Алгоритм түсінігі. Сабақта оқушылардың талдау жасау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары


Жоспар
І Кіріспе
1. 1 Алгоритм түсінігі
1. 2 Сабақта оқушылардың талдау жасау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Сабақта логикалық пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
2. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс - әрекет бағыттары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасындағы бастауыш мектеп бесжылдық даму кезеңі барлық азаматтардың базалық білім алуының бірінші жетістеріне қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңын іске асыру бойынша өткізілген ұйымдастырушылық-басқару және әдістемелік іс-шаралардың нәтижесінде барлық облыстарда балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
5-6 жастағы балаларды бастауыш мектеп іс-шаралары бірқатар алға жылжыды. 1999 жылы міндетті мектепалды бағдарламасын мектепке дейінгі балалардың 38, 1 пайызы меңгерсе, ал 2004 жылы осы көрсеткіш 63 пайызға дейін көтеріліп отыр. Қазақстан республикасының «Білім беру туралы» заңында «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Олай болса мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орнын баса айтуға болады.
Еліміздің мектепке дейінгі балалар мекемелерін қамтамасыз етуде
бетбұрыстар жасалуда. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл мәселені терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуге тиіс екендігі туралы кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аущдарған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы әр балалалрдың білім алуға, еңбек және қоршаған ортаға бейімі қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз туралы елбасының Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен болатын.
Алгаритм түсінігі.
«Алгоритмдік модель» тақырыбын өткен кезде зат әрекетін көрсетуден басталады. Зат әрекеті жайлы айтқан кезде бала көңілін заттың өзі жасайтын әрекет қана емес, біз немесе басқа заттар сол заттармен әрекет жасайтынына бөлу қажет. Мысалы, банан өседі, піседі, түседі, шіриді, ал біз оны сатып аламыз, сыйлаймыз, жейміз, тазалаймыз.
Алгоритмді түсіндірудің қарапайым әдісі─ кез келген танымал ертегідегі бір-бірімен сабақтаса жүретін әрекеттерді атау. Жұмыс дәптерінде бала сурет бойынша әрекетті көрсететін тапсырмалар бар. Мысалы, сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару.
Тапсырма өте оңай, бірақ балалар оны әр түрлі орындайды. Біреулер бірінші жуынып, сосын ас ішеді, кейбіреулер керсінше. Осындай тапсырмаларды талдай келе, келесі әдістемелік тәсілді қолдануға болады:бала өз әрекетінің орындау ретін айтады, ал мұғалім сол әрекеттің дұрыстығын дәлелдетеді. Бұл тәсіл бірнеше мақсаттарды көздейді:бала өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің жауаптарын дәлелдейді, басқа балаларды тыңдауға үйретеді.
Дәптерде одан да күрделі тапсырмалар берілген, мысалы
Әрекетті орында.
Қарындашты ал.
Артық суретті таңда.
Артық суретті сыз.
Қарындашты орнына қой.
Тоқта.
Бала тек ғана алгоритмді орындап қоймай, артық суретке де талдау жасайды. Бұл тапсырманаң жауабы да әр түрлі болады, оның бәрі дұрыс болады, егер бала өз жауабын дәлелдеп берсе.
Бұл тапсырманы құрастырушылар бастауыш сынып оқушылары әр түрлі шешім табатынын болжамады. Бірақ балалардың үлкендерден гөрі әлемді өзгеше қабылдайды. Мұны әр сабақиа көруге болады. Мысалы, балалар өз жауаптарын былай түсіндіреді:
Раушан гүлі-ағаш емес;
Қарағай-әрқашан жасыл ағаш, өзге ағаштардың жапырақтары күзде түседі;
Алма ағашы-жемісі ағаш;
Қайың-ақ дінді.
«Алгоритмдік моделдің» өзгеше тапсырмалары алгоритмдерден қателерді табуға берілген. Мысалы: жуу, кептіру, үтіктеу.
Арине, «үтікті қосу» әрекеті көрсетілмеген. Бірақ балалар басқа қателіктерді табады.
Бұл тапсырмалар балаларда талдау, жалпылау, қорытынды шығару дағдыларын дамытады. Барлық тапсырмалар дамытушылыққа бағытталған.
Келесі тапсырма соңғы қорытындыны табуға арналған алгоритмдер, сонымен бірге шығармашылық дамытуда көрінеді.
Келесі әрекеттің суретін толықтыр.
Балалар түскен алмалардың толып тұрған себеттерді, шыныдағы кампоттың суретін салуы мүмкін.
Одан кейін күрделі тапсырмаларға көшу қажет:
- берілген затқа байланысты жасалған әрекеттің нәтижесін аңықтау;
- «затпен қандай әрекет жасалады?» деген сұраққа жауап беру;
Алдыңғы затпен қорытындысын байланыстарып, олармен жасалған әрекетті анықтау.
Заттармен қандай әреккет жасалды?
а) б)
Ақ
Сақа
Бақ
Ақын
Тақ
Келесі болып «кері әрект» деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіну үшін «кері әрекетті ата» деген ойынды өткізуге болады.
Жүргізуші сыныпта жүріп белгілі бір әрекетті айтады, ал балалар оның кері әрекетін айтады. Мысалы, сатып алу-сату, тұру-отыру.
Тақтаға бір баланы шақырып оған әрекетті айтқызуға болады.
Балаларды шатастырып кері әрекеті жоқ әрекетті атауға болады. Мысалы, кесені сындыру, алмұртты жеу, хатты жырту, әңгімені оқу.
Әр затқа белгілі бір әрекет ойлап табу, мүмкін болса кері әрекетін табу.
Алгоритмнің түрлері.
Ең бірінші сызықты алгоритм оқытылады. Ол блок- схема түрінде көрсетіледі.
Мұнда балалар мен ұстаздардың да ойлап табу және өнер тапқыш қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндігі бар. Олар сізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берсін. Бұл ойын демалуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай жасайды. Бала міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға немесе орамалды ілуге немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жібереді-жеді ме, дұрыс сабындады ма, орамал ауда ілініп қалды ма?
Одан кейін дәптердегі жұмысқа кірісуге болады. Мысалы, әр адамның ретін нөмірлеп шығу.
Тапсырма 1.
Винни қонжығы бал жегісі келді.
-табаныңды жу.
-шүмекті аш
-үстел басына отыр.
-шүмекті жап.
- табаныңды орамалмен сүрт.
- балды же.
- қасықты ал
Тапсырма 2
Сызықты алгаритімнің блок - схемасын толтыру.
Жағдайдың дұрыс ретін құр.
Тапсырма алмасып отырады: не алгоритім құру керек, не оны блок схемада толтыру керек.
Оқушылардың ең сүйікті тапсырмасы тормен орындалатын бақылау жұмыстары. Ол балалардың дұрыс жөн табуына, көңіл бөліп тыңдауына үйретеді. Осы тапсырмаға тор көзді дәптер бастауы керек. Сондай жұмыстар шығармашылық жұмыс ретінде қарастырылып ең таңдаулысын сынып бұрышына қоюға болады.
Тармақталу алгоритімі.
Бұл тақырыпты оқыту кезінде оқушылар алғаш рет «тармақталу» ұғымымен танысады. Тармақталуды түсіндіру барысында өмірден алынған мысалдар келтіріп, тармақталу блок - схемеасы салынады(бағдаршам көмегімен немесе оның көмегінсіз көшеден өту ауа райына байланысты киім таңдау, сабақ орындау жәнет. б)
Тармақталуды білдіретін ромб геометриялық фигурасына алынады бұған кірудің бір жолы ал шығудың екі жолы бар.
Сен қандай әрекет орындадың, неге?
Сен сурет салуды ұнатасың ба?
Сен немен айналысуды ұнатасың? Жазып бер.
Алманың суретін сал.
Тапсырма 1
Иә
Жоқ
Жапырақты алгоритім бойынша боя
Тапсырма 2
Сен күзі ұнатасың ба?
Жасыл карандашты ал.
Жапырақты боя
Қарындашты қой
Сары қарындашты ал
басы
«Бағдаршамның жасыл түсін тосып тұрмын», «Көшені өтіп барам» деген әрекеттің алгоитмін орналастыр.
Тапсырма 3.
Басы
Тоқта
Бағдаршамның жасыл түсті белгісі бар ма?
Серуендеуге шығуға бөгет жасайтын сұрақты ойлап тап.
Тапсырма 4.
Басы
Тоқта
Үйде қаламын.
Серуендеуге барамыз.
Циклдық алгоритм.
Цикл бірнеше рет қайталанатын әрекет. Келтірген мысалдар балаларға түсінікті болуы қжет (түйме салу, күнделікті толтыру т. б. ) . Балаларға бірнеше әрекет қайталанатын ертегілер айтқызуға болады. («Балықшы мен балық туралы», «Шалқан», «Үйшік» т. б. ), өз өмірінен мысалдар кетіруге болады. Мынадай тапсырмалар беруге болады:
6, 20, 11, 4, 7, 16, 9, 2 сандарды өсу бойынша орналастыр.
Қ, А, Б, Ш, Я, М әріптерін алфавит бойынша орналастыр:
Есімдарі алфавит бойынша орналастыр.
-Оспан -Маржан -Әлия
-Перизат -Гүлнұр -Дастан
-Күләш -Салтанат
-Арман -Бақыт
Сонымен қатар балаларда түсінуі керек:
Алгоритм - ол белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытталған әрекеттердің қадамы;
Әрекеттер тура және кері болады;
Егер бір әрекетті өзгертіп неиесе тастап кетсе, онда керек нәтижеге жете алмаймыз;
Тармақталу - ол мүмкіндіктің беруін таңдау;
Цикл - бұл бір әрекеттің бірнеше рет қайталануы.
Келесі білім мен дағдыны меңгеруі қажет:
Сызықтық алгоритмді орындай білу;
Сызықты алгоритмді құру;
Сызықты алгоритм ді түзету және қатесін табу;
Сызықты алгоритмді блок - схема түрінде келтіру;
Циклді алгоритмді орындау.
Сабақта оқушылардың талдау жасау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары.
Математиканы оқытудағы негізгі міндеттер оқушылардың өздігінен анализдей, синтездей білу, математикалық қорытындыларды кеңейтіп, дамыту деп есептелінеді.
Бұл үшін:
- Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.
- Метематиканы оқытудың көрнекілігі және өмірмен байланысты болуы.
- Баяндалған теориялық мәселелер практикамен ұстастырылғанда ғана терең де тиянақты болады.
- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дұрыс қоя білу.
Яғни, осы төрт міндетті өз деңгейінде толық шешу үшін оқу процесін ұйымдастыру барысында бір жүйемен келе, академик В. М. Монахов ұсынған қазір көптеген мектептерде қолданып жүрген педагогикалық технологиясын зерттеп, кейбір өзгерістермен пайдалануға болады.
Жаңа оқу технологиясының қандай түрі болса да, ол игеруге тиімді, мұғалімдермен оқушылардың пайдалануына икемді болуы шартты.
Бұл технологияның ерекшелігі жаңадан үлкен тарау қарастырылар кезде теориялық материалды біреудің әдіс-тәсілін, формасын іздестіруден бастап, оқушының сабақ үстінде, үйде, сабақтан тыс уақыттағы жұмысы, шығармашылық жұмысы толық әдіс-тәсілімен, формасымен қажетті дидактикалық құрамдарымен жоспарланады. Оқушы білімінде материалды игеруде кететін олқылықтар ескеріліп, қосымша жұмыстар жоспарланады. Соңында тақырып бойынша ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстарға дейін жоспарланады. Технологиялық карта әр оқушыда болады. Өзіндік жұмыстан төрт деңгейде жоспарланады. Ι, ΙΙ деңгей есептерін шығарса «3», Ι, ΙΙ, ΙΙΙ деңгей есептерін шығарса, «4», Ι, ΙΙ, ΙΙΙ, ΙV- 5-тік баға қойылады.
Әр оқушының қолында жеке жұмыс кітапшасы болады.
Жеке жұмыс кітапшасы оқу жылынан басталады. Әр сабақта өзімен бірге алып жүреді. Әр сабаққа тиісті бағасы қойылып, мұғалімнің өзінің қолы қойылады.
Жеке кітапша жүргізу технологиялық карта бойынша жүйелі ұйымдастырылған жұмыс мұғалімнің де, оқушының да жауапкершілігін арттырады.
Оқу процесі басында мұғалімде есеп-учет журналы болады. Әр оқушы бағасы осы журналға түсіп тұрады да, қорытынды бағасы журналға қойылады.
Оқушының жауапкершілігін арттырып, біліміне деген көзқарасын қалыптастыратын бір негізгі фактордың бірі есеп жүйесі.
Оқушыға білімді меңгеруге қажеттілігін тудырады.
Математиканы оқытудағы қойылатын жоғарыдағы талаптарды жүзеге асырудағы тәсілдеріне байланысты жүргізу формалары.
1. Оқушыларды жаңа манериалды қабылдауға әзірлеу.
Әрине, алдымен сабақ беретін сыныптағы оқушыларды жан-жақты педагогикалық-психологиялық зерттеу жүргізіп, білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін, көзқарасын, жауапкершілігін және т. б. анықтайды. Онда білімге көзқарасы бойынша он екі параметр, мінез-құлқы ерекшелігін анықтау үшін он екі параметр бойынша зерттеу жүргізіп, гистогрммаға түсіреді.
Келесі жаңа тарауды өтпес бұрын сол тақырыппен байланысты өтіп кеткен теориялық материал қайталауға беріледі. Мысалы, шеңбер П санының мәнін оқытар кезде П саны төңірегіндегі ғалымдар ізденісі туралы, үйге практикалық жұмыс ретінде шеңбер ұзындығы мен диаметрінің қатынасын табу, теңдеу тақырыбын өтерде Диофант теңдеулері, Кардано Тарталья сияқты маематиктер арасындағы аңыз-оқиға, ферма теоремасы тізбектер тақырыбын өтерде серамнатшы мен шахматты ойлап табушы ғалым арасындағы әнгімелер, жай сандар проблемасы және т. б. көптеген мысалдар келтіруге болады.
Математика тарихынан қысқаша реферат, деректер іздеуге тапсырма және қажетті құралдар, кестелер тапсырылады.
2. Математиканы оқытудың көрнектілігі және өмірмен байланысты болуы.
Технологиялық карта бойынша тақырыпты жоспарлағанда көбіне ірі блокпен оқыту әдісін қолданамын. Іріленген блокпен оқытудың ұтымды жағы тақырыптағы ұғымдар бөлшектенбей, бір мезгілде беріледі де, оқушы есінде жақсы сақталады. Тақырыпты терең түсіне отырып, меңгереді, оқушылардың тақырыпқа зерттеу жүргізулеріне қолайлы. Барлық тақырыптарға көрнекті құралдар толық дайындалады. Квадрат теңдеулер, векторлар, модулі бар теңдеу, теңсіздік, планимет фигуралары аудандары т. б. тақырыптарға тірек сигналдарын, техника құралдары кеңінен қолданылады.
3. Баяндалған теориялық материалдарды практикада қажеттігімен байланыстыра білу.
Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әр бір адамға саналы және терең білім мен кәсіби іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Сондықтан ғылым негіздерін сапалы берумен қатар қазіргі өмір талабына сай көзқарас пен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алып, еңбек ету дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Бағдарламадағы теңеу, теңсіздік, тригонометриялық функциялар, арифметика орта, ықтималдық теориясы, процент және т. б тақырыптарды өтуде практикалық мазмұнды есептер беру арқылы өмірмен байланысы көрсетіліп, кәсіптік багдар беру мақсаты да шешіледі.
4. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дұрыс жолга қою, шыгармашылығын, зерттеу қабілетін дамыту.
Технологиялық картада қамтылгандай, оқушылар төрт деңгейлік тапсырма орындау өз бетімен ізденуін, білімін тереңдету, өз күшіне деген сенімін тудырып, жаңа белестерге көтерілуге мүмкіндігін тудырып, логикалық ойлау жүйесі дамиды. Озіндік жұмыс жүргізу формаларына келетін болсақ, өте көп: карточкалармен жұмыс, тест түрінде бақылау жұмыстары, реферттар, тақырыпты зерттеу, қорғау, конференция, семинар, үйірме жұмыстары, олимпиадага дайындық жұмыстары, ізденістері көрсетілген. Күнделікті сабақ барысында есепке, ойлануға уақыт беріп, шығару жолдарын, ұсыныстарын талдап, оқушылардың бірнеше әдістерін ұсынса, барлық әдістерін дәптерлеріне жазғызып отыру керек.
Оқушыларды ауызша талдатуға, дәлелдеуге, өз ойын қорытып айтқызуға көп мән беруі қажет.
5. Талап деңгейінен шығу мұгалімге де көптеген шығармашылық ізденіс, шеберлік жүктейді.
Дарын, ерекше қабілетті балалармен жұмыс жоспары жасалады. График, планиметрия фигуралары аудандары тақырыбына қорытынды бақылау жұмыстары көп ізденуді талап етеді.
Түпкілікті нәтижеге жету үшін үнемі ізденіп, білім көтеріп отыру қажет.
Сабақта логикалық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Оқушының математикалық түсінігінің қалыптастыру әдісінің даму тарихында дидактикалық материалдардың әртүрлі рөлі қарастырылады. ХХ ғарысдың басында математиканы оқыту әдісін қарастыру бағытындағы арнайы жұмыстар болмағанның өзінде қарапайым дидактикалық материалдар жиынтығы құрастырылған еді. Әр түрлі дәрежелік қиындығы бар тапсырмалар балалардың зейінін аударып ойларын белсендіріп, алдағы тұрған мәселені шешуге тиянақты қызығушылығын туғызады. Материалдардың сипаты оның қандай бағытқа арналуына байланысты: балаларда жалпы ақыл - ой және математикалық қабілетінің дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Әрбір математикалық тапсырма, қай сыныпқа арналмасын шарты, мазмұны белгілемеген арнайы бір қиыншылылықтары бар жүктемені белгілейді. Ақыл - ой міндеті: фигураны құрастыру түрін өзгерту шешу жылын табу санды табу көбінесе ойын іс- әрекеті арқылы мейлі ол шахмат ойыны болсын немесе әрбір тапсырмаларда логикалық жаттығуларда ойын элементтері болады. Мысалы: Екі таяқша арқылы шаршыны қалай құрастыруға болады деген сұрақта өз өқушы жауап іздеу барысында ойын әрекетіне итермелейді. Дидактикалық материалдардың ойын тапсырма, басқатырмалардың алуан түрлілігі олардың белгілі бір топтарға бөлуге әкеледі. Оларды әртүрлі белгілер арқылы топтауға болады. Мәселен мазмұны мен қолдануына, ақыл - ой операциясының сипатына т. б.
Іс - әрекеттің логикасына қарай шартты түрде дидиактикалық материалдарды шартты түрде үш топқа бөлеміз. Математикалық ойындар мен тапсырмалар, дамытушы ойындар мен жаттығулар.
Математикалық ойындар: бас қатырмалар сандық курздар, лабиринттер кеңістік қайта құруға арналған ойындар. Олар жағынан өте қызық шешілуі жағынан өзгешелігімен ерекшеленеді. Мысалы: бас қатырмалар арифметикалық жағынан жасырын санды ойлап табу, геометриялық жағынан қоюға, санмен жүмыс істеуге, әріптермен (анаграммалар, красвордтар, маралдадар) жұмыс істеуге арналған математикалық ойындар, математикалық қатырғыштарға заңдылықтарға құрылымдарға бағытталған. Шешімін табу үшін ойынның немесе тапсырманың мазмұнына ережесіне шартына алдын - ала талдау жасалады, ал мәселені шешу барысында математикалық әдістер қолданылады.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі бір келкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып қолдана білуге байланысты. Бір әдіс қандай жақсы құрылымның бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі қалыптасқан бірыңғай жүйесі жоқ . бұл мәселе туралы әр түрлі көз қарастар бар.
Оқыту әдістерін топтастырудың түрлі жолдары бар екенін білу керек. Білім алудың көзіне қарай оқытудың мақсатына қарай, сондай-ақ оқушылардың таным белсендігінің деңгейіне қарай, т. б. белгілерге қарай әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады. Ең көп тараған топтастыру- ол оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай (сөз, заттар мен көрнекі бейнелер, практикалық әрекет ) үш топқа бөлу: сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер.
Оқушалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс - әрекет бағыттары.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақсатан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақсатан республикасының білім саласындағы нармативтік - құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаны шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне интелектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашылық адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектеп кезінен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көңіл бөлуді міндеттейді. Осы орайда біздің мектеп мекемеміздегі шығармашылықты дамыту жұмыс бағыты төмендегі модельге сәекес жүзеге асырлады.
Шығармашылық қабілетті дамыту
Қиял шығармашылықты дамыту
Шығармашылықпен ойлауды дамыту
Шығармашылық белсенділікті дамыту
Вариативті және инвариатты пәндер үйірме жұмысы.
Ата - аналарға кеңес
Шығармашылық қабілетті дамыту ұстанымдары
Педагогикалық шығармашылық шарттары
Ғалымдардың айтуынша «шығармашылық қабілет» түсінігіне еніп тұрған бар қасиеттер кешенін бір мезгілде мүмкін емес.
Бұл мақсатты түрде ұзақ мерзімге жүзеге асатын жұмыс болғандықтан, эпизотты түрде қолданылады шығармашылық тапсырмалары біз күткендей нәтижені бере бермейді. Сондықтан мектеп мекемеміздегі педагогикалық ұжымымыз танымдық тапсырмаларды бір жүйеде құрып, балалардың әр бағыттағы интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұстанып отырады. Сонымен қатар, педагогтар репрадуктивті, формальді - логикалық іс - әрекет түрін шығармашылық іс - әрекетке айналдырып қолдануды жұмыс тәртібіне енгізген. Балалардың таным қызығушылықтары мен белсенділіктерін, шығармашылықпен ойлауын дамытуда педагогтар алдына мынадай шарттар қоылады:
Таным қызығушылығын дамыту шарттары :
- интелектуалдық қысым және интелектуалдық тартыстар жағдайын туғызу;
- шығармашылық және зерттеу іс - әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;
- өзіндік таным мен зерттеу дағдыларын қалыптасуына ықпал ету;
- балалардың танымдық бастамалары мен өз бетінше жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау.
Таным белсенділгін дамыту шарттары:
- әрбір бала үшін даму жұмысының праекториялары;
- әрбір баланың потенциялдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі жоғарғы педагогикалық іс - әрекет
- білім беру үрдісін ерекше формалары мен білі берудің спецификалық мазмұнын сипатын беретін арнайы педагогикалық жағдайлары
... жалғасыШығармашылық ойлауды дамыту шарттары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz