Әлеуметтік –психологиялық тренинг (ӘПТ) ұғымы,мақсат,міндеті,түрлері,принциптері



I. Негізгі бөлім
1.1.Әлеуметтік психологиялық тренинг
ұғымы,мақсаты,міндеті,принциптері.
1.2.Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары,
механизмдері мен құралдары.
II. Қосымша.
Тест.
Бақылау сұрақтары.
Тапсырма.
Глоссари
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг дегеніміз-мамандардың ойынша топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық көмек көрсетуге,стереотиптерді жоюға және қатысушылардың жеке проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы.Тренингті оқытудың бір формасының,әдісі деп қарастырылады,оның тиімділігі бірлескен пікірлік,танымдық іс- әрекеттерінің қалыптасуымен
анықталады.Психологиялық тренинг басқа
адамдарды терең түсінуге көмектеседі,өз бейнесін басқалардың қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді,өз мүмкіндіктерін көруге,өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.Тренинг терминін ғылыми пайдалануға кезінде ГДР-да М.Форберг енгізген.Ол алғаш оқытудың бұл формасын ерлі- зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста,балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты коррекциялауда пайдаланған.

Тренингтің мақсаты:
• Өзін-өзі тану,түсіну,тұлғалық даму тәсілдеріне таба білу.
• Ойдың икемділігін,тапқырлығын,талап ету,өзгешілігін дамыту.
• Ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру.
• Қиялды,шығармашылық қабілетті дамыту.
• Өзінің және өзгенің даралығын бағалау,өзін-өзі құрметтеу.
• Коммуникативтік дағдыны дамыту,қарым-қатынастың түрлі әдіс- тәсілдерін меңгеру.
• Өзі,өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту.
• Көңіл -күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу.
1.Ақтаева А, Әлеуметтік психология. Алматы. 2007
2.Елеусізова Г. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы 1995
3.Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1999
4. Битянова М.Р. Социальная психология. М., 1994
5. Крысько В.Г. Социальная психология. М., 2001

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Әлеуметтік –психологиялық тренинг (ӘПТ)
ұғымы,мақсат,міндеті,түрлері,принци птері.

Жоспар

I. Негізгі бөлім
1.1.Әлеуметтік психологиялық тренинг
ұғымы,мақсаты,міндеті,принциптері.
1.2.Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары,
механизмдері мен құралдары.
II. Қосымша.
Тест.
Бақылау сұрақтары.
Тапсырма.
Глоссари
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.1.Әлеуметтік –психологиялық тренинг (ӘПТ)
ұғымы,мақсат,міндеті,түрлері,принци птері.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг дегеніміз-мамандардың ойынша топтық
жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық көмек
көрсетуге,стереотиптерді жоюға және қатысушылардың жеке проблемаларын
шешуге байланысты сұрақтар қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым-
қатынас формасы.Тренингті оқытудың бір формасының,әдісі деп
қарастырылады,оның тиімділігі бірлескен пікірлік,танымдық іс- әрекеттерінің
қалыптасуымен
анықталады.Психологиялық тренинг басқа
адамдарды терең түсінуге көмектеседі,өз бейнесін басқалардың қалай
көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді,өз мүмкіндіктерін көруге,өзіндік
санасын жетілдіруге жағдай жасайды.Тренинг терминін ғылыми пайдалануға
кезінде ГДР-да М.Форберг енгізген.Ол алғаш оқытудың бұл формасын ерлі-
зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста,балалар мен ата-аналар арасындағы
қарым-қатынасты коррекциялауда пайдаланған.

Тренингтің мақсаты:
• Өзін-өзі тану,түсіну,тұлғалық даму тәсілдеріне таба білу.
• Ойдың икемділігін,тапқырлығын,талап ету,өзгешілігін дамыту.
• Ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру.
• Қиялды,шығармашылық қабілетті дамыту.
• Өзінің және өзгенің даралығын бағалау,өзін-өзі құрметтеу.
• Коммуникативтік дағдыны дамыту,қарым-қатынастың түрлі әдіс-
тәсілдерін меңгеру.
• Өзі,өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту.
• Көңіл -күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу.

Тренингтік топ жұмысының принциптері

1.Өзара әсер диалогизациясы принципі,яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық
теңдік,қатысушылардың өзара сыйласуы мен бір -біріне деген толық сеніміне
негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-
қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да, монолоқа ауысады. Бұл
тренинг табиғатына қарама-қайшы.
2.Тұрақты кері байланыс принципі,яғни қатысушының өзі туралы информацияны
барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен ұдайы
алып отыруы.Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция
жасауға,сәтсіз қарым- қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға,оның қоршаған
ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады.Ол үшін қатысушының басқаларға
солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық
жағдайлар жасалуы керек.Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері
байланыс максимальды дамыту эффектін береді.
3.Өзін-өзі диагностикалау принципі,қатысушылардың өзін- өзі
ашуына,өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап,түсіне алуға
көмектеседі.Тренинг мазмұнында адам өзін,өз тұлғасының ерекшеліктерін
тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады.Топтың әр мүшесінің белгілі
бір шешім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін
көрсете білуіне көмектесуі керек.Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі
емес,практикалық әрекет көмектеседі.
4.Дамытуды оңтайландыру принципі.Жүргізушіден нақты диагностика,бөлек
қатысушылар мен толық топтың белгілі-бір психологиялық күйінің
квалификацияланған констатациясы,сонымен қатар шарттарды оптимизациялау
мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу.Арнайы
жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына терткі
беруі,олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
5.Интеллектілі және эмоциялы сфералар гормонизациясы принципі.Бір жағынан
тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді.Бұл
ашықтыққа бағыттап,топ мүшелерін сенімге,ізгілікті қарым-қаынасқа
жетелейді.Ал екінші жағынан,болған жағдайларды талқылау кезінде
интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады.
6.Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу
принципі. Жасөспірімнің
жұмыс барысындағы өзгеруіне табиғи түрде ішкі қызығушылық болуы керек.
Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезінде пайда болмайды, оны
талап етіп те керегі жоқ.
7.Топтың тұрақты құрамы принципі. Егер тренингтік топ жабық болып
тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ
мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік
топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар
аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40
жас деп есептеген. Оның құрамына жасөспірімдерді де қосуға болады. Бірақ
бұл үшін жүргізуші тренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс тұрысын
коррекция жасау мақсатында қатысушылармен кантакт жасауға мүмкіндігі болуы
керек. Мектепте практик психолог ретінде жұмыс істеп жүрген педегог мұндай
мүмкіншілікке ие.Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен
10-12адам жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң
қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.
8.Ену принципі. Сабақта ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек.Оларды
жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қортындыға дәйек береді өте
ауқымды эффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге
болады 3-4сағат енумен,кейде бұдан ұзақ кезең бойына.Бұл қатысушыларды
елітуге,олардың ұзақ үзілістен кейін топтық процессерге эмоциялы
енулеріне көп уақыт кететіндігі байланысты.Мектептегі тренингтік топ
мектептің сабақ кестесімен сыйымды.Қосарланған абақты аптасына кем дегенде
бір рет өткізген жөн.Мүмкін варианттардың бірі, сағатқа созылатын тренинг-
марафон,бірақ оны тек дайындығы бар қатысушылармен ғана өткізуге болады.
9.Бөлектену принципі.Бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім
естіп қоймауы шарт.Егер жүргізушіге аудио немесе видио жазбалар қажет
болса,топтың балық мүшелерінен рұқсат алу керек.Тренингтік жаттығулар мен
тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдар мен кейінірек өздік жұмыстары
үшін арнайы жазылады.
10.Еркін кеңістік принципі.Бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына,шеңбер
құруларына,3-4,7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне,оқшауларына мүмкіндік
болуы керек.Тренинг дайындығының негізгі элементті болашақ ұғыммен алғашқы
кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады.Біріншіден
міндеттері,мерзімі,кездес ұзақтығы туралы топтық әңгіме
жүргізіледі.Жиналғандар тренингте қатысу немесе қандай-да бір себептермен
бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды.Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет
білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.Жұмыс барысында мотивтер
анықталады қызығушылық,білімге құштарлық,жаңа тәжірибе алуға ұмылыс,өмірге
дайындық,өз проблемаларын шешу.Бұл топқа кездейсоқ адамдар емес,саналы
түрде бел буған адамдар қатысады.

2. Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары,механизмдері мен құралдары.
Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен
қолданылады.
Әлеуметтендіру ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр
түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне
интеграциялау, одақтың қауымдастыру.
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен
құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады,
яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке
қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет.
Адамдардың мінезі – құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ
адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана
әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-
бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның
қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды Әлеуметтендіру термині саяси экономикадан келді, оның ең
алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын қоғамдастырудан басталды.
Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы
Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің Әлеуметтендіру теориясы кітабында, бұл
ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін
дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде
сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам
өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін
түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі
белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік,
отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. Адамның адам болып калыптасуы
жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады,
өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-
әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан.
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін
табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл
міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде,
сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі
қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы
мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа
ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына
ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру,
тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне
баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің
шешімі: егер, ізгілікті орта болса, барлығымен бірге болу және өзімен
өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Басқару әдістері мен технологиялары
Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы
Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Адамдардағы коммуникативті сапалық қалыптастырудың кейбір озық әдістері
Жоғарғы сынып оқушыларына тренингтерді қолдану арқылы қарым-қатынастарын жақсарту
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
Кейсті түзуге материалдар жинау
Пәндер