Оқушының шетел тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен шетел тілінде сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, шетел тіліндегі материалдарды компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну



Кіріспе
I. Шетел тілі сабағында компьютерді қолданудың теориялық негіздері
1.1. Шетел тілі сабағында компьютерді пайдаланудың
маңыздылығы
1.2. Шетел тілі сабағында компьютерді пайдаланудың
әдістемелік жүйелері
II. Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері,
2.1. Шетел тілін үйретуде оқушының белсенділігін
қалыптастырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық
мүмкіндіктері
2.2. Компьютерлік технологияның түрлері
2.3. Сабақ барысында компьютерлік ойындар және оларға
қойылатын дидактикалық талаптар
Қорытынды
Қосымша А
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мектептерді мүмкіндігінше толық компьютерлендіру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған Жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленді.
Қазақстан Республикасының оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары оқушыға білім мазмұнын, білімдік ақпаратты берудің жаңа жолдарын іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технолгияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі уақыт сұранысына орай компьютерлік оқыту технологиясының алатын орны күн өткен сайын зор.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты- қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер кабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [2]. Оны жүзеге асыру үшін- мектептерде оқушылардың шетел тіліне деген белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Мемлекеттік бағдарламада, сондай-ақ, оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы орта білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.
Ақпарат ағымының ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу тәрбие үрдісіне, оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады.
Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында өткен ғасырлардың 30-ы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған.
Оқытушының компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне

қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мумкіндік береді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
I. Шетел тілі сабағында компьютерді қолданудың теориялық
негіздері
1.1. Шетел тілі сабағында компьютерді пайдаланудың
маңыздылығы
1.2. Шетел тілі сабағында компьютерді пайдаланудың

әдістемелік жүйелері

II. Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері,

2.1. Шетел тілін үйретуде оқушының белсенділігін
қалыптастырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық
мүмкіндіктері
2.2. Компьютерлік технологияның түрлері
2.3. Сабақ барысында компьютерлік ойындар және оларға
қойылатын дидактикалық талаптар

Қорытынды

Қосымша А

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық
мектептерді мүмкіндігінше толық компьютерлендіру міндетін білім беру
саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе елбасының 2006
жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған Жолдауында білім беру
саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленді.
Қазақстан Республикасының оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен
автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары оқушыға білім
мазмұнын, білімдік ақпаратты берудің жаңа жолдарын іздеумен және
компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында қазіргі замандағы білім
беру жүйесінің жаңа технолгияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген.
Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі уақыт
сұранысына орай компьютерлік оқыту технологиясының алатын орны күн өткен
сайын зор.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты- қазіргі
қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың
негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау
арқылы жете алатын өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер кабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [2]. Оны жүзеге асыру үшін-
мектептерде оқушылардың шетел тіліне деген белсенділігін арттыруға септігін
тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын
іздестіруге өзекті сипат береді.
Мемлекеттік бағдарламада, сондай-ақ, оқу үрдісіне педагогикалық және
ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы орта білім беруді
дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.
Ақпарат ағымының ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды
ақпараттандыру кезеңінде оқу тәрбие үрдісіне, оның мазмұны, әдістері,
ұйымдастыру формалары мен сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда. Қазіргі
уақытта Қазақстан Республикасының орта білім беруді ақпараттандырудың
екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және
компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға көшумен сипатталады.
Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында өткен ғасырлардың 30-ы
жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану
жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі
айтылған.
Оқытушының компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту
технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология
белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне
қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу
үрдісін тиімді басқаруға мумкіндік береді.
Бүгінігі таңдағы еліміздегі әлеуметтік - экономикалық, мәдени
өзгерістер, ақпарат ағымының жедел қарқынмен артуы, әлем кеңістігіндегі
білім беру процесі дамуының тенденциялары жалпы білім берудегі терең
өзгерістерді талап етеді. Жалпы білім беретін мектептің алдында қазіргі
заманғы өзгермелі жағдайда еркін бағдарлана алуға, білім алуын жалғастыруға
мүмкіндігі бар, өзінің болашақ қызметінде жетістікке жете алатын мектеп
түлегін дайындау міндеті тұр, сондықтан бүгінгі күні жаңа заман тұлғасының
қалыптасуына және оған білім беруде құзіреттілік тұрғыдан қарауға елеулі
көңіл бөліне бастады. Бұл жалпы білім беру мен кәсіптік білім беру
нәтижелеріндегі және жаңа заман талаптарының арасындағы алшақтықты жоюға
бағытталған әлемдік білім беру жүйесінің бағдары болып табылады. Білім
беруге құзіреттілік- бағдарланған тұрғыдан қарау білімдік базаны және білім
мен біліктер кешенін, сондай-ақ функционалдық сауаттылық әлементтерін
қалыптастыру қажеттігін теріске шығармайды, ол ақпараттық қоғамда еркін
бағдарлана алуға қажет-интеграцияланған нәтижеге - құзырларға жетуді
ескереді. Иә, бүгінгі таңда Ақпараттық мәдениет деген терминнің
анықтамасына айналған компьютерлік сауаттылықтың алар орны өзгеше.
Мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін көтеру мүмкіндігін
пайдалану мәселесі ең әуелі мектеп мұғалімдерінің компьютерлік сауаттылығын
ашуға бағытталады.
Компьютерді оқу барысында оқушының қолданылуы дегеніміз-оқушының жеке
өз басына көп байланысты болатын ерекше психо-физиологиялық процестің
өшілуі. Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы
басып үйренген оқушы, бір жағынан шетел тілі сабағында белгілі бір білім
мазмұнын игеріп жатады десек, екінші жағынан, жасанды интеллектімен тіл
табысып жататыны анық. Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе
жөнсіз жетелуіне иек артпай оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдылары
жетіледі.
Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастаған оқытудың жаңа
ақпараттық технологиялары термині пайда болады. Бұл технологиялар
бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен
телекомуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық
зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Бұл оқушыға компьютер арқылы әзірлеу
мен тарату үрдісі болып саналады.
Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу тәрбие
үрдісінде білім беруді ақпартаттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа
ақпараттық технология дегеніміз - оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге
арналған техника құралдарының оқу үрдісіндегі орны мен рөлі, мұғалім мен
оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы
ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық
мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді
арттыруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі
педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы
түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Компьютерді мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің
оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана
мәліметтер қоры болып қана қала береді. Мұнда да мұғалім қажет және оның
рөлі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол
білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде
компьютерді пайдалана отырып, өзін - өзі дамыта алады.
Компьютердің кең мүмкіншіліктерінің бірі - интернет жүйесі. Мектептегі
оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі
программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге
оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технологиясының
маңыздылығы күн өткен сайын аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі
мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп
қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгеру маңызы мен
қажеттілігін дәлелдейді. Шетел тілін мектепте оқытуда қатысымдық
(коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық
тұрғыдан ұйымдастырылған шетел тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы
зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға- шетел тілі сабағын компьютерді
пайдалану арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің
мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуда жан-жақты басшылық
етеді. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық
құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі
мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі оқыту
тәжірибесінен де көп байқауға болады. Зерттеу жұмысының көкейкестілігі осы
айтылғандармен байланысты айқындалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Оқушының шетел тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін
қатысымдық құзыреттілігі мен шетел тілінде сөйлеу біліктілігін жетілдіріп,
шетел тіліндегі материалдарды компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін
ұсыну. Компьютерлік технология көмегімен шетел тілі сабағына деген
оқушылардың белсенділігін арттырудың ғылыми - теориялық негізін жасау.
Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының орны
ерекше болады. Барлық дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты
оқушылардың өз бетімен білім алу, білім іздеу дағдыларының қалыптасуы
десек, компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы мақсатқа лайықталғанын
көру қиын емес.
Бірақ Винер бойынша компьютердің қанша дамыған түрі болса да, адамның
миына еш жете алмайтынын айтқанын есте сақтау керек. Адам компьютерді
келесі адамға қарсы екі жағдайда қолданылады: бірі-компьютердің тілін
білгенде, екіншісі- гуманистік идеядан мүлде түсінігі
жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-тәрбие
процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді.
Зерттеудің нысаны:
Шетел тілі сабағын компьютермен оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының пәні:
Шетел тілі сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми-
теориялық негізін жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- шетел тілі сабағына деген оқушылардың белсенділігін арттырудың
ғылыми - теориялық негізін анықтау;
- шетел тілі сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың
қалыптасу деңгейлерін, көрсеткіштерін негіздеу;
- шетел тілі сабағында компьютерді пайдалануда педагогикалық
мүмкіндіктерін анықтау;
* шетел тілі сабағында компьютерді пайдалануда дидактикалық
шарттарын анықтау;
шетел тілін компьютер арқылы меңгерту әдістемесінің лингвистикалық,
әлеуметтік - философиялық, кибернетикалық, дидактикалық,
психофизиологиялық, әдістемелік заңдылықтарын анықтау;
- шетел тілін оқыту үрдісін компьютерлік технология арқылы
жаңашаландыру;
- шетел тілін жеделдете оқытудағы компьютердің мүмкіншіліктерін
анықтау;
- оқушылардың даму деңгейіне сәйкес материалдарды дидактика
тұрғысынан іріктеп, олардың мазмұнындағы дидактикалық, тәрбиелік,
елтанымдық, дүниетанымдық білім ерекшеліктерін меңгерту әдістерін жүйелеу;
- шетел тілін үйретуде компьютермен оқыту әдістемесінің
тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер оқушылардың шетел тілі сабағында компьютерді пайдалану, тиімді
қолданылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі
артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы
артады. Компьютерлік оқыту технологиясына бейімделген арнайы материалдарды
оқушыларға шетел тілін жете меңгеруге игі ықпал етеді. Сабақты компьютер
арқылы оқытумен байланыстыру шетел тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру
міндетіне сай жаңа иновациялық әдістемелік жүйе ұсынуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының жетекші идеясы:
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану- олардың қазіргі
заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауында. Компьютер
арқылы шетел тілін оқыту тілдің лексика-грамматикалық жүйесін және қажетті
білім минимумын меңгерту үрдісін жеделдетіп, оқушының шетел тілін үйрену
мүмкіншілігін тез жүзеге асырады. Компьютер арқылы шетел тілін оқыту
дистанциялық жүйенің тиімді қолданылуына мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізіне ғылыми таным
теориясы, іс-әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үрдістегі тұлғаның
қалыптасу теориясы, компьютерлік технологияны оқу үрдісінде қолданудың
ғылыми тұжырымдары жатады. Компьютерді қолданудың әлеуметтік мәні, Адам-
машина жүйесінің оқу үрдісіндегі кибернетикалық негіздері, шетел тілін
компьютер арқылы оқытудың дидиактикалық негіздері және компьютермен шетел
тілін өз бетімен үйрену барысында жеке тұлғаның психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерін қарастыратын психофизиологиялық негіздері,
шетел тілін оқыту әдістемесі заңдылықтары алынды.
Зерттеу жұмысының көздері:
Педагогиканың, философияның, психологияның зерттеу тақырыбы бойынша
еңбектері; Қазақстан Республикасының ресми материалдары Қазақстан
Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ақпараттану
саласындағы құжаттар; нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы жалпы
орта білімнің мемлекеттік стандарттары; мектеп мұғалімдерінің озат
тәжірибелері; өзімнің педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибем.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Мемлекеттік деректік құжаттарды, зандарды зерделеу; зерттеу бағыты
бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді
талдау; оқушылармен, мұғалімдермен, ата - аналармен әңгімелесу, олардың
арасында сауалнамалар жүргізу; берілген әдістеменің тиімділігін анықтау
мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
оқушылардың шетел тілі сабағында компьютерді пайдалануда жеке тұлға -
қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай жетілдірудің ғылыми-теориялық
негізі анықталды;
шетел тілі сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін
қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері негізделді;
шетел тілі сабағында компьютерді пайдалану барысында
педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;
шетел тілі сабағында компьютерді пайдалану барысында оқытудың әдіснамалық
негіздері анықталды;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай елтанымдық, дүниетанымдық, білімдік
мақсатқа сай материалдар жүйесі іріктеліп, лексикалық және грамматикалық
жаттығулар жүйесі жасалынды;
- шетел тілі сабағын компьютермен оқытуға арналған арнайы
электрондық оқу құралы ұсынылды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы:
Шетел тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру бағдарында анықталған
әлеуметтік-философиялық, кибернетикалық, дидактикалық және психо-
физиологиялық негіздер шетел тілін оқыту теориясын жаңа ұғымдармен
байытады. Шетел тілі сабағында лексикалық және грамматикалық тұрғыдан
жасалған жұмыс жүйесі әдістеме ілімінің ғылыми-теориялық негізін түсінуге
септігін тигізеді. Шетел тілін оқытудың жаңа инновациялық жүйесін енгізу
интерактив әдістері мол және тиімді қолданудың компьютерлік
мүмкіншіліктерін молайтады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Шетел тілі сабағында компьютерді пайдаланудың маңыздылығы

Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде де, тұтастай
ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Жалпы педагогика, жеке
әдістемелер және компьютердің түйсінуде жаңа бағыт: оқытудың ақпараттық
технологиялары дүниеге келді.
Шетел тілі сабағында компьютерді қолдануға негізделген жеке
әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолдануы қажет.
Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болады, келесі бір
жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды рөл атқарады, ал үшінші бір
жағдайда оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру басты рөл атқарады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтар мынадай:
Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Білімге бір-бірінен үлкен ара-қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында
отырып қол жеткізуге болады.
Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу
материалының сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен
бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Компьютер көрнекі-бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым-
қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеументтеуді дамыту үшін
мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдер бар деп көрсетеді Татарников
Дж.[3]
Компьютерді оқытуда қолданудың екі негізгі бағытын көрсете кетелік.
Оқу курсындағы жаттығуларды арнайы жасалған ортада орындау.
Оқытудың басты қыры - ойлау үрдісінің өзі.
Оқушылар ақпараттар технологиялар негізінде шетел тілі пәнін ғана
емес, басқа да пәндерді игере отырып, жаңа білімдерді өздігінен меңгереді.
Әдістемелік тұжырымдамаларды жүзеге асырудың күрделі дәрежесін
пайдаланған компьютердің деңгейіне және мүмкіндігіне байланысты.
Компьютерді оқытудың деңгейі мына төмендегідей:
Бақылаушы бағдарламалар.
Моделдегіш бағдарламалар
Жалпы білім беруде оқытылатын пәндер ішінде шетел тілдерінің де
өзіндік орны бар. Шетел тілін оқыту арқылы жастарды ұлттық патриотизмге,
интернацинализм рухында тәрбиелеуге жол ашады. Шетел тілі пәнінде әртүрлі
мәтіндер, әртүрлі тақырыптарды оқушылар оқи отырып тілін үйреніп отырған
сол елдің тарихымен, өнерімен, мәдениетімен, ұлтымен жақынырақ танысады.
Олар өз ұлтын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйренеді. Шетел тілін үйрету
арқылы оқушылардың логикалық өрісін дамытуға кең жол ашуға болады.
Басқа оқытылатын пәндермен қатар шетел тілдері пәндері де оқушылардың
білім деңгейін көтеруге көмектеседі. Оны оқи отырып, өз ана тілін тереңірек
меңгереді, сөйтіп ана тілі негізінде өзге тілді саралап үйренеді. Өйткені
тілді үйрену кезінде ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек
ұғынады. Бұдан бірнеше жылдар бұрын шетел тілін оқытуда ғалымдар шетел тілі
сабағында түрлі жаттығулар жасау арқылы тілді ана тілінсіз-ақ үйретуге
болатындығын уағыздағаны мәлім. Алайда, бұл үлкен қателік екендігін өмірдің
өзі дәлелдеп отыр. Ендеше шетел тілін оқытуда ана тілін аластату емес,
қайта оқушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек.
Оқушылардың бойындағы өз тіліне деген сүіспеншілігі арқылы өзге ұлт
тілдерін ұғындыруға, ол тілдерді құрметтеуге, үйретуге мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін оқу орнында шетел тілін үйретуде төрт түрлі мақсат
көзделеді. Олар - білімділік мақсат, тәрбиелік мақсат, дамытушылық мақсат
және тәжірибелік мақсат.
Шетел тілін оқытудың осы аталған мақсаттарын ана тілінде жүргізілетін
пәндерден бөліп қарау мүмкін емес, олар өзара тығыз байланысты. Солай екен,
қандай жағдайда болсын өз ана тілінің қүдіреті мен болмысынан, тіл мәдениті
мен тіл өнерінен аттап кетіп, өзге ұлт тілдерін үйрену ешқандай нәтиже
бермейді. Сондықтан шетел тілін оқытуда бірнеше ұстанымдарды іске асыруды
мақсат ете отырып, оларды толықтыратын, оқытуға лайықтайтын жаңа түзетулер
мен қағидалар енгізу керек. Шетел тілін іс жүзінде меңгертуге жете көңіл
бөлу қажет. Олай дейтініміз қазіргі кезде шетел тілін оқыту ұстанымдары
басқаша қаралып жүр: оқушылар шетел тілінің жүйесін меңгеруі тиіс емес,
олар сөз әрекетінің құрылымы мен оның мазмүлын түсіну керек, оқушылардың
белсенділігінен гөрі олардың сөйлеу органдары мен ойының белсенділігін
талап етеді.
Шетел тілін оқыту әдістемесі оқу-тәрбие үрдісін құруда басшылыққа
алынатын ұстанымдар жинағын құрайды. Сол ұстанымдардың бірі- шетел тілін
оқытудағы коммуникативтік бағдар ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша шетел
тіліндегі оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, белгілі мақсатқа
бағдарлануы, оның іске асырылуы нәтижесінде оқушылар бағдарламада
белгіленген тақырыптар көлемінде шетел тілін қатынас құралы ретінде
пайдалану іскерліктері мен дағдыларын меңгеруі тиіс.
Шетел тілін оқытуда ұстанымдарды дұрыс пайдалана отырып, белгілі
мақсаттарды іске асыру үшін ұстаз үнемі өмір көшіне ілесіп отыруы шарт.
Соңғы жаңалықтарды, тіл заңына байланысты өзгерістерді, күнделікті
өмірдегі өзгешеліктерді үнемі бағдарлап, өз шеберлігін, білімін әр шетел
тілі пәнінің маманы жетілдіру және жүзеге асыру арқылы ғана жетістіктерге
қол жеткізуге болады. Ал шетел тілін оқыту-_қиын да қызықты жұмыс. Өмір
талабы күн сайын өзгеріп отырған мына заманда ұрпағымыз өмір көшімен
ілесіп, тіл мәдениетін дамыту үшін үлкен жұмыстарға қүлшыныс жасауды әрбір
ұстаз негізгі міндетім деп түсінгені жөн.
Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін
шетел тілін үйренуге көп көңіл бөлуде. Әсіресе балалар өз тілінен басқа
шетел тілін білуге, болашақта шетел тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат
жасауға қүмар. Бұл көптеген тіл үйренушілердің арманы. Шетел тілін оқып
үйренуден қойып, шын ықыласымен еңбектенгендерге қиын емес. Әрине ол тіл
үйренушілердің қабілеті мен дарынына да байланысты.
Шетел тілін үйренген кезде кейбір тілдік формаларды - дыбыстар,
сөздер, сөз тіркестері және олардың мағынасын үйренушіге қабылдау қиын
емес, себебі олар оның өз тіліндегі формаларға ұқсас болып келеді. Ал ана
тіліндегі формаларға сәйкес келмейтін тілдік формалар мен олардың қызметі
үйренушіге қиынға түседі.
Бұған қоса, үйренуші өз тіліндегі кейбір формалар мен олардың
мағынасын шетел тіліне аударады, шетел тіліндегі формаларды өз тілінде
сәйкестендіруге тырысады. Мұндай аударма жұмыс кейде оң нәтижесін берсе,
кейде мүлдем қолайсыз болады. Ол тіл үйренушінің ана тіліне байланысты.
Үйренуші өз ана тілінің шетел тілін үйренуде тигізетін ілгері және кері
эсерін зерттеп білуі керек. Шетел тілі мен ана тілін салыстырмалы түрде
үйрену екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындауға үлкен көмегін
тигізеді. Кез-келген шетел тілін үйренушінің өз тіліндегі фонемалармен
бірдей дыбысталатын фонемалар бар. Олар [ m, n, p, t, a, i, e, u].
Компьютер алдында бұларды диск арқылы тыңдау мұндай ұқсас дыбысталатын
фонемаларды айтып үйрену қиын емес. Бірақ, сонымен қатар кез-келген шетел
тілін үйренушінің өз тілінде жоқ фонемалар да бар.
Ағылшын тілінің дыбыстық қатарымен қазақ тілінің дыбыстық қатарын
салыстырсақ, қазақ тілінде [ ө, w, dz, i:, u:, eu, ou, а:,ә: ] дыбыстары
жоқ екенін байқаймыз. Бұл фонемаларды еркін дыбыстау үшін коммуникатифті-
фонетикалық жаттығулар көмегімен айнаға қарап отырып, бірнеше рет қайталап
айтқызған жөн.
Енді мұндай сөздерді компьютерден тыңдатып көрелік. Мысалы: [ө] Arthur
Smith, a thick set, healthy athlete sees three thieves throw a thing round
Thea's throat and threaten to throttle her. He throws one thug toearth with
a thud that shakes his teeth. The other thieves run off with a filthy oath.
Thea thanks Arthur for thrashing the three thugs.
These are three brothers. This is their other brother. These are their
father and mother. Their other brother is teething.
Ағылшын тілін оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда оқу мен жазу
арқылы сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды
пайдаланудың, оқытудың шығармашылық сипатын күшейтудің маңызы ерекше.
Әсіресе сабақтарда компьютерді пайдалану ағылшын тілін өмір талабына сай
оқып-білуіне мүмкіндіктер туғызуға көмектеседі.
Жекелей, топта және колледж бойынша оқушылардың білім деңгейін
көтеруге ретімен сұрыптап қолданылған стратегиялардың қай-қайсысы болсын
ағылшын тілі пәнін оқытудың сапасын арттыруға үлесі зор екеніне көзіміз
жетіп отыр.Оқыту мазмұнын ұтымды жоспарлау үшін алға қойған мақсатты
жетістікпен шешетін стратегиялар таңдалып іске қосылады.
Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдістері мен құралдарының сабақтаса
бірігуі және олардың етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады деген
пікірлерге біз де қосыламыз және сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
стратегияларының өмір шеңдігіне толық көз жеткіземіз. Мысалы, 1 курс
топтарында Who rules the country? (Елді кім басқарады?) деп аталатын
тақырыпта сабақ өткізгенде: қызығуды ояту, мағынаны ажырату, рефлекция,
Венн диаграммасы және эссе жазу стратегиялары қолданылады және ойлануға,
ізднеуге итермелейтін, шешуді қажет етерліктей танымдық, мәселелік
сұрақтарға жауап құштарлығын арттыруға мүмкіншілік туғызылады.
Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасында шетел тілін оқытудың 4
түрлі мақсаты көрсетілген: практикалық, жалпы білім беру, тәрбиелік және
дамыту мақсаты. Осы 4 мақсаттың ішіндегі ең бастысы-практикалық мақсат. Ал
қалған 3 мақсат практикалық мақсатты орындау барысында іске асырылады.
Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты дегеніміз - оқушылар сол
тілді бағдарлама көрсеткен көлемде қатынас құралы ретінде меңгеруі. Осы
практикалық мақсатты орындау, оны жүзеге асыру үшін оқушылар белгілі
дәрежеде тілдік материалды игеруі керек. Тілдік материалды меңгеру
дегеніміз - оны біліп қана қою емес, дұрыс түсіну және дұрыс қолдана білу
дағдысын меңгеру. Демек, шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік
материалмен таныстырып қою ғана жеткіліксіз, оларға оның қалай
қолданылатынын көрсетіп, оларды дұрыс айтуға, дұрыс жазуға, оқуға
дағдыландырып төселу керек.
Енді тілдік материал дегеніміз не, оған не жатады, соған тоқталайық.
Тілдік материалға фонетикалық, лексикалық және грамматикалық материал
кіреді. Бұлардың әрқайсысы сөйлеу икемділігі мен дағдыларын игеру үшін өте
қажет. Сондықтан осылардың әрқайсысымен істелетін жұмысқа тоқталсақ,
біріншіден- оқушыларға фонетикалық материалды меңгеру үшін, фонетикалық
дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар
жаттатамыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьтерлік окыту технологиясы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
Тілдің қатынас қызметі
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері
Пәндер