Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы



Кіріспе 5
1 Халық педагогикасы . бала тәрбиелеу құралы
1.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда
халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі
бағыттар 6
1.2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының алатын
орны 12
2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының рөлі
2.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері 14
2.2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің
тәрбиелік маңызы 22
2.3 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану
әдістемесі 26
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда мектепке дейінгі педагогиканы оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын халық педагогикасы арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық педагогикасы негізінде меңгертіп дамыту.
Зерттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттарын қолдану;
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының алатын
орны
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық педагогикасы элементтерінің түрлері
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік маңызы
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану
Зерттеудің объектісі. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні. Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану.
1. Ана тілі - Аталар сөзі - ақылдың көзі № 11, 2001 ж.
2. Ана тілі Болашақ ұрпақты халық педагогикасында тәрбиелеу. № 17, 2001 ж.
3. Атемова. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. – Алматы, 2002.
4. А.Е. Манкеш. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбиеберу. -Алматы: РБК, 1998.
5. Әдібай Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы «Санат» 2001ж.
6. Ә.С. Әмірова. Балаларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. - Алматы: Рауан, 1998.
7. Бастауыш мектеп – Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні, №1,2002ж.
8. Бастауыш мектеп – Тәрбиенің қайнар көзі халық педагогикасы № 3, 2000 ж.
9. Бастауыш мектеп – Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8-9, 1999 ж.
10. Болашақ – Мұхаммет Пайғамбардың тәрбие жайлы хадистері №20,2001 ж.
11. Болашақ – Халық педагогикасы - тәрбие өзегі, № 6, 2000 ж.
12. Болашақ – Халық педагогикасының оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі орны.
13. Мектепке дейінгі педагогика - А. Меңжанова А. 1999 ж.
14. Педагогика – Р.М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаев А. 2000 ж.
15. А. Құралов – Қазақы тыйымдар мен ырымдар А. 1998 ж.
16. С. Қалиев – Қазақ тәлім -тәрбиесі А. 1995 ж.
17. Қ. Жарықбаев – Әдеп және жантану А.1984 ж.
18. Ұзақбаев С.А. – Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар.
19. Қожахметова К.Ж.–Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики - А. «Ғылым» 1998 ж.
20. Типтік оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. - Алматы: Мектеп, 1989.
21. Н.Л. Татаурова, т.б. Мектепалды бағдарламасы. - Алматы, 2001.
22. М.С. Сәтімбекова,Ф.Н. Жұмабекова, т.б. Балабақшада баланы мектепке дайындау әдістемесі. - Алматы: Шартарап, 2000.
23. Ф.Н, Жұмабекова. Қағазбен жұмыс жасау. - Алматы: Шартарап, 2000.
24. Ф.Н. Жұмабекова, А.Д. Жұматаева. Балаңыз мектепке дайын ба? – Алматы: Балалар әдебиеті, 2006.
25. С. Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. - Алматы: Білім,1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
5
1 Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы
1.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда
халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі

бағыттар
6
1.2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының алатын
орны
12
2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының рөлі
2.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері
14
2. Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің
тәрбиелік маңызы
22
3. Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану
әдістемесі
26
Қорытынды
31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
32

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті
елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы
мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен
білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем
елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша
қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен
жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың
әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен
компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім
берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік
білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру,
балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша
шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз
жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап
етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда мектепке дейінгі педагогиканы
оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру
мақсатында баланың дүниетанымын халық педагогикасы арқылы болашақ жас
ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу
үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік
нормаларын халық педагогикасы негізінде меңгертіп дамыту.
Зерттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда халық
педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттарын қолдану;
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының алатын
орны
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің
тәрбиелік маңызы
- Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасын пайдалану
Зерттеудің объектісі. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық оқыту
үрдісі.
Зерттеудің пәні. Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық
педагогикасын пайдалану.

1 Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы
1.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңнің дүниетанымын дамытуда
халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі
бағыттар
Нәрестелік кезеңдегі бала тәрбиесіндегі халық дәстүрлері. Балаларға тәлім-
тәрбие беру ісінің табысты болуы тәрбиеші олардың жас және даму ерекшелігін
дұрыс біліп, өмірін, іс-өрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына
байланысты. Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала
дамуының бірқалыпты өтпейтіндігін (секірмелі, дағдарысты өтеді) ескеріп,
балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге бөледі. Туғаннан бастап
мектепке барғанға дейінгі кезеңде бала үш дағдарыс сәттерін: бір жаста, үш
жаста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі
үш кезеңге бөлінеді: Мұндай жас топтарына бөлінуі бағдарламалар,
әдістемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмұнын айқындауда күн
тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала
тәрбиесімен айналысатын болашақ мамандарға, ата-аналарға баланың даму
кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде
жетістіктерге жеткізеді.
Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл
кезеңдебалатезөсіп, дамиды. Осыны ескеріп маңсатты тәрбие, жақсы күтім
жасалса, нәрестенің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс
дамиды.
Нәрестелік кезеңде баланың дұрыс дамуын ұйымдастыру үшін күн тәртібіне
сай тамақ пен тазалық қажет. Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы
бөлме немесе бұрыш белгілеп, сонда әлпештеп күту керек. Бөлмені күніне
бірнеше рет дымқыл шүберекпен сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап
етіледі. Бала жататын бөлмеде шылым тартуға, кір жаюға, жаялықтарды
кептіруге болмайды. Нәрестеге астына қатты төсеніш салынған, айналасы
қоршалған төсек керек. Төсеніштің ішіне түбіт, мамық, паралон салмай,
мақтаны пайдалану қажет. Өйткені жұмсақ төсек ыстық болады да баланы
терлетеді. Басына аласа жалпақ жастық қояды. Ал биік жастық омыртқасын
қисайтады. Баланың астына жаялықтан кейін кішкентай сулық салады.
Нәрестенің жаялыгы мен сулығын, киімдерін (олардың бәрі мақтадан жасалады)
күнделікті жуып, сыртқа кептіріп, екі жағын бірдей үтіктейді. Баланың
киімдерін үлкендердің киімдерінен бөлек жуып, қайнатады. Нәрестені күнде
жатар алдында шомылдырады. Баланы қайнатылған өсімдік майы, арнаулы
кремдермен сылап-сипап майлайды. Алғашқы айларда ол өте нәзік, кінамшіл
келеді, сондықтан оны әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтау, қолынан бетінен
сүймеу, бөтен адамдарды жолатпау, серуендерге адамдар аз жүретін орындарды
таңдау керек.
Нәрестемен өткізілетін ойын-сабақтар (жеке және топпен өткізілетін)
балабақша бағдарламасында көрсетіл-ген.
Аталған ойын сабақтардың, күн тәртібі тазалық талаптары мен күтімінің,
тәрбие шараларының бәрі - нәрестенің дұрыс дамуы (ағзасының өсіп, қатаюы
мен психикасының дамуы) үшін қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы
нәрестенің негізгі ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтсақ, 2,5-3 және 5-6
айлық баланың қол қимылы дамуының калыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда
басым келеді. Осының салдарынан нәрестенің психикалың дамуына туа біткен
атавизмдік рефлекстер: жармасу, итеру (аяқпен) қимылдары емес, саусақтардың
тітіркенуінен пайда болатын қармау ықпал етеді; ал еңбектеу итеруден емес,
қолдың қозғалысынан басталатынын, сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға
қажетті қимылдарды үлкендердің үйретуі мен жаттатыру негізінде
қалыптасатынын ғалымдардың (Н.М. Акса-рина, Г.М. Лямина, т.б.) зерттеу
нәтижелері дәлелдеген.
Нәрестенің көруі мен естуінің ерекшелігі - дене қозғалысынан жылдамырақ
дамуы, жаңа тәжірибелерді игеруі, адамға тән мінез-құлық формаларына ие
болу мүмкіндігі шексіз.
Нәрестенің дамуына үлкендердің қарым-қатынасы және осы жастағы тәрбиенің
халың дәстүрлеріндегі маңызына тоқталайық.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдың орындары болмаса
да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең-жыр мен әңгіме,
ертегі, такпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық
басқаннан-ақ қоршаған ортанын құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де,
жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып,
қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды
табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген болған. Халық
педагогикасының үлкен бір саласы - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып
табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келіп әсерлі әдет-ғүрып, салт-
дәстүрлер болып халықтың өмірінде салт-сана болып қалыптасқан. Халық
педагогикасындағы салт-дәстүрлердің ұлттык санаға сіңіп, бір жол
азандастырылуы салт-сана деп аталынады. Ұлттың санаға сіңіп, қалыптасқан
салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсе-теді. Ұлттық сананың
қозғаушы күші - ұлттың намыс, ұлттык абырой. Ол жеке түлғалардың перзенттік
борышын өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан
әрбір әдет-ғүрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні
зор. Нәрестелік кезеңде осы халық дәстүрлерінің алатын орны ерекше.
Нәрестелік кезеңнен басталатын тәрбиенің калыптасқан ұлттық рәсімдері мен
тәлімдік тәсілдері ұлттың салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік
әсер етеді. Олардың қатарында нәресте шыр етіп дүниеге келген күннен
басталатын "Шілдехана", "Бөбекті қырқынан шыгару", "Балаға ат қою", "Бесік
тойы", т.б. сияқты рәсімдерді атап айтуға болады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті - тәрбие құралы. Бесік жыры, тұсау кесу
жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, өс-өс, жырлар мен
ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп,
дүниені танытатын ғаламат туындылар. Бұл -халық педагогикасының үлкен бір
саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр.
Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы
педагогиканың барлық салаларында ғылыми іс-әрекеттік негізде пайдалануға
болады. 3. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпал етуін айқын-дауда тәрбиеші іс-
әрекеттің алуан түрлерімен танысады. Олар:
1. Ойын әрекеті - негізгі болып табылады.
2. Оқу әрекеті - жоспарлы, жүйелі жүргізуді талап етеді.
3. Еңбек әрекеті - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін игеруді көздейді.
4. Қоғамдық әрекетте балаларды ұжымдық жалпы тапсырмаларды орындауға
үйретеді.
5. Көркем өнер әрекеті - барысында баланың көркемдік ой-қиялын, арманын,
елестету сезімін, логикасын дамытуға назар аударады.
6. Спорттың әрекетте баланың денсаулыгын нығайту, қимыл-қозғалыс
үйлесімділігін дамыту жолдары қарастырылады.
4. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында
балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше
талаптары қалыптасқан. Халқымыздың салтында сәбиді қастерлеу, өте биік
мұрат болып саналады. Ұл мен қызды бөле ажыратпайды, бәріне бірдей әкелік,
аналық ерекше мейірімділікпен қарайды. Ұл баланы мұрагер, қыз баланы жатты
жақындатушы деп ерекше ілтипатпен үміт артады. Сондықтан да үйге жас сәби
келсе дос, жолдастары, ата-ананы сәбиімен құттықтап, қалауын білдіреді.
Мұндай жағдайда қымбат бұйым болса да қалаушыны риза етеді. Өйткені
қалаушының ниеті ұлық болып саналады. Ал жомарттың - біздің халқымыздың
өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі. Осындай ғасырдан-ғасырға ұласып, ел
екшеуінен өтіп, мол да шексіз қазына болып қалыптасқан асыл мұратымыз халық
педагогикасының лайланбас тұнығын, тот баспаған асылын әрбір баланың бойына
сіңіру, бүгінгі күннің еңселі міндеті. Олай болмағанда ңалыптасқан тәрбие
негізінде ащы да терең шындың бар екені баршамызға аян. Тілін білмеген
тіленіп, салт-дәстүрін білмеген кірленіп, елін сүймеген күйініп өтетінін
әрбір азамат білуге тиіс. Осыған орай, тәрбие отбасынан басталып,
балабақшада, мектепте жалғасын тауып, дамытыла түсуі керек. Балабақша мен
мектеп тәрбие мен білімнің орталығы болғандық-тан мұндағы жүргізілетін іс-
шаралардың барлығы да халық педагогикасы негізінде жүргізілгені орынды.
Ултжанды үрпақ тәрбиелеуде баланың ақл-ой, парасаты, имандылық,
адамгершілік, ізгілік тәрбиесіне баулуда халықың салт-дәстүрлерді
пайдалануға, тұрмыс-салт негізінде тәрбиелеуге басым көңіл бөлу қажеттілігі
туындайды. Ол үшін әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер, әсемдікке тәрбиелеу,
көркемдік қабілеті мен талғампаздығынн баулу, еңбекті сүйе білуге,
эқологиялық және экономикалық тәрбиені, азаматтың жауапкершілік пен құқық
тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге басым көңіл бөлу керек.
Дәріс материалдарын игеру үшін негізгі мектепке дейінгі кезеңдегі бала
дамуына ықпал ететін негізгі үш факторлардың қайсысы жетекші рөл
атқаратынын айқындап алу маңызды. Сондай-ақ негізгі түсініктерді нақтылап,
жас ерекшеліктерін ажырата білуге басым көңіл бөлу керек. Жас топтарын
естерінде сақтап тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарының мазмұны біртіндеп
күрделенетінін, бағдарлама талаптарына сәйкес ұйымдастыра білу жолдарын
түсіндіру қажет. Халық педагогикасы материалдарын жас кезеңдеріне сәйкес
пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қарастыру. Әр жас тобына сәйкес лайықты
материалдар жинақтап жүйелеу. Халың педагогикасы мен этнопедагогиканың
анықтамасын жазу, айырмашылығын анықтап алу қажет.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен
театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-
дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик
М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан
өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер
пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам
мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар
сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын
қалдырды" — деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен.
Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы
халық, ақын халық - деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу,
атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының
бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері),
адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-
ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың
адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.

Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ
халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы,
осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен
реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама
тұрақты ортадағы (ана организміндегі) вегетативтік, өсіп-өнушілік
тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп туратын сан алуан тітіркендіргіштерге
толы, ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан
дәрежесінен ақыл-есті адам болып өсетін дүниеге шығады.
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер
қамтамасыз етеді. Ол нерв системасының организмді сыртқы жағдайларға
лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда
организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тынысын, қан айналымын) қамтамасыз
ететін рефлекстер жасалады.
Алғашқы күндері сондай-ақ мыналарды байқауға болады. Терінің қатты
тітіркенуі (мысылы, ине шаншу) дененің-қорғаныш тартынысына, бетінің
алдындағы бір нәрсенің қарауытуы қабағын түюге, жарықты кенеттен көбейту
қарашықтың кішіреюіне және т. б. себепші болады. Бұл реакциялар - қорғаныш
рефлекстері деп аталады. Олар тітіркендіргіштерден қашықтауға немесе оның
әрекетін шектеуге бағытталған.
Жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен
жанасу реакциясын да байқауға болады. Олар бағдарлау рефлекстері. Нәресте
дүниеге келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын
бұратыны бақылаулар арқылы анықталған: мысалы, күн сәулесі түсіп тұрған
кезде перзентханада жаңа туған балалардың көпшілігі, бастарын сол сәулеге
қарай күнбағыстай бұрып алады. Сонымен қатар, туған алғашқы күннен бастап-
ақ сәбилердің баяу жылжитын жарық көзін қадағалайтыны да дәлелденген.
Бағдрлау-тамақтану рефлекстері де оңай пайда болады. Езуіне, бетіне
жақындау қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады, бала
тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, аузын ашады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, жаңа туған балаларда туа біткен
бірқатар реакциялар болады: емізу рефлексі – бала аузына салған нәрсені
сора бастайды; жармасу рефлексі - алақанына бірдеңе тиіп кетсе, ол жармасу
реакциясын қоздырады; итеру рефлексі (еңбектеу) — табанына жанасу, т. б.
рефлекстер.
Сонымен, балада дуниеге келген алғашқы күннен бастап білінетін белгілі
мөлшердегі шартсыз рефлекстер болады. Соңғы жылдары ғылымдар кейбір
рефлекторлық белгілердің бала дүниеге келмей тұрып-ақ пайда болатынын
анықтады. Мысалы, жатындағы ұрықта он сегіз аптадан кейін ему рефлексі
пайда болады.
Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған
көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын
көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады,
тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді
психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда,
едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып
бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байкауға
мүмкіндік алады, ал
мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сиякты есту,
сипап сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші
болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен
қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен
көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке
шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-
эрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына
дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға
әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-
ақ былдырлаудың алғашкы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан
ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте
кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала
басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл
осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен
адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан баланың қажеттіліктері
пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау
кажеттілігі — эмоциялық жұтамдықтың маңызды мәні бар).
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп
жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық
психикалык қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге,
заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте
сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шакта баланы үйрету
көбінесе алдын ала ойластырылмаған стихиялы сипатта болады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің
дамуында адамдық мумкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен
арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға
қабілетті жеке адам қалыптасады, Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас
алғанда адамзат коғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір
сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған
сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білім құмарлыққа
дейін өседі. Баланың кызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл
тектес білім кұмарлықты И. П. Павлов риясыз деп атады, өйткені ол
органнкалык қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық
процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге
жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және
бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары
дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған
қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл кимылдар жөнді үйлеспейді
нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп
қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана
бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің, орасан зор маңызы болады.
Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның
үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен
көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алын келеді. Егер бала бастапқыда
қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы
бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау кимылдары
интериоризацяланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату,
лақтыру т. б. тәрізді карапайым кимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-
әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің заттардың толып жатқан
касиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткініші, өзгермелі әсерлер негізінде
тұрақты, оған тәуелсіз талаптардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау
заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді.
Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ
қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан
бұрын сәби оларды алдын ала болжап, қоймаса да, осы қимылға байланысты
қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте
қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көп іс-әрекеттерін
қайталай отырып, үлкен еліктеуіиілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып жатқандығын
дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп,
бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттсріне
еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен
ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау
үстінде бала үшін проблемалык ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау
жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде
қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады, Сонымен
бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет
үстінде үйренеді.

1.2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының
алатын орны
Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден
озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп,
жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып
сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының
бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның
ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен
өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының
бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма
дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.
Мәдениеттің фуикцияларын айқындай отырып, ғалымдар оны туындауынан гөрі
жинақталу, сақталу, таралу мақсаттарына көбірек көңіл аударады. Өйткені
сақтаушысы мен таратушысыі болмаса жазба және басма өнері дамымаған
халықтардың мәдени мұрасы тұл болар еді. Өзінің есту, жаттау қасиетін
арттыра білген қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы жазу мен баспа өнерін
шермей келуінде де осы қабілет қасиеттері әсер еткен сияқты.
Міне, мәдени мұраны бұлжытпай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші иелері,
халыққа билігін жүргізген баба, киелі кимешекті әже, ақындар, жыршы-
жыраулар, әнші, күйші, хиссашылар еді. Халық ақындар мен әнші-күйшілердің
ел билейтін әкімдерден әлдеқайда артық бағалап қадірлеп, қастерлеген. Сал,
сері, жыршы-жыраулар ел аралап өнер көрсетіп, үй-үйден дастархан жайылып
құрмет көрсетіліп, ауыл өнерлісіне ән мен күйді, жыр мен дастанды
үйреткен.
ХІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, халық аса қастерлеген ақын, әнші сал,
сері, жыршы-жыраулардың аттары күні бүгінге дейін мәдениет тарихының
төрінен өшпес орын алуы, халқының жадында сақталуы осының айғағы.
Халық педагогикасының ғылыми-негіздерін анықтап қалаушы, заманының
кемеңгері Мағжам Жұмабаев бала тәрбиесіне жан-жақты талдау жасаған. Ол
қазақ халқының бала тәрбиелеуде ғылыми дамыған халықтардан еш кем
түспегенін халық даналығын дәлелдейді.
Қазақ халқының бала тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне ғылыми
негіздеме береді.
М.Жұмабаев баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің маңыздылығының сөз
етіп, жан тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді. Өйткені
Адамның қымбат нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан, -
деп ұғындырады.
Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін,
іс-әрекеттер тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін психологиялық
заңдарға сүйене отырып жасайды. Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды
ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, һәм қайрат көріністері деп
атайды.
Бұл жерде айта кететін жәйт, данышпан Абай, халық тәрбиешісі ретінде,
өзін байқаушы ретінде танылып, М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің
үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.
Әлде бір суық, мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, - деп үйретеді.
Көптеген жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы жүруіне ғана
қамқорлық жасап, жан дүниесін қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға
жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене тәрбиесінің бір саласына ғана
көңіл аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі саласының да
қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын
тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай білу керек деп
көрсетеді М.Жұмабаев. "Тегінде берік ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі
де, жұмбақ процесі де сол жан".
Сонымен бала тәрбиесі дене және жан тәрбиесінен тұрады екен. Баланың
дене тәрбиесі нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға қыдыру,
серуендету, шынытырудан тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар
талай еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға арнаған. Ал
табиғат заңдылығын жете меңгерген көрегенділік тәжірибесіне бала
тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік
ерекшеліктері кейінірек сөз болмақ.
Теориялық тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт заңдылықтарына жүгінер
болсақ әүелі ол адам танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар сыртқы және ішкі сезім әсерленулерінің бастапқы сезім
тәрбиелеуде алар орнын орасан зор екенін көрсету қажет.

2 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде халық педагогикасының

рөлі
2.1 Мектепке дейінгі нәрестелік кезеңде қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері
Бүгінгі күні жан-жақты өзгерістерге дейін "Совет адамын" қалыптастыру
жолында көптеген азаматтық қасиеттер тыс қалып әр ұлттың өз өмір салты
феодалдық, капиталистік қалдық деп ұғындырылды. Ұлттық сана сезім рухына
өмірді, тіршілік саласын өзгерту қажеттілігін туғызып отыр. Бүкіл ел
болып өткен тарихында шындық таразысынан өткізу. Бұл шынайы азаматтық
санаға ауысқандықты аңғартса керек.
Оның ішінде ең негізгі бағдары адам баланы өзін-өзі терең танып қана
қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбиелік әдістерді жетік пайдалануды
қарастыруда. Сойтіп, адамның іштей түлеп, рухани жетілуін түбегейлі
өзгерту тәрбие жұмысындағы басты мақсаттың бірі болмақ.
Өміріндегі кездесетін неше алуан қиындықтарды тек адамшылық негізінде
шешкенде ғана, қисынсыз қателіктерге ұрынбауға болады. Оның бәрі
ұлттық қасиетпен тығыз байланысты. Бұл тұжырым қоғамымыздың бүгінгі
таңдағы ең үлкен мақсаты.
Бала тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар болсақ,
ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру,
адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам
ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген
ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі
ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай
қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы
керек.
Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық
ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді
халқымыздың бала тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын
аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.
Біріншіден балалар бой жетіп, ер жеткенше өзінен кішілерге қамқорлық
жасап, оларға білетіндерін үйретіп жуыиныру, киіндіру, тамақтандыру,
ойнатуды мойнына алып, бала тәрбиесіне ата-ана, әже-атасымен қатар
араласып, ұстаздықты табиғи жағдайда үйреніп бойына сіңіреді. Сонымен
балаға түсінік, сезім, қажеттілік өзі бала кезінен бастап тәрбиеленеді.
Жас нәрестс дүниеге келмес бұрын оның дене тазалығын, жан тыныштығын
қалыптастыратын іс шара халықтың педагогикасының жазылмаған заңдылықтары
барына көзіміз жетті. Бұл бала тәрбиесінің екінші шарты десе де
болады.
Қамқор ене әдетте келін түскен кезде — ақ ұл немересі болу үшін
оған ырымдап алаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса,
біреудің үйіне өз дастарханына апарған дәмді "Қыз тауып қоямын" деп
жемейді. Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай жиі лоқсып, құсып
жүргенін байқаса, оны қазақтар "Жерік болу" деп атайды. Осы кезде оның
әлдебір асқа тәбеті ерекше ауады да турады. Енесі ауыл әйелдерін шақыртып
қонақ етеді. Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді. Бұл томалаққа
жиналған аналар өз үйінен бір-бір дәм пісірім әкеледі. Оның себебі
келіннің жерік асын тауып беру. Егер асы тапсырмаса, яғни "жерігі қанбаса"
өзі босанғанша ішкен тамағын қуса береді, тамағы бойына сіңбейді.
Мұны халық "ит жерік болу" дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің
ес жиғанша ауызынан сілекейі ақкыш болады. Аяғы ауыр келінді түнде өзін
далаға шығармау, жалғыз жатқызбау болған.
Баланың жан дүниесін тыныштықта сақтау үшін, келінді корқыныштан сақтау
керек болған. Ол үшін, құрсақ шашу кезінде оң босағасына ақ шүберек
байлап, кірген адамға айғай-шусыз жүруін байкатқан.
Жолбарыстан жүрегіне, аюдың өтіне, бүркіттің миына жерік болған
әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген
аңыздар ел ішіндс әлі күнге дейін сақталған.
Енесі аяғы ауырған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөліп,
оған көбінесе ақтан жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің
тәбетін ашу үшін ит жуасын береді. "Іштегі бала шымыр болсын" деген
ниетпен құм сағыз таңталады. Мүмкіндіктері болса, тауда өсетін рауғаш,
қымыздық теріп әкеп береді.
Рауғаштан жесе сәбидің көзі көреген, естігіш болады, ал қымыздық
баланың тәбетін ашады.
Болашақ сәби еңбектей бастағаи кезде жар жағалап, бор жалап кесек
жейтіні белгілі. Бүл сәби организмінде белгілі бір мөлшерде минералдардың
жетіспеуінен болатындығы бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан да дәлелденген.
Мұны аңғарған халқымыз ежелден сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын-ала қам
жасаған. Сондықтан судың бұрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың
иісі шығатын қайырым топырағын үйге қонды да, "баланың сүйегінің
қалыптасуына керек, кейін бөтен бор іздемейді", деп мөлшерлеп жезігіп
отырады.
Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді.
Халық түсінігі бойынша ақ ірімшік жеген әйелді баласынын сүйнгі
бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады.
Әйелдің жүкті кезінді ескертетін халықтық түсінікке негізделген
мынадай ырымдар бар. Итке "кет" деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы
мүмкін, арқан есуге болмайды; әйелдер босанар үстіндс бала кіндігіне
оралып қалуы мүмкін, тең буын қаптың аузын жабуға рұсат етілмейді, керіснше
жаулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін жеуге
болмайды, бұлай етсе, жүкті келіншек баласын тоғыз ай емес, он екі ай
көтеруі мүмкін. Тәжірибелі өнерлер алдын ала түсікті бодырмас үшін
келіннің етегін бүріп қояды, шошынбас үшін түнде ешқашан жалғыз
шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара
жерді басқызып, "Кеудесі түкті жер — Ана, күш бер, қуат бер!" деп жалаң
аяқ жүргізеді.
Соныменн бірге сл ішінде жас келінді аға-апасы жетелеп апарып, жеті
бұлақтың көзін аштыру, бұлаққа май құйып, тенге тастау, бастаудың
басындағы әулиғ ағашқа ақ шүберек байлау секілді сенімдер де бар. Қариялар
осындай іс-әрекеттер арқылы "сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен,
толғатқан кезде сені демеп, жебеп отырады" деп келіннің күпті көңілін
орнына түсіреді.
Міне бұл тәрбиелік іс-әрскеттер ғасырлар бойы халық тәжірибесіне
негізделумен қатар, адамның тыс құдіреті бар деп, ол құдіреттің бірі
табиғат болып саналған. Сондықтан Жер, Күн, Ай, аң-жануарлар сезім күшіне
айналып, өмірде қиындықты болдырмау, жеңу үшін табынып отырған. Халық
сенімінің беріктігін бүгінге дейін сақталып келген наным
сенімдерден байқауға болады.
Аталып өткен дәстүрлер бала тәрбиесіне алдын ала жөн салып,
қалыптастыру кезеңі болса, бала дүниеге келерде қолданылып сақталатын
көптеген ырымдар мен рәсімдері нәрестелік кезеңнің дүниеге келер кезін
жеңілдетіп, алғашғы сәтінен аялауға арналған. Жарыс қазан, кебеже, қан
сандықтардың аузын ашу, күмісті су әзірлеу — бұлардың бәрі де болашақтың
алдып алу әрекеттері. Тағы да халық көрегендігінің дәделі.
Қазіргі медицина әрекеттерінің көбі халық тәжірибесінде өзінше
сақталған. Ол әрекеттер жас нәрестелік кезеңнің дене тазалығы, ширақтылығы,
жан тыныштығына қамқорлық жасауға арналған.
Тұзды суға, күмісті суға шомылдырып, мойнының уақтылы қатуын қадағалап,
ырымын жасап, ауызданып, тамақтанып, құрғақ жатуын қадағалап – сәбидің
физиологиялық заңдарын түсініп, біліп, өзіндік ерекше амалдар табуына
әкелген.
Әрбір ескі қазақ ауылында екі қабат әйелдерді босандыруды машық қылған
қолы жеңіл кемпірлер болған. Олардың ел ішінде "аққол ана" (яки қазіргі
акушер) деп атайды. Аққол аналар кез келген келіншектің қай күні
босанатынын басынан біліп отырған.
Бала дүниеге келісімен дауысты шығу үшін құйрығынан шарт еткізіп ұрады
да кіндігін кеседі. Сәбидің кіндігін кескен әйел "кіндік шешс" аталады.
Жарық дүниеге келген сәбмиі емізбестен бұрын, қайнатылған таза суға
салынған қасқырдың немесе сыртының жүнінмен ауыздандырады. Көне түріктер
өздерін қасқырдан жаралғанбыз деп, көк бөріні киелі санағаны белгілі.
"Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана емес,
бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі, Міне осы күндері "шілдехана",
"шілде күзет", "шілдехана күзет" өткізіледі.
Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын
ойнап, көңіл көтереді. Мұнда жастар тек ойын-сауық құру үшін ғана
жиналмайды. Ондағы мақсаты жаңа туған нәрестекні жын-перілерден қорғау
үшін жиналатын болған.
Әйелдердің әл қуат жинап, белі бекіп кетуі үшін арнайы мал сойылып,
қалжа беріледі. Жас сорпа ішккізліп, жас ел жегізу мақсатымен сойылған
малдың семіз, күйелі болуы шарт. Бұл дәстүрдің сақталуы еш кешірімсіз
жағдай деп бағаланады, сондықтан тілімізде "сені туған шешең қалжы жеді-
ау" деп ренішпен айтылатын сөз сақталған.
Шілдехана сойылған малдың мойын омыртқасын босанған жас әйелге береді.
Ол мойын омыртқаны опырмай, тек етін қолмен үзіп жеп, төрге іліп кояды. Ел
ішінді жас баланың мойнының қатуы осы омыртқамен байланысты деген сенім
бар. Шілдс күзеттің тағы бір мақсаты анаға аналық сезім туғызып, оған
арнаулы күтім жасау жолы.
Қазақ елінде қалымтасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалмай
ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде ат қоюға да
молда шақырылатын болған. Молда азан шақырып, нәрестелік кезеңнің құлағына
аузын тақап, сәбиге қойылар атты үш рет сыбырлап айтады. Осыған
байланысты тіліміздс "азан шақырып ат қою" тіркесі қалыптасқан. Ат қойған
адамға ақы ретінде арнайы сыйлық дайындалады.
Кіндігі түскен баланы бес күннен бесікке салалы. Осы той томалаққа
жиналған ауылдың корші-қолаң әйелдері шашуларын ала келкді. Баланы бесікке
бөлеуден бұрын "тыштыма" ырымы жасалады.
Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсак, кәмпит және түрлі дәмдер
жапа-тармағай астына тосылған алақандарға тасталады.
Басқарушы 'Тышты ма?" деп сұрағанда жанкүйерлер іле шала
"Тышты! Тышты!" деп шу ете түседі. Шашу әуелі ұл балаларға, кейін
қыздарға беріліп, сол балалар сияқты тезірек жүгіріп кетсін деген
ниетпен істеледі.
Әрбір жақсылықтың үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың
бұл дәстүрі — бесік құт дарысн деген асыл ниетпен туған рәсім 40
күн болғанша бөбекгі бір күн сумен, бір күн тұзбен, бір күн
жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып,
тұзға піскен сәби шымыр болады әрі есейген соң денесі зақымданса
"жарасы тез жазылады."
Тумақ үшін ең елеулі кезең қырқынан шығару, яғни шілдеханасын жасау.
Қауіп қатерлі 40 күн өтіп, нәрестелік кезеңнің мойны қатқан соң ата-
анасының көңілі орнына түседі. Осы сәтке дейін іштен туа алынбаған "сүт
тырнағы" мен "қарын шашына" да тиіспейді.
Ұл баланың қырық күнге жеткізбей, 37 не 39 күнде, ал қыз баланы қырық
күннен асырып 42 не 44 күндс қырқынан шығарады.
Бұл кәдеге шақырылған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер
салған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашы мен тырнағын алады. Қарын
шашын алғаи әйелге сыйлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны
«Жетілген тұлға» халық педагогикасының мақсаты
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Мектепте халық педагогикасын оқытудың тәрбиелік маңызы
Пәндер