Сөйлеу және оның мектеп жасына дейінгі балаларда дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Жалпы психология » кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні

мамандығы

Жұмыс тақырыбы

Жұмыс Орындаған

бағасы

бағасына қорғалды студент

«___»200__ж тобы

(қолы, аты-жөні)

Комиссия: Жетекші

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:

(қолы, аты-жөні)

Шымкент 2009 ж


Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі . Курстық жұмысымның зерттеу тақырыбын: «Сөйлеу және оның мектеп жасына дейінгі балаларда дамуы» деп аталынды.

Зерттеу объектісі: Сөйлеудің дамуын анықтау

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуінің дамуын айқындау

Зерттеу мақсаты: Сөйлеу мен оның мектеп жасына дейінді балалардағы даму ерекшелігін белгілеп көрсеті

Зерттеудің міндеттері: Сөйлеудің қасиеттері мен сапаларын, қызметтерін айқындап көрсету; мектепжасына дейінгі балалардағы сөйлеу тілінің дамуын белгілеу. Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.

Курстық жұмыс құрылымы : кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 бөлім Сөйлеу үрдісінің алғы шарттары

1. 1 Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар

1. 2 Сөйлеу қызметтерінің психологиялық сипаттары

2 бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуінің дамуы

2. 1 Сөйлеу үрдісінің балаларда дамуы

2. 2 Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала сөйлеуінің дамуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

1 бөлім Сөйлеу үрдісінің алғы шарттары

1. 1 Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар

Сөйлеу - тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Тіл - адам коғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-катынас кызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады. Тіл мағыналы сездерден және солар бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер жиынтығы - синтаксистен кұралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Сөздің мағынасы дегеніміз - оның нақты болмыста белгіленген объектіге қатынасы, бұл арада объектінің санада калай қабылданғаны есепке алынбайды. Тілдің грамматикалық категориясы логикалық категориямен ұштастырылады. Логикалык категориялар жалпы адамдық болып табылады. Олар ор тілге тән түрде тиісті грамматикалық құрылымдар арқылы білінеді.

Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халык үшін бірдей және адамдар білген кұбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қай тілдің болмасын айтылуының, грамматилық және синтаксистік нормативті ережелері болады. Сөйлеу - психикалық қубылыс. Ол әр адамның тек өзіне ғана тән болады және сейлеуде объективтік шындықты осы адамның субъективті бейнелеп, білдіруін көрсетеді, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Қарым-катынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Тіпті ұлы жазушылардын тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болатыны белгілі. Жеке адамның сөйлеуі стандартынан ауытқи айтылуымен және сөйлем құрылысымен ерекшелінеді.

Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады. «Тіл- ой музейі» деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы іске асады, Адамдар арасындағы карым-қатынаста пайдаланылмайтын, бірақ жазбаша түрде сақталған тілді өлі тіл дейді. Демек, тіл рухани мрдениет құбылысы ретінде, өзін жасаған қоғам кұрып кеткен соң да өмір сүре отырып, жоғалған цивилизация мәдениетінің аса құнды ескерткіші бола алады екен (мысалы, ежелгі грек, латын тілдері, сан-скрит) .

Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар (сөйлеу ілінде) және графемалар (жазба тілінде) болып табылады. Нақ осы әлеуметтік тұрғыда жасалып, қалыптасқан дыбыстар мен гряфикалық белгілерден адамзат тәжірибесін паш етуші сөздер құрылады.

Сөйтіп, тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы өмірлік казына жинақталады. Осыған орай сәби тіл үйрену нәтижесінде өзінің таным әрекетінің тар шеңберін кеңейтеді, аадамзаттың колы жеткен білім деңгейіне иек артады, өз басының тәжірибесін сөзбен бекітіп, оны айналасындағыларға таратуға мүмкіндік алады.

Тіл - сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа тірелген жүйесі, ал сөйлеу - ой мен сезімді жеткізуге жасалған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданысы.

Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнек-арналған әртүрлі таңба-белгілердің жиынтығынан осы қордан сөйлеу үшін қажетті белгілі тілдік құрам (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз тіркестері мен сөйлеу, әуен, ырғақ ж. т. б. ) іріктеліп алынған шақта ғана, ой мүмкіндігіне ие боламыз.

Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде (сөйлеу) қабылданған. Мұндайда сөйлеу - лексикалық синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл, фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз. Сөйлеу - тілде байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтықты жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы ақпарат тану бекімін тауып, қажет кезде мағаналык шешімге келеді. Әңгімелесудің ерекше ретінде диалогтық сейлеуде хабарлаушылар ролі бір алмасып отырады, осыған орай біз не жөнінде әңгімелесіп жатқанын түсінеміз.

Сонымен, сөйлеу - тек адамға тән тіл қатынасы, ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтудың ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматикалық ережелеріне сай оларды байланыстырады, ағзаларын іске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындага түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды жіктеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді елестету құралы мен ережелері болуы шарт.

Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір біріне ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бірі бірінің іс-әрекет қылықтарын өзгертуге тырысады.

Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы адамдардың сөз саптау сипаты әртүрлі. Хабарлау үшін ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен мақсат қойып, кейін оны сөзбен баламалайды, Ал '

Хабарлаушының айтқан ой мағынасының таңдауы түсінікті болғандығы тыңдаушы хабарлаушы роліне өз сөзімен қабылданған ақпараттың түсінікті екендігі белгі бергенге ғана айқындалады. Ал бұл ықпал жасау процесін айқын түсіну үшін тілдестік әрекетінің құрылымын ғана біліп қою жеткіліксіз, Бұл орайда әңгімелесуге негіз болған сепеп, түрткілер, тілдесу мен ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие.

Бұл үшін тілдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс белгілерді ажырата алған жөн. Сөз баян әмбебап болғанымен, оның толық мәні тілдестік жүйесінің сөзден тыс белгілермен тілдесу проблемасы туындайды.

Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралин жене экстралингвидациялық белгілер жүйесі де қалыптасады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз мағынадағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.

Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөйлеу барысында өте маңызды жәрдемші бола отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, қатысқаңдардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен колдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың байланысты қызмет әрекетін ұйьмдастыру үшін ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.

Емеурін, қимыл әліппесін білетін адам қарсыластарының, әріптестерінің сырын еш қиналмай-ақ үғынады. Қандай жағдайда қалай әсер етудің жолдарын пайдаланады. ӨЗ мүддесін жүзеге асыру үшін түрлі әрекеттерге барады. Тіпті адамның бетіне қарағанда, қай нүктенің қалай әсер ететінін, қай тұстан қандай куат келетінін іштей түйсініп, қалауына орай нәтижеге жетуге ебден болады. Тек пигғыл, ниет таза болсын. Адамның ойлау мазмұнынан төгілсті пайда, зиянның өлшемі шексіз. Әрбір сөз, ербір әліппенің саны, өз жүйесі бар, әрбір әріптің өз иесі бар. Біреуд жазықсыз ренжіту, қиянат жасау, қалай болса, солай сөйлеудің түпкі тамырында магнитті толқындар жасырынған "Жақсы сөз - жарым ырыс", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады", "Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады" дейді. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыр болады, Сөзбен өлтіріп жіберуге, тыпырлатпай таста болады. Сөз төркінін түсінгендер мұны жақсы біледі.

Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық болып бөлінеді.

Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Бірақ олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатысынсыз және заттасқан тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды. Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кезегі көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба сөйлеудің ауызша сөйлеуден кейін пайда болып, әрі соның нәтижесінде қалыптасатынын түсінеміз.

Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде (кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін - бірі көріп тұрады не-месе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі. Мысалы, телефонмен сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақ-жауап кейпінде байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап алуы мүмкін емес телерадиодағы сөйлеу тіпті басқаша.

Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтык сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді. Өзара түсіністік мұндайда бұрынғы әңгіме желісінен, тақырып барысынан және іс-әрекет мазмұнына орай жетіледі. Ауызша сөз, әдетте, әңгімелесуге қосылған адамның ниет ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретінде жүзеге асады.

Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап

етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяңдама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар (лекция) ж. т. б. ) . Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлері бірнеше іштен қайталанады, жоспары қайта түзілістерге түседі орынды сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліп тандалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бірізді, қатаң логикалық талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау, сондықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейінірек қалыптасқан. Мұндай сөйлеу түрін оқушыларда қалыптастыру үшін мұғалімдер арнайы міндеттерді жүзеге келтіре отырып, еркін әрі мәнді сөйлеу тәрбиесін бүкіл оқу процесінде үзбестен жүргізіп барады.

Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екінші адамға жеткізу үшін таңбалар не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік қатынас процесінде вер балды (таңба ретінде - сөз, баян) және вербалды емес (таңба ретінде - сөзден тыс белгі, ишаралар) байланыстар қолданылады.

Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұңдайда сөйлеу - лексикалық және синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз. Сөйлеу - тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі мұның жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы ақпарат таңбалық бекімін тауып, қажет кезде мағыналық шешімге келеді (кодирование, декодирование) . Әңгімелесудің ерекше түрі ретіңде диалогтық сөйлеуде хабарлаушылар ролі бір ізді алмасып отырады, осыған орай біз не жөнінде әңгіме болып жатқанын түсінеміз.

Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалын қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір - біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт - бағдар көрсете отырып, олар бірі бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге өзгертуге тырысады.

Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы адамдардың сөз саптау сипаты әртүрлі. Хабарлауші үшін ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен мақсат қойып, кейін оны сөзбен бала-малайды. Ал тындаушы үшін қабылданатын ақпараттың мәні, оны сөзге келтірумен бірге ұғылады (Я. Яноушек) .

Хабарлаушының айтқан ой мағынасының тындаушыға түсінікгі болғандығы тындаушы хабарлаушы роліне еніп, өз сөзімен қабылданған ақпараттың түсінікті екендігі жайлы белгі бергенде ғана айқындалады.

Тілдесудің мазмұндылығы, оның барысындағы әңгімелесушілердің бір-біріне ықпал жасауынан көрінеді. Ал бұл өзара ықпал жасау процесін айқын түсіну үшін тілдестік қатынас әрекетінің құрылымын ғана біліп қою жет-кіліксіз, бұл орайда әңгімелесуге негіз болған себеп-түрткілер, тілдесу мақсаттары мен ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие. Бұл үшін тілдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс қолданылатын белгілерді ажырата алған жөн. Сөзбаян қаншалықты әмбебап болғанымен, оның толық мәні тілдестік әрекет жүйесінің сөзден тыс ишара белгілермен толықтырылғанда ғана ашылады. Осыдан вербалды емес (сөзден тыс) тілдесу проблемасы туындайды.

Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру - қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым, ишара, пантонима ж. т. 6. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық ж. т. б. ) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді. Ал бұл ишара белгілер әртүрлі мәдениет иелерінде, яғни әртүрлі ұлт өкілдерінде бірдей емес. Мысалы, қазақ келіспесе басын шайқайды, ал болгарлар - басын изитін көрінеді.

Вербалды тілдесуге қосымша ретінде паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.

Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге қатысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың өзара байланысты қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.

Ишара, емеурін, қимыл әліппесін білетін адам қарсыластарының, әріптестерінің сырын еш қиналмай-ақ ұғып, қандай жағдайда қалай әсер етудің жолдарын пайдаланады, өз мүддесін жүзеге асыру үшін түрлі әрекет-терге барады. Тіпті адамның бетіне қарағанда, қай нүктенің қалай әсер ететінін, қай тұстан қандай қуат келетінін іштей түйсініп, қалауына орай нәтижеге жетуге әбден болады. Тек пиғыл, ниет таза болсын. Адамның ойлау мазмұнынан төгілетін пайда, зиянның өлшемі шексіз. Әрбір сөз, әрбір әліппенің өз саны, өз жүйесі бар, әрбір әріптің өз иесі бар. Біреуді жөн жосықсыз ренжіту, қиянат жасау, қалай болса, солай сөйлеудің түпкі тамырында магнитті толқындар жасырынған. «Жақсы сөз - жарым ырыс», Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады", "жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады" дейді. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыруға болады, сөзбен өлтіріп жіберуге, тыпырлатпай тастауға болады. Сөз төркінін түсінгендер мұны жақсы біледі.

Қарым-қатынас құралы болу үшін сөйлеудің белгілі бір шартқа жауап беруі, оның өзіне тән сапалары болуы керек. Мұндай саналарды екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа сөйлеуді дұрыс құруға керекті лексика (сөздік қор), фонстика (сөздерді құрайтын дыбыстар), сөйлеу мәнері, фразаларды құрастыру және көмескі, дұрыс емес, керексіз сөздер, мысалы, паразит сөздер, (провинңиализм) аймақтық тіл (елге көп мәлім емес, тек бір аймақта ғана колданылып жүрген сөздер), вулгаризмдердің. (тыңдаушы құлағына түрпідсй тиетін дөрекі сөз бен сөйлемдер) болмауы жатады.

Екінші топқа сөйлеушілердің өз ойын тыңдаушылар жадына бұлжытпай жеткізіп, тыңдаушыларға тиісті әсер жасап, оларды нандыратын сөйлеу сапалары жатады. Бұған сөйлеудің маңыздылығы, анықтығы, түсініктілігі, сөздің дұрыс кұрылуы, логикалылығы, әсемділігі, бейнелілігі, эмоңиялылығы, ұғымдылығы кіреді. Әрине, түрліше баяндау сондай-ақ бірінші топтағы талаптарды орындауға байланысты екені белгілі.

Егерде сөз адамның ойы мен сезімін дұрыс бейнелей алса, оны тыңдаушылар да жеңіл түсінеді. Егер сөйлеушінің өз ойы өзіне түсініксіз болса, не болмаса өз ойын жеткізуге немқұрайды қараса, оны түсіну де сондайлық дәрежеде болмақ.

М. И. Калинин бір кезде VIII-X класс оқушыларының сөйлеген сөздерін тыңдағаннан кейін, оқушылардың ешбір мүлтіксіз сауатты құрған сөздері ешкімді селт еткізе алмағанын, өйткені олардың сөздерінде сонылық болмай, окушылардың өз сөздерімен емес, басқа біреудің дайын тұрған сөздерімен сөйлегені айтқан. Оқушылардың сөйлеген сөзінде шын жүрегінен қайнап шыққан терең ой болмаған, М. И. Калинин оқушылардың сөйлеген сөзін жылуы жоқ ай сәулесіне теңеген.

Мұғалімнің сөзіне ерекше жоғары талап қойылады. Ол сөз түсініктілігі, анықтыгы, қызғылықтылығы, ойға қонымдылығы, дұрыстығы тағы басқаларымен ерекше болуға тиіс; егер оның ішінде қайта-қайта айтылып, жауыр болған сөздер көптеп кездессе, оның жаман болғаны. Мұғалімдер шыңына жеткізе жаттап алған сөздерін сайрай сөйлеп, бірақ сол сөздердің ішінен бірде-бір ескіріп кетпеген, тың сөзді кездестірмеген сабақтар жөнінде К. Чуковскийдің қинала жазғаны бар.

Сөздің өтімді болып, оның балаларға ықпалының тиюі үшін сөз ырғағының зор мәні бар.

«Қете беруіңе болады»-деген жай сөйлемнің өзін тәжірибелі педагогтар тыңдаушы үшін әр түрлі мәні бар 50 түрлі астармен айтуы мүмкін, - деген А. С. Макаренко.

Сөз сөйлегенде адамның бағыттылығынан: оның максат-мүддесі, нені қажетсінуі сенімділік жайы байқалады. Біріншіден, бағыттылык әңгіменің тақырыбы мен мазмұнын белгілсйді. Екіншіден, өзі қолына алған іске адам ойша да, карым-катынаста да көп қайтара оралады. Адамның өзі қызығатын жайлар туралы әңгімесі әрқашан қызықты, лексикалық жағынан бай, ссзімге толы келеді.

Ойлау мен сөйлеу арасындағы тығыз байланыс адамның сөйлеу ерекшелігінде оның біркатар ойлау ерекшеліктері де көрінетінін түсінуге мүмкіндік береді. Атап айтканда, бейнелі ойға, бейнелі сөйлеу сай келеді. Түсінікті ойлау пайымдаудың бейнелік дәлелділігі емес, логикалық тұрғыдан далелденіп, мейлінше қорыта сөйлеуге байланысты.

Адамның сөйлеу қасиеті алда шешілуге тиісті міндеттерге байланысты, ол міндеттер күні-түні адамның ойында жүреді. Білім беру, айтпақ ойын тындаушыларына кеңейтілген логикалық формада жеткізу міндеті, көкейдегі ойды мейлінше айкын, ашық сездермен айтуға дағдыландырады. Мәселені іштей ойлау, яғни, іштей сөйлеу арқылы ойлану дағдысы көбінесе өз ойын айтқысы келген сәтте тыңдаушылармен тіл табыса алмауға әкеліп соғады. Айтушының өзі үшін айқын ойды аудитория кабылдамайды. Мұндай жағдайда сөйленген сөз ойды ашқан жоқ, керісінше «жапты» дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
ОНР бар балалардың жіктелуі
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәнерлілігін дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстарының негізгі себептері
Ерте мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамытуда фольклорды қолдану мәселесін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz