Асыл тастардың қасиеттері


гагат тасы
Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін түсінеді. асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Индияда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің “ сорылған ”, “жоғалған“, “шашылған“ қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді.
Асыл тастың мұндай қасиетін Гиппократ та, ибн Сина да, әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж. Баласағұн да, әл-Фараби де т. б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы роліне және материалдық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек.
Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонансты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалыпқа келуіне әсер етеді.
Асыл тастардың да өңі әртүрлі болады. Олардың тоғыз түрі бар (өңсіз тас, көк-жасыл, көк немесе күлгін, сары, ашық қызыл, көкшіл, сары немесе алтын түсті, қара т. с. с. ) .
Сыйлыққа берген немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мұралыққа қалдырылып отыратын асыл тастардың қасиеті өте жоғары болады.
Бұл тастардың басқа тастармен салыстырғанда өзінің иесін қауіп-қатерден, тіл мен көзден, өрттен, найзағайдан, “зұлым күштерден“, құлап қалудан және сыртқы басқа әсерден қорғауда да маңызы зор.
Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күнтізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен Күн тасы, Ай тасы, Шолпан тасы, Жұлдыз тасы, Марс тасы, Юпитер тасы, Сатурн тасы және Нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен энергия алмасатын қасиетке ие болуы ықтимал.
Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күніне әр түрлі тастар тақса, адамның күш қуаты артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен.
Асыл тастардың жеке қабілетіне келсек, гауһар, маржантас, қайрақ тас - араққұмарлыққа, інжу, маржантас, күкірт - аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т. б. - бронхы ауруына, інжу, қорғасын, маржантас - геморройға, мыс, інжу, маржантас - бас ауруға қарсы әсер етеді.
Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен “тас емдейді“ деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастардың емдік қасиеттері әлі құпия.
Асыл тастардың ішінде де киелісі болады. Оны ұрлап немесе қолды болған тасты сатып алғандардың бәрі әр түрлі апатты жағдайларда өліп тынған. Мысалы, қазіргі Америкада сақталған “Хоуп гауһары“ сондай тас. Ол ертеде Индия храмынан ұрланды.
Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап боршалап өлтіреді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланған-нан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т. б. мұрагерлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан өледі. Ақыры гауһар тасты 1863 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алды. Осы кезде тас салмағы 44, 5 карат тартқан. Осы Хоуп ғана Индия гауһарының қасіретінен аман құтылғанымен, немересі барлық байлығынан айырылып, кедейлікке ұшырапты. Бұдан кейін гауһар тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу актрисаны князь өзі өлтіреді. Княз да кешікпей анархистер қолынан өледі. Бұл туралы Владимир Мезенцев “Тас туралы ертегі“ кітабында: “Қасірет тас қолдан қолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзімен бірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай, “қалқып“ шығады“ - дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдық милионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағып өлтіреді. Оның әйелі тастың қасіретінен балам өлді деп ажырасып тынады.
Бұдан кейінгі иегері француз Хотевил де әйелінен, бір баласынан айырылса, бір баласы суқараңғы соқыр болады. Бұдан кейін бұл тасты Америка жерінде бір алаңғасар кемпір 40 мың долларға сатып алады. Кемпірдің есі ауысады. Ол тасты алты немересіне қалдырады. Бірақ, кемпірмен аттасы Эвелин Маклин де құпия жағдайда өледі.
Бұл тас қазір Америкада сақтаулы. Оның шынында қасірет тас екеніне жұрттың көзі жеткендей. Ол тасты негізгі иесі Индияға қайтармаса, Американың жағдайы нашар болуы мүмкін деген де сөз бар.
Асыл тастың киелісінің де болатынын білгендей болдық. Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ.
Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
1. Алтын - өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
2. Күміс - шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.
3. Мыс - іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
4. Алмаз - ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
5. Жақұт - опасыздық пен қрқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.
6. Замартас (изумруд) - қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.
7. Алтындалған табас (топаз) - ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады.
8. Александрит - қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі.
9. Гауһар - күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.
10. Ізгілікті циркон (гиацинт) - күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер “жоспарсыз“ туудан сақтанғанда пайдаланған.
11. Қызыл шпинель (лал) - күннің өткір сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады.
12. Фируза (бирюза) - адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz