ҚР-да шағын және орта бизнестің дамуын экономикалық талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөліҚР-да шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері

2. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2. 1 ҚР-да шағын және орта бизнестің даму тенденциясы

2. 2 Қазақстанда шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

  1. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қазір шет елдерде Қазақстан Республикасын Орта Азиядағы қарқынды дамушы мемлекет ретінде танымал. Ондағы шикізат көздерімен, атап айтсақ, мұнай-газ, қара, қоңыр көмір, түсті металлдарымен және т. б табиғи ресурстарымен әйгілі. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы да өз дамуын жоғарғы тартыста көрсетуде. Осы аталғандардың ішінде шағын және орта бизнестің үлесі жоғары.

Совет Одағы ыдырағаннан кейін елімізде қалыптасқан жұмыссыздық, кедейшілік және де қылмыстың тежелуіне көп көмегін тигізді. Белгілі бір орта деңгейлі мамандырылған қызметкерлер саны өсті, коммерциялық қарым-қатынас нығая түсті, сәйкесінше, еліміздегі тұтынушылық нарықтық қабілет те қалыптаса бастады.

Нарықтық экономикаға өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы дамытушы жүйелердің негізгі тармағына айналды, яғни бұл бизнес түрі динамикалы дамушы, әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда өзекті буынға айналды.

Өтпелі экономика кезінде бұл бизнес түрі кез-келген кризистік жағдайға тез бейімделді, яғни өзінің басқарушылық икемділігімен, қаржы-қаражатты аз талап ететіндігімен, сондай-ақ, аз уақыт ішінде ұтымды шешім қабылдауға болатындығымен ерекшеленді. /3/

Осы мемлекетіміздің өзекті мәселелерін шешуде шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Шағын және орта бизнес екі функцияны жүзеге асырып келеді. Біріншісі- экономикалық тұрғыда, яғни мемлекеттегі қалыптасқан нарыққа сәйкес тауар айналымы мен қызмет көрсету саласын дамыту, басқаша айтсақ, ішкі нарықты қалыптастыру және де тауар мен қызмет көрсетудегі баға икемділігін және сапа деңгейін қалыптастыратын бәсекелестікті дамыту, екінші функциясы- әлеуметтік, яғни жұмысбастылықты және негізгі әсер етуші орта тапты қалыптастыру болып табылады.

Негізгі мақсаты - еліміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға шағын және орта бизнестің тигізетін әсерін ескере отырып, экономикалық, әлеуметтік және саяси даму сипатын анықтау болып табылады.

Ал жоғарыдағы мақсатына жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:

  • Шағын және орта бизнестің ҚР-ның экономикасындағы рөлін анықтау
  • Шағын және орта бизнестің дамуына әсер етуші факторларды анықтау
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын талдау
  • Шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
  • Шағын және орта бизнестің даму бағыттарын қарастыру болып табылады.

Жұмыстың теориялық - әдістемелік негізін ҚР-ның Елбасының жарлықтары, Үкімет қаулылары, нормативтік заң актілері және де шетелдік тәжірибелер құрайды.

1. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

1. 1 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі

Нарықтық экономикалы елдерде кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік деңгейде қойылмағаны белгілі, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолдармен құрылды. Ал Қазақстанда бұл секторы іс жүзінде санаулы жылдар ішінде ғана қалыптасты. Сол жылдар ішінде бұл период мемлекетіміз үшін аса қиын кезеңдердің бірі еді. Шағын және орта бинесті қалыптастырудың механизмдерін, негізгі стратегиялық-қысқа мерзімдік бағыт-бағдарын дайындауға, мемлекеттік саясаттың алдыңғы орынды тапсырмаларын белгілеуге қатысты өзге де мәселелерге айтарлықтай қаржылық-ақпараттық шығындар жұмсалды, ал жаңа тәуелсіздігін алған мемлекетке бұл әжептәуір салмақ еді.

Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақтылығы салыстырмалы аздаған инвестициялар мен тәуекел жағдайында аса қысқа мерзім ішінде, бірінші кезекте, тауар айналымы саласында орын алып келген ахуалды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Шын негізінде бұл бизнес біздің экономикаға икемділік қасиет береді және де нарықтық сұраныс жағдайын дер кезінде реттеуге мүмкіндік туғыза отырып, аз көлемді капиталды қажет етеді. Сондай-ақ шағын және орта бизнес монополизмге қарсы саясатын жүзеге асыруда негізгі рөлде бола отырып, ғылыми-техникалық прогрессті қалыптастырады. Негізгі әсері Қазақстан Республикасында жұмысбастылықты толығымен қамтуға талпынуда, ал ол проблема еліміз үшін өзекті мәселе болып табылады. Нарықтық қатынастар эпохасына кірмей тұрған кезімізде, жұмыспен қамтудың 95 пайызымен мемлекет айналысатын. Қазіргі нарықтық таңда мемлекеттің жұмыс беруші рөлі айтарлықтай бәсеңдеді, қайта жекеменшік секторында жұмыс орындарымен қалыптастыру қажеттілігі өсті.

Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті ортаны қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді. /5/

Әлемнің көптеген елдеріндегі сияақты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгін де шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен қатар шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын айтқан да жөн.

Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көп құрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиеселі болып келеді.

Мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін айту керек.

Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.

Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы - бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.

Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жымыспен орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Біржағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.

Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет ерекше мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік конъюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік туады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге болады. Инновациялық және жоғарғы технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану рақылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестицияны тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіпорындар жұмысын шағын кәсіпорынмен субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін нығайтуға да болғандай. Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы билікпен, кәсіпкерлікпен жалдамалы жұмысшылармен арадағы қоғамдық қатынастарды үйлестіруге жол ашылады. /1/

1. 2 ҚР-да шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері

Шағын және орта бизнестің дамуы мен қалыптасуындағы бағыт-бағдар ерекшелігі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Белгілі бір мамандандырылған мемлекеттік құрылым, тиімді қабылданған бағдарламалар, басқарушылық-техникалық қолдау, салықтық және антимонополиялық реттеу, қажетті субсидиялар мен нарықтық тауарды ұсыну негізіндегі ерекшеліктер арқылы шағын және орта бизнес өз дамуын қалыптастырады.

Негізгі әсер етуші факторлардың бірі ретінде салықты алып қарасақ, экономикалық категория ретінде, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектінің және жеке тұлғалардың мемлекет арасында туындайтын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама-қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субьектілері салық төлеуді азайтуға тырысады. Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салық салудың құралы ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысқан, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт. Осыған орай мемлекет салық ставкаларының белгілі бір жеңілдетілген түрі негізінде шағын және орта бизнес субьектілеріне жалпыға бірдей салық режимін немесе арнаулы салық режимін пайдалануға мүмкіндік береді. /4/

Салық салумен қатар негігі әсер етуші фактор деп шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесін айтуға да болады. Шағын бизнесті қаржыландыру мақсатында мемлекет бұл бизнес субьектілерінің тек қана коммерциялық шарт негізінде несие алуды қамтамасыз етпей, сондай-ақ тиісті аумағына байланысты қалалық бюджеттегі қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкіндік берді. Осындай мақсатта шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры осы қалалық бюджетке қол жеткізді. Осы қорға берілетін банктік процедуралар тегін жүзеге асырылады. 2003 жылдың 6 наурызындағы “микрокредитті ұйымдар туралы” заңға сай микрокредитті ұйымдар 15000 - 3 теңге көлемінде микронесиені жүзеге асырып жатыр. Бірақ көп көлемді қаржы ресурстарына жету үшін тиісті банкқа жүгіну керек, ал ондағы несиелік ставкалар жоғары, ол ставкаларды төлеу арқылы кәсіпорын өзіндік шығындарын ақтай алмайды. /2/

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бірқатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құның кредиттерге айландыруға мәжбүр.

Сонымен қатар кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өңімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.

Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болу қалуда. Кәсіпкерлік Субектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметің реттейтің қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезіңде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы- бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-кредит ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметтің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерді қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу. /6/

2. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2. 1 ҚР-да шағын және орта бизнестің даму тенденциясы

Енді жоғарыда айтылғандардың барлығын белгілі бір көрсеткіштер арқылы сипаттасақ, келесідей сандық даму серпінін байқауға болады:

2002
2003
2004
2005
2005 жыл %-бен 2002 жылға
:

Тіркелген шағын бизнес субьектілері,

бірлік

Соның ішінде:

Тіркелген шағын кәсіпорындар,

бірлік

Тіркелген жеке кәсіпкерлер,

бірлік

Тіркелген шаруа қожалықтары, бірлік

Республика бойынша тіркелген шаруашылық жүргізуші субьектілердің жалпы санындағы тіркелген шағын бизнес субьектілерінің үлес салмағы, пайызбен

Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған субьектілері,

Бірлік

Соның ішінде: жұмыс істеп тұрғандар шағын кәсіпорындар, бірлік

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер, бірлік

Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары, бірлік

Республика бойынша жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субьектілердің жалпы санындағы шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған субьектілерінің үлес салмағы, пайызбен

2002:

365499

102182

144257

119060

87, 1

289496

77398

119038

93060

86, 4

2003:

452007

116924

197213

137870

88, 6

366434

87173

169781

109480

88, 3

2004:

541073

130779

260937

149357

89, 8

431503

93494

215116

122893

89, 3

2005:

643035

145087

321838

176110

90, 8

497871

103291

247688

146892

90, 1

2005 жыл %-бен 2002 жылға:

175, 9

141, 9

223, 1

147. 9

171. 9

133. 4

208

157. 8

Тіркелген шағын бизнес субьектілері бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген шағын бизнес субьектілері 23, 668 пайызға артты, ал 2004 жылы - 48, 036 пайызға артты, 2005 жылы - 75, 933 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы тіркелген шағын бизнес субьектілерінің саны 19, 704 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жымен салыстырғанда өсім қарқыны 18, 844 пайызға артты

Енді тіркелген шағын кәсіпорындар бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген шағын кәсіпорындар 14, 427 пайызға артты, ал 2004 жылы - 27, 986 пайызға артты, 2005 жылы - 41, 988 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы тіркелген шағын кәсіпорындар саны 11, 849 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 10, 940 пайызға артты.

Тіркелген жеке кәсіпкерлер бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген жеке кәсіпкерлер 36, 709 пайызға артты, ал 2004 жылы - 80, 883 пайызға артты, 2005 жылы - 123, 1 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы тіркелген жеке кәсіпкерлер 32, 321 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 23, 339 пайызға артты.

Тіркелген шаруа қожалықтары бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген шаруа қожалықтар саны 15, 798 пайызға артты, ал 2004 жылы - 25, 446 пайызға артты, 2005 жылы - 47, 917 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы тіркелген шаруа қожалықтар саны 8, 331 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 17, 912 пайызға артты.

Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған субьектілері бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген жұмыс істеп тұрған субьектілер саны 26, 576 пайызға артты, ал 2004 жылы - 49, 053 пайызға артты, 2005 жылы - 71, 978 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы тіркелген 17, 757 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жымен салыстырғанда өсім қарқыны 15, 380 пайызға артты.

Енді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны 12, 629 пайызға артты, ал 2004 жылы - 20, 796 пайызға артты, 2005 жылы - 33, 454 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар 7, 251 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 10, 478 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген 42, 627 пайызға артты, ал 2004 жылы - 80, 712 пайызға артты, 2005 жылы -108, 074 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер 26, 702 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 15, 141 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары бойынша 2002 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2003 жылы тіркелген 17, 644 пайызға артты, ал 2004 жылы - 32, 057 пайызға артты, 2005 жылы - 57, 846 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жұмыс істеп тұрған 12, 251 пайызға артты, 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 19, 528 пайызға артты.

Өсім қарқынын көріп отырғанымыздай, тіркелген кәсіпорындар саны жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан алты еседен астам, яғни саны көп, сапасы төмен деген сөз. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары арасында өсім қарқынына байланысты рейтинг жүргізсек, жеке кәсіпкерлердің жылдан жылға өсуі айтарлықтай көлемді, ал одан кейін шаруа қожалықтарының өсуі тез байқалып тұр.

Енді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындарды ҚР-ның жеке өңірлеріне бөліп көрсетсек, келесідей:

2002жыл
2003жыл
2004жыл
2005жыл
2005 жыл %-бен 2002 жылға
:

ҚР-ның өңірлері бойынша

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

2002жыл:

77398

2872

2990

3853

1670

5462

2701

1831

5797

3486

1711

2247

4177

2107

7679

5733

23082

2003жыл:

87173

3070

3283

4293

2321

6369

2740

2074

6606

3998

1942

2745

4833

2405

7080

7068

26346

2004жыл:

93494

3477

3757

4564

2879

6309

2874

2404

6542

4018

2124

2896

4962

2448

7614

8477

28149

2005жыл:

103291

3534

4298

4574

3245

6838

2990

2586

6649

4332

2349

3282

4749

2725

9194

9950

31996

2005 жыл %-бен 2002 жылға:

133. 4

123

143. 7

118. 7

194. 3

125. 1

110. 6

141. 2

114. 6

124. 2

137. 2

146

113. 6

129. 3

119. 7

173. 5

138. 6

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары
Шағын және орта бизнесті дамыту
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
«Шағын және орта бизнес қызметінің аудиті.»
Шағын кәсіпкерлікті басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz