Ахмет иасауи



Диуани Хикмет
Ахмет Иассауиден
Дәптер Сәни
Ахмет Иасауидің сопылық өлеңдерін қамтитын әйгілі шығармалары “Диуани Хикмет” деп аталады. Өйткені ол өлеңдердің әрқайссы өз алдына 1 Хикмет.
“Диуани Хикмет” Стамбулда басылған. Негізінде “Диуани Хикмет” “Арыстанбабтың Сахабалардың ұлысы, Аллаһтың ерекше құлы” болғандығы айтылады.
“Диуани Хикмет” әсіресе Шығыс және Солтүстік түркілері – өзбектер, қырғыздар мен Еділ бойындағы түркілер арасында дәл діни қасиетті кітап сияқты ғасырлардан бері қолдан қолға өтіп келеді.
Әйгілі ақын, терең ойлы философ Қожа Ахмет Иассауи көне түркі тілінде жазылған “Диуани Хикметті” 1993 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде жолма – жол аударылып “Мұраттас” орталығынан жарық көргені мәлім.
Қожа Ахмет Иассауидің есепсіз көп хикметтеріндегі негізгі түйін: адам баласының жалған дүниеден бақилық өмірге өтеудегі үмбеттік жолдың дұрысы мен бұрысын көрсету, Аллаға шын берілген құлдың іс – әрекеттерін бейнелеу болып табылады.
Қожа Ахмет Иассауи атамыздың хикметтерінің бастауы Құран мен Хз. Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен істері болып табылады. Осы себептен “Диуани Хикмет” есімінің тек қана Ахмет Иассауидің өлеңдер жинағына “Хикмет” аты берілген.
Біріншіден, Ахмет Иассауи өзге ғұламаларымыздың арапша, парсыша жазған кезеңдерінде, яғни ХІІ – ғасырда түрік тілінде “Хикметтер” жазды: түрікше діни – сопылық өлеңдер жазу дәстүрінің негізін қалады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Иасауи
Диуани Хикмет
Ахмет Иасауидің сопылық өлеңдерін қамтитын әйгілі шығармалары “Диуани
Хикмет” деп аталады. Өйткені ол өлеңдердің әрқайссы өз алдына 1 Хикмет.
“Диуани Хикмет” Стамбулда басылған. Негізінде “Диуани Хикмет”
“Арыстанбабтың Сахабалардың ұлысы, Аллаһтың ерекше құлы” болғандығы
айтылады.
“Диуани Хикмет” әсіресе Шығыс және Солтүстік түркілері – өзбектер,
қырғыздар мен Еділ бойындағы түркілер арасында дәл діни қасиетті кітап
сияқты ғасырлардан бері қолдан қолға өтіп келеді.
Әйгілі ақын, терең ойлы философ Қожа Ахмет Иассауи көне түркі тілінде
жазылған “Диуани Хикметті” 1993 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде жолма – жол
аударылып “Мұраттас” орталығынан жарық көргені мәлім.
Қожа Ахмет Иассауидің есепсіз көп хикметтеріндегі негізгі түйін:
адам баласының жалған дүниеден бақилық өмірге өтеудегі үмбеттік жолдың
дұрысы мен бұрысын көрсету, Аллаға шын берілген құлдың іс – әрекеттерін
бейнелеу болып табылады.
Қожа Ахмет Иассауи атамыздың хикметтерінің бастауы Құран мен Хз.
Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен істері болып табылады. Осы
себептен “Диуани Хикмет” есімінің тек қана Ахмет Иассауидің өлеңдер
жинағына “Хикмет” аты берілген.
Біріншіден, Ахмет Иассауи өзге ғұламаларымыздың арапша, парсыша
жазған кезеңдерінде, яғни ХІІ – ғасырда түрік тілінде “Хикметтер” жазды:
түрікше діни – сопылық өлеңдер жазу дәстүрінің негізін қалады.
Екіншіден, Ұлы ұстаз өзінің тәрбиелеген шәкірттерін биік ұстаздық
әлеміне жолдау арқылы халқымыздың арасына Ислам дінін жайды.
Үшіншіден Ахмет Иассауи Ислам дінінің тура жолмен түрік – ислам діни
қағиданың негізін қалады.
Хикметтер түрік әлемінің түкпір – түкпіріне кең жайылды. Хикмет
жарыққа шыққан соң, түрікшеге назар аударылды. оның жолындағы шәкірттері
хикметтерін қайталау арқылы түрік жаңа сатыңа көтерілді.
Ахмет Иассауиден:
“Ғаріп жетім, кедейлерді емші сұрап. Сол кезде Миражға шығып Алланы
көрді.
Қайтарында тағы да жетімдердің хәлін білді. Менде ғаріптердің жолын
іздеп келемін. Жоғарыда айтылған шумақтар “Диуани Хикметтен” алынды. Қожа
Ахмет Иассауидің “Диуани Хикметтің” ықпалы жайында дәл пікір айту үшін
өлкеге еткен әсерін бөліп қарау керек.
1. Қыпшақ, яғни бүгінгі Солтүстік түркілерінің өлкесі.
2. Түркімен жері.
3. Әзірбайжан өңірі.
4. Батыс түркілері яғни Анадолы мен Рұмай өңірі. ол дәуірлерден
кейбір өте азғана тілдік шығармалар қалғанмен әдеби мұралары жоқ деуге
болады. Қожа Ахмет Иассауи “Дәптер Сәни” туралы айтқан пікір таласы әлі
күнге дейін созылып, өз шешімін таба қойған жоқ.
Айталық түрік профессоры М.Ф.Көпірілізаде өз зерттеуінде “Дәптер
Сәни” сөзінің 1-ші хикметінің 1-ші шумағында ұшырастыруына сәйкес алғашқы
жинақты “Бірінші дәптер” - деп, ал кейінгі қолжазбаны “Екінші дәптер”
болуы мүмкін деген болжам айтқаны мәлім. Ал енді 2-ші түрік профессоры
К.Ераслон сол “Екі дәптер” атауын адамның жақсылығы мен жамандығын жазып
отыратын оң және сол йықтағы періштелердің дәптері болуы мүмкін деген ой
ұсынған еді. Сол себепті “Диуани хикметтегі” байыпталатын “Екі әлемнің” мән
жайы мен сыр – сипатын астастыра жырлайтын “Екі дәптер” деп ойлаймыз.
Себебі: Ақын үнемі “Дәптер Сәниді” айтқанда екі заманның мұрат
-мақсатын, жалған дүниеден бақи өмірге көшудің жағдайын ұштастыра баяндап
отырады. Бұл Қ.А.Иассауидің хикметін алтын арқау, бұлжымас темір қазығы дей
аламыз.
Дәптер Сәни
1-хикмет
Баяндап, хикмет айтып бісмілдамен,
Дүр-гауһар шәкірттерге шаштым міне.
Еркіммен қан жұтып, шер құштым да мен,
"Екінші дәптер" сөзін аштым міне.

Жаратса, ықылас қойып ақылға кім,
Жалғанда тұтар соны жақын жаным.
Жедім де жетім-жесір, пақыр қамын,
Жетесіз кердендерден қаштым міне.

Қайда да қайырымдылыққа талаптан да,
Кемтарға қайрыла жүр, қарап қалма.
Жақын бол махшар күні жаратқанға,
Мейрімсіз менмендерден қаштым міне.

Миғражда Алла адалдық ниетін берді,
Расул сүйді міскін, жетімдерді.
Қайтып кеп, ғарыптікке бекінген-ді,
Ізіне ізгіліктің түстім міне.

Байғұсқа, үмбет болсаң, сыйыңды арна,
Айтылар аят, хадис жиын қалма.
Шүкір де Алла ризық бұйырғанға,
Шарабын қанағаттың іштім міне.

Расул мүсәпір болды Мәдине кеп,
Азабын ахыреттің пәниде жеп.
Құдайдың сүйген құлы зар илемек,
Сорлы боп сол жолға аяқ бастым міне.

Ел кезіп Мұстафаша, ақылды ал да,
Көңіл бөл жетім-жесір, пақырларға.
Дүниеқор, безбүйрекке жақын барма,
Бездім де, дариядай тастым міне.

Қасиеттен құралақан қалған залым —
Құранды қайтсін мендей жалған ғалым.
Құрбанға жоқ қой және шалған малым,
Құдайдан қорқып, жалын жұттым міне.

Кебімен алпыс үште азабымның,
Кең құдай берер демей жаза бір күн,
Ораза, намазымды қаза қылдым,
Иманды ойлап, уайым тұттым міне.

Дариға, махаббаттың татпай дәмін,
Тәрік қып қараорманым жатпай бәрін,
Батпақка батып барып Хақты ойладым,
Өлерде, шайтанға еріп, састым міне.

Жебеп бір кезімде сол шырылдаған,
Жетті ғой жеті кәміл пірім маған.
Қалпында қашты ібіліс бұрылмаған,
Нұр иман — билхамдилла аштым міне.

Пірмұған қызметінде зыр жүгірдім,
Күндіз — түн сәтін білмей бір мігірдің.
Аластап албастыны, тірлігімнің
Түтіні түзу ұшып қайттым міне.

Ықылас бейбақтарға суытпастан,
Бағын аш, басқа ойларды қуып бастан.
Мейман қыл мейірленіп туыс тапсаң,
Бұл сөзді Хақтан естіп айттым міне.

Болса кім жетімдерге ұдайы жар,
Күнәдан тәңірі алдында бұл айығар.
Біліп қой: жыртық үйдің құдайы бар,
Мұстафа уағызын айтып тұрмын міне.

Жетіде Арыстан бабқа арнап келдім,
Мұстафа өсиетіне қанбақ болдым.
Сол шақта мың бір зікір сарнап бердім,
Алаңсыз Аллаға бет бұрдым міне.

Құрметтеп, басын сипап, құрма берді,
Жөнелді жан дүнием жырлап енді.
Кеудеден ашып басқа нұрлы әлемді,
Мектепте қайнап-тасып, толдым міне.

Оқып мен "Инна фатахна" мәнін ұқтым,
Танғанша естен сонша табыныппын.
Таяқтап молдам ұрсып, қамырықтым,
Қанжылап, қам-қапалы болдым міне.

"Ей, надан!" — деп ұқтырды нұсқап тұрып,
Содан соң құла шөлдер қыспақ қылып,
Әупірім әзәзілді ұстап мініп,
Әләулай әуеніне түстім міне.

Зікірден диуаналық жедел өттім,
Алладан басқа мұнда не демекпін!
Күйімен шәокірттікте көбелектің
Таулардан күйіп-жанып ұштым міне.

Алла деп алып білім, тәлім көрдім,
Анадан қайта туған сәби болдым.
Арылып күнәсінен пәни жолдың,
Адалдық мақамына қайттым міне.

Кетпесең дін сүндеттен безіп егер,
Кектенбе көпірге де, кезі келер.
Жазасын бір құдайдың өзі берер,
Бұл сөзін даналардың айттым міне.

Ұстанып сүндеттерін, үмбет болдым,
Маздатып жер астында нұрлы от лебін.
Мақамын сопылардың құрметтедім,
Жалғанның қызығынан бездім міне.

Бұруға нәпсім жолдап бекінеді,
Емінтіп, елге қадірім кетіреді.
Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йсауидің өмірі
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Ахмет Йасауи тарихы
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қайта өркендеу дәуіріндегі білім
Қожа Ахмет ясауидің 7 принциптері
Йасауи жолының істері туралы
Пәндер