Қазақстандағы академиялық ұтқырлық пен студенттік орын алмасудың жағдайы мен мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жоғарғы оқу орнындағы академиялық ұтқырлық және студенттік орын алмасу жағдайы мен мәселелері

Еліміздегі экономиканың дамуы білім жүйесіне өзгерістер енгізуді талап ететіндігі баршамызға белгілі. Ал білікті мамандар білім жүйесіне қойылып отырған талаптарға сәйкес болуын қалайды. Бұл әлемдік маңызы зор мәселе. Болон үрдісі бойынша Америка, Еуропа университеттері үш сатылы деңгейде мамандар дайындап жатқаны белгілі. Сондықтан ортақ мәмілеге келу керек.

Болон декларациясына қосылу мәртебесіне ие болған және еуропалық білім кеңістігіне толық енген бірінші Орталық-Азиялық мемлекет болып Қазақстан Республикасы табылады.

Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы Қазақстан ЖОО-дары мен студенттеріне жаңа межедегі мүмкіндіктер береді:

1) еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген отандық білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын енгізуге;

2) отандық квалификациялық және академиялық дәрежені тануға;

3) оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан ЖОО-лары студенттеріне шетел университеттерінде кредиттерді қайта тапсыруға және керісінше;

5) бірлескен білім беру бағдарламаларын таратуға;

6) жоғары білім жөніндегі қазақстандық дипломдардың еуропалық аймақтарда жарамдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасауға және кез-келген елде түлектердің жұмысқа орналасуына.

Әлемдік білім беру кеңістігінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты - Қазақстан жоғары білімінің халықаралық стандарттармен сәйкестілігін қамтамасыз ету.

Бұл тарихи қадам жоғары білімнің сапалылығын және жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Болон декларациясы студенттердің басқа оқу орындарына ауысуына және сәйкесті қызметтер алуына ерекше көңіл бөле отырып, бұл ауысудың еркіндігін тиімді жүзеге асыруда кедергілерді ескеру арқылы ұтқырлығына жағдай жасау мақсатын жариялайды. Болон процесінің міндеттері: жұмысқа тұру мүмкін­дігімен азаматтардың ұтқырлығын дамыту бағытының негізгі кілті ретінде жоғары білімнің еуропалық аймағын құру; Еуропаның интеллектуальды, мәдениетті, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру мен нығайту; дүние жүзінде жоғары мектептің беделін көтеру; басқа білім жүйелерімен еуропалық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; жоғары білімнің ұлттық жүйелерінің үлкен үйлесімділігі мен салыстырмалылығына қол жеткізу; білім сапасын арттыру; мәдени құндылықтарды дамытуда өздерін жаңа гуманистік сана түсінікті қолдаушы, таратушы ретінде санайтын университеттердің орталық рөлін көтеру.

Болон Декларациясының негізгі ұстанымдарының бірі - оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы.

Академиялық ұтқырлық - бұл білім алушылардың орын ауыстыруы немесе оқытушылар-зерттеуші білім алу үшін немесе зерттеуді өткізу академиялық кезеңде анықталған: семестр, немесе оқу жылында басқа жоғары оқу орынында (шет ел және мемлекет ішінде) міндетті қайта сынақпен меңгерілген білім беру бағдарламаларымен кредит түрінде өз ЖОО-да немесе басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру;

Академиялық ұтқырлық 2 түрге бөлінеді:

1. Вертикальды ұтқырлық (академиялық миграция) - студенттің шетелдік ЖОО-да толықтай білім алуы.

2. Горизонтальды ұтқырлық - студенттің белгілі бір шектелген кезең (семестр, оқу жылы) ішінде шетелдік ЖОО-да білім алуы.

ЖОО-да академиялық ұтқырлық жеке грант бағдарламасына қатысқан студентті марапаттау және студенттік орын алмасу механизмін енгізу жолымен ұйымдастырылуы мүмкін.

Студенттердің орын алмасуы - бұл ЖОО арасындағы екіжақты келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын академиялық ұтқырлықтың формасы. Сапалы орын алмасуды ұйымдастыру ұзақ мерзімді кезеңді және жауапты персоналды талап етеді. Барлық уақытта дұрыс серіктестерді таңдау мүмкін бола бермейді, ал жоо-да шетелдік азаматтардың бейімделуінің дайындалған бағдарламасы апробациялауды талап етеді.

Теориялық тұрғыда студент оқығысы келетін жоо-нын өзі таңдай алады. Тәжірибеде студенттің ұтқырлығы олардың дербестігімен жүзеге аспайды, өйткені барлық жоо-лар оқуға қабылдауды ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізеді. Сірә, алғашқы кезде ұтқырлықты жоо деңгейінде қамтамасыз ету қажет болар. Себебі жоо екі университетте де оқылатын пәндердің өзара мойындалуы мен баламалылығы және алынған академиялық нәтижелер туралы келісім-шарт жасауға, біріккен оқу бағдарламаларын жасауға құқылы. Студенттердің шетелдерде оқуына және шетелдік жоо-ның білім туралы диплом алуына заңды негізі болып жоо-лар арасындағы келісімшарт саналады. Сонымен академиялық ұтқырлықтың маңызды шарты жоо-лардың халықаралық ынтымақтастығы болып табылады. Оқу бағдарламаларының, пәндердің өзара саналуы тәртібінің келісімі білім траекторияларын сақтауға, мамандықтар шеңберінде мамандандыруды қалыптастыру, нарық пен жұмыс берушілердің талаптарын ескеруге шақырады.

Шетелдегі жоо-да оқытылатын пәндер ынтымақтасты жақтардың мемлекеттік білім стандарттарының ғылыми-теориялық деңгейлеріне сәйкес келуі керек. Бұл жерде міндетті пәндермен бірге осы үрдісте жоо-ның белсенді рөлін пайымдайтын эллективті құрауыштарға да байланысты.

Бүгінгі мемлекетімізде Болон үдерісінің негізгі талаптарына сай, студенттердің академиялық ұтқырлығына мемлекет тарапынан тұңғыш рет қыруар қаржы бөлініп отыр.

Студенттердің академиялық белсенділігі халықаралық деңгейде тегін жүзеге аспайтындығы анық. Бұл мәселенің мемлекеттік саясат негізінде қаралып, оған қомақты қаржы бөлінуі - отандық білім жүйесін алға жетелейді дейді ғалымдар. Енді академиялық ұтқырлық тұжырымдамасын нақты анықтап алып, норма¬тивтік құқықтық базасы жасалуы тиіс. Академиялық ұтқырлық үрдісін жүзеге асырушыларды дайындау, студенттердің тілдік дайындықтарын түбегейлі жақсарту, қашықтан оқыту жүйесін дамыту, қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында шетел жоғары оқу орындарының дипломын алу мүмкіндігін кеңейту және отандық студенттердің шет елде біліммен қамтылуын қамтамасыз ету қажет.

Біздің университетімізде шетелдегі жоо-лардың жоғары білікті оқытушыларын тарту арқылы білім бағдарламаларын бірігіп жүзеге асыру тәжірибесі кең көлемде қолданылып келеді.

Университетіміздің студенттері жекелеген мамандықтардың бірқатар пәндерін оқып үйреніп, мамандану үшін Германияға, Польшаға, Ресейдің Мәскеу, Ульянов, Саратов, Волгоград қалаларына барады.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Түркия үкіметімен халықаралық алмасу бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Гази университетімен (Ыстамбұл, Түркия) келісімшарт бойынша “Туризм”, “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша оқитын студенттер Түркияда туристік кешендер мекемелерінде тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Бүгінгі таңда академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында университет серіктес жоо-мен келісімшартқа қол жеткізу негізінде қос дипломды білім бағдарламаларын белсенді түрде жетілдіріп келеді, бұл бірлескен қос дипломды білім бағдарламасын жасауды және жүзеге асыруды, алынған академиялық нәтижелерді және екі университетте оқылатын мамандықтардың баламалылықтарын, сәйкестігін мойындау жақтарын қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасудың типтік бұзылыстары және орын толтыру мен бейімделу процестерінің морфологиялық көріністері
Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы мен даму мәселелері
Қазақстандағы агроэкологиялық мониторингтің қазіргі жағдайы мен мәселелері
Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму жағдайы мен мәселелері
Қазақстандағы жұмыспен қамту мәселелері мен еңбек нарығының жағдайы
Қазақстандағы Қазнет: қазіргі жағдайы, инфрақұрылымы және реттеу мәселелері
Тұщы су тапшылығы: Қазақстандағы жағдайы және жаһандық мәселелері
Психологияның өмір мен кәсіби қызметтегі маңызы: мұғалімдік қызмет пен студенттік стресс
Қазақстандағы ана мен баланы әлеуметтік қорғаудың қазіргі жағдайы мен мәселелері
Қазақстандағы автожол инфрақұрылымының қазіргі жағдайы, мәселелері мен даму перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz