Су жайлы



Дүние жүзінің физикалық географиясы қартасына немесе глобусқа зейін сала қарасақ біздің планетамыздың басым көпшілігін су алып жатқаны белгілі. Оны ғылыми тілде гидросфера деп атайды. Гидро - су, сфера - қабық.
Су шамамен жер бетінің 71 %-ін алып жатыр. Ол ауа қабатының құрамында, мұхит, теңіз, көл түрінде, бастау, бұлақ, өзен болып - жер үсті қабатында, биік таулар мен Антарктида материгінде - мәңгі қар, мұз түрінде кездеседі.
Су өсімдіктер мен жануарлардын бойында, адам ағзасының құрамында кездеседі.
Су, табиғатта су айналымы заңынын негізінде, таусылмайтын табиғат қорына жатады. Ол - ерекше қасиеті бар минерал, Сусыз өмір жоқ. Суды пайдаланбай, ешбір халық шаруашылығындағы, өнеркәсіптегі процесс іске асуы мүмкін емес.
Жер бетіндегі су қорының 98%-і тұзды су, оны ауыз су ретінде тұрмыста, шаруашылықта қолдануға мүлдем болмайды. Сондықтан да, халық арасында: «Суда отырып та шөлдеп өлуге болады», - деген нақыл сөзі тараған. Осы айтқандарымыздан тұщы судын адам өміріндегі алатын орны көрініп тұр.
Бірақ тұщы су - өмір нәрі қызметін атқара алу үшін, ал міндетті түрде таза, ластанбаған болуы керек. Ал суды былғап, улайтын негізінен адамның өзі. Кейбір жағдайда, табиғат құбылыстарының әсерінен су табиғи жолмен де ластанып, уланып жатуы мүмкін. Бірақ табиғи жолмен ластанып жатқан су көздерін табиғаттың өзі-ақ тазалап ала алады. Ал адам баласынын парықсыз іс-әрекетінің әсерінен уланып, былғанып жатқан су көздерің табиғат адамның көмегінсіз, өзі тазартып алуға дәрменсіз. Сондықтан да әрбір адам өмір сүру барысында суды былғап, улаудан аулақ болуы тиіс. Сонда ғана біз жер бетінде баянды өмір сүріп, денсаулығы жақсы, ақыл-есі бүтін ұрпақты өмірде қалдыруымыз мүмкін. Су тазалығын сақтауда халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан, суды қорғау дәстүрлері үлкен көмегін тигізіп алады.
Ғасырлар бойы өмірлерін табиғаттың аясында, тау қойнауларында, орман алқабында, шексіз далада, өлке құшағында көшіп-қонумен өткізген, кейінгі ғасырларда ғана отырық шылық өмір сүруге кешкен халқымыз табиғат сырын түсінген. Табиғат қазақ халқының туған үйіндей, баққан малындай, еккен егіндей, бар болмысындай болып кеткен. Табиғат пен қазақ халқы біте қайнасып өмір кешкен.
Адам денсаулығында судың, оның сапасының маңызы зор. Сондықтан үкіметіміз бен Парламентіміз ауыз су мәселесіне соңғы екі жылда ерекше назар аударып, халықты сумен, оның ішінде сапалы ауыз сумен жабдықтау жайын жоғарғы деңгейдегі құзырлы мәжілістерде бірнеше рет көтерді.
1. Дәрібаев Ж.Е., Исаев Ғ.И. Судың ауыр метал иондарымен ластану дәрежесін дафния арқылы тестілеу - Алматы, 2009.
2. Исаев Ғ.И.Темепатураның дафниялардың тіршілік мерзіміне әсері Орал, 2009.
3. Исаев Ғ.И. Қалдық су құрамындағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау ҚазҰТУ хабаршысы –Алматы, 2009
4. Дәрібаев Ж.Е., Исаев Ғ.И. Әр түрлі температураларға байланысты шахта суына дафниялар арқылы биотест жүргізу кинетикасы // Тараз,-2009.

Кіріспе
Дүние жүзінің физикалық географиясы қартасына немесе глобусқа зейін сала қарасақ біздің планетамыздың басым көпшілігін су алып жатқаны белгілі. Оны ғылыми тілде гидросфера деп атайды. Гидро - су, сфера - қабық.
Су шамамен жер бетінің 71 %-ін алып жатыр. Ол ауа қабатының құрамында, мұхит, теңіз, көл түрінде, бастау, бұлақ, өзен болып - жер үсті қабатында, биік таулар мен Антарктида материгінде - мәңгі қар, мұз түрінде кездеседі.
Су өсімдіктер мен жануарлардын бойында, адам ағзасының құрамында кездеседі.
Су, табиғатта су айналымы заңынын негізінде, таусылмайтын табиғат қорына жатады. Ол - ерекше қасиеті бар минерал, Сусыз өмір жоқ. Суды пайдаланбай, ешбір халық шаруашылығындағы, өнеркәсіптегі процесс іске асуы мүмкін емес.
Жер бетіндегі су қорының 98%-і тұзды су, оны ауыз су ретінде тұрмыста, шаруашылықта қолдануға мүлдем болмайды. Сондықтан да, халық арасында: Суда отырып та шөлдеп өлуге болады, - деген нақыл сөзі тараған. Осы айтқандарымыздан тұщы судын адам өміріндегі алатын орны көрініп тұр.
Бірақ тұщы су - өмір нәрі қызметін атқара алу үшін, ал міндетті түрде таза, ластанбаған болуы керек. Ал суды былғап, улайтын негізінен адамның өзі. Кейбір жағдайда, табиғат құбылыстарының әсерінен су табиғи жолмен де ластанып, уланып жатуы мүмкін. Бірақ табиғи жолмен ластанып жатқан су көздерін табиғаттың өзі-ақ тазалап ала алады. Ал адам баласынын парықсыз іс-әрекетінің әсерінен уланып, былғанып жатқан су көздерің табиғат адамның көмегінсіз, өзі тазартып алуға дәрменсіз. Сондықтан да әрбір адам өмір сүру барысында суды былғап, улаудан аулақ болуы тиіс. Сонда ғана біз жер бетінде баянды өмір сүріп, денсаулығы жақсы, ақыл-есі бүтін ұрпақты өмірде қалдыруымыз мүмкін. Су тазалығын сақтауда халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан, суды қорғау дәстүрлері үлкен көмегін тигізіп алады.
Ғасырлар бойы өмірлерін табиғаттың аясында, тау қойнауларында, орман алқабында, шексіз далада, өлке құшағында көшіп-қонумен өткізген, кейінгі ғасырларда ғана отырық шылық өмір сүруге кешкен халқымыз табиғат сырын түсінген. Табиғат қазақ халқының туған үйіндей, баққан малындай, еккен егіндей, бар болмысындай болып кеткен. Табиғат пен қазақ халқы біте қайнасып өмір кешкен.
Адам денсаулығында судың, оның сапасының маңызы зор. Сондықтан үкіметіміз бен Парламентіміз ауыз су мәселесіне соңғы екі жылда ерекше назар аударып, халықты сумен, оның ішінде сапалы ауыз сумен жабдықтау жайын жоғарғы деңгейдегі құзырлы мәжілістерде бірнеше рет көтерді.

Су көздерін ластауға жол бермеуді басты назарда ұстаудамыз. Ауыз су сапасыздығынан болатын эпидемиялық ауру түрлері көп. Санитарлық эпидемиологиялық станса қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ұйымдастыруды биыл да ойластырудамыз.
Халық арасына кең тараған, оның қанына сіңген санасына ұялаған бір қастерлі ұғымы. Ол - тазалық ұғымы. Таза, тазалық сөздерін естігенде көңіл-күйлерінде ерекше бір серпіліс, жақсылыққа ұмтылу сезімі болмайтын адам баласын кездестіріл көрген емеспіз.
Табиғатты қорғауға анықтама беретін болсақ, ол - адам баласы өз қажеті үшін табиғаттың әр түрлі қорларын ұқыптың игілігі үшін сақтап қалу жолдарын үйрететін ғылым. Экология ғылымы - табиғат қорғау ғылымының негізгі, бастау-бұлағы. Табиғат қорғау ғылымы, оның қағидаларының заңдарын табиғатты өмірлік қажетімізге пайдалануда міндетті түрде орындау - мәңгілік, баянды өмір сүру негізі.
Қазақстан үкіметінің 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасында Қопа көлінің Бурабай көлдері мен табанын тазарту көзделген. Осы мақсат үшін облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге көлемі 81 миллион теңге қаржыға бюджеттік заявка берді. Сондай-ақ Бурабай кентіндегі суды биологиялық толықтай тазарту стансасы қондырғысының құрылыстарын жобалау жұмыстарына 8 миллион теңге сұралып отыр. Қазір көл табандарын тазарту жобаларына 18 миллион теңгедей қаржы бөлінбек деген болжам бар. Алайда бұл қаржы көлемі Бурабай көлдерінің экологиялық жағдайын ойдағыдай жақсарта қоймайды.
Тамаша табиғат мүйісін қалыпты ұстауға байланысты шаралар белгілеп жүзеге асыру ісі сонау 1984 жылдан, яғни үкіметтік арнаулы қаулы қабылдаудан бастау алады. Онда курортты аймақты дамытудың бас жоспарының схемасы айқындалып еді. Бірақ іс-шаралар толықтай жүзеге аспай келді.
Осынау кемшіліктің салдарынан жеке - жеке шағын су жинағыштардың ағынды суға толып, лас, лай су өзге де арналармен көлдерге толассыз; құйылып жатады.
Көкшетау өңірендегі орманды алқаптардың осы жердегі судың сапалылығына оң әсер етенідігін біледі. Топырақ құрамының біркелкілігіне де ол игі әсерін тигізіп отыр. Жасыл желек жамылған ортада көптеген хайуанаттар еркін өсіп, құстар әлемі балапандарын өрбітеді. Орманды алқаптардың әртүрлілігі бұл өңірдің табиғатына, ауа райына әсерін тигізіп, оны реттеп отырады. Соның арқасында белгілі бір температуралық режим сақталып, жауын-шашынның болуы да соған бейімделеді.
oo Су көздерінің атмосфера ауасы арқылы ауыр металдармен
ластануын сипаттайтын экологиялық карта-схема жасалынып, онда байыту қалдықтарының құрамындағы ауыр металдардың шаңмен бірге атмосфера ауасында сейілу аумағы белгіленді.
oo Жерасты суларының түзілу мәселелеріне гидрогеологиялық зерттеу
жүргізу Қазақстанда кең дамығанымен, мұндай зерттеулер нәтижесінде жерасты сулары мен жерүсті сулары шекараларының басым көпшілігі бір-біріне сәйкес келмейтіндігі белгілі. Өндірістің қалдық суларын тазалау әдістеріне жүргізілген жұмыстарымыз шахта суларын тазалау бағытын айқындауға мүмкіндік берді де, сұйық ортаны қоспалардан тазартуда сорбциялық активтілігі бар материалдарды пайдаланудың тиімді болатындығына көз жеткізілді.
oo Шахта суларын ауыр металдардан күл-шлак қалдықтарында адсорбциялау
арқылы тазалау үрдістерінде және оның кинетикалық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде, тазаланатын су температурасы қалыпты жағдайда болған кезде, ол су қорғасыннан 91%-ға, ал мырыштан 73%-ға тазаратындығы анықталды.
oo Шахта суларын жергілікті жерде түзілетін күл-шлак қалдықтарында
адсорбциялау арқылы қорғасын мен мырыштан тазалау үрдісінің температураға
тәуелділігі зерттелініп, ондағы ауыр металдардың температураға байланысты
диффузиялық коэффицетінің 0,828-1,34 шамасында болатындығы және қоспалардың әсер ету активтендіру энергиясы Е=0,87 кДжмоль болатындығы эксперимент жүзінде дәлелденді.
oo Су көзіне шахта суын тазартып, ластанған суды тазарту кезінде, табиғи
ортаның ластануының алдын алу тиімділігі 24462 тгсағ. Құрайтындығы анықталып, шахта суларын тазалаған кезде су ресурстарының ластануынан
болған экологиялық залал жылына шамамен 7,143 млн. теңгеге азаятындығы
тұжырымдалды.
Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттық тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады.
Су - зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.
Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы - құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.
Жер қыртысындағы судын мөлшері өте мол. Құрлықтың негізігі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судын көлемі осы топырақ қабатының 70 %-ін немесе одан да көп мөлшері құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.
Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуымен сақталуы үшін өте зор.
Биологоиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз ететін бірден бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады. Жапырақтын бетінен буланып шығу арқылы су оларды кеуіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.
Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттың жағдайына қамтамасыз етеді.
Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатынын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдалануымен тығыз байланысты.
Су шаруашылық құрылысы әсіресе соғыстан (1941-1945) соң зор қарқынммен өрістеді. Бұл жылдары ондаған аса ірі СЭС-тер (Нева, Өскемен, Храм, Сахов, Нижний Новгород, Кама, Волга) іске қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде КСРО-дағы көптеген өзендер мен көлдер өзінің табиғи қалпын өзгертті.
Су қорларын кешенді пайдалануда жер суару мен жайылымдарды суландыру - өте маңызды мәселе. Қазіргі кезде суаруға дайындалған жердің көлемі 10-12 млн.гектары - егістік, нақты суарылатыны - 9,8 млн.га.
Планетамыздағы су қабығын - гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан процестерді, оның атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттеу мен айналысатын ғылым саласы гидрология деп аталады.
"Гидрология" сөзі екі грек сөзінің (гидро - су, логос - ғылым, ілім) қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.
Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады.
Су - зат алмасу мен ағзалар дамуы өтетін негізгі орта. Адамзаттың өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Су - физика, химия, механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.
Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай негізгі әдістерді пайдаланады, олар:

Тұрақты бақылау (стационар);
Экспедициялық;
Тәжірибиелік (эксперементтік);
Теориялық;
Тұрақты бақылау әдісі су объектілерінің гидрологиялық режимі элементтерінің мерзімдік қозғалысын зерттеу үшін қызмет етеді. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканы мақсатына сәйкестендірілген.
Эспедициялық әдіс қысқа мерзім ішінде су объектілерінің физика географиялық сипаттамалар жөнінде маңызды деректер ауылға, далалық ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер мамандарға гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімде түрде пайдалануға жағдай туғызады.
Тәжірибиелік (эксперементтік) әдіс жалпы гидрологиялық құбылыстар мен қатар процестердің жекелеген жақтарын түпкілікті зерттеуге қызмет етеді. Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз қату және еру, судың топыраққа сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су бетінен және жер бетінен булану және басқа да көптеген құбылыстар зерттеледі.
Зерттеудің теориялық әдісі гидрологиялық мақсаттарды физиканың жалпы заңдылықтары және математикалық тәсілдердің көмегімен шешуге негізделген. Теориялық әдістің нәтижелері дәйекті материалдың көмегімен тексеріліп отырады.
Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдалынған жағдайда алынатын болады.
Химиялық таза су массасы бойынша 11,9 % сутегі және 88,81 % оттегіден тұрады. Су оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомы қосылуының нәтижесінде пайда болады.
Су қорларын қорғау табиғат қорғау пәнінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Табиғатты қорғау ерте заманнан бастау алады. Көне заманының өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын білгеннен кейі табиғаттан тек қана ала бермей, онын орнын толтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздері жеткен.
Қазақ халқында халықтық табиғат қорғау дәстүрі ертеден сақталған. "Елім бай болсын десен, жеріңнің бабын тап" - деген халық мақалын есте ұстаған ата-бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, қонысын ауыстырып отырған. Мұның түбірі табиғат қорларын қорғауда, ләжі болса оны арттыруда жатыр.
Су - 35-36 бет, Судың қасиеті - 37-38 бет, Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар - 41 бет, Судың маңызы - 42-43 бет,
Су. Судың қасиеті мынадай мақсат көздейді: Әр түрлі тәжірибиелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру. Су туралы ғылыми түсінік беру. Оқушылардың байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
иіссіз
қатты
жабысқақ
түссіз
жабысқақ
бу
СУ
сұйық
ағады

Ата-әжелеріміз бірдеңені мақтаса, "Судай мөлдір, сүттей ақ" деуші. Су - еріткіш. Суда ерийтін және ерімейтін заттар - бұл тақырып мынындай мақсатты талап етеді: оқушыларға судың еріткіш екенін түсіндіру тәжіриебе арқылы суда ерийтін де, ерімейтін де заттардың бар екенін түсіндіру.
Судың маңызы - бұл тақырыптың мақсаты: жергілікті жердің су айдындары мен таныстырып, олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру.
"Сулы жер - нулы жер" дейді. Ну дегеніміз - қалың тоғай. Су бар жерде тіршілік бар. Бүкіл тірі табиғаттың денесінде су көп орын алады.
Судың адам өміріндегі пайдасы:
а) Су адамның еңбектегі көмекшісі (егін суару, фабрика, заводтарда);
ә) Су - қозғаушы күш (кемелер, қайық, паравоздар);
б) Су - жол қатынасы (кемелер, қайықтар жүзеді, ағаш ағызады);
в) Судың бұзушылық күші жайында (тасқын, тасқынның түрлері, теңіз дауылы).
Әудуен жаңбыр жаумаса,
Даладан егін болмаса,
Кемелер жүзіп суларда,
Арықтар суға толмаса,
Үйімізде шай қайнап,
Тіршілік суға тоймаса,
Күніміз не болар еді?
Бірікккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылды-Халықаралық ауыз су жылы,-деп жариялаған болатын. Халықаралық ауыз су жылында Қазақстан мемлекеті біраз іс тындырды. Ең бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі сатыдағы жануарлар
Ніл өзені мен Жерорта теңізі
Абайдың қара сөздерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері
Шумерлер тілінің мәдениеті
Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
От пен судың ертегі жанрындағы қызметі
Пәндер