Әлемдік әдеби сынның эстетикасы



1. Шетел әдебиеті сыны тарихының кезеңдері
2. Беларус әдебиеті сынының туу, қалыптасуы
3. Өзбек, әзербайжан әдебиеті сынының қалыптасуы
4. Детектив жанрының қалыптасуы эстетикасы
5. Қорытынды
Өткен кезеңдегі және қазіргі дәуірдегі көркем сөз байлығының барша нәрін игеру мен зерттеп-зерделеу адам мен қоғамның тарихи эволюциялық даму жолдарын анықтаудың да басты тәсілдерінің бірі. Көркем әдебиетттің айшықты әлемі күрделі әрі сан-салалы. Оны жасау мен игеру деген сөз өнерінің құпиялары мен заңдарын танып білу деген сөз. Міне, бұл айтылғандарға қол жеткізуде бізге әдебиет теориясы, сыны мен тарихы көмекке келеді. Әдебиет туралы ғылымның бұл үш саласы ошақтың үш бұты секілді бір-бірімен тығыз байланысты әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе, әдебиет сынының көркем әдебиеттің өмірлік, гуманистік, қоғамдық, әлеуметтік те мән-мазмұнын анықтауда қызметі айрықша. Сынның осы қасиетін орыстың атақты сыншысы А.В.Луначарский «Ол (сын. – А.Ж.), әдебиеттің сапында жаңа адам мен жаңа тұрмысты қалыптастыру процесіне белсене, қызу қарқынмен бел шеше кірісуге жұмылдырылғаны күмәнсіз» деп атап көрсетті.
Бұдан сынның әдеби процесі ғана саралап қоймай, бүкіл қоғам өмірін қамтып, адам баласын жасампаз да толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға да әсер-ықпалы айрықша екендігі аңғарылады. Ал енді сын осы аталған міндеттерін қаншалықты дәрежеде және қандай тәсілдермен атқарды, артық кем тұстары неде, мұның барлығын да әдебиет сынының тарихы қарастырады. Оның әдебиет және қоғамдық тарихпен байланысын айқындап, негізгі кезеңдерін бөледі, дәуір-дәуірге жіктейді. Сондықтан да әдебиет сыны тарихының қалыптасуы барысында әр түрлі ой-пікірлер мен идеялық тенденцияларды, жекелеген сыншы-ғалымдардың өзіндік позициялары мен концептуалды тұжырымдарын жете қарастырып, талдап-таразылаудың қажеттігі ешқандай да талас тудырмайды.
Бұл жерде естен шығаруға болмайтын тағы бір мәселе бар. егер ұлттық әдеби сыны тарихының қалыптасу мәселелерін толықтай зерттеп білемін десек, алдымен өзге елдердің әдебиеті сыны тарихын да қарастыра отырып, ондағы жетістіктер мен олқы тұстарды сараптау қажет. Сонда ғана қойылып отырған мәселенің жай-жапсары анықталып, бүге-шүгес іне дейін ашылады.
1. Жүсіпова А. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2008.
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті сынының мәселелері. Алматы, 1973.
3. Ысмайлов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
4. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
5.Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 2003.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Әлемдік әдеби сынның эстетикасы

Жоспар:

1. Шетел әдебиеті сыны тарихының кезеңдері
2. Беларус әдебиеті сынының туу, қалыптасуы
3. Өзбек, әзербайжан әдебиеті сынының қалыптасуы
4. Детектив жанрының қалыптасуы эстетикасы
5. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

1. Жүсіпова А. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2008.
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті сынының мәселелері. Алматы, 1973.
3. Ысмайлов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
4. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
5.Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 2003.

Өткен кезеңдегі және қазіргі дәуірдегі көркем сөз байлығының барша
нәрін игеру мен зерттеп-зерделеу адам мен қоғамның тарихи эволюциялық даму
жолдарын анықтаудың да басты тәсілдерінің бірі. Көркем әдебиетттің айшықты
әлемі күрделі әрі сан-салалы. Оны жасау мен игеру деген сөз өнерінің
құпиялары мен заңдарын танып білу деген сөз. Міне, бұл айтылғандарға қол
жеткізуде бізге әдебиет теориясы, сыны мен тарихы көмекке келеді. Әдебиет
туралы ғылымның бұл үш саласы ошақтың үш бұты секілді бір-бірімен тығыз
байланысты әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе, әдебиет сынының көркем
әдебиеттің өмірлік, гуманистік, қоғамдық, әлеуметтік те мән-мазмұнын
анықтауда қызметі айрықша. Сынның осы қасиетін орыстың атақты сыншысы
А.В.Луначарский Ол (сын. – А.Ж.), әдебиеттің сапында жаңа адам мен жаңа
тұрмысты қалыптастыру процесіне белсене, қызу қарқынмен бел шеше кірісуге
жұмылдырылғаны күмәнсіз деп атап көрсетті.
Бұдан сынның әдеби процесі ғана саралап қоймай, бүкіл қоғам өмірін
қамтып, адам баласын жасампаз да толыққанды жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға да әсер-ықпалы айрықша екендігі аңғарылады. Ал енді сын осы
аталған міндеттерін қаншалықты дәрежеде және қандай тәсілдермен атқарды,
артық кем тұстары неде, мұның барлығын да әдебиет сынының тарихы
қарастырады. Оның әдебиет және қоғамдық тарихпен байланысын айқындап,
негізгі кезеңдерін бөледі, дәуір-дәуірге жіктейді. Сондықтан да әдебиет
сыны тарихының қалыптасуы барысында әр түрлі ой-пікірлер мен идеялық
тенденцияларды, жекелеген сыншы-ғалымдардың өзіндік позициялары мен
концептуалды тұжырымдарын жете қарастырып, талдап-таразылаудың қажеттігі
ешқандай да талас тудырмайды.
Бұл жерде естен шығаруға болмайтын тағы бір мәселе бар. егер ұлттық
әдеби сыны тарихының қалыптасу мәселелерін толықтай зерттеп білемін десек,
алдымен өзге елдердің әдебиеті сыны тарихын да қарастыра отырып, ондағы
жетістіктер мен олқы тұстарды сараптау қажет. Сонда ғана қойылып отырған
мәселенің жай-жапсары анықталып, бүге-шүгес іне дейін ашылады.
Қазіргі кезде шетел әдебиеті сыны тарихы мынадай бірнеше кезеңдерге
бөлініп қарастырылады.:
1. Ортағасырлық Еуропадағы әдебиет сынының антикалық дәуірі.
2. Қайта өрлеу кезеңіндегі әдеби сынның даму барысы (XV-XVIIIғғ.)
3. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби сын (1789-1848ж.)
4. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиет сыны.
5. Жаңа кезеңдегі АҚШ пен Батыс Еуропа және Шығыс елдеріндегі әдеби сын
дамуындағы басты тенденциялар (1917-1970).
6. Қазіргі кезеңдегі АҚШ пен Еуропа және Шығыс, Азия елдерінің әдебиет
сыны дамуындағы демократиялық бағдарлар (1970-2000).
Көріп отырғанымыздай, бұл дәуірлеу мен қарастыруда Еуропа АҚШ елдеріне
көбірек орын берілген де, Шығыс, Азия елдеріне әдебиет сыны жайында аз-
ақ айтылған. Мұнда тіпті, адамзаттық ақыл-ой қазынасына үлкен үлес қосқан
қазақ даласының ұлы ойшылдары - әл -Фарабидің, М. Қашқаридың, Ж.
Баласағұнилардың әдеби сын еңбектері тұрмақ, есімдері де аталмайды.
Сондықтан да, қазақ ғалымдары да бұл мәселе жайында ойланып, ендігі
кезекте әлемдік әдебиет сыны тарихын жазуға өз тарапынан үлес қосуы,
өзіндік көзқарастарын білдіруі тиіс. Мұндай өреге көтерілген қазақтың
сыншы- ғалымдары жеткілікті деп толық сеніммен айтуға әбден болады.
Сөз өнерін жалпы эстетикалық талғам тұрғысынан байыптау процесі
антикалық дүние әдебиетінен басталады. Ол әдеби шеберлік нормалары мен
әдеби техника мәселелерін сөз етуден тұрады. Алғашқы кезде мұның бәрі
философиялық диалог, көркем шығарма және поэтика мен риторика туралы
трактаттардың шапанына орала отырып берілді. Әдеби сын жеке жанрлық түр
ретінде комментарийлер мен алғы сөздерде көрініс тауып, алғашқы
қадамдарын жасады.
Шетел әдеби сынының тарихын зерттеуші ғалымдар сын тарихын сонау
біздің эрамызға дейін IV ғасырдан бастайды. Бұл кезеңді зерттеуші ғалым
Н.Г.Нефедов өзінше дәуірлеп, оның бірінші бөлімін Ортағасырлық
Европадағы әдебиет теориясы мен сынының антикалылығы деп айтады да,
соның ішінен бірнеше тараушаны шығарады:
Сөз өнерін зерттерудің алғашқы формалары.
Шешендік сөз теориясының дамуы.
Платон, Сократ, Аристотельдердің әдебиет теориясы мен сыни ойлары.
Әдеби-сыни ой-пікірлердің эллинизим кезеңінде дамуы.
Рим антикалығының әдеби теориясы мен сыны.
Византиядағы әдебиет теориясы мен сыны.
Ортағасырлық Батыс Европадағы әдеби-сыни ой пікірлер.
Шетел әдебиетінде сөз өнерін жалпы эстетикалық талғам тұрғысынан байыптау
процесі антикалық дүние әдебиетінен бастау алған. Эстетикалық таным мен
талғам, сыни көзқарастың нышандары сонау біздің эрамызға дейінгі өмір
сүрген Платон, Сократ, Аристотель ойларынан көрініс алған.
Европа әдебиеті сыны тарихындағы ең бір елеулі кезең – Ренесанс
дәуірі. Әдебиет, өнер, мәдениет салаларының қай-қайсысында да болмасын
қайта түлеу, қайта өрлеу, өркендеу процестері қарқын алады. Адамзат
тарихында үлкен маңызға ие болған классикалық туындылардың жасалуы да осы
кезеңнің еншісіне тиеді. Бұған қоса әдебиеттану, сын саласы да қатар дамып,
салмақты да салиқалы еңбектер дүниеге келді. Италияндық ақын Данте
Алигьеридің Халықтық тіл туралы трактаты, Ф. Петрарканың сөз өнері,
эстетика туралы ой-пікірлері, Боккачоның антикалық әдебиетті зерттеуге
арналған трактаттары, А. Полицианоның әдебиеттегі гуманизм мәселесін
қозғаған еңбектері, Л.Костельветроның Аристотель Поэтикасын талдаған
трактаттары өз маңызын бүгінгі күні де жоғалтпаған.
Осы секілді әдебиет сыны саласындағы жаппай қозғалыс даму процесі
Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания т.б. елдерді де қамтыды.
ХІХ ғасыр шетел әдебиетінің сыны мен теориясының жаңа даму кезеңі. Осы
кезеңде әдебиеттану ғылымы қалыптасуға бет алды. Теория мен сын әдебиетте
романтизм мен сыншыл реализмнің қанат қағуына жағдай жасап қана қоймай,
Европа елдеріндегі мәдениеттің өсуіне де ықпал етті.
Әлем елінің әдеби сынында 1848-1917 жж. Аралығындағы кезең, реалистік
өнердің дамуы және сынның эстетика, психология, социология секілді ғылым
салаларымен тығыз байланысып ғылымилыққа, тарихилыққа айрықша ден қойған
кезі болатын. Сынның полимикалық, публицистік, әлеуметтік мәселе көтеруі
секілді сипаттары нығайған.
Бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің әдебиет сыны тарихының жасалу
тәжірибелеріне шолу жасап, өзіміздің қай деңгейден көрінетінімізді біліп
алғанның еш артықтығы жоқ. Қайта, ғылыми өреміздің шындығын білуге себепші
болар деп ойлаймыз.
Беларус сыны мен әдебиеттану ғылымы қазақ әдеби сыны мен әдебиет
тарихымен тұтас 20-жылдары дами бастаған. Осы жылдары әдебиет теориясы мен
тарихы зерттеліп сыни мақалалар, сынға қатысты проблемалар газет-журнал
бетінде жарық көрген. 1925-27ж. Литература и критика деген газет шығып
тұрған. 1923 және 1926 жылдары М.И.Горецкогоның История белорусской
литературы деген кітаптары жарық көрді. Бұл еңбектерде сынның тарихына,
сол кездегі жағдайларына қысқаша тоқталған.
Беларус сынының туу, қалыптасу, даму тарихын С.И. Карабон Киев феодал
мемлекетінен бастайды. Ол кезде орыс, украин және беларус халықтарында
ортақ мәдениет және ортақ тіл болған. Осы тілде діни-уағыздық және
күнделікті тұрмыстық әдебиет туып, жылнамалар, аудармалар жазылған. Сыншы
Карабон сол кездегі әдебиет ескерткіштерінде сыни көзқарастар болғанын,
оның саяси-әлеуметтік, діни және өнер салаларында байқала бастағанын
дәлелдеп көрсетеді.
Енді әдебиет сыны тарихын жасау мәселелерінің шешілу жолдарын салыстырып
байқау үшін, түркі халықтарының ішінде қазақ халқымен тарихы мен тағдыры,
тілі мен өнері жағынан ұқсастары мол өзбек және әзербайжан елдерінің
әдебиет сыны тарихына барлау жасаған тиімді деп санаймын.
өзбек әдебиеттану ғылымында әдебиет сыны тарихын жасау жайы әдебиет
тарихын жүйелеуден басталады. Бұл бағытта 1961-1962 жылдары узбек совет
адабиети тарихи очерки, 1967 жылы Узбек совет әдабиети тарихи, 1968-1972
жылдары үш томдық Узбек совет әдабиети тарихи , және бес томдық Узбек
әдабиети тарихи деген көлемді еңбектер жарық көріп, бұлардың ішінде
әдебиет сыны тарихы да біршама баяндалған. Осы кітаптардың негізінде сын
тарихына байланысты алғашқы еңбектер там-тұмдап жарық көре бастады. Олардың
қатарында Х. Екубовтың Танқид ва адабиетшунослик тарихига бир назар
Тошкент 1967, Б. Назаровтың Узбек адабий танқидида махорат проблемасы
атты кандидаттық дисертациясын атауға болады. Бұл ғылыми еңбектерде өзбек
әдебиет сыны тарихы тұтас күйінде алынбай , тек оның әрбір кезеңдері ғылыми
талдау нысанына айналған. Тек 1987 жылы А.С.Пушкин атындағы өзбектің тіл
және әдебиет институты дайындап шығарған екі томдық Узбек совет адабий
танқиди тарихы атты фундаментальды кітапта ғана бұл мәселе біршама жүйелі
әрі толық қарастырылған. Осы әдебиетті жазып шығуға өзбек әдебиетші
ғалымдары И.Султанов, М.Юнусов, Т.Расулов, Б. Назаров, П. Қодиров,
Ж.Камолов, С.Мелиев т.б. қатысқан. Олар өзбек әдебиетінің мыңжылдық тарихы
бар екендігіне тоқталып, оны сонау түркі халықтарының Тоныкөк, Күлтегін
замандарынан бастайды да, әдебиет сынының кәсіби сипатта даму тарихын Қазан
революциясымен байланыстыра зерттеп көрсетеді. Атап айтқанда Жаңа әдебиет
сыны тарихының ілкі қадамдары (1917-1932), Өзбек совет әдебиеті сыны
тарихының социолистік реализм эстетикасы аясында даму жолында (1932-1941),
Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі өзбек әдебиеті сыны тарихы (1941-1945),
Қазіргі заман өзбек әдебиеті сынының тарихы (1956-1987) деп бірнеше
кезеңге бөліп дәуірлеген. Алайда оларда өзбек әдебиеті сынының ілкі
кезеңдерін ауыз әдебиеті үлгілерінен тарту тәжірибесі кездесе қоймайды.
Әзербайжан әдебиетісыны тарихын жүйелеп жазушылардың ішінде көзге
түсерлік ірі ғалым сыншы – К. Талыбзаде. Ол өзінің шығармашылық ғұмырының
басым көпшілігін әзербайжан әдебиет сыны тарихын зерттеуге арнаған тұлға.
Оның қаламынан туған ХХ аср азербайчан тангиди (1966), Әдеби иср ва
варислар (1974) атты кітаптарында әзербайжан әдебиеті сыны тарихының
бастау-бұлақтарына барлау жасалып,ХХ ғасыр ішіндегі кәсіби сипатта даму
кезеңдеріне талдама сараптаулар берілген.
К. Талыбзаде ХХ ғасырдағы әзербайжан әдебиеті сыны халықтың ғасырлар бойы
қалыптасқан эстетикалық-сыни ой-пікірлерінің негізінде дамығандығын нақты
деректермен дәлелдеп көрсетті. Оның негізгі тірегі ретінде Орта ғасырларда
өмір сүрген Хатиб Табризидің, Баһманиярдың, Мұһаммед Рефи Дост
Мұһаммедұлының поэтикалық кітаптарын, эстетикалық рисаларын атапткөрсетті.
Олардың ғылыми-шығармашылық мұраларындағы сыншылдық ой-пікірлердің кейінгі
әдеби сынның дамуына жасаған ықпалын, дәстүр сабақтастығын зерттеудің
қажеттілігінайтып, осы бағыттағы зерттеулерге сараптама жасап берді.
Әсіресе, әзербайжан әдебиеті сынының 20-ғасырдың басындағы дәуірін
зерттеудегі пікірлері ғылыми сипатының тереңдігімен, әдеби-сыни процеске,
жүйелі әрі шебер талдау ерекшелігімен айрықшаланады. 1905-1917 жылдардағы
әдебиет сын тарихындағы негізгі тенденциялар: Демократиялық сын,
буржуазиялық сын және марксистік сын деп жүйеленіп, демократиялық сын өз
ішінен мынадай тармақтарға бөлінеді:
Әдебиеттің өмірмен ара қатынасы.
Әдебиеттің қоғамдық функциясы.
Жаңа және ескі поэзия проблемалары.
Әдеби мұра мәселелері.
Әзербайжан театры мен драматургия сынының дамуы.
Әдеби тіл тарихы.
Автор осы мәселелерге егжей-тегжейлі талдау жасайды. Ал, кейінгі
буржуазиялық және марксистіксын атраулары коммунистік идеология талаптарына
сәйкес енгізілгеніне қарамастан, онда ғалым ұлтшылдық бағыттағы қалам
қайраткерлерін асыра жамандап, қараламайды. Олардың еңбектеріне әділ баға
беруге тырысады. Әдебиет сыны тарихын жасаудағы К.Талыпзаде жолын ары қарай
Н.Бабаев, Н. Мәммедов, Ф.Көчарли, М. Көпрүлүзәде т.б. жалғастырады.
Көріп отырғанымыздай, белорус, әзербайжан, өзбек әдебиеті сыны тарихынан
жүйелеушілер де өз әдебиет сынының тарихын өте әріден бастап, оның туу,
қалыптасу, даму, ткемелдену кезеңдерін сатылай көрсеткен.
Бұрынғы одақ құрамындағы өзге де елдер әдебиет сыны тарихын жүйелеуде
мазмұны жағынан болмаса, сыртқы қалып, формасы, жіктері жағынан ұқсастықтар
мол. Олардың бәрі де орыс әдебиеті сынының тарихын жүйелеу тәсілдері мен
принциптерін өздеріне үлгі тұтты.
Жалпы әдебиет пен сын тарихын дәстүрлі түрде айыру уақытша принцип
бойынша жүргізіледі. Сынның негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Әдебиеттану мәселелері
Сын және әдебиет
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы туралы ақпарат
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Пәндер