Тауардың экономикалық мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Тауардың экономикалық мазмұны
1.1. Тауар және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Тауар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ. Тауарлардың өзіндік құнын анықтауға талдау жасау
2.1. Тауарлы.материалдык қорларды анықтау мен жіктеу ... ... ... ... ... ...11
2.2. Тауарлы.материалдық қорлар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ІІІ. Тауарлы.ақшалай қатынастардағы қаржыларды
жетілдіру бағыттары
3.1. Атқарылып жатқан қаржы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31

Қаржы қоғамның өндірістік қатынастарының 1 бөлігі. Қаржы қоғамдық өнімді бөлу және содан кейін қалыптасатын ақша түріндегі қорланудың, қаражаттың қалыптасуын, олардың өндірісті кеңейту мақсатында қоғам мен әлеуметтік кәсіби топтардың, сондай – ақ жеке тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруды зерттейді.
«Финанс» термині алғаш рет 13 – 15 ғғ Италияның сауда қалаларында қалыптасқан. Алғашқы мағынасы «төлем ақы» деген ағымды білдірген. Кейін келе бұл термин халықарлық деңгейде таралып, мемлекеттің ақшалай қаражат қорларының қалыптасуына орай мемлекет пен тұрғындар арасындағы қатынастар жүйесі есебінде қолданыла бастады. «Финанс» терминін алғаш рет француз ғалымы Ж.Боден 1577ж өзінің республика туралы «6 кітап» еңбегінде алғаш рет қолданды.
Қаржыны ерекшелейтін негізгі белгілері:
Екі субъект арасындағы ақшалай қатынастарды білдіреді.
Осы қатынастар процесінде субъектілер әртүрлі құқықтарды иеленеді. Мемлекет ерекше өкілеттікті иеленеді.
Осы қатынастар процесінде жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларын мемлекеттік бюджет қалыптастырды.
Бюджетке тұрақты түрде түсімді қамтамасыз ету мемлекеттің күштеу сипатындағы міндетті салықтар және алымдар формасында жүзеге асырылды.
Қаржы дегеніміз – экономикалық, әлеуметтік саяси міндеттерді жүзеге асыру үшін жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуы мен қолдану процесінде мемлекетпен ұйымдастырылған ақшалай қатынастар жиынтығы.
Қаржылардың ұдайы өндірістегі маңыздылығы қаржылармен жүзеге асырылатын қызметімен байланысты. Тұрақты табысы бар кәсіпорынның өзінің өндірісін кеңейтуіне мүмкіндігі бар. Ал , кәсіпорынның қаржы ресурстары тұрақты қалыптаспаса кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Өнім көлемі + Баға =Түсім
Түсім - Өзіндік құн =Табыс
Табыс – Салық =Таза табыс
Тауар дегеніміз – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Нарықтық экономика жағдайында оған деген ынта, қол-дану, пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс.

1. Назарбаев Н.Ә Қаза¶стан егемендi мемлекетретiнде ¶алыптасуы мен дамуыныє стратегиясы – Алматы 1992ж
2. Т.А Тасмаµанбетов, Д.О Әбленов "Бизнестегi есеп пен талдау" Алмат, "Дґуiр" 2002 ж
3. А.¶ Мейiрбеков "Кґсiпорын экономикасы" Алматы "Экономика" 2003ж
4. Баба¶Ѕлы Б. Тґуелсiздiк, нары¶, экономика- Алматы:"А¶и¶ат"
1996ж
5. Гончарук. В.А Развитие предприятия- М: "Дело", 2002
6. Джумабаев С.К Управление человеческими ресурсами- Алматы: "µылым", 2000ж
7. Жат¶анбаев Е.Б Аралас экономика негiздерi – Алматы 1996ж
8. ¶алдыбаев О, Экономика предприятия – Алматы: "Санат", 1997
9. Карлик А.Е Управление экономикой предприятия - "Финансы и статистика" 1999
10. Оєтѕстiк ¶аза¶стан облысыныє экономикасы – цифрларда. Статистикалы¶ аны¶тама – Шымкент 2000
11 Экономика предприятия – Минск: "Экономпресс" 2000
12. ¶аза¶стан Республикасыныє "Шаµын кґсiпкерлiктi ¶олдау" Заєы, Алматы Жетi Жарµы, 1998ж
13. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. "Кґсiпорын экономикасы жґне кґсiпкерлiк" Алматы 2002ж
14.Назарбаев.Н.Ә Қаза¶стан 2030- Алматы "Юристь" 2001
15. Бердалиев К.Б ¶аза¶стан экономикасы бас¶ару негiздерi о¶у ¶Ѕралы – Алматы. Экономика, 2001ж
16. Досумов Р.Я Утаров А.К Рыночная экономика Казахстана и проблемы ее государственного регулирования. Учебное пособие – Шымкент, 2003.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты
Курстық жұмыс
Тақырыбы:__________________________ _________
___________________________________
Орындаған: __________________
Қабылдаған:__________________
Шымкент - 2006
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Тауардың экономикалық мазмұны
1.1. Тауар және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4
1.2. Тауар саясаты

... ... ... ...8
ІІ. Тауарлардың өзіндік құнын анықтауға талдау жасау
2.1. Тауарлы-материалдык қорларды анықтау мен
жіктеу ... ... ... ... ... ...11
2.2. Тауарлы-материалдық қорлар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .. 19
ІІІ. Тауарлы-ақшалай қатынастардағы қаржыларды
жетілдіру бағыттары
3.1. Атқарылып жатқан қаржы саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
Кіріспе
Қаржы қоғамның өндірістік қатынастарының 1 бөлігі. Қаржы
қоғамдық өнімді бөлу және содан кейін қалыптасатын ақша түріндегі
қорланудың, қаражаттың қалыптасуын, олардың өндірісті кеңейту мақсатында
қоғам мен әлеуметтік кәсіби топтардың, сондай – ақ жеке тұлғалардың
мүдделерін қанағаттандыруды зерттейді.
Финанс термині алғаш рет 13 – 15 ғғ Италияның сауда қалаларында
қалыптасқан. Алғашқы мағынасы төлем ақы деген ағымды білдірген. Кейін
келе бұл термин халықарлық деңгейде таралып, мемлекеттің ақшалай қаражат
қорларының қалыптасуына орай мемлекет пен тұрғындар арасындағы қатынастар
жүйесі есебінде қолданыла бастады. Финанс терминін алғаш рет француз
ғалымы Ж.Боден 1577ж өзінің республика туралы 6 кітап еңбегінде алғаш рет
қолданды.
Қаржыны ерекшелейтін негізгі белгілері:
Екі субъект арасындағы ақшалай қатынастарды білдіреді.
Осы қатынастар процесінде субъектілер әртүрлі құқықтарды иеленеді.
Мемлекет ерекше өкілеттікті иеленеді.
Осы қатынастар процесінде жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларын
мемлекеттік бюджет қалыптастырды.
Бюджетке тұрақты түрде түсімді қамтамасыз ету мемлекеттің күштеу
сипатындағы міндетті салықтар және алымдар формасында жүзеге асырылды.
Қаржы дегеніміз – экономикалық, әлеуметтік саяси міндеттерді жүзеге
асыру үшін жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуы мен
қолдану процесінде мемлекетпен ұйымдастырылған ақшалай қатынастар жиынтығы.
Қаржылардың ұдайы өндірістегі маңыздылығы қаржылармен жүзеге
асырылатын қызметімен байланысты. Тұрақты табысы бар кәсіпорынның өзінің
өндірісін кеңейтуіне мүмкіндігі бар. Ал , кәсіпорынның қаржы ресурстары
тұрақты қалыптаспаса кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Өнім көлемі + Баға =Түсім
Түсім - Өзіндік құн =Табыс
Табыс – Салық =Таза табыс
Тауар дегеніміз – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын
зат. Нарықтық экономика жағдайында оған деген ынта, қол-дану,
пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс.
І. Тауардың экономикалық мазмұны
1.1. Тауар және оның түрлері

Тауарларды жіктеу
Тауарларды, пайдалану мерзімдеріне қарай былайша бөлуге
болады :
• ұзақ пайдаланатын тауарлар - әдетте ,көп мәрте пайда-лануға
төтеп беретін материалдық бұйымдар. Мысалы, станоктар,
мұздатқыштар, киімдер және басқалар.
• қысқа мерзімді пайдаланатын тауарлар – бір немесе бірнеше
кезеңде толығымен пайдаланылатын материал-дық бұйымдар :
шикізат, азық – түлік.
Қызмет көрсету пайда табу немесе қажеттіліктерді қа-
нағаттандыру мақсатында және үнемі қозғалыс түріндегі сату
объектілерін қамтиды. Мысалы, шаштараз, жөндеу орындары ,т.б.
Қолдану аясы бойынша тауарларды екі топқа біріктіруге
болады :
• күнделікті тұрмыста пайдаланылатын көпшілік қолды тауарлар
;
• өндіріске қажетті тауарлар.
Көпшілік қолды тауарларды жіктеу.
Тұтынушылар көпшілік қолды тауарлардың көптеген түрін сатып
алады. Бұлар ұтынушының сатып алу дағдысына байланысты.
Сондықтан осы белгіге байланысты көпшілік қолды
тауарларды:
• күнделікті сұраным ;
• алдын – ала таңдау ;
• ерекше сұраным ;
• пассивті сұраным тауарлары деп бөлінеді.
1. Күнделікті сұраным тауарлары. Тұтынушылардың қа-жеттерін
өтеу мақсатында күнделікті ойланбастан жиі сатып
алатын тауарлары. Мысалы , азық – түлік , газет – журналдар,темекі.
Күнделікті сұраным тауарлары :
• тұрақты сұраныстағы негізгі тауарлар ;
• ойда жоқта сатып алынатын тауарлар ;
• төтенше оқиғаларға байланысты қажетті тауарлары болып
бөлінеді.
Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар – тұтынушылар рет – ретімен
сатып алады, яғни пайдалану мерзімі өткендерін та-уардың
жаңа түрімен алмастыра отырады. Мысалы, тіс пастасы, сабын,
кондитер бұйымдары, т.б.
Ойда жоқта сатып алынатын тауарлар – алдын – ала жос-
парланбайды. Мысалы, тұтынушылар өздерінің тәбеті тартқан немесе
көңілі қалаған заттарын сатып алады. Әдетте, мұндай тауарлар
көпшілік жерлерде сатыла береді, сондықтан оларды арнайы
іздеудің қажеттілігі туындамайды.
Төтенше оқиғаларға байланысты тауарлар – оларға деген
қажеттілік пайда болғанда ғана сатып алынады. Мысалы, қолшатыр,
етіктер, дәрі – дәрмек. т. б.
2. Алдын – ала таңдау тауарлары. Тұтынушы таңдар
немесе сатып алар кезде, бағасы мен сыртқы безендіру
көрсеткіштерін өзара салыстырады. Мысалға : жиһаз, киім, көлік және
тұрмыстық бұйымдар. Бұдан басқа мұндай тауарлар, қосымша :
• ұқсас
• ұқсамайтын болып бөлінеді.
Ұқсас тауарлар – сапа жағынан көбінесе біріңғай болып келе-ді,
алайда олар бір – бірінен бағалары бойынша ерекшеленеді.
Ұқсамайтын тауарлар – сату кезінде , олардың жекелеген тал-
ғамдарын қанағаттандыру үшін ассортименті көп болуы қажет.
3. Ерекше сұраным тауарлары – жеке маркалы тауар-
лар немесе айрықша сипатты, тұтынушылар аса қызығатын
тауарлар. Мысалы, үлгілі автокөліктер, фото жабдықтар.т.б.
4. Пассивті сұраным тауарлары – тұтынушылардың
білетін немесе біле бермейтін тауарлары. Былайша айтқанда
бұлар сатып алуда ойланбайтын бұйымдар, жаңа түрлері бойынша
жарнама жасалып, қолданысқа енбейінше көбінесе белгісіздеу
болады. Мәселен, өмірді сақтандыру, қабірлік жер
( шет елдерде ) , энциклопедия, коллекционерлер.т.б.
Өндіріске қажетті тауарларды
жіктеу.
Кәсіпорындар өздеріне қажетті көптеген тауарлар мен
қызмет түрлерін сатып алады. Оларды үш топқа бөлуге
болады :
• материал мен бөлшектер ;
• күрделі мүліктер ;
• қосымша материалдар мен қызметтер
1. Материал мен бөлшектер - өнім өндіруде іске толы-ғымен
жаратылатын тауарлар. Бұлар кезегінше екіге бөлінеді :
• шикізаттар ;
• жартылай фабрикаттар .
Шикізаттарға жататындар : мұнай, газ, темір рудасы дәнді
дақылдар, ауыл шаруашылық өнімдері ( бидай, мақта, жеміс,
көкөніс. т.б. ) , балық, орман.
Жартылай фабрикаттар құрамына : материал ком-пененттері
( темір, цемент, сымдар, иірілген жіп ) ; дөңгелек, шағын моторлар
.т.б. кіреді.
2. Күрделі мүліктер – құндарын дайын бұйымдарға
біртіндеп сіңіретін тауарлар. Мұны да екіге бөлуге болады:
а) тұрақты құрылыс :
• ғимараттар ( зауыт, әкімшілік үйлері ) ;
• тұрақты жабдықтар ( бұрғылау станоктары, генераторлар )
кіреді;
ә) қосалқы жабдықтар :
• зауыт жабдықтары ( қол саймандары, автоматты тиегіштер) ;
• кеңсе жабдықтары ( компьютерлер, көшірме аппараттары, арнайы
үстелдер, жазу қағаздары мен қарындаштар. т.б.)
3. Қосымша материал мен қызметтер. Дайын бұйым-дарға
мүлдем қатысы жоқ обьектілер. Бұлар да екіге бөлінеді :
а) қосымша жұмыс материалдары ( жағар және жанар май,
көмір ) және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу
материалдары ( сырлар, шегелер, щөткілер .т.б. )
ә) іскерлік қызметтер : техникалық қызмет көрсету, жөндеу
жұмыстары, кеңес беру қызметтері ( құқықтық кеңес беру,
әкімшілікке қызмет жөніндегі кеңестер, жарнама ) болып бөлінеді.
Тауардың көрсеткіштері мен параметрлерін айрықша
белгілері бойынша былайша топтастыруға болады :
• экономикалық көрсеткіштер : бұйымның бағасы, пайда-ның
мөлшері және өнімнің өзіндік құны;
• техникалық параметрі: жүк көтергішті, дәлдігі, сенімділі-гі,
жөндеудің күрделілігі, салмағы, аумағ ;
• пайдалану көрсеткіштері: пайдалану шығындары, қыз-меткерлердің
оқуларына және қайта оқуларына жұмсалған шығындар.
Сонымен қатар тауарлар тұтыну қасиеттеріне қарай да
бөлінеді, яғни :
• экономикалық;
• эстетикалық;
• экологиялық;
• стандарттық;
• патентті – құқықтық.
Көпшілік қолды тауарларды жіктеу.
Көпшілік қолды тауарлар.Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар.
Ойда жоқта сатып алынатын тауарлар.
Төтенше оқиға-ларға қажетті тауарлар.
Алдын – ала таңдау тауар-лары.
Ұқсас
Ұқсамайтын
Ерекше сұраным тауарлары.
Пассивті сұраным тауарлары.
Өндірістік белгідегі тауарларды жіктеу.
Күрделі мүлік.
Тұрақты құры-лыс.
Қосалқы жаб-дық.
Қосымша материал мен қызметтер.
Қосымша жұмыс материал-дары.
Іскерлік қызметтер.
Материал мен бөлшектер.
Шикізат
Жартылай фабрикат.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың блок – кестесі.
Тауарға қойылатын талаптарды қалыптастыру
Бағалауға жататын параметрлердің
тізбегі.
Параметрлік салыстыруларды топтастыру.
Экономикалық
Техникалық
Пайдалану
қанағаттанарлық
қанағаттанғысыз
Тауар өндіруші
Бәсекеге қабілеттілікті
көтермелеу шараларын
талдау.
1.2. Тауар саясаты
Бұл кәсіпорынның маркетинг қызметінің бір саласы, жаңа
тауарлар жасап шығару және олардың түр – түр-ін көбейту,
тұтынушы сұранымын қанағаттандыру мақсатында тауардың өндірістік
бағдарламасын даярлаудағы негізгі бағыт.
Кез – келген тауардың өмірлік циклы болады.
Тауардың өмірлік циклы дегеніміз өндірілген тауардың
өтімділігін және сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін
белгілі бір мерзім. Ол мына төмендегілермен сипаттала-ды :
• тауардың нарыққа түсуі ;
• сатып алушылардың тауарды тануы және таңдап алу-ларының
нәтижесінде сату көлемінің ұлғаюы ;
• жетілу кезеңі, оған барынша мол пайда келтіру тән ;
• нарықтың тауармен толығуы ;
• сатылатын өнім мен пайда мөлшерінің төмендеуі.
Кәсіпорынның бәсеке параметрлеріне байланысты тауардың
барлық өмірлік циклын шешуі төрт кезеңге бөлуге болады. Олар
:
1. енгізу кезеңі ;
2. арту кезеңі ;
3. жетілу кезеңі ;
4. тоқырау кезеңі.
Кәсіпорынның тауардың өмірлік циклының кезеңдері бойынша
бәсекеге қабілетті
Көрсеткіштер Енгізу Арту Жетілу Тоқырау
Сатылған Баяу Тез Баяу Азаяды
өнім-нің өсуі.
Пайда Жоқ Арту Азаяды Төмен
Ақша тасқыны Жоқ Жақсы Жоғары Төмен
Клиенттер Ынталы Артады Артады Ынта бәсеңдейді
Бәсеке Әлсіз Өседі Тұрақты Төмен
Енгізу кезеңі немесе тауарды нарыққа шығару кезеңі.
Ол өндірістік қуаттылықтың өнім шығарудағы артықшылығы және
тиелмеген тауардың көлемімен сипатталады. Бұл кезеңде пай-да
жоқ немесе әзірге аз ғана.
Арту кезеңі өндірістік қуаттың толығымен іске қосылуымен
және өнім шығаруда көптеген бәсеке көрсеткіштерінің жақ-
саруымен сипатталады, яғни оған : сапа, өзіндік құнның төмен-деуі,
сұранымның артуы және оңтайлы баға жатады. Нәтиже-сінде сату
көлемі көбейеді және пайда да арта бастайды.
Жетілу кезеңінде тауарлар ірі – ірі партиямен шығарыла
бастайды. Бұл кезеңде баға үлкен рөл атқарады. Сондықтан тиімді
баға саясаты іске асуы керек.
Тоқырау кезеңі тауарларды сату және бұдан түскен пайда
мөлшерінің төмендеу кезеңі.
Тауардың өмірлік циклының негізгі сипаттары.
Кезеңдері Өндіріс динами-касы Нарық
1 Енгізу Шамалы Жасалынады
2 Арту Тез өседі Өсу экстенсивтік
сипат-та,сатып алушылар
саны көбейеді.
3 Жетілу Өрлеу жоқ, төмендеу Сату көлемі
үрдісі байқалады тұрақтана-ды.
4 Тоқырау, Сату көлемі және
өндірістің Төмендейді. пайда төмендейді.
құлдырауы
Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса
тауар-дың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі – оның
фи-зикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен, нарықтық айналымға
қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады.
Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтыну-
шысына ұсынылуына дейінгі циклі бес кезеңге бөлінеді.
• Алғашқы кезең. Болашақ тауар жөніндегі пікір дүниеге
келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және
қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы
сынау процестері қолға алынады.
• Өндіріс – тауардың дүниеге келуіндегі бірінші, әрі шешуші
кезең, осы кезеңде келешектегі тауар өтімділігінің сәтті
немесе сәтсіз болуы анықталады.
• Енді дайын тауарларды зерттеуге, өндіруге жариялауға және
тиімді сату мәселесін ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы
шығындардың орнын толтыру үшін тауар са-тыла бастайды.
Бұл тауардың өсу және даму кезеңі ( екінші кезең ) деп
аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың
ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін.
• Тауар үшінші кезеңде өзінің жоғары деңгейіне жетіп,
сандық және сапалық жағынан жетіле түсіп, тұрақты пайда
алуға қол жеткізеді. Іскер де сергек кәсіпкер осы
кезеңде өз тауарын одан әрі жарнамалау жолдарын қа-
растыра отырып, оны өткізуді ынталандыру жағына аса күш
салады.
• Тауардың өмірлік цикілінің төртінші кезеңінде тауардың
өту қарқыны біртіндеп төмендей немесе азая бастайды, тіпті
өтпей қалатын жәйттер де кездесуі мүмкін. Мұның
себептері әр түрлі. Басты себеп сұранымның жеткілікті
қанағаттандырылуы. Бұған қоса, тауар өндірісі технология-сының
ескеруі, көптен бері өзгермеген тауар түр – түрінің
тұтынушыларды жалықтыруы, кейбір тауарларға деген қа-
жеттіліктің мәні жойылып кетуі немесе оның орнын соған
ұқсас басқа тауарлар алмастыруы және басқа да.
Қорыта айтқанда, өмірлік цикл тұрғысынан қарағандағы тауар
тағдыры :
1. тауардың жеке қасиетіне тікелей қатысы жоқ эконо-
микалық, технологиялық және мәдени даму деңгейіне және
соған сәйкес тауар молшылығына, нарықтағы бәсекелік
күрестің деңгейіне ;
2. тауар сапасы, ерекшелігі, өндірілу мерзімі, ортасы және
соған сәйкес қолдану өзгешеліктеріне байланысты
шешіледі.
Сауда таңбасы – сауда кәсіпорындары өздері өткізетін, өз-
дерінің тапсырыстары бойынша дайындалған бұйымдарға жапсыру
құқығы берілген, бірегей безендірілген және ерекше-лендірілген
белгі, цифрлардың, әріптердің немесе сөздерінің графикалық
белгісі, бірегей атауы, ерекше ұйымдастырылуы.
Маркалық атаулар – айтылуға болатын марканың бөлігі.
Мәселен, " Үркер – косметик ", " Рахат " және т.б.
Маркалық белгі ( эмблема ) – ерекшелендіріп тұратын мар-каның
бөлігі, бірақ айтылуға болмайды. Мысалы, символ, кескін ( бейне ) ,
ерекше бояу немесе арнайы шрифті безендіру.
Тауар белгісі – құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілген
марка немесе оның бөлігі. Ол сатушыға маркалық атау мен
белгісін пайдалануға ерекше құқық береді.
Авторлық құқық - әдеби, ғылыми және көркем туынды
авторларын заңмен қорғайтын құқықтар жиынтығы.
Тауарды орналастыру – жаңа тауарға, бұрынғылардың қа-тарынан
орын белгілеу процесі. Бәсекелесуші топтың тауар-ларын
тұтынушылардың қабылдауы, сызба нұсқауын жасау, бұл сызба нұсқа
тауармен көріну мүмкіндігін анықтау, сондай – ақ қолда бар
бұйымдарды жетілдіру жолдарын қарастыру үшін пайдалы.
Нарық сегменті - өндірістік өнім өткізу саясатының бағ-
дар нұсқасын таңдау мақсатымен нарықтағы мейлінше қолай-лы
жағдайды анықтау процесі.
" Паблик рилейшнз " – беделді жарнама, жұртшылықпен байланыс
орнату, өндірістің бүкіл процесін қамтитын әлеумет-тік ақпаратты
басқарудың және кәсіпорын мүдделі болып отырған жұртшылық
топтарының фирмаға оң көзқарасын қа-лыптастыруды мақсат
ететін ақпарат тараудың арнаулы жүйе-сі. Бұл жүйе монополиялар
мен жұртшылық арасындағы қа-рама – қайшылықтың тууына және
өршуіне мүмкіндігінше же-дел қарсы тұру немесе оны болдырмау
үшін ұдайы кері байланыс жасауға ұмтылады.

2.1. Тауарлы-материалдык қорларды анықтау мен жіктеу
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі
еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып. өзінің құнын өндірілетін
өнімге толығымен аударады.
Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдың қорларға мыналар жатады:
• шикізат, материал, сатып алынатың жартылай фабрикаттар мен құрамдас
бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және
ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар
мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
• аяқталмаған өндіріс;
• субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналган дайын өнімдер,
тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми-негізделген жіктемені,
есеп бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды.
Материалдық қорлар былайша жіктеледі:
• негізгі материалдар - шығарылатын өнімге заттық негіз жасап
материалдық негізін (ұн - нан пісіргенде. тері - аяқ-киім тіккенде, ағаш
жиһаз өндірісінде) құрайды;
• көмекші материалдар - өндірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер
дарытады (мысалы, бояулар, желімдер, лактар және т.б.).
Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың бас
жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес) мынандай топтарға жіктеледі:
• 201 Шикізаттар мен материалдар шотында - субъектіге тиісті,
өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі
компонені болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары
да кіреді) мен шикізаттардың өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық
қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу
үшін тұтынылатын қосалқы материалдың, қайта өңдеуге арналған ауыл
шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалыс есептеледі.
Тауарлы-материалдық қорлар есебі
• 202 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталатын
бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары шотыншда - сатып алынған жартылай
фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін
өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинакталатын
бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да
бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша
шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
• 203 Отын шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік
технологпялык қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік
отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты
жылытуға қажетті, қатты (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тәрізді
отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет
пайдаланылатын қайталама материалдардың қатты бары соңымен бірге қозғалысын
есепке алуға арналған.
• 204 Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында - ыдыстардың барлық
түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және т.б.) (шаруашылық мүлкі
ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай-ақ ыдысты дайындау мен оны
жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ,
бөлшектер, темір құрсаулар және т.б.) арналған материалдар мен тетіктер
есептеледі. Вагондарды, биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды
қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар.
• 205 Қосалқы бөлшектер шоты - жөндеу жұмыстарын жүргізуге,
машиналар, мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін
ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе
дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы автомобиль
шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық
жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың (двигательдердің),
түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық
айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы
назарға алынады.
• 206 Басқа да материалдар шотында өндіріс қалдықтары (ағаш
кесінділері, қиындылар, жаңқа және т.б.) түзетілмейтін ақау, негізгі
құралдарды есеппен шығарғанда алған бөлшектер есепке алынады.
• 207 Басқа жаққа өңделуге берілген материалдар шоты басқа жаққа
өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін
материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген
материалдарды өңдеу бойынша орындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін
шоттардын дебетіне тікелей жатқызылады.
Қаржылық есеп:
• 208 Құрылыс материалдары шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда
тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс
детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен
бөліктерін салу, тұрғызу, өндеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары,
сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т.б.) қажетті
тауарлы-материалдық қорлардың бар-жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес корлар екі
өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы
тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге
кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. Тауарлы-
материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7) сәйкес
алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы
ұйымдар төлеген делдалдық (комиссиалық) сыйақылар, көліктік-дайындау
шығындары мен қорларды алуға тікелейі байланысты басқа да шығындар
(саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер
алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
7 БЕС 4 т. сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны
әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус
сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. Басқаша
айтсақ, (2 ҚЕБХС 25 т. Сәйкес) егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтіндей
болса, өйткені қорлар бүлінген, толық немесе жарым-жартылай ескірген және
соған сәйкес бағасы да төмендеген, сондай-ақ сатылым алдындағы әзірлік
немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған шығындар өсуі мүмкін болса,
материалдар өткізудің таза құны бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда
қорлардың баланстық құны өткізуден немесе материалдық қорларды қолданудан
алу күтілетін сомадан артпайды.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік
баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақгы құны субъектінің осы қорларды дайындау мен,
жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу
бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде
қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттағы
есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға
бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте - тұрақты есептік
бағалармен (келісім шарттық немесе жоспарлы-есептік) есептеледі еді.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша
ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар
сомасына қосу көліктік дайындау шығындары (ҚДШІ) қосылып шығарылады. БЕС-қа
сәйкес ҚДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар,
барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі,
субъектінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау
орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен
агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге
байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендегі субъектінің жүргізушілері,
жүк тиеушілер) және іссапар шығындары кіреді.
Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе,
онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына
қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары
есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды ҚДШ жоспарлы мөлшердегі
есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.
Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан
материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-
есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы-
есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына
орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша
есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған
және босатылған материалдардың ҚДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында
жекелей ескеріледі) үйлесімді (пропорционалды) жоспарлы-есептік құны есебі
объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де
тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың
өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.
БЕС - 7-нің 6 т. сәйкес Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына:
қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге
байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді.
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде Тауарлық-
материалдық қорлар есебі 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 Қорлар ұсынған бағалау
тәсілдері қолданылуы мүмкін:
■ Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір
түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске
босатылғандардың да, бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды
қолдануға негізделген.
■ ФИФО - есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын
ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша
материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында
пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.
■ ЛИФО - кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды
есепетен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз
етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге
мүмкіндік береді.
■ Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру - әдетте өзара бірін-бірі
ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлық-
материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі (жұмсалған
материалдарды бағалау мақсатымең әрбір партияны түгендеуді өткізуге
жалғасқан, материалдарды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар
болса, қолданылады).
■ НИФО - кейін түсті - бірінші кетті бағалары бойынша материалдарды
есептен шығаруды шамалайды. Бұл тәсілде материалды босату бағасын түскен
бағасымен теңестіру үшін түзетулер қажет. Бұл тәсіл орнын толтыру бағасы
тәсіліне ұқсас.
■ Стандарттық баға - нормативті өзіндік құн. Өндіріске босатылған
материалдар стандартты (нормативті) бағалары бойынша бағаланады. Нақты баға
мен нормативтінің арасындағы айырмашылық жеке шотта жиналады.
Материалдарды әр түрлі тәсілмен бағалаудың кемшіліктері мен
артықшылықтарын қарастырайық:
Құжаттарды қабылдау-тапсыру реестрі
Құжат нөмірі Жасалған Есепт кезең Операция
ай-күні, түрінің коды
жылы
нөмірі ай-күні, жылы
1 2 3 4 5
№ ТМЗ-6 формасының теріс жағы
Құжат Сомасы Ілеспе кұжат нөміріЕскерту
нөмірі ай-күні, жылы
1 2 3 4 5
Барлық қабылданған құжаттар___________________________ ________
Құжаттарды тапсырдым Құжаттарды қабылдадым
_______________20 ж.
______________20___ж.
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке
ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-
жауапкершілікті адамға қолхат арқылы берілді. Карточкаға жазуды қоймашьшар
кіріс және шығыстьй құжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді
жәяе карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып,
карточканьй арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада Құжаттарды тапсыру реестрін жасау арқылы
іске асады.
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған
жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға Материалдар қалдығы кітабы тапсырылады, оған
карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz