Артериалді гипертония диагностикалық алгоритмі, созылмалы пиелонефриттің диагностикалық критерийлері



1. Диагностикалық мәліметтер және критерийлері
2. Диагностиканың алгоритмі
3. Қолданылған әдебиеттер.
Жедел пиелонефритке қарағанда, созылмалы пиелонефриттің көрінісі солғын келеді. Науқастардың көбісі өздерін ауырып жүргендігін білмейді. Мұқият сұрастырудың нәтижесінде белдің оқта-текте ауыруы, кейде қызуының субфебрильді деңгейге көтерілуі, дизуриялық бұзылыстар анықталады.
Сонымен қатар, инфекциялық астенияның әдеттегі белгілері болуы мүмкін. Яғни шаршағыштық, дімкәстік, жұмыс қабілетінің төмендеуі. Кейде науқас дәрігердің алдына алңаш рет аретриялық гипертензия, анемия, бүйрек жеткіліксіздігі дамығанда келеді.
Негізінде созылмалы пиелонефриттің көрінісінде басты орын алатын келесі синдромдар: несептік, поллакиуриялық, интоксикациялық, одан басқа анемиялық, гипертониялық, бүйрек шамасыздығы жүре пайда болады.
Несептік синдром созылмалы пиелонефриттің жалғыз белгісі болады. Оған тән белгілер: лейкоцитурия, микрогематурия, 1г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия, бактериурия.
1. Внутренние болезни. Маколкин, Овчаренко 1999
2. Ішкі аурулар. Б.Қалимурзина 1 том, 2005 ж, Асем систем
3. Внутренние болезни. Елисеев Ю.Ю. 2005
4. Внутренние болезни. Мартынов, Мухин, 2005 ГЭОТАР Пресс
5. Пропедевтика внутренних болезней. Гребенев А.Л. 2001

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Артериалді гипертония диагностикалық алгоритмі, Созылмалы пиелонефриттің
диагностикалық критерийлері.

Жоспары:

1. Диагностикалық мәліметтер және критерийлері
2. Диагностиканың алгоритмі
3. Қолданылған әдебиеттер.

1. Диагностикалық мәліметтер және критерийлері.
Жедел пиелонефритке қарағанда, созылмалы пиелонефриттің көрінісі
солғын келеді. Науқастардың көбісі өздерін ауырып жүргендігін білмейді.
Мұқият сұрастырудың нәтижесінде белдің оқта-текте ауыруы, кейде қызуының
субфебрильді деңгейге көтерілуі, дизуриялық бұзылыстар анықталады.
Сонымен қатар, инфекциялық астенияның әдеттегі белгілері болуы
мүмкін. Яғни шаршағыштық, дімкәстік, жұмыс қабілетінің төмендеуі. Кейде
науқас дәрігердің алдына алңаш рет аретриялық гипертензия, анемия, бүйрек
жеткіліксіздігі дамығанда келеді.
Негізінде созылмалы пиелонефриттің көрінісінде басты орын алатын
келесі синдромдар: несептік, поллакиуриялық, интоксикациялық, одан басқа
анемиялық, гипертониялық, бүйрек шамасыздығы жүре пайда болады.
Несептік синдром созылмалы пиелонефриттің жалғыз белгісі болады.
Оған тән белгілер: лейкоцитурия, микрогематурия, 1г жетпейтін тәуліктік
протеинурия, гипостенурия, бактериурия.
Поллакиуриялық синдром пиелонефриттің өршу сатысында түтікшелік
шамасыздықтан гипостенуриямен бірге поллиурия түрінде келеді.
Лабораториялық зерттеу анализдерінде келесідей өзгерістер болады.
1. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы,
кейде нормохромды анемия байқалады
2. Несеп анализінде: микропротеинурия, гипостенурия,
лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия.
3. Экскрециялық урография. Контрасттық заттың кешігіп
шығуы болады.
4. УДЗ: тостағаншалардың, түбектердің деформациясы,
бүйрек паренхимасының ошақты тығыздалуы.
Жоғарыда көрсетілген шағымдарына, клиникалық көріністері мен
лабораториялық анализ мәліметтеріне негізделе келесідей диагностикалық
критерилері анықталады:
• дизурия немесе полиурия дене қызуының биіктеуімен,
белдің ауырсынуымен немесе бактериуриямен
қосарланған.
• Пальпациялағанда іштің бір немесе екі жағының
ауырсынуы
• Бүйректің зәрді қышқылдау қасиетінің төмендеуі
• Бүйректің концентрациялау қасиеті төмендеуі
• Бактериурия
• Зәр шөгіндісінің өзгерісі
• Рентгенографиялық өзгерістер.

2. Диагностикасының алгоритмі
Бір қарағанда артериялық гипертензия диагнозын қою оңай болып
көрінеді. Бірақ оны екіншілік артериялық гипертониялардан айыру оңайға
соқпайды, сондықтан кей жағдайларда бұл ауруды айыру үшін алынатын
анамнездік мәліметтерді дұрыс бағалай білу керек.
Алдымен науқас алдына келгенде келесі мәліметтер туралы нақты
сұрақтар қою керек:

1. одан да бұрынғы артериялық қан қысымының биіктеу деңгейі
және биіктеу ұзақтығы
2. нысана ағзалардың зақымдану белгілері (бұрын болмаған
немесе бар):
• жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан – стенокардия, басынан
кешкен миокард инфаркты, жүрек шамасыздығы (ентікпе,
ісінулер);
• орталық жүйке жүйесі жағынан – бастың ауруы, айналуы,
көз көруінің нашарлауы, ми қан айналымының бұзылыстары;
• шеттік артериялардың – аяқ-қолдардың тоңғыштығы,
ұстамалы ақсақтық;
• бүйректің – гематурия, никтурия, поллакиурия;
3. Қант диабетке, подагаға шалдығуы, дислипидемия болуы
4. тұқымында артериялық гипертонияға, жүректің ишемиялық
ауруына, қант диабетіне бшалдыққандардың болуы, инсульт,
бүйрек зақымдалуы, липид ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипертония ауруы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Артериалді гипертония
ПИЕЛОНЕФРИТ ПРИСТУП КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӘНЕ ПРАФИЛАКТИКАСЫ
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері
ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Пәндер