Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері



КІРІСПЕ

І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ.
ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің
қалыптасуының тарихи негіздері
1.2. Табиғат жағдайлары мен жер бедері негізінде қалыптасқан
атаулары

ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ЛАНДШАФТТЫҚ
ТОПОНИМИКАСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Оңтүстік Қазақстан аумағы ландшафттық топонимикасын
зерттеудегі туындайтын теориялық мәселелер
2.2 Оңтүстік Қазақстан аумағының ландшафттық
топонимикасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ жерінің оңтүстік өңірі табиғат жағдайлары мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі география ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан, ең алдымен өңірдің топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты зерттеулер жүргізудің қажеттілігі ұсынылып отыр.
Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы заңы» (11.07.1997 ж.), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді мекендер мен физикалық-географиялық обьектілерді қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен қаулыларға және ҚР президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.
Оңтүстік Қазақстандағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігінде болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу және ландшафттық топонимикасы ерекшеліктерін саралау.
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:
- нақты деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
- аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралу жиілігі мен белсенділігін анықтау;
1. Әбдірахманов С. Қазақстандағы жер-су атауларының топонимикасы. Алматы, Ғылым, 2009
2. Базарбаев Қ. Қазақстанның топонимикалық зерттеулері. Алматы, 2009
3. Бартольд В. Физическая география Казахстана, 2007
4. Жамишев Қ. Қазақстанның өзендері, Алматы: Баспа, 2006
5. Жекулин В.С. Ландшафты Казахстана, Алматы, 2001
6. Каймулдинова К.Д. Қазақстанның топонимикасы, Атырау, 2000
7. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Алматы, 1999
8. Қоңқашбаев Ғ. Қазақстанның жер-су атаулары. Алматы, 2000
9. Мурзаев Э.М. Қазақстанның жер-су атауларының тарихы, Алматы, 2004
10. Омарбекова А.С. Қазақстан торонимикасы. Алматы, Жетісу баспасы, 1999
11. Нұрбеков Ж.Н. Нұрын шашқан Оңтүстік, Алматы, «Эфект», 2003
12. Аяған Б.Ұ. ОҚО энциклопедиясы, Алматы, «Қазақ энцклопедиясы», 2005
13. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана, Алматы, Мектеп, 2008
14. Абдрахманов А. Қазақстан топонимикасының кейбір мәселелері, Алматы, 2004
15. Поспелов Е.М. Топонимика и историческая география // Топонимика и историческая география, М., МиФ, 2006
16. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – М., Наука, 2004
17. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2005
18. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VI -нач. XIII в.в). – Алматы: Наука, 2006
19. Керимбаев Е.А. Лексико-семантическая типология оронимии Казахстана, Алматы, 2008
20. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – М.: Мысль, 2004
21. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы, Ғылым, 2005
22. Рысбергенова К. Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана. – Алматы, Ғылым, 2000
23. Конкашпаев Г.К. Общие особенности тюрко-язычной географической терминологии Средней Азии и Казахстана // Вопросы географии, 2000
24. Бейсенова Ә.С., Каймулдинова К.Д. Жер-су аттарын географиялық-экологиялық ғылымдар тұрғысында зерттеудің қазіргі мәселелері // Географические основы устойчивого развития Республики Казахстан. – Алматы: Ғылым, 1998
25. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. – Алматы, Ғылым, 1992
26. Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: Аруна ltd, 2005

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 4

І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-
ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің
қалыптасуының тарихи негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Табиғат жағдайлары мен жер бедері негізінде қалыптасқан
атаулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 21

ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ЛАНДШАФТТЫҚ
ТОПОНИМИКАСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Оңтүстік Қазақстан аумағы ландшафттық топонимикасын
зерттеудегі туындайтын теориялық мәселелер
... ... ... ... ... ... . 37
2.2 Оңтүстік Қазақстан аумағының ландшафттық
топонимикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ жерінің оңтүстік өңірі табиғат жағдайлары
мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі география
ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан, ең алдымен өңірдің
топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты
зерттеулер жүргізудің қажеттілігі ұсынылып отыр.
Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР
Тіл туралы заңы (11.07.1997 ж.), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді
мекендер мен физикалық-географиялық обьектілерді қайта атау туралы ережелік
жарлықтар мен қаулыларға және ҚР президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған
мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.
Оңтүстік Қазақстандағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау,
аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған
тәжірибесін танып білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың
жазылуын бірізге келтіру қажеттілігінде болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның географиялық
атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық
негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу және ландшафттық
топонимикасы ерекшеліктерін саралау.
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді
шешу жүзеге асырылды:
- нақты деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстанның табиғат
жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
- аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі
кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралу
жиілігі мен белсенділігін анықтау;
- Оңтүстік Қазақстанның ландшафттық топонимдерін зерттеу;
- Өңірдегі табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулар жиынтығына
арнайы талдау жасау.
Зерттеу пәні – Оңтүстік Қазақстанның топонимдері қалыптасуының
физикалық-географиялық негіздерін тарихи-географиялық зерттеулер тұрғысында
талдау мәселелері.
Зерттеу нысаны – Оңтүстік Қазақстандағы табиғат жағдайларын
бейнелейтін халықтық топонимдер жүйесі мен ландшафттық топонимикасы
ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері – статистикалық, этимологиялық, лингвистикалық,
картографиялық, жүйелік талдау, географиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер
арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми
нәтижелер алынды:
- өңірдегі географиялық атауларда алғаш рет табиғат жағдайларының
ерекшеліктерінің бейнелену заңдылықтары анықталды;
- Оңтүстік Қазақстандағы географиялық нысандардың атаулары жөнінде
ақпарат жинақталып, оларды лексикалық-семантикалық, статистикалық тұрғыдан
өңдеу жүзеге асырылды;
- өңірдегі халықтық географиялық терминдер негізінде жасалған
топонимдер топтарының қалыптасу және таралу заңдылықтары анықталды;
- Оңтүстік Қазақстандағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты
атаулардың жиынтығы сипатталды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысында анықталған Оңтүстік
Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің
физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде болашақ география пәні
мұғалімі ретінде қызмет барысында пайдалану болып табылады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-ТАРИХИ
АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің қалыптасуының
тарихи негіздері

Қазақстан Республикасындағы топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі
теориялық мәселелерді талдау, географиялық атаулардың зерттелуі, облыс
топонимиясының қалыптасу тарихи негіздері мен облыс топонимиясындағы тілдік
қабаттары қарастырылады. Өңірдегі көне атаулар антик дәуірінен бері жазба
әдебиеттерде бар, олар бұрмаланып берілген. Қытайтанушы ғалым Иакинф
Бичурин – Ежелгі ортаазиялық көрсеткіші деген еңбегінде қытай жазбаларында
Оңтүстік Қазақстан туралы мәліметтер бар. Ірі мемлекет құрылымы болған
Қаңға атауы негізінде көптеген тарихи атаулар түзілген. Қаңға тұңғыш рет
б.з.б. І – ІІ ғ.ғ. ежелгі ирандықтардың зорастриялық дінінің қасиетті
кітабы – Авестада аталады. ХІ ғ. Түркі мәдениетінің озық туындысы деп
бағаланған М. Қашғаридың Диуани лұғат-ат-түрік еңбегінде Сайрам, Сығанақ,
Қарнақ, Фараб, Қарашық атаулары туралы деректер келтірілген. Кейбір сөздер
мен терминдердің (өл, ой, өкұз, ашақ, өзүк, құрт, таң, татыр, чал, және
т.б.) мағынасына берілген түсініктемелер өңірдегі этимологиясы түсініксіз
болып келген атауларды талдауға негіз болады деп есептейміз. Өңір
аумағындағы сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, монғол, орыс
тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды.
Физикалық география - ғылымы Жердің географиялық қабығының әр түрлі
учаскелері - өлі (таужыныстары, су, ауа) және тірі (өсімдік, жануарлар
дүниесі) табиғаттан шыққан күрделі табиғат түзілісі екенін анықтайды. Мұның
үстіне құрлықтағы топырақ та әлгі екеуінің қатысуымен түзіледі.
Тау жыныстары мен олардың бетінің жер бедері, су, ауа, өсімдік,
жануарлар дүниесі және топырақ табиғат компоненттері деп аталады. Жердің
беткі жағында осы компоненттердің бәрі бір-бірімен тоғысады және бірінің
ішіне бірі еніп, мысалы, су мен ауа литосфераға бірқатар тереңдеп кетеді,
ал литосфераның бөлшектері (тозаң түрінде) мен су (бу түрінде)
атмосфераға араласады, өсімдіктер мен жануарлар организмдері Жердің
бетінде, топырақ пен грунтта (топырақ астындағы жыныста), гидросферада,
атмосфераның төменгі қабаттарында тіршілік етеді.
Табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып, бедері әр түрлі
комплекстер түзеді. Сөйтіп, әрбір жер үлкенді – кішілі территорияны
қамтитын табиғат компоненттерінің белгілі бір комплексі болып табылады.
Сондықтан да, оларды территориялық табиғат комплекстері деп атайды. Мысалы,
Оңтүстік Қазақстанның табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып жер
бедерінде әр түрлі комплекстерді немесе ландшафтарын түзеді. Өңір
территориясын зерттегенде ең алдымен оның, көбінесе, табиғат жағдайларының
жалпы сипатын анықтайтын географиялық орнын білу қажет. Территорияның
географиялық орны деген ұғымға мыналар жатады:
- территория орналасқан жердің аты,
- оның экватор және нольдік меридианмен салыстыра қарағандағы алып
жатқан орнын анықтайтын ең шеткі нүктелерінің географиялық
координаттары,территория шектесетін елдің аты,
- мұхиттарға, теңіздерге, тау ғимараттарына, Жердің жылылық
белдеулеріне алыс- жакындығы,
- территорияның теңіз деңгейінен биіктігі,
- қандай болсын, әйтеуір, бір географиялық зонаға жататындығы.
Географиялық орын картаның және глобустың көмегімен анықталады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің физикалық-географиялық картасына талдау
жасалынды.
Кейбір сөздер мен терминдер елді мекендердің аттары мен жер, су
атаулары мағынасына берілген түсініктемелер сырттан енген топонимдер
қабатын иран, араб, парсы және монғол тілдеріндегі географиялық атаулардан
алынған. Сонымен бірге, Ұлы Жібек жолы бойымен өтетін сауда жолының маңында
қоныстанған елді мекендердің картаға сурет түрінде сызба деректер көзімен
түсіндіріледі.
Оңтүстік Қазақстан өңірі – Тұран ойпатының оңтүстігінде орналасқан.
Жер бедері, негізінен құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық
болып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. 10
наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында
орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін
құрайды. Халқының саны 2,17 млн. Терістігінде Қарағанды, батысында
Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өзбекстан
Республикасымен шектеседі. облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932
ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік
округтерге бөлінген. Орталығы – Шымкент қаласы.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал,
жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ
Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын
дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш
кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Облыстың айтарлықтай өндірістік - экономикалық мүмкіндіктері бар.
Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары
құрайды.
Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір
рудасы бойынша – үшінші орын алады.
Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс
өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да
алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

1 сурет. Оңтүстік Қазақстанның физикалық картасы

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт
қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар,
майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.
Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3
мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар.
Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс
орталығы халықаралық Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір
магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы
Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан –
Самара автомагистральдары өтіп жатыр.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны,
Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі
мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары,
өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған
4.
Географиялық орны жағынан Еуропа мен Азия арасындағы елшілік және
миссионерлік маршруттардың, керуен жолдарының қақпасы болған Оңтүстік
Қазақстан аймағын географиялық тұрғыдан танып білудің ұзақ тарихы бар.
Дипломдық жұмыста аймақты зерттеудің тарихын бізге дейінгі зерттеулер
негізінде 3 кезеңге бөліп қарастырып, жеке кезеңдердегі саяхатшылар
маршруттары бейнеленген карталарды құрастырылған.
Біз тарихи-географиялық жазба еңбектерді, аймақтағы географиялық
объектілер мен топонимдердің тарихи кезендерде өзгеру дәрежесін анықтауға
негіз болатын құнды акпарат көзі деп бағалаймыз. Сол себепті зерттеу
жұмысымызда бұл мәселеге айрықша назар аудардық. Оңтүстік Қазақстан
аймағындағы географиялық объектілер мен олардың атаулары жайлы антик
дәуіріндегі ғалымдар еңбектерінен бастап, XX ғасырдың екінші жартысына
дейінгі зерттеулердің нәтижелерін талдау негізінде мынадай қорытыңдылар
жасадық:
а) аймақ географиялық орнының ерекшеліктері мен жазықты сулы өңір
тәрізді айрықша табиғат объектілерінің болуына байланысты зерттеушілер
назарына ерте іліккен; бұл көне географиялық атаулардың жазба нұсқаларының
сақталып, осы күнге дейін жетуіне себепші болған;
ә) Ресей мемлекетінің негізгі отарлау аймағы болғандықтан, орыс
географтары тарапынан жан-жақты зерттелді; байырғы топонимдердің
этимологиясына қатысты болжамдар жасалды; осы кезеңде құрастырылған
карталар мен ғылыми еңбектерде аймақтың макро-микротопонимдері көптеп
кездеседі;
б) кеңес дәуірінде жүргізілген арнаулы комплексті зерттеулер
нәтижесінде аймақтың табиғат жағдайлары мен ресурстары жөнінде нақты
мағлұматтар жинақталып, қомақты ғылыми еңбектер, тақырыптық карталар жарық
көрді; осы кезеңде аймақтың байырғы географиялық атауларының кейбірі
жойылып, бұрмалануға ұшырады;
в) аумақтың тарихи кезеңдерде географиялық зерттелуіне қатысты жазба
және картографиялық деректерді аймақ топонимдерінің қалыптасуы мен
өзгеруіне қатысты зерттеулерде пайдалануға болады.
Қазақ тіліндегі топонимдердің қалыптасуын, жергілікті табиғат
жағдайларын дәстүрлі дүниетаным мен шаруашылық қажеттерге орай бейнелеумен
байланысты жүрген тарихи құбылыс деп бағалауға болады. Сол себепті,
зерттеудің осы бөлімінде аймақтың жаратылыс жағдайына, топонимдердің пайда
болуына, қалыптасу зандылықтарына және ғылыми терминдер мен ұғымдарды
жүйелі талданды. Қазақстанның атауларына тарихи себептер тұрғысынан зер
салсақ, елді мекендер атауларына қарағанда табиғи объектілер атауы көбінесе
тұрақты келеді. Мұны елді мекен атауларының түрлі тарихи оқиғаларға
байланысты әрбір қоғамдық формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып
отыруымен түсіндіруге болады. Зерттеу барысында аймақ топонимдерінің
қалыптасуына географиялық, этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар әсер
ететіні анықталып, оларға талдау жасалынды.
Қазақстанның атауларына тарихи себептер тұрғысынан зер салсақ, елді
мекендер атауларына қарағанда табиғи объектілер атауы көбінесе тұрақты
келеді. Мұны елді мекен атауларының түрлі тарихи оқиғаларға байланысты
әрбір қоғамдык формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып отыруымен
түсіндіруге болады. Зерттеу барысында аймақ топонимдерінің қалыптасуына
географиялық, этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар әсер ететіні
анықталып, оларға талдау жасалынды.
Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген
халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің
ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың
реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын,
ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды жадында
сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді
диахрондық бағытта зерттеудін маңызы зор.
Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдык қатынастардың тарихи
дамуы мен қоғамның рухани келб.ін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас
бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи
астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи
география топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер
тарихи географтар болды.
Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің тарихи негіздерін зерттеу барысында
аумақтың халқына қатысты тарихи деректердің барлығымен танысып шығу қажет
болды. Өйткені, белгілі бір аумақта қай кезеңде қандай халықтар
мекендегенін және олардың қандай тілдерде сөйлегендігін білудің
топонимикалық зерттеулер үшін маңызы аса зор. Көне замандардан бері
игерілген өркениет ошағы болған облыс жерінде қазіргі тілдер тұрғысында
түсіндірілмейтін реликт және архаикалык топоүлгілер бар. Кейбір көне
топоүлгілердің аумақтық шоғырлану заңдылығы анықталды. Мұның өзі сол
аудандағы осы атаулар қалыптасқан кезеңдегі нақты тарихи жағдайларды
қалпына келтіру негізінде ғана мүмкін болды.
Өлке тарихы көне замандардан бастау алады. Ғалымдардың болжамы
бойынша, мұнда адамның өмір сүруіне қолайлы экологиялық жағдай осыдан 3-5
млн жылдай бұрын қалыптасқан. Қаратау өңірінен табылған алғашқы адамдардың
палеолиттік қоныстары осының айқын дәлелі. Бұл маңда сол кезеңде өмір
сүрген орман пілі, алып түйе, мүйізтұмсық, бұлан, құлан мен тарпанның да
сүйектері табылған. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Қошқорған
ауылы маңында палеолиттік (б.з.б. 500 мыңжылдық) Қошқорған тұрағы табылған.
Өңір аумағындағы неолиттік петроглифтер облыс аумағын мекен еткен
ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін ғана бейнелеп қоймай, осы өңірге тән
жануарлар дүниесінен де хабар береді. Географиялық атауларда петроглифтер
кездесетін аудандар айрықша атаулармен (Тамғалынұра, Тамғалытас, Таңбалы
тас және т.б.) белгіленген. Шымкент қаласынан солтүстік-шығыска қарай 43 км
жерде табылған Қараүңгір неолиттік тұрағы өзі аттас өзеннің бойында
орналаскан. Үңгірді қазу барысында тас құралдар табылған. Ал Отырар
ауданындағы Қожатоғай кеңшарынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км жерде ежелгі
неолиттік коныс орны анықталған. Бұл жерді жергілікті халық Тасқотан деп
атайды. Археоним өз атауының мағынасын толығымен растайды: бұл жерден 3
мыңға жуық тас кұралдары мен тас жаңқалары табылған. Кейінгі мәдениеттің
үлгілерін археологтар Арыс және Сырдария алаптарындағы алғашқы егіншілік
ошақтарынан, Қаратаудағы кен ісі өркендеген аудандардан кездестірген.
Географиялық орнының ерекшеліктеріне орай, облыс аумағы тарихи
кезеңдерде Орта Азия аймағында жүрген саяси, экономикалық окиғалардың
аренасы болды. Бұл өңірдің тарихи тағдырында Сырдария өзенінің маңызы
ерекше болды. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы ежелгі отырықшы өркениеттің
ошағы болған бұл ұлы өзеннің аңғары суармалы егіншілік пен қолөнердің,
сауда мен қала мәдениетінің орталығы қызметін атқарды. Сырдария бойында
ежелден бері Орталық Қазақстанда тұрған көшпенділердің қыстаулары
орналасатын. Сыр бойындағы шұраттар мен қалалар олардың жолдарында ешқашан
бөгеп тұрған жоқ, сол себепті көшпенділер мен отырықшы халықтың арасында
өзен жағалауындагы жер дауы туындаған жоқ.
Дала мен отырықшы егіншілік өркендеген аудандар аралығында орналаскан
Оңтүстік Қазақстан қалалары шаруашылық, мәдени, этностық құрылымы жөнінен
айырмашылық жасайтын аймақтарды жалғастырып жатты. Қалалар түркі халықтары
мекендеген, егіншілік дамыған шұраттарда пайда болды. Ең ежелгі қалалар
Отырартөбе, Құйрықтөбе, Марданкүйік, Оксус, Бұзықтөбенің орнында жатыр.
Ұлы жібек жолы арқылы аймақ Орта Азия, Үндістан, Иран, Қытай және
басқа елдермен мәдени, саяси және экономикалық қарым-қатынаста болды. Азия
мен Еуропаны жалғастырған осы ұлы керуен жолының бойында тұрған Созақ,
Қарашық, Түркістан, Қарнақ, Отырар, Сығанақ, Баласағұн және т.б. ежелгі
калалар арқылы сауда керуендері оңтүстік пен солтүстікке, батысқа ағылып
жатты. Археолог ғалымдар аймақтың қоныстануы мен шаруашылық игерілуіне,
мәдениетіне қатысты құнды деректер тапқан. Марданкүйік қалашығының орнынан
сазбалшық күйдіретін бірнеше пеш, қыш көзелер табылған. Қалашық атауындағы
күйік сөзі оның шаруашылығындағы маңызды сала болған балшық күйдіру
ісінен хабар беріп тұр.
Зерттеулер барысында заттық мәдениет үлгілерімен қатар, жергілікті
халықтың рухани мәдениетінен хабар беретін жәдігерлер табылған. Бабаата
қалашығының орнында анықталған таза күл қабаты бұл маңда отпен байланысты
көне салт-дәстүрдің болғандығынан хабар береді, ал Сыр өңірінен табылған
қыш құмыраларда бейнеленген қойдың бейнелері мен қоймүйіз өрнектер көне
зорастризм элементтері болып табылады.
Оңтүстік Қазакстанның тарихы мен мэдени өмірінде, шаруашылық дамуында
Сырдария аңғарының орны ерекше болды. Гректер Яксарт деп атаған осы ұлы
өзен орта ғасырларда Сейхун, Кангар, Йинчу-үкуз болып бірнеше рет атауын
өзғертіп, тек XVI ғ.. бастап өзінің бастапқы Сыр атауын қайтып алды. XI ғ..
парсы сөздіктерінде өзен атауы Сайхан түрінде берілген.
Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында бұл өңірде Қанғюй (Қаңлы)
мемлекетінің орталығы орналасты, ал орта ғасырларда қала мәдениетінің аса
ірі орталықтары қалыптасты. Сырдария бойында сан ғасырлар бойы мал
шаруашылығы мен егіншілік, қолөнер қатар дамыған. Орта ғасырларда Сыр
алабын мекендеген халықты араб саяхатшылары оғыздар (гуз) деп атаған. XII
ғасырда өмір сүрген араб саяхатшысы әл-Идриси өзінің Нузхат әл-муштак деп
аталатын еңбегінде оғыздар мемлекеті Тәңіртаудың батыс сілемдері, Шу өзені,
Сырдария бойы мен Қаратау аралығын алып жатқандығы туралы деректер бар.
Қаңлылардың тарихи мұрагерлері болған оғыздар көршілес мемлекеттермен
экономикалык, мәдени байланыстар орнатқан аса ірі мемлекет құрған.
Оңтүстік Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары жүргізілген Көкмардан,
Бұзықтөбе, Пышақшытөбе, Шойтөбе (Шауғар), Құйрықтөбе (Кердер), Қауғаната,
Күйікмардан сияқты археологиялық нысандардың атаулары нақты елді
мекендердің тарихи топонимдері болып табылады. Бұл археонимдердің қалыптасу
кезеңі, этимологиясы мен лингвистикалық құрамының түп-төркінін анықтау үшін
осы атаулар қалыптасқан кезеңдегі экономикалық және мәдени дамудың сипатын
жете білу қажет. Бұл істе әсіресе жазба мұралардағы тарихи деректердің
маңызы аса зор.
Зерттеу барысында облыстағы географиялык атауларға қатысты жазба
әдебиеттер мен картографиялық еңбектерде тіркелген мәліметтермен жете
танысуға тырысқанымызды атап өткіміз келеді. Өйткені бастапқы дерек көзі
ретінде мұндай еңбектер ұмытылып, мағынасы немесе айтылып-жазылуы
бұрмаланып жүрген кейбір тарихи атаулардың мәнін түсінуге көмектеседі.
Тарихи-лингвистикалық зерттеулер нәтижелеріне сүйену аймақтағы географиялық
атаулардың шыгу тегі мен тілдік құрылымын географиялық шындықпен
байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы қосыла келіп, ақыр соңында
облыстағы кең тараған топонимдердің типтері мен олардың пайда болу
ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Осы аталған мәселелерді облыс
аумағындағы географиялық атаулардың қалыптасуына тарихи тұрғыдан талдау
барысында ескеруге тырыстық.
Жалпы алғанда, бұл өңірдің мәдени және шаруашылық дамуына арабтардың
Орта Азияны жаулап алуы үлкен ықпал етті. Арабтар қазіргі Оңтүстік
Қазақстан облысындағы Шойтөбе қалашығының орнында болған Шауғарға дейін, ал
солтүстік-шығысқа қарай Құланға дейін ғана жеткен. Бұл қала халқы мен
көшпенділер арасында исламның кеңінен таралуына себепші болды. К.М.
Байпақовтың зерттеулері бойынша, орта ғасырларда қазіргі Оңтүстік Қазақстан
аумағында қалалық мәдениеттің аса ірі төрт орталығы болған:
1. Талас Алатауының бөктері мен Арыс өзенінің жоғарғы ағысындағы
Испиджаб Сайрам аймағы.
2. Арыстың орта ағысындағы Кенжиде қалалық аймағы.
3. Сырдарияның орта ағысындағы ортағасырлық Фараб Отырар аймағы.
4. Түркістан шұратындағы Шауғар аймағы.
Талас Алатауының бөктері мен Арыс өзенінің жоғарғы ағысында, Сайрамсу
аталатын өзен жағасында орналаскан, ІХ-ХІІ ғ.ғ. Оңтүстік Қазақстанның
орталығы болған Испиджаб қаласы туралы 629 ж. қытай саяхатшысы Сюань Цзянь
Ақ өзенде тұрған қала деп жазған, бұл Испиджаб жөніндегі алғашқы жазба
дерек болып табылады.
Кейінірек, М. Қашқари Сайрам Испиджаб деп аталатын ак қаланың атауы.
Оны кейде Сайрам деп те атайды деп жазған.
Қала тек XI ғ. бастап қана Сайрам атала бастаған. Жалпы қала сол
кезеңдерде 28 га аумақты алып жатқан. Сайрам атауы осы күнге дейін жеткен,
сол себепті осы маңдағы қала үйіндісін ортағасырлық Испиджабқа телімеуге
ешқандай себеп жоқ. Сайрам қаласының орны қазіргі Сайрам кентінің оңтүстік-
батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде орналасқан.
Испиджаб маңында Манкент, Газгирд және т.б.қалалар орналасқан. Манкент
қаласы жөнінде араб географы Иақұт Испиджаб маңындағы қала деп көрсеткен.
Ортағасырлық (ҮІІІ-ХП ғ.ғ.) Манкент қаласының орны Ақсу өзенінің сол
жағалауындағы жаркабақтың үстінде жатқан Бұлаққоба қалашығы болып табылады.
Сол маңда, Манкент ауьтлы орнласқан, яғни қала атауы осы күнге дейін
сақталған. Ал ортағасырлық Газгирд қазіргі Шарапхана ауылы маңындағы VІІ-Х
ғғ.. болған қала үйіндісіне сәйкес келеді. Аңыз бойынша, Газгирд маңында
712-713 жж арабтар қытайлықтарды жеңіп, сол кезден бастап кала атауы
Шарапхана – жеңіс үйі деп аталған. Қазіргі Қазығұрт атауының шығу тегі
көне Газгирд атауымен байланысты.
Испиджабтан шығысқа қарай Ұлы жібек жолының бойында Шараб, Будухкет,
Тамтадж және Абартадж қалалары орналасты. Соңғы екеуінде ірі керуен
сарайлары болған. Ғалымдар Тамтадж қаласын ежелгі Түркібасы шаһарының
орнына сәйкес келеді деп есептейді. VI ғасырда түркілердің ұлы қағаны –
түркібасы Византиядан келген Земарх бастаған елшілерді қос өркешті
Екітаудың (казіргі Түлкібас) бірінде қабылдағаны туралы деректер бар.
Түркібасының ордасы болған мекен Арыс өзенінің Қүлан өзені құяр жерінде
орналасқан. Сол кезден бастап бұл жер Түлкібас атанған. Ал Абаржадж қаласы
тұрған жер айналасында мың бұлақ бар үлкен төбе ретінде сипатталған.
Мыңбұлақ атауы қазірге дейін сақталып қалған. Қалалардың тарихи көне
атаулары жазба ескерткіштері арқылы осы күнге дейін келіп жеткен.
Арыс өзенінің орта ағысы мен Боралдай өзені бойын Кенжиде қалалық
аймағы алып жатты. Орта ғасырларда түркі тайпаларының қоныстанған мекені
болған. Қазіргі кезде Ордабасы ауданындағы Көлтабан ауылының солтүстік-
шығысында Жуантөбе деп аталатын қала орны бар. Археологтар Е.И. Агеева,
Г.И. Пацевич Жуантөбені Кенжиде аймағының астанасы болған Арсубаникет
қаласының орны деп есептейді. Қала атауы Ибн Хаукаль, әл-Истахри, әл-
Макдиси сияқты араб саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. Көптеген
атаулардың араб тілінде бүрмаланып жазылғанын ескерсек, қала атауын көне
Арыс потамонимімен байланыстыруға болатын сияқты. Әдетте, түркі тілдерінде
ірі қала атаулары өзен атауларымен тығыз байланысты болған. Қала
мағынасында қолданылған соғдылық кент термині ортағасырлық қала атауларында
кет үлгісіне ауысқан. Олай болса, Арсубаникет атауы арыс бойындағы қала
деген мағынаны білдіреді деп топшылаймыз.
Сырдарияның орта ағысын ортағасырлық Фараб аймағына сәйкес келетін
Отырар шұраты алып жатыр. Сырдарияның мол суы оның аңғарында суармалы
егіншілікті дамытуға мұмкіндік берді. Ортағасырлық араб саяхатшысы әл-
Масуди Фараб аумағында Сырдария суы тасыған кезеңде 30 фарсах жерге дейін
су басатыны туралы жазған. Жазба деректерде Отырар атауы VIII ғ. бастап
атала бастады. Дәл осы кезеңде қаланың екінші атауы – Фараб та белгілі
болды. Қала тарихын жазба деректер бойынша XIX ғасырға дейін бақылауға
мүмкіндік бар. Отырар топонимін К. Байпақов оғыз тіліндегі тұрақты
қоныстарға қатысты колданылатын отырар түсінігімен байланыстырады. X ғ.
Кедер деп аталатын жаңа қала Фараб аймағының басты қаласына айналады.
Қазіргі кезде Құйрықтөбе аталатын осы өңірдегі қала үйіндісі жатқан жер
бұрынғы Кедердің орны болғандығы жөнінде нақты деректер бар. Шамамен 1-2
ғасыр ғана бұл қала мен оның айналасы гүлдену кезеңін басынан кешіріп,
құлдырауға ұшыраған. Өйткені, XI ғ. бастап бұл қаланың ортағасырлық жазба
деректерде аты аталмай қалған. XII ғ. басында астана қайтадан Отырарға
көшеді.
Орта ғасырларда Сырдария бойында Отырардан төменіректе Шауғар аймағы
орналасты. Оның орталығы осы аттас қала болған. Қала орны казіргі Түркістан
қаласынан 8 км қашықтықта орналасқан Шойтөбемен байланыстырылады.
Фархангалар деп аталатын көне парсы түсіндірме сөздіктерінде Шауғар
туралы түсініктемелер жеткілікті. XI ғ. түсіндірме сөздікте Шауғар жөнінде
Мауреннахр шекарасындағы аймақ, онда құмды шөл бар, ал құмның ар жағында
кәпірлер мекені деген түсінік берілген. Мүнда Шауғар тұрғындарының
негізінен мата тоқумен айналысатыны айтылады. XV ғ. сөздікте де осы
мәліметтер қайталанған. Айрықша назар аударатын нәрсе – соғды тілінде
Шауғар Қара тау дегенді білдіреді.
Шындығында да қаланың Қаратау баурайында орналасқанын ескерсек,
Шойтөбенің бұрынғы Шауғардың орны екендігі кұмэн тудырмаса керек.
Шауғардан басқа бұл аймақта Қарнак қаласы да орналасты. Қарнақ атауы
басқа да оғыз қалаларының қатарында М. Қашқари еңбектерінде аталған. Қала
түсті метал қорытудан айрықша көзге түскен. Бұл көне атау қазіргі кезде
калпына келтірілген: Қаратау жотасының оңтүстік баурайында орналасқан ауыл
1996 ж дейін Атабай аталып, қазіргі кезде Қарнақ делінеді.
Түркістаннан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде ежелгі Сауран
қаласының орны табылған. Тарихи деректер бойынша, VII–XVIII ғғ. Аралығында
дамыған бұл қала XIII ғ.. орта шенінде Ақ орда астанасы болған, ал XIV ғ.
соңына қарай Әмір Темір оны әскери қамалға айналдырған.
IX–XIII ғғ. қалалық мәдениеттің күрт өркендеуі байқалды: қала саны
өсті, қалалық аумақтардың ауданы артты, халық саны көбейді. Осы кезеңде
Оңтүстік Қазақстанда Манкент, Арсубаникет, Кедер, Иасы, Сығанақ, Шағылжан,
Қарашық, Сүткент, Берукет сияқты жаңа қалалар пайда болды. Қала құрылысында
мешіттер, көпшілік моншалары, мұсылман кесенелерін салу етек ала бастады.
Қала халқының саны отырықшылыққа көше бастаған көшпенділер есебінен тез
арта бастады. Қарлұқтар Отырар мен Сүткентте басым болса, Қаратау
бөктеріндегі және Сырдарияның орта ағысындағы қалалардың басым көпшілігінде
оғыздар тұрды. Қыпшақтар Сығакақ пен Барышкент тұрғындарының басым бөлігін
құрады. Облыста Қыпшақ оронимінің болуын осымен түсіндіруге болады.
Ортағасырлык қалалар тұрғындарының тілдік құрамын білудің топонимикалық
зерттеулер үшін маңызы өте зор. Өйткені көптеген қала атаулары осы күнге
дейін сақталып қалған, сонымен қатар осы қалалар маңындағы табиғи
нысандардың атаулары болған микротопонимдер әлі де қолданыста жүр.
Жалпы алғанда, топонимдерді аумақтық шоғырлану, яғни ареалдық
тұрғысынан зерттеудің ғылыми маңызы зор. Бұл тұрғыда әсіресе, жергілікті
географиялық терминдер мен жекелеген сөздердің топонимдерде қайталану
заңдылығы айрықша көңіл аударуға түрарлық. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан
облысында кұрамында қытай этнонимі бар географиялық атаулар тобы
анықталды және олардың таралу ареалы шектеулі аумақты ғана қамтиды. Олардың
арасында Қаратау өңіріндегі Үлкен Қытай жотасы, Қытай бұлағы, Қытайөзек
құрғақ арнасы, Қытайсай деген сай атауы бар. Ортағасырлық зерттеушілердің
еңбектеріне жүгінсек, қазіргі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының
аумағын түркі тілді халықтармен қатар, ХІІІ ғасырда маньчжур тілдеріне туыс
тілде сөйлейтін қарақытайлар мекен еткен.
Жетісу аумағында қоныс теуіп, өз мемлекетін құрған қарақытайлар
қараханидтер билігін әлсіреткен, бірақ жергілікті халықтың діні мен
мәдениетіне елеулі ықпал етпеген. Олай болса, жоғарыда аталған топонимдерді
және осы облыстағы Қарақытай қонысының атауын қаракытайлар мекендеген
аумақтың ареалына енетіндіктен, этноним негізінде қалыптасқан атаулар
тобына жатқыза аламыз. Жалпы этнонимдер құрамында қара сөзі халықтардың
географиялық орналасу ареалына байланысты койылған деген болжамды белгілі
түркітанушы ғалым А.Н. Кононов ұсынған болатын. Ғалымның айтуынша,
Шыңғысхан жорығынан бір ғасырдай бұрын Қытайдың солтүстігіне қоныс аударған
қидандарды түркі халықтары қарақытайлар деп атаған. Осы болжамға сүйенсек,
қарақытайлар солтүстік қытайлары, яғни қидандар болып шығады.
Оңтүстік Қазақстанның ірі қалаларының барлығы дерлік 1219-1220 жж
Шыңғыысхан шапқыншылығы кезінде қирап, тоналды. Гүлденген калалар мен
жайқалған егістіктер мен бау-бақшалар жаулап алушылардың табанының астында
қалды. Қиратылып, қаңырап қалған қалалар бірнеше ғасыр бойы қалпына келе
алмады. Олардың кейбірінің ғұмыры осылай аяқталды да, атаулары жазба
ескерткіштерінде сақталып қалды. Бірақ отырықшы мәдениет өміршеңдігін тағы
да дәлелдеп шықты: Оңтүстік Қазақстанның XV-XVI ғғ. тарихында қала
мәдениетінің қайта өркендеуі айқын байқалды. Бұл кезеңде қазақ хандығы
құрылып, XVI ғ. Иасы оның тұрақты астанасына айналды. Қала осы кезеңде
Түркістан деп атала бастады. Осы аумақта Ақсүмбе, Арыс, Күлтөбе, Қаратау,
Сайрам сияқты гүлденген қалалар болған.
Осы кезеңдерде облыс аумағында өмір сүрген қазақ рулары мен басқа
халықтардың шоғырланған аудандары географиялық атауларда бекітілген.
Облыс аумағында елді мекендер атаулары арасында Жалаңтөс, Теке (Түркістан
қ.ә.), Бағаналы, Бөке (Қазығұрт ауд.), Қоңырат (Мактаарал ауд.), Шапырашты
(Сайрам ауд.), Әлімтау (Сарыағаш ауд.), Керейіт (Түлкібас ауд.) және т.б.
этнотопонимдер тіркелді. Микротопонимияда да бұл құбылыс айқын көрінеді.
Сунак, Найман, Шағатай, Сарыүйсін аталатын арықтар, Арғынсай, Қоңыраттөбе,
Өзбектөбе, Қыпшақадыр сияқты оронимдер, Ақша, Қалмаққұлаған, Ноғайқора,
Ноғайарык, Жалайыр ойконимдері, Шапырашты гидронимі бар.
Кейінгі ғасырларда қазақ жері жоңғар шапқыншылығынан зардап шекті.
1726 ж. казақ билеушілері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы
жерінде бас қосыл, басқыншыларға карсы бірігіп күресу жоспарын қабылдаған.
Осылайша қазақ халқының азаттық күресінің тағдыры шешілген тарихи мекен
Ордабасы болды. ХУШ-ХІХ ғғ. қазақ жерін патшалық Ресей отарлау саясатын
жүзеге асырды. Осы мерзім ішінде облыс аумағы Қоқан хандығының езгісін де
басынан кешірді. Көптеген қалалар жаудан қорғану мақсатында биік қабырғалы
бекініс – қорған салуға мәжбүр болды. Қазірге дейін кейбір елді мекендердің
атауларында сақталып қалған қазақтың қорған сөзі – осының дәлелі.
Бабайқорған, Көшқорған (Түркістан қ.), Бесқорған, Қожақорған, Нұржанқорған,
Ханқорған (Сайрам ауд.), Шолаққорған (Созақ ауд.), Ескіқорған (Сарыағаш
ауд.) атаулары осы топқа жатады.
Қазан революциясына дейін қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы
Черняев және Шымкент уездері деген атпен Түркістан өлкесіндегі Сырдария
облысының құрамында болды. 1867 жылы Шымкент Сырдария облысы құрамындағы
уездік қала болып бекітілді. 1914 жылы Ресей сенатының бұйрығымен қала
Черняев деп аталды, тек 1921 жылы ғана қала өзінің тарихи атауын қайтып
алды.
Кеңестік дәуірде Қазақстан аумағы жаңа әкімшілік бөлініске ұшырады.
1932 жылы құрылған алты облыс қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы да болды.
1938 жылы оның құрамынан Қызылорда облысы, ал 1939 жылы Жамбыл облысы
бөлініп шықты. 1962-1964 жылдар аралығында бұл үш облыс қайта біріктіріліп,
Оңтүстік Қазақстан өлкесі деген ат алған болатын. 1964 жылдан бастап бұл
өлке таратылып, Шымкент облысы бұрынғы атауымен қалды. 1992 жылы 6 шілдеде
ҚР Жоғары Кеңесінің каулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы атауы қайтарылып
берілді. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге, тарихи атауларды калпына
келтіру бағытында көптеген жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағындағы
ондаған атаулар қалпына келтірілді.
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы ұзақ тарихи уақыт
аралығында сан алуан тарихи оқиғаларға куә болды. Аумақтың тарихи тағдырына
аркау болған өркениеттің гүлдену мен құлдырау кезеңдері, саяси сахнада
бірін-бірі алмастырып отырған мемлекеттер мен халықтар табиғи ортаны,
шаруашылық кұрылымын, мәдениет бағыттарын ғана өзгертіп қоймай, сан
мыңдаған географиялық атаулардың қалыптасып, тұрақтануына да әсер етті. Әр
тарихи кезеңнің өзіне тән атаулар жүйесі қалыптасты.

1.2. Табиғат жағдайлары мен жер бедері атаулары

Топонимиканың физикалық-географиялық негіздері теориялық тұрғыда
қарастырылып, облыс топонимдерінде жер бедері мен геологиялық құрлысының,
климат пен ішкі сулардың, органикалық дүниенің көрініс табуы нақты
материалдар негізінде талданады.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары алуан түрлі, мұнда
шөлдер мен шөлейттер, төбелер, тау жоталары мен қыраттар кездеседі. Жер
бедері бойынша оны үш ауданға бөлуге болады: таулы, төбелі және жазық дала.
Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан,
орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының сілемдері
болып табылатын Қаржантау және Өгем жоталарынан тұрады.
Өгем жотасы оңтүстік-батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр және
кескінінің тегістігімен сипатталады. Оның суайрық жоталары әдетте жазық
келеді, көптеген карст шұңқырлары бар. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі басты
суайрық жотасы солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріле отырып, 2800-3200 м.
биіктікке жетеді. Жекелеген шыңдарының биіктігі 3700-3800 м. дейін жетеді.
Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік ізбестен тұрады. Жотаның
солтүстік-батыс баурайлары көлбеу және ұзын келген. Суайрық жоталары тегіс
формаларымен ерекшеленеді. Ағын су мұнда бірқатар тар, жартасты, жүру қиын
шатқалдар түзген.
Өгем жотасының суайрық басы солтүстік-шығысқа қарай өзінің жазық
пішінін жоғалтып, сүйірленген және тілімделген. Жотаның баурайларын Өгем
және Піскем өзендерінің көптеген салалары алып жатыр. Бұл салалардың
аңғарлары тасты шатқалдар болып келеді.
Қаржантау жотасы Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы
ұзындығы 80 км-ге жуық.
Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем өзенінің аңғары бөліп жатыр.
Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты жатыр.
Жотаның басты су айрығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай
созылып жатыр, баурайлары тік, қысқа келген, көптеген аңғарлармен бөлінген.
Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 м. Ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауының
биіктігі – 2834 м.
Қаратау жотасы Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып,
солтүстік-батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол Солтүстік-батыс (Үлкен)
Қаратау мен Шығыс (кіші) Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі
жотамен бірге Боралдайтау, Үлкен Ақтау сынды оған қатар орналасқан бірнеше
жота кіреді.
Жотаның көлденең қимасының құрылысы ассиметриялық – оңтүстік-батыс
баурайы көлбеу, ұзын келген, ал солтүстік-шығысы тік, салыстырмалы қысқа.
Оңтүстік-батыс баурай Қарашық, Баялдыр т.б. өзендердің аңғарларымен күшті
тілімделген. Жоғары бөлігінде 100-400 м, орта бөлігінде 500-600 м. және
етегінде 60-250 м. тереңдікке дейін жетеді. Өзен аралықтарында құрылымдық
қырқалардың рельефі тән. Суайрық жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес
учаскелер кездеседі.
Оңтүстік-Батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және
интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік-шығыс баурайына тар өзен
аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек кездеседі.
Қаратау жотасы солтүстік-батысында біртіндеп төмендеп, жекелеген
шоқыларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала шөлдерінің шекарасы маңында
көрінбей кетеді.
Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік-шығыс
баурайының айтарлықтай тілімденуі тән.
Осы сипатталып отырған аумақта байқалатын тектоникалық қозғалыстар
таулардың геоморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін
қалдырған. Жас көтерілулер тау рельефінің әртүрлі сатыларын жасады, ал тау
етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф қалыптасты. Осыған
байланысты аумақта рельефтің үш генетикалық типін бөліп көрсетеді:
денудациялық — тектоникалық таулар, эрозиялық — денудациялық пласты
жазықтар және аккумулятивті жазықтар.
Денудациялық-тектоникалық таулардың рельефі мұздықты – нивальдық биік
тау белдеуін, эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуін және аридті –
денудациялық тау бөктерін біріктіреді.
Мұздықты-нивальдық биік тау белдеуі биіктігі 2500 м. асатын Өгем,
Майдантал, Талас жоталарында дамыған. Рельефте мұздық денудацияның және
аязды желден мүжілудің іздері бар. Мұнда аспалы мұздықтар мен күртік қар
басқан карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналық шөгінділер және адам аяғы
жете бермейтін жартасты аңғарлар кең таралған. Трог аңғарларының көбінде
ежелгі мұз басудың іздері қалған, тек кейбірінде ғана қазір аңғар
мұздықтары кездеседі. Қардың көптігі мен тік баурайлар қар көшкінінің
жүруіне себепші болады. Мұнда шұңқырлар мен үңгірлер түрінде ежелгі және
қазіргі карстар кездеседі. Шөгінді және опырынды материалдардан аңғарларда
түрлі бөгеттер түзіліп, тоғандар пайда болады.
Эрозиялық-денудациялық орта тау белдеуі Қаратау, Талас және Қаржантау
жоталарында кездеседі. Рельеф 1800-2500м. биіктікпен сипатталады. Суайрық
жоталардың үштары сүйір, дегенмен жайпақтары да кездеседі. Аңғарлардың
кескіні Ү-тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар қиыршық тастармен
және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі карстар, сайлар кездеседі,
олар болуы мүмкін сел ошақтары болып табылады. Көлбеу келген баурайларда
эрозияның интенсивтілігі әлсірейді. Орта тау белдеуі рельефінің түзілуі
альпі тектогенезімен байланысты.
Аридті денудациялық төменгі тау белдеуі Қаратау тауының негізгі
рельефі болып табылады және 700-1500м аралығындағы биіктікпен сипатталады.
Мұндағы рельеф эрозиялық тілімденуімен және беткейдің тегістелу
кескіндерімен ерекшеленеді. Суайрық жоталардың тегістелген беткейлерін
аңғарлар кесіп өтеді. Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай және Құлан
таулары орналасқан. Мұндағы, суайрық жоталар шошақ келген, ал жекелеген
шыңдар үшкір пішінді. Тау аңғарлары тар, жартасты ал олардың ұзына бойы
кескіні сатылы келген. Баурайлардың жартасты сипаты мен карст құбылысының
дамығандығы тау жасаушы ізбестердің кең таралуымен анықталады. Төменгі тау
белдеуінің рельефі тектоникалық және одан кейінгі денудациялық-эрозиялық
процестердің өзара әрекет тесуімен түзілген.
Эрозиялық-денудациялық пласттық жазықтар Қаратау жотасының оңтүстік-
батыс баурайының бойында таралған. Толқын тәріздес жер бедері мезозой және
кайназой шөгінділерін сайлар мен аңғарлардың тілімденуі нәтижесінде пайда
болған. Мұнда мезозой және кайназой дәуірлерінде опырынды материал
жинақталған. Кейіннен тектоникалық қозғалыстардың нэтижесінде тау жыныстары
көлбеу қатпарлы құрылымдарға айналған. Осыған байланысты рельеф солтүстік-
шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған қысқа тау тізбектерімен
сипатталады. Литологиясы жағынан әртүлрлі жыныстардың эрозиялық мүжілуі
рельефтің төбелі және үстелді -тау жұрнақты типін анықтады. Рельефтің осы
типі жыралық эрозия процестерінің әлсіз байқалуымен сипатталады.
Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрлі – пролювиальдық еңіс және
аллювиальдық террасаланған жазықтар.
Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларын,
Қаратаудың оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс баурайларын және Қаржантау
жотасының солтүстік баурайларын түзген. Олардың биіктігі 300-800 м
аралығында ауытқиды. Тау етегінде бірқатар көтеріңкі учаскелер түзілген,
бұл жазықтарға әлсіз толқынды сипат береді. Эрозиялық аңғарлар кең
таралған, олар әлсіз байқалатын террасаланған кертпелер түзеді. Көбінесе
жас эрозиялық ойықтар ежелгі кең аңғарларға сұғынып жатады. Аңғарлардың
ойығының тереңдігі тау етегінде 20-30м жетеді, ал таудан алыстаған сайын
біртіндеп азайып, тегістеліп кетеді.
Еңіс жазықтардың рельефі тектоникалық, денудациялық және негізінен,
аккумулятивтік процестердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан.
Аллювиальдық террасаланған жазықтар Ақсу, Арыс және т.б. өзендердің
бойында кездеседі. Жазықтардың түзілуі өзендердің аккумулятивтік әрекетіне
байланысты. Жазықтардың беті террасалармен бұрырланған. Төрт терраса бөліп
көрсетіледі: өзен жайылмасы және жоғары жайылма, екінші және үшінші жайылма
үстіндегі террасалар.
Жайылма (жоғары жайылмамен бірге) барлық өзендердің бойында кездеседі.
Олардың ені 0-600 м аралығында ауытқиды. Жайылма өзен бастауларында
қиыршықты - малта тасты шөгінділерден құралған, бұл шөгінділер өзеннің орта
ағысында қиыршықты – құмды және саздақты құрылымға ауысады. Өзен сағасына
қарай құмды-саздақты құрылымдар басым болады.
Бірінші жайылым үстіндегі террасаның ені 0,2-ден 2-4 км-ге дейін
өзгереді және жайылмадан 0,6 - 2,5 метрлік кемермен бөлініп тұрады.
Террасаның беті тегіс болады, тек өзен жаққа қарай болмашы ғана еңіс
келеді.
Екінші жайылма үстіндегі террасаның су бетінен биіктігі 5-10 метрдей
болады. Оның беті тегіс, террасаның ені 0,5-2 км-ден 15-20 км-ге дейін
ауытқиды.
Үшінші жайылма үстіндегі терраса кең таралған. Оның беті лай тәріздес
саздақ топырақтан тұрады, жыралармен тілімденген. Жыралар ойығының
тереңдігі 10-30 м-ге жетеді, ал террасаның биіктігі 5-7 - ден 20 - 40 м-ге
дейін өзгереді. Террасаның ені кейде 20 км-ге дейін жетеді.
Аймақты геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру
қарастырылып отырған аумақта үш негізгі геологиялық – құрылымдық элементті
бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пласттық және аккумулятивтік
жазықтар.
Денудациялық – тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал,
Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары
жатады.
Өгем мен Майдантал жоталары – биіктігі 4000 м асатын таулар. Мұнда
аспалы мұздықтары бар Карлар, Трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік
жартасты аңғарлар кең тараған.
Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана – 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-
2000 м суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000 м
биіктікте көтеріліп тұрады.
Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау
биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі – Ақсукент шыңы (4027 м.). Оның
солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы
бар.
Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы – 420 км, биіктігі 1500-
1800 м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі – Бессаз тауы
(2176 м.). Баурайлары ассиметриялы, солтүстік-шығыс баурайы тік, жартасты,
оңтүстік-батыс баурайы көлбеу және өзендері мен жылғалар көп шығады. Терең
өзен аңғарлары жота баурайларын жекелеген өзен аралық массивтерге бөледі.
Өзен аңғарлары каньон тәріздес. Рельеф макро-пішіндері оны жасаушы
жыныстардың литологиясымен байланысты: суайрық кеңістіктер ізбестерден
тұрады, төбелі рельеф аргиллиттер ауданында дамыған. Эрозиялық-денудациялық
– пласттық Қаратау жотасының оңтүстік-батысында таралған. Бұл толқынды
рельефтің кей жердегі биіктігі 50 м-ге дейін жетеді.
Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрмен – пролювиальдық еңіс
жазықпен және аллювиальдық жазықпен берілген. Ақсудың төменгі ағысы және
Арыс сияқты ірі өзендердің бойында таралған. Пролювиальдық еңіс жазықтар
Талас Алатауының солтүстік баурайларында және Қаратаудың оңтүстік-батыс
баурайында кездеседі
Жер бедерінің оң пішіндеріне қатысы бар 300-ден астам атауды
құрамындағы индикатор-терминдер бойынша топтастырғанда, ең үлкен топты
төбе терминінің қатысуымен жасалған топонимдер 60 атау құрады. Олардың
көпшілігі жазық бөліктегі биіктігі 400 м-ден аспайтын төбелердің немесе
тауалды аудандардағы кішігірім таулардың атаулары болып табылады.
Көбінесе мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді халықтарда байқалатын
құбылыс ретінде оронимдерде фитонимдердің, зоонимдердің гидронимдік
терминдердің жиі кездесуін айтуға болады.

Кесте 1. Оңтүстік Қазақстан өңірідегі су атауларының топтары
Гидронимдермен Ақсуат (тау), Астамбұлақ (тау), Бірбұлақ (сай),
байланысты атаулар Көкбұлақ (тау), Кішіақсу (тау), Кішісу (тау),
Қайнар (тау), Мибұлақ (тау), Талдыбұлақ (тау),
Тоғансай (жыра), Төбеқұдық (жота), Шошқабұлақ
(тау).
Фитонимдермен Аршалы (сай), Дерменесай (жыра), Жусантөбе (төбе),
байланысты атаулар Жыңғылдысай (сай), Итмұрынды (тау), Кекірелісай
(сай), Кескентерек (тау), Көктерек (сай), Қарағайлы
(жыра), Қоғалысай (жыра), Өлеңтөбе (төбе),
Пішентөбе (тау), Раң (асу), Талдыбұлақ (тау),
Шілікті Ақсу (асу), Ырғайлы (тау).
Зоонимдермен Айғыржал (тау), Айғыришан (тау), Ақтүйеқұлаған
байланысты атаулар (тау), Арқарлытау (жота), Есекбел (тау), Ителгі
(тау), Кіші Сауысқандық (тау), Қабанжелкетау (тау),
Қабанқұлақ (тау), Қаратайынша (жота), Қошқартөбе
(төбе), Құлжалықара (тау), Қызылқабан (тау),
Сазантөбе (төбе), Үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Қазақстан топонимиясы
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Қала атауларын өзгерту және оның салдары
Есіл және Қалқұтан өзенінің, Шортанды ауданында
Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Қазақстан топонимдері
Пәндер