың орталығына, өзенге жақын жерлерден бой көтерген.
Қазіргі кезде 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі кезеңге жататын бірен-
саран тарихи-сәулеттік нысандар сақталған. Олар бүгінде сол дәуірдің
сәулеттік стилін танытып қана қоймай, қалаға мұра боп қалған тарихи және
мәдени құндылықтардың негізін құрайды. Сақталып қалған көптеген ғимараттар
қайта жаңартылып, мейрамхана, дәмхана немесе тұрғын үй ретінде пайдаланылып
келеді.
 
    Өкінішке орай, кеңестік дәуірдегі қала құрылысы кезінде, сондай-ақ
соңғы жылдары құрылыстың қарқынды жүргізілуіне байланысты бұл мұралардың
бір бөлігі бұзылуға ұшырап жойылып кетті.
 
    Одан бергі уақытта қала айтарлықтай өсті. Ескінің бәрі, заманның
лебімен жаңарды. Еңсесі төмен кішкентай, жатаған үйлерді биік те маңғаз
жаңа құрылыстар алмастырды. Уездік Ақмоланың куәгерлері болған бай-
көпестердің бөрене мен тастан тұрғызылған салтанатты сарайлары енді,
ескінің көзіндей болып төңкеріске дейінгі кезеңнің тарихи-сәулеттік
мұралары ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Бүгінгі Астанада мұндай
нысандардың саны 17. Қаладағы ең көне әрі тарихи маңызы зор 19 ғасыр
сәулетінің жарқын туындысының бірі – көпес Силиннің үйі. (ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың басы).
 
    Ал, қаланың Тұрмыс үйі мен Абай қонақ үйі маңындағы гүлбақта кезінде
бірінші гильдалы көпес танылған Баймұхамбет Көщеғұловтың кондитерлік
тәттілер фабрикасы мен үш дүкені болған. Заманында байлық пен берекенің
астында отырса да Ақмола төрінен қазақ жастарына арнап мұсылман мешіті мен
мектебін ашқан Баймұхамбет байдың алты ұлының бірі Ақмола өлкесінен
Думаға депутат болып қатысыпты. Бүгінде Абай даңғылындағы 24 үй ғимараты
Мұсылман жастарына арналған Б. Көщеғұлов мектеп үйі ретінде мемлекеттік
қорғауға алынған.
 
    Тарихи-сәулет нысандардың ішінде тағы бір ерекше көзге түсетіні М.
Горкий атындағы орыс драма театрының ғимараты. 18-19 ғасырдың сәулеттік
стилінде салынған бұл нысанның бастапқы келбетін сақтай отырып жасалған
жөндеу жұмыстары қазіргі заманғы дизайннан еш қалыспайды. Ақмоладағы
мұндай ғимараттардың ішінде Кубриннің емханасы, доктор Благовещенскийдің,
көпес Казанцев пен Моисеевтің үйлерін ерекше атауға болады.
 
    Төңкерістен кейінгі тіршілік қатты өзгерді. Халық жаңа өмір бастады.
1940 жылдары халық санының өсуіне байланысты бұрынғы Одақтың ең мықты
мекемелерінің бірі – Көлік министрлігінің Теміржол басқармасы ведомствоға
бағынышты ғимараттарды, тұрғын үйлер мен бала-бақшалар құрылысын қызу
жүргізе бастады. Мұнымен қатар қаланың орталығында және теміржол вокзалы
ауданында екі-үш қабатты тұрғын үйлерден тұратын тұтастай аудандар салынды.
Өкінішке орай, соңғы жылдары қарқынды құрылыс жүргізілуіне байланысты
олардың бір бөлігі бұзылуға ұшырады.
 
    1954 жылдан бастап, тың игерушілердің осы аймаққа ағылуы нәтижесінде
қаланың сәулет саласында біраз бетбұрыстар басталды. 5 наурыз 1954 жылы
мұнда ленин комсомолы жастарының үкімет пен партияның тыңайған және тың
жерлерді игеруге байланысты шақыруына үн қатқан мәскеуліктердің алғашқы
поезы келіп тоқтаған еді. Вокзал ғимаратында осы оқиғаға байланысты
мемориалдық тақта сақталған. Бұл кезең кеңес дәуіріндегі сәулет үлгісіндей
болған бес қабатты үйлердің салынуымен ерекшеленді. 1962 жылы көлемі 115
шаршы метрден асатын тұрғын үйлер орамы пайдалануға берілді. Қаланың
орталық алаңы дәл осы кезеңде қалыптасты. Целиноградтың солтүстік бөлігінде
вокзал маңы алаңы абаттандырылды және теміржол вокзалының жаңа ғимараты
пайдалануға берілді. Вокзал маңы алаңынан екі орам төменде сәулетші
В.Калмыковтың жобасы бойынша Теміржолшылар сарайының ғимараты салынды. Бұл
кеңестік классикалық стильдегі сәулет туындысының жарқын үлгісі болатын.
Қазіргі кезде ғимарат К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласына қатысты 100 факт
Оңтүстік астана 2011ж қысқы Азия ойындарын қабылдайды
Қазіргі әлемдегі урбанизация және қалалық жарылыс
Қазақстандағы көші - қон саясаты
Қала экологиясы жайлы
Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау
Демографиялық процесстерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі
АлматыЭнергоСбыт компаниясының маркетингтік ортасы
Бас жоспардың негізгі архитектуралық - қала құрылысы идеясы
Қазақстанның Америкамен қарым-қатынасы
Пәндер