Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала мәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және экономикадағы рөлін анықтау


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
МАЗМҰНЫ:

1 әлеуметтік саланың теориядық және методологиялық аспектілері

1. 1 Әлеуметтік саланың мәні экономикадағы рөлі

1. 2 Елдің әл-ауқатын жетілдіру - экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде

1. 3 Халықтың әлеуметтік жағдайын ұлғайтуын әдістері мен құралдары

8

13

19

МАЗМҰНЫ:

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ШЫҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН АНАЛИТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

2. 1 Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жағдайына талдау

2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму кезеңіндегі әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйі және бюджет қаражатынан қамтамасыз етулуі

2. 3 Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010 жылда атқарылған жұмысына талдау

22
МАЗМҰНЫ:

3 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстанда әлеуметтік саланы дамытуда әлемдік тәжірибені пайдалану жолдары

3. 2 Әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі мен ұйымдастыру нысандары - әлеуметтік жүйенің негізгі элемент ретінде

48

62

МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
83
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
86

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса - бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді.

Рыноктық механизмнің және институттардың сақталу негізінде, мемлекет функциясының кеңейтілуі қазіргі заманғы қоғамда әлеуметтік-экономикалық процестердің қиындықтарынан туындап отыр. Қазіргі қоғамның көптеген негізгі мәселелері тек рыноктық механизмнің жолымен тиімді шешілуі мүмкін емес. Бұл ең алдымен, экономикалық өсудің маңызды көзі болған әлеуметтік сфераға қатысты жағдайды нығайту. Яғни, өмір сүрудің деңгейі, білім, еңбек күшінің біліктілігі, халықтың денсаулығы, қоршаған орта және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін экономикалық өсудің қарқынына және сапасына тікелей ықпалын тигізеді. Ең алдымен, бұл экономикалық дамуды соңғы мақсаттарға жетуге қайта бағдарлаудан көрінеді, яғни халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру. Заман талабына сәйкес бұл аталған факторлардың маңыздылығы арта түседі.

Мемлекеттің маңызды қызметінің бірі - рыноктық тиімділік пен әлеуметтік теңдік арасында тепе-теңдікті сақтау. Принципті түрде қойылған міндеттің ел экономикасына таңсық құбылыс ретінде енуі мүмкін емес. Бұл әлеуметтік рыноктық экономиканың моделі рыноктық заңмен қызмет етіп, мемлекеттің белсенді араласуы негізінде қызмет атқаратын экономикалық жүйе болып табылады.

«Ұлттың нағыз байлығы - оның адамдары». Дамудың мақсаты адамдардың ұзақ, салауатты және шығармашылық өмір сүрулері үшін қолайлы орта жасаумен түйінделеді. Осы қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқат материалдық және қаржы жөніндегі әл-ауқатқа қол жеткізу үдерісінде жиі ұмытылады”[1, 10 б] . Бұл сөйлемдер - адам дамуы туралы 1990 жылы басылып шыққан бірінші Есептің алғашқы жолдары. Адам дамуының идеясы мұны одан да кеңірек ауқымда қарайды: адамдар жоғары бағалайтын таңдаудың аса маңызды салалары, олар саяси, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерден бастап шығармашылық мүмкіндік пен жеке әлеуеттің дамуына және қай қоғамдастыққа жататынына дейін түрленіп отырады. Осы таңдау адамның сауатын ашудағы, білім алудағы, дені сау болудағы, дұрыс тамақтанудағы, азықтан, киім мен баспананың жоқтығынан жапа шекпеудегі, еркін қозғалып жүрудегі негізгі мүмкіндіктеріне негізделеді. Адам өміріндегі осы аспекттердің барлығы тәсіл арқылы қаралады, ол осы тұжырымдама ұсынатын кешенді индекстер (жиынтығы) арқылы түрлі елдерді салыстыруға мүмкіндік береді. [2, 11 б. ]

Біздің елімізде де халықтың нақты табыстарының өсу қарқынының арттыруы, халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарының қолдауы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет сфераларының дамуы және т. б. - бұлардың барлығы да мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы әрекетінің күшейгенінің нақты белгісі. Сол арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқьн беретін ұлттық экономиканың әлеуметтік әлеуетінің өсуіне жағдай жасалуда. Осыған байланысты халықтың материалдық жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар Елбасының 2008 жылғы Жолдауында да көрініс тапты. Мұнда негізгі тұжырымдамадар: барлық халықаралық стандарттарға сай келетін Еңбек кодексін қабылдау, кәсіби-техникалық және жоғары білім беру жүйесін реформалау, 2009 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көбейту, республикадағы әлеуметтік жүйені жақсарту. [3, 11 б. ]

Реформалардың нәтижелерінің бірі - халық табыстарының диференциациясы және қоғамның әлеуметтік бүлінуі болып отыр. Бүгінгі күнде біздің қоғамымыздың өмірлік деңгейдің барлық факторлары бойынша шекті көрсеткіштерден төмендеп кетті. Өмір сүру деңгейінің төмендеуі барлық экономикалық реформаларға өз әсерін тигізіп, олардың жүрісіне тосқауыл болды.

2008 жылдың аяғы мен 2009 жылдың басы әлемдік кризистен адамдардың өмір сүру деңгейін төмендей бастады, кризистен өту жолдары және әлеуметтік саланы басқару жолымен өмір сүру деңгейін жоғарылату қажеттілігі жиі айтылып жүр. Бірақ соңғы кезде өсе түскен мүмкіншіліктерге қарамастан халықтың жағдайын жақсарту жоспарлары жүзеге ақырын асуда.

Қазіргі кездегі қаржылық экономикалық жағдай реформадан кейінгі жылдарда алғаш рет осы тақырыпты көтеруге мүмкіндік туғызып отыр. Экономикалық және қаржылық жағдай күннен-күнге жақсарып келе жатыр, сондай-ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі көрініс тапты. Әйткенмен де, бұл өсу барлық мәселелерді шешіп тастамайды.

Әлеуметтік салада белгіленген мәселелерді экономика жақсы жұмыс істеп, оның өсу қарқыны сақталған жағдайда ғана жүзеге асыру мүмкін болады.

Әлеуметтік көмек көрсету мәселелері өзгермелі, әрі көп сипатты болғандықтан, әлеуметтік сфераның халықтың жұмысбастылығы, денсаулығы, өмір сүру деңгейі сияқты аса маңызды мәселелер мемлекеттің тікелей араласуынсыз өздігінен шешіле алмайды . Әсіресе нарық жағдайында.

Жоғарыда айтылғандармен қатар әлеуметтік саланың бүгінгі күнде өзектілігі бойынша және әлеуметтік саланы қалай басқарылады, қалай басқару жолдарын жетілдіру керек деген мәселе бойынша мен «Әлеуметтік салаларды басқаруды жетілдіру жолдары ң тақырыбында дипломдық жұмысымды жазуды жөн көрдім.

Әлемнің дамыған елдерінде адамға салынатын инвестицияның ұлттық өнімдегі үлесінің көлемі материалдық өндіріс факторларына салынатын инвестициядан да жоғары екендігін ескерсек, біздің еліміздегі экономиканың әлеуметтік салаларының (білім беру, денсаулық сақтау және т. б. ) маңызы мен ролі де арта түскенін аңғарамыз. Өйткені, әлеуметтік сфера дамымайынша, экономикалық дамуға жету мүмкін емес.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саланың маңызы мен мәнінің теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы көптеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды пайдалануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың С. Бриттан, Д. Норта, Л. Столерю, Ф. Хайек, И. Шумпетер Л. Эрхард сынды ғалымдарын жатқызуға болады.

ТМД елдерінде әлеуметтік саланың аспектілерін әр түрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Әлеуметтік мемлекет құру, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі пікірлерді А. Бабич, Л. Дробозина, Е. Егоров, В. Жеребин, Е. Жильцов, С. Кадомцева, Г. Поляк, В. Роик, М. Седова, Е. Шутяк, И. Шейман, С. Шишкин, С. Янова, Ю. Якушев өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.

Әлеуметтік саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі-экономист ғалымдар О. Баймұратов, А. Зейнельгабдин, Ө. Есқараев, Қ. Ильясов, Ж. Ихданов, С. Интыкбаева, Ұ. Искаков, В. Мельников., Н. Нурланова, Қ. Оқаев, Г. Осипова, Г. Сансызбаева, Н. Хамитов, Б. Чумаченко және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденістері мен зерттеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әр түрлі тұстарын қарастырып, олардың практикада қолданыс табуына өз үлестерін қосты. Соған қарамастан, рынок талаптарына сай келетін әлеуметтік саланың дамыту мәселелері аспектілері одан әрі зерттеулерді талап етеді.

Халықтың әлеуметтік жағдайының дамуы, әлеуметтік саланың қызмет етуінің тиімділігін ғылыми тұрғыдан, оны реформалауда жүргізілетін шараларды зерттеген ғылыми жұмыстар жеткіліксіз.

Сондықтан әлеуметтік саланың дамуы мен қызмет етуінің теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала мәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және экономикадағы рөлін анықтау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес зерттелімде мынандай міндеттерді шешу қарастырылған:

  • әлеуметтік саланың теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;
  • әлеуметтік сала қызмет етуінің тұжырымдамасын әзірлеу;
  • халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуына арналған бюджет қаражаттарының нәтижелілігін талдау;
  • әлеуметтік саланы басқарудағы әлемдік бай тәжірибелерді енгізу жолдарын зерттеу және басқарудың ішкі тетіктерін жоғары дәрежеде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
  • елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саланың дамытудағы стратегиялық бағдарламаларға, болжамдау және жоспарлау, жедел мониторинг жүргізу жұмыстарына сәйкес келетін тәсілдемелер жүйесін жасауға ықпал ету;
  • әлеуметтік жүйе қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатында жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі - Қазақстандағы әлеуметтік жүйесі іңқаржымен қамтамасыз ету институттары мен қаржы ресурстары.

Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы мен оларды пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастар жатады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуаға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері болып табылады. Қазақстандағы әлеуметтік саланың даму мәселелерімен айналысатын мамандардың ғылыми еңбектері негізге алынды. Зерттеудің әдістемелік негізіне әлеуметтік саланы қамтамасыз етуді зерттеу мәселелерін ашып көрсету мүмкіндігі, өзара байланыстары мен өзара шарттасу диалектикалық қағидаттары алынды.

Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, интернеттің Web- сайтында орналасқан кәсіпорындардың, ірі ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық көрсеткіштері мен іскерлік ақпараттары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыста статистикалық топтау, салыстыру, сараптаушылық бағалау, талдау және синтез, экономикалық талдау, болжау сияқты экономикалық - статистикалық әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші таруда әлеуметтік саланың теориялық және методологиялық негіздері мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесі туралы жазылған.

Екінші тарауда Қазақстанның экономикалық даму кезеңіндегі әлеуметтік саланың және Балқаш ауданының әлеуметтік инфрақұрылымының қазіргі жағдайына талдау жұмыстары келтірілген.

Ал үшінші тарауда әлеуметтік салаларды жетілдіру жолдары мен ұсыныстар жазылған. Осы жоғарыда келтірілген талдаулар менің дипломдық жұмысымның мазмұнын жан-жақты ашады деп ойлаймын.


1
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ТЕОРИЯДЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Әлеуметтік саланың мәні экономикадағы рөлі

Әлеуметтік саясат экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бір бағыты болып табылады. Себебі ол қоғам мүшелерінің жақсы тұруына әрі жан-жақты дамуын қамтамассыз етуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір бөлігі болып саналады. Ал жалпы алғанда әлеуметтік саясат мағынасы оның ұдайы өндіріс процесінде жұмысшы күшінің әрі өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейінің, сонымен қатар рухани және мәдени дамуының жоғарлауына әсер етуімен анықталады, яғни әлеуметтік саланың деңгейін төмендетпей, керісінше белгілі бір деңгейде дамуына жағдай жасау. Осы айтылған әлеуметтік саланың өзіне анықтамасына тоқталып өтсек.

Әлеуметтік сала - бұл адамдардың қолайлы жағдай және тұтыну деңгейі мен тұрмыс бейнесін анықтаушы салалардың жиынтығы. Бұл салаларға төмендегілер жатады:

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • мәдениет;
  • спорт және дене тәрбиесі;
  • демография;
  • тұрғын-үй қызметі және т. б.

Әлеуметтік саясаттың тиімділігі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне тәуелді болады. Неғұрлым бұл деңгей өскен сайын әлеуметтік саясат тиімділігі арта түседі, яғни халықтың тұрмыс деңгейі де арта түседі.

Нарықтық экономикаға өту жолында мемлекеттің әлеуметтік саясаты келесі қағидаларға байланысты құралады:

Тұрғындардың әртүрлі топтарының жалпылай үйлесімдікте болуы;

Бұл қағида біріншіден әлеуметтік саясат барлық халыққа таратылатынын білдіреді, екіншіден ол еңбекке қабілетті және еңбекке қабілетсіз тұрғындардың тобын ажыратуға септігін тигізеді.

Еңбекке жарамды халық өз жанұясының жақсы тұруын қамтамассыз ету үшін өз бетінше белсенді еңбек және шаруашылық жүргізуге, дамытуға қабілеті бар әрі әлеуметтік салалардағы құқықтарының кейбіреуін ғана қолдануды қажет ететін адамдар тобы жатады.

Еңбекке жарамсыз халыққа мемлекет тарапынан қолдаға зәру, өзбетінше шаруашылық жүргізуге қабілеті жоқ адамдар тобы жатады.

Әлеуметтік саясат қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етуінің күшейтуінің белсенділігімен сипатталады.

Бұл қағида әлеуметтік саясаттың экономиканың нақты айығуына, еңбек мотивациясының күшейтуге қандай жолдармен жетуге болатынын болжамдайды.

Кешендік мақсат және адрестік сипаттама. Бұл қағида бір жағынан мемлекетте әртүрлі деңгейдегі басқаруларға өзара байланысты кешенді, біртұтас, мақсатты әлеуметтік саясат болуы керек, екінші жағынан әлеуметтік саясат белгілі бір бағыттарға мақсатталған және адрестік негіздегі сипаттаманы білдіреді.

Динамизм және икемделу. Бұл қағида елдегі жылдам өзгергіш жағдайларды ескере отырып мемлекеттік әлеуметтік саясатты жасауды қарастырады. Үкімет тарапынан қолданылған шаралар дер уақытында орындалуы қажет.

Әлеуметтік бірлесу. Әлеуметтік саясат мемлекеттік органдары мен муниципалды басқару өкілдері арасындағы жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлерді біріктіру жөніндегі келісім шарттар жасасу жолдарын қалыптастырады.

Территориялық және аймақтық деңгейдегі компетенцияларды бөлу. Бұл қағида басқару органдарының територия және оның аумақтары арасындағы әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу жолдарында өкілдіктердің қалай бөлінуін болжамдайды.

Ғылыми негізделген нормативтік базаны қалыптастыру. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: аймақтар мен мемлекет бойынша әртүрлі әлеуметтік топтардың ақшалай табыстарының көлемі, игілік пен қызметтерді тұтыну деңгейі, өмір сүру және еңбек жағдайы сияқты көрсеткіштердің ғылыми негізделген әлеуметтік нормалардың негізін құру.

Осы қағидалармен бірге мемлекеттің әлеуметтік саясатының мынандай негізгі міндеттері болады:

  • Азаматтардың қоғамдық өндіріске қатысуы үшін материалдық жағдайларын жоғарлатуына жағдайлар жасау;
  • Барлық азаматтарға әлеуметтік қорғалуын және оның негізінде мемлекет кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық құқық, соның ішінде халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсету;
  • Қоғамда жұмысбастылық деңгейін жоғарлауын қамтамассыз ету;
  • Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғамның тұтынуын қанағаттандыру және халық өмірінің сапасы мен деңгейін жоғарлауын қамтамассыз ету. Әлеуметтік саясат өзін-өзі қамтамассыз ететін еңбекке жарамды азаматтарға және мемлекет көмегін қажет ететін еңбекке қабілетсіз азаматтарға қолайлы жағдай жасауына өз септігін тигізеді.

Ал әлеуметтік саланың басты мақсаты - бұл қоғамның әртүрлі мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани тұтынуын қанағаттандыру.

Әлеуметтік саясатты жүргізудің әдістері болады. Әдісіне әлеуметтік саясаттың мақсатына жету нәтижелерінің тәсілі мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Ал құралдарына мемлекеттің заңдары, жарлықтар, құқықтық нормалар - әлеуметтік нормалар және т. б. жатады.

Әлеуметтік саясат негізінен мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардың құралатын қаржы көздеріне тәуелді болады.

Әлеуметтік саясаттың обьектісі болып қоғамдағы бірлескен әлеуметтік топтар (еңбекке жарамды және еңбекке жарамсыз халық, сонымен қатар табыс деңгейі бойынша бөлінуі) табылады.

Ал субьектісі болып әлеуметтік саясатты қалыптастыратын және жүргізетін әрі оның орындалуына жауап беретін мемлекеттік басқару органдары, мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар саналады.

Нарықтық экономикаға көшу адамдардың әлеуметтік қатерлерінің өсуіне, ал ол түптеп келгенде халықтың өмір сүру деңгейі бойынша жіктегенде бірсыпыра адамдардың баюына және тұрғындардың кейбір топтарының әсіресе зейнеткерлердің, мүгедектердің кедейленуіне тіпті қайыршылануына әкеліп соқтырады.

Сондықтан тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының сенімді механизмі қажет, яғни қоғамдағы қалыптылықты бұзатын жұмыссыздық, инфляция, кедейшілік сияқты факторларға қарсы әрекет ететін экономикалық, құқықтық және әлеуметтік кепілдердің заң жолымен бекітілген тұтастай жүйесі қажет.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, олардың табысын бөлуде теңгермешілікті тудырмауы керек. Осы себептен Қазақстанда мемлекеттік көмекті және бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді пайдалану көзделіп отыр.

Нарыққа өту жағдайында әлеуметтік қорғаудың және әлеуметтік кепілдіктерді орнату қажет. Біздің елімізде ондай кепілдіктерге еңбекақы төлеудің ең аз мөлшері, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы мөлшері, оның ішінде уақытша жұмыс істеу қабілетінің болмауына байланысты, еңбек ету құқы, тегін және ақылы білім алу, медициналық қызмет, еңбек етужағдайына байланысты берілетін жеңілдіктер, демалу құқы мемлекет белгілеген механизм бойынша тұрғындардың табысын индексациялау, жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қор құқы, меншікке және одан түсетін табысқа иелік құқы жатады.

Мемлекеттің әлеуметтік саланы басқару жүйесінде оның маңызды элементі болып болып табылатын тұрғындардың ақшалай табыстарын индекстеудің рөлі зор. Оның мақсаты инфляциядан келетін зияндардың орнын толтыру. Өзінің экономикалық мазмұны жағынан тұрғындардың табысын индекстеу бұл инфляцияның кесірін тұтыну заттары мен қызметтерінің қымбаттауын орнын ішінара немесе толық толықтыруға мүмкіндік беретін тұрғындардың ақшалай табыс мөлшерін анықтау механизмі болып табылады.

Индексациялаудың мынандай түрлері бар :

  • Ақшалай табысты индексациялау;
  • Ақшалай жинақ қорын индексациялау;
  • Күнелту минимумын индексациялау.

Индекстеуге тұрғындардың бюджет көздерінен алынған ақшалай табыстары жатады. Оларға:

  • Мемлекеттік зейнетақы, стипендиялар;
  • Әлеуметтік мақсаттағы жәрдемақылар, төлемдер;
  • Жалақы;
  • Азаматтардың жинақ банкісіндегі ақшалай қорлары;
  • Мемлекеттік заемдардың облигациясы;
  • Басқа да бағалы қағаздар.

Өздерінің тауарлары мен қызметтеріне өзбетінше баға қою құқы бар кәсіпорындарға мемлекет тарапынан индексациялау жасалынбайды. Бірақ олар кәсіпорын пайдасы есебінен өздерінің қызметкерлерінің табысын индекстейді. Индекстеуді дұрыс деңгейде жүргізу үшін тұтыну бағасының өсу деңгейін білу қажет. Ол әдетте тұтыну қоржыны бойынша мемлекет және жеке сауда мен қызмет көрсету салалары бөлшек сауда бағаларының өзгерісін бағалай отырып, жылдың басынан бастап өсу нәтижесінде қарай алынған статистикалық мәліметтердің негізінде тоқсан сайын есептеп шығарылады.

Күнелту минимумы - бұл адамдардың тіршілік әрекеттерінің қолдауға және оның жұмыс күшін қалпына келтіруге қажетті ақша көлемінің минимумы. Ол қоғамдық дамудың нақты жағдайдағы қоғамдық қажетті өмір сүруінің төменгі шегін көрсетеді. Тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтерге азық-түлік өнімдері, киімдер (аяқ-киім және т. б. ), төсек орын, санитарлық және гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, үй-жиһаздары, ыдыс-аяқ, мәнеи-ағарту шаралары мен демалыс, тұрмыс қызметі, мектепке дейінгі балаларды күту және адамдарға қажетті басқа да әлеуметтік мұқтаждықтар кіреді [4] .

Халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының тұтыну игіліктері мен қызметтерге деген қажеттіліктердің бірдей еместігін ескере отырып, тұтыну қоржыны балаларға, жұмыс істейтін әйелдерге, ерлерге, зейнеткерлерге, қала мен ауыл тұрғындарына бөлек есептелінеді. Батыс елдерінің тәжірибесінде өмір сүру құнының жыл бойына + 5 %-ға өзгеруі қалыпты құбылыс деп есептелінеді, егер ол 5 %-дан асып кетсе үкімет жалақы мен жәрдемақыны көбейтуге немесе салықты азайтуға мәжбүр болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz