Иракқа жасалған Ағылшын-Америка жорығы және нәтижесі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

АЙМАҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Иракқа жасалған Ағылшын-Америка жорығы және нәтижесі.

Орындаған:

4-курс, 408-топ студенті

Бақытбекова Н. Б.

Ғылыми жетекші:

т. ғ. д., проф. Қожахмет-ұлы К.

Қорғауға жіберілді:

ХҚФ деканы

т. ғ. к., доцент Нарбекова Б. М.

«___»2006 ж.

Қорғауға жіберілді:

“Аймақтану” кафедра меңгерушісі

ф. ғ. д., профессор Қадыржанов Р. Қ.

«___»2006 ж.

Алматы, 2006

Жоспар.

Кіріспе. . 4-7

1-тарау . 1990-2003ж. ж. Ирак дағдарысы және халықаралық қатынастар.

1. 1. 1990 ж. Саддам Хусейннің Кувейтке қатысты озбырлық саясаты және

Кувейтті басып алуы. 8-12

1. 2. Әлемдік қауымдастықтың Ирак озбырлығына қатысты саясаты. …12-21

1. 3. Саддам Хусейн басқаруындағы Ирак және жаппай қыру қаруы туралы мәселе. 22-25

2-тарау . Батыс елдерінің Иракқа қарсы әскери қимылдары және Ирактағы

өзгерістер.

2. 1. 2003 ж. АҚШ пен одақтастарының Иракқа қарсы шабуылы және нәтижесі. 25-31 2. 2. Ирактағы саяси әлеуметтік өзгерістер. 32-37

2. 3. Ирак мәселесі және Қазақстан. 38-42

Қорытынды42-44

Сілтемелер. . . …45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 46-48

Кіріспе.

Бітіру жұмысының тақырыбы - Иракқа жасалған Ағылшын, Америка жорығы және нәтижесі. Қазіргі күні әлем қауіпсіздігі қиын да қарама- қайшылықтарға толы кезеңдердің бірін бастан кешіруде. Оған басты себеп халықаралық терроризм, жаппай қырып жою қаруы, мемлекеттердің бір-бірінен қалыспай қарулануы сияқты, бүгінгі таңда адамзат қоғамында белең алып, әрбір мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған глобальді проблемалардың болуы 1 . Сонымен қатар бүгінде батыс пен араб әлемі арасында қарама қайшылықты мәселер жетерлік. Әсіресе 2001ж. 11 қыркүйекте, қаралы бейсенбіде жасалған террористік актілерден кейін Жордж Буш ең алдымен мұсылман елдеріне тісін қайраған болатын. Сондай өз шешімін таба алмаған мәселенің бірі ушығып, 2003жылы 20 наурызда бірнеше жылға созылған Ирак төңірегіндегі дипломатиялық соғыс аяқталып, әлем шын соғыстың куәгері болды. Бұл күні АҚШ және оның жақтастары Иракқа ашық соғыс жариялады. Заңдар мен логика орнына күш қолдану кезеңі туды. Осылайша Парсы бұғазында басталған екінші соғыстан кейін әлем қауіпсіздігі қалай шешілетіндігі үлкен сұрақ тудырды. Бітіру жұмысының мақсаты - осы соғысқа дейінгі Ирак пен АҚШ қарама қайшылықтарын, соғыстың себебі мен нәтижесін, халықаралық қауымдастық көзқарасын, әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші бірден бір ұйым ретіндегі БҰҰ-ның бұл мәселені шешудегі ролін ашып көрсету.

Жалпы, соғысқа тікелей себеп болған 1979 жылдан бері Ирак халқына басшы болып келе жатқан Саддам Хусейннің диктаторлық жүйесі мен Иракта жаппай қырып жою қаруы бар деген дәлелдер. Бірақ-та бұл себептерден басқа да АҚШ пен оның одақтастарының жеке мақсаттары да болды. Оның бірі Ирактағы бай мұнай қоры. Соғыс басталмай жатып-ақ АҚШ-тағы алып-алып мұнай компаниялары Ирактағы мұнай ошақтарын бөлісуді жоспарлап қойған болатын. БҰҰ-ның, әлем халқының қарсылығына қарамастан кіші Жордж Буш Атлант мұхитындағы Азорск аралдарында кездесу шақырып, Ирак мәселесін бейбіт жолмен шешу мүмкін емес деп шешті. Онда кездескен үштік басшылары яғни, АҚШ, Ұлыбритания, Португалия басшылары БҰҰ -на ультиматумды түрде шарт қойып, тез арада шешім қабылдауды талап етті. Бұл соғысты кейінге шегеру мүмкін емес еді, себебі наурыз соңында Ирак жерінде қатты ыстық басталып, құмды желге айналатын еді, ал бұл болса әскери операцияларға айтарлықтай кедергі келтіреді, және Жордж Буш ел алдында беделін жоғалтар еді.

Жалпы, Ирак пен АҚШ арасындағы шиеленісті қарым-қатынас бұрыннан келе жатқан болатын. 1990 жылы Иран Ирак соғысынан қарызға батып шыққан Ирак көрші бай мемлекет Кувейттке басып кірген еді. Бұған дайын болмаған Кувейт АҚШ-тан көмек сұрайды. Сауд Арабиясының сұранысымен АҚШ Арабия шөлдеріне өзінің жарты миллиондық жаяу әскері мен авияциясын түсірді. 1990 жылы БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі №678 жарғысын қабылдады, онда 1991жылдың 15 қаңтарына дейін Ирактың Кувейттен әскерлерін шығарсын деген талап қойылды. Бірақ-та С. Хусейн бұл ұсыныстан бас тартып, талап мерзімі біткен соң, каолиция күштері “Шөлдегі дауыл” операциясын бастады. Ол 42 күнге созылып, Америка авиациясы Ирак әскери күшін тез арада істен шығарды. Американдықтар әскери қимылдардың Ирак территориясына ауысуынан бас тартты, себебі Саддам Хусейннің әлсіреп қалған режимі құлайды деп ойлады. 1994 жылы Ирак үкіметі Кувейттің тәуелсіздігін мойындады, шекарасының демаркациясына келісті. Сөзсіз тізе бүгуден кейін БҰҰ АҚШ-тың айтуымен Бағдат режиміне қатаң санкциялар енгізді. Ирактан мұнай, басқа да шикізат өнімдерін шығаруға, және Иракқа дайын өнімдер мен шикізаттар кіргізуге қатаң тиым салынды. Әсіресе қару-жарақ, әскери заттар өткізу қатаң бақылауға алынды. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің әкелінуіне тиым салынғанынан халық жапа шегіп, оған АҚШ- ты кінәләді. Ирак Кувейтке басып кіруден шыққан шығындарды Кувейтке және басқа жапа шеккен елдерге қайтарып беру керек болды.

Ирактың жеңілісімен аяқталған 1991 жылғы “Шөлдегі дауыл” операциясынан кейін, Иракқа халықаралық қауымдастықтың көз тігуі тоқталған жоқ. Одан кейінгі жылдары АҚШ Ирактың әскери өнеркәсібін бақылауда ұстай отырып, С. Хусейнді БҰҰ-ның көптеген санкцияларын бұзды деп айып тақты. 1991 жылдан 1999жылға дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік комитеті Иракқа қатысты 13 жарғы қабылдады. Ирак пен халықаралық күштер арасындағы қарым-қатынастар 1998жылдан бастап күрделене түсті, себебі Ирактың жаппай қырып жою қаруын жоюға байланысты шарттарды орындауында күдікті жерлер пайда болды. 1998жылдың басында АҚШ -та тіпті “Иракты азат ету” заңы қабылданып, оған президент Билл Клинтон қол қойды. 1998жылы желтоқсанда ағылшын және Америка әскерлері Ирактағы нысаналарға соққы беріп, “Шөлдегі түлкі” әскери іс-қимылдарын бастады. 1999-2000 жылдары Ирактың әуе шабуылы қорғанысы күштері Англия мен Америка самолеттерін атқылайды, ал олар болса жауап ретінде соққылар жасайды. 2000 жылы Ирак мұнайдан түскен пайданы мүлдем тоқтатады. Халықаралық санкциялардан келген шығын 150млрд долларға жетеді. Алайда Саддам Хусейн билігі бұрынғыша сақталып қала береді. Ирактықтар Саддамды жақсы көрмесе де, олар ол орнатқан тәртіппен жүруге үйренген еді. Үкімет халыққа барлық жағдайды жасамаса да, оларды жұмыспен қамтамасыз етті, көшелерде тәртіпті сақтады, сумен, жарықпен, арзан жанар- жағар маймен қамтамасыз етті. Жарты миллион Ирактық әскерде, жүздеген мың адам мемлекеттік аппаратта БААС партиясының құрамында қызмет етті. Миллиондаған адам өнеркәсіп саласында, әсіресе әскери салада қызмет етті.

Сонымен бұл соғысқа тікелей себеп болған осы Саддам Хусейннің ел басқару жүйесі мен АҚШ -тың Иракта жаппай қырып жою қаруы бар, оны құртпаса әлем қауіпсіздігіне қауіп төнеді деген үрейі.

Бітіру жұмысының құрылымы- дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда жалпы 1990ж. Ирак дағдарысы мен 1990-2000ж. ж. аралығындағы халықаралық қатынастар жайлы талданып жазылды. Ал екінші тарауда Батыс елдерінің Иракқа қарсы әскери іс-қимылдары мен соғыстан кейінгі орын алған өзгерістер тарауға өзек болды.

Бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі - қазіргі күні қауіпсіздік мәселесі әрбір мемлекеттің саясатында маңызды орын алатыны шындық. Оған себеп бүгінгі таңдағы әлемдік аренада болып жатқан өзгерістер мен адам бойына қорқыныш әкелетін халықаралық терроризм, жаппай қырып жою қаруы сияқты үрейлі мәселелердің болуы. Бұл мәселелердің бұл соғысқа тікелей қатысы бар екендігі айтпаса да түсінікті.

Бітіру жұмысын жазу барысында әртүрлі әдебиеттер қолданылды, соның бастылары:Ирак тығырығы, халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ирак республикасы сияқты Мәскеуде шыққан жаңа кітаптар. Сонымен қоса, мәселенің пайда болғанына бірнеше жыл ғана болғандықтан газет, журналдар өте көп қолданылды.

1. 1. 1990ж. С. Хуссейннің Кувейтке қатысты озбырлық саясаты және Кувейтті басып алуы

1961 ж. Кувейт толық тәуелсіз мемлекет болды. Осыдан бастап-ақ Ирак жақтан қауіп төнді. Сол кездегі Ирак басшысы Касем Кувейтке шекаралық талаптарды алға тартты. Бұдан бұрын бұндай қарама қайшылықтар 1930 ж. да болып еді. Кувейт басшысы Англиядан көмек сұрады. Ағылшын әскерлерінің шағын бөлігі жедел түрде Кувейтке түсірілді. Бұл Иракты орнына қойды және ол Кувейттің тәуелсіздігін мойындады. 1968 ж. Кувейт Сауд Арабиясы және Ливанмен бірге шет елдерге мұнай шығаратын араб мемлекеттері ұйымы құрамына кірді. Бұл мұнай нарығында әсерлі орын алуға себеп болды. Иран- Ирак соғысында (1980-1988) Кувейт Иракқа қаржылай көмек көрсетті. Иран-Ирак соғысы барысында әлемдегі жағдай өзгерді. Кеңес одағының әлсіреп, одан кейін құлауы, Ресейдің қайтып ең мықты мемлекет атағын ұстап қала алмайтындығы белгілі болғаннан кейін екі бағыттағы жүйе бір бағыттыға ауысты. Өзгерістерді араб әлемі де сезді. Солтүстік пен оңтүстік арасында қарсылық күшейді. Таяу және орта шығыстағы үстемдік АҚШ қолына өтті. Бірақ осы уақыт ішінде Ирактың әскери шығыны тым өсіп, 100 млрд долларды құрады. Ал сыртқы қарыз көлемі 60 млрд доллар болды. Шет елдерге мұнай шығарудан келетін пайда күрт төмендеп кетті. Бұл тығырықтан шығу жолы ол көрші жатқан бай елге басып кіру еді. Бұған тіпті жағдай да қолайлы көрінді: 20 мыңдық Кувейт әскері еш қауіп төндірмеді. 1986 ж. әмір парламентті таратып, оның жұмысын қайта шақыруға қарсы болды. Халықтың көп бөлігі шетелдіктер, оның көбісі Кувейтте туса да еш азаматтық құқықтары болмады. 1990 ж. 2 августте Ирак әскерлері Кувейтке басып кірді. Әмір мен оның жанұясы елден қашты. Кувейт болса аннексияланып, С. Хусейннің құрметіне Аль Саддамия деген Ирак провинциясы болып жарияланды. Оны Ирак үкіметі былай түсіндірді: арабтарды империализмнен құтқару керек, ол үшін Кувейттегі шетелдіктер орнатқан демократияны жойып, араб ұлтының бірлігін қолдайтын ұлттық демократия орнату керек. Популистік лозунгтарды қолдана отырып, Ирак үкіметі өздерін арабтардың көзқарастарын жақтаушылар ретінде көрсетті. Осыдан кейін араб қоғамы алғашында С. Хусейнді батысқа қарсы шыққан батыр деді, ал Ирак болса құрамында АҚШ пен Ұлыбритания бар 30 мемлекетпен соғысқан күшті ел деп қарады. С. Хуссейннің мақсаты үлкен масштабтағы соғыстар және қазіргі заманғы қаруды, атом қаруын қоса қолданып, ірі мемлекет құруды мақсат етті. Араб мемлекеттерінің ұлттық күштері алдында, хусейндік Ирак Арабтық шығыстағы империализмге және сионизмге қарсы шыққан бастаушы ретінде көрінді. Палестинаны азат ету ұйымы, Йемен, Алжир, Ливия, Тунис, Судан, Иордания, Мавритания арабтары Ирак жағында соғысқа шығуға дайын болды. Тек қана арабтар емес, Азия мен Африканың басқа да елдері С. Хусейннің режимін қолдады. Бұл болса әскери қақтығыстың оңтүстік пен солтүстік шиеленісінің өрши түсуіне әкелер еді. 1990 ж. АҚШ ұсынысымен БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Иракқа қарсы қатаң сауда-экономикалық санкциялар енгізді. Ирак халықаралық блокадада қалды. Бірақ әлем қауымдастығы Кувейттегі жағдайка тез назар аударып, 1990 ж. 7 августте Сауд Арабиясының Шығыс провинциясына Американ әскерлері түсірілді. Оған Франция, Великобритания, Египет, Сирия, т. б. елдер әскерлері қосылып, 780мың әскерді құрады. Американың әскери базалары және НАТО-ның европалық державалар әскерлері Батыс Европаны Кеңес үкіметінен қорғауды кейінге шегеріп, Иракты бомбалай бастады. НАТО-ның бомбашылары Турция әскери базаларына орналасты. Сауд Арабиясының сұрауымен арабия шөлдеріне АҚШ өзінің жарты миллиондық жаяу және авиациялық әскерін жіберді. Парсы бұғазына АҚШ пен НАТО-ға мүше басқа да мемлекеттердің әскери кемелері әкелінді. Кувейтті қолдап Египет, Сирия және Марокко өз әскери контингенттерін орналастырды. Халықаралық күштерге Американ генералы Норман Шварцкопф қолбасшылық етті. Одақтастар коалициясына 30-дан астам мемлекет кірді. 1990 ж. 29 қарашада БҰҰ -ның қауіпсіздік кеңесі №678 жарғысын қабылдады. Онда 1991 ж. 15-ші қаңтарына дейін Ирактың өз әскерлерін Кувейттен шығарылуы талап етілді. Бірақ Ирак үкіметі бейбіт ұсыныстан бас тартты.

Талап ету мерзімі 1991 ж. 15 қаңтарда біткеннен кейін одақтастар күштері “Шөл даладағы дауыл”әскери іс-қимылдарын бастады. Ол 42 күнге, яғни 6 жұмаға созылды. Әрине, бұл соғыста Ирак жеңілді. Америка әуе күштері Ирактың әскери күшін тез арада істен шығарды. Американдықтар әскери қимылдардың Ирак территориясына ауысуынан бас тартты, олар С. Хусейннің әлсіреп қалған режимі құлайды деп ойлады. Сонымен қатар, батыс саясаткерлері сол кездегі жағдайда мүмкін болған Ирак үкіметінің құлауынан қорықты және Парсы бұғазындағы саяси күштердің теңдігінің бұзылуына жол бермеуге ұмтылды. Соғыс нәтижесінде 547 мыңдық Ирак әскерлерінің топтары жойылды. Тек өлгендер саны 100 мыңнан асты. 1991 ж. 28 ақпанда Ирактың БҰҰ-ның шарттарына келісіп, Кувейттен кетіп, жеңілгенін мойындағаннан кейін, әскери іс-қимылдар, тоқтатылып Кувейт азат етілді.

Кувейтті басып алумен Ирактықтар оны толық тонады, Кувейт азаматтарның Ирак үкіметіне жазған арыздарының өзінде 162 млрд. доллар көрсетілді. Ал басып кіруден шыққан жалпы шығын 240 млрд. долларды құрады. Кувейтке келген шығынды қайтарып беру үшін БҰҰ-ның арнайы комиссиясы құрылды. Оған қоса 12 мың тұтқын өлді, 15 мың адам із- түссіз жоғалып кетті. 1994 ж. Ирак үкіметі Кувейттің тәуелсіздігін, оның территориялық бұзылмастығын мойындап, Ирак-Кувейт шекарасының демаркациясына келісті.

Қарсылықсыз тізе бүгуден кейін БҰҰ АҚШ-тың айтуымен Бағдат режиміне қатаң санкциялық жүйе енгізді. Ирактан мұнай, басқа да шикізат өнімдерін шығаруға, және Иракқа дайын өнімдер мен шикізаттар кіргізуге тыйым салынды. Әсіресе қару-жарақ, әскери заттар өткізу қатаң бақылауға алынды. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің әкелінуіне тыйым салынғанынан халық жапа шегіп, оған АҚШ-ты кінәләді. Ирак Кувейтке басып кіруден келген шығындарды Кувейтке және басқа жапа шеккен елдерге қайтарып беру керек болды.

Ирак Кувейтке басып кірер кезде арты не боларын ойламады. Мұнай өңдеу мен қорыту зауыттарының 80%, мұнай құрылыстары, құбырлар басқа да маңызды орындар қатты қирады. Жолдар, көпірлер, аэродромдар порттар бұзылды. Соғыс кезінде Ирак азық-түліктің 50% жоғалтты.

“Шөлдегі дауыл” әскери іс-қимылдары кезінде 4 мың ирак танкілері, 2140 жуық артилериялық қару, 9 БТР және 44 самолет жойылды. Ирак әскерін 25-50 мың: дәлірек айтсақ 100 мыңнан астам адам қырылған. Ал одақтастар күштерінен барлығы 737 мың адам жоғалған, 89 американдықтарды қосқанда, 148 адам өлген. Бұл операцияда одақтастар бұйрығы санағымен салыстырғанда Ирактықтар анағұрлым аз қырылған, ал Ирак танктерінің жойылғаны ресми санақты алғанда барлығы 14. Егер “Шөлдегі дауыл” әскери іс-қимылы бұл аймақтағы бүкіл Ирак топтарын жоя отырып Кувейтті азат ету мақсаты болса, “Қорқыныш пен үрей” мақсаты Саддам Хусейннің режимін жою және Иракты қарусыздандыру болып табылады. Мемлекетті қарусыздандыру бұл - оның қарулы күштерін жою, территориясын жаулап алу және қарсылыққа деген еркіндігіне тойтарыс беру.

1. 2. Әлемдік қауымдастықтың Ирак озбырлығына қатысты саясаты .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Морав мемлекеті
Аймақтық және әлемдік діни экстремизммен күрес
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы Араб - Израиль мәселесі
Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
АҚШ-тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)
ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
АҚШ және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz