Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануаралар мен өсімдіктер әленіне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастар қалыптасты. Дарвинизм органикалық дүниенің тарихи даму заңдарын зерттеген. Бұл ғылым ХІХ ғасырдың ортасында жануарлар мен өсімдіктердің эвалюциясы жайында жүйелі ілім қалыптастырған әйгілі ағылшын ғалымы Чарлз Дарвиннің атымен аталады. Дарвин жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін еш нәрсеге байланысы жоқ кездейсоқ «Құдайдың өзі жаратқан» және өзгермейтін нәрсе деген көзқарасты мүлде жойып, түрлердің өзгеріп отыратындыңғы мен олардың өзара сабақтастығын ашып, биолигияның толық ғылыми негізге бірінші салды. Жалпы алғанда эволюцияның ілімін осы қалыптасу дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтарын ашылды. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудегі белгілі заңдылықтарды салыстырып оқыту арқылы жоғарыда аталған тақырыпты толық ашу болып табылады.

Мақсаты: Биологияны оқытуда органикалық дүниенің қалыптасуын, дамуын және ғылымдардың еңбектерінде кездесетін әртүрлі салыстыра отырып оқыту.

Міндеті:

  1. Органикалық дүниенің даму тарихы мен қазіргі кезеңін түсіндіру.
  2. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің жолдары мен ерекшеліктерін қалыптастыру.
  3. Оқушылардың пәнге деген қызығуын, ойлау, қабілетін жетілдіру.

Зерттеу әдісі: Тақырыпты салыстырып оқыту.

Зерттеудің практикалық маңызы: Бұл тақырыптың практикалық маңызы мектеп оқушыларына органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасын ғалымдардың пікірлері жайлы түсініктерді қалыптастыру.

1 Органикалық дүниені жүйелеу тарихы мен қазіргі кезеңі

1. 1 Органикалық дүниенің дамуын ғылыми зерттеу тарихы

Ағзаларды құрылыс белгілеріне және тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөліп жүйелеу, ерте кездерден бастап-ақ жүргізілді. Мысалы, ертеде өм ір сүрген адамдар өз айналасында өсетін өсімдіктерді және сол маңда тарлған жануарларды пйдалы, зиянды ағаштар, бұталар, шөпптесін өсімдіктер немесе жабайы және үй жануарлары деп жеке топтарға бөлгендігі белгілі.

Ағзалардың жеке түрлеріне сипаттама беру және олардың бір-бірімен ұқсас немесе айырмашылық белгілерін, тіршілік ерекшеліктеріне нақтылы анықтама жазу ертедегі грек ойшылдарынан басталадты. Біз, бұл арада бірден-ақ Аристотель (384-322 б. з. б. ) есімінен бастауымызға болады. Өйткені, Аристотель өз заманының жан-жақты ғұлама ғалымы және көптеген энциклопедиялық еңбектердің авторы. Оның көптеген еңбектеріінің ішінде биология ғылымына арналған еңбектері басты орында тұрады. Ол өз заманында жинақталған ағзалар жайлы жазылған еңбектерге талдау жасап, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, ағзалар туралы 4 үлкен жіне 11 кішіі биологиялық трактаттар жазды. Аристотельдің ең үлкен биологиялық трактаты “Жануарлар тарихы” деп аталады. Онда жеке жануарлар жайлы жан-жақты деректер келіре отырып, олардың сыртқы және ішкі құрылыстары және тіршілік әрекеттері туралы да мәліметтер беріп отырады. Оның “Жануарлардың жеке бөліктері”, “Жануарлаардың шығу тегі” және т. б. да трактаттары бар.

Аристотель барлық тірі ағзаларды өсімдіктер әлемі және жануарлар дүниесі деп үлкен 2 топқа бөліп қарастырады.

Аристотель жануарларды алғаш рет қаны барлар энайма және қансыздар анайма деп бөлді. Оның қаны бар жануарлар дегені қазіргі кезде біз қолданып жүрген омыртқалылар деген ұғымға, ал қаны жоқ жануарлар деген-омыртқасыздар деген ұғымға сәйкес келеді. Ол өз заманында зоология ғылымы жайлы көптеген еңбектер жазғандықтан, оны зоология ғылымының атасы деп орынды айтады. Ол ботаника ғылымымен дее айналысқан, бірақта оның ботаникаға арналған еңбектері сақталмаған.

Аристотельдің ботаника ғылымы туралы көзқарастары мен ой-пікірлерін шәкірті Теофраст (370-285 б. з. б. ) “Өсімдіктер тарихы” атты еңбегінде ары қарай толықтырады.

Жаратылыстану ғылымдарының бірте-бірте дамуына сәйкес өсімдіктер мен жануарлар туралы нақтылы деректер сипааттама түрінде жинақтала түсті және оларға ғылыми талдаулар жан-жақты жүргізілді. Сонымен қатар, биология ғылымының жаңа салалары пайда болып, олар жайлы да құнды мәліметтер жинақтала түсті. Бұл арада адам анотомиясы, дәрігерлік ілім жайында көптеген ғалымдардың (Герофил, Эразистрат, Лукреций Кар, Клавдий Гален т. б. ) еңбектерінің жарық көргендігін ерекше атап өтуге болады.

XVI ғасыда жаратылыстаанушыы ғалымы Эдвард Уоттонның (1492-1555) 1552 жылыы жазылған “Жануарлардың айырмашылықтары туралы” деген еңбегі Аристотельдің жануарларды жіктеу қағидаларына сүйене отырып, төменгі және жоғарғы сатыдағы жеке топтарға жататын түрлерге толық сипаттамаа береді. Оның жануарларды жіктееуінде табиғи тұрғыда жеке топтарға жүйелеу де кездесіп отырады.

Жануарлар жайлы жан-жақты әрі дәйекті деректер XVI ғасырдан басталды деп ерекше атап айтуға болады. Осы кездегі құнды әрі ғылыми тұрғыда толық жазылған швейцар жартылыстанушы ғалымы Конрад Геснердің (1516-1565) “Жануарлар тарихы” атты 5 томдық еңбегін атауға болады. Ғалым бұл еңбегінде сол кездегі жануарлар туралы деректерді толығымен қамтыды. Бұл еңбектің әрбір томы жануарлардың жеке топтарына мысалы, балықтарға, құстарға, сүтқоректілерге т. б. арналып, алфавиттік ретпен жазылады.

XVI ғасыда осы тұрғыда жануарлар жайлы жазылған басқа да еңбектер жарық көрді. Мысалы, француз ғалымы Гийом Ронделе (1507-1566) 1554 жылы балықтар жайлы құнды еңбек жазса, ал екінші француз ғалымы Пьер Белон (1517-1564) 1555 жылы құстар туралы бағалы еңбегін жариялайды. Бұл кезеңдегі зоологиялық еңбектердің көпшілігі Аристотель негізін салған жіктеу бойынша қаны жоқ және қаны бар жануарлар деп беріліп отырылды.

XVII ғасыдағы жануарларды жеке жүйелік топтарға жіктеуде Джон Рейдің (1628-1705) еңбектерін ерекше атауға болады. Ол да өз еңбектерінде Аристотельдің жүйелік топтарын пайдалана отырып, қаны бар жануарлардың өздерін (омыртқалыларды) желбезекпен және өкпемен тыныс алатындар деп 2 топқа бөліп қарастырады. Ал, өкпемен тыныс алатындарды жұмыртқа салатындар және тірі туатындар деп жеке топтарға бөлді.

Орта ғасырлар мен қайта өрлеу кезінде тірі ағзаларды сипаттап жазу және жүйелеу кеңінен өріс алды. Ағылшын ғалымы, ботаник Р. Морисон (1620-1683) “Шатыргүлді өсімдіктерді жаңаша жүйелеу” деген еңбек жазды. Бұл кезде ағылшын жаратылыстанушы ғалымы Джон Рейдің “Өсімдіктер тарихы” атты 3 томдық еңбегінің маңызы зор болды. Ол алғаш рет(species) деген ұғымды ғылымға енгізді.

Тірі ағзаларды жеке жүйелік топтарға бөліп жіктеудің негізін салған швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) . Ол “Ботаника негіздері”, “Ботаника философиясы”, “Өсімдік туыстары”, “Өсімдік түрлері”, “Табиғат жүйесі” т. б. көптеген құнды еңбектер жазды. К. Линней “Өсімдік түрлері” атты еңбегінде өсімдіктердің 1260 туысы мен 7540 түріне сипаттама жазып, өсімдіктерді 24 класқа бөлді. Ол өзінің тірі ағзаларды жіктеуінде түр тармағы, түрг туыс, отряд, класс деген жеке жүйелік топтарды ғылымға енгізді. [2, 3] . Ол кезде тірі ағзаларды жүйелеуде тұқымдас, тип, империя деген жүйелік топтар ғылымда мүлдем аталмағаан болатын. Мұндай жүйелік топтар ғылымға кейіннен енгізілді. Бұл арада мектеп мұғалімдеріне ерекше ескертетін нәрсе, қазіргі кезде орта мектептердің 7- сыныбына арналған биология оқулығының “Жануарлар дүниесі” деп аталатын III бөлімнің 38- параграфы “Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу” деген тақырыпта К. Линнейдің жануарларды жеке жүйелік топтарға жіктеуі туралы қате пікір берілгенін осы кезге дейін мектеп мұғалімдерінің байқамауы таңқалдырады. Оқулықтың 2- басылымының (2007ж. ) 161- бетінде былый деп жазылған: “Ол түрді-туысқа, туысты- тұқымдасқа, тұқымдасты- отрядқа, отрядты - класқа, класты- типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды ” деп жазылған. Бұл арада тұқымдас, тип деген ұғымдар К. Линнейдің жіктеуінде мүлде жоқ ұғымдар. Бұл ұғымдарды оның іліміне тели салу әрі ғылымға жат, әрі қате пікір. Дәл осндай түсінік оқулықтың 163- бетінде тағы да қайталанған. Сонымен қатар, осы тақырыптағы 12- сызбанұсқада “біржасушалылар типі” деп берілген ұғым да дұрыс емес. Өйткені, соңғы кездегі зоологиялық жүйелеуде біржасушалылар дүние тармағының өзі жеке 7 типке бөлініп беріледі [4] .

Жалпы алғанда, тірі ағзаларды жеке жүйелік топтпрға жіктеуде К. Линнейдің жүйелеуі жасанды жүйелеу деп аталады. Өйткені, оның жүйелеуі әрбір түрдің сыртқы аздаған белгілерніің ұқсастығы бойынша топтастырылған. Мысалы, құстарды жүйелеу кезінде тұмсықтарының ұқсас белгілеріне сәйкес страус (африка түйеқұсы), казуар, тауыс (павлин), тауық және т. б. бір отрядқа топтастырылды. Ал, тістерінің құрылысына байланысты піл, морж, жалқауаң, құмырсқажегіш, ұшараң (ящер) т. б. бір топқа топтастырылса, кесіртке, саламандра, құбылғы (хамелеон ), қолтырауын (крокодил) т. б. кесіртке туысына жатады деп берілді.

К. Линнейдің омыртқасыз жануарларды жіктеуінде де көптеген кемшіліктер орын алды. Мұның бәрі де сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымының дамуына сәйкес орын алған кемшіліктер деп түсіну қажет. Дегенмен де, ол өсімдіктердің 10 мыңға жуық және 4200 астам жануарлардың түрлерін жеке топтарға жіктеп жүйеледі және олардың әрқайсысын сипаттап жазды [5] . Жануарлардың кейбір жеке түрлеріне берген сипаттамасы өзінің нақтылығымен және ғылыми құндылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да, сол кездегі жаратылыстанушы ғалымдар К. Линнейдің жүйелеуін өз зерттеулерінде ұзақ уақыт аралығында кеңінен қолданып келді.

Карл Линней жаратылыстану ғылымында алғаш рет жасанды жүйелеудің негізін салды. Ол өзінің тірі ағзаларды жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр деген ұғымды алды. Біраақ, ол түр өзгермейді, деген пікірді ұсынды [6] . К. Линнейдің тірі ағзаларды жүйелеудегі кейбір кемшіліктеріне қарамастан ғылым үшін көптеген жетістіктері болғанын да атап өту қажет. Ол тірі ағзаларды жүйелеудің алғашқы қадамын жасап, ғылымға қосарлы атау тізімді (бинарлық номенклатураны) ұсынды. Әрбір биологиялық түрді латынның қос сөзімен атауы ғылымда осы күнге дейін қолданып келеді. Мұндағы бірінші сөз еске сақтайтын жағдай туыстың атауы бас әріппен, ал түрдің атауы кіші әріппен жазылады. Мысалы, қазіргі Жер бетіндегі адамның бәрі бір ғана түрге жатады, оны ғылымда Homo sapiens (саналы адам) деп атайды. К. Линней тірі ағзаларлың көптүрлігінің белгілі бір сатылы деңгей бойынша орналасқандығын да нақты атап өтіп, жануарлар дүниесін 6 класқа бөлді және оларды құрылысының күрделену ретіне сәйкес құрттар, жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, құстар және сүтқоректілер деп топтастырды. Ол сол кездің өзінде-ақ адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орнын дұрыс белгілеп, адамды сүтқоректілер класының приматтар (маймылдар) отрядына және оның ішінде адамтектес маймылдар тобына жатқызуы ғылыми тұрғыдан өте дұрыс екендігі дәлелденді.

XVII-XVIII ғасырларда көптеген жаратылысьанушы ғалымдар көбіне жеке жануарлардың тіршілік әрекеттеріне және олардың таралу ерекшеліктеріне басты назар аударып, жануарларды жеке жүйелік топтарға жіктеуге оншалықты көңіл бөле қоймады. Бұл тұрғыда француз ғалымы Жорж Бюффонның (1707-1788) 1749-1788 жылдар аралығында жарық көрген 36 томнан тұратын “Табиғи тархи” атты іргелі де, көпшілікке кеңінен таныс еңбектерін атауға болады. Бұл еңбектерінде ғалым жануарлардың жеке түрлерінің таралу ерекшеліктеріне басты назар аударып, зоография ғылымының негізін салды. Ал, сол дәуірде өмір сүрген француз жаратылыстанушысы Рене Реомюр (1683-1757) “Жәндіктердің тарихы жөнінде мемуарлар” деген 6 томдық құнды еңбегінде жәндіктердің құрылысы мен тіршілік әрекеттері (әсіресе жәндіктерге тән түйсіктерді) жан-жақты сипаттап жазды.

XVIII ғасырдан бастап микроскоптық зерттеулерге байланысты

біржасушалы қарапайымдар туралы деректер кеңінен жинақтала бастады. Бұл кезде 18-20 мыңдай жануарлар түрлері ғылыми тұрғыдан зерттеліп, олар туралы нақты деректер сипатталып жазылды.

Жануарлар дүниесін жеке жүйелік топтарға бөліп жіктеуде француз ғалымы Жан Батист Ламартың (1744-1829) еңбегі зор. Ол алғаш рет жануарларды омыртқасыздар және омыртқлылар деп екі топқа бөлді. Сонымен қатар, ол құрттарды - жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар деп жеке топтарға жіктеді. Ж. Б. Ламарк ғылымға “биология” “биосфера”, “омыртқасыздар зоологиясы” т. б. көптеген терминдер енгізіп, оларға нақты анықтамалар берді. Ол омыртқасыздар зоологиясын жүйелеудің негізін қалады. Оның 2 томнан тұратын 1809 жылы жарық көрген “Зоология философиясы” деген іргелі еңбегі XIX ғасырдың бас кезіндегі биология ғылымында теориялық тұрғыдан тұжырымды түйін жасалған бағалы еңбек деп есептелінеді. Ғалым бұл еңбегі арқылы биология ғылымында алғаш рет табиғи жүйелеудің негізін қалады. Оның көзқарасы бойынша өсімдіктер мен жануарлардың түрлері белгілі бір уақыт аралығында қарапайым түрлерден бірте-бірте күрделену жолымен пайда болады. Сондықтан да, ағзаларды жеке жүйелік топтарға қалай болса солай жіктеу дұрыс емес, ол ағзаларды тарихи дамуы кезеңіндегі ақиқаттылық реті бойынша қарапайымнан күрделену деңгейіне сәйкес жеке топтарға жіктелуі қажет екендігін ерекше атап көрсетті. Ағзалардың құрылыс ерекшеліктерінің бірте-бірте күрделенуі сатылы деңгей сипатында болатынына да ерекше көңіл бөлді. Ағзалардың құрылыс ерекшеліктеріне сәйкес күрделену деңгейін Ж. Б. Ламарк градация (латынша “graditio”-біртіндеп күрделену деңгейі) деп атады.

Ж. Б. Ламарк жануарлардың сан алуан түрлерін 14 класқа топтастырып, олардың құрылысының күрделену ерекшелігіне сәйкес 6 деңгейді ажыратып көрсетті. Мұндай деңгейлерді ажыратып көрсетті. Мұндай деңгейлерді белгілеуде ол ағзлардың әрі анатомиялық, әрі физиологиялық ерекшеліктеріне әсіресе жүйке жүйелері мен қанайналым жүйелеріне айрықша көңіл бөлді. Ол мұндай деңгейлік құрылым өсімдіктер әлеміне де тән екендігін де ескертті. Ж. Б. Ламарк К. Линнейдің жануарларды жүйелеп жіктеуін жетілдіре түсті. Мысалы К. Линней омыртқасыз жануарларды құрттар және жәндіктер деп жеке 2 класқа топтастырған болса, Ламарк омыртқасыз жануарларлы жеке 10 класқа бөліп жіктеді. Сонымен бірге, ламарк жануарлар кластарын құрылыстарының күрделену деңгейі бойынша орналастыруды ұсынды (сызбанұсқа - 1) .

Сызбанұсқа-1 Жануарлар дүниесінің жеке кластарын күрделену деңгейіне сәйкес Ж. Б. Ламарктың орналастыруының сызбанұсқасы

1821жылы неміс ғалымы Э. Фриз тірі ағзалар үшін саңырауқұлақтарды өз алдына үшінші әлем (дүние) ретінде жеке бөлуді ұсынды. Сол кездегі көрнекті ағылшын ғалымы Ричард Оуэн (1804-1892) нееміс ғалымы Э. Геккель және т. б. ғалымдар тірі ағзалардың үшінші әлемі деп саңырауқұлақтарды емес қарапайымдыларды атауды ұсынды.

Жануарлар дүниесінде қолданылатын жеке жүйелік топтар - “тұқымдас” және “тип” деген ұғымдар ғылымға кейінен енгізілді. Мысалы, “тип” (phylum) ұғымы тек жануарлар дүниесін жіктеуде ғана қолданылатын жоғарыы деңгейдегі таксондақ ұғым. Бұл ұғымды ғылымға алғаш рет 1825 жылы француз ғалымы Анри Бленфиль (1777-1850) енгізді. Ол француздың көрнекті ғалымы Жорж Кювьенің (1769-1832) шәкірті болған. Ж. Кювье өзінің “Жануарлар дүниесі” атты іргелі еңбегінде жануарлар дүниесін ауқымды төрт тармаққа (омыртқалылар, ұлулар, бунақтылар және сәулелілер) бөлген болатын. Осы “тармақ” деген ұғымды А. Бленфиль “тип” деген терминмен алмастырды. Ал, “тұқымдас” деген жүйелік топ та ғылымға кейіннен енгізіліп, өсімдіктерді де және жануарларды да жүйелеп жіктеуде кеңінен қолданылып келеді.

XIX ғасырда немістің көрнекті ғалымы Эрнест Геккель (1834-1919) тірі ағзаларды 3 дүниеге бөліп, тірі ағзалардың “шығу тегінің бағаны” деген ұғымды енгізді. Ондағы басты ұғым жуан ағаштың көптеген ірі бұтақтарынан кластар, отрядтар, тұқымдастар, туыстар таралады деп түсіндірді.

Биология ғылымының дамуында Чарлз Дарвинның (1809-1882) эволюциялық ілімнің маңызы ерекше екендігі белгілі. Ч. Дарвин ілімінің нәтижесінде тірі ағзаларды жеке жүйелік топтарға жіктеуде негізінен олардың шығу тегі мен туыстық жақын белгілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан да, жүйеленім ғылымында эвалюциялық бағыт басты рөл атқарады Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі тірі ағзаларды жіктеп, жеке жүйелік топтарға топтастыруда табиғи жүйлеудің негізін салды.

Қазіргі кезде тірі ағзаларды жеке жүйелік топтарға бөліп жүйелеуде ең кіші жүйелік бірлік - түр деген ұғым қолданылса, ал ең ауқымды жүйелік бірлік ретінде - империя термині қолданылады Барлық тірі ағзалар 2 империяға, яғни клеткалық құрылысы айқын емес, жіне клеткалық құрылысы айқын ағзалар деп ажыратылады. Ал, клеткалық құрылысы айқын ағзалардың өзі ядросы айқын емес ағзалар-прокариоттар және ядросы айқын ағзалар- эукаиоттар деп бөлінеді. Тірі ағзаларды мұндай үлкен 2 жүйелік топқа бөлуді 1925 жылы француз ғалымы Э. Шаттон ұсынған болатын. Прокариоттар мен эукаиоттар жүйелік топ бойынша дүние деген жүйелік топтардан жоғары деген таксондық ұғымды білдіреді. (сызбанұсқа - 2) .

Сызбанұсқа 2 - Қазіргі кездегі тірі ағзаларды жіктеудің сызбанұсқасы

Соңғы кезде шет елдерде шығып жатқан биологиялық ғылыми еңбектерде американ экологы Роберт Уиттэйкердің (1920-1981) 1969 жылы жарияланған 5 әлем бойынша барлық тірі ағзаларды (вирустардан басқаларын) 5 әлемге топтастырып жіктеу байқалады. Мұндағы тірі ағзалар әлемдерінің кейбір атауларында ғана аздаған айырмашылықтар байқалады. Мысалы, монералар әлемі (оған барлық бактериялар мен басқа да прокариоттар жатады), қарапайымдар әлемі (оған барлық бірклеткалы ағзалар топтастырылған) . Ал, көпклеткалы ағзалар жеке 3 әлемге (саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) топтастырылып берілген.

Қорыта айтқанда, тірі ағзаларды түрден бастап күрделену ретінде сәйкес империяны қоса есептегенде ағзаларды жіктеу пирамидасы деп те атайды. Ондағы негізгі жүйелік топтар күрделену деңгейіне байланысты жануарлар дүниесі үшін:түр (species) туыс (genus) тұқымдас (familia) отряд (order) класс (classis) тип (phylum) әлем немесе дүние (regnum)

империя (imperium) жүйесі түрінде беріледі. Бұл арада тағы да бір есте сақтауға қажетті нәрсе осы жоғарыда келтірілген әрбір жүйелік топтың аралық тармақтары болатынын да баса көрсеткен жөн. Мысалы, кластан да жоғары немесе кластан да ауқымды(надкласс) және класс тармақтары(подкласс) деген жүйелік топтар кездеседі.

Қазіргі кездегі биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты жеке жүйелік топтарды ажырату кезінде ДНҚ-ның молекулалық құрылымының ұқсастығы немесе айырмашылығы қатаң түрде ескеріледі. Сондықтан да, биолог мұғалімдер жүйеленім ғылымының жаңалықтарына үнемі көңіл бөліп оқулықтарда берілетін жүйелік топтардың дұрыс-бұрыстығын қадағалап, оқушылырға ғылым жетістіктерін дұрыс беріп отыруды естен шығармау абзал.

1. 2 Қазіргі кезеңдегі өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу

Қазірге кезде және геологиялық замандарда тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен организмдерді жіктеумен шұғылданатын биология ғылымының бір саласы жүйеленім (систематика - грекше «syctematicos»- белгілі ретпен жүйеленген) деп аталады.

Организмдерді жүйелеуде алғаш рет әрекет жасаған ертедегі грек философы әрі ғалымы Аристотель (384-322ж б. з. д. ) . ол өзінің 10 томнан тұратын «Жануарлар тарихы» еңбегінде 500-ден астам жануарларды сипаттап, оларды қаны жоқ және қаны бар деп 2 топқа бөлді. Ғалымның жануарларды осылай жіктеуге қазіргі кездегі омыртқасыз және омыртқалы жануарлар деген жіктеуге сәйкес келеді. Аристотельдің оқушысы Теофаст (372-287ж б. з. д. ) Греция жерінде өсетін 500-ге жуық өсімдік түріне анықтама берді және өсімдіктерді - шөптесін, бұта және ағашты өсімдіктер деп бөлді. Ол дәрілік өсімдіктердің адам организмі үшін аса маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

Организмдерді жүйелеуде ағылшын ғалымы Джон Рейдің (1627-1705) еңбегі зор. Ол алғаш рет түр ұғымын ғылымға енгізіп, оған анықтама берді. Ол “арғы шығу тегі ұқсас организмдердің ұқсас топтары түрді құрайды және . . . бір түр ешуақытта басқа түрдің тұқымына пайда болмайды”, -деп атап көрсетті. Д. Рей шын мәнінде табиғатта болатын әрі өзгермейтін категория деп есептеді. Ол жануарларды сыртқы анатомиялық ерекшеліктері бойынша (мүйізінің, тұяқтарының құрылысына байланысты) жіктеді. Мұның бәрі де қарапайым жіктеу болғанымен, табиғи жүйелеуге негіз салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың систематикасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Балдырлар туралы
Ашытқылар көбейтудегі теориялық негiздер
Эволюция теориясы
Бактериялардың құрылымы
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz