Макроэволюция, оның бағыттары



1 Макроэволюция, оның бағыттары
2 Ароморфоз
3 Дегенерация
Пайдаланған әдебиет
Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі - ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация.
Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. Ароморфоздардың пайда болып, көбеюі арқасында кластар, белімдер, типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болады. Северцев оны эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеді. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір құрделеніп, ол тіршілік үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысал ретінде хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық ттіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау нәтижесі деп есептеледі. Ұлпалардың, катпаршақ (слоевищный) дененід жеке мүшелерге бөлінуінің пайда болуы - өсімдіктердегі көпжасушалық. Әрбір мүшелер: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұкым және жемістің пайда болуы да көпжасушалық.Осылардың бәрі ірі ароморфоздар. Олар ағзаның мүмкіндігін соншалықты ұлғайтатын болғандықтан, ағзаның шынында да дамудың жоғарырақ сатысына көшуіне мүмкіндік береді. Ароморфоздар көбінесе ірі жүйелі топтардың пайда болуына себепші болып, солардың белгілері болып табылады.
Жүзбеқанаттардың, дене пішінінің сүйірлігі, екі бөлікті жүректің, ми бес бөлігінің, нағыз жақсүйектің пайда болуы арқылы балықтар сулы ортада үстемдік ете алады. Қосмекенділер де аяқ, шырышты тері және өкпе арқылы тыныс алу пайда болуы нәтижесінде құрлыққа шықты. Қабыршақты тері, терілі қабығы бар жұмыртқа, іштей ұрықтану және жорғалаушыларда толық өкпе арқылы тыныс алудың пайда болуы нәтижесінде олардың құрлықта ғана емес,«суды тастауына» мүмкіндік туды. Төрт бөлікті жүрек, қаңқа сүйектерінің жеңілдеп,жетілуі, сүйектерінде куыстардың болуы және ауа қапшықтары, зат алмасудың жоғары сатыда болуы және жылықандылық; мидың дамуы құстардың ауалы ортаны игеруіне мүмкіндік берді .
1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Макроэволюция, оның бағыттары
Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі -
ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи
мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу
аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық
бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің
негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев
үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар:
ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация.

Ароморфоз
Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің
пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік
ортасына көшуге жәрдемдеседі. Ароморфоздардың пайда болып, көбеюі арқасында
кластар, белімдер, типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болады.
Северцев оны эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеді. Ароморфоз
кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір құрделеніп, ол тіршілік
үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар
көлемді жағдайларына жармасып қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз
нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым
болады. Мысал ретінде хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғни
ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз
ғаламшарымызда барлық ттіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді.
Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда
болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер
мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау
нәтижесі деп есептеледі. Ұлпалардың, катпаршақ (слоевищный) дененід жеке
мүшелерге бөлінуінің пайда болуы - өсімдіктердегі көпжасушалық. Әрбір
мүшелер: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұкым және жемістің пайда болуы да
көпжасушалық.Осылардың бәрі ірі ароморфоздар. Олар ағзаның мүмкіндігін
соншалықты ұлғайтатын болғандықтан, ағзаның шынында да дамудың жоғарырақ
сатысына көшуіне мүмкіндік береді. Ароморфоздар көбінесе ірі жүйелі
топтардың пайда болуына себепші болып, солардың белгілері болып табылады.
Жүзбеқанаттардың, дене пішінінің сүйірлігі, екі бөлікті жүректің, ми
бес бөлігінің, нағыз жақсүйектің пайда болуы арқылы балықтар сулы ортада
үстемдік ете алады. Қосмекенділер де аяқ, шырышты тері және өкпе арқылы
тыныс алу пайда болуы нәтижесінде құрлыққа шықты. Қабыршақты тері, терілі
қабығы бар жұмыртқа, іштей ұрықтану және жорғалаушыларда толық өкпе арқылы
тыныс алудың пайда болуы нәтижесінде олардың құрлықта ғана емес,суды
тастауына мүмкіндік туды. Төрт бөлікті жүрек, қаңқа сүйектерінің
жеңілдеп,жетілуі, сүйектерінде куыстардың болуы және ауа қапшықтары, зат
алмасудың жоғары сатыда болуы және жылықандылық; мидың дамуы құстардың
ауалы ортаны игеруіне мүмкіндік берді .
Сүт бездері мен қағанақтың, балаларын құрсақта көтерудің дамуы, түкті
жабын, жылықандылық және зат алмасудың жоғары сатыда өтуі, мидың көбірек
дамып, күрделі мінез-құлықтың пайда болуы нәтижесінде сүтқоректілер класы
ғаламшарымызда үстемдікке ие болды.
Осыған ұқсас мысалдары өсімдіктер бөлімдерінен де келтіруге болады.
Балдырлармен салыстырғанда мүктерде көбінесе жабын және фотосинтездеуші
ұлпалар; көбінесе жапырақтар мен сабақтары бар мүшелер пайда болады. Бұл
өсімдіктің құрлықта орнығуына мүмкіндік береді. Қырықжапырақтарда
тамырсабақ пайда болып, ересек өсімдіктердің жасушалары диплоидты бола
бастады, сондай-ақ өткізгіш ұлпалар қалыптасты, сондықтан олардың мөлшері
үлғайып, ылғалды климат кезінде құрлықта үстемдік жасады. Ашықтұқымдыларда
ұрықтану үдерісі, бұрын суды қажет еткен болса, енді тек желді қажет ететін
жоғары тіршілікке бейім тозаң арқылы құрғақ тозаңдану үдерісіне алмасты.
Тамыр, күшті тірек ұлпалары, ең негізгісі көпжасушалы ұрығы бар, тығыз
кабық каптаған және қоректік заттар қорымен жабдықталған тұқым пайда
болады. Жабықтұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөлімінде тұқым жеміспен
бірге жеміссеріктің ішінде орналасып, гүлі болғандықтан, тозаңдану үдерісі
кемелдене түскен. Жапырақ ең қолайлы пішінге келіп, үстіңгі беті өте жақсы
фотосинтез жүргізе алатын жапырақ тақтасына айналды.
Сонымен ароморфоз ағзаға сыртқы ортадан ресурстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэволюция
Эволюция түрлері
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Дарвинизм және биологиядағы қазіргі заманғы эволюциялық идеялар
Рухани тазалық тән-саулығының алғы шарты
Эволюциялык идеялар
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Дарвиннің эволюциясы
Эволюциялық генетика
Популяциялар генетикасы және эволюциялық генетика негіздері
Пәндер